Воскресенье , 13 июля 2025

«КЛАССИФИКАТОР» ДЕГЕН ҚАЙДАН ШЫҚҚАН ПӘЛЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

Дау-дамай: дұры­сы қайсы?

Жақын­да ғана мәлім болған­дай, ҚР Білім және ғылым мини­стрінің бұй­ры­ғы­мен жоға­ры және одан кей­ін­гі оқу орын­да­рын­дағы маман­ды­қтар тізі­мі­нен «Қазақ тілі», «Қазақ әде­би­еті», «Қазақ тарихы», «Линг­ви­сти­ка», «Шығы­ста­ну» сияқты ең қажет­ті пән­дер алы­нып таста­лын­ды. Түсін­ген­ге – бұл қазақ үшін «26-бап­тан» еш кем емес, руха­ни апатқа бастай­тын, қаза­қты ұлт ретін­де жой­ы­лу шегіне апа­ра­тын сұмдық!

Ерлан Саға­ди­ев тіз­гінін ұстап оты­рған Білім және ғылым мини­стр­лі­гі «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы жоға­ры және жоға­ры­дан кей­ін­гі білім беру маман­ды­қта­ры­ның клас­си­фи­ка­то­ры» деген құжа­ты­ның жаңа нұсқа­сын (01. 02. 2017 ж.) қол­да­ны­сқа енгізді. Аталған құжат­тың «Бака­лаври­ат маман­ды­қта­ры» деген 7.1. бөлі­мін­де «Қазақ тілі» және «Қазақ әде­би­еті» маман­ды­ғы аты­мен жоқ. Оның орны­на «Мұғалім­дер­ді тіл­дер мен әде­би­ет бой­ын­ша даяр­лау» (Под­го­тов­ка учи­те­лей по язы­кам и лите­ра­ту­ре) деп жазы­лған. Сөй­тіп, БжҒМ «Қазақ тілі» мен «Қазақ әде­би­еті» маман­да­рын дай­ын­да­удан бас тартыпты.

БжҒМ-ның бұны­сын қалай түсі­ну­ге бола­ды? Саға­ди­ев мыр­за­ның мини­стр­лі­гінің қазақ ұлтын, тілін жоюға бағыт­талған баста­ма­сы­на нара­зы­лық біл­діріп, Қаза­қстан­ның бір қауым ғалы­мы Ақор­даға хат жазып­ты (фото­кө­шір­ме­ге қараңыз).

Біз үне­мі мой­ын соза көз сүзетін Баты­стың Гар­вадын­да, Окс­фор­ды мен Кем­бри­джін­де Саға­ди­ев мыр­за керексіз деп тапқан «әде­би­ет­та­ну», «линг­ви­сти­ка», «тарих», «шығы­ста­ну» деген пән­дер оқы­ты­ла­ды. Министр Саға­ди­ев мыр­за Ахмет­тің әліп­пе­сін «өлтіріп» болып, енді мем­ле­кет­тік тіл­ге шүй­лік­кені қалай?

Айгүл Ісмақо­ва,

Фило­ло­гия ғылымдарының

док­то­ры, профессор:

– Бір айта кетер­лік мәсе­ле – маман­ды­қтар тіз­бе­гін­де «Аудар­ма ісі, іле­с­пе аудар­ма» деген бар. Бұл фило­ло­гия – әде­би­ет­та­ну мен тіл­та­ну сала­сы­ның бірі. Оны бөліп алу арқы­лы Білім және ғылым мини­стр­лі­гі енді­гі кезек­те тек аудар­ма­шы­лық маман­ды­қты ғана даяр­лай­тын болып отыр. Қазақ тілі, қазақ әде­би­еті, әде­би­ет­та­ну, түр­кіта­ну, шығы­ста­ну тәрізді ғылым сала­ла­ры қай­да қал­ды? Тіп­ті бұл құжат­та фило­ло­гия деген сөз жоқ.

Осы рет­те мына­дай заң­ды сау­ал туын­дай­ды: фило­ло­гия сала­сын басқа тіл­дер­дің аудар­ма­шы­ла­рын даяр­ла­у­мен ғана шек­теп тастаға­ны­мыз қалай? «Тіл­дер­ді оқу», «Әде­би­ет пен линг­ви­сти­ка» маман­ды­қта­ры­на тоқта­лай­ын. Әлем­дік ғылы­ми клас­си­фи­ка­то­рын­дағы «Фило­ло­гия, Лите­ра­ту­ро­ве­де­ние, Линг­ви­сти­ка» деген ата­у­лар жой­ы­лған. «Әде­би­ет пен линг­ви­сти­ка» деп пән ретін­де аталға­ны­мен, берілетін дәре­же – «Тіл­та­ну» делін­ген. Сон­да қай елдің, кім­нің әде­би­еті оқы­тыл­мақ? Неге қазақ әде­би­етінің аты атал­май­ды? «Изу­че­ние род­но­го язы­ка» деген­де кім­нің туған тілін оқы­ту көз­деліп отыр?

Мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі­нен басқа қан­дай тіл болуы мүм­кін? Түсі­не­мін, орыс тілі, ағы­л­шын тіл­дерін оқы­ту – заман­ның қажет­тілі­гі. Бірақ аталған тіл­дер­дің өз отан­да­ры бар. Мем­ле­кет­тік қазақ тілі мен оның көр­кем шежіресі – қазақ әде­би­етін білім беру жүй­есі­нен осы­лай­ша ысы­рып тастау арқы­лы біз тәу­ел­сізді­гі­міз­ге қия­нат жасап оты­рған­дай­мыз. Елі­міз­де қазақ тілі мен қазақ әде­би­етінің келе­ше­гі бұлы­ңғыр болып тұрға­нын осын­дай құжат­тан-ақ бағам­дай бер­сеңіз болады.

Был­тыр «Қазақ тариxы», «Қаза­қстан тариxы» деген маман­ды­қтар жой­ы­лған кез­де тарих­шы­лар дәл осын­дай күй кешіп еді. Енді мұн­дай жағ­дай әде­би­ет­шілер­дің, қазақ фило­лог­та­ры­ның алды­нан шыққан­да, ұлт ғылы­мы­на төн­ген қауіп­ті айту­ды аза­мат­тық пары­зым деп есеп­тей­мін. Мем­ле­кет­тік тіл мен ұлт әде­би­еті, елі­міздің тариxы­мен бір­ге тәу­ел­сізді­гі­міздің, ұлт қауіп­сізді­гінің негіз­гі тіре­гі емес пе? Егер осы­лай кететін бол­са, енді­гі ұрпақ күні ертең қазақ әде­би­еті түгілі қазақ тіліне де зар болға­лы тұр.

Көр­шілес Ресей елін­де бұл ғылым сала­сы орнын­да тұр. Олар мұн­дай қада­мға біз сияқты бара қой­май­ты­ны айдан анық. Себебі әр мем­ле­кет үшін оның тілі – ұлт тұта­сты­ғы мен қауіп­сізді­гінің мәсе­лесі. Мини­стр­лік рай­ы­нан қай­тып, бұл құжат өзгер­тіл­ме­се, қазақ тілінің бола­шағы тура­лы ойла­удың өзі қиын. Тәу­ел­сіздік кез­де мем­ле­кет­тік тіл­ді және ол тіл­де­гі әде­би­ет­ті жоға­ры оқу орын­да­ры­ның клас­си­фи­ка­то­ры­на енгі­зе алма­сақ, бұл елі­міз­ге абы­рой әпер­месі анық.

Ұлан Еркін­бай, Қазақ Гума­ни­тар­лық заң уни­вер­си­теті, Қазақ тілі және жал­пы тіл­дер кафед­рас­ы­ның меңгерушісі:

XX ғасыр басын­да тіл мен әде­би мұра­ла­ры­мы­зды тану кәсі­би дең­гей­ге көтеріл­ді деп қуан­дық. Әде­би, сыни, эсте­ти­ка­лық пікір­лер­дің төр­кіні сан ғасы­рға кет­се де, кәсі­би әде­би­ет­та­ну­ды біз ала­шты­қтар­дан бастап жүр­міз. Осы­ны айтып, А.Байтұрсынұлының «Әде­би­ет таны­тқы­шын» кәсі­би әде­би­ет­та­ну­дың басы деп Мәс­ке­уде баян­да­ма жасаға­ным­да: ыза­ға булы­ғып, жүз­дерін қызға­ны­штың оты шар­пып, бірер про­фес­сор мен бірқан­ша доцент­тің зал­дан шығып кет­кені әлі есім­де. Сон­дағы қызға­ны­шта­ры­ның маз­мұ­ны: «Томо­шев­ский­ден бір жыл, Бах­тин­нен үш жыл бұрын кешен­ді тео­ри­я­лық еңбек жаза­тын, кто он такой Бай­тур­сы­нов» бола­тын. Ол 2003 жыл бола­тын. Мұн­дай қаси­етт­ті додаға мені бағыт­таған З.Ахметов, З.Қабдолов, А.Ісмақова, К.Сыздықов, Ф.Фаткуллин сын­ды бір шоғыр зия­лы­лар еді. Мен ол кісілер­ге мәң­гілік қары­здар­мын. Әлем­де­гі ең сұлу, ең таза маман­ды­ққа баулы­ға­ны үшін.

Ал қазір­гі­міз не? Рас, қазір «Қазақ фило­ло­ги­я­сы», «Қазақ тілі мен әде­би­еті» маман­ды­ғы аса мод­ный емес шығар. Оны мой­ын­дай­мыз. Ондай уақыт­ша мод­ный­лы­ққа қыз­мет ететін маман­ды­қтар емес олар. Екі маман­дық та халық дана­лы­ғы­мен, сөз атты құн­ды­лы­қ­пен, рух атты қаси­ет­пен тіке­лей жұмыс жасай­ды. Бүгін­гі жәудіре­ген қаза­қы құн­ды­лы­ғы­мы­здың шырақ­шы­сы­на айналған осы сала маман­да­ры қазір кісі мүсір­кер­лік хал­де. Асы­лын­да, бар­лық маман­ды­қтар­дың негіз­гі құра­лы сөз. Мәтін. Қисын. Құн­ды­лық. Аты аталған дүни­е­лер бүгін­гі мини­стр­лік қажет­сіз санап оты­рған екі маман­ды­қтың негіз­гі ныса­ны. Сон­ды­қтан бұл маман­ды­қты еш талқы­сыз қысқар­ту мүм­кін емес. Керісін­ше, жаңа фор­мат­та түр­лен­діріп, құн­ды­лы­ғын арт­ты­ру­ды ел болып ақыл­да­суы­мыз керек. Әйт­пе­се өз ана­мы­зды басқа теп­кен­дей әре­кет қой бұл…

Нұр­гел­ді ӘБДІҒАНИҰЛЫ,

Abai.kz

Министр не дейді?

БҰЛЖАЛҒАН СӨЗ


Бүгін­гі күні ақпа­рат желісін­де Білім және ғылым мини­стр­лі­гі қазақ тіліне зиян кел­тіретін бір­не­ше жоба­лар­ды іске асы­рып отыр деген сөз­дер пай­да бол­ды. Тіке­лей мини­стр­дің тап­сыр­ма­сы­на сәкес «Қазақ тілі», «Қазақ әде­би­еті», «Қазақ тарихы» жоға­ры оқу орын­да­ры­нан жоға­ла­ды деп отыр. Оның бар­лы­ғы жалған сөз. Ондай тап­сыр­ма­ны мен бер­ген емес­пін және ойы­мы­зда да жоқ. Жоға­ры білім сала­сын­дағы маман­ды­қтар­дың клас­си­фи­ка­тор­ла­ры өзгер­ген жоқ, 2009 жылғы клас­си­фи­ка­тор­мен жұмыс істеп жатырмыз.

Соны­мен қатар «Сер­пін» бағ­дар­ла­ма­сы тоқтал­ды деп отыр. Ол да жалған, біз оны тоқтат­пай, жаңа биік­ке, жаңа дең­гей­ге көте­ре­міз. Биыл қосым­ша 500 грант беріледі. Ол Қаза­қстан­да өте маңы­зды бағ­дар­ла­ма, оны түсініп жатыр­мыз. Енді өзі­міздің ойы­мы­зда – оны ары қарай дамыту.

• Ерлан Саға­ди­ев­тің интер­нет желілері арқы­лы таратқан түсініктемесінен

Бет қат­та­лып жатқанда

Орта­лық ком­му­ни­ка­ци­я­лар қыз­метіне келіп, жур­на­ли­стер­дің сұрағы­на жау­ап бер­ген Білім және ғылым вице-мини­стрі Эль­ми­ра Сух­бан­бер­ди­е­ва ведом­ство­ның сай­ты­на шетел­ден DDOS шабуы­лы жасалға­нын мәлім етті, деп хабар­лай­ды «ҚазА­қ­па­рат». «Өткен сен­бі­ден жек­сен­бі­ге қараған түні Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің сай­ты­на DDOS шабуы­лы жасал­ды. Сайт жұмысы келесі күні қал­пы­на кел­тіріл­ді. Алдын ала мәлі­мет бой­ын­ша, шабуыл шетел­дік сервер­ден жасалған. Осы кибер­ша­буыл ақпа­рат құрал­да­ры мен желілер­де жалған ақпа­рат тара­ту­мен қатар келіп отыр. Бұл – білім және ғылым сала­ла­рын дамы­ту бағ­дар­ла­ма­сы­ның беделін түсіру­ге бағыт­талған қадам», – дей­ді вице-министр.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн