Четверг , 1 мая 2025

ДИМАШТАН КЕЙІН сахнаға шыққанды ҚОЮ КЕРЕК ШЫҒАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

Ойдан-қыр­дан

041417_1901_1.jpg

Қазір­гі әншілер­дің сөзі мен ісінің ара­сын­да алшақтық көп. Басым көп­шілі­гінің дегенім дұрыс болар. Сұх­бат беріп оты­рған­да, бірінің аузы­на бірі түкіріп қой­ған­дай, «өнер жолы – қиын жол» деп сай­рай­ды да оты­ра­ды. Күл­кім келеді. Солар­дан сұх­бат алып жүр­ген жур­на­ли­стер­дің біре­уі менің ойым­дағы сұрақты қой­май жүр­геніне қар­ным аша­ды: «Ойбай-ау, қиын бол­са, «недо­росль» бала-шаға­ла­рың мен іні-қарын­даста­ры­ң­ды, одан қал­ды әйел­деріңді сахна мен темір жәшік­ке неге тық­па­лай бересің­дер?! Аямай­сы­ң­дар ма жақын­да­ры­ң­ды?! Құтқа­ру керек емес пе олар­ды қиын жол­дан?! Өзің көр­ген қиын­шы­лы­қты неге оларға көрсетесің?!».

Шынын­да да, қазір әншілік «семей­ный под­ряд» бола баста­ды. Осы­ның кесірі­нен әншілік өнер болу­дан қалып бара­ды. Кәсіп­ке айнал­ды. Ол ешқан­дай да қиын жол емес. Қиын жол бол­са, елдің бәрі әнге қарай жүгір­мес еді. «Семей­ный под­ряд­тің» бүгін­гі лозун­гі – «Фоно­грам­ма всем помо­жет!». Атаққа да, ақшаға да оңай жетудің жолы әншілік болға­нын қазір емшек­те­гі бала біледі.

Деген­мен, әншілік­тің үлкен өнер екенін өз басым жоққа шыға­ра алмай­мын. Иә, әншілік өнер­дің жолы – қиын жол. Әрине, жоға­ры­дағы­дай бұл жол­ды айна­лып өтіп, «околь­ным путем» әнші болған­да­ры­нан басқа­ларға. Нағыз қиын жол деп Димаш Құдай­бер­ген­нің жолын айтуға бола­ды. Арза­нқол әншілер­дің бәрі көңіл жық­пай­тын қаза­қты бет­пақты­ғы­мен бағын­дыр­ды. Ал Димаш бізді білі­мі­мен бағындырды.

Егер мен де «қиын жол­да» ән айтып жүр­ген адам бол­сам, Дима­штан кей­ін сахнаға шыққан­ды бір­жо­ла­та қояр едім. Адам өзінің боқ сасып қалға­нын мой­ын­даға­ны да – бір ерлік-ау!

P.S. Өнер­дің қиын жол екенін түсін­ген екі адам бол­са, соның бірі Све­та Айт­ба­е­ва дер едім. Ғажап дау­сы бола тұра, сахнаға өлер­мен­дік­пен ұмтыл­ма­ды. Өзі­нен де мықты бала­ның өсіп келе жатқа­нын көр­ді. Көзі бар екен. Жоқ, ұяты бар екен. Дима­шын бау­луға бар күшін сал­ды. Кәсі­би білім­нің тереңіне батыр­ды. Алы­сты болжай­тын адам өзінің ән салға­нын ойла­май­ды, өзі­нен мықты­ның өсіп-жетіл­генін қалай­ды. Мықты инве­стор өзінің бола­шағын да, өнер­дің бола­шағын да осы­лай құтқа­рып қала­ды. Ертең осы отба­сы мил­ли­ар­дер болып жат­са, өз басым таң қал­май­мын. Өйт­кені мұны олар ширек ғасыр бұрын ойла­сты­рып қойған.

Шар­хан Қазығұлдың

ФБ-парақ­ша­сы­нан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн