Суббота , 5 июля 2025

АМЕРИКАДА ТҰРАТЫН МҰХТАР МАҒАУИННІҢ КҮН ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (380) от 27 апре­ля 2017 г.

 

Біле жүріңіз


 

Ақпан­ның орта­сы мен сәуір­дің басын­да екі мәр­те АҚШ-қа ісса­пар­мен барға­ным­да, Вашинг­тон­ның орта­лы­ғы­нан көлік­пен қырық минут­тай жүретін жер­де – Мэри­ленд шта­ты­ның Роквилл қала­сын­да тұрып жатқан қаза­қтың клас­сик жазу­шы­сы Мұх­тар Маға­у­ин ақсақал­мен жүз­десіп, жата-жаста­на әңгі­ме­лесіп қайт­тым. Жасы 77-ден асқан шағын­да да өзіне тән жазу дағдысы мен дис­ци­пли­на­сы­нан айны­маған екен. Қазір­гі күн тәр­тібі шама­мен мынадай.

 

Таңер­тең тұрға­сын қаза­қ­ша таңғы ас ішеді: бал қосқан жылы су, шағын құты­дағы жень­шень тұн­ба­сы, ірім­шік, аво­ка­до мен май жаққан ақ нан, бір жілік суық қой еті, сүт қатқан шай. Сосын бір­ден жазу бөл­месіне кіріп кете­ді. Сырт-сырт еткен машин­ка дауы­сы үзіл­мей­ді. Түс уағын­да 10–15 минутқа шығып, үй ішін­де, патио-бал­кон­да аяқ жазып жүреді, сосын үйде қыз­мет қылуға әзір адам­да­ры бола тұра, ешкім­ді әуре­ле­мей, өзі бір тостақ шайы мен сусы­нын құй­ып алып, қай­та бөл­месіне кіріп кете­ді. Кеш­ке дей­ін бас-аяғы кемін­де жеті сағат тап­жыл­май оты­рып жаза­ды. Жазу бөл­месінің үш қабы­рға­сы түгел шыны есік­ті биік кітап сөресі.

АҚШ-қа әкет­кен кітап­та­ры­ның дені – өзі сүй­іп оқи­тын әлем­дік клас­сик­тер, әде­би­ет­та­ну бой­ын­ша көр­некі жаз­ба­лар мен түр­кі-моғол жұр­ты­ның тарихы­на қаты­сты жазы­лған фун­да­мен­тал­дық еңбек­тер. Сөре­лер­ге бала-шаға­сы­мен түс­кен фото­лар да қой­ы­лған. Бір бұры­шта – тері­ге салы­нған Шыңғыс­хан­ның алып суреті.

Мен барған кез­де Іли­яс Есен­бер­лин тура­лы 120 бет­тік естелі­гін аяқтап, көңілі көтеріңкі жүр­ді. Бұл естелік­ті жазу кезін­де әрбір деректі ака­де­ми­я­лық дәл­дік­пен өлшеп, Қаза­қстан­дағы кіта­п­ха­на­сы­нан көп­те­ген құжат­тар алды­ру­мен бол­ды. Алма­ты­да тұра­тын қызы Айға­ным айтқан сәтін­де әлгі құжат­ты жазу­шы тұрған пәтер­ден тауып, «WhatsApp»-пен аға­сы Еді­ге­ге салып жібе­реді, Еде­кең оны дереу әкесіне прин­тер­ден шыға­рып бере қояды. Сол себеп­ті Роквилл­де­гі үйдің қонақ күтетін орта бөл­месін­де тұрған «Brother» прин­тері – ақсақал­дың машин­ка­сы­нан кей­ін үздіксіз үн шыға­рып тұра­тын екін­ші құрылғы.

Жазу үстелінің үстін­де машин­ка­сы­нан бөлек қалам мен қарын­даш, қай­шы, ұста­ра­ның жүзі, өшір­гіш пен штрих-кор­рек­тор жата­ды. Машин­ка­мен тер­ген жаз­ба­сын әуелі бір сүзіп оқып, штрих-кор­рек­тор­мен қате­лерін түзеп шыға­ды. Сосын қай­та көшіріп баса­ды. Таза көшір­мені Еде­кең жақын бір адам­да­ры­на ком­пью­тер­мен теру­ге жібе­реді. Әде­би шығар­ма­ла­рын тек қалам­мен жаза­тын ақсақал пуб­ли­ци­сти­ка мен мақа­ла­ларға кел­ген­де жазу машин­ка­сын қолай­лы көреді. Кеш­кі сағат алты­дан аса жазу­шы бөл­месі­нен шыға­ды. Сосын әр тарап­тан келіп, ас үйге жина­ла бастаған бала-шаға­сы­мен һәм неме­ре­лері­мен бір­ге кеш­кі асқа оты­ра­ды. Еде­кең қыз­меті­нен, келіні Алтын мен Бақыт­жа­мал әже­міз сырт­тағы шару­а­ла­рын пысы­қтап үйге оралады.

Одан бөлек қай елде тұр­са да, бұл шаңы­рақты ақсақал мен Еде­кеңнің үш жұр­ты­нан кел­ген ағай­ын-туыс пен бала-шаға түр­лі себеп­пен уақыт­ша пана­лап жата­ды. Біре­уі қоныс ауда­ру­шы, біре­уі білім ізде­уші деген­дей. АҚШ-тағы сая­си аху­ал мен халы­қа­ра­лық оқиға­лар тура­лы біз­бен әңгі­ме­лесіп болған соң, жазу­шы «Dell» деген ноут­бу­гын ашып, бір жарым сағат­тай Қаза­қстан­ның, Қытай мен Моңғо­ли­я­ның қаза­қ­ша сайт­та­рын қарай­ды (жоғарғы сурет­те сол дәстүрі­мен патио-бал­кон­да оты­рған беті). Сосын орыс тілін­де аме­ри­ка­лық және ресей­лік бір­не­ше сайт­ты оқи­ды. Кей­де Бақыт­жа­мал әже­міз еке­уі «YouTube»-тан тари­хи теле­се­ри­ал көріп отырады.

Әзір­ше интер­нет­те игер­ген тарап­та­ры – осы­лар. Әле­умет­тік желілер тура­лы естуі ғана бар. Түн­гі оннан көп асыр­май ұйқы­ға жата­ды. Ақсақал­дың күн сай­ын тын­бай 8–9 саға­тын ой еңбе­гіне, шығар­ма­шы­лық жұмысы­на арнай­тын кестесіне қай­ран қал­масқа бол­май­ды. Бір әңгі­ме­лесіп оты­рған­да, жазу­шы болам дей­тін адам­ның кем деген­де екі нәр­сені еске­руі тиіс екенін айтты.

Бірін­шісі, қуат­ты көр­кем шығар­ма­ның өзе­гі мен ажа­ры – адам тағдыры.

Екін­шісі, кәсі­би жазу­шы дис­ци­пли­наға бой үйрет­кені дұрыс. «Күз­де жазам, түн­де жазам, ішіп алсам ғана жазам» деген­нің бәрі жүй­есіздік һәм ішкі тәр­тіп­тің нашар­лы­ғы, кәсі­би­лік­тің жоқты­ғы. Аз-аздан бол­сын, күн­де жазу керек, күн­де оқу керек», – деді ақсақал бір сөзін­де. Ал мен естелі­гім­ді әзір­ге осы жер­ден қай­ы­ра тұрам…

Ғалым Боқа­штың

«Фейс­бук­тағы» жазбасынан

 

 

ТЕРМИНКОМ тілі­міз­ге тый­ым САЛМАСЫН!


 

Кез кел­ген ұлт­ты ұлт­тық сана-сезі­мі­нен, ұлт­тық намысы­нан айы­ру­дың алу­ан түр­лі тәсілі бар. Сол тәсіл­дің бірі – өз қол астын­дағы ұлт­ты, әсіре­се қаза­қты туған тілі­нен айы­ру. Бұл тәсіл­ді, әсіре­се тер­мин­ком деп ата­ла­тын меке­ме­де­гі әлдекім­дер әлі де қол­да­нып келе жатыр. Тіп­ті оры­стан енген «само­лет», «дви­га­тель» деген­ге де тиіс­пе­ң­дер деп, шыж-быж бола­тын­дар да – осы тер­мин­ком­дағы­лар. Мұн­дағы­лар қаза­қтың түр­кі тіл­дері ішін­де­гі ең бай, ең шұрай­лы да шырай­лы тіл екенін, атақты ака­де­мик Марр­дың өзі бір кез­де түрік тілі әлем­де­гі ең бай, ең сұлу тіл­дің бірі дегенін біле ме екен?!

 

Жақын­да үкі­мет­те болған бір үлкен жиын­да қазақ тілінің төл бала­сын­дай болып кет­кен «ота­шы», «мұра­жай», «саз­гер» сияқты толып жатқан сөз­дер­ді қай­та­дан «таз қал­пы­на» кел­ті­ру керек деген ұсы­ныс жасал­ды. Тер­мин­ком­дағы­лар аузы­на салып бер­ді ме, әйте­уір ҚР пре­мьер-мини­стрі Бақыт­жан Сағын­та­ев та қаза­қ­ша­сы табы­лған тер­мин сөз­дер­ге шүйлікті.

Ал тер­мин деп аталған қазір­гі қол­да­ны­стағы шетел сөз­дері қаза­қ­ша­лап айтуға бол­май­тын­дай өте бір терең мағы­на­лы, не киелі сөз­дер емес. Мыса­лы, тер­мин­ком­дағы­лар «тиі­су­ге бол­май­ды, бұл халы­қа­ра­лық сөз» деп оты­рған ком­по­зи­тор сөзі (лат.) бар болға­ны – «құра­у­шы, құра­с­ты­ру­шы» деген­ді ғана біл­діреді. Және тер­мин­ком­дағы­лар­дың бұл сөз­дер­ді бүкіл жер-жаһан солай айта­ды дегені – қып-қызыл өтірік. Бұл қазақ тілі ғылы­ми, тех­ни­ка­лық ата­у­лар­ды ата­уға қабілет­сіз деген өз өтірік­терін дәлел­деп, қалың қаза­қты ақиқат­тан ада­сты­ру үшін жасалған қулық. Олар «тер­мин» деп жүр­ген осы сөз­дер­ді 2 мил­ли­ар­дқа жуық қытай – қытай­ша, жапон – жапон­ша, үнді –үнді­ше, корей – корей­ше атай­ды. Оның үстіне бұдан жүз, екі жүз жылға жуық өмір сүр­ген ғажай­ып саз­гер­лер мен күй­шілер­ді ком­по­зи­тор деу – олар­дың әру­ағы­на жасалған зор қия­нат, қыл­мыс болар еді.

Ал «музей» деген не? Ол біздің зама­ны­мы­здан жүз­де­ген жыл бұрын мың­нан астам «құдай­ға» табы­нған грек­тер­дің аңы­зын­дағы Ура­ния, Камио­па, Клио, Мель­по­ме­на, Эра­то, Тер­пси­ха­ра, Евтер­па деген құдай­би­ке­лер­дің (боги­ня­лар­дың) хра­мы ғана. Енде­ше арғы-бер­гі тарихым­ның, әде­би­етім, мәде­ни­етім, өнерім­нің көнекөз мұра­ла­рын сақтай­тын киелі жай­ды қазақ неге «мұра­жай» демей, «музей» деп, олар­дың хра­мы­ның аты­мен ата­уы керек? Бұл қаза­қтың тіліне қар­сы жаса­лып жатқан жымысқы сая­сат емес пе?

Неме­се «апте­ка». Бұл көне латын тілін­де бар болға­ны – «қой­ма», «қам­ба» деген сөз ғана. Ал оның қаза­қ­ша дәрі­ха­на деген нақты мән-мағы­на беретін ата­уы тұрған­да, оны неге «апте­ка» деуім керек? Тер­мин­ком­дағы­лар «тиі­су­ге бол­май­ды, ол тер­мин» деп оты­рған «хирург» сөзі «қол жұмысы» деген­ді ғана біл­діреді (грек­ше). Оны мен өз тілім­де «ота­шы» десем, ерсі ме?

Ал «кало­рия» (лат.) – жылу деген сөз ғана. Мыса­лы, «пре­зи­дент» дегеніңіз бар болға­ны – «ең алды­да оты­ру­шы» деген­ді біл­діреді. Осы тер­мин­ком қаза­қтың «жәйт» деген әде­мі де әуезді сөзін «жайт» деп өзгерт­ті. Бұл қаза­қтың «ә» дыбысын орыс­шаға бей­ім­деп, «а» қып айтқы­зу үшін жасал­ды. Қазір бүкіл газет-жур­нал «жәйт» демей, «жайт» деп жаза­тын болды.

Тер­мин­ком ана­ны да, мына­ны да «тер­мин» деп, оны қаза­қта бар ата­уы­мен айтуға тый­ым салай­ық десе, оған үкі­мет­те­гілер қосыл­са, оған әлгін­дей қаза­қтар мың­даған тер­мин сөзді қаза­қ­ша­лап­ты, бұл дұрыс емес деген өтірік қосыл­са, бала­бақ­ша­дан бастап, сәби­лері­міз­ге үш тіл­ділік үйретіліп жат­са, бұл ана тілі­мізді осын­дай қитұрқы тәсіл­дер­мен жою арқы­лы қаза­қты жою­дың әдіс-тәсіл­дері емес дей ала­сыз ба?

Осы­ның бәріне үнсіз қал­саң, жой­ыл­май­сың ба, қазақ?

 

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ,

ақын, ҚР Мәде­ни­ет қайраткері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн