Четверг , 29 мая 2025

МАЙҚАПШАҒАЙДАҒЫ ТОНАУ қазақ көшіне кері әсер етпей ме?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.

 

Даб­ыл!


 

Шығыс Қаза­қстан облы­сын­дағы Май­қап­шағай (Зай­сан) шека­ра-кеден бекетін­де болған қаза­қты қаза­қтың ресми жол­мен тонау оқиға­сы интер­нет­тің қаза­қстан­дық кон­тен­тін дүр сіл­кін­дір­гені енді­гі біраз жұрт­шы­лы­ққа мәлім болған шығар. Ескер­те кетей­ік, Қытай­дан ата-жұр­ты­на көшіп келе жатқан орал­ман ағай­ын­дар шека­ра-кеден тін­туіне тап болып, соның нәти­же­сін­де өз елім­нен үй сатып алам, қалың қаза­қтың орта­сын­да тір­лік жасай­мын деген олар­дың 60 мыңға жуық дол­ла­ры тәр­кі­лен­ген еді.

 

 

Осы­дан он бес жыл бұрын киелі Түр­кістан қала­сын­да өткен Дүние жүзі қаза­қта­ры­ның ІІ құры­л­тай­ын­да пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың: «Біз әр ұлт­тың халқын бауы­ры­мы­зға басып үйрен­ген халы­қ­пыз. Ал енді шетел­ден көшіп келе­міз деген өз қаза­қта­ры­мы­зды бауы­ры­мы­зға баса алмай­мыз ба сон­да?! Келем деген­дер­ге Қаза­қстан­ның жері кең, елі кең! Жағ­дайы бар. Заң қабыл­дан­ды, құқы­қта­рың бар! Не істей­мін десең, қан­дай жұмыс істей­мін десең, қан­дай биз­не­спен шұғыл­да­нам десең, келің­дер де, айна­лай­ын қаза­ғым, күніңді көріп, бай­ы­ң­дар!» – деп айтқан сөз­дері, тарих­тың талай дүр­бе­лең­дері­нен тау асып кет­кен қан­даста­ры­мы­здың елге ора­лу­ла­ры­на түрт­кі болып, қаза­қтың көшіне сер­пін беріп еді. Бірақ…

Кей­ін­гі кез­дері елім, жерім деп еңіреп кел­ген ағай­ын­да­ры­мыз өз қаза­ғы­ның орта­сын­да нешетүр­лі жағ­дай­ға душар болып, ала­у­лаған жүрек­теріне су себіліп жатыр. Өткен жылы Ата­ме­кенім деп, елге ора­лып, өз күн­дерін мал сату­мен көріп жүр­ген ағай­ын­ды үш жігіт­тің өлі­мі ел ішін бір дүр сіл­кін­діріп еді, енді, міне, қаза­ғым деп кел­ген 55 жасар жесір ана Гүл­жан Мәуіт­хан қан­да­сы­мы­здың отба­сын бауы­рға басу былай тұр­сын, шаш ал десе, бас ала­тын орган­ның одыр­ла­ры олар­ды далаға қаңғыр­тып жібе­ру­ге шақ қалып тұр.

Істің мән-жайы былай өрбі­ген еді. Ері ерте­ректе қай­тыс болып, жесір қалған Гүл­жан Мәуіт­хан Қытай­дағы үйі мен дүние мүл­кін сатып, бала-шаға­сы­мен Ата­ме­кен­ге ора­ла­ды. Бар мүл­кін сату­дан жиып-тер­ген ақша­сы­на Аста­на­дан пәтер алу­ды көз­дей­ді. Алай­да үсті­міз­де­гі жыл­дың 8 ақпа­нын­да ШҚО Зай­сан ауда­ны­ның «Май­қап­шағай» шека­ра-кеден бекеті­нен өткен кезін­де бар ақша­сы­нан айы­ры­лып, орта жол­да қала­ды. Әулет­те­гі 3 және 8 жасар екі бүл­дір­шін­ді есеп­те­ген­де, жеті адам­нан тұра­тын отба­сы мүше­лерінің қал­та­ла­ры­нан 59 900 АҚШ дол­ла­ры тәр­кі­ле­неді. Мәуіт­хан Гүл­жан­ның өзін­де – 19 700, туған інісі Мәуіт­хан Мұқи­ят­та – 10 500, ұлы Мұқта­шұ­лы Әділ­бек­те – 9 900, жиені Сай­лан Мей­рам­бек­те – 9 900, жиен келіні – Гүл­жа­нат Сол­ті­кен­де 9 900 АҚШ дол­ла­ры болған.

Гүл­жан Мәуіт­хан­ның айтуын­ша, оның отба­сын «Май­қап­шағай» кеден бекетін­де­гі шека­ра қыз­мет­кер­лері бақы­лау тер­ми­на­лы­нан «құжат­та­ры­ңыз толық, бәрі заң­ды» деп өткіз­ген. Шека­ра торы­нан Қаза­қстанға қарай шыға­рып сала­тын авто­бу­сқа оты­рған­да, олар­дың соңы­нан шека­ра­шы­лар мен кеден­шілер қуып келіп, қай­та тек­се­реді. Отба­сы мүше­лерін бақы­лау тер­ми­на­лы­на екін­ші рет кір­гізіп, шешін­діріп, қой­ны-қоны­шта­рын тін­те­ді. Тіп­ті жылаған­да­ры­на қара­май, 3 және 8 жастағы екі бала­ны да шешін­діріп, киім-кешек­терін ақта­ра­ды. Жоға­ры­да аталған бес ере­сек адам­нан шыққан 59 900 АҚШ дол­ла­рын түгел­дей сыпы­рып ала­ды. Тамақ алып ішетін, жолға төлей­тін, қонақ үйге беретін ақша­ла­ры да қал­май­ды. Болған жағ­дай­ға Гүл­жан Мәуіт­хан­ның жүре­гі сыр беріп, жедел жәр­дем­мен емха­наға түседі. Дәрі­гер­лер: «Сіз шетел аза­ма­ты екен­сіз, емде­луіңіз ақы­лы бола­ды», – деп, «қаза­қстан­дық бауы­рға басу­дың дәстүрін» тағы бір көрсетеді.

Егер қан­даста­ры­мы­здың бастан кеш­кен жағ­дайы бой­ын­ша заң талап­та­ры­на жүгі­нер бол­сақ, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоғарғы соты­ның 1997 жылғы 18 шіл­де күн­гі №10 нор­ма­тив­тік қаулы­сы­ның 6–2 бөлі­мін­де «Адам қол­ма-қол және (неме­се) ұлт­тық валю­та және (неме­се) жол шек­тері кон­тра­бан­да­сын жасаған жағ­дай­да, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес мін­дет­ті жаз­ба­ша декла­ра­ци­я­ла­у­ға жат­пай­тын, яғни бала­ма­сы 10 мың АҚШ дол­ла­ры­нан аспай­тын мөл­шер­де­гі оның бөлі­гі кон­тра­бан­да мүл­кі ретін­де таныл­май­ды және ада­мға тағы­лған айып көле­міне енбей­ді. Осы сома иесіне қай­та­ры­луы тиіс. Ал шека­ра­дан өткен кез­де декла­ра­ция тол­тыр­маған жағ­дай­да бел­гі­лен­ген көлем­нен көп емес мөл­шер­де асып кет­кен ақшаға заң бой­ын­ша айып­пұл салы­нып, иесіне қай­та­ры­луы тиіс».

 

Гүл­жан ханым­ның айтуын­ша, оқиға болған кез­де шека­ра­шы­лар орыс­ша сөй­леп, не жағ­дай болға­нын да ашық түсін­дір­ме­ген. Отба­сы мүше­лерін бөлек-бөлек сұрақтың асты­на алған. Інісі Мұқи­ят пен ұлы Әділ­бек­ке, жиені Сай­лан мен келіні Гүл­жа­натқа: «Бұл ақша­лар­дың бәрі жеке өздеріңдікі емес, бір ада­мға тиесілі. Соны ашық мой­ын­даң­дар, әйт­пе­се дәл қазір қамауға ала­мыз. Сосын пас­порт­та­ры­ңа қара таң­ба басып, шека­ра­дан Қытай­ға қай­та қуа­мыз!» – деп қорқытқан.

Сұрақ қою мен тек­се­ру амал­да­ры кезін­де қан­даста­ры­мы­здың жанын­да не аудар­ма­шы, не адво­кат бол­маған. Ақы­ры бар­лық ақша Гүл­жан Мәуіт­ханға тиесілі деп көр­сетіліп, тиісті құжат­тар тол­ты­ры­лған. Арты­нан бір­не­ше күн өткен соң, Зай­сан аудан­дық қар­жы­по­лы­ның эко­но­ми­ка бөлі­мінің тер­ге­ушілері Гүл­жан Мәуіт­ханға: «Заң бой­ын­ша сіз­ге тиесілі ақша – осы» деп, қолы­на 10 мың АҚШ дол­ла­рын қай­та­рып бер­ген. Ал қалған 49 900 АҚШ дол­ла­ры ШҚО бой­ын­ша Мем­ле­кет­тік кірістер депер­та­мен­тіне жіберілген.

 

Әділ­бек Мұқта­шұ­лы (Гүл­жан Мәуіт­хан­ның ұлы): «Біз Қаза­қстанға келіп-кетіп жүр­гені­міз­ге екі жыл­дай уақыт бол­ды. Отанға ора­лу тура­лы шешім қабыл­дап, Қытай­дағы бар мал-мүл­кі­мізді сат­тық. Тұрып жатқан үйі­міз бұзуға кетіп, Қытай өкі­метінің біз­ге бер­ген төле­мақы­сын алып, Қаза­қстанға оралған­да, шека­ра­да осын­дай жағ­дай­ға тап бол­дық. Шеше­міз ауру адам, жүре­гі ауы­ра­ды. Әкем ерте қай­тыс болған, екі бала­сын, мені және қарын­да­сым­ды арқа­сы­на көтеріп жүріп өсіріп, осы күн­ге жет­кізді. Көзім­нің тірісін­де елім-жұр­тым деп, Қаза­қстанға ора­лып, Аста­на­дан бір үй алып берей­ін деп ойлаған ана­мыз. Сол мақ­сат­пен екін­ші айдың 8 күні ар жақтан бар­лық ақша­мы­зды алып, шека­ра­дан өткенбіз.

Қытай жағы­нан заң­ды түр­де аман-есен өттік. Мен өзі­ме тиесілі 10 мың дол­лар алғам, наға­шы ағам да, шешем­нің жиені де өздеріне тиесілі ақша­ла­рын алып өтті. Бар­лы­ғы 60 мың дол­лар ақша бол­ды. Қытай шека­ра­сы­на өтіп, Қаза­қстан шека­ра­сы­на келіп, пас­пор­ты­мы­зды көр­ді, бері қарай мөрін басып өткізді. Тер­ми­на­лы­нан да өттік. Өтіп болып, сыр­тқа шығып тұр едік, сол­дат­тар келіп пас­порт­та­ры­ң­ды көрей­ік деді. Көріп алған­нан кей­ін, «Сен­де заң­сыз алып өту­ге бол­май­тын заттар бар екен», – деді. Ондай зат жоқ деп едім, олар «бол­са жүр тек­се­ре­міз» деді. Ақша тек­се­реді деген ойым да болған жоқ. Барған соң, бар­лық заттар­ды алып шық деп бұй­ыр­ды. Қал­там­дағы бүкіл заттар­ды шығардым.

 

Шын­ды­ғы керек, осы жақта «тонап кетіп­ті», «ұрлап кетіп­ті» деген әңгі­ме­лер­ді көп есті­ген соң, қорқа­тын бол­дық. Сон­ды­қтан қал­та­дан 9 900 дол­лар том­пай­ып тұра­тын болған­нан кей­ін, жар­ты­сын сый­ға­нын­ша таба­ны­ма салып алғам. Сөй­тіп, іш киі­мі­ме дей­ін шешін­діріп, мен­де­гі ақша­ның бәрін шығар­тып болған соң: «Сен­де 55 мың дол­лар ақша бар екен, басқа ақшаң қай­да?» – деді. «Мен­де ондай ақша болған жоқ, бар ақшам осы» деп қана айт­тым. Арты­нан біл­дім, туы­ста­рым мен анам­ды да тек­серіп, олар­дың сум­ка­сын­дағы ақша­ла­рын алып­ты. Бар­лы­ғы 60 мың дол­лар ақша­мы­зды алып қой­ды. Кей­ін­нен тер­геу амал­да­ры бол­ды. «Ол – менің ақшам, біз үш отба­сы­лы адам­быз, бәрі­міз­ге тиесілі ақша» деген уәжі­ме: «Онда сен­дер груп­па бола­сы­ң­дар, бес жылға бас бостан­ды­қта­ры­ң­нан айы­ры­ла­сы­ң­дар», – деген соң, біз қорқып, шынын­да да, бұзы­лған үйі­міз ана­мы­здың атын­да бол­ды, сон­ды­қтан ана­мы­зға тиесілі ақша деп айтуға мәж­бүр бол­дық. Олар 10 мың дол­лар­ды ана­мы­зға қай­та­рып беріп, 49 900 дол­лар ақша­мы­зды алып қал­ды. Енді 17 науры­зда өтетін сот әділ шешім шыға­ра­ды деп үміт­теніп қана отырмыз».

Қалай десек те, жастай­ы­нан жесір қалып, екі бала­сын жалғыз өсір­ген ана, Қытай­дағы дүние-мүл­кін сатып, Ата­ме­кен­ге ора­лып, ақша­сы­нан айы­ры­лып оты­рға­ны – жер-дүни­е­ге тары­дай шашы­лған қаза­қты бір елге жинау мін­детіне мұра­гер болған елге, оның пре­зи­ден­ті мен өкі­метіне өкініш біл­діре­рлік-ақ жағ­дай. Пре­зи­дент биік мін­бер­ден айтқан – «бауы­ры­мы­зға басқан» түрі­міз осы ма? Мем­ле­кет қар­жы­сын мил­ли­он­дап тонап, шека­ра асып, сыр­тқа кет­кен талай шене­унік­ті тоқта­та алмаған билік дүни­есін сатып, елге ақша кір­гізіп жатқан отба­сын аңы­ратқа­ны қай қисы­нға, қан­дай адам­гер­шілік қағи­датқа, недей мей­ірім-пей­іл­ге жатады?

Ата­ме­кенін іздеп кел­ген бауыр­ла­ры­мыз ақша үшін қан­ды қол қарақ­шы­лар­дың қолы­нан зор­лы­қ­пен өлтіріліп жатқан­да, орал­ман бауыр­лар қоры­қ­паған­да, жиған-тер­ген ақша­сын тық­паған­да, қайт­сін?! Сон­ды­қтан ертең­ге – науры­здың 17-іне бел­гі­лен­ген сот оты­ры­сы әділет­ті шешім шыға­ра­ты­ны­на сен­гі­міз келеді. Олай бол­маған жағ­дай­да пре­зи­дент Назар­ба­ев айтқан «Нұр­лы көштің» кері бұры­луы тіп­ті де ғажап емес!

Сот орын­да­ры мен тиісті орган­дар бас­шы­лы­ғын бір ескер­те кететін жәйт: 17 наурыз күні өтетін сот оты­ры­сы­на тек Мәуіт­хан Гүл­жан ғана шақы­ры­лға­ны қалай? Жесір ана­ның ұлы Мұқта­шұ­лы Әділ­бек­ке хабар­ласқан шақы­ру­шы­лар сот оты­ры­сы­на төраға­лық ететін судья­ның аты-жөнін айту­дан бас тар­тып­ты, деп хабар­лай­ды Baq.kz интернет-порталы.

Елі­міз­де­гі негіз­гі ақпа­рат құрал­да­ры осы жағ­дай тура­лы баста­ма көтеріп, abai.kz, qamshy.kz, 31.kz және т.б. ақпа­рат құрал­да­ры үкі­мет бас­шы­сы Б.Сағынтаев пен ҚР бас про­ку­ро­ры Ж.Асановтың наза­ры­на хат жазған болатын.

«Елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Әбі­шұлы­ның ізгі баста­ма­ла­ры­ның бірі – көші-қон сая­са­тын арқа тұтып, Қытай елі­нен ата-жұр­тым Қаза­қстанға бір­жо­ла қоныс ауда­рып, көшіп келе жатып, шека­ра­дан осын­дай үлкен кедер­гі­ге тап бол­дым. Өзім жүрек тал­ма­сы­мен қат­ты ауы­ра­мын. Қан­ша ғұмы­рым барын біл­мей­мін, көзім тірі кез­де бала­ла­рым­ды Қазақ Еліне орна­ла­сты­рып, ұрпақта­рым­ның алаң­сыз өмір сүр­генін көр­сем дей­мін. Кіш­кен­тай қызым Мұқта­шқы­зы Пери­зат Аста­на қала­сын­дағы №40 мек­теп­те 6‑сыныпта оқи­ды», – деп көз жасын төгеді Қытай­да қыл­мыс­кер атан­бап едім деген жесір ана.

 

Димаш

АЗАМАТОВ,

«

  • • Редак­ци­ядан: Озбыр­лыққа тап болған орал­ман ағайын­дарға қаты­сты оқиғаның
    өрбуін біздің газет те өз бақыла­у­ы­на алды. Егер осы жағдайға бай­ла­ны­сты қосым­ша ақпарат бере­міз, қалта­рыс қалған жәйттер­ді жария ете­міз дей­тін ниет­те­стер бол­са, 8−701−811−27−09 нөмір­лі қалта­фонға хабар­ла­су­ды сұрай­мыз.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн