Пятница , 4 июля 2025

АУЫЛҒА БАРСАҢ, АЯҚ КИІМІМ ШАҢ БОЛДЫ ДЕМЕ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (381) от 4 мая 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

 


 

Құй күл, құй жыла

 

 

Өткен жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да балық аулап, дем алғы­сы кел­ген аты­ра­улық «көке­лер» үшін мұз­дың үстіне арнайы төсел­ген кілем­нің сурет­тері әле­умет­тік желілер­де тез тара­лып, елдің біраз күл­кісін туды­рып еді. Енді, міне, дәп сон­дай жағ­дай­ға елба­сы­мы­здың өзі ұры­нып қалды.

 

Өткен апта­да пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен Өзбек­стан пре­зи­ден­ті Шав­кат Мир­зи­ёев­тың Оңтүстік Қаза­қстан облы­сын­да өткен жұмыс кез­де­су­лері бары­сын­дағы сурет­тер­дің бірін­де еке­уінің жүзім алқа­бын­дағы топы­рақтың үстіне төсел­ген кілем­де­гі жүрістері бей­не­лен­ген (қараңыз). Соны көр­ген жұрт­тың «қаза­қстан­дық жағым­паз­ды­қтың» бренд­ке айна­лып бара жатқа­нын мой­ын­да­масқа ама­лы қал­маған секіл­ді. Ал аяғың шаң-топы­рақ бол­май, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның жағ­да­я­тын білу мүм­кін еме­сті­гін қос пре­зи­дент­тің «біл­мей қалуы» да күл­кі тудырады.

Көп­шілік жүгі­нетін «Уики­пе­дия» ашық энцик­ло­пе­ди­я­сын­да «жағым­паз­дық» жөнін­де – «адам мінезін­де­гі ұнам­сыз сипат, оның айна­ла­сын­дағы адам­дар мен қыз­мет­те­стеріне, өзі­нен қыз­мет жағ­дай­ын­да жоға­ры тұра­тын адам­дарға жақ­сы көрі­ну үшін шек­тен тыс қоше­мет­шіл болуы. Көбі­не­се өз қабілетіне өзі сен­бей­тін, оңай жол­мен артық пай­да табу­ды не билік-ман­са­пқа қол жет­кі­зуді өмірінің мақ­са­ты тұтқан адам­дар бой­ын­да кез­де­седі. Жағым­паз­ды­қтың әле­умет­тік ортаға, қоға­мға тигі­зетін зия­ны көп. Жағым­паз­дық орын алған әле­умет­тік орта­да адам­гер­шілік прин­циптері мен шынайы құн­ды­лы­қтар рөлі төмен­деп, адам­дар қарым-қаты­на­сын­да жалған өлшем­дер белең ала­ды. Сон­ды­қтан халық жағым­паз­ды­қты ащы күл­кі­мен шенеп оты­рған», – деп жазылған.

Бай­қа­саңыз, осы аны­қта­ма­да қазір­гі Қаза­қстан­ның жағ­дай­ы­на барын­ша анық сипатта­ма беріл­ген. Бүгін­де қыз­мет бабы­мен өсу үшін, өз салаң­ның білік­ті мама­ны болу, жұмысқа қажет­ті тәжіри­бе және әріп­те­стер мен ел алдын­да абы­рой жинау шарт емес. Ал адал­дық пен заң­ды­лы­қты сақтау, керісін­ше, адам­ның өзіне зия­нын тигізіп кететін қаси­ет­тер­ге айнал­ды. Бүгін­гі Қаза­қстан­да қыз­мет­тік бап­пен өрлеу үшін, керек адам­ның күй­еу бала­сы, қажет­ті фами­ли­я­ның иегері, сынып­та­сы неме­се кур­с­та­сы болу­мен бір­ге жағым­паз­ды­қтың дай­ын­дық кур­сы­нан өту жет­кілік­ті болды.

Димаш АЗАМАТОВ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн