Суббота , 5 июля 2025

ҚЫЗЫЛ ШЫРША («Мен – жындымын» романынан үзінді)

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.

 

Уақыт уыты


 

Шір­кін, біздің елде­гі ада­мға деген қамқор­лық әлем­нің ешбір елін­де, тіп­ті супер деп мақтай­тын Аме­ри­каң­да да жоқ шығар-ау! Ұлы бол­сын, ұры бол­сын, әркім­нің бой­ын­дағы талант, қабілетін барын­ша жарқы­ра­тып ашуы­на толық мүм­кін­дік жасалған. Қан­дай дін ұста­нам, немен айна­лы­сам десең де – өз еркің. Пар­ти­я­лар, қозға­лы­стар, орта­лы­қтар… қан­ша­ма! Гей­лер­ге дей­ін өз клу­бы бар. Жезөк­ше­лер­дің де алаң­сыз, емін-еркін жұмыс істе­уіне жағ­дай жасалған. Құмар­лық оты­на өртен­гің кел­се, «Саинға» бар да, күй­ек май­ын төлеп, ағы-қара­сы, семізі-ары­ғы… қай­сысы керек, кез кел­ген сылқым­ды шекесі­нен шер­тіп әке­те бер. Құл­дарға да «Сей­фул­лин» деген ең ұзын көшені беріп қойған.

 

Енді жын­ды­ларға да қоғам­ның мүше­сі ғой деп қамқор­лық таны­тып, Лон­дон­дағы сияқты Гайд-парк ашып­ты деген хабар­ды есті­ген­де, қуанға­ным­нан жыр­тық қал­пағым­ды аспанға атып едім, зәулім теректің төбесін­де «аттан­дап» пла­кат іліп жүр­ген әлем­де­гі ең демо­крат, күрес­кер қажы­ның басы­на киіліп қап, түс­пей қой­ды. Гайд-парк­ті «Бет­пақ­да­ла» кино­те­ат­ры­ның артын­дағы саябақта ашып­ты. Бұрын қала­ның ең көр­нек­ті жерін­де айды­ны асқақтап тұра­тын ленин­дер, марк­с­тер, рево­лю­ци­о­нер­лер мен қызыл коман­дир­лер… аядай гүл­за­рдың бұрыш-бұры­шы­нан жетім бала­дай сығалайды.

Айт­пақ­шы, Лон­дон­дағы Гайд-парк он алтын­шы ғасыр­да Ричард-ХІV король тұсын­да қалып­тасқан. Ақыл-ойы қоғам­ның рам­ка­сы­на сый­май­тын қияс мінез жын­ды­лар нара­зы­лы­қта­рын осын­да келіп біл­діретін болған. Кесіл­ген аға­штың түбіріне шығып ал да, сай­рай бер. Не айт­саң да, ешкім аузы­ң­нан қақ­пай­ды, король­ді балағат­та­саң да мей­лің. Тек сөзіңді түбір­дің үстін­де тұрып айтуың керек. Түбір­ден түсіп айт­саң – жаза­ла­на­сың. Сол дәстүр Англи­яда әлі жалға­сып келеді-дүр.

Біздің ел әлем­нің ең үздік оты­зды­ғы­на ұмты­лып отыр ғой, әлбәт­тә, неге солар­дан үлгі алмасқа. Мұн­да да солай. Тек түбір­дің орны­на (ағы­л­шын­дар сияқты вар­вар емес­піз ғой, ағаш кесуді табиғатқа жасалған зұлым­дық деп) қос таба­ның сияр­дай қызыл шар­шы сызы­лған. Шар­шы­ның ішіне тұрып ал да, іше­гіңнің қырындыс­ы­на дей­ін қопа­рып, бар запы­ра­ны­ң­ды ақтар. Жемір-жегі­ш­тер­ден бастап, нән-нән көке­лер­ге дей­ін не ойлай­сың – жал­тақта­май ұра бер. Шар­шы­ның сыр­тын­да тұрған­дар бір­деңе деп қояр­мыз деп, өздеріне сен­бей ме – ауы­зда­рын скоч­пен шап­тап ала­ды. Жын­ды­ның сөзіне жыны қоза­тын­дар көп емес пе, айна­лай­ын үкі­мет біздің қауіп­сізді­гі­мізді ойлай­ды ғой, біздің сөзі­міз­ге біре­улер шыдай алмай кетіп, тиі­се ме, әлде өзді-өзі төбе­лесіп жүрер дей ме екен – поли­ци­я­ны қап­та­тып қояды, штат киі­мін­де­гі сыз қабақ жігіт­тер одан да көп. Бір жын­ды­ға жүз адам­нан келетін шығар. Осын­ша­ма «қорға­у­шың» тұрған­да, неден жасқанасың?

Жын­ды­лар­дың ішін­де де небір бұлбұл­дар бар-ау, айы­зы­ң­ды қан­ды­рып сай­раған­да, риза болған­нан шапа­лақты ұра-ұра қызыл-ала жауыр боп қала­ды алақа­ның. Мен де олар­дан қалы­спай­мын. Тіп­ті талай­лар­дан бәсім басым түсіп жата­тын сияқты.

Алаң­ның әр тұсын­дағы қызыл шар­шы­да сөй­леп жатқан шешен­дер бір-бірі­мен іштей бақта­лас. Жын­ды­лар да сөз тани­ды. Қай шешен­нің сөзі дәм­ді, өзек тілер уыт­ты, өткір бол­са, солай қарай тобы­мен төң­кері­ле сала­ды. Сөзім­нің дәм-татуын алдым­дағы жұрт­тың қара­сы мен шапа­лақтың шар­ты­лы­нан аңға­ра­мын. Ел қол­паштаған сай­ын еліріп, арқам қозып кете­ді. Кино­дағы Ленин баба­мыз сияқты қолым­ды үсті-үстіне сер­меп қой­ып, сағат­тар бойы қызыл­сөзді қызыл жел­дей сапы­руға бар­мын. Жазы­лға­ны­мен ешқай­да жари­я­лан­баған роман­да­рым­дағы ой-тұжы­рым­да­рым­ды, күн­делік­ті тұр­мыстың көз шұқы­ған көріністерін, ең ақы­рын­да әне­укүн­гі есек мініп, қыр басын­да қалған бала­ның көкірек шеріне дей­ін айта­мын. Жын­ды деген әсер­шіл халық қой: «Рас, рас. Бір қатесі жоқ, өмір дәп осын­дай!» деп айғай­ға баса­ды жан-жақтан.

Біздің сөзі­міздің сал­мағын өлшеп, сара­пқа салып оты­ра­тын арнайы ұйым­дар бар екен. Жиналған адам­ның саны мен олар­дың көр­сет­кен қоше­мет-ілти­фа­ты­на қарап баға­лай­тын бол­са керек. Мен рей­тинг бой­ын­ша алға­шқы онды­ққа кіріп­пін. «Жын­ды­лар­дың таны­мал қай­рат­кері» деген халы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат бер­ді. Оһ, өңкей жын­ды­лар жина­лып, сол күні «Жұл­дыз» ресто­ра­нын­да айды аспанға бір шығар­дық қой!

 

Қара күздің ақы­ры­на қарай Лос-Андже­ле­сте өтетін жын­ды­лар­дың дүни­е­жүзілік кон­кур­сы­на аттан­дық. Сапар алдын­да жын­ды­лар­дың түп ата­сы Қожанәсір Әпен­дім мен Алдар Көсе баба­ла­ры­мы­здың ару­ағы­на бағы­штап, аймүй­ізді ақсар­бас қошқар сой­ып, Түр­кістан­дағы соқыр абы­здан бата алдық. Шеті­міз­ден алтын­даған сер­ти­фи­ка­ты бар үкіле­ген жын­ды­лар­мыз. Біле­гі­мізді сыба­нып, «кәне, қан­дай мықты бол­са да, әусе­лесін көрелік!» деп арқа­мы­зды жын буып күр­кіре­ген­де, қаңтар­да жараған үлек­тей, аузы­мы­здан ақ көбік атқы­лай­ды. Күміс қанат «Боинг­пен» жар­ты күн ұштық. Иллю­ми­на­тор­дан қара­саң, төмен­де­гі көк дүлей теле­гей­мен көк аспан тұта­сып, шексіздік­ке сіңіп бара жатқандайсың.

Лос-Андже­лес бір бет­кей­ін тау қор­шаған, түні мақ­пал­дай қоңыр-барқын, күн­діз күн жарқы­рап тұр­са да, апта­бы жоқ, жанға жай­лы, шуақты шаһар екен. Адам­да­ры ізет­ті, ашық-жарқын, күлім­де­ген жанар­ла­рын­дағы жай­да­ры жұм­сақ ұшқын­нан бұлт­ты күн­нің өзі жай­ма­шу­ақта­нып жады­рап кететін­дей. Мұн­да тұн­жы­раған, тымы­рай­ған біре­уді көр­мей­сің. Таны­ма­са да, бәрі саған жымиып, жылы жүз­бен қарай­ды. Адам бой­ын­дағы осы­нау ізгілік қыспағы жоқ еркін­дік пен өмір­ге деген риза­шы­лы­қтан тамыр тарт­са керек. Жады­раған жүз­дер­ден азат рух­тың лебі есіп тұрғандай.

Біз­де­гі­дей емес, мұн­да жын­ды­лар қадір­лі екен. Олар­дың өзін­дік пікірі­мен сана­сып, қоғам­ның толық құқы­лы мүше­сі ретін­де құр­мет­тей­ді екен. Жын­ды­лар кон­кур­сы мұн­да ұлан-асыр шоу, ұлт­тық мей­рам сияқты. Қала әсем безен­діріл­ген. Көшенің көр­нек­ті жер­леріне қаза­қ­ша­лаған­да: «Жын­ды­лар­дың халы­қа­ра­лық кон­кур­сы­на қаты­су­шы­ларға жалын­ды сәлем!», «Хош кел­дің­дер, қар­да­штар!» деген сияқты пла­кат-бил­борд­тар ілін­ген. Кәрі Батыс пен Аме­ри­ка­ның сор­па беті жай­саң­да­ры мен қасқа­ла­ры түгел­ге жуық осын­да: лорд­тар, сена­тор­лар, принц­тер, Гол­ли­вуд­тың рок-жұл­ды­зда­ры, экс-пре­зи­дент­тер, Рок­фел­лер мен Мор­ган әулет­тері… газет­тен оқи­тын, экран­нан көретін «тірі тарих­тың» орта­сын­да жүргендейсің.

Алға­шқы күні шаһар мэрі мей­ман­дар­дың құр­метіне ресми қабыл­дау жаса­ды. Әр елден кел­ген деле­га­ци­я­ны таны­сты­рған­да, зал­дағы жұрт сол ел тура­лы білетін мәлі­мет­терін айғай­лап айтып, қоше­мет біл­діріп отыр­ды. Қырғы­здар­дың аты аталған­да: «О, Айт­ма­тов… Тюль­пан – рево­лю­ция!.. Отун­ба­е­ва!..» – деп, ду қол шапалақтады.

Өзбек деле­га­ци­я­сы орны­нан тұрған­да: «Обсер­ва­то­рия!.. Тюбе­тей­ка!.. Анди­жан!..» деген сөз­дер әр жер­ден шашы­рай шығып, солғын­дау алақан соғылды.

Бізді қалай қар­сы алар екен деп, жүре­гім дүр­сіл­деп қобал­жып тұр едім, айна­лай­ын елім­нің абы­ройы асқақ екен – мың жасағыр аза­мат­та­ры­мыз әлем­ге таны­ту­дай-ақ таны­тқан екен ғой! Біздің аты­мыз аталған­да, түгел бол­ма­са да, зал­дың жар­ты­сы қопа­ры­ла ұшып тұрған шығар-ау. «О, гут, гут, Казах­стан!.. Беш­бар­мак!.. Сам­мит!.. Форум!.. Той!.. Сый-кәде!.. «Казахгейт»!.. Подар­ка!!!» – деп, ұзақ ова­ция жасап, тұрып алды. Көңілім толқып, көзі­ме жас үйіріл­ді. Әйелім егіз тауып, алғаш рет әке атанған­да да, дәл бұлай толқы­маған шығар­мын. Әсіре­се «Подар­ка! Подар­ка!!!» деп жамы­рай қышқы­рып-қышқы­рып жібер­ген­де, сай-сүй­е­гім езіліп, тебіреніп кет­тім. Халқым­ның сый-сыя­па­ты, дала­сын­дай шет-шегі жоқ дар­хан пей­ілі жар­ты әлем­ді жау­лап алған екен ғой! Бәсе, таба­ны­ның асты­на мил­ли­он шаш­саң да, ешкім­ді көзіне ілмей­тін мен-мен принц, сена­тор, сар­ко­зи­лар, тони­ларға дей­ін иіліп-бүгіліп, отыз тісінің ағын көр­сетіп, аста­на­шыл болып алған жоқ па?! Шат­танға­ным сон­дай: «Вива, Қаза­қстан!» деп, орным­нан секіріп-секіріп кет­кенім­де, төбем көк­ке жет­пе­се де, көне король залы­ның үш метр­лік күм­безіне тақ ете түсті.

 

Ең кере­меті – көп­пен бір­ге мұн­да Борат көкем де жүр екен. Нұр­лы бей­несі мың адам­ның ара­сы­нан мен­мұн­да­лап, көзі­ме оттай басыл­ды. Серей­ген кісі ғой – қара мұр­ты қоп­сып, дөң­ге­лен­ген қауға шашы түр­кі­мен­нің сең-сең бөрі­гін­дей, жұрт­тың төбесін­де қалы­қтап жүр. Шиди­ген жүн-жүн қисық сирағын қара саны­на дей­ін көр­сетіп, Аме­ри­ка­ның ала туы­нан шорт-дам­бал киіп алып­ты. Бізді көре сала:

– О‑о, қаза­қта­рым, қар­да­шта­рым!.. – деп, қаза­қ­ша судай сыл­ды­рап, құшағын жая ұмтыл­ды. Қат­ты сағы­нған екен, әрқай­сы­мы­зды кеудесіне басқан­да, басқа­лар­ды қай­дам, тыны­сым бітіп, жүре­гінің лап-лап ала­у­ы­нан бір минут қорға­сын­дай балқып тұр­дым өзім.

Борат ағам­ның Абы­ра­лы­да тұра­тын шеше­сі сол ауыл­дағы ең кәрі әйел еді. Был­тыр отыз жеті жасын­да офат болған има­ны сала­мат болғыр марқұм. Көр­ген жер­де көңіл айт деген емес пе, қай­ғы­сы­на ортақ­та­сты­ғым­ды біл­діріп, «арты қай­ыр­лы бол­сын» айтып едім:

– Өзім де топы­рақ сала алма­дым! – деп еңкіл­деп жылап жібер­ді. Қаза­қстан тура­лы төрт жүз сек­сен сери­я­лы фильм түсіріп, қолы боса­мап­ты. – Уақыт қым­бат қой. Өлген кем­пір­ді бәрібір тіріл­те алмай­мын. Одан да жан-тәнім­мен еңбек етіп, ота­ным­ның даңқын әлем­ге паш етей­ін дедім. Асай-мүсейі әзір екен, әрқай­сы­мы­зды бей­не­тас­паға түсіріп, интер­вью алды. Басқа­лар­дан не сұраға­нын біл­мей­мін, маған бір­не­ше сұрақ қойды:

– Қазір­гі қазақ қоға­мы­ның дамуы мен мораль­дік бет-бей­несін айқын­дай­тын басты кре­до­ны бір сөз­бен қалай тұжы­рым­дар едіңіз?

– Ақша – бәрі!

– Сон­да сіз­дер­де бәрін сатып алуға бола ма?

– Әлбәт­тә. Біз нары­қтық эко­но­ми­ка заң­ды­лы­қта­ры­мен өмір сүре­міз ғой. Сон­ды­қтан бәрі нары­қтық рель­ске қой­ы­лған. Нан, кол­ба­са, арақ, рек­тор, министр, депу­тат­ты­қтың … өз нарқы бар. База­рдағы тау­ар сияқты ақы­сы­на келіс те, кез кел­ген лау­а­зым­ды ала бер. Біз­де жиыр­ма­дағы бала­лар әкім, сек­сен­де­гі шал­дар депу­тат бола береді.

– Ал қыл­мыс жаса­са ше?

– Біз­де бай­лар қыл­мыс жаса­май­ды. Өйт­кені осы жасы­ма дей­ін сот­талған бай­лар­ды көр­ге­мін жоқ. Біз демо­кра­ти­я­ның ұлы прин­циптерін бұл­жыт­пай сақтай­тын елміз ғой. Тек сол шек­ті арам аяғы­мен аттаған­дар ғана аяу­сыз жаза­ла­на­ды. Мың-мил­ли­он көк қағаз­дың бетіне қара­май, ондай­лар­ды Лон­дон, Париж түгіл, жер­дің тесі­гіне кіріп кет­се де, іздеп тауып, сазай­ын береміз!

– Хош, жау­ап­та­ры­ңыз көп нәр­се­ге көзі­мізді ашып таста­ды. Аз жыл ішін­де базар эко­но­ми­ка­сын ұңғыл-шұңғы­лы­на дей­ін мең­геріп, елдеріңіздің осын­ша­лық табысқа жет­кеніне тән­ті боп отыр­мын. Рок­фел­лер, Мор­ган, Мюл­лер, тағы басқа мил­ли­ар­дер­лер Аме­ри­ка­да үш жүз жыл­да әзер қалып­тас­са, сіз­дер­де үш-төрт жыл­дың ішін­де-ақ қан­ша­ма мил­ли­ар­дер­лер шықты. Бұл деген ғажап жетістік, әлем­дік прак­ти­ка­дағы сирек құбылыс!

– Рах­мет! Осын­дай сөзді есті­ген­де, мақта­ны­штан көзім­нен жас шығып кете­ді!.. Кешіріңіз!.. Хым-хым… (бырқ еткізіп кір-кір ора­ма­лы­ма бір сіңбіріп алдым). Бәрі біз­де­гі дана бас­шы­лы­қтың арқа­сы ғой!

– Тағы бір сұрақ: Совет Одағы құлаған кез­де сіз­дер­дің елдің ең соңын­да азаттық алған­да­ры­ңы­зды әлем біледі. Оның себебі не деп ойлайсыз?

– Дұры­сы – біз алған жоқ­пыз, біз­ге бер­ді. Оры­стың еркөңіл пат­ша­сы: «Алсаң да ала­сың, алма­саң да ала­сың, мә!» – деп, еріксіз қолы­мы­зға ұстатқан. Шын­ту­ай­тын­да, біз­ге еркін­дік керек емес. Осы­дан үш жүз жыл бұрын біздің дана ханда­ры­мыз бен сұл­тан­да­ры­мыз: «Мүбәдә, бұ қазақ деген жамағат­лы басқа­ру жүдә, қой баққан­нан да қиын екен-дүр, одан да сыр­ба­з­дың етін сылқы­тып жеп, сары қымы­зды сапы­рып ішіп, ақор­да­да ақ тоқал­дар­ды алаң­сыз құшып, саба қары­ны­ң­ды сипап жатқанға не жет­сін, шор­ту, біз шар­ша­дық, бодан болып ғұзы­ры­ңы­зға жығы­лай­ық-дүр!» деп Рус­си­я­ның қатын пади­шағы­на ант беріп, екі тіз­гін, бір шыл­быр­ды қолы­на ұстатқан бола­тын. Көре­ген баба­лар бір­деңе біледі ғой, шір­кін, одан һеш жаман­дақ көр­ген жоқ­пыз: бұрын қатқан құрт пен көгер­ген ірім­шік­ті қытыр-қытыр қау­жаң­да­у­шы едік – аппақ бөл­ке­ге аузы­мыз жет­ті; қыста дір­дек қағып киіз үйде отыр­май, там соға­тын бол­дық. Тегін оқы­дық, тегін емдел­дік. Ескінің кер­тарт­па сарқын­шақта­ры­нан арыл­дық. Пай­да­ла­нуға жарам­сыз, икем­сіз болған­ды­қтан, қазақ тілі де сол күресін­ге лақты­ры­лған қоқы­стың ішін­де кет­ті. Оған дұрыс тіл жасай алмаған ата-баба­мы­зды кінәла­ма­сақ, кім­ге өкпе артамыз?

 

Міне, тәу­ел­сіздік­ті қолақ­пан­дай ғып ширек ғасыр бойы салақта­тып ұстап жүр­ген­де не пай­да көр­дік? Сол баяғы­ша рус­с­ша гәпіра­мыз. Тың­дай­тын әні­міз, көретін қызық-шыжы­ғы­мыз – бәрі оры­стікі. Ақы­ры не істері­мізді біл­мей жүр­ген­де, ұлық ақы­ны­мыз, Кремль мен Ақор­да­ның ақыл­ман абы­зы Алже­кең ( Шумер дәуірі­нен арғы­дағы тау­а­рих қой­на­уы­нан мың жыл бойы «Мың бір сөзді» іздеп жүріп, дино­за­вр­лар­дың бірінің мишы­ғы­нан тауып алған дана­лы­ғы бол­са керек): «Абсо­лют­тік азаттық – қауіп­ті!» деп даны­шпан­дық тұжы­рым айтқан соң, өз мила­ры­мен ештеңе ойлай біл­мей­тін шене­уник­тер шошып кетіп, Аста­наға кел­ген Жол­де­кеңе: «Осы бір бостан­ды­ғы құрғыр­ды жиыр­ма бес жыл түй­енің көтенін­дей босқа салаң­да­тып ұстап жүр­міз, біз­ге жүдә кере­гі жоқ нәсте екен-дүр, сіз ала салы­ңыз­шы, алди­яр!» – деп, пәдәрить ете салғанбыз.

– Тым қым­бат пәдәр­кі сыйлапсыздар!

– Қым­бат мей­ман­ның қолай­ын табу – ата дәстүрі­міз. Ондай­да ештеңенің бетіне қара­май­мыз ғой.

– Ғажап жомарт­тық екен… Жал­пы, қаза­қтың ешкім­ге ұқса­май­тын ұлт­тық ерекшелі­гі не?

– Көн­бістік!

– Бұл деген «зұлым­ды­ққа қар­сы­лас­пау» фило­со­фи­я­сы­мен үндес жатқан ұғым ғой. Тол­стой да осы иде­яға бой ұрған.

– Тол­стой дүниенің оқу-тоқуын тауы­сып барып әрең жет­се, біздің баба­ла­ры­мыз қой­ын құрт­тап жүріп-ақ ол дана­лы­қты мең­геріп алған! Тіп­ті Тол­стой сон­дай дана­лы­ққа жетем деп, жын­да­нып кет­кен жоқ па?! Біздің шал­дар жын­данған жоқ. Өмір­лік ұста­ным­да­ры­на лай­ы­қтап, небір тама­ша мәтел­дер шығарған: «Бұдан да жаман күні­міз­де той­ға барған­быз», «Бөк­сең­нен теп­се, бетіңді төсе», «Көп­пен көр­ген ұлы той», «Таспен ұрған­ды аспен ұр», «Артық қай­рат – жанға қас», «Тек жүр­сең, тоқ жүресің, дома­ла­нып көп жүресің»… деп, өмір­дің талай тар қыспағы­нан аман өтіп келеді. Жерін өрт шалып, елін жау шап­са да, «әй, менің үйім өртеніп жатқан жоқ, маған тиісіп жатқан ешкім жоқ, бір бұй­ыр­тқа­ны болар, пеше­не­ге жазған­ды көре­рміз» деп сабы­рын сақтап, маңғаз қал­пы­нан мызғы­май­ды. Қан­дай естілік! Көп­тен, күшті­ден қоры­ққан, көн­дік­кен ғана аман қала­ды емес пе?! Ана Қап тауын­да чешен деген қызу қан­ды, жұлы­мыр халық бар. Өмір бойы оры­спен алы­сып келеді. Аюға шапқан аба­дан сияқты. Көп­ке не істей­ді, қыры­ла­ды да қала­ды. Әр елу жыл сай­ын бола­тын қасап­тың кесірі­нен саны мил­ли­онға жетіп көр­ген емес. Ал біз ше? Бай­сал­ды­мыз, сабыр­лы­мыз, соның арқа­сын­да, сонау ашар­шы­лы­қта жар­ты­мы­здан көбі­міз қыры­лып қал­са да, шүкір, міне, он мил­ли­он­нан асып, шар­шы­мы­зға толып отыр­мыз шалқып. Көр­ші­міз қырғыз бен өзбек те тыныш­сыз, дыз етпе, шақар. Қоңқай қырғы­здар иттің арты тырқ етсе, Алаңға атып шығып, қаты­нын қуған бақы­ра­уық жаман еркек­ше, пре­зи­дент­терін арты­нан бір теуіп, елден айдап шыға­ды. Масқа­ра-ай, төрт пре­зи­ден­тін ауы­стыр­ды. Жаман әдет – жұқ­па­лы дерт, оларға елік­те­ген өзбек­тер де Ислам ока­ла­ры­на доқ таны­тып еді, Анди­жан­да «мә, син­га анаң­ди!..» деп ока­лар­ды қыр­ды да сал­ды. Қаңғып, міне, қаза­қтың тамын соғып, пала­у­ын басып жүр. Ал дана қазақ ақы­рын жүріп, анық баса­ды. «Оу, ала­шым, әдә­шім, көп оты­рып қал­дым-ау осы, менен шар­шаған жоқ­сы­ң­дар ма? Теле­ви­зорға қара­сам, қар­тай­ып қалған сияқты­мын!» деп, ширек ғасыр­дан бері қай­та-қай­та сұрап пысы­қтаған бас­шы­мы­зға «О не дегенің, садағаң кетей­ін, сен­сіз күні­міз не бол­мақ, оты­ра бер. Қар­тай­дым деген­ді айт­па, теле­ви­зор түскірі қисай­тып теріс көр­се­те береді!» деп, жыл өткен сай­ын үдетіп, дауы­сын тоқ­сан жеті про­цент­тен де асы­рып беріп келеді. Тек жүз­ге жет­кі­зе алмай келе жатқа­ны­мыз аздап көңіл­ге қаяу түсіреді. Біз­дей бақыт­ты жұрт қай жер­де бар екен. Ешқан­дай уай­ы­мы­м­ыз жоқ. Беш­бар­мақ асай­мыз да – би билей­міз; бауыр­сақ жей­міз де – ән сала­мыз… Күн­де думан, күн­де той. Шат-шады­ман қызы­ққа күле-күле екі езуі­міз ырсиып құлағы­мы­зға жет­ті. Сен­бе­сеңіз – теле­ви­зор­ла­ры­ңы­зды тама­ша­лап көріңіз. Екі көр­ген­нен кей­ін есіңіз шығып енте­леп ішіне түсіп кет­пе­сеңіз, маған келіңіз. Кей­де бақыт­тан жалы­ға­ты­ны­мыз сон­ша­лық, жоқ­шы­лық, кедей­лік­ті өтірік ойлап тауып, қай­ыр­шы, бомж болып қоқыс ақта­ра­мыз, жары­қ­сыз, сусыз қау­саған үйлер­де тұра­мыз. Осын­дай стресс те керек қой. Шыли бар­шы­лық, тоқ­шы­лық та помай­ды жүдә, азды­рып жібе­реді. Абай­дың өзі солай деген жоқ па: «Тамағы тоқтық, \Жұмысы жоқтық\ Азды­рар адам бала­сын!» О кісі айт­са, тегін айт­пай­ды ғой.

– Дұрыс, шынын­да да, адам­зат үлгі тұтар­лық асыл қаси­ет екен. Сіздің әңгі­меңіз­ден көп жай­ға қанық бол­дым. Бұй­ырт­са, Қаза­қстан тура­лы тағы бір тама­ша фильм­нің сюжетін көріп отырғандаймын!..

Борат көкем әлем­дік таны­мал тұлға ғой. Оның наза­ры­на ілік­кен нәр­сенің ешқай­сысы еле­усіз қалған емес, дүниенің төрт бұры­шын дүріл­детіп, сен­са­ция туғы­зып жата­ды. Бүгін біз­ге айры­қ­ша ықы­лас таны­тқа­ны­на анта­лаған сырт көз қызы­ға да, қызға­на да қарады.

(Жалға­сы бар)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн