Пятница , 4 июля 2025

ЕЛ БОЛАМ ДЕГЕН ЕЛ «инглиштан» бұрын,«ӘЛІППЕНІ» ОҚЫТАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

 

Басқа пәле – тілден…

 

 


 

Халы­қты шөл­ді жер­дің маса­сы сияқты шуыл­да­та беру көбей­іп бара­ды. Бұл жақ­сы үрдіс емес. Тіл төңіре­гін­де­гі тақы­рып та «тілін тар­та­тын» түрі жоқ. Тыныш оты­ра алма­дық. Пікірі­мізді тың­дар құлақ бол­са! Иә, Абай «Дүниенің кіл­ті – оры­ста» деп айтып кет­ті. Тамы­ры­нан ажы­ра­май, әлем­дік өрке­ни­ет­ке іле­су үшін осы­лай сіл­те­ді. Халқы­ның қамын ойлай­тын білім­ді қазақ осы­лай айт­са керек. Ал енді қазір «Дүниенің кіл­ті – ағы­л­шы­нға» ауы­сқа­нын мой­ын­да­ма­сақ, біл­гені­міз қайсы?!

 

Бірақ Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің пози­ци­я­сын құп­тай алмай­мын. «Шаш ал десең, бас ала­тын» прин­циптен ары­ла алмай-ақ қой­дық. Әлі соци­а­ли­стік «под­ход­тан» әрі аса алмай оты­рға­ны­мыз жанға бат­пай қой­май­ды. Мини­стр­лік­тің қазір­гі пози­ци­я­сы Ста­лин­нің кол­лек­тив­тен­ді­ру сая­са­ты­мен пара-пар сая­сат екенін бай­қау қиын емес. Бар­лық қаза­қты ағы­л­шын­ша өлсең де сай­ра­та алмай­сың. Бұл – барып тұрған про­жек­то­риз­мнің клас­си­ка­лық үлгісі. Неге?

Негесі сол – қазір заман басқа, заң басқа. Қазір – кол­лек­ти­виз­мнің дәуірі емес, инди­ви­ду­а­лиз­мнің дәуірі. Билік­тің кез кел­ген сая­са­ты нары­қтық эко­но­ми­ка­ның канон­да­ры­на негіз­де­луі керек. Жос­пар­лы эко­но­ми­ка­ның заң­да­рын ұмы­та­тын кезі­міз жет­кен жоқ па? Осы заң­ды­лы­қты ескер­мей, ала­ша­пқын бола берудің не жөні бар еді?

Мына заман­да қай қаза­ққа ағы­л­шын тілі ауа­дай қажет – олар биліксіз де мең­геріп жатыр. Қазақ халқы­ның ұл-қызда­ры сон­ша­лы­қты ақы­мақ емес. Өмір мен заманға бей­ім­де­лудің шар­тты рефлексі баяғы­да-ақ қалып­тасқан. «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­мен оқып кел­ген­дер­ді былай қой­ған­да, елі­міз­де жүріп-ақ қазір­гі жастар ағы­л­шын тілін мең­ге­ру­ге маңыз бер­генін көз көріп отыр. Инди­ви­ду­аль­ды түр­де. Мәсе­ле­ге осы тұрғы­дан қара­уды мақұл­дау керек. Керек десеңіз, билік осы­ған ықпал жаса­уы қажет.

Ал енді орта мек­теп­те ағы­л­шын тілін жап­пай оқы­ту дегеніңіз – абсурд. Ойбай-ау, біз әлем көшіне ілес­кен жұрт болға­ны­мы­з­бен, өзінің тер­ри­то­ри­я­сы бар, бекітіл­ген шека­ра­сы бар, тілі бар, ділі бар, салт-дәстүрі мен бір басы­нан асып жатқан бай­лы­ғы бар Қазақ деген ел емес­піз бе?! Осы елді көр­кей­ту үшін жап­пай «инглиш­тен­дірудің» қажеті бар ма? Жоқ. Өйт­кені біз ең алды­мен қазақ екені­мізді ұмыт­пай, осы жер­ді ұлы мем­ле­кет­ке айнал­ды­ру­мен айна­лы­са­тын адам­дар­ды дай­ын­да­уы­мыз керек. Ол ең алды­мен қазақ тілі арқы­лы жүзе­ге асы­ры­луы тиіс.

Ал мына жап­пай «инглиш­тен­ді­ру» сая­са­ты бар­лық қаза­қты АҚШ пен Баты­сқа гастер­бай­тер­лік­ке жібе­ру мақ­са­тын қой­ып оты­рған­дай әсер қал­ды­ра­ды. Бұдан басқа мақ­сат көріп тұрған жоқ­пын. Елдің ішін­де ешкім қал­ма­са, мем­ле­кеті­міздің атын ұмы­тып қал­май­мыз ба? Елдің ішін­де еңбек ету үшін ағы­л­шын тілін біл­ме­сек, арам қата­мыз деп кім айтып жүр? Маразм­ның нақ өзі!

Ел бола­тын елдің шаруа­сы бұлай бол­ма­са керек. Ел бола­тын ел елді­гіне қам жей­ді. Ел бола­тын ел ең алды­мен елдің ішін қалай рет­ке кел­тіре­мін деп қай­ғы жейді.

Сон­ды­қтан да қазақ тілін бей­ша­ра қылып көр­сет­кен­ді толық және түп­кілік­ті қою керек. Неме­ресін «Жапы­рағым менің» деп ерке­ле­тетін ата­лар азай­ып кет­ті. «Пәлен­шені жер жұтып кет­ті ме, көзі­ме түс­пей­тін бол­ды ғой» деп, астар­лап сөй­лей­тін қазақ азай­ып бара жатыр. Екі мағы­на­ны «чет­ный-нечет­ный» деп, бір сөз­бен әрі-бірі қай­та­лап айта­тын орыс тілі­нен сор­лы емес­піз. Құдай­ға шүкір, «жұп-тақ» деп тақыл­дап тұрған тіл­ді жұтаң деп жүр­ген­дер­дің өздері бейшара!

Әлі күн­ге дей­ін оқу про­цесін «АБВГДЕЙКА» прин­ци­пі­мен жүр­гізіп оты­рған БҒМ қазақ тілін оқы­ту­дың эле­мен­тар­лық мәсе­ле­лері­мен айна­лы­сқа­ны жөн дер едім. Кез кел­ген ұлы іс кіш­кен­тай нәр­се­ден баста­ла­ты­нын басы­мы­здан шығар­май­ы­қ­шы, ағайын!

Осы біз­де, пән демей-ақ қой­дым, дис­ци­пли­на бар ма «Дыбыста­ну» деген? Қазақ тілінің құдіретін білу үшін ең алды­мен әріп­ті емес, дыбысты оқы­ту керек. Дыбысты дұры­ста­май, сау­ат­ты қазақ болу мүм­кін емес. Бірін­ші сыны­пқа барған балаға «Әліп­пе­ні» оқы­тқан­да, ең алды­мен дауы­сты дыбыст­ағы әріп­тер­ден бастап оқы­ту керек.

 

P.S. Пост­скрип­тум­ды білетін қазақ біл­гісі кел­се, ағы­л­шын­ша­ны өзі-ақ біліп ала­ды. Don’t panic! Туын сүй­ген­де ғана еңкей­етін қаза­қты жап­пай «инглиш­тен­ді­ру» тізер­ле­те алмай­ты­нын біліп тұр­мын. Өйт­кені кез кел­ген сая­сат халы­қтың сана­сы­нан өткен­де ғана жүзе­ге аса­ты­нын БҒМ ұмыт­па­уы керек. Ұмыт­паға­ның не, есі­нен шығар­мауы тиіс!

Шар­хан ҚАЗЫҒҰЛ

 

 

 

 

ОРЫСТЫҢ ТІЛІБИЛІКТІҢ ТІЛІ


 

Рас, орыс тілі біз­де орыс диас­по­рас­ы­ның ғана емес, билік­тің тілі. Билік болған­да, алды­мен «үлкен отба­сы­ның» тілі. Осы­ны билік пен «үлкен отба­сы­ның» мой­ын­дай­тын уақы­ты жет­ті. Бірақ билік әрнені сыл­тау етіп, орыс тілінің қажет­тілі­гін айту­дан танар емес.

 

Ілгері­де, 90-жыл­да­ры пре­зи­дент­тің өзі бастап: «Үй өзім­дікі деме­гін, үй сыр­тын­да кісі бар», «Жасы ұлғай­ған адам­дарға тіл­ді қыстап үйре­тудің қажеті жоқ», «Орыс тілі көп ұлт­ты Қаза­қстан­да ұлта­ра­лық тіл қыз­метін атқа­ра­ды», т.б. деген­ді үне­мі ескер­тіп оты­ра­тын. Билік әлі де сол сөзін қай­та­ла­удан жалы­қ­пай келеді.

Алай­да бұның бәрі осы күні ескір­ген аргу­мент. Өйт­кені «үй сыр­тын­да кісі бар» екен деп, жыл­дар бойы үнде­мей оты­ра беру, сыпай­ы­лап айт­сақ – ұят. Бұл үнсіздік көр­шінің қас-қабағын баққан үнсіздік­тен гөрі, қорқақты­қты, қосүрей болып сор­лаған сор­бақты­қты біл­діреді. Екін­ші­ден, Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гін жари­я­лаған­да, қазақ тілін үйрене алмай­тын үлкен­дер: қарт­тар, шал-кем­пір­лер қазір тау­сы­лып біт­ті. Қазір олар­дың орнын мем­ле­кет­тік тіл­ді үйрен­гісі кел­мей­тін ниги­лист буын басты. Олар кеше­гі жастар еді. Олар қазақ тілін­де сөй­леп үйре­нуді кеше бастаған­да, бүгін сай­рап тұрар еді. Жоқ, қазақ билі­гі қазақ тілін оларға қасақа­на түр­де үйрет­пе­у­ге тыры­сты, сөй­тіп орыс тілін өз мүд­де­лері үшін (билік пен бай­лы­қтың қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету үшін) сақтап қалды.

Әйт­кен­мен де, Қаза­қстан­да орыс тілін­де сөй­лей­тін орта азай­ып бара­ды. Орыс тілінің негіз­гі иесі – орыс диас­по­расы біздің елде­гі халық саны­ның 26,1 пай­ы­зын әрең құрап отыр. Өзге­лері қаза­ққа қаны да, тілі де жақын түр­кі елдері. Олар ешкім­нің бұй­ры­ғын­сыз, пәр­менін­сіз қазақ тілін­де сөй­леп кет­ті. Сон­да аз ғана сан­ды диас­по­ра­ның (26,1 пай­ыз оры­стың) тілі қалай­ша ұлта­ра­лық тіл болып қалады?

Көр­діңіз бе, «орыс тілі көп ұлт­ты Қаза­қстан­да ұлта­ра­лық тіл қыз­метін атқа­ра­ды» дей­тін билік­тің бұры­нғы аргу­мен­ті де ескір­ген, ештеңе­ге жара­май­тын, істен шыққан аргу­мент. Бірақ сон­да да орыс тілі тұғы­ры­нан таяр емес. Өйт­кені бұл тіл­де ешкім беті­нен қақ­пай­тын, қар­сы кел­мей­тін, көл­де­нең уәж айт­пай­тын билік сөй­леп отыр.

Өткен­де бір топ қазақ зия­лы­сы Кон­сти­ту­ци­я­ның 7‑бабының 2‑тармағын алып таста­уды талап етті (сіл­те­ме­ге қараңыз: http://abai.kz/post/view?id=12843). Бұл талап осы­дан алты-жеті жыл бұрын да күн тәр­тібіне қой­ы­лған бола­тын. Алай­да ондай тала­пқа билік­тің бүй­ре­гі бүлк етіп, сирағы сылқ еткен жоқ. Тіп­ті елең қылып қой­ма­ды да. Себебі ақ жаға­лы ұлы­қтар, шене­унік­тер арми­я­сы «ресми тіл­ден» айы­ры­лғы­сы кел­мей­ді. Бұл тіл­ден айы­рыл­са, олар билік­тен де айы­ры­ла­тын сияқты. Өйт­кені бүгін­гі шене­унік­тер, әсіре­се үкі­мет­те­гілер, әкім-қара­лар қазақ тіл­ді маман­дар­мен бәсе­ке­ле­се алмай­ды. Осы­ны жақ­сы біл­ген­дік­тен, бәрі жабы­лып, қазақ тілін­де сөй­лей­тін орта­ны билік­тің маңы­на жуыт­па­уға күш салу­да. Сөй­те тұра, елді алдап, алдарқа­тып қою­ды да ұмытпайды.

Қай­тіп дей­сіз ғой? Орын­да­луы бей­мүм­кін бағ­дар­ла­ма­лар арқы­лы. Мәсе­лен­ки, 2011–2013 жыл­да­ры іс-қағаз­да­ры мем­ле­кет­тік тіл­ге көшуі керек болған. Бұны ресми билік 2009–2010 жыл­да­ры айт­ты. Айт­ты да қой­ды. Енді 2020 жылы Қаза­қстан халқы­ның 90 пай­ы­зы қазақ тілін­де сөй­лей­ді деп жүр. Оны­сы енді рас. Қазір­дің өзін­де бұл жос­пар орын­да­лып үлгерді.

Жөн делік, халы­қтың 90 пай­ы­зы 2020 жылы қазақ тілін­де сөй­леп кет­сін, сол кез­де билік, анау «үлкен әулет­ке» мүше іскер, табыс­кер биз­нес­мен жастар сөй­лей жөне­ле ме? Жоқ. Сөй­ле­мей­ді. Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма кезін­де бұл жайт әсіре­се бай­қал­ды. Неге десеңіз, билік­ті заң шыға­ру­шы орган мен үкі­мет ара­сын­да бөлістің нақты көрінісі мем­ле­кет­тік тіл­ден баста­луы керек еді. Себебі мем­ле­кет­тік тіл дегені­міз – алды­мен қазақ халқы. Ал қазақ халқы билік­тің ісін бақы­ла­у­шы, баға­ла­у­шы, пәр­мен ету­ші күш болуы керек. Осы­ны ескер­тіп, зия­лы қауым пре­зи­дент­тен бастап, бар­лық билік өкіл­деріне ашық хат жаз­ды. Ашық хат, әрине, әдет­те­гі­дей жау­ап­сыз қал­ды. Демек, тіл мәсе­лесін­де билік­тің шексіз үстем­ді­гі осы­лай жалға­са бер­мек. Сөздің қысқа­сы, бүгін­гі жүйе, бүгін­гі билік түбе­гей­лі өзгер­мей, қазақ тілінің басын­дағы хәл де өзгермейді.

 

Шәрі­п­хан ҚАЙСАР,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн