Суббота , 5 июля 2025

КӘСІПОДАҚ МҰҒАЛІМДІ ҚАНАУШЫҒА АЙНАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Оқу орын­да­рын­дағы қысастық

 

Мек­теп­те­гі қиянат

 


Мұғалім­дер кәсі­по­дағы­ның жарғы­сын және оның құры­лы­мын өзгер­ту тура­лы ұсы­ны­сы­мыз қоғам­дық ұйым тара­пы­нан ескеріл­ген­мен, әлі күн­ге дей­ін қарал­май келеді. Аудан­дар­да, облы­ста 20–30 жыл бойы оты­рып қалған кәсі­по­дақ төраға­ла­ры мұғалім мәсе­лесі­мен айна­лы­спай­ды деу­ге бола­ды. Оларға деген сенім мүл­де жой­ы­лған. Мұғалім­дер кәсі­по­дағы тек әкім­дер мен дирек­тор­лар­дың «көсе­уіне» айнал­ды. Сон­ды­қтан мұғалім­нің мәр­те­бесі­мен айна­лы­са­тын уақыт жетті.

 

Кей­бір кәсі­по­дақ жетек­шілеріне осы жөнін­де уәж айта бас­та­саңыз: «Азын-аулақ мұғалім­дер­ден жиналған қара­жат­пен әрең күн көріп отыр­мын» деп бастай­ды әңгі­ме­лерін. Ондай­лар­ды кәсі­по­даққа мүл­де жолат­пау керек! «Әрең күн көріп оты­рған­дар» басқа салаға барып жұмыс жасасын.

Иә, бүгін­гі таң­да кәсі­по­дақтың облы­стық, аудан­дық сала­ла­ры мүл­де жұмыс атқар­май­ды деу­ге бола­ды, ал баста­уыш кәсі­по­дақ ұйы­мы тура­лы мүл­де айт­пай-ақ қояй­ын. Түр­лі кон­церт­тер мен керексіз семи­нар­лар, мере­келік шара ұйым­да­сты­ру­дан әрі­ге бармайды.

Мәсе­лен, бас­пасөз­де жария болған Түр­кістан­дағы мұғалім­дер­дің жап­пай сен­білік­ке шыққа­нын Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­ның кәсі­по­дағы, аудан­дық кәсі­по­дақ теріс­ке шыға­рып, мұғалім­дер­дің сен­білік­ке, кон­церт­ке өз ерік­тері­мен барға­нын мәлім­деді (қаты­нас хат­тың фото­кө­шір­месін қараңыз). Сол жер­дің мұғалім­дерінің әле­умет­тік желі­де­гі жанай­қай­ын олар қай­дан біл­сін?! Өз ерік­тері­мен, костюм-шал­бар­мен жүріп, көше таза­лаған адам­ды қай­дан көр­діңіз­дер?! Өз еркі­мен таза­лай­тын адам жұмыс киім­мен келеді.

Елі­міз­де Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша мәж­бүр­лі еңбек­ке тый­ым салы­нған. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 24-бабы 1‑тармағына сәй­кес «Әркім­нің еңбек ету бостан­ды­ғы­на, қыз­мет пен кәсіп түрін еркін таң­да­уы­на құқы­ғы бар. Еріксіз еңбек­ке сот­тың үкі­мі бой­ын­ша не төтен­ше жағ­дай­да, неме­се соғыс жағ­дай­ын­да ғана жол беріледі».

Түр­кістанға қарас­ты №9 Некра­сов атын­дағы мек­теп-гим­на­зи­я­сы мұғалі­мінің сот­та жеңіп тұрған шеші­міне қара­ма­стан, мек­теп­тің баста­уыш кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның төраға­сы «защи­ти наше­го дирек­то­ра» деп қол қой­ып, мөр басып, әкім­дер­ге хат жол­даған. Масқара!

Келесі жағ­дай Қызы­лор­да облы­сын­да, Жаңақорған ауда­ны Беса­рық бекетін­де­гі №247 мек­теп­те орын алып отыр. Бұл мек­теп­те дирек­тор жап­пай «репрес­сия» жүр­гіз­ген. Заң­ды өрес­кел бұзуға жол бер­ген. Мұғалім­нің сыр­ты­нан «еңбек шар­тын» жасаған. Ата-ана мен оқу­шы­ларға арыз жаз­ды­рған. Бірақ оқу­шы­ның «дирек­тор­дың айтуы­мен жаз­дым, кешіріңіз­ші» деп арты­нан ары­зын қай­та­рып алға­ны­на қара­ма­стан, мұғалім­ге қатаң сөгіс беріл­ді. Бір­не­ше сөгіс беріп, артын­ша қыз­меті­нен боса­тып, небәрі 6 сағат­пен мұғалім етіп қал­ды­рған. Бұл жағ­дай­да да біздің құқық қорға­у­шы баста­уыш кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның төраға­сы дирек­тор­дың жаны­нан табы­лып, «заң­ды» шешім­дер шыға­рып беріп оты­рған. Әзір­ге істің алды сот­та қара­лып жатыр, арты – сотқа беріп жатыр.

Ал Алма­ты облы­сы­ның Қара­сай ауда­нын­да орын алған жағ­дай былай болған: Мұн­дағы кәсі­по­дақ мек­теп дирек­то­ры­мен бірі­гіп, заң­сызды­ққа жол бер­ген. Ол жағ­дай бас­пасөз­де жазы­лып, оның соңы үлкен шуға айналған соң, артын­ша кәсі­по­дақ төраға­сы орны­нан алын­ды. Бірақ оның орны­на Алма­лы­бақ ауыл­дық окру­гінің әкі­мін кәсі­по­дақ ұйы­мы­на төраға етіп сай­ла­ды! Әкім­нің кәсі­по­дақта неcі бар? Қан­дай қаты­сы бар? Педа­гог­тар­дың пікірі қай­да қалды?

Енді барып, сол кәсі­по­дақ төрай­ы­мы «мұғалім­дер­дің сен­білік­ке шыға­ты­нын аудан әкі­мі бел­гілей­тінін, мұн­дай шара­лар аудан бас­шы­сы­ның бұй­ры­ғы­мен өткізілетінін» мәлім­деді. Бұл не? Не масқа­ра? Бұл кан­ди­дат­тың тіке­лей өтіп кет­кеніне кінәлілер жау­а­пқа тар­ты­луы тиіс! Алма­ты облы­стық кәсі­по­дағы­ның төраға­сын жау­а­пқа тар­ту керек: төраға­лар­дың кан­ди­да­ту­ра­сын қараған­да қай­да қараған? Енді ол мұғалім­дер­мен жина­лыс, семи­нар өткі­зудің орны­на әкім­дер­дің жина­лы­сын­да жүр.

Әй, айна­лай­ын, кәсі­по­дақтағы ханым­дар мен мыр­за­лар! Қазір қан­дай ғасыр екенін жақ­сы білесіз­дер: бір жағым­сыз ақпа­рат бол­са, қол­ма-қол рес­пуб­ли­ка көле­міне тарай­ды. Соны неге ойла­май­сыздар? Ақша­ны емес, ар мен ұят­ты бірін­ші оры­нға қой­ған­да­ры­ңыз жөн-ау!

Жал­пы, мұғалім­дер­дің кәсі­по­даққа деген сенім­дері жоға­лып бара­ды. Оған себеп – әке­лері­нен мұраға қалған қыз­мет­тей, бір оры­нға 20–30 жыл­дап жабысып оты­рып алса, оларға кім сенеді?! Кәсі­по­дақ төраға­ла­ры үш жылға ғана сай­ла­ну керек. Үш жыл­дан соң, ара­сы­на үзіліс жасап, кәсі­по­дақтың бұры­нғы төраға­сы қай­та­дан сай­лан­ба­уы керек.

Міне, осын­дай келеңсіз жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты ұйым­ның Жарғы­сы­на және кәсі­по­дақтың құры­лы­мы­на модер­ни­за­ция жаса­лып, оның жұмысын жетіл­ді­ру керек. Кәсі­по­дақ – мек­теп дирек­то­ры мен әкім­нің, әкірең­де­ген әркім­нің қол­шоқ­па­ры бол­мауы тиіс!

Рес­пуб­ли­ка­лық кәсі­по­дақтың жетек­шілері облы­стық, аудан­дық және баста­уыш ұйым­дар­дың төраға­ла­ры­на тиісті заң­ды жат­татқы­зу­ла­ры керек. Тест алы­ңы­здар, кітап­тар шыға­рып, қол­да­ры­на нұсқа­улық беріңіз­дер, әйте­уір үйретіңіз­дер – дұры­стап жұмыс жаса­сын. Қол­шоқ­пар болған­ды қойдырыңыздар!

Құр­мет­ті ұста­здар, егер баста­уыш кәсі­по­дақ сіз­дер­ге көмек көр­се­те алма­са, оның жұмысы көңіліңіз­ден шық­па­са, ұйым­ның жарғы­сын­да мына­дай жол­дар бар:

«Кәсі­по­дақ – қоғам­дық ұйым, оның қыз­меті мен­шік­ті Жарғы­сы­мен рет­те­летін болған­ды­қтан, «Қаза­қстан­дық сала­лық білім және ғылым қыз­мет­кер­лерінің кәсіп­тік одағы» қоғам­дық бір­ле­сті­гі Жарғы­сы­ның 4.11-тармағына сәй­кес, баста­уыш кәсі­по­дақ ұйы­мы­на жеке өтініш беру арқы­лы кәсі­по­дақ мүшелі­гі­нен шыға аласыз».

Кім көрін­ген­ге «көсеу» болып, мек­теп дирек­тор­ла­ры­ның қана­уы­на тап болып жүр­ген­ше, мұн­дай кәсі­по­дақтан шығып кет­кен абзал. Сол арқы­лы сіз­дер ұйым жұмысы­на өз нара­зы­лы­қта­ры­ңы­зды біл­ді­ре ала­сыздар. Ал заң бой­ын­ша ұйым қата­ры­нан өз еркі­мен шыққан мұғалім­ге ешкім де, ешқан­дай да шара қол­да­на алмай­ды. Бұл әр мұғалім­нің өзін­дік ерік-жігеріне ғана қаты­сты шешім болмақ.

Мей­ір­жан ТЕМІРБЕК,

«Ағар­ту­шы» қоғамдық

қозға­лы­сы­ның мүшесі

 

 

 

 

Уни­вер­си­тет­те­гі зорлық

 

«Нұр Отанға» 300 тең­ге төле­ме­ген­дер ДИПЛОМ ҚОРҒАЙ АЛМАЙДЫ

 


 

Алма­ты­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік аграр­лық уни­вер­си­тетін биыл бітіретін сту­дент­тер «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на ақша жинап, кей­бірі пар­ти­яға «ерік­тері­нен тыс мүше болып жатқан­да­рын» айта­ды. Ал уни­вер­си­тет бас­шы­лы­ғы «сту­дент­тер­дің таң­дау еркі бар» дейді.

 

Қазақ мем­ле­кет­тік аграр­лық уни­вер­си­тетінің аты-жөнін атағы­сы кел­ме­ген 4‑курс сту­ден­ті «Нұр Отан» пре­зи­дент­тік пар­ти­я­сы­на деп 300 тең­ге өткіз­генін айта­ды. Оның сөзін­ше, факуль­тет­те­гі дека­нат өкіл­дері «ақша жина­ма­саң­дар, диплом қорға­уға кір­мей­сің­дер» деп ескер­ту жасаған.

– 300 тең­ге жинап алып кет­ті. «Беру мін­дет­ті, бер­ме­сең­дер – диплом қорға­уға кір­мей­сің­дер» деді. Топ­тағы бүкіл сту­дент бер­дік. Кей­ін бұл ақша­ның «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның бір жыл­дық жар­на­сы екенін біл­дік. Бірақ пар­тия билетін бер­ген жоқ. Енді уни­вер­си­тет­тен маман және «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның мүше­сі болып шыға­мыз, – дей­ді ол.

Жастар ара­сын­да «Аграр­ка» ата­лып кет­кен осы уни­вер­си­тет­те агро­хи­мия маман­ды­ғын­да оқи­тын К. есім­ді маги­стран­ты да бұл жағ­дай­ды рас­та­ды. Ол уни­вер­си­тет­те «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на мүше болуға шақы­ра­тын жина­лы­стар жиі бола­ты­нын айта­ды. «Қазір уни­вер­си­тет­те «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на деп біз­ден ақша жинап жатыр. Бұл декан­дар мен уни­вер­си­тет бас­шы­лы­ғы­ның баста­ма­сы деп ойлай­мын. Жеке куәлі­гі­міздің көшір­месін және 300 тең­гені өткіздік», – дей­ді магистрант.

Қазақ мем­ле­кет­тік аграр­лық уни­вер­си­тетінің Мұх­тар­бек (есі­мі өзгер­тіл­ді) деген сту­ден­ті «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на мүше болға­нын кей­ін біл­ген. Оның айтуын­ша, дека­нат қыз­мет­кер­лері себебін айт­пай, 300 тең­ге жинап алып кет­кен. «Қазір біз­де мем­ле­кет­тік емти­хан және диплом қорғау кезі болып жатыр. Диплом алдын­да 300 тең­ге жинап алып кет­кен. Бұл ақша «Нұр Отан­ның» жыл­дық жар­на­сы екенін кей­ін біл­дік. Сон­да айы­на 25 тең­ге­ден өткіздік. Біз­ден ешкім «пар­ти­яға мүше бола­сы­ң­дар ма, ойла­ры­ң­ды айты­ң­дар» деп сұраған жоқ», – дей­ді ол.

Осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты «Азаттық» тіл­шісі Қазақ мем­ле­кет­тік аграр­лық уни­вер­си­тетінің бас­шы­лы­ғы­на хабар­ла­сты. «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның осы уни­вер­си­тет­те­гі өкілі Тимур Сей­іл­ха­нов бұл оқиға­ны өзге­ше түсін­діреді. «Сту­дент­тер мем­ле­кет­тің сая­са­ты­на риза. Сту­дент­тер­дің өздері маған келіп: «Пре­зи­дент­тің сая­са­ты­на сай грант­та оқып, сти­пен­дия алып жатыр­мыз, неге пар­ти­яға мүше бол­май­мыз?» деді. Шағым айтып жүр­ген­дер – нашар оқи­тын, сабақтан қала­тын сту­дент­тер болар. Біз ешкім­ді қина­май­мыз. Ал пар­ти­яға мүше болғы­сы кел­ген адам біз­ге келіп, фор­ма тол­ты­ра­ды. Біз ол фор­ма­ны тек­се­ре­міз, кез кел­ген адам­ды мүше ете бер­мей­міз. Оқы­ған, дарын­ды, білім­ді, көзқа­ра­сы түзу аза­мат­тар­ды ғана ірік­теп ала­мыз. Қазір көп сек­та­лар бар. Жастар соларға мүше болып жатыр. Ал халы­қтық пар­ти­яға мүше бол­са, несі айып?» – дей­ді ол.

Ал уни­вер­си­тет­тің оқу ісі жөнін­де­гі про­рек­то­ры мін­детін атқа­ру­шы Бақыт Халы­қо­ва бұл жайт­тан хабар­дар екенін, сту­дент­тер­дің шағы­мы тек­серілетінін айт­ты. «Бұл жайт тура­лы Instagram желісі­нен оқы­дым. Сту­дент­тер­ді қинап жатқан жоқ­пыз. Қазір тек­серіп жатыр­мыз. Пар­ти­яға мүше болған­дар да, мүше емес сту­дент­тер де бар. «Ауыл» пар­ти­я­сы­на да мүше сту­дент, мұғалім­дер бар. Әркім­нің өз таң­да­уы бар», – дей­ді ол.

Қаза­қстан­да сту­дент­тер­ді ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев басқа­ра­тын «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на күш­теп мүше ету жайы бұған дей­ін де сөз болған. Сон­дай оқиға­ның бірін­де – бір­не­ше жыл бұрын аты­ра­улық сту­дент­тер­ді бұл пар­ти­яға сырт­тай кір­гіз­ген кез­де жастар мұн­дай мәж­бүр­ле­у­ге нара­зы­лық таны­тқан. Елде сту­дент­тер­ді билік­тің сая­си науқан­да­ры кезін­де ерік­ті-еріксіз үгіт-наси­хат жұмыста­ры­на жегу, олар­ды бел­гілі бір адам­ның не ұйым­ның жағым­ды ими­джін жасау ісіне жұм­сау ісі жиі болады.

Рус­лан МЕДЕЛБЕК,

Azattyq.org

• Түп­нұсқа­дағы бас тақы­рып: «Сек­таға мүше болған­ша, халы­қтық пар­ти­яға мүше бол­са, несі айып?»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн