Суббота , 5 июля 2025

Света АЙТБАЕВА: ДИМАШТЫ «МЕН ТАПТЫМ» деп мақтануға қазағымнан қорқамын…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (379) от 20 апре­ля 2017 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 


– Ең алды­мен, эст­ра­да әле­мін­де жаңа құбы­лыс деп таны­лған Дима­штың бас бәй­ге­ге бер­гісіз екін­ші оры­ны құт­ты болсын!

– Көп-көп рах­мет! Қуа­ны­шым­да шек жоқ. Бұл тек біздің – бір әулет­тің ғана қуа­ны­шы емес, бүкіл қаза­қтың қуа­ны­шы, елдің жеңісі деп білем. Осы үш ай ішін­де Дима­шты қол­дап-қол­паштаған бар­ша ағай­ы­нға алғыс айтам!

 

– Айт­пақ­шы, осы үш ай ішін­де Димаш бұдан басқа тағы да екі бір­дей халы­қа­ра­лық жүл­де­ге ие бол­ды ғой…

– Иә, мен үшін «Син­гер­дің» бәй­гесі­нен бұрын, осы екі жүл­денің құны қым­бат сияқты. Екі мил­ли­ар­дқа жуық Қытай елі­нен «Ази­я­ның ең таң­да­у­лы әншісі» және «Халы­қа­ра­лақ дәре­же­де­гі әнші» деген екі бір­дей атақ бері­лу – Дима­шқа емес, қаза­қтың эст­ра­да өнеріне деген құр­мет деп баға­лаған жөн сияқты. Бұл анау-мынау емес, қиын­ды­ғы мол бай­қау бол­ды. Мұн­да әншінің дауы­сы ғана емес, білі­мі, сөй­лей білу мәнері, сахна­дағы мәде­ни­еті – бәрі-бәрі қат­ты қадағаланды.

 

– Деген­мен, Дима­шқа «Син­гер» бай­қа­уы­ның бас бәй­гесі беріл­ме­гені көңіліңіз­ге кір­бің салған жоқ па?

– О не дегеніңіз! Ешқан­дай өкініш жоқ. Айт­тым ғой – Дима­штың екін­ші оры­ны бас бәй­ге­ге бер­гісіз жеңіс. Ең басты­сы – Димаш эст­ра­да­ның әлем­дік есі­гін ашты. Бұл – екінің бірінің маң­дай­ы­на жазы­ла бер­мей­тін мүм­кін­дік. Екін­ші­ден, бай­қау бары­сын­да Дима­штың өзі де енді­гі­де жеңім­паз ата­ну маңы­зды емес екенін айт­ты. «Дай­ди­да­уды» халы­қа­ра­лық сахнаға шығар­сам деген арма­ны орын­дал­ды, жеңістің көкесі – осы. Бүгін­де «Дай­ди­дау» Азия елдерін­де­гі топ-әндерінің қата­ры­на кір­ді. Бұл – қазақ ән өнері үшін үлкен жеңіс деп ойлай­мын. Қазір­гі таң­да мәсе­ле Дима­штың алған орнын­да емес, халы­қтың оған деген ыстық ықы­лас біл­діруін­де болып тұр. Тіп­тен тіле­улес ағай­ын­ның бар­лы­ғы «Сен онсыз да жеңім­паз­сың!» деп баға бер­се, одан артық қан­дай жеңіс керек, көкем-ау!

 

– Иә, шоу-биз­несі әлем­дік үрді­стен әсте кем түс­пей­тін Қытай елі «Халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі әнші» деп таны­ған соң, Дима­шқа әлем сахна­сы ашыл­ды деген пікір­лер жиі айтылуда…

– Солайы – солай шығар: кекілін жеңістің желі желбірет­кен Дима­шын қазақ елі бұдан да жоға­ры биік­тер­ден көре бер­сін деп тілей­мін! Сон­дай жоға­ры нәти­же­ге дей­ін көтерілуін тілеп келеміз.

 

– Дима­штың бұдан былай­ғы өнер жолын қалай болжай­сыз: Аме­ри­каға кете ме, жоқ әлде Аста­на­дағы оқуын жалға­сты­ра ма?

– Дима­штың алға қой­ған жос­па­ры көп. Ең басты жос­пар – осы беті­нен тай­май, ары қарай еңбек­те­нуі керек. Әншілік өнер күн­делік­ті дай­ын­ды­қты қажет ете­ді. Дауы­стың өзі жат­ты­ғу­мен шың­да­ла­тын құдірет.

Екін­ші­ден, қазір­гі білім алып жатқан Қазақ ұлт­тық өнер уни­вер­си­тетінің рек­то­ры Айман Қожа­бекқы­зы (Мұсақо­жа­е­ва – Ред.) Димаш бірін­ші курс оқып жүр­генін­де: «Мына бала­ның қабілетін, мүм­кін­ді­гін барын­ша ашуы­мыз керек, оған біз­де­гі қаза­қстан­дық маман­дар аздық ете­ді, Дима­шты шетел­дер­де оқы­тып алуы­мыз керек…» – деген еді.

Ал Димаш қазір эст­ра­да бөлі­мін­де оқи­ды. Эст­ра­да­лық жанр біздің елі­міз­де әлі де дұрыс жолға қой­ыл­маған. Оқу орын­да­рын­да ол сала­да арнайы бөлім­дер болға­ны­мен, жоға­ры білік­ті мықты маман­дар тым аз. Жасы­ра­ты­ны жоқ, эст­ра­да­лық әншілер­ді дай­ын­дай­тын маман­дар – Аме­ри­ка­да, Еуро­па­да. Сол жақтар­да білім алу қажет. Айман апай­ы­мыз ақы­лын бер­ген ол кез­де біз Дима­шты әлі жас көр­дік: бұға­на­сы қат­паған, жиыр­ма жастағы бала­ны алы­сқа жібер­гі­міз келмеді.

Негізі, қан­дай да бол­са, бала­ның бар­лық бол­мысы, ой-сана­сы әбден қалып­тасқан­нан кей­ін ғана шетел­ге баруы керек деп ойлай­мын. Себебі жастар әрне­ге елік­те­гіш келеді, басқа, бөтен ағым­дар­дың ырқы­на түсіп кетуі мүм­кін. Сон­ды­қтан бой­ы­на ұлт­тық құн­ды­лы­қты әбден сіңіріп, ойы жетіл­ген­нен кей­ін ғана бар­са, шетел­ден жан-жақты маман болып қайтады.

 

– Айт­пақ­шы, Димаш Аме­ри­каға кет­се, сол елде қалып қояды деушілер де бар ғой…

– Ол қате түсінік. Ол бар­са, білім жина­уға, арнайы кон­церт­тер­ге, үлкен жоба­ларға қаты­су үшін ғана бара­ды. Тек қазақ үшін еңбек ете­ді. Ең басты мақ­са­ты – осы. Қазір ол үшін­ші курс сту­ден­ті. Қалған бір жылын асы­қ­пай, осын­да бітіріп шыға­ды. Оқу орнын­да осы күн­ге дей­ін өте жақ­сы жағы­нан көрініп кел­ді. Был­тыр уни­вер­си­тет­тің «Үздік сту­ден­ті» деген атаққа ие бол­ды. Бірін­ші кур­ста оқып жүр­ген­де, уни­вер­си­тет оны Мем­ле­кет­тік «Дарын» сый­лы­ғы­на ұсын­ды. Дима­штың бұған дей­ін­гі жет­кен жетістік­тері, бар­лық мара­пат­та­ры – алды­мен Қазақ ұлт­тық өнер уни­вер­си­тетінің сту­ден­ті ретін­де беріл­ген дегені­міз жөн.

 

– Деген­мен, Дима­штың Қытай­дағы жан­күй­ер­лері мил­ли­он­дап дауыс жинап жатқан­да, біздің елде­гі жеке­ле­ген қызыл­көз көре­ал­мау­шы­лар­дың әле­умет­тік желі­де жазып жатқан керіа­уыз сөз­дері көңіліңіз­ге тимей ме?

– Әрине, нешетүр­лі пікір­лер бола­ды. Бірақ бір қуа­на­ты­ны­мыз, қисын­сыз пікір­лер өте аз, 99 пай­ы­зы тек жақ­сы пікір­лер. Қан­ша деген­мен, мен ана­сы­мын, әйел адам­мын: ондай кереғар пікір­лер­ге жаным ауы­ра­ды. Оған Димаш мән бер­ме­уі мүм­кін, тіп­ті оны оқуға уақы­ты да болған жоқ. Кей­бір артық айты­лған пікір­лер менің көңілі­ме келетіні рас. Деген­мен, ондай ұсақ-түй­ек сөз­дер­ді жал­пы жұрт­тың кере­мет пікірі, ағы­лған ақ бата­ла­ры, қол­дау көр­се­ту­лері шай­ып кетіп отыр­ды. Дима­шқа үлкен қол­дау көр­сет­кен қара­пай­ым халқы­ма қат­ты ризамын!

Қалай десек те, қоғам­дағы әртүр­лі құбы­лыс пен оқиға­ларға әр адам өз пікірін айтуға қақы­сы бар деп ойлай­мын. Сон­ды­қтан анау-мынау айты­лған ұсақ-түй­ек пікір­лер­ді елең қылғым кел­мей­ді. Дима­шқа даңқты Бибі­гүл апа­сы Төле­ге­но­ва, атақты опе­ра әншілері Сүн­дет Бай­ғо­жин, Май­ра Мұха­медқы­зы, ешқай­да бұра тарт­пай­тын Лаки Кесо­глу, әйгілі ком­по­зи­тор Кеңес Дүй­се­ке­ев аға­мыз – тіп­ті бәрін тізіп шығу мүм­кін емес, көп­шілік май­тал­ман­дар бата­ла­рын бер­ді. Егер ән өнерінің осын­дай хас шебер­лері сыни пікір айт­са, расы­мен уай­ым­дай­тын едім.

Қаза­ққа таны­мал Сәкен Май­ға­зи­ев, Тоқтар Сері­ков, Мей­рам­бек Бесба­ев аға­ла­ры да Дима­штың тіле­уін тілеп жүр. Димаш осы жігіт­тер­дің қолын­да өсті деп айт­са да бола­ды. Себебі кіш­кене күнін­де бар­лы­ғы Дима­шты қол­да­ры­на алып, көтеріп жүретін. Димаш өнер­де­гі аға-апа­ла­ры­ның ортақ бала­сы. Ұлы­қ­пан Жол­да­со­втың отба­сы біз­бен бір­ге Қытай­ға барып, Димаш бала­ла­ры­на жан­күй­ер болып қайт­ты. Тіле­улес болған бар­ша халқы­ма риза­шы­лы­ғым­ды білдіремін!

– Айт­пақ­шы, Дима­штың әкесі Қанат аға бұдан былай Дима­штың қасын­да қала бере ме?

– Иә, про­дю­сері болып қал­мақ. Бұл біздің отба­сы­мыз туған-туы­сқан­дар­мен, жана­шыр ағай­ы­н­мен бірі­гіп шеш­кен мәсе­ле. Тіп­ті облыс бас­шы­лы­ғы­мен де ақыл­да­стық. Дима­шқа бір-екі бай­қа­уға ғана қаты­са­тын әнші деп қараған жоқ жұрт. «Бұл бала қазақ бет­ке ұстар, қаза­қтың өнер дең­гей­ін жоға­ры көте­ретін әнші» деп, баға беріп оты­рған­да, оның қасын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет деген не, тәй­ірі? Дима­штың жанын­да нағыз жаны аши­тын адам болуы керек. Ол – әкесі, әрине. Қазір­гі кез­де Алпа­мыс Шари­мов деген досы бар­лық жұмысын тастап, Дима­штың қасын­да жүр. Жал­пы, қан­дай да бол­сын өсіп келе жатқан бала­ны қат­ты наза­рда, қадаға­ла­уда ұстаған дұрыс қой…

 

– Әлем­ге таны­лған талант­тың ана­сы болған қалай бола­ды екен?

– Әлем­ге таны­лған жұл­дыз бол­са да, Димаш мен үшін әлі де кіш­кен­тай ғана бала. Балам­ның тек аман болуын тілей­мін. Ғұмы­ры ұзақ бол­сын, тіл-көз­ден сақ­та­сын деп, тіле­уін тілеп оты­ра­мын. Кей­біре­улер «Дима­штың Қытай­дағы жан­күй­ер­лері шулап жатыр, ал біздің қазақ үнсіз» дей­ді. Үнсіз болға­ны да жөн шығар: біз – қазақ бала­мы­зға қат­ты назар салуға да қорқа­тын халы­қ­пыз. Себебі тіл-көз секіл­ді сұға­нақты­қтан қат­ты қорқа­мыз. Сон­ды­қтан іші­міз елжіреп, жүре­гі­міз жанып тұр­са да, ондай эмо­ци­я­мы­зды сыр­тқа шыға­ра бер­мей­міз. Халқы үнде­мей оты­рып-ақ, Дима­штың тіле­уін тілеп отыр деп ойлаймын.

Шыным­ды айт­сам, қаза­қты өнері­мен әлем­ге таны­та ала­тын бала­ны дүни­е­ге әкел­дім деп, өз басым мақта­на алмай­мын. Ондай оғаш сөз­ден ұяла­мын, ішкі дүни­ем жібер­мей­ді. Талант­ты тап­тым деп, еліретін­дей мен кім­мін – әнші бол­сам да, қалың қаза­қтың бір ғана әйелі­мін?! Қаза­қта мықты, кере­мет жігіт­тер­ді дүни­е­ге әкеліп жатқан ана­лар көп қой. Сон­дай әр ана секіл­ді қаза­қтың қара дома­лақ бір бала­сын өмір­ге әкел­дім деп қана ойлай­мын. Мен үшін құдай­дың бер­ген үш бала­сы, қаза­қтың өсіп келе жатқан ұрпағы аман бол­са – болға­ны! Әйел-анаға бұдан басқа қан­дай бақыт керек?!

 

– Димаш енді сіз­дер­дің емес, бар­ша қаза­қтың бала­сы ата­нып кет­кені қызға­ныш тудыр­май ма?

– Әсте солай бол­сын! Қазақ айт­пақ­шы, «Балам­ның арқа­сын – елге, аяғын – жер­ге тап­сыр­дым»! Оның даңқын асы­ра­тын да, қоше­мет-мей­ірі­мін төсей­тін де – өзінің халқы. Өнер – халы­қты­кі, өнер­паз – сол өнер­ді арқа­ла­у­шы адам. Енде­ше Дима­шым­ның дүй­ім елге бала болға­ны мен үшін мақта­ны­штан басқа сезім туды­руы тіп­ті де мүм­кін емес. Дәл осы ара­да «Дима­шты мен тапқам!» деп сәл-пәл мақта­нуға да қорқа­мын (күл­ді)…

 

– Дима­штың бір ғана кон­церт­тік костю­мі 20 мың дол­лар­дан артық бағаға саты­лып жатқан­да, оның бола­шақ жеңістері мен табыст­а­рын көз алды­ңы­зға еле­с­те­те ала­сыз ба?

– Біз­де бала­мыз арқы­лы табыс табай­ық деген ой ешу­ақыт­та болған емес. Әйте­уір қолы­мы­здан кел­ген­ше білім­мен сусын­да­тып, тәр­бие беріп келе­міз. Әр бала­ның өз несі­бесі, маң­дай­ға жазы­лған жазуы бола­ды. Ондай тағ­дыр­дан айна­лып өту мүм­кін емес шығар…

Ал кон­церт­тік костю­мін сатқа­нын әле­умет­тік желілер­дің бірі­нен естідім. Ол сол Қытай­дағы жоба­ның ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры жасаған қай­ы­рым­ды­лы­ққа қосқан шара­сы екен. Киген костю­мін сатып, ақша табу – Дима­штың қолы­нан кел­мей­тін кәсіп. Оған оның ұяты жібер­мей­ді, тәр­би­есі солай. «Киі­мін сатып­ты…» деген­ді есті­се, мама­сы мен папа­сы (ата­сы мен әже­сі – Ред.) Дима­штың әкесін таны­та­ды, біз Қанат еке­уі­міз ара­ша түсе алмай қала­мыз… Құдай сақтасын!

 

– Ал енде­ше Қытай­дан Димаш әкел­ген жеңісі­міз құт­ты бол­сын! Димаш қаза­қтың ән өнерін жаңа биік­ке шығар­ды, ол эст­ра­даға құбы­лыс әкел­ді деген халы­қтық баға баян­ды бол­сын, Све­та ханым!

– Рах­мет! Мұн­дай сөзді есту­ге әдет­тен­бе­ген­дік­тен бе – бір­түр­лі қора­шта­нып қала­ды екен­сің… Осы үш айдың ішін­де Дима­шты қол­дап, оның суретін сая­си газет­тің бірін­ші бетіне шыға­рып, тіп­ті арнайы скан­ворд құра­с­ты­рған «ДАТ» газетінің редак­ци­я­сы­на және қалың оқыр­ма­ны­на алғыс айтамын!

 

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН,

[email protected]

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн