Суббота , 5 июля 2025

Айгүл БАЖАНОВА: БҰЛ ӘНДІ МЕН ЕҢІРЕП ОТЫРЫПЖАЗҒАН ЕДІМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (380) от 27 апре­ля 2017 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет


 

Қытай жерін­де өткен «I am a singer» бай­қа­уы­ның гала-кон­цер­тін­де Димаш қаза­қстан­дық таны­мал ком­по­зи­тор Айгүл Бажа­но­ва­ның «Махаб­бат бер маған» әнін орын­даға­ны мәлім. Осы­лай­ша, қаза­қтың тағы бір әні Қытай­ға құлақ түр­ген әлем­нің эст­ра­да аре­на­сы­на шықты. Бірін­ші кезек­те осы­ның өзі қаза­қтың құт­ты­қта­уы­на лай­ық жетістік болға­нын ескеріп, әннің авто­ры Айгүл Бажа­но­ва­ны сұх­бат­та­суға шақы­рған едім.

 

 

– Айгүл, осы әнді бай­қа­удың гала-кон­цер­тін­де Димаш орын­даған­нан кей­ін қан­дай көңіл-күй­де жүр­сіз? «Фейс­бук­тағы» бір жаз­баңы­зда: «Бұл ән емес. Бұл дұғаға ұқсас дүние. Анту­ан де Сент-Экзю­пе­ридің «Молит­ва­сын» оқы­ған­да­ры­ңыз бар шығар. Бұл да сон­дай жан айғай­ы­на ұқсас нәр­се еді. Жан жүдеп, жүре­гім жапы­рақ­ша қал­ты­раған­да, әлдекім­нен ара­ша сұрап, жылу іздеп жазғам…» деген екенсіз…

– Әрине! Менің жеке өзім құт­ты­қта­удан кен­де болып жатқан жоқ­пын. Бірақ «Мен ғой, менің әнім ғой!» деген сияқты асып-тасқан сезім болған жоқ. Бәрін солай болуы керек жағ­дай­да қабыл­да­дым. Бар­лық нәр­сені сол – табиғи қал­пын­да қабыл­дай­тын әдетім бар.

Мақтау да, там­са­ну да, таң қалу да көп. Желі­де­гі «жеке­ме» де жазып, ком­мен­та­рий­лер жазып, ықы­ла­сын біл­діріп жатқан­дар­да есеп жоқ. Рах­мет! Көңіл­дерін Алла көтерсін!

Бірақ, қызық… Менің көп көрі­ну­ге, таны­луға тыры­спай­ты­ным осы екен-ау деп ойла­дым. Инту­и­тив­но қашқақтай­ды екен­мін. Сол екі күн­гі ықы­лас жетіп-артыл­ды. Ауы­рып қалуға сәл қал­дым. Энер­ге­ти­ка­лық қорға­ны­шым тым жұқа екен. Артық мақтау, ықы­лас, қоше­мет деген нәр­се­лер маған керек емес екен. Екі күн бойы менің өз-өзім­нен екі көзім­нен жас аға бер­ді, аға бер­ді. Түй­сі­гім­нің не айтқы­сы кел­генін де аңғар­ма­дым. Тек селқос, жата бер­дім, жылай бердім…

– Иә, «Фейс­бук» желісін­де бұл ән Дима­шқа лай­ы­қтап жазы­лға­нын атап, жақ­сы баға бер­ген оқыр­ман­да­ры­ңыз көп екеніне көзі­міз жет­ті. Ал сіз­ден біздің енді­гі сұра­мағы­мыз: музы­ка мама­ны бол­ма­са да, әнге сын айтқан ағай­ын­дарға айтар қан­дай уәжіңіз бар? «Итің жаман десе, быт-шыт бола­тын қаза­қ­пыз» ғой…

– Иә, ән жай­лы сан қилы пікір­лер оқы­дым. Жал­пы мен әнді әлдекім­дер­ге «ұна­сын-ұна­ма­сын» деп жаз­бай­мын. Оған өзім «ән» деген аны­қта­ма да бер­ген жоқпын.

Жан дүни­ем құла­зып, уақыт­ты да, өзім өмір сүріп жүр­ген кеңістік­ті де сезіне алмай, ащы мен тәт­тінің дәмін ажы­ра­та алмай, бей­да­уа күй­де жүр­ген­де, жаным­ды ауыр­тып шыққан дүние еді бұл. Сенесіз бе, еңіреп оты­рып, құдай­дан тілеп жазғам… Кеше­гі жылаға­ным – сол күй­ді қаз-қал­пын­да Дима­штың маған қай­та­дан әкеп бере салға­ны­на есең­гіреп қал­сам керек…

– Сіздің әріп­те­стеріңіз – қазақ ком­по­зи­тор­ла­ры мен музы­ка маман­да­ры бұл әнге қан­дай баға беріп жатыр? Қалай айт­сақ та, қазақ ком­по­зи­тор­ла­ры­ның әні екі күн­нің бірін­де әлем­дік сахна­да орын­да­лып жат­паға­ны аян ғой…

– Бір­де-екілі «құт­ты бол­сы­ны» бол­ма­са, ешкім ешнәр­се деген жоқ. Мен күт­пей­мін де… күт­пе­гем де…

Мен қан­дай пікір­ге бол­са да дай­ы­н­мын. Айтып отыр­мын ғой: бұл әннің не екенін өзім де біл­мей­мін – дұға ма, романс па, ән бе… Мен музы­ка­лық білі­мі жоға­ры ком­по­зи­тор емес­пін. Димаш менің әнім­мен тоқтап та қал­май­ды, сон­ды­қтан мықты ком­по­зи­тор­лар­дың шығар­ма­ла­рын орын­дай беруіне тілек­тес­пін. Солай болуы керек.

– Ал ән өнеріне жаңа құбы­лыс әкел­ді деген Дима­шқа музы­ка маман­да­ры біл­діріп жатқан пікір­лер­ге сіздің қан­дай қоса­ры­ңыз бар? Мәсе­лен, Димаш Қаза­қстан­да қал­са, оның шығар­ма­шы­лық диа­па­зо­ны шек­теліп қала­ды деген пікір­лер айтылуда…

– Димаш қаза­ққа әлем­дік музы­ка әле­міне есік ашып бер­ді. Басқа да талант­ты жастар­дың кеудесіне үміт отын жақты. Той әндері­нен де биік әндер айтып, тың­да­та білу­ге, мой­ын­да­туға бола­ты­нын дәлел­деді! Бұл өте маңы­зды. Халы­қтың да талға­мын «сын­ды­ра» біл­ді. Басқа өнер адам­да­ры­на да xалы­қты биік өнер­ге тәр­би­е­лей­тін өздері болуы керекті­гін көр­сетіп бер­ді. Ағы­л­шын­ша, орыс­ша айтып, шек­тен тыс тыры­спай-ақ, өз тілін­де айтып, төрт­кіл дүни­е­ден көре­рмен жина­уға, өнерін паш ету­ге бола­ты­нын дәлел­деді. Бұл – жеңіс. Бәрі­міздің жеңісі­міз. Біз­де талант­тар көп. Тың­дал­май, өз елі­міз­де баға­лан­бай жүр­ген өнер иелері бар. Олар да тал­пын­са, осы­лай өздерін де, елді де әлем­ге таны­та бер­се, біздің тақи­я­мы­зға тар кел­мес еді.

– Ази­я­лық әндер шеруін­де алға­шқы жиыр­ма­лы­ққа кір­ген «Дай­ди­да­удан» кей­ін Дима­штың өз әні – «Ұмы­тыл­мас күн» топ-әндер­дің көшін баста­ды. Енді, міне, сіздің «Махаб­бат бер маға­ны­ңыз» әлем­дік сахнаға шықты. Дима­штың дауы­сы­мен қазақ ән өнерін әлем­ге таны­ту­дың осы үрдісі бұдан былай да жалға­са беру үшін тағы да қан­дай алғы шар­ттар қажет деп ойлайсыз?

– «Қаза­қстан­да Дима­штың шығар­ма­шы­лық диа­па­зо­ны шек­теліп қала­ды…» деген пікір­ге орай айта­рым – рас, оған кең кеңістік керек. Біз асыл­да­ры­мы­зды сақтай алмаған, өлтіріп алған xалы­қ­пыз. Әлдекім­нің атағы сәл асып кет­се, оны­сын көре алмай­тын қызған­шақ xалы­қ­пыз. Төле­ген­ді шыға­рып сап, ту сыр­ты­нан оқ атқан Беке­жан сын­ды қаза­қ­пыз біз. Жасы­ра­тын несі бар, оған тіп­ті өзім­нің де көзім жет­ті. Әредік­те бір кіші­гірім кон­церт берем деп, қан­ша жау тауып алдым.

Сон­ды­қтан да мен Дима­штың көңіліне бір қаяу түс­пе­генін, жүре­гінің былған­баға­нын қалай­мын. Әле­мінің таза, кеңісті­гінің шексіз болға­нын аңсай­мын! Дима­шты қорға­штап жүретін пері­ш­тесі болуға дай­ы­н­мын – керек болса!

– Дима­штың дауы­сы­на арнап ән жазу, шығар­ма­шы­лық әріп­те­стік­ті жалға­сты­ру мүм­кін­дік­тері тура­лы не айтар едіңіз?

– Мен өзім­ді сұм­дық про­фес­си­о­нал ком­по­зи­тор­мын деуден аулақ­пын, олай ойлаған да емес­пін. Дима­штың жеке фоно­те­ка­сы­на, өзі жеке қалған­да неме­се кіші­гірім өзін түсі­нетін музы­кант­тар, өнер адам­да­ры жиналған­да орын­да­уға лай­ы­қты деген бір-екі әнім бар. Солар­ды тың­да­там бұй­ыр­са. Оны Қанат­пен (Айт­ба­ев – Ред.) де сөй­лес­кен­де айтқам. Жазып көр­ші деген нақты ұсы­ны­сы да бол­ды. Оны да бұй­рық шешеді.

Сосын біз­де заң­ды­лық болып қалып­та­сып қалған бір қызық нәр­се бар: әнші өзін құдай­дай көреді; бір әннің арқа­сын­да көтеріл­се де, сол әннің авто­рын дәріп­те­мек тұр­мақ, титр­да автор­дың аты жазы­луын, бар­лық жер­де автор­дың нұсқа­луын қадаға­ла­мақ түгілі, өз әніңді өзің­нен қызға­нып, ән арқы­лы қан­дай атақ келеді – соның ешқай­сысын авторға қимай­ды; құд­ды бір мей­ірім­ге қан­бай өскен бала сияқты, автор­дың аты өзі­нен асып кет­пе­генін қалап тұрады.

«Маxаб­бат бер маған» айты­лға­лы, Қанат маған қан­ша рет xабар­ла­сты. Раx­метін жауды­рып, тіп­ті кей­бір сын­дарға менің көңілім түсіп кет­пе­ді ме деп бәй­ек бол­ды. Осы­дан кей­ін салы­сты­ра беріңіз: жур­на­ли­стер де, БАҚ та сол – кім эфир­де, кім қым­бат киі­неді, кім қым­бат көлік мінеді – сол «жұл­дыз». Ән автор­ла­рын әңгі­ме қылғы­сы да, жазғы­сы да кел­мей­ді. Әрине, оны керек етпей­сің де ғой. Бірақ арзан­ды аспан­да­та­мыз деп қым­ба­ты­мы­зды жоғал­тып алма­сақ болды…

– Айт­пақ­шы, жуы­қта Алма­ты­да өткен, өзіңіз айтқан­дай, «қан­ша­ма жау тауып алған» шығар­ма­шы­лық кон­цер­тіңіздің алдын­да біздің газет­те жари­я­ланған сұх­ба­ты­ңы­зға орай оқыр­ман­дар­дан: «Айгүл­дің өзі тура­лы сұра­мап­сыздар, ол қай­дан шыққан, қай­дан кел­ген өнер­паз қыз екенін біл­мей қал­дық…» деген сын естідік. Сол кемістік­ті жуып-шаю қажет болып тұр…

– Мен оңтүстік­тің қызы­мын. Созақ ауда­нын­да Баба­та деген ауыл бар. Сол ауыл­да дүни­е­ге кел­гем. Ысты елінің қызы­мын. Иде­ал тұта­тын ада­мым – өзім­нің атам Дін­мұxа­мед Қонаев.

– Ал, Айгүл, менің сіз­бен сұх­бат­та­суым газет бетін­де жари­я­ланған соң, мені де сөгетін жұрт­шы­лық бар: өзі Ермұрат Бапи бола тұрып, ел ішін­де­гі жағ­дай­лар­ды, қоғам­ның жай-күй­ін сұра­мап­ты дей­тін оқыр­ман­дар оды­рая қала­ды. Әдет­те «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» руб­ри­ка­сын жүр­гі­зетін жур­на­ли­стер­ге сая­си «иісі» бар тақы­рып­ты тық­па­лап, сұх­бат беру­шіні тығы­ры­ққа тіре­мең­дер деп, әңгі­мені аса сая­си­лан­дыр­мау жағын тап­сы­рып оты­ра­мыз. Біздің өнер адам­да­ры қан­дай қоғам­да өмір сүріп жатқа­ны мәлім ғой: сая­сат­ты сөз қылам деп шет­тетіліп қалуы әбден мүм­кін… Шығар­ма­шы­лы­қ­пен Мар­сқа барып айна­лы­су мүм­кін­ді­гі жоқ… Десек те, оқыр­ман­дар алдын­да өзім­нің де абы­рой­ым­ды сақтап қалу қамы­м­ен сол «иісті» тақы­рып­ты сұрай­ын: қоғам­дағы халы­қтың бүгін­гі күй-жайы, қаза­қстан­дық билік ұсы­нып жатқан руха­ни жаңғы­ру баста­ма­сы сізді қан­ша­лы­қты қызықтырады?

– Өткен­де елба­сы үш кемең­гер жазу­шы­ны шақы­рып алып, арқа-жарқа әңгі­ме айтып, сол кісілер­мен кеңесіп оты­рға­нын көріп, ішім жылып қал­ды. Сәл жыл­ты­раған үміт көр­сек те жақ­сы­лы­ққа жори­мыз ғой. «Не де бол­са, xалы­қты жылат­па­са екен, жағ­дай­ын жаса­са екен», – дей­тін­нің бірі мен. Бірақ, шыным­ды айтай­ын, мен жал­пы сая­сатқа жоқпын.

– Иә, қазақ халқы­на да, оның руха­ни дүни­есіне де, өнеріне де жаңғы­ру қажет-ақ… Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет, Айгүл!

Ермұрат БАПИ

 

 

Желі­де­гі жаз­ба­лар: қаз-қалпында

 

ОЛЭТАЛОН

 

Уызы­нан жарып, толы­ққан­ды, бақыт­ты отба­сын­да тәр­би­е­лен­ген, әкенің қамқор­лы­ғын, ана­сы­ның шексіз мей­ірі­мін сезініп, ата-әже­сінің тізесін­де өскен бала. Онда қызға­ныш, өлер­мен­дік деген жоқ. Себебі ондай пен­де­шілік­тер оның қанын­да жоқ. Оның жүзін­де күл­кі, көзін­де нұр тұра­ды. Ол тағ­ды­ры­на дән риза. Ол өмір­ді сүй­еді. Ол қанағат­шыл. Бәрі – бәріне жет­се, бәріне бір­дей бол­са деп ойлай­ды. Бар­лы­ғы­на бәрі жететінін біледі. Ол – оның таза ниеті.

 

Дәл Дима­штың осын­дай биік­ті бағын­ды­руы заң­ды. Лай­ы­қты! Ол – эта­лон, үлгі. Түр-тұлға­сы, ішкі мәде­ни­еті, жан-жақты­лы­ғы, елін шын сүюі, тілін шынайы құр­мет­те­уі – ҚАЗАҚТЫ әлем тануы үшін тап­тыр­май­тын бір­ден-бір адам.

Не бол­са соған Дима­шқа өкпе арта бер­мей­ік. Пен­де­шілік­пен, қызға­ны­шпен басқа­ларға оның жолын бөге­у­ге жол бер­гім кел­мей­ді! Қай­та жолы­на гүл төсеп оты­рай­ық, жағ­дай жасай­ық. Ол қан­ша­ма қазақ бала­сы­ның кеудесіне үміт отын жақты, нағыз, саф өнер­дің қан­дай екенін көр­сет­ті, нағыз жұл­дыз болу­дың үлгісін көр­сет­ті. Қара­пай­ым болып жүріп те биік­ке көтерілу­ге бола­ты­нын дәлел­деді! Әлі балаң, жас бол­са да, ЕЛІ, АНА ТІЛІ, ОТАНЫ алдын­дағы боры­шын өте­ді. Бұй­ыр­са, әлі талай шың­дар­ды бағын­ды­ра­ды, әр биік­ке көтеріл­ген сай­ын, қаза­қтың ТУЫН ұстай шыға­ты­ны­на бек сенемін!

Мен бәріне дай­ын едім. Мил­ли­он адам – мил­ли­он пікір. «Ән ұна­ма­ды, Дима­шқа лай­ы­қты емес» деген де пікір­лер­ді оқып жатыр­мын. Әрине, ешкім­нің пікірін ешкім өзгер­тіп бер­мей­ді. Және талға­мға да талас жоқ. Бірақ…

Жақ­сы­ла­рым!

«Маxаб­бат бер маған» – 30–40 әннің іші­нен Димаш таң­дап алған ән. Димаш жаны­мен сүй­іп орын­даған ән. Жазы­лға­лы басқа ешкім­ге емес, Дима­шқа бұй­ы­рған ән.

Мына­ны түсі­ней­ік­ші: солай болу керек бол­ды, Алла солай болға­нын қала­ды. Бар­лық жол­дар­дың бір нүк­те­де тоғы­са­тын сәті осы болға­ны да демек!

Әнін басқа емес, мен (мой­ын­дай­мын – менен де кере­мет ком­по­зи­тор­лар бар), сөзін басқа емес, Мұнай­дар­дың (Мұнай­дар­дан да мықты ақын­дар бар) жазуы, ал әнді Дима­штың орын­да­уы және әннің Қытай­да, «I am a singer» бай­қа­уы­ның гала-кон­цер­тін­де Бей­жің уақы­ты­мен сағат 22.00-де, Аста­на уақы­ты­мен сағат 20.00-да орын­да­луы керек болған. Бұл – жаратқан­ның қалауы.

Бұған ешкім талас­пай-ақ қойсыншы!

Бәрі ниет­ке бай­ла­ны­сты. Мен әнді әдейі тық­па­ла­ма­дым, Мұнай­дар өзе­уреп, «сөзін мен жазам» деген жоқ. Бұл бір сәті­мен рет­те­ле, түзі­ле қалған құбы­лыс. Ешкім­ді – ешкім мәж­бүр­ле­ген жоқ. Дима­шты қалай баға­ла­саңы­здар, Дима­штың талға­мын да солай сый­лаңы­здар. Мұнай­дар айт­пақ­шы, біздікі себеп қана.

Рах­мет!

 

«Әнді сүй­сең, мен­ше сүй!..»

 

Айгүл ханым­ның әсем, жан тебірен­тер­лік сазы­на жазы­лған «Махаб­бат бер маған» әні­міздің мәтіні ағы­л­шын­ша, қытай­шаға ауда­ры­лып­ты. Әнге, өнер­ге шека­ра жоқ деген осы-ау!..

Ал бұл әннің төңіре­гін­де­гі айтыс-тар­ты­сқа өз басым қалып­ты қарай­мын. Айгүл жазған­дай, әнді Димаш өзі қалап, көп әннің іші­нен таң­дап алған екен. Алла көріп тұр: мен өзім Дима­шқа, не әкесіне кез­десіп, қолын алып, аман­дасқан адам емес­пін, сырт­тай тума талан­ты­на тән­ті, тіле­уқор мил­ли­ард­тар­дың бірі ғанамын.

«Махаб­бат бер маған» әніне тоқта­лып өтсем: «Фейс­бук» арқы­лы Айгүл Бажа­но­ва ару­мен ән, өлең жай­ын­да сөй­лесіп қал­дық; бір-біріңді көр­мей, кез­дес­пей, «айшы­лық алыс жер­лер­ден жыл­дам хабар алғы­зған» интер­нет­тің арқа­сын­дағы досты­ғы­мыз әннің шығуы­на алып кел­ді. Ком­по­зи­тор­дан әуен сұра­дым – жазып көрей­ін­ші деп. Ол бола­шақ әннің сазын жібер­ді. Иә, өлең туса, ішін­де «махаб­бат бер маған, тағ­дыр» деген сөз бол­сын­шы деген өзінің жүрек­жар­ды өтіні­шін де айт­ты. Себебі ән өзі солай деп сөй­леп тұр екен.

Бұл саз­дың, бұл әде­мі әуен­нің Айгүл ханы­мға оңай­лы­қ­пен келе салған, жазы­ла салған ән еме­сті­гін сездім. Әнде мұң да, жалғыз­сы­рау да, шары­қтау да, алғы күн­ге деген сенім де – бәрі бар екен. Мен өзім­ше, үйде оты­рып алып, әнді тың­дап-тың­дап, бой­ы­ма, ойы­ма сіңір­ген­ше дел-сал жүр­дім, сөз жаз­дым, ол сөз­дерім­ді ком­по­зи­тор ұнат­па­ды, қай­тып жаз­дым, тек қай­ыр­ма­сы мен алға­шқы шумағын қабыл­дап, тағы талап қой­ды, мен ізден­дім, толғандым.

Тәңір­дің таң­дай­ға салға­ны, маң­дай­ға жазға­ны бола­ды ғой, сөй­тіп әнге сөз туды, автор хош алды, содан әншісі табыл­май, өңде­уі бол­май, ұзақ жатып қал­ды. Негізі ол ән 2–3 жыл бұрын туса керек, ал сөзінің жазы­лға­ны­на бір жыл­дан асты білем. Міне, талант­ты әнші­міз Дима­шқа ән осы­лай келді.

Абай ата­мыз айтқан сөз: «Әнді сүй­сең, мен­ше сүй!» деп, әнші бұл әнді өзін­ше, ақ жүре­гі­мен сүй­ді, сол күй­ін­де әлем жұр­ты­на жет­кізді. Бұған анау-мына­уы өйт­кен­де-бүйт­кен­де деудің кере­гі жоқ. Тәңір­дің бұй­ры­ғы – әйт­пе­се менен асқан мықты ақын­дар бар­шы­лық, біз бір себеп­кер­міз деген­ді және айтқым бар.

Бір мысал кел­тірей­ін: бір ақын бай­қа­уға түсіп, «мен­мін» деген ақын-жазу­шы­лар­дың алдын­да өлең­дерін оқы­са, оны сынап, мінеп тастай беріп­ті. Содан әлгі ақын және бір өлең оқы­май ма, ол өлеңді тіп­ті «өлең емес, құр шат­пақ, мұны жазған сен­сің бе?» деп сұра­май ма, сон­да ақын: «Жоқ, бұл Абай Құнан­бай­ұлы­ның өлеңі еді» деп­ті. Сына­у­шы, міне­уші Абай мен Мағ­жан тіріліп кел­сін­ші – өлең­дерін әлі сына­удан тартынбайды…

Соны­мен, әнді Димаш сүй­іп шырқа­ды, мың­даған, мил­ли­он­даған, мил­ли­ард­таған тың­дар­ма­ны сүй­сініп отыр­ды. Әлі де шырқа­лып, ән биік­тей бере­рі кәміл. Сахна­дағы 3–4 минут­тық сәт – шын ойлап қараған­да, тұтас бір спек­такль, тұтас бір өмір­дей… Пат­ша пей­іл­ді көре­рмен, өнер сүю­ші, һәм баға­ла­у­шы халай­ық, қазақ әнінің, қазақ үнінің мил­ли­ард­тар­ды сүй­сін­тіп, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІМІЗДІҢ мәр­те­бесін көте­ру­ге қар­лы­ғаш қана­ты­мен су сеп­кен­дей себеп­ші болып жатқа­ны­на бір­ге қуа­на білей­ік! Бәріңізді жақ­сы көре­мін. Димаш ұлы­мыз жеңі­стен жеңіс­ке жете бер­сін! Ата-ана­сы, бауыр­ла­ры аман болсын!

Мұнай­дар Балмолда

 

 

Пікір­лер Айгүл Бажанованың

ФБ-парақ­ша­сы­нан алынды

 

Бұл екі арада

 

ДИМАШТЫҢ ӘНІ ҚЫТАЙДА

«Жыл­дың үздік әні» деп танылды

 

Дима­штың «Battle of memories» кино­филь­міне орын­даған саунд­т­ре­гі Қытай­да «Жыл­дың үздік әні» деп таныл­ды. Бұл тура­лы Дима­штың ресми өкілі Алпа­мыс Шәрі­мов жария етті, деп хабар­лай­ды Stan.kz.

«Сүй­ін­ші! Осы­мен үшін­ші жүл­де! Қытай­дың номер бірін­ші теле­ар­на­сы CCTV Дима­штың орын­да­уын­дағы «Battle of memories» әнін жыл­дың үздік әні деп танып, «Top Global Chinese Music» жүл­десін әнші­ге табыст­а­ды! Қуа­ны­шы­мы­зда шек жоқ! Еңбек­пен кел­ген әр өнім баға­лан­са, бақыт қой!» – деп жаза­ды Алпамыс.

Stan.kz

 

 

 

Жөн-ау!

 

Роза РЫМБАЕВА,

Қаза­қстан­ның халық әртісі:

• «Дима­штың елі­міз­де халы­қтың сүй­ік­ті әншісі ата­нуы­на мүм­кін­дік аз. Себебі біздің теле­ви­зи­я­лық жоба­лар­дың бар­лы­ғы той­дың әншілерін ғана наси­хат­тай­ды. Солар­ды мақтап, солар­ды көк­ке көте­реді. Жоға­ры дең­гей­де­гі шын талант­тар­ды көр­се­тетін теле­ви­зи­я­лық жоба­лар жоқтың қасы. Отан­дық теле­ар­на­лар «Той­ду­ман», «Той­ба­зар», «Той­ба­стар» секіл­ді той­дың бағ­дар­ла­ма­ла­ры­нан ары аса алмай­ды. Алды­мен экра­ны­мы­зды осын­дай мағы­на­сыз шоулар­дан таза­лап, Димаш секіл­ді талант­ты­лар­дың өнерін дәріп­теп, жастарға үлгі етуі­міз керек».

Dalanews.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн