Пятница , 4 июля 2025

Жанболат жазықсыз ЖАПА ШЕКПЕСІН!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (376) от 30 мар­та 2017 г.

 

Ашық хат

 


 

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Н.Ә.Назарбаевқа

Пре­зи­дент мырза!

Қаза­қстан­дағы бар­ша жетістік­тер мен жақ­сы­лы­қтар­ды Сіздің есі­міңіз­бен бай­ла­ны­сты­ра айту әдет­ке айна­лып бара­ды. Сон­дай-ақ елі­міз­де­гі келеңсіздік­тер­ді де ел-жұрт Сіз­ге телиді. Мем­ле­кет бас­шы­сы болған соң, жау­ап­кер­шілік­тің бат­пан жүгін мой­ны­ңы­з­бен көтересіз.

Демо­кра­ти­я­лық, зай­ыр­лы, құқы­қтық мем­ле­кет құру жолы­на түс­кен Қаза­қста­ны­мы­здағы алға қой­ған мақ­сат­пен үйле­с­пей­тін жағым­сыз жайт­тар бізді маза­сыздан­ды­ра­ды. Әсіре­се еркін ойлы, өзін­дік ұста­ны­мы бар, көзқа­ра­сы мен пікірін ашық айта­тын, көп­шілік­ке жол бастай­тын аза­мат­тарға қысым жаса­у­шы­лық, қуда­лау әре­кет­тері барған сай­ын үдеп бара­ды. Мем­ле­кет­ке, халы­ққа, жер мен тіл­ге жана­шыр бел­сен­ді адам­дар­дың сотқа тар­ты­лып, жазы­қ­сыз жаза­ла­нуы­ның куәсі болып келе­міз. Соның соңғы мыса­лы ретін­де Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ды, Жан­бо­лат Мамай­ды айтамыз.

Біз бұры­нғы Ашық хаты­мы­зда өткен жылғы Жер кодексіне қаты­сты митин­гі­ге қаты­сқа­ны үшін сот­талған аты­ра­улық батыр­ларға ара­ша сұраған едік. Енді жас сая­сат­кер, отан­шыл­ды­ғы мен мем­ле­кет­шіл­ді­гін таны­тқан, білім­ді, жігер­лі, тура­шыл аза­мат, жур­на­лист, қоғам қай­рат­кері Жан­бо­лат Мамай­ды қорғап, Сіз­ге үндеу жол­дап отыр­мыз. Ерекше назар ауда­руы­ңы­зды және бұл екі мәсе­ле жөнін­де таяу ара­да сая­си шешім қабыл­да­уы­ңы­зды сұрай­мыз! Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­ры­ның кепілі ретін­де Сіз­ге үміт артамыз.

Жан­бо­лат Мамай­ға ҚР Кодексінің 193-бабы (3‑тармақ, б, в пункт­тері) бой­ын­ша айып тағы­лып, қыл­мыстық іс қозғал­ды, қазір­гі кез­де ол қамауда отыр. Оған түр­ме­де қоқан-лоққы жасалға­нын, соққы­ға жыққа­нын тәу­ел­сіз ақпа­рат құрал­да­ры жаз­ды. Жасал­маған қыл­мысты мой­ын­да­ту үшін әлгін­дей «сын­ды­ру» тәсіл­дері қол­да­ны­лған жоқ па деген күмәндамыз.

Сая­си тап­сы­ры­спен сот­талған­дар­дың заң бұзу­шы­лы­ққа бар­маға­ны­на, қыл­мыс жаса­маға­ны­на көп­шілік­тің көзі жет­кен. Соған қара­ма­стан, сая­си қай­рат­кер­лер­ге, қоғам­дағы бел­сен­ді аза­мат­тарға басқа­ша айып тағы­лып, сот­тау белең алып бара­ды. Жоға­ры­да атта­ры аталған аза­мат­та­ры­мыз солар­дың қатарында.

Біз Жан­бо­лат Мамай­ды әлгін­дей қыл­мыстық әре­кет­ке бар­ды деген­ге сен­бей­міз. Қуда­лау орын­да­ры­ның кел­тір­ген уәж­дері ила­ным­сыз, көңіл­ге қоным­сыз. Жер­ді қорға­у­шы пат­ри­от жігіт­тер­ді басқа істе­гі сот­та­лушы­лар­мен бай­ла­ны­сты­рып, қол­дан іс құра­с­ты­ру көріністері қай­та­ла­нып жатыр. М.Боқаев пен Т.Аянның соты бұр­ма­ла­у­шы­лы­қтың ізін жасы­ра алма­ды, судья әділет­сіздік жаса­ды. Мұның бәрін көріп отыр­мыз. Сол кеп­ті енді Ж.Мамайға қай­та­ла­мақ көрінеді.

37-нің елесі бүгін­гі күні осын­дай қатер төн­гізіп жат­са, қол қусы­рып қалай оты­ра­мыз! Қалай­ша даб­ыл қақ­пай­мыз! Ондай зауал­ды дереу елден ала­ста­ма­са, қуғын-сүр­гін­нің топа­лаңы халы­қты қасірет­ке ұшы­ра­та­ды. Біз Сізді сон­дай сорақы сая­сат­ты қол­дай­ды, соған жол береді деген­ге қимай­мыз. Ала­пат қатер­дің алдын алы­ңыз, дереу тоқтам сал­ды­ры­ңыз! Біз соны сұрай­мыз және талап етеміз!

Қаза­қста­ны­мы­зда сая­си қай­рат­кер­лі­гі үшін құр­бан болған­дар­дың, жапа шек­кен­дер­дің бұдан әрі қата­ры көбей­месін! Аза­мат­тар құқы­ғын қорға­удың орны­на жоға­ры­дан түс­кен тап­сы­ры­сты орын­дау үшін заң­ды бұр­ма­лап, қол­дан қыл­мыс­кер жаса­у­шы­лар жаза­лан­бай келеді. Қай­та шен­дері өсіп, жоға­ры қыз­мет­тер­ді иеле­неді. Сон­ды­қтан ондай­лар асы­ра сіл­те­уден тай­ын­бай­ды және әре­кет­терін одан әрі жалға­сты­рып, ауқы­мын ұлғай­та­ды. Мұн­дай­ға қар­сы­лық бол­май қой­май­ды. Қақты­ғы­стар осы­дан туа­ды. Сая­си қуда­ла­у­шы­лық, заң билі­гін пай­да­ла­нып басып-жан­шу сая­си өзгерістер жаса­уды талап ету күресіне ұла­са­ды. Бұл қазір­гі әлем тарихы­нан бел­гілі жайт. Содан тағы­лым алға­ны­мыз жөн.

Біз қоғам, мем­ле­кет үшін пай­да­сы мол бел­сен­ді аза­ма­ты­мы­зға – жари­я­ланған мақа­ла­ла­ры мен митин­гілер­де сөй­ле­ген сөз­дерін­де жемқор­лы­қты, даңға­за­лы­қты, көз­бо­я­у­шы­лы­қты әшке­ре­ле­ген, көр­ші елдер­дің импе­ри­я­лық астам­шы­лы­ғы­на, эко­но­ми­ка­лық экс­пан­си­я­сы­на үне­мі қар­сы пікір туғы­зған, сақтан­ды­рған жур­на­лист, «Три­бу­на. Сая­си қалам» газетінің бас­шы­сы­на – Жан­бо­лат Мамай­ға жаса­лып жатқан сая­си қуда­ла­уды дереу тоқта­ту қажет­ті­гін қапе­ріңіз­ге саламыз.

Есім­дері аталған, атал­маған басқа да ерлері­міздің қапас­тан боса­ты­луын талап етеміз!

Жастар – біздің бола­шағы­мыз. Сол бола­шағы­мы­зға бал­та­ның жүзі, сая­сат­тың ызғы­ры­ғы тимесін!

 

Серік­бол­сын Әбділ­дин – мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері; Қаб­деш Жұма­ді­лов – Халық жазу­шы­сы, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері; Софы Сма­та­ев – жазу­шы, «Алаш» сый­лы­ғы­ның иегері; Ғаб­бас Қабы­шев – жазу­шы, қоғам қай­рат­кері; Мұх­тар Шаха­нов – ақын, Халық жазу­шы­сы ; Темір­хан Медет­бек – ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері; Тоқтар Әубәкіров – Халық Қаһар­ма­ны, Кеңес Одағы­ның Баты­ры, Мұрат Әуе­зов – мәде­ни­ет­та­ну­шы-ғалым, дипло­мат, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері: Иран-Ғай­ып – ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері; Әмір­жан Қоса­нов – сая­сат­кер; Гүл­жан Ерға­ли­е­ва – жур­на­лист; Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы – жур­на­лист; Ермұрат Бапи – жур­на­лист; Талғат Айт­бай­ұ­лы – жазу­шы, пуб­ли­цист; Әмір­хан Мең­де­ке – жазу­шы, т.б.

 

 

ifex НАЗАРБАЕВТАН жур­на­ли­сті қуда­ла­уды ТОҚТАТУҒА ШАҚЫРДЫ

 

Ой-пікір еркін­ді­гі құқы­ғын қорғау ұйым­да­ры­ның халы­қа­ра­лық желісі (IFEX) қаза­қстан­дық жур­на­лист Жан­бо­лат Мамай­дың қама­лып, қуғын­да­лып жатқа­ны­на алаң­да­у­шы­лық таныт­ты. IFEX Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың аты­на жазған үнде­уін­де Мамай­ды Алма­ты­дағы тер­геу абақты­сын­да қысым көр­гені тура­лы мәлім­де­мені тер­геп, оны қуда­ла­уды тоқта­туға және оған қаты­сты сот про­цесін әділ өткізу­ге шақыр­ды. IFEX соны­мен қатар мәлім­де­месін­де Мамай­дың жұбай­ы­на доқ көр­сетіл­генін тер­геп, жур­на­лист пен оның отба­сы­ның бола­шақтағы қауіп­сізді­гіне кепіл­дік беру­ге шақырды.

Мәлім­де­ме­ге 29 құқық қорғау ұйы­мы, оның ішін­де Алма­ты­дағы «Әділ сөз» сөз бостан­ды­ғын қорғау ұйы­мы, «Артикль 19», «Жур­на­ли­стер­ді қорғау коми­теті», «Цен­зу­ра индексі» және басқа да ұйым­дар қол қойған.

Оппо­зи­ци­я­лық «Три­бу­на. Сая­си қалам» газетінің редак­то­ры Жан­бо­лат Мамай ақпан­ның басы­нан бері бұры­нғы бан­кир Мұх­тар Әбі­ля­зо­втің «БТА Банк­тен» жымқыр­ды делін­ген қар­жы­ның бір бөлі­гінің ізін газет арқы­лы қар­жы­лық опе­ра­ци­я­лар жасап жасы­рған деген күдік­пен қамауда отыр. Бірақ Мамай өзіне тағы­лған айып­ты мой­ын­да­май­ды. 2009 жыл­дан бері Еуро­па­да жүр­ген оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зов бұл айып­та­уды «абсурд» деп атап, Мамай­мен ешқа­шан кез­дес­пе­генін мәлімдеген.

Ақпан­ның соңын­да Мамай адво­ка­ты Жанар Балға­ба­е­ва арқы­лы Алма­ты­дағы тер­геу абақты­сын­да «басқа тұтқын­дар тара­пы­нан соққы жеп, мораль­дық қысым көр­генін» жет­кіз­ген. Мамай­ға кіріп шыққан Ұлт­тық пре­вен­тив­тік меха­низм өкіл­дері билік­тен оның қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етуді талап еткен. Құра­мы­на қаза­қстан­дық жур­на­ли­стер мен құқық қорға­у­шы­лар кіретін Мамай­ды қорғау коми­теті де оның қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етуді талап еткен.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн