Пятница , 4 июля 2025

Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН: Қазір халыққа басқа президент ІЗДЕЙТІН УАҚЫТ КЕЛДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (376) от 30 мар­та 2017 г.

 

ДАТ!

 


 

– Жуы­қта «Новая газе­та-Казах­стан» басы­лы­мы­на бер­ген сұх­ба­ты­ңы­зда елі­міз­де жүр­гізіл­ген кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­лар жөнін­де самарқау айтып өттіңіз. Алай­да көп­те­ген отан­дық БАҚ-тар осы өзгерістер­ді – пре­зи­дент­тің өкілет­тілік­терін пар­ла­мент­ке беріп, жаңа пішін­де­гі рес­пуб­ли­ка­ның қалып­та­суы мен «билік тран­зи­тінің» басталға­ны­мен бай­ла­ны­стыр­ды. Сон­да Ата заңға енгізіл­ген өзгер­ту­лер­ге мәз болып жүр­ген­дер ешнәр­се түсініп оты­рған жоқ, неме­се осы­ның бәрі нақақ түр­де­гі ада­сты­ру болып оты­рға­ны ма?

– Мін­дет­тілік емес. Кей­біре­улер мән-жай­ды түсініп жатқан жоқ және алдап оты­рған­дар да бар деп айтуға бола­ды. Болып жатқан көз­бо­я­у­шы­лы­қтар­дың шынайы рефор­маға еш қаты­сы­ның жоқ екенін дәй­ек­теп бер­дім деп ойлай­мын. Керісін­ше, бұл өзгерістер қазір­гі қалып­та­сып оты­рған жағ­дай­ды дәл осы қал­пын­да сақта­уға бағытталған.

Пре­зи­дент Назар­ба­ев өзінің бірін­ші телеүн­де­уін түсір­ген кезін­де, жақын ара­да үлкен өзгерістер­дің бола­ты­нын ескер­тіп, өзінің жеке билі­гін тап­сы­рып, билік тран­зи­тінің баста­ла­ты­нын айтқы­сы кел­ген. Ол про­цес­стің қалай өтетінінің де мән-жайы бел­гілі болған. Бірақ пре­зи­дент­тің айна­ла­сын­дағы­лар оны өз рай­ы­нан тай­дыр­ды. Ондай жағ­дай­лар бұған дей­ін де болған. Олар: «Сіз­ге, әрине, жақ­сы, тарих­та өз орны­ңыз бар. Ал бізді, бала-шаға­мы­зды ойла­ды­ңыз ба? Біз қалай өмір сүре­міз?» – деп талай рет айнытқан.

 

– Сон­да билік тран­зи­тін жақын ара­да күту қажет емес және пре­зи­дент Назар­ба­ев билі­гінің мұра­гер­ге өтуінің нақты жос­па­ры­ның жоқ болға­ны ма?

– Ерте ме, кеш пе, Қаза­қстан­да билік тран­зи­ті бола­ды. Өйт­кені табиғат пен қоғам­ның даму заң­ды­лы­қта­ры­нан ешқай­да қашып кете алмай­мыз. Әрине, пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ойын­да өз жос­пар­ла­ры бар шығар. Бірақ сол жос­пар­лар пре­зи­дент­тің өзі ойлаға­нын­дай өте­ді деген­де күмәнім бар. Қолын­да толық билік тұрған­да, ойын­дағы жос­пар­ла­рын жүзе­ге асы­руға Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың батыл­ды­ғы жет­пес, ал кей­ін сая­си күшінің шек­те­лері анық.

Оның үстіне билік тран­зи­тіне қаты­сты жос­пар тек пре­зи­дент­те ғана бар емес. Ондай жос­пар­лар жөнін­де пре­зи­дент әкім­шілі­гі­нен тыс жер­де де ойла­ну­да. Нақты айтқан­да, «пре­зи­дент­тің айна­ла­сын­дағы­лар­дың» да өз жос­пар­ла­ры бар және олар­дың жос­пар­ла­ры­ның жүзе­ге асу мүм­кін­шілі­гі әлдеқай­да жоғары.

 

– Ондай жос­пар­лар­ды ойла­сты­рып жатқан кім­дер: пре­зи­дент­тің айна­ла­сын­дағы биз­нес топ­тар неме­се жер­гілік­ті эли­та өкіл­дері ме? Өйт­кені Қаза­қстан­да астыр­тын мас­сон­дық ложа­лар жоқ қой…

– Біз­де мас­сон­дық ложа­сыз-ақ, астыр­тын құпия топ­тар жетіп жатыр. Әкім­шілік­тер мен мем­ле­кет­тік орган­дар­да лау­а­зым­ды шен­дер­дің тағай­ын­да­луы­на қараңы­здар. Басты талап – ведом­ство бас­шы­сы­на жанқи­яр болу неме­се сыбай­ла­стық шең­бер­дің қол­да­уы­на ие болу. Бұл жер­де­гі негіз­гі мәсе­ле – қамқор­шы­ның бола­шақ тағ­ды­ры қан­дай болмақ?

Мәсе­ле тіп­ті пре­зи­дент­тің «жақын айна­ла­сын­дағы» бір-бірі­мен кезек­тесіп, орын алма­сып оты­рған супера­уқат­ты, супер­мы­қты шене­унік­тер тура­лы да емес. Бұл адам­дар­дың өз жос­пар­ла­рын жүзе­ге асы­руға қауқар­ла­ры да бол­май­ды. Себебі олар­дың бәрі жыл­дар бойы пре­зи­дент­тің арқа­сын­да өмір сүр­ген «жабысқақ балы­қтар», олар әрдай­ым солай бол­са деп мең­зей­ді. Бірақ олар­дың бәрі сая­си дер­бес­ті­гі жоқ, жал­тақ, бай­лы­ққа құны­ғып, азған адам­дар. Сон­ды­қтан олар елі­мізді жарқын бола­шаққа жос­пар­лы түр­де жете­лей­ді деген­ге сену қиын.

Қалай десек те, олар­дың бәрі тәжіри­белі интри­ган­дар. Осы жыл­дар бойы бір-бірі­мен пре­зи­дент­ке ықпал жасау мен мем­ле­кет қазы­на­сын иге­ру мүм­кін­ді­гіне тала­сып кел­ген жан­дар. Сон­ды­қтан олар өза­ра да және жаңа пре­зи­дент­тің «жақын айна­ла­сы­мен» де қырқы­сқа түседі.

Сол себеп­ті олар­дың құрып оты­рған жос­пар­ла­ры­на аса үлкен мән берудің қажет­тілі­гі жоқ. Өйт­кені олар­дың бола­шақта­ры күмән­ді. Ешкім­ді қорқы­тқым кел­мей­ді, бірақ қараңы­здар­шы: көр­ші Өзбек­стан­да билік тран­зи­ті қалай өткенін, марқұм пре­зи­дент­тің «жақын айна­ла­сы­мен» не болып жатқа­нын. Түр­кі­мен­ба­сы­ның «жақын айна­ла­сы» қай дала­да қал­ды. Кім­нің қай­да жер­лен­гені де бел­гісіз болып жатыр. Алла сақтасын!

 

– Билік­ті тап­сы­ру кезін­де Қаза­қстан­ның үлкен биз­несінің ықпа­лы қан­ша­лы­қты бола­ды? Ресми түр­де бір­не­ше мил­ли­ард дол­ла­ры бар тұлға­лар­ды ескер­меу дұрыс емес шығар. Себебі өз істерін жалға­сты­ру үшін оларға тұрақты­лық пен нақты­лық қажет қой.

– Егер біз шынайы нары­қтық эко­но­ми­ка­сы бар ел болға­ны­мы­зда, сіздің айтқа­ны­ңыз дұрыс болар еді. Алай­да қаза­қстан­дық «үлкен биз­нес» – сол баяғы пре­зи­дент­тің «жақын айна­ла­сы­ның» мүше­лері. Біз­де пре­мьер де, мил­ли­ар­дер де бір адам. Басқа­сы әкім­шілік бас­шы­сы, әрі бан­кир. Үшін­шісі – табиғи ресур­стар мини­стрі, әрі уран өндіру­шісі. Төр­тін­шісі – мұнай­дың әр өндіріл­ген тон­на­сы­нан али­мент сияқты 25 % алып оты­рған күй­еу бала.

Осын­дай мил­ли­ар­дер­лер­ді өз ком­па­ни­я­ла­рын бәсе­ке­ле­стік жағ­дай­да шыңға шыға­ра білетін шын кәсіп­кер­лер­мен салы­сты­ру мүл­де қисын­сыз. Естеріңіз­де бол­са, пре­зи­дент­тің тағы бір күй­еу бала­сы «ғұла­ма» биз­нес­мен, әрі құпия поли­ция бас­шы­сы еді. Бірақ туы­сқан­ды­ғы үзіл­ген соң, жұмыста­ры да алға бас­пай қалды.

Шене­унік-кәсіп­кер­лер мем­ле­кет қазы­на­сы­на тала­су мен бір-бірі­мен астыр­тын соғыс жүр­гі­зу­ден басқа істер­ге жарам­сыз. Мораль мен джентль­мен­дік кодек­с­тен жұр­дай. Олар өздерінің арам бай­лы­қта­рын сақтап қалу үшін жан-жаққа қашып кетеді.

 

– «Евра­зи­я­лық үштік» неме­се «Қаза­қ­мыстағы» Вла­ди­мир Ким секіл­ді оли­гарх­тар жаңа бас­шы­ны тағай­ын­дау бары­сын­да роль ойнай ала ма?

– Жоқ, оларға ешқан­дай роль бөлін­бе­ген. Бұл ком­па­ни­я­лар күй­зеліс жағ­дай­ын­да. Оның үстіне олар «жақын айна­ла­мен» ұза­ққа созы­лған күре­стен әбден әлсіре­ген. Бұны түсі­ну қиын, өйт­кені бір жағы­нан осы ком­па­ни­я­лар­да пре­зи­дент­тің өз мүд­де­лері бар сияқты. Деген­мен, жағ­дай солай…

Естеріңіз­де бол­са, осы­дан бір­не­ше жыл бұрын ENRC мен «евра­зи­я­лық үштік» батыс БАҚ-тары­ның сыны­на ұшы­рап, Бри­та­ни­я­ның құзыр­лы орган­да­ры­ның тер­геу баста­уы­на түрт­кі бол­ды. Нәти­же­сін­де ENRC масқа­раға қалып, Лон­дон бир­жа­сы­нан қашуға мәж­бүр болды.

Бұл ақпа­рат­тық шабуыл­дың артын­да Назар­ба­ев­тың «жақын айна­ла­сы­ның» өкіл­дерінің тұрға­ны нақты бел­гілі. Олар­дың көз­де­ген негіз­гі мақ­са­ты – «үштік­ті» батыс қоға­мы­ның алдын­да әшке­ре­леп, пре­зи­дент Назар­ба­ев­ты ENRC-ға бақы­ла­уды батыс шикі­зат трей­дер­лерінің біріне беру жөнін­де­гі шешім қабыл­да­уға көн­діріп, сол үшін көп­те­ген мил­ли­он дел­дал­дық пай­да көру болған. Әрине, осы­ның бәрі ұлт­тық және Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жеке мүд­де­лерін қорға­уға бағыт­талған іс-әре­кет­тер болып көрсетілді.

Оның үстіне ENRC көп­те­ген жыл­дар бойы жұмыста­рын тиім­сіз жүр­гізіп кел­ді. Ком­па­ни­яда қар­жы­ны қымқы­ру әре­кет­тері орас­ан зор, ол күн­нен-күн­ге кедей­леніп бара­ды. Бірақ соған қара­ма­стан, ком­па­ния иелері мил­ли­ар­дер­лер ата­ну­да. Бұн­дағы негіз­гі кінә – «үштік­тің» инве­сти­ци­я­лық мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­мауы бол­ды. Оларға кезін­де өтіп кет­кен кәсі­по­рын­дар мен шикі­зат қор­ла­ры жай­дан-жай бері­ле салған жоқ. Жаңа өндіріс орын­да­рын ашып, модер­ни­за­ци­яға үлкен қара­жат бөліп, алды­ңғы қатар­лы тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгі­зу мін­дет­тері жүк­тел­ген бола­тын. Алай­да ол жұмыстар­дың бірі де істел­ген жоқ. Сон­ды­қтан бірін­ші кезек­те «үштік­тің» актив­терін қай­та­дан мем­ле­кет мен­ші­гіне енгізіп, не бар, не жоғын аны­қтаған соң ғана, алып кон­гло­ме­рат иелі­гінің құры­лы­мын қай­та қарау керек.

Қаза­қстан­ның өзін­дік алып ұлт­тық инве­сто­ры бар, ол – зей­не­тақы қоры. Егер осы қорға жари­я­лы түр­де жоға­ры кәсі­би басқа­ру жүр­гіз­се, онда ешқан­дай да шетел­дік трей­дер­лер­дің қажеті болмайды.

Осы­дан 25 жыл бұрын біз­де капи­тал да, нары­қта орны­мыз да бол­маған. Қазір оның бәрі бар. Дәл осын­дай жұмысты «Қаза­қ­мыс» пен мұнай-газ актив­теріне қаты­сты жүр­гізіп, ұры­лар­ды шет­тетіп, бақы­ла­уды пар­ла­мент­ке беру керек.

«Үштік» Лон­дон бир­жа­сы­нан мәж­бүр­лі түр­де кет­кен соң, қыру­ар қар­жы­дан қағыл­дық. Қаза­қстан да ақша­сы­нан айы­рыл­ды, себебі ENRC ресми түр­де мем­ле­кет­тің ортақ иелі­гін­де болған.

Пре­зи­дент­тің «жақын айна­ла­сын­дағы» «шикі­зат үшін күрес» бүгін­гі қауқар­лы пре­зи­дент­тің кезін­де болып жатыр. Қой дей­тін қожа бол­маған жағ­дай­да қан­дай тала­стың баста­ла­ты­нын еле­сте­ту қиын емес. Сон­ды­қтан Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев жұмыстан да, өмір­ден де қан­ша шар­ша­са да, ол шене­унік-оли­гарх­тарға сене алмай­ды. Олар­дың бәрі Баты­ста қыл­мыстық істер­дің фигу­рант­та­ры болып шыға келу­лері ғажап емес. Баста­ры­на күн түс­се, өз мен­шік­терін сақтап қалу үшін, пре­зи­дент­ке бер­ген ант­та­рын ұмы­тып, тер­ге­умен ынты­мақ­та­сты­ққа оңай бара салады.

 

– Кей­бір сая­сат­кер­лер, билік­ті беру про­цесінің моде­ра­то­ры Кәрім Мәсі­мов болуы мүм­кін деген болжам­дар айтып жүр. Себебі оның мем­ле­кет басқа­ру­дағы тәжіри­бесі мен әкім­шілік мүм­кін­дік­тері үлкен. Осы болжам жөнін­де не айта аласыз?

– Әкім­шілік ресур­сты қалай өлше­у­ге бола­ты­ны мен үшін түсініксіз нәр­се. Батыс БАҚ-ның хабар­ла­у­ын­ша, Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­мьер-мини­стрі вер­то­лет­тар сатып алу жөнін­де­гі мил­ли­ард­таған дол­лар­лы келісім-шар­тқа қаты­сты 12 млн дол­лар пара алды деген айып­пен Фран­ци­я­ның құзыр­лы орган­да­ры­ның тер­ге­уін­де деген ақпа­рат­тар тара­лу­да. Мәсі­мо­втың өзі бұл ақпа­рат­ты жоққа шығарған жоқ.

Дәл осы себеп­ті пре­зи­дент Кәрім Мәсі­мо­вты арнайы қыз­мет­ке ауы­сты­рған бола­тын. Өйт­кені ол жұмыста Баты­сқа бару­дың қажеті жоқ. Алай­да шетел­ге шық­па­са, онда өзінің шетел­дік әріп­те­стері­мен заң­сыз капи­тал шыға­ру мен ақша­ны тазар­туға қаты­сты жұмыста­рын қалай­ша жүр­гіз­бек деген сұрақ туа­ды. Қаза­қстан­дық шене­унік­тер­дің капи­та­лы мен ақша тазар­туға қаты­сты тір­лік­тері­нен Мәсі­мо­втың шетел­дік әріп­те­стері өте жақ­сы хабар­дар. Фран­ция бас­шы­ла­ры бұры­нғы пре­мьер­ді маза­ла­мау тура­лы шешім­ге келіп жат­са да, жур­на­ли­стер мен жеке тер­ге­ушілер оған тыны­штық бер­месі анық.

– Сіздің пай­ым­да­уы­ңыз­ша, орын алып оты­рған қай­шы­лы­қтар Қаза­қстан­дағы билік­ті беру­ге қаты­сты сая­си рефор­ма­лар­ды жүзе­ге асы­руға кедер­гі болып отыр. Бұл өзі бір рулық қарғыс болға­ны ма?

– Тек қарғыс бол­са, әлдеқай­да оңай болар еді, бақ­сы­ны шақы­рып, қарғы­сты алып тастап, құдай­ларға құр­бан­дық шалып, әрі қарай тып-тыныш өмір сүре бер. Біздің жағ­дай­да билік пен бай­лы­қтың жым­да­суы орын алып отыр. Қаза­қстан­да көп жыл­дан бері билік бай­лы­қтың көзіне, ал бай­лық одан да үлкен билік­ке қол жет­кі­зудің құра­лы болып келеді. Билік басқа адам­дар­дың қолы­на өтсе, мем­ле­кет қазы­на­сын тона­удан жиналған бай­лы­қтың тағ­ды­ры қан­дай болмақ?

Егер билік басы­на адал адам­дар кел­се, олар бұл мәсе­ле­мен келі­се қой­мас. Сон­ды­қтан ол бай­лы­қтың халы­ққа тиесілі екенін талап ете­ді. Егер билік­ке арам пиғыл­ды адам­дар келіп жаста, онда «бұры­нғы­ларға» тіп­ті ешнәр­се қал­дыр­май­ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі бұл жағ­дай­ды жақ­сы түсініп отыр.

Сон­ды­қтан ол билік­ті жақын, бірақ үлкен бай­лы­ққа кенел­ме­ген ада­мы­на тап­сы­руға әре­кет жасай­ды. Мен өзім ондай екі үміт­кер­ді көріп отыр­мын. Өз бай­лы­қта­рын әйел­дері мен тоқал­да­ры­на жаз­ды­рып қой­ған «ақы­л­гөй­лер» олар­дың қата­ры­на кірмейді.

 

– Сон­да үлкен бай­лық билік күресі кезін­де ресурс емес, төмен тар­та­тын тас болға­ны ма?

– Ондай адам­дар бай­лы­қта­рын сая­си күрес­ке ешқа­шан жұм­са­май­ды. Оның үстіне мүлік пен қара­жат­та­ры шетел банк­терін­де сақталған­ды­қтан, тиім­ді ресурс та бола алмай­ды. Шетел­де­гі ақша­ны елі­міз­де­гі сая­си про­цес­стер­ге бағыт­тау мүм­кін емес, ал капи­тал­да­рын елге қай­та­руға ешқай­сы­ның ынта­сы жоқ. Тіп­ті пре­зи­дент­тің капи­тал­ды қай­та­ру жөнін­де­гі талап­та­рын да ешкім орын­дағы­сы келмеді.

Шірі­ген бай­лар­дың капи­та­лы – ауыр тас, олар өз ақша­ла­рын бола­шаққа алып кет­кісі кел­ген­мен, оны іске асы­ру қиын нәр­се. Өйт­кені ақша­ны қай­дан алдың, қай­нар көзі не, салық төле­генің жөнін­де­гі аны­қта­ма қай­да деген сұрақтарға жау­ап беру керек бола­ды. Дәл осы қиын­ды­ққа кезін­де Рахат Әли­ев те тап болған.

Бүгін­гі күні қар­жың офшор­да ма, енеңе неме­се күй­еу балаңа рәсім­дел­ген бе – ол маңы­зды бол­май қал­ды. Хра­пу­но­втың ақша­сы – ұлы­на, Школь­ник­тің ақша­сы – күй­еу бала­сы­на рәсім­дел­ген. Бұған кім алда­на­ды? Бұры­нғы қар­жы мини­стрінің Батыс банк­терін­де­гі есеп­шо­тын­да жар­ты мил­ли­ард дол­лар жат­са, оны тыныш зей­нет­кер­лік өмір әлде көп жыл­дық сот про­це­стері күтіп тұр ма?

Бұл сұрақтарға жау­ап беру үшін, Өзбек­стан пре­зи­ден­ті Мер­зи­я­ев­тың билік­ке келісі­мен басталған әре­кет­тер­ге назар ауда­руға бола­ды. Гүл­нар Кәрі­мо­ва­ның 300 мил­ли­он дол­лар­дан астам қар­жы­сы Швей­ца­рия неме­се АҚШ қазы­на­сы­на емес, Өзбек­стан қазы­на­сы­на түсу үшін талай жұмыс атқа­ру керек. Өзбек­стан­ның құқық қорғау орган­да­ры аме­ри­ка­лық және швей­ца­ри­я­лық әріп­те­стері­мен тығыз жұмыс орнатқан. Сон­ды­қтан сол қар­жы­ның бір бөлі­гін бол­са да қай­та­руға мүм­кін­дік­тері бар. Ал Қаза­қстан­ның «Бота» қоры­на (аты шулы «Қаза­қ­гейт­тің» қар­жы­сын айта­ды – Ред.) қаты­сты тәжіри­бесін нәти­желі деп айтуға қиын.

 

– Сіз амни­стия шең­берін­де шетел­ге шығып кет­кен капи­тал­ды айып­пұлын төлеп, елге қай­та­ру жөнін­де ұсы­ныс жасаған бола­тын­сыз. Бұл ұсы­ны­сы­ңыз жүзе­ге асқан жағ­дай­да тран­зит­тік кезең­ге қалай ықпал етер еді?

– Шетел­де­гі қаза­қстан­дық қар­жы мен мүлік­тің көле­мі шама­мен 200 млрд АҚШ дол­ла­ры бола­ды. Бұл халы­ққа тиесілі қар­жы. Оның бәрі пара және қазақ жері­нен шыққан шикі­заттан заң­сыз жымқы­ры­лған ақша­лар. Оны ешкім жоққа шыға­ра алмай­ды. Себебі біз­де бір нәр­сені ойлап тауып, халық жап­пай тұты­на­тын тау­ар неме­се өнер туындыс­ын жасап шығарған кәсіп­кер­лер жоқ.

Десе де, сол өтірік-кәсіп­кер­лер мен шене­унік­тер өзі­міздің отан­дастар, қаза­қтар. Біз­ге бай мен кедей­дің неме­се бай мен бай­дың ара­сын­дағы соғы­стың еш қажеті жоқ. Халы­ққа бей­біт гүл­де­ну мен даму қажет. Сон­ды­қтан мен капи­тал амни­сти­я­сын жасап, қай­та­ры­лған қар­жы­ны ел модер­ни­за­ци­я­сы­на пай­да­ла­нып, шикі­зат тәу­ел­ділі­гі­нен айы­ры­лу жөнін­де ұсы­ныс жасадым.

Бұл жағ­дай­да Баты­стан қай­та­ры­лған қар­жы­ны тазар­ты­лған деп мой­ын­да­сақ, ірі бай­лар­дың бала­ла­ры мен неме­ре­лері мұра­сыз қал­мас еді. Муа­мар Кад­да­фидің шетел банк­терін­де ұлда­ры­на қал­ды­рған 70 млрд дол­ла­ры­нан не пай­да, не қай­ыр?! Кад­да­фи қай­да, бала­ла­ры қай­да, ақша­сы қайда?..

Осы­дан бір­не­ше жыл бұрын мен Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа шетел­де­гі қар­жы­ны қай­та­ру және эко­но­ми­ка модер­ни­за­ци­я­сын жүр­гі­зу жөнін­де­гі төтен­ше ком­мис­си­я­ны құру тура­лы ұсы­ныс жасаға­ным рас. Ондағы негіз­гі талап­тың бірі – комис­сия үкі­мет құра­мы­на кір­ме­уі керек еді. Өйт­кені Қаза­қстан үкі­меті – модер­ни­за­ци­я­ның басты жауы. Пре­зи­дент ұсы­ны­спен келіс­кені­мен, комис­сия бас­шы­лы­ғы­на сол баяғы Мәсі­мо­вты тағай­ын­да­ды. Артын­ша ол комис­сия тура­лы да, капи­тал­дың қай­та­ры­луы жөнін­де де, модер­ни­за­ция тура­лы да ешкім ештеңе есті­ген жоқ.

 

– Билік тран­зи­тінің қалай өтуіне қара­ма­стан, елде­гі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ға қан­дай баға бересіз? Біздің эко­но­ми­ка мұнай баға­сы мен шикі­за­тқа тәу­ел­ді болып оты­рған жағ­дай­да пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка бола ма, монар­хия бола ма – бәрібір емес пе?!

– Елдің эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы сая­си жағ­дай­ы­нан асып тұрған жоқ. Біз кері шегініп, енді осы тығы­ры­қтан қалай шыға­ты­ны­мыз тура­лы ойла­нуы­мыз керек. О баста жос­пар­лы соци­а­ли­стік шару­а­шы­лы­қтан қалай ары­ла­мыз деп бас қатыр­сақ, енді жемқор­лық эко­но­ми­ка­дан қалай ары­ла­ты­ны­мыз жөнін­де ойла­ну керек. Біз қазір үлкен арын­ды өзен­нің жаға­сын­да емес, бұлақтың басын­да тұрған секілдіміз.

Қаза­қстан даму жолы­на түсіп, жақ­сы өмір мен сенім­ді бола­шақтың дәмін татып үгер­ді. 90-жыл­да­ры қиын бол­са да, әр жаңа күні­міз жеңіл­деп, жаңа мүм­кін­дік­тер ашы­лып еді. Енді Анта­ли­яға сапарға ақша жинау тұр­мақ, үйдің ком­му­нал­ды қыз­метінің ақша­сын қалай төлей­мін деп, адам­дар­ды ертең­гі күн­ге деген сенім­сіздік жаулаған.

Шек­тен шыққан билік ақыл­сыз әре­кет­тер­ге итер­ме­лей­ді. Мыса­лы, Ұлт­тық әл-ауқат қоры­ның қар­жы­сы пре­зи­дент­тің қызы мен күй­еу бала­сы­на тиесілі банк­ке ауда­рыл­ды. Н.Назарбаев сақта­ну­дан мүл­де қалып­ты. Өзінің жеке шеші­мі­мен халы­ққа тиесілі, қазақ жері­нен шыққан шикі­заттың мил­ли­ард­таған дол­лар қар­жы­сын өзінің туы­сқан­да­ры­ның меке­месіне бер­ді. Неге, қан­дай негіз­де? Тіп­ті олай да, былай да өзгер­тіл­ген Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша пре­зи­дент­те ондай құқық жоқ. Ал жаңа өкілет­тік­тер­ге «ие болған» пар­ла­мент оны сұра­удан қорқып отыр.

 

– Сарап­та­ма­шы­лар билік­тің ауы­суын талқы­лау бары­сын­да назар­ла­рын пре­зи­дент­тің жос­пар­ла­ры­на, пар­ла­мент­тің рөліне, шене­улік­тер мен оли­гарх­тар­дың мүд­де­леріне ауда­ра­ды. Сон­да Қаза­қстан халқы­ның рөлі қай­да қала­ды? Әлде ұйқы­дан тұрған жай халық билік пен ақша­ның енді басқа адам­дар­дың қолы­на өтіп кет­кенін бір-ақ ести ме?

– Олай да болуы мүм­кін, басқа­ша да болуы ықти­мал. Жер­ді шетел­дік­тер­ге сату тура­лы заңға қар­сы митинг­ке шыққан халы­қтың алдын­да билік бір­ден артқа шегін­ді емес пе? Қаза­қстан­дағы билік­тің қай­нар көзі – халық, бірақ солай екенін халы­қтың өзі есіне жиі алмайды.

Менің ойым­ша, пре­зи­дент­тің неме­се басқа күш­тер­дің билік­ке тағай­ын­даған ада­мы халы­қтың қол­да­уы­на ие бола алма­са, билік­ті ұстап қала алмай­ды. Естеріңіз­ге алы­ңы­здар­шы, тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев халы­қтың шынайы ықы­ла­сы­на ие болға­ны­ның арқа­сын­да оның көп­те­ген баста­ма­ла­ры жүзе­ге асты.

Жаңа билік­ке кім кел­се де, ол шынайы сая­си рефор­ма­лар жасап, билік өкілет­ті­гін пар­ла­мент­ке беру­ге тиіс бола­ды. Мен «Нұр Отан», Ақор­да неме­се түсініксіз Халы­қтар ассам­бле­я­сы арқы­лы сай­ланған пар­ла­мент­ті емес, тік­ке­лей халық сай­лаған пар­ла­мент­ті айтып тұр­мын. Қаза­қстан халқы­ның адал жол­мен сай­лаған пар­ла­мен­ті­нен басқа ешқан­дай да ассам­бле­я­сы бол­мауы керек.

Менің ойым­ша, жуық ара­да тари­хи тер­ми­но­ло­гия да ауы­суы тиіс. Алды­мы­зда тұрған кезең «сая­си жүйе мен мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­дың күшею кезеңі» бола­ды. Ал 90-жыл­дар­дан кей­ін­гі тоқы­рау жыл­да­ры – «тран­зит уақы­ты», нақты­рақ айтқан­да, ескір­ген кеңес режи­мі­нен жаңа зама­на­уи мем­ле­кет­ке өту уақы­ты болып есептеледі.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бұры­нғы жыл­да­ры Батыс сая­сат­кер­лері­мен кез­дескен кезін­де Қаза­қстан­да Фран­ция, Гер­ма­ния және АҚШ тәріз­дес сася­си өмір­ді құрғым келеді, бірақ мен сон­ша фран­цуз, неміс пен аме­ри­кан­ды­қтар­ды қай­дан ала­мын деп жиі қал­жы­ң­дай­тын. Бұл қал­жы­ң­да нәсіл­шіл­дік сипат болға­ны­на қара­ма­стан, Батыс бас­шы­ла­ры сыпайы жымиып қана қоя­тын. Қазір халы­ққа басқа пре­зи­дент іздей­тін уақыт келді.

Бірақ нақты айтар бол­сам, елі­міз­ге ешқан­дай пре­зи­дент­тің қажеті жоқ. Тек халық сай­лаған және өз сай­ла­у­шы­ла­ры­ның алдын­да мін­дет­ті екенін түсі­нетін депу­тат­тар­дан тұра­тын мықты пар­ла­мент керек. Ешқан­дай пар­ти­я­лық тізім­сіз, тек бір округ – бір депу­тат болуы қажет.

90-жыл­да­ры халық қол­да­уы­на ие болу үшін депу­тат­тар округ­тар­ды ара­лай­тын. Ал қазір мәжілісмен­дер мен сена­тор­лар қол­да­уға ие болу үшін Ақор­даға бара­ды. Бүгін­де күн күр­кіреп, халық митин­гі­ге шығып, қан төгіл­мей­ін­ше, мини­стр­лер де, пре­мьер де, тіп­ті әкім­дер­дің өзі де халы­қтың алды­на шықпайды.

– Сіз эко­но­ми­ка­лық өзгерістер сая­си өзгер­ту­лер­мен қатар жүруі керек деп айта­сыз. Олай бол­са, бірін­ші эко­но­ми­ка, содан кей­ін сая­сат деген тұжы­рым­ды қай­да жібереміз?

– Бұл үлкен тари­хи қателік. Сая­си жаңар­ту­с­ыз жүр­гізіл­ген эко­но­ми­ка­лық даму – дик­та­ту­ра мен жемқор­лы­ққа алып келеді. Пар­ла­мент­тің бақы­ла­уы және өзін-өзі басқа­ру бол­маған жер­де шене­улік­тер ұрлы­ққа салы­на­ды, олар­ды тоқта­ту да мүм­кін емес. Жасам­паз эко­но­ми­ка бар жер­де қар­жы бәріне жете­ді, ал ұры-қары­лық эко­но­ми­ка үстем­дік жасаған жер­де қар­жы ешкім­ге жетпейді.

Қазір жоғарғы билік ұлтқа, мем­ле­кет­ке тиесілі бай­лы­қтар­ды жеке­ше­лен­діріп алға­ны былай тұр­сын, енді қар­пай­ым халы­қтың қал­та­сы­на қол сұқты. Кеше ғана көзіне ілмей жүр­ген адам­дар­дың биз­несін тар­тып алу да орын алып отыр.

Енді­гі кезек­те ірі кәсі­по­рын­дар­ды қай­та­дан мем­ле­кет мен­ші­гіне алып қана қой­май, олар­ды шынайы жеке­ше­лен­діру­ден бөлек, люст­ра­ци­я­ны да бастан өткі­зетін бола­мыз. Шығыс Еуро­па­дағы пост­кеңе­стік мем­ле­кет­тер­де мұн­дай про­цес­стер пар­то­крат­тар мен құпия поли­ция қыз­мет­кер­лерін үлкен сая­сат­тан ала­ста­туға бағыт­талған бола­тын. Қаза­қстанға жемқор­лар­дың люст­ра­ци­я­сы ауа­дай қажет.

 

– Мүм­кін, ЭКСПО-2017 ел эко­но­ми­ка­сы­на жаңа сер­пін беріп қалар? Басқа мем­ле­кет­тер Қаза­қстан­ның шикі­за­тқа қан­ша­лы­қты бай екенін көріп, эко­но­ми­ка­мы­здың дамуы­на бел­сен­ді ара­ла­са­тын шығар. Сіздің шетел­дік кәсіп­кер­лер­мен бай­ла­ны­ста­ры­ңыз жақ­сы, мүм­кін, олар Қаза­қстан­ды қай­та ашуға дай­ын болар?

– Олар өздері үшін Қаза­қстан­ды күна­ра ашып жатыр. Газет бет­тері­нен шек­те­улі топ­тар­дың қыру­ар қар­жы­ла­ры, Еуро­па­дан сатып алып жатқан сарай­ла­ры мен яхта­ла­ры, ақша­ла­рын мил­ли­он­дап шаша­тын көңіл­де­стері тура­лы оқып біліп отыр. Мұн­дай «жаңа­лы­қтар» бай­ып­ты кәсіп­кер­лер мен сая­сат­кер­лер­ге елі­міз тура­лы оң пікір қалып­та­стыр­май­ты­ны анық.

Қаза­қстан­ды өзге­лер жаңа­дан ашқан­нан бұрын, өз елі­мізді өзі­міз жаңа­дан ашуға тиіс­піз. Жеңіл-жел­пі өзгерістер жасап қой­май, толық модер­ни­за­ци­яға бет бұру қажет. ЭКСПО мен Уни­вер­си­а­да секіл­ді қым­бат жоба­лар­дан келіп-кетері жоқ. Олар мем­ле­кет­тің қар­жы­сы мен уақы­тын ала­ды. Өзі­мізді жасан­ды супер­дер­жа­ва етіп көр­сет­пей, шамаға қарай өмір сүру керек. Сон­да ғана халы­қтың жағ­дайы бұлы­ңғыр 2050 жылы емес, келесі жыл­дан бастап түзе­ле бастайды.

Сон­ды­қтан мен әзір­ле­ген бағ­дар­ла­ма «Қаза­қстан 2017» деп ата­ла­ды. Келесі жылы «Қаза­қстан 2018» бағ­дар­ла­ма­сы әзір­ле­неді. Ары қарай да осы­лай бола­ды. Бұл бағ­дар­ла­ма­лар­ды халық талқы­лап, пар­ла­мент қабыл­дап, үкі­мет орын­да­уы тиіс. Бағ­дар­ла­ма­лар мем­ле­кет бюд­жеті мен инве­сти­ци­я­лық жоба­лар­да ескерілуі тиіс.

Әр бағ­дар­ла­ма­ның көз­де­ген мақ­са­ты қара­пай­ым әрі анық: қаза­қстан­ды­қтар­дың ден­са­улы­ғы­ның, әл-ауқа­ты­ның өсуі, тегін оқу, халық саны­ның өсуі мен кепіл­ден­діріл­ген зей­не­тақы. Егер оны жүзе­ге асы­ру қол­дан кел­се, әлем­нің түк­пір-түп­кірі­нен кәсіп­кер­лер мен сая­сат­кер­лер елі­міз­ге ЭКСПО көр­месін­сіз-ақ ағы­лып келеді. Айт­пақ­шы, бар­лы­ғы ешқан­дай «егер­сіз», дәл осы­лай болу тиіс!

 

– Рах­мет! Қаза­қстан халқы­на осы арман­дар­дың орын­да­луы бұйырсын!

 

Ермұрат БАПИ

 

• Сұх­бат­ты орыс тілі­нен еркін аударған –

Аза­мат Шорманханұлы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн