Суббота , 5 июля 2025

ГӘККУ (Романнан фрагмент)

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Бүгін­гі проза

 


 

1.Әуелі сөз – нүк­те бол­ды. Уақыт шексіз сығым­далған қара ноқат­ты қапы­лы­ста жарып шықты. The Big Bang, жоқтың бей­та­ныс жүзіне, шұғыл үлкей­іп келе жатқан құй­ры­қты ала­бө­тен дақ сал­ды. Әлем таңға­жай­ып уақиға­лар алдын­да тұр­ды. Он сегіз мың ғалам күрт үлкей­іп, ақыл-ойға сый­май­тын, бел­гісіз, шексіз ала­са­пы­ран көлем­ге жетті.

Кей­ін сөздің түй­іні бай­ла­нып, шежі­ре аяқта­лып, уақиға біт­кен­де, ғарыш қай­ы­ра оймақталған нүк­те­ге айна­ла­ты­ны түзіліп келе жатқан есеп­тің құра­мы­нан көрін­ді. Бүкіл әлем, шай­ыр­дың кіта­бын­дағы­дай, дән қауы­зы­на сый­ып кете­ді. Тегін­де, жалы­ны сөніп, қызуы қай­тып, содан жылуы тау­сы­лған құбы­лы­стың арты­нан тоза­ңы бұрқы­рап күл, әлде қолам­та, мүм­кін, қозға көміл­ген шоқ қалады.

Сыңа­ры­нан айы­ры­лған аққу – сұңқыл­дап қошта­су әніне салған күйі, зады, екпін­дей ұшып шырқау көк­ке көтеріліп ала­ды да, өзін зау биік­тен төмен қарай тастап жібе­реді. Көк аспан­ды қақ айы­рар­дай төмен құл­ди­лай сорға­лап келіп, қара жер­ге ақ төсі­мен, бар пәр­мені­мен келіп соғы­ла­ды, сөй­тіп, құса­дан ба, әлде баян­сыз тір­шілік­тің қай­ғы-шері, уай­ы­мы­нан ба – әйте­уір, сойы асыл жән­дік қапы­лы­ста, арман­да түп­сіз тұңғиық зең­гір көк­тен құлап өледі. The Universe тыны­сы аққу­дың гәк­ку жыры­на – ақы­рғы жан ышқы­ны­сы­на ұқсайды.

Бір­де ол, бір нүк­те­ден шыққан әлем қай­та айна­лып сол нүк­те­ге келеді, деді төсек­те, шаңы­раққа қарап жатқан ойлы, қапа­дар қал­пы. Соны­мен қатар ала­са­пы­ран ғалам ұлғай­ып бара жатып, тосын қалт тоқтап, кенет – жары­лып кетіп, сосын сөніп, лез­де өшіп қалуы да мүм­кін. Бірақ жұл­ды­здар шоғы­рын жаратқан адасқақ, жалқы қара ноқат алдын­да не бол­ды, оны ешкім біл­мей­ді, адам­зат ақыл-ойы уақыт баста­уын таба ала ма, тап­са, тануға қарым-қабілеті жете ме, жоқ па, тия­нақ­сыз сау­ал әлем­ді шар­лап, мүм­кін, ғары­шты ара­лап, кезіп жүретіні ерте­ден, ескі заман, ежел­гі дәуір­ден анық еді. Сәру­ар бес мил­ли­ард жыл­дан соң, Күн де жылуын сарқып, тұрған биі­гі­нен құлай­ды, деді.

– Ерте­де, – дедім мен, – рақат еді, қашан өлетініңді біл­мей­сің, қан­дай рақат!

– Иә, тама­ша. Ари­сто­тель жер­ді әлем­нің кін­ді­гі деп түсін­ді, кіта­бын­да оны қозғал­май­тын­дай етіп, бей­не­леп айтқан­да, ағаш мәт­ке­ге таңып, бар жара­ты­лы­стың орта­сы­на бай­лап тастады.

– Сөй­тіп, Пто­ле­мей­ді адастырды.

– Шәкір­ті Жер шарын өзін қосқан­да сегіз сфе­ра қор­шап тұр деген қоры­тын­ды­ға тоқта­ды, ежел­гі грек зама­нын­дағы бел­гілі Мер­ку­рий, Вене­ра, Марс, Юпи­тер, Сатурн және Күн мен Ай төңірек­теп айна­лып жүреді деп ойлады.

– Жоқ, сегізін­ші жолақ қозғал­май­тын жұл­ды­здар көк­жи­егі болатын.

– Шір­ке­удің Пто­ле­мей ұста­ны­мын қол­даға­нын білесің бе?

– Біле­мін. Ал бүгін ислам Сти­вен Хокинг­ті қабыл­дай ала ма?

Сәру­ар тосы­лып қалды.

– Мәсе­ле сен өзің Тәңір жарат­ты­ға, Құдай­ға сенесің бе, жоқ әлде жара­ты­лы­сты сомдаған Құдірет­ке илан­бай­сың ба, сон­да? Нүк­те­ге дей­ін Кім­нің құзы­ры жүр­ді? Бізді тыл­сым­нан не басқар­ды, соған қарай сенің де көңіл-күй­ің өзге­реді. Менің­ше, бұл – әр адам­ның жеке таны­мын­дағы қасірет, бей­ма­за толғақ, мына дүние мың құбы­ла­ды, сен де бере­кесіз шыр айна­лып, бүкіл ғары­шпен қосы­ла, дөң­ге­лене жүзіп, қан­дай мұратқа жол тар­тып, нен­дей сапарға аттанға­ны­ң­ды ешқа­шан ұға алмайсың.

– Бірақ та, шір­кеу Нико­лай Копер­ник­тің жасы­рын уағы­здаған жүй­есіне қар­сы шықты ғой.

– Иә, тен­тек ойшыл тең ортаға жарқы­ра­тып, Күн­ді әкеліп қойды.

Есің­де шығар, Сәру­ар Күн­ді шексіз жақ­сы көретін.…

– Иоганн Кеплер мен Гали­лео Гали­лей, – деді ол, – Ари­сто­тель мен Пто­ле­мей­дің сөзіне нүк­те қойды.

– Сосын Нью­тон ойды түй­ін­деп, ашқан жаңа­лы­қта­ры­мен заң­ды­лы­қтар­ды бекітті.

– Нью­тон өтірік айт­ты, – деді кенет түсі өзгеріп, – тар­ты­лыс күш­терін абай­сызда басы­на құлаған алма аға­шы­ның жемісі ашқан жоқ, олар­ды алды­мен, бәрі­нен бұрын, зеңбірек­тер­ден алғаш бай­қаған Гали­лео Гали­лей болатын.

– Десек те, Нью­тон­ның тар­ты­лыс күші тура­лы заңы бір орын­да тап­жыл­май тұрған Әлем түсіні­гін жоққа шыға­ра­ды. Алай­да ұлғай­ып келе жатқан Ғалам тура­лы ой ешкім­нің басы­на да кел­ген жоқ.

– Иә. Бірақ Ари­сто­тель дүниені Құдай жарат­ты деген иде­яға қар­сы бол­ды, адам­зат пен қор­шаған орта мәң­гілік өмір сүр­ген және сүре бер­мек деп есептеді.

– Сосын тасқын­дар мен апат­тар өрке­ни­ет­ті даму­дың алға­шқы бас­пал­дақта­ры­на қай­та апа­рып тастай­ды, кері шегін­діреді деген тұжы­ры­мға келді.

– Ал, пәл­са­па­шы Имма­ну­ил Кант 1781 жылғы «Анық ақыл-ой сыны» атты еңбе­гін­де Бүкіл Әлем бел­гілі бір кез­де пай­да бол­ды ма және кеңістік­тің шегі бар ма деген сау­ал­дар­ды шешіл­мей­тін қай­шы­лы­қтар – анти­но­ми­я­ларға жатқы­зды. Яғни, бел­гілі бір уақыт­та өз беті­мен жарал­ды, не қол­дан жасал­ды, жоқ, Ғалам – мәң­гілік, деген сау­ал­дарға ақыл-ой жау­ап бере алмай­ты­нын қадап айтты.

Ол бір­де Ала­пат Жары­лы­сқа дей­ін, яғни Сені көр­ген ала­са­пы­ран сәт­ке дей­ін уақыт­тың ешқан­дай мағы­на­сы жоқ бола­тын, деді. Деген­мен, 1929 жылы Эдвин Хаб­бл көк жүзіне қай жақтан – қай тұсы­на қара­саң да, бар­лық жер мой­ны қашық галак­ти­ка­лар біз­ден суыт алы­стап, ұзап бара жатқа­нын ашты, сон­ды­қтан мен Інжуі­ме қан­ша­лы­қты ғашық бол­сам да, оның құшағым­нан сыты­лып шығып, құты­ла сала, дедек­тей қашып, дүр­бі­мен қараған­дағы шалғай жұл­ды­здар­дай қашы­қтап, суып бара жатқа­нын аңға­ра­мын, деп қал­ды, дүни­е­де­гі бар нәр­се, бар­ша құбы­лыс, тегі, адам­дар да тегіс бір-бірі­нен түбін­де бәрібір ажырайды.

Қан­дай кесім тура­лы айтып отыр, тағ­дыр­дың сыйы ма, жаза­сы ма, оны тек Құдай ғана біледі емес пе: кез кел­ген пікір тұрақты заңға айнал­мас бұрын, дәлел­сіз болған­ды­қтан, әуелі болжам күй­ін­де, жора­мал қал­пын­да өмір сүреді.

 

    

2. Інжу, Сен, тек Сен ғана Сәру­ар­дың қай­да екенін білесің. Ол уақыт кешіп, түн­гі бар-ресто­ран­дар­дан бақы­тын іздеп жүріп, аяқ асты­нан көз­ден ғай­ып бол­ды. Ізденіс оны үлкен ғима­рат­ты тона­уға алып кел­ді. Үкі­дей жел­кіл­деп, гүл­дей құл­пы­рып, алтын­дай жарқы­рап алды­мы­здан Сен көрін­ген­де, мүм­кін, асыл жан­ды бей­мез­гіл уақыт шай­тан түрт­ті. Есім­де, ол Алма­ты шаһа­рын қат­ты сүй­ді. Сон­ды­қтан оның басқа қалаға бір­жо­ла көшіп кет­кеніне аса сене қой­май­мын, Сәру­ар Алма­ты­да жүр, алай­да неге екені бел­гісіз, еке­уі­міз­бен хабар­лас­пай­ды. Менің­ше, бекзат ұл, жігіт­тің сұл­та­ны ара­мы­здан бақы­тын тап­пай кет­ті. Бірақ, Інжу, Сен, тек Сен ғана Сәру­ар­дың қай­да екенін білесің.

Тастақ көше­лер тел­мі­ре қарай­ды. Серу­ен­деп жүріп, жалғы­зды­ққа ұры­нған, қамы­рық құшағын­да бей­мез­гіл адасқан біз шалқа­лап жоға­ры, көк жүзіне көз жіберіп, бір сәт ойға бата­мыз. Аспан­да, тым биік­те әуелеп алты аққу тізіліп ұшып бара жата­ды. Тізіліп ұшқан аққу­лар соңы­нан із қала­ды. Рас, ізде­ген адам қашан­да жоғал­тып алған өмір ізін бей­ма­за жүре­гі­нен табады.

Кенет, авто­мо­биль тоқтап, салон есі­гі ашыл­ды, сосын маши­на орны­нан баяу қозғал­ды. Өзе­гім­ді күй­ініш – өкініш күй­і­гі, ғашы­қтық дер­ті жар­ды. Түсін­бей­мін, Інжу, досты­ғы­мыз жарасқан кез­де көңіл­ді бұзып, көкірек­ті өртеп Сен қай­дан кел­дің, алғаш көр­ген­де, еке­уі­міздің де ойы­мы­зға үрей түнеді. Қай жақтан қылаң бер­дің, сүм­біл шаш, жазық маң­дай, пісте мұрын, оймақ ауыз, алма мой­ын, лұһ­лу иек, қаз омы­рау – жан қалқа. Сәру­ар бұлы­ңғыр тар­тып тұрып, кенет айқын­далған ауыр қай­ғы­дан ақы­рын­дап біздің мөл­дір сағы­ны­шы­мы­зға айнал­ды. Дүни­е­де тыны­шты­қтың абсо­лют­тік эта­ло­ны жоқ. Сон­ды­қтан екі түр­лі уақыт­та жүр­ген қос уақиға кеңістік­тің бір жерін­де өтті ме, жоқ па, оны ешқа­шан біле алмайсың.

Содан кей­ін, араға бір-екі жыл тастап, Сәру­ар ұшты-күй­лі жоғал­ды. Бірақ, Інжу, Сен, тек Сен ғана Сәру­ар­дың қай­да екенін білесің. Ол бір­де Ала­пат Жары­лы­сқа дей­ін, яғни Сені көр­ген ала­са­пы­ран сәт­ке дей­ін уақыт­тың ешқан­дай мағы­на­сы жоқ бола­тын, деді. Неге Сәру­ар сон­ша­лы­қты жаз­мы­шы­на өште­сті – әлі күн­ге шей­ін түсіне алар емеспін.

Бағыт-бағ­да­ры­нан адасқан Сәру­ар қол созым жер­де, мүм­кін, елсіз дала­да, қадау-қадау орна­ты­лған, желі бай­ланған тоқ баға­на­ла­рын­дай күңіреніп, жалғы­здық көкіре­гін қарс айы­рып, содан соң, зады, таң­ның аты­сы, кештің баты­сы саяқ жүр­ген қадір­лі дос, расын­да, кей­бір сәт қамы­ры­қтан шар­шай­тын сияқты көрі­неді. Күбір­леп есі­мін ата­сам, дәл іргем­нен әде­мі қоңыр дауы­сы күң­гір-күң­гір жаңғы­ры­ғып сөй­леп шыға келетін тәрізді көрі­неді. Ол қараңғы түн­дер­де еке­уі­міздің тіл қатқан үні­мізді күтіп, еле­гізіп ұйы­қтай алмай, маза­сызда­нып, торы­ғып, тоқы­рап жүр­ген секіл­ді көрі­неді. Қазір­гі шақта Ғалам­ды нақ бей­не­леп, сан­дық өрнек­те анық кей­іп­те­ген, дер­бес, егіз есеп-қисап – қос таным бар екені бел­гілі: салы­стыр­ма­лы жал­пы­ла­ма тео­рия мен таңға­жай­ып квант­тық меха­ни­ка. Еке­уі де, тегін­де, биік өре, терең ақыл-ой, асқақ зият­кер­лік көрінісі.

Әуел­гі тео­рия – әсем тең­де­уін­де таң­ба­ланған гра­ви­та­ци­я­лық қарым-қаты­нас пен әлем­нің ірі мас­шта­б­ты құры­лы­мын мей­лін­ше дәл бей­не­леп, шексіз кеңістік­тер ғұмыр кешетін қажет­ті шар­тты нақ тауып, қара­пай­ым да күр­делі теңді­гін әде­мі құра­с­ты­рған, піл сауыр­лы қара Жер­дің өзін­дей алып тұжы­рым­да­ма. Бірақ бұл таным-түсінік­тің шама­сы – ғары­штың адам қарым-қабілеті бақы­лап-қадаға­лай ала­тын бөлі­гін ғана – түсін­діру­ге жете­ді. Алай­да есебін ықшам­дап, санын дөң­ге­летіп, ортақ мән­ге кел­тіріп, ұғы­мын жеңіл­детіп көр­сек: бір­не­ше кило­метр­ден бастап, жиыр­ма нөл­дің басын құраған бір­лік ара­лы­ғын­дағы кеңістік­ті қамтиды.

Квант­тық меха­ни­ка пәні – сан­ти­метр­дің мил­ли­он­дық бөлі­гін ұсақтап тағы бөл­ген­де, бүтін сарқы­ты, тең жар­ты­ның бірін зерт­тей­тін, тегі, көле­мі шағын, десек те, терең өлшем­ді, жал­пы, таны­мы жүй­рік ғылы­ми-кате­го­ри­я­лық жүйе. Өкініш­ке қарай, ғала­мат шексіздік­тің өза­ра тіл табы­са алмаған сыңа­рын, жұп­сыз, пар­сыз екі тара­бын танып, сырын ашуға, жұм­бағын шешіп, сан­дық өрне­гін фор­му­ла­да түзу­ге, қадір-қаси­ет­терін айшы­қтап кей­іп­те­у­ге тал­пы­нған ниет­тің ешқан­дай бола­шағы жоқ, себебі еке­уін қосып, бірік­тіріп қарас­ты­рған­да, бір уақыт өлше­мін­де тең­де­улер, неге екені бел­гісіз, қалып­тасқан жал­пы физи­ка­лық заң­ды­лы­қтар­дан жаңылысады.

Ізденістер­дің мақ­са­ты – өрнек құрған­да екі тарап­тың қара­ма-қар­сы­лы­ғын, керісін­ше, тоқай­ла­сты­рып, қай­шы­лы­ғын жой­ып, табиға­ты­нан ортақ негіз, жарас­тық, сәй­кест­ік тауып, сөй­тіп гра­ви­та­ци­я­ның квант­тық тео­ри­я­сын қалып­та­сты­ру еді. Егер біз Бүкіл Әлем кез­дей­соқ емес, бел­гілі бір заң­ды­лы­қтан жара­лып, қалып­та­сып, дамып келеді десек, онда өз алды­на дер­бес қос тео­ри­я­ны Бүкіл Әлем­де­гі бар құбы­лы­сты тұтас қам­тып, бір­дей сипаттай ала­тын толық біры­ңғай тео­ри­яға бірік­тіруі­міз­ге мүм­кін­дік туа­ды. Бірақ жасам­паз, ізгі ойла­ры­мыз, өкініш­ке қарай, бір күр­делі һәм ұлы кедер­гі­ге тіреліп тұр: егер біры­ңғай тео­рия, шыны­мен, бар бол­са, соны­мен қатар біздің бақы­ла­у­ла­ры­мы­зға, мүм­кін, іс-әре­кет­тері­міз­ге оң неме­се теріс әсер ететін құбы­лыс бол­са, онда, кешіріңіз, қалай­ша біз, тегін­де, біры­ңғай тео­ри­я­ның аясын­да, бүтін жар­ты­сы, толы­қтың бөлі­гі бола тұрып, төл зерт­те­улері­міздің нәти­же­сін оның нақ өзі­нен таба ала­мыз. Қалай­ша бұл тео­рия, біздің объ­ек­ті­міз, тегін­де, субъ­ек­ті­ге айна­лып, өзі­міз жай­ын­дағы таным­дық ізденістері­міздің түй­інін шешіп, қоры­тындыс­ын шығарады.

Иә, қай­тіп, алдын ала біздің табысқа жететіні­міз­ге оң жағ­дай туғы­за ала­ды. Тап сон­дай іс-әре­кет нелік­тен бізді жалған пас­саж, кешен­ді қателік, жиын­тық теріс санға әкеп соқтыр­май­ды. Тіп­ті ешқан­дай мұратқа жете алмауы­мыз да мүм­кін емес пе?! Десек те, ұзақ жүр­ген табиғи ірік­те­лу, сұрып­та­лу бары­сын­да піл сауыр­лы қара Жер бетіне кең тараған мақұлы­қтар ішін­де ақыл-ой иесі, кемел зият, биік өре, дамы­ған сана­сы бар сұңғы­ла жара­ты­лыс тек адам ғана деген жасық алда­ныш, әлсіз үміт, Құдай­ға тәу­бе, көк­се­ген арма­ны­мы­зға жете­лей­тін бір­де нық сенім, бір­де екіұ­дай көңіл тәрізді көрі­неді. Алай­да Бүкіл Әлем­нің толық біры­ңғай тео­ри­я­сын табу жолын­дағы ізденіс біздің құрып кет­пе­уі­міз­ге ешқан­дай кепіл бола алмай­ды. Яғни, іздеп жүр­ген тео­ри­я­мы­здың қорған­сыз тір­шілік, таңға­жай­ып жарық дүни­е­ге ешқан­дай қаты­сы жоқ. Әу бастағы мұрат пен­де ризы­ғын тауып, бұй­ры­ғын күт­кен ғұмы­рын­дағы күр­делі түсінік мәсе­лесі, Бүкіл Әлем­ді толық сипаттап шығу ғана болатын.

Сон­ды­қтан тау­лы қырат, тасты жота сіле­мі­нен көз жазып, жалғыз аяқ сүр­ле­уі­нен тосын адасқан ескі дос елін тауып, үйіне қай­та айна­лып соқ­са да, ошақ қасы­нан ана, от басы­нан сүй­ген жар көр­мей­ді, шаңы­рағы­на қай­ғы қап­тай­ды, себебі тарқа­май­тын қуа­ныш, тау­сыл­май­тын қызық жоқ, дүние жары­қтың кем­ді­гі айты­лған киіз кітап­тар уақыт сана түсіні­гі екенін рас­тай­ды. Шыны­мен, арман-тіле­гі­міз орын­да­лып, ойы­мыз жүзе­ге аса қалған жағ­дай­да уақыт­тың біз­ге кере­гі шамалы.

Оның теңді­гіне үміт артқан есебі теріс боп шықты. Бүкіл Әлем­нің толық біры­ңғай тео­ри­я­сын адам­зат ақыл-ойы таба ала ма, Інжу, біл­мей­мін. Менің­ше, адам бақы­ты осы ізденістер­дің нәти­же­сіне бай­ла­ны­сты сияқты көрі­неді. Біз қалай десек те, адам­заттың тағ­дыр-талайы кім­нің, ненің қолын­да екенін білетін бола­мыз: бақыт­ты ізде­уі­міз керек пе, жоқ па, мүм­кін, қажет те емес шығар, біздің еңбе­гі­міз еш, тұзы­мыз сор, күш-қай­ра­ты­мыз рәсуа болып кет­пей ме, оны бір Құдай­ға тапсырдық.

Қазір аяу­лы жан, абыз тұлға­ның жаңа өси­етін бәрі ұмыт­ты. Ел есін­де тіп­ті Сәру­ар­дың өзі бар ма десеңіз­ші, кей­де, неге екені бел­гісіз, көз алды­ма оның ғұмыр кеш­кен жыл­да­ры тізіліп келе қала­ды, бірақ ол дүние сал­ды, қаза тап­ты деген суық хабар­ды есті­ген емес­піз, аман-есен, тірі жүр деген сөз де құлаққа шалы­нған жоқ. Біз Сәру­ар­ды ешқа­шан іздеп тап­пай­тын да шығар­мыз… қара құр­ды­мға түсіп кет­кен­дей із-түс­сіз, ізім-қай­ым жоғал­ды. Көрін­бей­тін қара мате­ри­я­ның ауыр сал­мағы жас аспан дене­лерін өзіне күшпен тар­тып, жолы­нан қал­ды­рып, мұра­ты­нан ада­сты­рған­да, Сәру­ар­ды табу мүм­кін еме­сті­гін анық, нақты­лы түсінеміз.

Задын­да, Ғалам­ның толық біры­ңғай тео­ри­я­сын бей­не­лей­тін есеп­ті аңсап шарқ ұрған адам бала­сы оны ешқа­шан таба алмай­ды, себебі дүни­е­де мұн­дай әмбе­бап фор­му­ла жоқ.

 

Дидар АМАНТАЙ,

Алма­ты, 2007–2017 жылдар

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн