Суббота , 7 июня 2025

ҚАЗАҚ ДЕГЕН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (379) от 20 апре­ля 2017 г.

 

Уақыт уыты

 


Ұлы­қ­бек аға­ның (Есдәу­лет – Ред.) осы өлеңін ең алды­мен осы­дан бір­не­ше жыл бұрын ұста­зым Тұңғыш­бай Әл-Тара­зи өзі дом­бы­ра­мен ән шыға­рып, айтып бер­ген еді. Кей­ін еш жер­де есті­медім. Бірақ екі аға­мы­здың қаза­ққа деген махаб­ба­ты, ұлт­тық намысы үндестік тауып тұр­ды. Ұлағаң мен Тұқаң бір адам болып кет­кен­дей әсер етіп еді. Сөзі былай:

 

Қазақ деген бір ел бар атқа мінген,

Жұл­ды­здар мен жел тілін жатқа білген,

Құтыл­маған күнәһар күпірліктен,

Айы­ра алмай алла­ны көк тәңірден.

 

Қазақ деген бір ел бар «құдай атқан»,

Күн оят­пай жүре­гін, түн оятқан,

Сап­та­яқтың сабы­на зар болғанда,

Қара­уыл­дап қарай­тын шынаяқтан.

 

Қазақ деген бір ел бар жатып ішер,

Біреу атқа мін­ді деп тақы­мы ісер,

Басқа халық бар ма екен дүниеде

Баты­ры қан жұта­тын, ақы­ны – шер?

 

Қазақ деген бір ел бар теріс туған,

Өнер қуып болған соң керіс қуған,

Қызға­ны­штан жем болып қызыл итке

Дай­ын тұрар болуға тегіс кұрбан.

 

Қазақ деген бір ел бар маң далада,

Жем­тік болған қай­ма­на қандалаға,

Қонағы­ның қоты­рын қаситұғын

Өзін­де­гі қара­май сан жараға.

 

Қазақ деген бір ел бар, қызу халық,

Қисық жол­мен қай­та­тын түзу барып,

Сой­ыл беріп қолы­на «аттан!» десең,

Жұмаққа да кіретін бұзып-жарып.

 

«Қазақ деген қай ел?» деп сұрамалық,

Қыл­жақтай­тын әдеті жылап алып,

Сол қаза­қтың ішін­де мен де бармын,

Ал, түсе бер соңы­ма шырақ алып!..

***

Ал мынау, Ұлы­қ­бек ағам рен­жі­месін, осы­ны теріс тілі­ме аударған менің «был­шы­лым»:

Қазақ деген біреу бар – министрлеу,

Сіп-све­жи бет-аузы, к…ті кірлеу,

Өз ұлты­на паң болып, өзгелердің,

Таба­нын­да жата­тын болып сүрлеу.

 

Қазақ деген біреу бар – әкімірек,

Сыбай­лас пен жемқор­дан жақы­ны көп,

Көп­шілік­ке көсем­сіп, аттан салып,

Жым бола­тын «әй!» – десе, қаты­ны кеп.

 

Қазақ деген біреу бар – ақынырақ,

«Ақы­н­мын» деп халқы­на жақынырақ,

«Елдің жай­ын жыр­ла­шы қане» – десең,

Көк сарай­ды мақтай­тын оты­рып ап.

 

Қазақ деген біреу бар – депутаттау,

Көбісінің мін­деті заң­ды баптау,

«Қаза­ғым» деп біре­уі шар­шап жүрсе,

Біре­уінің мін­деті көкіп, оттау.

 

Қазақ деген біреу бар – намыстырақ,

Қанқу сөз­ге тігетін қамыс құлақ.

Дау-дамай­дың ошағын үрлеп беріп,

Жеме-жем­ге кел­ген­де қалыс тұрад.

 

Қазақ деген біреу бар – оқығандай,

Әр нәр­сені бір тар­тып, шоқығандай,

Бас сұққа­ны әр жер­ге ұқсап кетед,

Жүр­ген жанға «дәрет­ке» оты­ра алмай.

 

Қазақ деген біреу бар – мұсылмандау,

Түрін көр­сең, ойлай­сың «ұшы­нған­ба-ау»!

Тоза­ғы­ңа тірі­дей әкетеді,

Кел­ген­дей-ақ дәл өкпе тұсы­ң­нан жау.

 

Қазақ деген біреу бар – көсемірек,

Мін­бе­лер­ге шыға­тын, шешенірек.

Ана тілін өзінің біл­ме­се де,

Ебін тауып әйте­уір өсе білед.

 

Қазақ деген осын­дай ел бар екен,

Бай­қа­мап­пын – ішін­де мен бар екем.

Артық кет­сем, ағай­ын, кешіріңдер,

Бір жері­ме қара­май нем бар екен!

P.S.: Қаза­ғым­ның, Ұста­зым­ның мәр­те­бесі АСҚАҚТАЙ берсін!

 

Асқар НАЙМАНТАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн