Суббота , 5 июля 2025

БІР ҚАДАМ АЛҒА, ЕКІ ҚАДАМ АРТҚА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 

Кон­сти­ту­ция мен косметика


 

Жасы­ра­тын несі бар, Кон­сти­ту­ци­яға енгізіліп жатқан бұл рефор­ма­ларға қаты­сты жұрт ойы о бастан екіта­лай еді. Бірін­ші­ден, біздің билік бір баста­ма­ны қолға алса, о бастан аузы күй­ген жұрт оның ар жағы­нан әйте­уір бір қитұрқы іздеп оты­ра­тын бол­ды: оған заң­дар­ды тек өз пай­да­сы­на ғана өзгер­ту­ге әуес билік­тің өзі кінәлі.

 

Екін­ші­ден, біз­де «рефор­ма» сөзінің қадірі қашқа­ны қашан! Қай министр орны­на келе сала жари­я­лаған рефор­ма­сын жүзе­ге асы­рып, ел алдын­да ашық есеп беріп еді?!

Десек те, пар­ла­мент талқы­лап, біра­уы­здан мақұл­дап, енді­гі жер­де енгіз­гелі жатқан өзгерістер­дің қазір­гі кезең мен бола­шақ үшін маңы­зды үш тұсы бар. Бірін­ші­ден және де оны қоғам да, билік те, клан­дар да ашық мой­ын­да­уы тиіс, мұның бәрі алда елді күтіп оты­рған жаңа­ша дәуір – пост­на­зар­ба­ев кезеңіне арна­лып жаса­лып жатқан алғы шар­ттар. Ең алға­шын­да осы өзгерістер тура­лы айтқан пре­зи­дент­тің сөз­дері мен сая­си ұсы­ны­ста­ры қарқын­ды әрі көңіл­ге қоным­ды еді.

Бірақ, өкініш­ке орай, депу­тат­тар біраз баста­ма­лар­дың артын сиы­рқұй­ым­шақта­тып жібер­ген секіл­ді. Құд­ды бір жау­ап­кер­шілік­тен өздері қаша­тын сияқты! Әлде Ақор­да­ның өзі осын­дай өзгерістер жаса­уға жүрексініп қал­ды ма, біл­медім. Оның есесіне о баста елба­сы айт­паған біраз «жеке басқа табы­ну­шы­лық» эле­мент­тері осы жобаға еніп кетіпті.

Әрине, аты­шу­лы әрі елдің ерекше нара­зы­лы­ғын туғы­зған 26-бапқа енгізіл­мек болған «әркім» сөзі мәтін­ге кір­ме­гені дұрыс бол­ды. Бірақ осы бап­тың түп­кі себебіне қаты­сты күмән бұл­ты сей­і­ле қой­ған жоқ, өйт­кені ол мәсе­ле тек қана «кей­ін­ге қал­ды­рыл­ды». Сон­ды­қтан қоғам бұл бап­ты ұмыт­па­уы керек!

Екін­ші­ден, талқы­лау басталған­да, мен «бұл баста­ма ертең­гі билік фор­ма­сы мен маз­мұ­ны тура­лы кла­на­ра­лық келісім­нің негіз­гі база­сы бола­ды» деген едім. Яғни, бас билік­ке етене жақын бір­не­ше ықпал­ды топ өза­ра билік тар­мақта­рын бөліп алғы­сы келеді. Оның үстіне бір-біріне ата жауын­дай қара­са да, елба­сы алдын­да сыр бер­мей оты­ра­тын олар Қаза­қстанға «екін­ші елба­сы­ның» келуіне мүл­дем қар­сы бол­мақ! Сон­ды­қтан соған арты­луы тиіс бар­лық өкілет­тік­тер­ді үшке бөл­мек­ші еді.

Сол мәсе­ле бір­ша­ма шешіл­ген­дей көрін­гені­мен (мәсе­лен, пар­ла­мент пен үкі­мет­тің бірқа­тар өкілет­ті­гі өсіп­ті), негіз­гі діт­те­ген мақ­сатқа қол жете қой­маған секіл­ді. Өйт­кені бап­тарға енгізіліп жатқан толы­қты­ру­лар­ды «толы­ққан­ды кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма» деп ата­уға бол­май­ды, бұлар – так­ти­ка­лық мүд­де­лер­ді ғана шеше ала­тын өзгерістер. Ал жан-жақты кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма тура­лы біз осы жыл­да­ры нақты түр­де (арнайы Кон­сти­ту­ция жоба­сын әзір­леп!) айтып келе­міз. Олар­дың ішін­де пре­зи­дент­тік билік­ті шек­теу, пар­ла­мент пен үкі­мет­ке бірен-саран емес, шын мәнін­де­гі өкілет­тік­тер­ді беру, Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­ты қал­пы­на кел­ті­ру, тәу­ел­сіз сот жүй­есін енгі­зу, сөз бостан­ды­ғы­на кепіл­дік­тер беру секіл­ді ұсы­ны­ста­ры­мыз бар. Бірақ қазір­гі билік ол талап­тар тура­лы әңгі­ме қозға­удың өзі­нен қорқады!

Басқа­ша айт­сам, бола­шақ билік кон­фи­гу­ра­ци­я­сы тура­лы Ақор­да­ның іші мен маңай­ын­да өрістеп жатқан кла­на­ра­лық тар­ты­ста бар­лық топ бір адам­дай мой­ын­дап, келісім­ге келетін­дей кон­сен­сус­ке әзір­ше қол жет­кізіл­ме­ген тәрізді. Сон­ды­қтан да біз таяу бола­шақта Кон­сти­ту­ция мен заң­да­ры­мы­зға енгізілуі мүм­кін жаңа, тіп­ті тосын ұсы­ны­стар­дың куәсі бола­мыз. Мәсе­лен, «пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер­лер­ге қой­ы­лар талап­тар басқа заң­дар­мен рет­те­луі мүм­кін» деген бап­та үлкен сыр жатқан сияқты…

Ең басты­сы – осы өзгерістер­ді талқы­лау және жинақтау бары­сын­да мем­ле­кет­тік жүй­ені түбе­гей­лі демо­кра­ти­я­лан­ды­ру мәсе­лесі тіп­ті ескеріл­меді! Яғни, «бір қадам алға, екі қадам артқа» деген прин­цип үстем­дік орнап жатыр. Мұның өзі алда тұрған бас билік ауы­сар шақта мем­ле­кет­ке өз зия­нын тигі­зуі әбден мүмкін!

Кон­сти­ту­ция секіл­ді түп­не­гізді әрі түбе­гей­лі құжат­ты күн­де өзгер­те беру­ге бол­май­ды ғой. Сон­ды­қтан осы сая­си кезеңді бар жағы­нан тиім­ді пай­да­ла­нып қалуы­мыз керек еді. Әзір­ше, кеше­гі депу­тат­тар­дың сөзіне қара­сақ, біз ондай тари­хи мүм­кін­дік­тен айы­ры­лып қалған сияқтымыз.

Талқы­лау бары­сын­да бір бай­қаға­ным: Ата Заңға қаты­сты бір тың әрі орын­ды ой айтқы­сы кел­ген біраз сая­сат­шы мен сарап­шы­ны «осы сөзім елба­сы­ның жеке басы­на тиіп кет­пей­ді ме екен?» деген бір үрей мен қорқы­ныш билеп, үне­мі жоға­ры жаққа қарап тұрған­дай көрін­ді маған. Елба­сы­ның өзі «менен өкілет­тік­тер­ді алы­ң­дар, сон­дай сая­си рефор­маға өзім мұрын­дық боп отыр­мын ғой!» десе де, депу­тат­тар осы иде­я­ны жүзе­ге асы­ру­да аса бір сая­си сақтық әрі тари­хи қорқақтық таныт­ты деп санаймын.

Үшін­ші мәсе­ле қоға­мға қаты­сты. Әрине, осы жыл­дар ішін­де ел ішін­де билік­тің кез кел­ген қадам­да­ры­на деген сенім­сіздік қалып­тасқа­ны рас. Сон­ды­қтан да аза­мат­тар олар­ды талқы­ла­у­ға құлы­қ­сыз. Оның үстіне шын мәнін­де оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар мен тәу­ел­сіз БАҚ алаңын буль­до­зер­мен тегістеп тастап, билік осын­дай аса маңы­зды құжат­тар­ды жан-жақты талқы­лап, қоғам­ның сана­сын­да сая­си әрі мораль­ды түр­де леги­тим­ді етіп алу меха­низ­мін өз қолы­мен жой­ып таста­ды. Біз соның куәсі бол­дық. Сол жұмыс­шы тобы­на мем­ле­кет­тік емес ұйым­дар­дың өкіл­дері, елге сөзі өтетін таны­мал тұлға­лар енген­де, қазір елба­сы қол қой­ға­лы оты­рған жобаға деген халы­қтың көзқа­ра­сы басқа­ша болар еді емес пе?!

«Сенің жақта­у­шың кім – соны айт! Мен сенің кім екеніңді айта­мын!» демек­ші, осы күн­дері біз қазір­гі билік тар­мақта­рын­дағы үлкен­ді-кішілі өкіл­дер­дің қан­дай маман, шешен екенін де көріп қал­дық! Екі ауыз сөздің басын құрай алмай­тын, талқы­ла­нып жатқан тақы­ры­пқа қаты­сты тың әрі дәй­ек­ті пікір айта алмай­тын, алдын­дағы бір бет қағаз­дан бас алмай­тын, бір нәр­се боп қал­са, «елба­сы­ның баста­ма­сы, сон­ды­қтан оны қол­да­уы­мыз керек» деуден аса алмай­тын олар­дың өзі-ақ осы өзгерістер­ге деген ел ішін­де­гі күмән­ді он есе арт­ты­рып жібер­ді! Ащы бол­са да айтай­ын, осын­дай маңы­зды кез­дер­де қоғам да, әрбір аза­мат та өзінің де жеке бас жау­ап­кер­шілі­гін сезі­нуі тиіс. Әйт­пе­се билік қоғам енжар­лы­ғын өз мақ­са­тын­да пай­да­ла­нып жатқа­ны рас емес пе?

Сон­ды­қтан де ертең­гі күні тағы да бір «сая­си сұм­дық» баста­ма­лар көтеріліп, Кон­сти­ту­ция мен заң­да­ры­мы­зға өзгерістер енгізіліп, билік фор­ма­ты аяқ асты­нан құбы­лып, оның өзі мем­ле­кет­тік мүд­де­лер мен құн­ды­лы­қтарға өз зия­нын тигізіп жат­са, қол­ды кеш сер­меп қал­май­мыз ба? Осын­дай сая­си бере­кесіздік­ке жол бер­меу үшін, аза­мат­тар­дың да сая­си бел­сен­ділі­гі артуы тиіс! Әрбір Қаза­қстан аза­ма­ты Ата Заң­мен мұқи­ят таны­сып шығып, оған енгізілетін өзгерістер­дің ертең­гі күні нен­дей жаңа­лы­қтарға (не, жаман айт­пай жақ­сы жоқ, қан­дай кесір­лік­тер­ге) бастай­ты­нын жан-тәні­мен ұғы­нып алуы тиіс! Пат­ри­о­тизм Кости­ту­ци­я­ны оқу­дан, оның жақ­сы тұста­ры мен кем­шілік­терін білу­ден баста­ла­ды! Ертең­гі тарих кітап­та­рын­да жазы­лар «2017 жылғы Кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер» деген тара­уға қаты­сты алға­шқы пікірім осы…

 

PS. Осы жиын­да елба­сы­на қаты­сты «мықты-мықты мақтау» айтқан депу­тат­тар тағы да көз­ге түсті. Ішін­де «мен елба­сын сүй­е­мін» деушілер де табы­лып жат­ты. Әрбір осын­дай дифи­рамбшыл депу­тат­тың артын­да не бір топ, не бір шене­унік тұрға­ны түсінік­ті. Осы сөз­дер бол­са, ел ішін­де біраз мысқыл мен әжуа туғы­зып жатқа­ны да рас. Сон­да сол кура­тор-шене­унік­тер осын­дай жөн­сіз әрі дарақы мақтау елба­сы­ның өзіне нұқ­сан кел­тіретінін біліп оты­рып жасай ма екен, біл­мей жасай ма екен?..

 

Әмір­жан ҚОСАНОВ,

арнайы

«D» жоба­сы үшін

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн