Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ қажеттілік тудырудың ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (376) от 30 мар­та 2017 г.

 

«Басқа пәле – тілден…»

 


 

Қазақ тілі тура­лы айтқан-жазған­да­ры­мыз көле­мі жағы­нан «Гин­несс рекорд­тар кіта­бы­нан» орын ала­тын дең­гей­ге жет­кен сияқты. Әлі де айтамыз…

 

Деген­мен, осы әңгі­ме­лер­дің ішін­де зар­лау, жоқтау, өкініш пен ыңыр­су жағы басым да, мәсе­лені нақты шешу жол­да­ры, оның тәсіл­дері тым аз. Бұл – сол жол­дар­ды біл­меу ме, әлде сол тәсіл­дер­дің іске асуы­на сен­беу ме – ол жағын біл­мей­мін, бірақ қазақ тілін қоғам­дық өмір­дің бар­лық сала­сын­да жұмыс істей­тін дәре­же­ге жет­кі­зудің тағы бір жолын – халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­де өзінің тиім­ділі­гін дәлел­де­ген жолын көр­се­ту артық бол­мас деп ойлаймын.

Қазақ тілі тура­лы айтыс-тар­ты­стар мен сана­лы талқы­ла­у­лар­дың тіре­летін жері біреу-ақ екенін бар­лы­ғы­мыз түсін­ген сияқты­мыз: қоғам­да тіл­ге деген қажет­тілік бол­ма­са, оны ешкім де үйрен­бей­ді, үйрен­гені – қол­дан­бай­ды, қол­данға­ны – (қажет­тілік бол­маған­нан кей­ін) тастап кете­ді. Мың жер­ден тіл­дер­ді дамы­ту орта­лы­қта­рын ашай­ық, қазақ тілін мең­гер­ген басқа ұлт өкіл­дерінің ара­сын­да жары­стар өткізіп, сый­лы­қтар берей­ік, сла­вян тек­тес аза­мат­тар­ды қазақ тіл­ді хабар­лар­дың жүр­гі­зу­шісі етіп тағай­ын­дай­ық, 2020 жылы рес­пуб­ли­ка­дағы аза­мат­тар­дың 90 пай­ы­зы қазақ тілін білу керек деген үкім шыға­рай­ық, «он бес жыл­да аюды да үйре­ту­ге бола­ды (Н. Назар­ба­ев)» деп орыс тіл­ділер­дің шамы­на тиелік, «100 қазақ оты­рған жер­де 5 орыс отыр­са, біз орыс­ша сөй­лей­тін сор­лы халы­қ­пыз ғой (Н.Назарбаев)» деп, қаза­қты қай­рай­ық – ешқан­дай нәти­же­ге жет­пей­міз. Себебі – қоғам­да қазақ тіліне деген қажет­тілік жоқ.

Халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­ге сүй­ен­сек, тіл­ге деген қажет­тілік екі жол­мен ғана жасалады:

Бірін­шісі – құқы­қтық, заң­дық жол­мен тіл­ге деген қажет­тілік­тің жаса­луы. Мем­ле­кет бел­гілі бір заң­дар арқы­лы мем­ле­кет­тік тіл­ге деген қажет­тілік­ті туды­ра­ды. Ол заң­дар­да мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­гер­ме­ген жан­дар­ды бел­гілі бір қыз­мет түріне қабыл­да­мау сияқты талап­тар­дан бастап, мем­ле­кет­тік тіл­ді қате жазған жар­на­ма беру­ші­ге қомақты айып салуға дей­ін­гі бап­тар бола­ды. Қысқа­сы, аза­мат­тар­дың «екі аяқта­рын бір етік­ке тыға» оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­ме­ген адам­дар­дың тір­шілік ауқы­мын тары­л­та­ды, олар­ды мем­ле­кет­тік тіл­ді білу­ге мәж­бүр­лей­ді. Бұн­дай талап­тар өрке­ни­ет­ті елдер­дің «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» заң­да­ры­ның бар­лы­ғын­да бар (заң­ның басты мін­деті де аза­мат­тар­ды мәж­бүр­леу болып табылады).

90-жыл­дар­дың басын­да Бал­тық жаға­ла­уы елдері де осы бағыт­тағы бап­тар­ды өздерінің заң­да­ры­на енгізіп, мем­ле­кет­тің аумағын­да бір ғана мем­ле­кет­тік тіл­дің жұмыс істе­уін жүзе­ге асыр­ды. Ол заң­дар­да әрбір маман­дық иелеріне мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­ге­ру дең­гейі де көр­сетіл­ген. Мем­ле­кет­тік тіл­ді білуді талап ететін маман­ды­қтар­дың ішін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ді былай қой­ған­да, сауын­шы­лар мен сылақ­шы­лар, құры­лыс­шы­лар мен жүр­гі­зу­шілер де бар… Ал бас­шы орын­дар (мини­стр­лік­тер) өздеріне бағы­ны­шты төмен­де­гі құры­лым­дарға өзге тіл­де (мыса­лы, орыс тілін­де) жазы­лған қағаз жібер­се, заң­ның аясын­да айып­пұл­дың астын­да қала­ды. (Ал біз­дер­де 93 пай­ыз қаза­қтар­дан тұра­тын Қызы­лор­даға да жоға­ры­дан орыс тілін­де қағаз­дар келіп, оған орыс тілін­де жау­ап беруді талап етеді).

Қазақ елін­де­гі тіл­дер­дің қол­да­ны­луын рет­тей­тін «ҚР Тіл­дер тура­лы» заңы­ның – қос тіл­ділік­ті сақтау, дамы­ту заңы­ның – бұл талап­ты жүзе­ге асы­ра алмай­ты­ны бәрі­міз­ге бел­гілі, сон­ды­қтан ұлт­шыл аза­мат­тар бір­не­ше жыл бойы «ҚР Мем­ле­кет­тік тілі» тура­лы заңы­ның қажет­тілі­гін айтып келеді. Айтып қана қой­май, осын­дай заң жоба­сын дай­ын­дап, жұрт­шы­лы­ққа, пар­ла­мент­ке ұсы­нып та көр­ді. Алай­да оры­станған, орыс тіл­ді билік, өздерінің орыс тіл­ді бала­ла­ры­ның бола­шағын ойлап, жұмған ауы­зда­рын ашар емес. Демек, бұл жол – заң арқы­лы тіл­ге қажет­тілік жасау жолы – жақын ара­да жүзе­ге аспай­тын мақсат.

 

Енді екін­ші жолға, екін­ші тәсіл­ге келей­ік. Кей­де мен бұл тәсіл­ді – «При­бал­ти­ка тәсілі» деп те атай­мын. «При­бал­ти­ка тәсілі» бой­ын­ша, қазақ тіліне деген қажет­тілік­ті қазақ тіл­ді аза­мат­тар­дың өздері жасай­ды. 90-жыл­дар­дың басын­да Лат­вия, Лит­ва және Эсто­ния мем­ле­кет­терін­де­гі оры­стіл­ді тұрғын­дар жер­гілік­ті халы­қтың тілін – мем­ле­кет­тік ста­тус алған тіл­ді – мой­ын­да­май, Кеңес өкі­меті кезін­де­гі­дей, басқа­лар­дың орыс тілін­де сөй­ле­уін талап етуін тоқтат­па­ды. Мем­ле­кет­тік тіл­ді білуді, үйре­нуді керек етпе­ді. Бұл елдер­де де біз­дер­де­гі сияқты алға­шқы кезең­де «бұл – сенің мем­ле­кетіңнің тілі, оны білу, қол­да­ну – сенің пары­зың» деген сияқты ақыл-кеңе­стер, жұм­сақтап айту­лар болды.

Алай­да орыс тіл­ді аза­мат­тар «өзге­лер­мен түсіні­су үшін мен олар­дың тілін білу­ге тиісті емес­пін, мені­мен түсіні­су үшін басқа­лар менің тілім­ді біл­сін!» деген шови­ни­стік, ақы­мақ ұста­ным­нан айы­ры­лғы­ла­ры кел­меді. Мем­ле­кет­тік тіл­ді мін­дет­теу басталған­да, орыс тіл­ділер «біздің тілі­мізді кем­сітіп жатыр!» деген айқай-шу көтеріп, жалай­ы­рға жар сал­ды. (Айта кету керек, «біздің тілі­міз кем­сітіліп жатыр» деген жылау мен зар­лау – бей­ша­ра орыс тіл­ділер­дің ең тиім­ді тәсіл­дерінің бірі). Бұн­дай арсызды­қты күт­пе­ген При­бал­ти­ка елдерінің мем­ле­кет­тік орган­да­ры алға­шқы­да тосы­лып та қал­ды. Алай­да осы жағ­дай­да елу жылғы орыс тіл­ділер­дің езгісін көріп, қан­да­ры қай­наған жер­гілік­ті ұлт өкіл­дері жаңа тәсіл­ді – мәде­ни­ет­ті, адам құқы­ғын бұз­бай­тын жаңа әдісті ойлап тап­ты. Бұл тәсіл­дің негізін­де «Сенің қан­дай тіл­де сөй­лей­тінің­де менің жұмысым жоқ, ал мен өзім­нің тілім­де сөй­лей­мін» деген ұста­ным жат­ты. Жоға­ры­дағы елдер­дің дүкен­дері мен кас­са­ла­рын­да, транс­порт­та­ры мен тұр­мыстық қажет­ті өтеу орын­да­рын­да, т.т. орыс тілін­де сөй­ле­ген адам­дарға мем­ле­кет­тік тіл­де, сол мем­ле­кет­ті құрған ұлт­тың тілін­де жау­ап бері­ле (неме­се мүл­дем жау­ап­сыз қал­ды­ру да орын алды) баста­ды. Алға­шқы кезең­де орыс тіл­ділер аңта­ры­лып қал­ды да, кей­ін­нен «орыс тілін кем­сіту­шілік (дис­кри­ми­на­ция) жүріп жатыр!» деп, сан түр­лі орын­дарға, адам құқы­ғын қорғай­тын, бақы­лай­тын Еуро­па ұйым­да­ры мен құры­лым­да­ры­на ары­здар жазып, көмек сұра­ды. Алай­да бұл мәсе­лені тек­се­ру­ге кел­ген сан түр­лі комис­си­я­лар адам құқы­ғы­ның бұзы­луы­ның ешқан­дай да дере­гін таба алма­ды. При­бал­ти­ка­ның жер­гілік­ті тұрғын­да­ры: «Маған орыс, ағы­л­шын, неміс, т.б. тіл­дер­де сөй­ле­ген ада­мға ешқан­дай рені­шім жоқ. Себебі әр адам­ның өзінің сөй­леу тілін таң­дау құқы­ғын толық мой­ын­дай­мыз, құр­мет­тей­міз. Сон­ды­қтан басқа тіл­де сөй­ле­ген ада­мға «Аузы­ң­ды жап, біздің мем­ле­кет­тің тілі – латыш тілі. Сен сол тіл­мен сөй­ле­у­ге тиіс­сің» деген сөзді айт­пай­мыз. Бірақ олар да біздің қай тіл­де сөй­ле­уді таң­дау құқы­ғы­мы­зды сый­ла­сын. Біз өз тілі­міз­де сөй­ле­уді таң­дай­мыз. Оған рен­жі­мей­тін шығар» деп жау­ап берді.

Орыс тіл­ділер­дің: «Олар орыс тілін біледі, ал мен латыш тілін біл­мей­мін. Сон­ды­қтан олар біз­ге орыс тілін­де жау­ап беру­лері керек» деген сөз­дерін есті­ген еуро­па­лық адам құқы­ғын қорға­у­шы­лар талып қала жаз­дап­ты. Естерін жинаған комис­сия мүше­лері: «Кешірің­дер, олар­дың – латы­штар­дың – іс-әре­кетін­де адам құқы­ғын бұза­тын ешқан­дай бел­гі жоқ. Олар сен­дер­дің ауы­зда­ры­ң­ды жауып, латыш тілін­де сөй­ле­у­ге мәж­бүр­ле­ген жоқ. Үнсіз тың­дап, түсін­бе­ген­дері жау­ап бере алмай, ал түсін­ген­дері өз тіл­дерін­де жау­ап бер­ді. Бұл жер­де ешқан­дай тіл­дік дис­кри­ми­на­ци­я­ны көріп тұрған жоқ­пыз. Егер сен­дер­ге орыс тілін­де сөй­ле­у­ге тый­ым сал­са, тіл­дік дис­кри­ми­на­ция деп соны айтуға бола­ды. Жер­гілік­ті ұлт­тың өз тілін­де сөй­ле­уі – мәде­ни­ет­тілік пен өздерінің ана тіл­дерін, мем­ле­кет­тің тілін құр­мет­те­уі ғана. Бұл – олар­дың таң­да­уы. Ал сіз­дер­дің «менің түсі­нетін тілім­де жау­ап берің­дер» деп талап ету­лерің – барып тұрған бас­сыздық, адам құқы­ғын сый­ла­мау­шы­лық» деген тұжы­рым айтыпты.

 

Ұзын сөздің қысқа­сы, осы «При­бал­ти­ка тәсілі» арқы­лы жер­гілік­ті ұлт өкіл­дері аз уақыт­тың ішін­де өздерінің ұлт­тық тілін – мем­ле­кет­тік тіл­ді тіріл­тіп алды. Осы елдер­де­гі кей­бір оры­стіл­ді ұйым­дар алға­шқы­да айқай-шу шығар­ды, кей­ін «біз­дер көшіп кете­міз!» деп қорқыт­ты (шынын айту керек, жер­гілік­ті билік те, жер­гілік­ті тұрғын­дар да олар­дың кету­лерін асқан шыдам­ды­лы­қ­пен күт­ті… Не жұмыс істеп жарыт­пай­тын, мәде­ни­ет­тері төмен, басқа ұлт өкіл­деріне жоға­ры­дан қарай­тын, өздері тұрған елдің не тілін, не мәде­ни­етін, не тарихын мен­сін­бей­тін, біл­гісі кел­мей­тін, көп­шілі­гі тек қара баста­ры­ның қамын ойлап кел­ген, тек ішкілік ішіп, была­пыт сөз айту­дан алға­шқы орын­ды бер­мей­тін аза­мат­тар­дан құты­лу – олар­дың өмір­лік арман­да­ры бола­тын! Екін­ші­ден, адам­дар­дың өздері тұра­тын жерін таң­дау құқы­ғы да бар емес пе, сон­ды­қтан При­бал­ти­ка елдерінің аза­мат­та­ры, мем­ле­кет бас­шы­ла­ры келім­сек­тер­дің бұл құқы­ғын да бұзған жоқ. «Ойбай, кет­пе­ң­дер, сен­дер кет­сең­дер, біз қараң қала­мыз!» деген бір­де-бір пікір айты­лған жоқ…).

Қысқа­сы, бұл қоқан-лоққы­ға көңіл бөл­ген адам болған жоқ. Алай­да орыс тілін­де сөй­леу үшін При­бал­ти­ка елдерін­де­гі жақ­сы жағ­дай­ла­рын тастап, сол уақыт­тағы қирап жатқан Ресей­ге көш­кен­дері де шама­лы бол­ды. Көп­шілі­гі жер­гілік­ті тіл­ді біл­мей­ін­ше өмір сүре алмай­тын­да­рын жақ­сы түсініп, өз қал­та­ла­ры­нан ақша төлеп, мем­ле­кет­тік тіл­ді оқып алды, бала­ла­рын латыш, эстон тілін­де­гі мек­теп­тер­ге бере бастады.

Мен қазақ тіл­ді аза­мат­тарға осы тәсіл­ді ұсы­на­мын. Қазақ тілін сақта­удың, дамы­ту­дың, қоғам­да тіл­дік қажет­тілік­ті туды­ру­дың жалғыз жолы – мәде­ни­ет­ті, адам құқы­ғын толық сақтай­тын жолы да осы деп біле­мін. Бұл тәсіл­ді жүзе­ге асы­ру­да ешкім­ге жал­тақта­удың да қажеті жоқ. Біле біл­сеңіз­дер, бұл тәсіл – Қазақ жерін­де­гі орыс тіл­ді аза­мат­тарға нақты көмек. Бар­лық жер­де қазақ тілін­де­гі сөз­дер­ді естіп, жазу­лар­ды көр­ген адам­дар ғана қазақ тілін үйре­ну қажет­ті­гін түсіне бастайды.

«При­бал­ти­ка тәсілін» жүзе­ге асы­ру­да ерекше көңіл қоя­тын бір­не­ше мәсе­ле бар. Оның басты­сы және бұл тәсіл­дің тиім­ділі­гін жоққа шыға­ра­тын қадам – «қазақ тілі – мем­ле­кет­тік тіл, сен оны білу­ге тиістісің!» деген аран­да­ту­шы, анайы, баты­ра­штық ұран­дар. Осы­дан аса сақ болға­ны­мыз абзал. Кім­нің – қай тіл­де сөз сөй­ле­уін сол адам­ның таң­да­уы­на қал­ды­рай­ық та, өзі­міз қаза­қтың жал­пақ тілі­мен жау­ап берей­ік, ойы­мы­зды біл­дірей­ік. Дұрыс жолы осы ғана. Біз – көп­піз. Біз – қостіл­ді халы­қ­пыз. Біз осы екі арты­қ­шы­лы­ғы­мы­зды пай­да­ла­на білуі­міз керек.

 

Екін­ші­ден, «При­бал­ти­ка тәсілі» – халы­қтық дең­гей­де жүр­гізілетін әре­кет. Бар­лы­ғы­мыз неме­се көп­шілі­гі­міз бір кісі­дей осы тәсіл­ді жүзе­ге асыр­ма­сақ, тиім­ді нәти­же бер­ме­уі мүм­кін. Өкініш­ке орай, біздің қазақ тіл­ділер, оның ішін­де қазақ аза­мат­та­ры­ның өздері осы әре­кет­ке қар­сы шығып (біре­улері – біліп, енді біре­улері – ақы­мақты­қтан), аяқтан тар­туы ғажап емес. Бірақ, тағы да қай­та­лай­мын, көп­шілі­гі­міздің іс-әре­кеті­міз бір жер­ден шық­са, қазақ тіліне деген қажет­тілік табиғи түр­де өмір­ге келетін­ді­гін­де талас жоқ.

Біре­улер «Егер пре­зи­дент таңер­тең қаза­қ­ша сөй­ле­се, кеш­ке бар­лық бастық, одан кей­ін бар­лық қаза­қстан­ды­қтар қаза­қ­ша сөй­леп кетер еді» дей­ді. Олар­дың ойын­ша, тіл­ге деген қажет­тілік­ті туды­ру­дың ең тиім­ді тәсілі де осы сияқты. Әрине, ұлы­ққа қарап, бір көзі­мізді ғана емес, к…тімізді де қысып жүр­ген сор­лы тобыр ретін­де бұл жол­дың да уақыт­ша бере­рі бар. Бірақ – уақыт­ша ғана. Себебі ондай сор­лы тобыр келесі кел­ген пре­зи­дент таңер­тең қытай­ша сөй­ле­се, кеш­ке қытай­лар­ды да, қаза­қтың асыл тілін де жолға тастап, шүл­дір­лей жөне­леді. Сон­ды­қтан пре­зи­дент­ке де, пар­ла­мент­ке де жал­тақта­май-ақ, өзі­міз­ге керек бол­са, қазақ тіліне деген қажет­тілік­ті өзі­міз жасайық!

 

Дос КӨШІМ,

Abai.kz

 

 

 

Соңғы хабар


 

МЕКТЕПТЕРДЕ ағы­л­шын тілін­де­гі ПӘНДЕР КӨБЕЙЕДІ

 

Қаза­қтан­ның білім және ғылым мини­стрі мек­теп­тер­де­гі пән­дер­ді ағы­л­шын тілін­де оқы­ту «ата-ана­лар­дың келісі­мі» бой­ын­ша жүретінін мәлім­деді. Бұл тура­лы Ерлан Саға­ди­ев сей­сен­бі күні Алма­ты­да ұста­здар қауы­мы­м­ен кез­де­суін­де айтты.

2018 жыл­дан бастап билік мек­теп­тер­де­гі жара­ты­лы­ста­ну ғылым­да­рын ағы­л­шын тілін­де оқы­ту­ды көз­деп отыр. Ал «Қаза­қстан тарихы» пәні жоғарғы сынып­тар­да – қазақ тілін­де, «Дүние жүзі тарихы» – орыс тілін­де оқытылады.

«Биыл күз­де жүз­де­ген жаңа сынып ағы­л­шын тілін­де оқи бастай­ды. Қазір 2700 оқы­ту­шы 120-дан астам мек­теп­те ағы­л­шын тілін­де оқы­тып жүр. Ағы­л­шын тілін­де­гі пән­дер­ді оқы­ту ата-ана­ның жаз­ба­ша рұқ­са­ты­мен ғана жүреді», – деді Саға­ди­ев. Мини­стр­дің бұл сөз­дерін Informburo сай­ты тарат­ты. Саға­ди­ев қазақ тіліне «басым­дық» жой­ыл­май­ты­нын ескер­тіп өтті.

Мини­стр­дің айтуын­ша, биыл­дан бастап бес мың­нан астам мұғалім тіл кур­ста­ры­нан өте­ді. Ерлан Саға­ди­ев­тің мәлім­де­уін­ше, жоғарғы сынып­тар­да төрт пән­ді ағы­л­шын тілін­де 2018 жыл­дың аяғы­на таман оқы­та бастайды.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн