Суббота , 5 июля 2025

«ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАҢҒЫРЫҒЫБІЗДІ ҚАЙДА БАСТАП БАРАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (379) от 20 апре­ля 2017 г.

 

ДАТ-САУАЛНАМА

 


 

ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «Еге­мен Қаза­қстан» газетін­де жари­я­ланған «Бола­шаққа бағ­дар: руха­ни жаңғы­ру» атты мақа­ла­сы­на пікіріңізді біл­гі­міз келеді» деп, бір топ қоғам өкіл­дерін сау­ал­на­маға тар­тқан едік. Сон­дағы біл­мек болға­ны­мыз – пре­зи­дент бұл мақа­ла­сын­да «жаңғы­ру­дың ең басты шар­ты – ұлт­тық код­ты сақтай білу» деген екен:

• Сіз осы басты шар­тқа келі­сесіз бе?

• Ең алды­мен «ұлт­тық код­ты сақтау» үшін елде сая­си өзгеріс болуы қажет деген тұжы­ры­мға қалай қарайсыз?

• Сана­сын­да сая­си ерік-жігері (сөз бостан­ды­ғы, әділет­ті сай­лау, т.б.) жоқ аза­мат толық мән­де­гі руха­ни және мәде­ни жаңғыр­туға дай­ын бола­ды деп ойлай­сыз ба?

• Пре­зи­дент ұлт­тық жаңғы­руға бай­ла­ны­сты таяу жыл­дарға бел­гіле­ген мін­дет­тер­дің ішін­де де сая­си жаңғы­ру (өзгерістер) мәсе­лесі сөз бол­май­ды. Осы тұрғы­дан алған­да, бұл мақа­ла пре­зи­дент­тің халы­қты кезек­ті алдарқа­туы деп баға­ла­у­ға бола ма? – деген сұрақтар­дың жау­а­бы еді.

 

 

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ, фило­соф-пуб­ли­цист: Билік халқы­ның «кодын» ӘЛІ ТАБА АЛМАҒАН БА?..

 

Ұлт­тық код дей­сіз бе? Ұлт­тық код, ұлт­тық код.…

Жек­сен­бі күні «Қаза­қстан» теле­ар­на­сы­нан Айдос, Әмір­жан, Дар­хан, Абы­лай пре­зи­дент­тің мақа­ла­сын талқы­ла­ды. Хабар­дың соңын­да «ұлт­тық код» тура­лы сұрақ қой­ы­лып, оған Дар­хан Қале­та­ев «бұл өте терең сұрақ» деді. Негізі, айтқа­ны дұрыс. Себебі, қай заман­да бол­ма­сын, қан­дай билік бол­ма­сын, егер ол өзі басқа­рып оты­рған халы­қтың «ұлт­тық кодын», нақты­сын­да, құпи­я­сын жасы­рған алтын сан­ды­қтың «кіл­тін» тап­са, онда билік­тің бағы жанға­ны! Осы тұрғы­дан, жоға­ры жақтың ол «код­ты» енді ғана «ізде­стіріп» жатқа­ны­на қараған­да – билік халқы­ның «кодын» әлі таба алмаған ба деген ой туындайды…

Алай­да бұл сөзім­ді сар­казм деп қабыл­да­маңы­здар. Шын­дық осы. Неге десеңіз­дер, айтай­ын, 1999 жылы, жаңа мың­жыл­дық баста­луы қар­саңын­да пре­зи­дент Н.Назарбаевтың «Тарих толқы­нын­да» атты кіта­бы шығып, қазақ жұрт­шы­лы­ғы оны жылы қабыл­дап еді. Сол кітап­та пре­зи­дент­тің бүгін­гі мақа­ла­сын­да айты­лған ойлар­дың көбі егжей-тег­жей­лі баян­далған. Сол кітап­та көтеріл­ген мәсе­ле­лер­ге бай­ла­ны­сты 2004 жылы «Мәде­ни мұра» жоба­сы, одан кей­ін қазақ тарихы­ның деректерін жинау жос­па­ры өмір­ге кел­ді. Әрине, мұның бәрі өз тарихы­ң­ды тану үшін жасалған қадамдар.

Бірақ халық тек тарих­пен өмір сүр­мей­ді, олар тари­хи жадын, яғни мың жыл­дар бойы қалып­тасқан өмір сүру тәжіри­бесін жаңғыр­та оты­рып – жаңа тарих­ты жасай­ды! Ал, егер халық өз тарихын жаса­удан тысқа­ры қалып отыр­са, онда – ондай халы­ққа тарих­тың қажеті қанша?

Міне, жұрт­тың «Тарих толқы­нын­да» кіта­бын жылы қабыл­дай оты­рып, үміт еткен­де­гі басты шарт: «Қаза­қстан – Қазақ ұлты­ның мем­ле­кеті» деген қағи­да­ның іске асуы еді. Ол дегеніңіз: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да баста­пқы руха­ни құн­ды­лы­қтар – қазақ халқы­ның дәстүр-сал­ты, тілі, мәде­ни­еті, мүд­десі» деген ере­жені мой­ын­дау болатын.

Содан бері 20 жыл­дай уақыт өтті. Біз әлі күн­ге ол тари­хи әділет­тілік­ке қол жет­кіз­бедік, яғни шарт орын­дал­ма­ды. Ал жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на алған билі­гі­міз код­ты (алтын сан­ды­қтың кіл­тін) қажет етпе­ді. Есесіне ол «тарих­ты жасау» бары­сын­да «ұлт­тық код­тан» мүл­дем бөлек «құн­ды­лы­қтар­ды» өмір­ге әкел­ді. Ол – бүгін­де атағы дүр­кіреп тұрған жемқор­лық! Ол жағы­нан әлем­де алды­ңғы қатар­да­мыз. Жемқор­лы­ққа жабысып, небір сұм­ды­қтар да қап­тап кіре баста­ды… Біздің «ұлт­тық коды­мыз» осы ма еді?!

Қазақ коды­ның бірі – рула­сып, қауым­да­сып тір­шілік ету. Ежел­ден қазақ бір-бірін руы арқы­лы таны­ған, «сұра­с­ты­ра келе қарын­бө­ле болған». Руын біл­ме­ген тексіздік­ке баланған, ондай тексіз­дер­ден сақтанған. Себебі сатқын­дық алды­мен «русыздар» тара­пы­нан жасалған. Мем­ле­кет­тік құры­лым тұрғы­сы­нан қара­сақ, қазақ рула­ры (жүз­дері) өздері оты­рған шека­ра­лық аймақтың қорға­луы­на, шару­а­шы­лы­ғы­на және т.б. жау­ап­кер­шілік­ті болған. Әрбір жүз­ге елдің сыр­тқы шека­ра­сын қорғау арқы­лы, өзге рула­ста­ры­ның (жүз­дер­дің) артын (тылын) қорғау мін­дет­тел­ген. Соған сай, әр жүздің маң­дайы мүм­кін болар­лық жауы­на қарап тұрған. Осы­ны ескер­ген дана­гөй Төле би қос қанат­тан қыспақ көріп, жау­гер­шілік­пен аттан түс­пе­ген Кішіні – Баты­рым деген, алып көр­шілер­мен ара­лас-құра­ла­сы мол, көп­ті көр­гені көбірек Орта­ны – Ақы­лым деген, түгі тарт­са майы шығар, шару­а­шы­лы­ққа ыңғай­лы өңір­ді мекен­де­ген Ұлы­ны – Бай­лы­ғым деген. Бұл сол заман­дар­да қазақ елін бірік­тір­ген кере­мет идео­ло­гия бол­ды! Яғни, мұн­дағы үштаған – АҚЫЛ, БАЙЛЫҚ, БАТЫРЛЫҚ!

Осы идео­ло­ги­я­ны ғасыр­лар бойы ту еткен Қазақ елі небір апат­ты жағ­дай­лар­дан қан­сы­рап жат­са да, аман шығып отыр­ды. Бұл идео­ло­гия Қазақ жұр­ты­нан өзге елде бол­маған! Ондай идео­ло­ги­я­ны кез кел­ген мем­ле­кет қуа­на қабыл­да­уға даяр. Бірақ, өкініш­ке қарай, оны қазір­гі қазақ атқа­мі­нер­лері қабыл­да­май отыр.

Мен мұны не себеп­тен айтып отыр­мын? Себебі, қазір­гі қазақ коды оның мағы­на­сын басқа­ша түр­лен­діріп жібер­ді. Бірін­ші­ден, «ақыл­ды» алай­ық. Код бой­ын­ша Ақыл – бар­лық жігер елдің жағ­дай­ын жақ­сар­туға, Отан­ды – Отан ету­ге, халы­қтың өзін бақыт­ты сезі­нуіне бағыт­талған «Ел басқа­ру­дың» озық үлгісі еді. Екін­ші­ден, «бай­лы­қты» алай­ық. Код бой­ын­ша Бай­лық дегені­міз – бере­ке-бір­лік еді! «Ынты­мақ – ырыс шақы­ра­ды» деген қазақ жеті­мін жылат­пай, жесірін жатқа бер­мей, қазы­наға қазы­на қосу­ды мұрат етті. Яғни, Бай­лық та халы­ққа қыз­мет етудің түрі еді.

Үшін­ші­ден, Батыр­лық тура­лы. Оны «Отан­ды сезі­нудің» шыңы десе бола­ды. Ары мен намысын өмірі­нен жоға­ры қой­ған қазақ елі мен жері үшін «жан­пи­даға» даяр болуы керекті­гін ұғу арқы­лы – Елі мен Жерінің киесін бой­ы­на сіңір­ген! Батыр­лық – қаза­қтың алын­бас қама­лы еді!

Енді не болды?

Енді «ақыл» – сыбыр­лаған сөз бол­ды… Оның мағы­на­сы­на «жағым­паз­дық», «күң­шіл­дік» деген кесел­дер кіріп алып, бүгін­де тіп­тен бір-бірін аяқтан шалған­ды «қазақ» деп мақта­на­тын бол­дық. Ақыл­дың орын арсыздық басып бара жатқандай…

Бай­лық… Ол ұғым да рыца­рь­лық өр-биік­тен құл­ды­рап төмен түсті. Бұл «бай­лық» – ұят, қанағат деген асыл қыры­нан ажы­раған, қары­мы жоқ, елді тұта­сты­ру­ды емес, өза­ра дау­ла­сты­ру­ды-жау­ла­сты­ру­ды жалға­сты­ру­да… Әрі ол қаза­ққа емес, шет­ке қарап, бөтен­ді аңсап тұр.

Батыр­лық… Ол тура­лы сөз айту да қиын. Бүгін­гінің «батыр­ла­ры» Сири­яға барып соғы­су­дан кет әрі емес… Ал «елім-жерім» деп шыққан асыл­дың сыны­қта­рын (код сақ­шы­ла­рын) түр­ме­ге салып, код­тың аяқ-қолы­на кісен салып қой­дық… Кезін­де Хиуа­ның зын­да­нын­да талай қазақ баты­ры қор бол­ды. Бүгін­де ол үшін Хиуа­ның кере­гі бол­май қал­ды… Өткен жер дауын­да елба­сы: «Жері­мізді қорғай­тын батыр­лар бар екен» деді толқып.. (Бәл­кім, ол код­тың ояну көрінісі шығар). Бірақ ол код бүкіл қазақ бой­ын­да қашан ояна­ды – мәсе­ле сонда!

Сөз соңын­да пре­зи­дент­ті осы тақы­рып­та мақа­ла жазуға итер­ме­ле­ген себеп-сал­дар­лар­ды да аны­қтай кету дұрыс па дей­мін. Менің­ше, басты себеп – жаһан­да­ну­дан туын­дай­тын себеп­тер. Жаһан­да­ну дәуiрiн­де әлем бiр­тұ­тас жүй­е­ге айна­луға ұмты­ла­ды. Сон­ды­қтан ұлт­тық мәде­ни­ет­тер озық тех­но­ло­гия, жаңа мағы­на­лар­мен толы­ға­ды. Бірақ оған әрбір мем­ле­кет тек «өзін­дік бір­лік» ретін­де ғана енеді. «Өзін­дік бір­лік» дегені­міз – жеке ада­мға қаты­сты алсақ, «бүтін бол­мыс». Осы­ны қоғам мен мем­ле­кет­ке қаты­сты айт­сақ – «өзін­дік бір­лік» болып шыға­ды. Яғни, «өзін­дік бір­лік» – мем­ле­кет­тің кел­беті мен дәстүрін, эко­но­ми­ка­лық тігісін, мәде­ни оқша­улы­ғын, руха­ни кемел­ді­гін, тілі мен діни бағы­тын, мем­ле­кет­тік басқа­ру тәсілі мен заң­дар жиын­ты­ғын және т.т. ерекшелік­терін білдіреді.

Бар­лық дамы­ған елдер сыр­тқы әлем­мен «өзін­дік бір­лік» ретін­де қарым-қаты­нас жасап отыр. Бұл – кез кел­ген мәсе­лені халы­қа­ра­лық нор­ма­ларға сай өз мүд­де­лері тұрғы­сы­нан шешу­ге мүм­кін­дік беретін тетік. Мыса­лы, көр­ші Қытай еліне бара қал­саңыз да, Ресей­ге бар­саңыз да – оны айқын сезі­несіз. Еуро­одаққа бірік­кен елдер де өз ерекшелі­гіне мән береді. Бұл үрді­стен Қаза­қстан да тысқа­ры қал­мауы тиіс. Пре­зи­дент­тің бұл мақа­ла­сы осы ойға мең­зеп тұр. Мұн­да «даму субъ­ек­тісі» ретін­де ұлт­тық құн­ды­лы­қтар (код) алы­нған. Басқа­ша айтқан­да – астар­лы түр­де «Қазақ мем­ле­кетін мой­ын­дау» мәсе­лесі «код» деп беріл­ді. Ал қаза­қтың «ұлт­тық коды» нағыз демо­кра­ти­я­шыл (әділет­ті) екенін біз жақ­сы біле­міз. Енде­ше неге қолдамасқа!

 

Қасым АМАНЖОЛ, жур­на­лист: Үш мәсе­лені ТҮСІНБЕДІМ

 

Оқып шықтым. Үш мәсе­ле­ге түсіне алма­дым: 1. Либе­ра­лизмді ком­му­низм мен фашиз­мнің қата­ры­на қой­ып, «өткен ғасыр­дағы күй­ре­ген иде­я­лар» қата­рын­да атап жібер­гені таң қал­дыр­ды. Адам құқы мен заң билі­гі, бәсе­келі нарық, әділ сай­лау, еркін сөз, т,б. дамы­ған әлем жет­кен терең құн­ды­лы­қтар сол либе­ра­лизм жемісі емес пе еді?

2. «Білім­ге бөлі­нетін бюд­жет қара­жа­ты жөні­нен әлем­де­гі ең алды­ңғы қатар­лы елдің бірі­міз» делін­ген мақа­ла­да. Мұғалі­мінің жалақы­сы отба­сы­ның азы­ғы­на жет­пей­тін ол нен­дей «алды­ңғы қатар»?

3. «Рево­лю­ци­я­ның бар­лы­ғы түп­теп кел­ген­де қан­тө­гіс пен эко­но­ми­ка­лық күй­ре­у­ге әке­леді» деген ескі наси­хат­ты тағы оқуға тура кел­ді. Рево­лю­ци­ядан соң гүл­ден­ген елдер­дің де бар екенін ескер­тетін жан табыл­ма­ды ма? Егер осын­дай бір­ша­ма қара­пай­ым қай­шы­лы­қтарға тірел­ме­сек, мақа­ла аса жаман емес. Жаз­ба­ның ғала­мат­ты­ғын айта­тын науқан баста­лып кет­кен­дік­тен, о бәй­ге­ге қосыл­май-ақ қояйын.

Айт­пақ­шы, «100 есім» деген­дей циф­рға жабысқан арзан­дау жоба­ла­ры да аса тарт­па­ды. Елде «бренд есім­дер» емес, қара­пай­ым еңбек­кер, өз ісінің қатар­дағы үздік маман­да­ры баға­лан­са ғой. Баяғы Қай­рат Нұр­тас, Димаш сияқты әншілер­ге жап­пай тала­са берудің қажеті қан­ша? Мем­ле­кет жыл­ты­раған шоумен айна­лы­са бер­мей, кіш­кен­тай адам­ның тұр­мысы­на бет бұрсашы…

 

Ардақ ӘШІМОВА, бло­гер: Жемқор­лық жай­лаған қоғам­да РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ҚАЙДАН БОЛСЫН?

 

Негізі, ҚР пре­зи­ден­тінің «Бола­шаққа бағ­дар және руха­ни жаңғы­ру» мін­дет­тері, сөз жоқ, тама­ша бағ­дар­ла­ма. Өкініш­ке орай, осы бағ­дар­ла­ма мен мін­дет­те­ме­лер нақты іске асса жақ­сы. Ал егер осы бағ­дар­ла­ма баяғы «2017 жылы біз Орта Ази­ядағы ең қуат­ты да мықты Азия Бары­сы­на айна­ла­мыз» деген сөз сияқты құр жыл­ты­рақ уәде­ге айна­лып кете ме деп қорқа­мын. Қане сол қуат­ты эко­но­ми­ка және мықты Азия Бары­сы? Ешқай­сысы да жоқ.

Сон­дай-ақ пре­зи­ден­ті­міз ұлт­тық код тура­лы сөз қозға­май-ақ қой­са да болар еді. Себебі, өзінің ұлт­тық кодын оқи ала­тын адам «қаза­қта ешқа­шан да шека­ра және мем­ле­кет бол­маған» деген әңгі­мені басқа елдер ести­тін­дей етіп айқай­лап айтпайды.

Сон­дай-ақ ұлт­тық код­ты сақтай­тын адам ешу­ақыт­та «орыс­ша сөй­ле­ген ада­мға қаза­қ­ша жау­ап бер­ген адам­ды жұмыстан қуы­ң­дар» деген сөз­дер­ді де айт­пай­ды. Сон­ды­қтан мені кешіріңіз­дер, пре­зи­дент­тің «ұлт­тық код­ты сақтай білу» деген сөзі – бос сөз.

Егер де пре­зи­ден­ті­міз ұлт­тық код­ты сақтау арқы­лы елде сая­си өзгеріс жасағы­сы кел­се, онда түр­ме­де оты­рған Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ды, Жан­бо­лат Мамай­ды және де басқа да өзінің ұлт­тық кодын оқы­ған пат­ри­от­тар­ды боса­туға тура келеді. Өйт­кені сол түр­ме­де оты­рған батыр­лар өздерінің ұлт­тық кодын шынайы оқы­ған­нан кей­ін жері мен елін қорғап, алаңға шықты емес пе? Міне, нағыз ұлт­тық код­тың сақта­у­шы­ла­ры мен қорға­у­шы­ла­ры – осылар.

Егер пре­зи­ден­ті­міз шын адал ниеті­мен ұлт­тық код­ты сақтағы­сы кел­се, онда Кон­сти­ту­ци­ядағы 26-бап­ты өзгерт­пе­сін және 7‑баптағы, 2‑тармақты алып тас­та­сын. Қытай­дың 51 улы заводын елге кір­гіз­бесін. Қысқа­ша айтқан­да, жер­ді шетел­дік­тер­ге сатуға және арен­даға берем деген деген ойды есі­нен шығар­сын. Міне, сол кез­де ғана елі­міздің шынайы ұлт­тық коды сақталады.

Тағы да ескер­те кететін нәр­се – 1986 жылғы «жел­тоқ­сан­шы­лар­ды» да өзінің ұлт­тық коды алаңға алып шықты.

Негізі, кез кел­ген халы­қтың ұлт­тық коды­ның негізі – сол халы­қтың ана тілі мен туған жеріне тығыз бай­ла­ны­сты­ры­лған. Егер халы­қты осы ең басты екі тұғыр­дан айы­рар бол­са, онда ұлт­тық код та жой­ы­ла­ды. Осы екі басты нәр­се – тіл мен жер сақта­лар бол­са, сон­да ғана руха­ни өрлеу мен жаңа­ру тура­лы сөз айтуға бола­ды. Қалға­ны бос сөз.

Егер елі­міз­де­гі теле­ар­на­лар мен бас­пасөз бет­тері орыс әле­мі мен араб әле­мін наси­хат­та­уды тоқтатқан жағ­дай­да ғана қазақ халқы өзінің ұлт­тық жадын қай­та жаңғыр­та ала­ды. Сол кез­де ғана адам­дар­да сая­си ерік-жігері мен толық руха­ни мәде­ни­етін қай­та жаңғыр­туға бола­ды. Ол үшін сөз бостан­ды­ғы мен әділет­ті сай­ла­у­лар және тағы басқа осы сияқты демо­кра­тия негіз­дерін мықтап қолға алу керек. Сон­дай-ақ праг­ма­тизм­ге қол жет­кі­зу үшін, уни­вер­си­а­да, олим­пи­а­да және ЭКСПО сияқты қажет­сіз нәр­се­лер­ді өткі­зу­ден бас тар­тып, даңғой­лы­ққа жол беріл­ме­уі керек.

Латын әліп­пиіне келер бол­сақ, дәл қазір қиын-қыстау кез­де осы нәр­се біз­ге маңы­зды емес. Негізі, өз басым латын әліп­пе­сіне өту­ге қар­сы емес­пін. Бірақ осы маңы­зды істі мына жемқор­лық жай­лаған қоғам­да іске асы­ру – өте қауіп­ті. Неге десеңіз – күн­делік­ті көріп жүр­гені­міз­дей, білім мен ғылым сала­сын­дағы орын алып оты­рған масқа­ра бас­сызды­қтар соған куә.

Қоры­та айтар бол­сам, пре­зи­ден­ті­міздің «ұлт­тық жаңғы­руға бай­ла­ны­сты мін­дет­тері» менің­ше, 25 жыл­да елі­міз не эко­но­ми­ка­лық, не сая­си жаңғы­ру жолы­на түсе алмаған­нан кей­ін, өзін-өзі ақтағы­сы кел­ген адам­ның тір­лі­гіне қат­ты ұқсай­ды. Эко­но­ми­ка­сы мен сая­са­ты кері кет­кен елде және жемқор­лық пен азғын­дық жай­лаған қоғам­да руха­ни жаңғы­ру қай­дан бол­сын?! Оның үстіне осы нәр­се­лер­ді жүзе­ге асы­руға жас кезін­де күші кел­ме­ген іске енді қар­тай­ған­да күші қай­дан бол­сын? Бұл да пре­зи­дент­тің халы­қты кезек­ті алдарқа­тып, уақыт­ты созып оты­ра тұру сая­са­ты деп ойлаймын.

 

Болат ЖЕТЕКБАЙ, ақын: Ұлт рухын сара­лай­тын ОРТАЛЫҚ ҚАЖЕТ

 

«Бидің айтқа­нын құл да айта­ды, тек аузы­ның дуа­сы жоқ» деген сөз бар ғой. Пре­зи­дент­тің «Бола­шаққа бағ­дар: руха­ни жаңғы­ру» атты мақа­ла­сын­да қозғалған жәйт­тер бұрын айтыл­ма­ды ма, осы күн­ге дей­ін ескексіз қай­ы­қтай толқын теге­уріні­мен, жел екпіні­мен шалқар айдын­ның бетін­де бағыт-бағ­дар­сыз қаңға­лақтап, лағып жүріп­піз бе? Өмір­дің рух қуа­ты­на – ізгі ниет, игілік­ті амал­дарға сүй­е­нетінін бұрын біл­ме­уші ме едік?..

Бұл – айқай­ға сүрен қосып, ұран­дап шыққан­дарға, «жер­ден жеті қоян тапқан­дай» жедел мәжіліс-кеңе­стер шақы­рып, «талқы­ла­у­лар» өткізіп жатқан­дарға қарап оты­рып, көңіл­ге кел­ген алға­шқы сауалдар.

Мақа­ла­ның маңы­зды­лы­ғы руха­ни­ят дүни­есіне мем­ле­кет тара­пы­нан шын­дап көңіл бөлі­неді деген еме­урін­де шығар. Әлде бұл бір адам­ның қоғам бола­шағы тура­лы ой-толғам­да­ры ғана ма? Өз басым оның ара жігін анық ажы­ра­та алмадым.

Елдің ертең­гі руха­ни өміріне тіке­лей қаты­сты мәсе­ле­ге кел­сек, ең маңы­здысы – латын қар­піне көшу қам-қаре­кеті. Сөз айтыл­ды. Қам-қаре­кет енді бастал­мақ. Тағы көңіл­ді күдік-күмән бұл­ты тор­лай­ды. Осы істі үздіксіз зерт­теп, сара­лап, нәти­желі қоры­тын­ды­ларға жет­кізіп кел­ген меке­ме бол­ды ма? Менің ойым­ша, болған жоқ. Жұрт­шы­лы­қтың пікірін­ше, аты бар да, заты жоқ Ғылым ака­де­ми­я­сы мен Тіл білі­мі инсти­ту­ты қазір­гі әле­уеті­мен, қазір­гі шта­ты­мен, кадр­ла­ры­мен нар көтер­мес жүк­ті көте­ре ала ма? Ол жағы біз­ге белгісіз.

Латын қар­піне көшу, одан туын­дай­тын, әр кез­де туын­даған мәсе­ле­лер­дің алдын алып, уақты­лы, оңтай­лы шешіп оты­ру үшін, үлкен Орта­лық (мем­ле­кет­тік-жеке мен­шік­тік негіз­де ме?) ашы­лу керек деп ойлай­мын. Онда сан-сала­лы жұмыстар­ды жүр­гі­зетін бөлім­дер ашы­лып, Ұлт­тық бюро да соған қам­ты­лып, қажет кадр­лар тар­ты­луы керек. Бірін­ші кезек­те кадр­лар­дың мате­ри­ал­дық, әле­умет­тік сұра­ны­ста­ры өте­луі де маңы­зды екені айт­па­са да белгілі.

Мұны айтып оты­рға­ным – үкі­мет­ке тап­сы­ры­лған осын­дай кең көлем­ді жұмыстар алға­шқы жоба­сы­нан бастап, ашық, жари­я­лы негіз­де жүр­гізіл­се, жал­пы бұқа­ра­ның бол­ма­са да, қоғам­дық негіз­де­гі комис­си­я­лар­дың ой-пікір­лерін ескер­се дегенім. Қазір көбі қыз­мет­тен тыс қалған білік­ті кадр­лар­ды тар­тып, тағы да сол кадр­ларға сүй­ен­бе­се, сүй­е­гі­мен бір­ге ой-сана­сы қатып кет­кен шене­унік­тер­мен іс бітіре­мін деу – тағы нөл­ге тең нәти­же бермек!

Цифр­лы Қаза­қстан, үш тіл­де білім беру деген­дер де дәл қазір ұран­нан басқа сурет-сұл­ба­сы жоқ мәсе­ле­лер ғой. Оны­мен кім айна­лы­са­ды? Біз айтқан Орта­лық, Білім, Ғылым ака­де­ми­я­ла­ры осы шару­аға неге біры­ңғай жегілмейді?!

«Ұлт­тық рухы­мыз бой­ы­мы­зда мәң­гі қалуға тиіс» деп­ті. Қалай? Ол бой­ын­ша нақты қан­дай шара­лар жүзе­ге асы­рыл­мақ? Айқын­да­луы керек. Кітап басу ісін дамы­ту, кітап сауда­сын жолға қою, клас­си­ка­лық өнер­ді жан-жақты дәріп­теу, кей жағ­дай­да жұмыс­сызды­қтан қай­ыр­шы­лық күй­ге түс­кен дарын­дар­дың еңбе­гін баға­лау, жал­пы руха­ни қыз­мет баға­сын баға­лау, мәр­те­бесін көтеру…

Шетел­де­гі ең қажет­ті 100 оқулы­қты ауда­ру, аудар­ма Бюро­сын құру – нақты тап­сыр­ма екен. Құп­тай­мын. Бірақ маңы­зын жоғалт­пай­тын, акту­аль­ды­лы­ғы төмен­де­мей­тін оқулық бар ма?

Бұл бюро «100 мек­теп, 100 ауру­ха­на» секіл­ді науқан­дық шаруа бол­май, осы 100-ден кей­ін де тоқтап қал­май, білім-ғылым­ның әр жаңа­лы­ғын жедел ауда­рып беріп оты­ра­тын меке­ме­ге айнал­са ғой!

«Мәде­ни қазы­на­ла­ры­мы­зды әлем жұрт­шы­лы­ғы­на таны­сты­ру­дың мүл­дем жаңа тәсіл­дерін ойла­сты­ру» не үшін қажет, мақтан үшін бе? Оған тоқталмайын…

Тұтас алып қараған­да, мақа­ла­ның әсіре­се мем­ле­кет қыз­метін­де жүр­ген адам­дарға жол сіл­тей­тін, ойла­нуға, ізде­ну­ге итер­ме­лей­тін мән-маз­мұ­ны жоға­ры деп топ­шы­лай­мын. Әр шене­унік ең құры­ған­да осы «әліп­пе­ні» біл­се, жаман болмайды.

Сон­ды­қтан өзі түсін­бе­ген­ді ала-шапқын «түсін­діру­ге» асы­қ­пай, үстірт қабыл­да­май, аста­ры­на үңіліп, абай­лап оқып, пай­ым жаса­са. Санаға сің­бе­се, қай­та ора­лып оқы­са да артық емес.

 

Рыс­бек CӘРСЕНБАЙҰЛЫ, қоғам қай­рат­кері: Алды­мен бас­шы­ның өзі ЖАҢҒЫРУЫ КЕРЕК

 

Пре­зи­дент­тің мақа­ла­сын оқы­ған шығар­сыз. Соған бай­ла­ны­сты айта­ры­ңыз бар ма?» – «Дат­ты­қтар­дың» сау­а­лы көңіл­де­гі кей­бір ойлар­ды қозғап жібер­ді. Көсем­дер­ден, әсіре­се соңғы­ла­ры­нан әбден жирен­ген көп­тің бірі­мін. Сөзі басқа, ісі бөлек бас­шы­лар өздерін-өздері мазақ еткен­дей, ақпа­рат құрал­да­ры арқы­лы жұр­тқа ақыл айтып жата­ды. Оны­сы аздай, әлгіні қай­та­ра түсін­дірудің әле­гі баста­ла­ды. Қан­ша мыжғы­лаға­ны­мен, әспет­теп, жабы­ла дәріп­те­ген­мен, жұрт­шы­лық соған тұщын­бай­ды. Тыжы­ры­на­ды. Газет­тің қалған азған­тай жері­нен оқыр­лық басқа бір­деңе іздей­ді. Теле­ди­да­ры­ның ауы­сты­рғыш түй­ме­лерін түрт­пек­тей бастай­ды. Құдай­ға шүкір, Бреж­нев зама­нын­дағы­дай бес-алтау емес, арна­лар толып жатыр. Қалаға­ны­ң­ды қарай бересің. Сон­да дей­міз-ау, жал­пы көсем­дер­дің гәпір­гені кім­ге неме­се неге керек?

Бұл жолы пре­зи­дент­тің қаза­қы қулы­ққа салға­ны бай­қа­лып қал­ды. Өзім­сініп, оңа­ша­ла­нып, қаза­қтың құлағы­на жаға­ды-ау деген дәме­мен өз ойла­рын ортаға тастаған болып­ты. Көре­рмені көп көк жәшік­те орыс­ша­сы­на басым­дық беріп, сая­сат­ты қымы­здай сапы­ра­тын кісі жүрісі­нен жаңыл­ма­са керек. «Еге­мен­де» басталған оның сөзі БАҚ ата­улы­да қоз­дап, жүз отыз ұлы­сқа тарай­ты­ны бесе­не­ден бел­гілі. Аңғал қаза­қты алда­у­сы­ра­ту­дың, өзге­лер­ді өзек­ке теп­пе­се де, бұл қалай дегізіп ойлан­ту­дың оңтай­лы тәсілі шығар. «Қаза­қстан­дық ұлт» құру­ды көк­се­ген «үлкен кісі» ондай док­три­наға жол бер­ме­ген халы­қтың қар­сы­лы­ғы­нан сабақ алған ба? Ұлт­ты, онда да қазақ ұлтын бет­ке ұстап, алға салып сөй­ле­уі, сая­сат­ты соның мүд­десіне ыңғай­ла­сты­руы қалай? Мақа­лаға көз жүгір­ту­ге түрт­кінің бірі – осы сауалдар.

Мақа­ла­ны жари­я­ла­ту­дағы автор­дың ниеті түзу, пиғы­лы да оңды көрі­неді. «Мықты ел, бір­тұ­тас ұлт болу үшін бола­шаққа қалай қадам баса­ты­ны­мыз және бұқа­ра­лық сана­ны қалай өзгер­тетіні­міз тура­лы көзқа­рас­та­рым­ды ортаға салу­ды жөн көр­дім» дейді.

Деген­мен, мәсе­ленің дәл осы­лай қой­ы­лы­сы қан­ша­лы­қты қисын­ды. Без­бен­ге салай­ық. Мұн­да алды­мен мықты ел, бір­тұ­тас ұлт бол­маға­ны­мы­зды мой­ын­да­у­шы­лық бар. Бұқа­ра­лық сана­ны да өзгер­ту керек екен.

Н.Назарбаев Қаза­қстан­ның басқа­ру билі­гін қолы­на алға­лы бер­гі ширек ғасыр­дан астам уақыт­та не бітір­ген? «Ондаған жыл­дар­да жүз жыл­дық жетістік­тер­ге жет­тік, елу елдің қата­рын­да­мыз!» деп күпін­ген­дері бекер­шілік-ау сон­да. Бұқа­ра­лық сана­ның кен­же­леп қалға­ны – тіп­ті өкіні­шті әрі ұят­ты жағ­дай. Мұн­дай сана­сы өзгер­ме­ген­дер­ді «ей, сана­сыз» деп, көз­ге шұқы­са оба­лы қане? Бұқа­ра­ның сана­сы арт­та қал­ма­са, мақа­ла иесі былай дер ме еді:

«Мақ­сатқа жету үшін біздің сана­мыз ісі­міз­ден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғы­рып оты­руы тиіс. Бұл сая­си және эко­но­ми­ка­лық жаңғы­ру­лар­ды толы­қты­рып қана қой­май, олар­дың өзе­гіне айналады».

Көр­діңіз бе, ісі­міз сана­мы­здан озып кет­кен. Ал сана­мыз жаңғыр­ма­стан, ісі­міз­ден кей­ін қалып­ты. «Тиіс» деп мін­дет­те­уі сон­ды­қтан. Мұн­дай кері кет­кен жағ­дай­да сая­си және эко­но­ми­ка­лық жаңғы­ру­лар бол­май­ды. Өйт­кені, автор­дың пікірін­ше, алды­мен сана жаңғыр­ма­са, ана еке­уі толы­қ­пай­ды және өзе­гі де бол­май­ды. Демек, онсыз ешқан­дай да жаңғы­ру жоқ. Басқа­ша қабыл­дай алмай­мыз. Атты арба­ның арты­на шегіп қой­ған өздері­нен көрсін.

Мақа­ла иесі «тұтас қоғам­ның және әрбір қаза­қстан­ды­қтың сана­сын жаңғыр­ту­дың бір­не­ше бағы­тын» атап­ты. Ола­ры мына­лар: бәсе­келік қабілет, праг­ма­тизм, ұлт­тық біре­гей­лік­ті сақтау, білім­нің сал­та­нат құруы, Қаза­қстан­ның рево­лю­ци­я­лық емес, эво­лю­ци­я­лық дамуы, сана­ның ашықтығы.

Мұның бәрі сана­лар­дағы сая­си өзгерістер­дің жанын­да ұсақ-түй­ек, бол­ма­шы нәр­се­лер. Жал­пы, кей­ін­гі жыл­дар­да Н.Назарбаев сая­си рефор­ма тура­лы мәсе­лені ауы­зға алу­дан қал­ды. Өзін шошын­ды­ра­тын нәр­сенің маңы­на жуы­май­ды. Күрес­кер­лік рух, әділет­тілік­тің үстем­дік құруы, таза сай­лау, адал­дық, сөз бостан­ды­ғы, ой еркін­ді­гі, демо­кра­тия деген ұғым, ата­у­ларға үрей­лене қарай­ды. Бұқа­ра­ның сана­сы­на сіңіретін және қай­та-қай­та жаңғыр­та­тын дүние таны­мы, міне, осы­лар! Тіп­ті ара-тұра «жемқор­лы­қ­пен күре­се­міз!» деп аттан­да­у­шы еді. Оны­сы да ұмы­ты­ла баста­ды. Әлде өзі өсір­ген «жеті басты жал­мауы­зға» әлі жет­пе­сін біліп тоқта­ды, әлде жалған күре­стен жалы­қты. Бұлар тура­лы мақа­ла­да бір сөз жоқ.

Қоғам­дағы азғын­ды­қтың өрші­гені сон­дай, тәу­ел­сіздік­тен бұрын, тіп­ті жай­сыз жатып ұйы­қ­та­саң да, түс­ке кір­мей­тін пәле­лер қап­тап кет­ті. Сәбиін дәрет­ха­наға тастау, асы­лып өлу, өзін-өзі өртеу, экс­тре­мизм, қарақ­шы­лық, мил­ли­он­ды қой­ып, мил­ли­ард­тап мем­ле­кет­ті тонау…

Түр­ме­ге тоғы­ты­лған бұры­нғы жоға­ры шен­ді шене­унік­тер­ден ғана толық құрам­дағы қаза­қстан­дық үкі­мет­ті жасақта­уға бола­ды. Бұл мем­ле­кет­шіл­дік сана­ның жой­ы­лған­ды­ғы­на дәлел. Өзі тағай­ын­даған мини­стр­лері мен әкім­дерінің ой-сана­сы ұрлау, пара алу, алдау дер­тіне нелік­тен шал­ды­ққа­нын біле тұра, соған жол бер­ген, жүй­ені солай құрған бас­шы бұқа­ра­ның сана­сын қалай, қай бағыт­та жаңғырт­пақ? Мен соны түсін­бей­мін. Әлде бұлар­дың бәрі қазір­гі билік тұсын­дағы «назар­ба­ев­тық сана­ның» жаңғы­руы болып табы­ла­тын жаңа­лық шығар. «Сіздің арқаңы­зда осын­дай жетістік­ке жет­тік» дей­тін сөзді тала­са-тар­ма­са, тақ­пақтай тақыл­дап айтқы­штар мұн­дай­да жақ ашпайды.

Назар­ба­ев­тың зият­кер­лік мек­тебі, уни­вер­си­теті жұмыс істей­ді. Бұрын ленин­дік иде­я­лар мек­теп­тен бастап, бар­лық ЖОО-лар­да, сая­си сабақтар­да оқы­ты­ла­тын. Бүгін­де «назар­ба­ев­тық иде­я­лар­ды» солай жал­пы­ға мін­дет­теп, оқы­та­тын­дай мате­ри­ал­дық база, жағы­нғыш ғалым­сы­мақтар жетер­лік. Оның кітап­та­ры, ол тура­лы неше түр­лі фильм­дер, мадақ мақа­ла­лар үсті-үстіне шығып жатыр. Бірақ қол­дан заң­да­сты­ры­лған «ұлт көш­бас­шы­сы» бар да, татыр­лық идея жоқ. Өзінің төл иде­я­сы. Мына еңбе­гін­де фашизм, ком­му­низм, тіп­ті либе­ра­лизм идео­ло­ги­я­ла­ры­ның ман­сұқталға­нын айтып­ты да қой­ып­ты. Өзінің «мәң­гілік ел» иде­я­сы жарам­сыз болып шыққан ба, әлде кәр­теңдік­тен оның бар екенін ұмы­тып кет­ті ме – бұл жолы сүй­ік­ті тақы­ры­бын аттап өтіп­ті. Ұлт­тың коды тура­лы сөз қозғалған жер­де мұны ескер­ме­уі көңіл­ге күдік ұяла­та­ды. Бәл­кім, сана­сы жаңғыр­маған бұқа­ра­дан «мәң­гілік ел» жаса­удың мүм­кін еме­сті­гін түсін­ген болар.

Бәсе­келік қабілет баға­сы, сапа­сы жөні­нен өзге­лер­ден ұтым­ды дүние ұсы­на алуы үшін қажет дей­ді мақа­ла авто­ры. Бесе­не­ден жұрт білетін ақиқат. Ал сол бәсе­келік­ті дамы­туға не кедер­гі бар, одан қалай ары­ла­мыз деген­ді түсін­дір­се, сөзінің сал­мағы артар еді. Бас жағы­на бары­спап­ты. Бұрын­да­ры шетел­ге кетіп, түр­ме­де өлген күй­еу бала­сы кәсіп­кер, биз­нес­мен ата­улы­ны зар қақ­сатқан: дамып келе жатқан кәсі­пор­нын, сауда­сын тар­тып алып. Алма­ты қала­сы мен облы­сын­дағы көз­ге көрі­нер жақ­сы­ны «інісінің адам­да­ры тар­тып алуға әуес» дей­тін әңгі­ме­лер естіліп жата­ды. Билі­гі бар­лар­дың ашкөзді­гі, әлім­жет­ті­гі кез кел­ген жер­де көрініп қала­ды. Мұн­дай­да қай­дағы бәсекелестік?!

Білі­міне, іскер­лік қабілетіне қарай мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке алса, өсір­се, онда бір сәрі. Жер­шіл­дік, рушыл­дық, парақор­лық гүл­ден­ген бүгін­гі қоғам­да қай­дағы бәсе­ке­ле­стік?! Ал бұлар­дың бәрінің түп-тамы­рын жұла­тын сая­си жаңғы­ру, шынайы демо­кра­ти­я­ны орны­қты­ру тура­лы сөз етіл­ме­ген мақа­ла­ның құны тесік тиы­н­мен тең.

Тұтас қоғам­ның және әр аза­мат­тың сана­сын жаңғыр­ту­дың кезек­ті бір бағы­ты ретін­де праг­ма­тизмді атаған екен. «Қаны­мы­зға сің­ген көп­те­ген дағ­ды­лар мен тап­та­у­рын болған қасаң қағи­да­лар­ды өзгерт­пей­ін­ше, біздің толы­ққан­ды өзге­руі­міз мүм­кін емес», – дей­ді автор. Білетін­ді­гі талас тудырмайды.

Ол қан­дай дағ­ды­лар мен қасаң қағи­да­лар? Айт­пап­ты. Алды­мен ойға ора­ла­ты­ны – жеке басқа табы­ну­шы­лық дағдысы мен «пат­шаға қар­сы шығуға бол­май­ды» қағи­да­сы. Бұлар шыны­мен де қанға сің­ген кесел­дер. Бұрын­нан болған, қазір­гі заман­да қай­та­дан қоз­дай бастаған оны пре­зи­дент­тің өзі күн­де көре тұра, жария етпей­ді. Шама­сы, өз сая­са­ты­на, қала­у­ы­на қолай­лы санай­ды. Өйт­пе­се, осы­лар­дан ары­лай­ық, бұлар ұлт­ты ұшпаққа шығар­май­ды, құр­тып тына­ды демей ме?

Тағы бір дағ­ды ол – құл­дық сана. Отар­лы­қтан қалған, одақ дәуірі­нен бері ілес­кен алпа­уыт көр­ші­ге жал­тақтық, тәу­ел­ділік. Қаза­қстан билі­гін­де­гілер­дің бой­ы­на біт­кен бұл дағ­ды берік ұлт болып қалып­та­суы­мы­зға орас­ан зала­лын тигізіп келеді. Бұқа­ра­ның сана­сын жаңғыр­ту үшін, алды­мен оны басқа­ру­шы­ның өзінің сана­сы жаңғы­руы, өзге­руі шарт. Жеке бастық – тақта өлген­ше оты­ру мақ­са­тын көз­де­мей­тін, Ұлт­тың мүд­десіне қыз­мет етуді ада­лы­нан ойлай­тын тұлға солай істейді.

«Праг­ма­тизм… бай­лы­ғы­ң­ды нақты білу, үнем­ді пай­да­ла­ну, бола­шағы­ң­ды жос­пар­лай алу, ысы­рап­шыл­дық пен астам­шы­лы­ққа, даңғой­лық пен кер­деңдік­ке жол бер­меу деген сөз»… «Шынайы мәде­ни­ет­тің бел­гісі – орын­сыз сән-сал­та­нат емес. Керісін­ше, ұстам­ды­лық, қанағат­шыл­дық пен қара­пай­ым­ды­лық, үнем­шіл­дік пен орын­ды пай­да­ла­ну көр­ген­ділік­ті көрсетеді»…

Мұны жазып оты­рған мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өмір­де­гі, ел басқа­ру­дағы ісін салы­сты­рып көріңіз. Қабыспай­ды. Сон­ды­қтан да ғой – жұрт­тың мұн­дай пәл­са­па­ларға пысқы­рып та қара­май­ты­ны. Соны ашық біл­ді­ру үшін осын­дай қар­сы мақа­ла жазуы­мы­зға тура келеді.

Әттең-ай, шір­кін, қазақ ұлты­ның коды өн бой­ын­да, сана­ла­рын­да сақталған, сүй­ек­теріне сің­ген, қанын­да тулаған – мінезі мен жара­ты­лы­сы, түсіні­гі мен түй­сі­гі, ойы мен мақ­са­ты, дәстүрі мен дағдысы, өнері мен мәде­ни­еті, күл­лі рухы сақталған Алаш ары­ста­ры – Әли­хан, Ахмет, Мір­жақып бастаған ұлы шоғыр­дың ісін лай­ы­қты жалға­сты­ру­шы­лар шығар ма еді қазір­гі таң­да! Жет­пей тұрға­ны сол ғой!

Сау­ал­на­ма­ны дайындаған –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн