Суббота , 5 июля 2025

ӘЙЕЛ БҰЗЫЛЫП, ұлт неге жоғалады?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Пікір­та­лас

 


«ДАТ»-тың 9‑нөміріне қай­рат­кер ақын Мыр­зан Кен­же­бай­дың «Әйел­дері бұзы­лған ұлт жоға­ла­ды» деген мақа­ла­сы шықты. Басы­лым пікір сұрап­ты. Оқы­дық. Дер кезін­де, сәтін­де көтеріл­ген мәселе.

 

Мыр­зан інім­нің пікірін­ше, орыс пен Баты­стың үлгісі­нен «тәр­бие» алған қыз-келін­шек­тері­міз еркі­мен кетіп, бұзы­ла­ды екен. Дұрыс-ақ!

Бірақ бұл мәсе­ленің бір жағы ғана. Ал олар неге бұзы­ла­ды, ұлты­мыз неге жой­ы­ла­ды – мәсе­ленің екін­ші мәніне үңіліп, осы­ған көңіл аудар­дық па? Менің­ше, әйел­дер (бәрі емес) өз-өзі­нен бұзыл­май­ды. Оған қау­саған, сөзі жаңғы­рған­мен, өзі жаңғыр­маған қоғам, ерік-жігері­нен айы­ры­лған намыс­сыз ер-аза­мат­тар кінәлі!

Билік тең құқы­лы деген ген­дер­лік сая­сат­ты желеу етіп, онсыз да мем­ле­кет­тік мәр­те­бесін ала алмаған, ділі­нен, тілі­нен айы­ры­лған ер-аза­мат­та­ры­мы­зды басып-ақ таста­ды. Әйел­дер «бас иесіз» қал­ды. Сосын бұзыл­маған­да қайт­сін?! Қытай­дың неме­се өзге ұлт өкіл­дерінің құшағын­да кетіп бара жатқан қара­көз­дері­міз­ге қой дей­тін қожа табы­ла қал­са, заң орын­да­ры ұлт араз­ды­қты қоз­дыр­дың деп, пәлен бап­тың түгенін­ші тар­мағы­мен іс қозғай қояды. Сосын да ер-аза­мат­тар пәлесі­нен аулақ дей­ді де, кері кет­кен құбы­лы­сты көр­се де, көр­ме­ген боп аулақ жүреді.

Өткен­де қоғам қай­рат­кері, ақын Мұх­тар Шаха­нов аға­мыз «20 мың қазақ қызы қытай­ға тұр­мысқа шыққан» деп айтып қал­ды. Бұл тір­кел­гені. Тір­кел­ме­гені қан­ша­ма? Сон­да өзі аз қаза­ққа ара­лас неке қосы­лып, жиен­дері­міз жел­кіл­деп өсіп жат­са, ұлты­мыз жой­ыл­маған­да, не болмақ?

Мыр­зан іні­міз осы­ны айтып отыр. Бұл қаза­қты ойлан­ды­ра­тын, толғағы жетіп, толған­ды­ра­тын, бүр­ке­ме­ле­у­ге кел­мей­тін жағ­дай. Біз жасы­рып, бипаз­даға­ны­мы­з­бен, түп­тің-түбін­де әле­умет­тік әлсіз тұсы­мыз ашы­ла­ды. Ауру­ды өлім әшкерелейді.

Аза­мат­та­ры­мы­зда ұлт­тық рух, қаны­мы­зда қаза­қы қаси­ет, намыс жоқ. Ол өшіріл­ген. Қоғам­дағы жағ­дай қазір «әйел теңді­гі», «әйел құқы­ғы» деп ұран­даған 37-жылға ұқсап бара­ды. Қит етсе, тый­ым­дар мен шек­те­улер – аза­мат­тар­ды тырп еткіз­бей­ді. Осы­ны біл­ген қыз-келін­шек­тер бұзыл­маған­да, қай­да барады?

Бүгін­де екі-үш бала тауып, келе­ше­гін қам­та­ма­сыз еткен келін­шек­тер қалған өмірін қала­у­ын­ша, «еркін» өткізу­ге құштар. Осы дәстүр қазір «хит» болды.

Жағ­дай көр­ші елдер­де де солай ма? Жоқ! Олар­да ашық-шашық жүр­ген әйел­дер­ді көр­мей­сіз. Неге? Әйел­дерінің «әй» дей­тін «егесі», бас иесі бар.

Жақын­да елба­сы­ның «Бола­шаққа бағ­дар – руха­ни жаңғы­ру» деген мақа­ла­сы шықты. Сон­да біз қалай жаңғы­ра­мыз? Ура­лап па, жоқ «Алға, Қаза­қстан!» деген құрғақ сөз, жалаң айғай­мен бе? Руха­ни жаңғы­ру дені дұрыс елдер­де ер-аза­мат­тар­дан баста­ла­ды. Солар еңсесін көтеріп, өзін мем­ле­кет құру­шы ұлт ретін­де сезін­ген­де ғана қоғам жаңғы­рып, аза­мат­та­ры­мы­здың ерік-жігері еркін ашы­ла­ды. Біз­де ол бар ма? Жоқ! Қысып тастаған.

Біз мат­ри­ар­хат­ты елміз. Әйел теңді­гі десе, Баты­сқа көз тіге­міз. Басы­мыз бат­паққа батып жатқан­да, біз­ге Батыс не керек, Шығыс не керек? Әйел пен­десі еркі­мен кет­се, бұзы­лу, ұлт­тың жой­ы­луы, міне, осы баты­стық «теңдік­тен» басталады.

Бәрі­міз де қыз өсіріп отыр­мыз. Қазақ әйел­дерінің табиғи құры­лы­мы сот, про­ку­рор, пол­ков­ник болуға ежел­гі тек­тен бері дағ­ды­лан­баған. Кей­ін­гі ком­му­ни­стік тәр­би­енің нәти­же­сін­де сіңісті болған қыз­мет­кер­лік дәре­же бой­ла­ры­на, мен­та­ли­тетіне сіңіп бол­маған. Мәсе­лен, жігері құм болған, намысы тап­талған аза­мат­тар­ды тік тұрғы­зып, әйел судья­лар­дың үкім оқып, жаза тағай­ын­да­уы қаза­қтың қан­дай қанын­да бар дәстүр еді? Неме­се про­ку­рор болып, поли­цей­дің пого­нын тағып, ер-аза­матқа дікең­де­ген әйел­ден қан­дай әйел­дік, ана­лық қаси­ет шық­пақ? Тарихқа үңіл­сек, еркек­ке үкім шыға­рып, билік айтқан, аза­мат­ты түр­ме­ге тыққан қай әйел­ді көріп едік?

Нәзік жан­ды­лар мұғалім, дәрі­гер, ғалым, музы­кант, биші, аспаз, сату­шы бол­сын. Жара­са­ды! Ал тең құқы­лы болған­да, ер адам қамыр жай­ып, тігіс тік­пей­ді. Әр жыны­сты өз орнын біл­гені дұрыс.

Ал билік­тің деуі­мен сөй­лей­тін теле­жә­шік науқан­шы­лы­ққа беріліп, әйел теңді­гі, әйел құқы деп, олар­ды өсіріп, аза­мат­тық, ұлт­тық теңдік сұраған ер-аза­мат­тар­ды өшіріп жата­мыз. Мыр­зан інім ел болай­ық, келе­ші­гі­мізді ойлай­ық, «әйелі бұзы­лған ұлт жоға­ла­ды» деп, жаны күй­зел­ген­дік­тен жазып отыр.

Ерал­хан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн