Суббота , 5 июля 2025

ТУРАБИЛЕР ТҰҒЫРЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (379) от 20 апре­ля 2017 г.

 

 


Еділ Мәкен:

Осы жолы біз­ге үлкен және май­лы сүй­ек тастал­ды, демек, ұры­ның мақ­са­ты зор. Сүй­ек кеміре­міз деп, қора­дағы мал­дан ғана емес, қора тұрған жер­ден айы­ры­лып қал­ма­сақ болды…

Уақыт тауып, Ресей сая­сат­кер­лерінің латын әрпіне бай­ла­ны­сты ойла­рын тың­да­дым. Қор­тын­ды: оларға вагон­дап тұз, арқан және сабын апа­руға болады…

Назар­ба­ев­тың ерең еңбе­гінің, көре­ген­ді­гінің, салиқа­лы сая­са­ты­ның арқа­сын­да Қаза­қстан­ның әр өңірін­де өз Вене­ци­я­ла­ры пай­да болды…

 

Әбдіға­ни Байшора:

– Сен латын­ша­мен не бүл­дірей­ін деп жүр­сің, кәрі қақпас?!

– Жәй әншей­ін, Вован Вова­нич, ұлт­шыл­дар­дың құлағы­на лап­ша іліп жібе­рей­ін дегенім ғой…

 

Ғалия Әже­но­ва:

Руха­ни жаңғы­ру ұлтқа ауа­дай қажет. Ол ертең­ге деген сенім­нен баста­ла­ды, егер: бүгін әділет­ті сот бол­са, оған ешкім, елба­сы да ықпал ете алма­са; үкі­мет әле­умет­ке жау­ап­кер­шілік пен қара­са; ер аза­мат­тар өз еңбек­тері­мен отба­сын асы­раса; жетім мен кедей көше­де қол жай­ып жүр­ме­се; ешкім еш жер­де заң­ды төлем үшін «сый­лық» сұра­ма­са, оны беру­ге мәж­бүр­ле­ме­се; ауру адам дәрі­гер­ден ем тап­са; мұғалім мен оқу­шы тек сабақты ойла­са… сенім­мен жол тар­та­мыз руха­ни жаңғыруға!

 

Гүл­ми­ра Әжмұратова:

Депу­тат­тар­ды – мил­ли­он­мен, бізді – латы­н­мен ауы­зда­ры­мы­зды май­лап, жер­ді ысы­рып жіберіп жүрмесін…

 

Асыл­хан Мамашұлы:

Бір мақа­ла­сы бір атым насы­бай­ға тең елба­сым-ай! Біре­удің көңілі қалып, біреу мәз кешелі бері. Атар көп болсын!

 

Ержан Тәліп:

Мақа­ла­ны бір шолып шықтым. «Өйтуі­міз керек», «бүй­туі­міз керектен» көз сүрінді.

«Өйту керек», «бүй­ту керекті­гін» біз де біле­міз ғой. Пыро­сты, қалай істеу керекті­гін біл­мей жүр емес­піз бе?

Не ғой, қары­штап дамып, даму­дың даңғыл жолын­да келе жатқа­ны­мы­зды біле­міз. Бірақ қай жер­де келе жатқа­ны­мы­зды білетін, айта­тын бір мұсыл­ман бар ма?

Ұлт­тық код­ты тап­ты­ң­дар ма, қаза­қтар? Коды­мыз қай жері­міз­ге жасы­ры­лған екен өзі?

Су тасқы­ны­нан зардап шек­кен­дер­ге фыбы халқы көмек ретін­де екі мил­ли­он лайк пен бір мил­ли­он «Алла жар бол­сын!» деген ком­мент жинап беріпті.

Күлесің бе, жылай­сың ба? Лайк пен ком­мент­тен басқа не кел­сін қолы­мы­здан. Ал орны жай­лы, мұр­ты май­лы, мил­ли­он тең­ге айлы­ғы бар депу­тат­тар үнсіз.

Алла жар бол­сын қаза­қтарға! Құдай мен үкі­мет­тің наза­ры түс­се – көр­сін. Үкі­мет баста­ма­шы болып, мұғалім­дер­дің бір күн­дік жалақы­сын аудар­та­тын шығар да… Тілекшіміз.

 

Жары­лқап Қалыбай:

2025 жылы бұл пре­зи­дент өз орнын­да бола ма, жоқ па? Оған дей­ін кім бар, кім жоқ?! Сон­ды­қтан латы­нға көше­міз деп, босқа алаөк­пе бол­маңы­здар. Егер елба­сы аман бол­са, бұл ұсы­ныс та 2030 және 2050 сияқты ешқа­шан орын­дал­май­тын арман болып қала береді.

 

Қуан­дық Шамахай:

Қар суы­ның сал­да­ры­нан тасқын болып жатқан өлке­ге жалақы­сы көбей­ген бір топ депу­тат барып, сел­ге батып кетіп­ті дей­ді. Олар­ды жедел құтқа­руға қала­дан арнайы жасақ кел­се, ауыл тұрғын­да­ры әлгілер­дің бәрін әлдеқа­шан жер­леп тастаған көрінеді.

– Бұла­рың не, бәрі тұн­шы­ғып өлді ме? Іші­на­ра тірілері болған шығар? – десе, су басқан ауыл тұрғындары:

– Бәрі де «тірі­міз» деп айғай­лап-ойбай­ла­у­мен бол­ды ғой. Бірақ олар қашан шын­ды­қты айту­шы еді? Сөз­деріне сен­бедік, көміп таста­дық… – деген екен.

Пікір­лер «Фейс­бук» желісі­нен алынды

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн