Пятница , 4 июля 2025

ДИМАШТЫҢ ФЕНОМЕНІ періштенің өзі ән айтқанмен бірдей

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (376) от 30 мар­та 2017 г.

 

Қаси­ет­тің сыры неде?

 


 

Екі мил­ли­ард­тан астам көре­рмені бар атақты ази­я­лық «I am a Singer – 2017» бай­қа­уы­ның тала­бы – қытай­лық және халы­қа­ра­лық атақты ән бай­қа­у­ла­ры­ның жеңім­паз­да­ры ғана бақ сынай ала­тын жұл­ды­здар бәсе­кесі. Осы әйгілі бай­қа­уда бүкіл Қытай халқы ең жас қаты­су­шы Димаш Құдай­бер­ген­нің өнеріне тән­ті болып, таң­дай қағып жатыр.

 

 

Күн сай­ын емес, сағат сай­ын атақ-даңқы өскен Димаш дауы­сы­ның фено­мен­ді­гі неде? «Димаш – Тәңір өзі наза­ры­на алған жас әнші» – деп баға­лаған қытай маман­да­ры­нан басқа, әлем­дік сарап­шы­лар да «Құдай­дың бер­ген сыйы» ретін­де аса жоға­ры бағалады.

Қытай сияқты алып ел бүгін­де бүкіл әлем мәде­ни­етін баға­ла­у­ға көшті. Өткен жылы 26 мем­ле­кет­тің таң­да­у­лы сурет­шілерін шақы­рып, кон­курс өткіз­генін есті­ген­де, «міне, ел» деп таңы­рқаған едік. Енді, міне, бүкіл «Син­гер-17» бай­қа­уы­на көз тігіп, Дима­шқа назар­ла­ры ауып, әсіре­се Батыс жұрт­шы­лы­ғы пікір беріп жатқа­нын еске алуы­мыз керек. Пікір­лері жан тебірен­тер­лік. Осы­ның бәрін Хунан теле­ар­на­сы құр жібер­мей жариялауда.

Фило­соф Имма­ну­ил Кант өзінің «Сұлулы­қты тал­дау» еңбе­гін­де «сұлулы­қты, әсем­дік­ті түсін­діріп жат­пас­тан-ақ тануға бола­ды» деген еді. Осы тұрғы­да Димаш дауы­сы­ның қаси­етін сөз­бен айтып жет­кі­зу қиын. Біз дауыс фено­менін сипатта­уға тал­пы­нып, бей­не­леу тілі­нен жал­пы­ла­ма ғылы­ми сипаттау тіліне аудар­мақ болған сәт­те-ақ, сол сұлулық ней­ро­эс­те­ти­ка ғылы­мы­на бірақ тіре­летінін бай­қа­уға бола­ды. Нақты бір дүниенің нелік­тен әде­мі, ал енді бір дүниенің біз үшін нелік­тен әде­мі еме­сті­гін син­те­ти­ка­лық әдіс арқы­лы ұғы­ну­дың өзі күр­делі. Орын­дау шебер­лі­гі бұл жер­де екін­ші план­дағы нәр­се ғана.

Cұлулық – бұл ең алды­мен сезім, нәзік күй­ге бөле­ну, бұл – әде­мі әсер, өмір­де біз­ге қажет­ті өмір заң­ды­лы­ғы. Біз­ге дәл осын­дай сұлулық сезі­мі­нен өзін­дік бір ләз­зат алып, әсем күй­ге бөле­ну сезі­мінің өзі неге тұра­ды? Ұлы өнер туын­ды­ла­ры­ның ғасыр­лар бойы адам­зат әле­мін шексіз ләз­за­тқа бөлеп келе жатқан тыл­сым күші – сұлулы­қтың қан­дай-да бір әмбе­бап, жал­пы­ға маңы­зды шар­тта­рын көр­се­те­ді. Эсте­ти­ка­лық ләз­зат – біз түй­сі­ну­ге тал­пы­нып оты­рған дүни­е­ге сұлулы­қтың тән екенін жет­кі­зетін жалғыз тіл. 1964 жылы пси­хо­фи­зио­ло­ги­я­лық тәжіри­бе­лер­дің нәти­же­лері эмо­ци­я­ның адам­ның және сана­лы жану­ар­лар­дың, қан­дай-да бір өзек­ті сұра­ны­сы мен мүм­кін­шілі­гінің қанағат­тан­ды­ры­луы деді. Субъ­ек­тінің табиғи күй­де сол сәт­те миға жет­кен мәлі­мет­тер­мен лез­де салы­сты­рып үлге­ретін, сол сана­лы тір­шілік иелерінің миын­да көрініс ала­тын құбы­лыс екені аны­қтал­ды. Сұра­ны­стың төмен дең­гей­де қанағат­тан­ды­ры­лу ықти­мал­ды­лы­ғы теріс эмо­ци­я­ны: жабы­рқау, күй­зеліс­ке түсу, қорқу, ыза­ла­ну, жиір­ке­ну әсерін туғы­за­ды. Осы­ған дей­ін беріл­ген ұйға­рым­дар­дан гөрі, мақ­сатқа жету ықти­мал­ды­лы­ғы­ның артуы: көңіл-күй­ді көтеріп, қуа­ны­шқа бөлеп, шаттандырады.

Бірін­ші­ден және ең басты­сы – Димаш дауы­сы­ның құдіреті көп ойла­ну­ды қажет етпей­ді. Қай тіл­де айт­са да, сөзін ұқпа­саң да, терең меди­та­ци­яға кетіп, арқаң шымыр­лап, көңілің босап, кей­бірінің көзіне жас алдырады.

 

Дима­штың ерекше қаси­еті – оның дәстүр­лі қазақ отба­сын­да туып, қазақ тілін терең мең­ге­руін­де. Қаза­қтар­дың физио­но­ми­я­сын­дағы әріп­тер­ді айту арты­қ­шы­лы­ғы эво­лю­ция даму жетісті­гі десек, ешкім рен­жі­мес. Қазақ тіл­ді әнші басқа тіл­дер­дің дыбыст­а­луын нақты жет­кіз­се, басқа тіл­ді әнші қазақ әніне кел­ген­де, жет­кі­зе алмай­ты­ны бек шын­дық. Ө,Ү,Ұ,Ң, І,Ә,Ғ дыбыст­а­рын мең­гер­ген қаза­қтар қай тіл­де айт­са да, дыбыст­ың дыбыст­а­лу нақты­лы­ғын анық жет­кі­зе біледі. Дауы­стың тұны­қты­лы­ғы­на үлкен әсер береді. Табиғи дыбыст­ар­дың, осы дыбыст­ың сұлулы­ғы түй­сік­тен тыс деп тапқан бей­мәлім пси­хи­ка­лық күй­дің өзге бір сипаттық сыры­ның мәні осы дыбыст­а­лу­дың аны­қты­ғы. Дыбыст­ың әсер күші адам бой­ын тітір­кен­діріп, терең сезім­ге бөлей­ді. Бұл рет­те сұлу да тұнық дауы­сқа, әрбір пси­хи­ка бел­гілі бір ней­рон­дық құры­лым­дарға сәй­кес жүй­ке жүй­есінің меха­низмдері де тәу­ел­ді екен­ді­гін бай­қау қиы­нға соқпайды.

Жал­пы, қаза­қтың әріп­терін­де дауы­сты дыбыст­ар­дың мол­ды­ғы дауы­сты клас­си­ка­лық үлгі­де­гі ән айтуға өте қолай­лы. Қазақ тілін білудің әншілер үшін де маңы­зы зор бол­са, қазақ әнінің табиға­ты да осы­ған сай.

Екін­ші басты мәсе­ле – бір өлеңді айтқан әншілер­ді кей­біре­улер салы­сты­ру дұрыс емес деп жата­ды. Бұл қате пікір. Әрине, әркім өзін­ше айтқан­мен, орын­дау шебер­лік­терін неге салы­стыр­масқа? Дима­штың дауыс диа­па­зо­ны бес окта­ваға дей­ін көтері­ле ала­ды. Жоға­ры тенор нота­ла­рын­да жеріне жет­кізіп айта ала­ды. Мыса­лы, Вита­стың дау­сын­да мүл­де экс­прес­сия жоқ және керек жерін­де қоса алмауы үлкен мін. Вита­стың дауы­сы жат­ты­қты­ры­лған фаль­цет (жасан­ды дауыс), ал Дима­шта сирек кез­де­сетін кон­тр­те­нор (еркек дауы­сы­ның фено­мені) бар. Бұл сирек кез­де­сетін дауы­стар. Ең қызы­ғы – осын­дай дауыс иелерінің өздері де аса таны­мал әншілер емес.

Ал Гре­го­ри Лемар­шаль­дың атақты әнін Дима­штың биік­тік­ке көтеріп айтқа­нын қалай баға­ла­мас­сың? Әлем жұл­ды­зы Лара Фаби­ан­ның дауы­сын­да мін бол­ма­са да, дем алу мәде­ни­еті қалай­да кем­шін. Дем­ді ішке тар­тқан тыны­стың есті­лу кем­шілі­гі көп­те­ген әншілер­де бар. Лара Фаби­ан да, Сара Брайт­ман да әлем­дік сахна­да айтқан «Ада­жио» – терең ойлы фило­со­фи­я­лық өлең екенін түсі­несің. Бірақ әншілер­дің эмо­ци­я­сы да, экс­прес­си­я­сы да аз, бір қалып­ты бап­пен айта­ды. Өлең­де қалай да эмо­ция болу керек. Дима­штың – эмо­ци­я­сы шынайы және күшті. Әр өлең­ге өзін­дік интер­пре­та­ци­я­мен келеді. Міне – қаси­ет қайда?

Димаш Лара Фаби­ан­мен бірі­гіп опе­ра айт­са, ерекше дауы­сы­на арналған пар­ти­ту­ра бер­се, әлем­ді естен тан­ды­ра­ты­на сене беріңіз. «Ада­жио» әнін орын­даған Дима­штың дауыс диа­па­зо­ны мен әуеле­туі қан­дай кере­мет! Эмо­ция, экс­прес­си­я­ның кере­мет­ті­гін айт­паған­ның өзін­де үшін­ші окта­ва­дан кей­ін, бес­ке дей­ін кеуде түк­пірі­нен төгілетін үнді айт­саң­шы! Нағыз лири­ко-дра­ма­лық тенор. Бір дауы­стан екін­ші дауы­сқа өту­де­гі пла­сти­ка, сый­қыр дер­сің! «Ешбір бай­қа­удың шең­беріне сый­май­тын сирек дарын иесі» деп «Сла­вян база­ры-2015» бай­қа­уы­ның бірін­ші күнін­де-ақ қазы­лар алқа­сы­ның ең жоға­ры баға­сы­на ие болға­ны осы.

Бір талант­тың бой­ын­да сопра­но, контр-тенор, контр-альт сияқты үш дауы­стың болуы­ның өзі де ерекше қаси­ет. Осын­дай ерекшелік перулік атақты әнші Има Сумак­та болған. Ол да екі дауы­спен ән айтып, диа­па­зон­ды бес окта­ваға дей­ін көте­ре алған. Има Сумакт­тың ерекшелі­гі – өте төмен жіңіш­ке еркек­тік бари­тон­нан – әйел­ге тән сопра­но­мен айтуы. Осы екі дауы­спен ән айтуы­мен әлем­ді таң қалдырған.

Тағы бір қызық – әлем­дік Гин­несс рекор­ды­на кір­ген Джор­джии Бра­ун­ның дауы­сы 8 окта­ваға дей­ін көтеріл­ген. Бірақ дауы­сы­ның жоға­ры реги­стрі адам мүм­кін­ді­гі­нен тыс кей­бір хай­у­ан­дар­да бола­тын дыбыст­арға сәй­кес кел­ген. Осы жағым­сыз дауыс табиғи ано­ма­лия мен әншінің ән айта алмауы­ның көрінісі ретін­де баға­ланған. Бұл жер­де дауы­стың кеңді­гі емес, әншінің талан­ты баға­ла­на­ты­ны көрініп тұр. Яғни, адам­ның дауыс мүм­кін­шілік­тері көп болуы мүм­кін, бірақ оның бәріне саз­ды­лық жетіспейді.

Ал Дима­шта сопра­но, контр-тенор, контр-альт сияқты үш дауы­стың болуы басты қаси­еті. Яғни, әйел мен еркек­ке тән дауы­стар­дың бар­лық гам­ма­сы бар. Дима­штың дауы­сын­да фор­те­пи­а­но­ның бар­лық кла­виш­тері бар деген сөз.

 

Үшін­ші мәсе­ле – әншінің түр сым­ба­ты­ның келі­суі көре­рмен­ге де ерекше сипат әсер береді. Негізі түрін көр­ме­сең де, әнді тың­дап, баға­лай беру­ге де бола­ды. Көрер көз­ге әншінің түр сипа­ты да ерекше әсер беретіні тағы бар. Өмір­ден 23 жасын­да кет­кен Гре­го­ри Лемар­шаль­дың балаң жүзін ешкім ұмы­та алмақ емес, сол сияқты әйел­ге тән әде­мілі­гі бар Сара Брайт­ман да ерекше сезім­мен тың­да­ла­ты­нын айт­па­сақ та бола­ды. Одан басқа – әнші­ге сахна­да ерекше киі­ну де үлкен сын. Ал Дима­штың үлкен көзді, пәк­тік­тің бел­гісін­дей әде­мі сұлу жүзін көр­ген­де, пері­ш­тенің өзі келіп, ән айтқан­дай әсер­ге бөлей­ді. Тамы­л­жы­ған дауы­сы­на – тұлға­сы, тар­тым­ды­лы­ғы сай келді.

 

Ал ғажай­ып дауы­сы­мен поп-вокал­ды да, опе­ра­лық әнді де еркін алма­сты­ра ала­ты­нын, әртүр­лі аспап­та ойнай білетінін және музы­ка жаза­тын ком­по­зи­тор­лы­ғын қос­саңыз! Бүгін­де Дима­штың жан­күй­ер­лері екі­ге бөлініп алға­ны соны айғақтай­ды. Біре­улері оның сирек кез­де­сетін вокал­дық талан­ты­на таң­дай қақ­са, енді бір тобы Дима­штың түр-әлпе­тіне өлер­дей ғашық. Оның порт­реті ани­ма­ци­ядан бастап, түр­лі жар­на­ма­ларға да қап­тап кетті.

Қытай медиа­сы Димаш жай­ын­да жары­са жазу­да. Бұл жер­де базар да бар, эко­но­ми­каға айналған ән сахна­сы да бар. Соны­мен қатар мұн­да Дима­штың бет-әлпе­ті Қытай ауди­то­ри­я­сы эсте­ти­ка­сы­на сай келетінін және осы бай­қа­удан соң, жан­күй­ер­лері өзі ойлаған­нан да көбей­генін айта­ды. Біз өзі­міздің әсер­лі сезім, күй­і­міздің арқа­сын­да жаңа­ша әлем­ді сомдай­мыз. Өнер­де шека­ра жоқ. Бүкіл әлем бой­ын­ша «Дима­шты қол­да­у­шы­лар қоға­мы» құры­луы – соның жарқын дәлелі.

Біздің мақа­ла­мы­здың негіз­гі айтар ойы да дара­боз дарын Димаш фено­мен­ді­гінің сыры­на үңі­лу ғана. Кон­кур­стың бәсін, баға­сын арт­ты­рып жатқан Дима­штың дауы­сы «қазақ халқы дауы­сы­ның ұлт­тық қазы­на­сы» ғана емес, әлем­дік бренд­ке айналған дауыс. Оның талан­тын мой­ын­даған­дар – Лара Фаби­ан, Дже­ки Чан сияқты әлем­дік бренд­ке айналған жұл­ды­здар. Қазақ музы­ка­сын­да Жәні­бек Кәр­ме­нов, Роза Рым­ба­е­ва­лар жасаған сер­пілісті, әлем­дік музы­ка­да поп-король Май­кл Джек­сон сияқты жаңа сер­піліс жасай­тын Димаш Құдай­бер­ген десек, ешқан­дай асы­лы­ққа жатпайды.

Табиға­ты­нан, құдай­дың бер­ген дары­ны, кемеліне кел­ген кере­мет ерекше дауыс иесін зерт­теу бүгін­гі ней­ро­био­ло­гия мен ней­ро­эс­те­ти­ка­ның мүм­кін­ді­гіне жол аша­ты­ны сөз­сіз. Көр­кем­дік­ті қабыл­да­уда пси­хи­ка­лық қыз­мет­тің табиға­тын жете түсі­ну үшін біз ней­рон үрдістерін толы­ғы­рақ зерт­те­у­ге мін­дет­ті­міз. Біз сұлулық тілі – көңілі­міздің кіл­ті екені­мен келі­се оты­рып, Димаш дауы­сы­ның жағым­ды сезім­ге бөлен­ген­де­гі, әсер­дің ақпа­рат­тық сипа­ты, күйі не екенін сара­ла­дық. Осы­лай­ша, ней­ро­эс­те­ти­ка әрбір дара тұлға­ның өз мәде­ни­етінің аясын­да көрі­нетін тек­тілі­гін біл­діретін ком­му­ни­ка­тив­тік үрдіс ретін­де таниды.

 

Жанар­бек БЕРСТЕН,

Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық

өнер ака­де­ми­я­сы­ның профессоры

 

 

БҰЛ БАСТАМАСЫ ҒАНА

 

Енді­гі ел-жұр­тқа бел­гілі болған­дай, біздің Димаш «Ази­я­ның ең үздік әншісі» ата­лы­мы бой­ын­ша қытай­лық «Грэм­ми» (Top Chinese Music Awards) сый­лы­ғын алды.

 

Бұл орай­да Шан­хай қала­сын­да өткен мара­пат­тау рәсі­мі­нен кей­ін әншінің досы әрі дирек­то­ры Алпа­мыс Шәрі­мов «Инста­грам­дағы» парақ­ша­сын­да Дима­штың мына­дай пікірін жазған екен:

«Асса­ла­у­маға­лей­күм, құр­мет­ті әле­умет! Бұл менің осын­да алып тұрған үлкен ең алға­шқы сый­лы­ғым. Ең алды­мен өзім­нің ата-ана­ма және де өзім­нің жан досы­ма үлкен рах­мет айта­мын. Менің бағым­ды ашқан, әлем­ге таны­тқан «Singer» жоба­сы­на және бар­ша тың­дар­ман­да­ры­ма рах­мет айтқым келеді. Бар болы­ңы­здар, аман болы­ңы­здар, бұл тек баста­ма­сы деп ойлаймын».

Иә, бұл баста­ма­сы ғана сияқты. Соңғы бір апта көле­мін­де қаза­қстан­дық ақпа­рат әле­мі Дима­штың бола­шағы­на бай­ла­ны­сты хабар-ошарға толып тұр. Мәсе­лен, Димаш әйгілі гол­ли­вуд­тық «Қуат­ты рейн­джер­лер» филь­мінің саунд­т­ре­гін жаз­дыр­ды. Әнші су жаңа туын­ды­ны жақын ара­да тың­дар­ман­дар наза­ры­на ұсын­бақ, деп хабар­лай­ды Stan.kz порталы.

Соны­мен бір­ге «Ази­я­ның ең таны­мал әншісі» атанған біздің Димаш халы­қа­ра­лық дең­гей­де бір­не­ше кон­церт бер­мек. Бұл тура­лы ол Қытай жур­на­ли­стеріне бер­ген сұх­ба­тын­да айтты.

«Бар­лық әншілер үлкен шығар­ма­шы­лық кеш беруді арман­дай­ды. Солар­дың қата­рын­да мен де бар­мын. Сол себеп­тен биыл халы­қа­ра­лық дең­гей­де бір­не­ше мәр­те кон­церт бер­гім келеді. Бір­не­ше қала­лар­ды, елдер­ді ара­лап, көре­рмен­дер­ді қуан­тқым келеді. Келіңіз­дер, күтетін бола­мын сіз­дер­ді. Кон­церт­тің тойы алыс емес. Жақын­да бола­ды бұй­ыр­са!» – деді Димаш өз сұхбатында.

Бұл аз десеңіз, осы жаз­да 30 мың­дық «Аста­на-Аре­на» ста­ди­о­нын­да Дима­штың екі сағат­тық жеке кон­цер­ті, шетел­дік әйгілі әншілер­мен бір­ге айта­тын дуэт­тері жос­пар­лан­ды. Бір сөз­бен айтқан­да, Димаш дүниені жау­ла­у­ға бет алды. Әзір­ге бұл – баста­ма­сы ғана.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн