Суббота , 5 июля 2025

ҮЙДІ СҮРУДЕН президенттің суреттері ҚОРҒАЙ АЛА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Бас­па­на мұңы

 


 

Аста­на­да «Май­ский» сая­жай мас­сивін­де тұра­тын адам­дар­дың жер үйін сүріп таста­мақ, деп хабар­лай­ды «Азаттық» тіл­шісі. Тұрғын­дар – апа­лы-сіңлілі Рау­шан және Несіп­күл Ұяба­е­ва­лар үйінің сыр­ты­на Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың сурет­терін жап­сы­рып тастаған.

 

Несіп­күл­дің «Азатты­ққа» айтуын­ша, сәуір­дің орта­сын­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ЭКСПО-2017 көр­месі қар­саңын­да «қала көр­кін бұза­тын ескі үйлер­дің» әлі де қалға­ны­на ашу­ла­нып, сынаған соң, жер­гілік­ті билік өкіл­дері үйлерін боса­ту­ды талап етіп, жиі келе бастаған.

«50 шар­шы метр бола­тын үйі­мізді 2007 жылы сал­дық. Бауыр­ла­рым бар – бар­лы­ғы жеті адам тұрып жатыр­мыз. Жер телі­мі­мізді «мем­ле­кет мұқтаж­ды­ғы­на қажет» деген себеп­пен алу үшін, 2014 жыл­дан бастап үйді боса­ту­ды талап ете баста­ды. Сол жылы өте­мақы ретін­де 400 дол­лар ұсы­нған. Ал биыл 4 мил­ли­он 700 мың тең­ге ұсын­ды. Мұн­дай ақшаға пәтер сатып ала алмай­мыз. Шене­унік­тер тым бол­ма­са пре­зи­дент­тен қорқа­тын шығар деген оймен пре­зи­дент­тің суретін жап­сы­рып қой­дық», – дей­ді Несіп­күл Ұябаева.

Ол сая­жай мас­сивін­де­гі үйлер­ді сүру тура­лы сот шеші­мін Есіл аудан­дық соты 2014 жылы өздерінің сыр­ты­нан шығарға­нын, бірақ ол шешім қолы­на тиме­генін айта­ды. «Май­ский» сая­жай мас­сиві қазір қор­ша­лып тұр. Мұн­дағы үйлер­дің көп­шілі­гі бұған дей­ін сүріл­ген, кей­бірі бос тұр.

Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы­на енгізіл­ген өзгеріс бой­ын­ша, тұңғыш пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың суретін бүл­діру­ге, жыр­туға тый­ым салынған.

2015 жылы Аста­на билі­гі «Азатты­ққа» бер­ген жау­а­бын­да «Май­ский» сая­жай­лар серік­те­сті­гінің орны­на «Қаз­Мұ­най­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы қыз­мет­кер­лерінің бала­ла­ры­на арналған бала­бақ­ша салу жос­пар­ланға­нын айтқан.

 

 

ҮЛЕСКЕР КҮДІКТІГЕ АЙНАЛДЫ

 


 

Алма­ты­да «Халы­қты бас­пан­амен қам­та­ма­сыз етей­ік» қоғам­дық ұйы­мы­ның ондаған өкілі қала­лық сот­тың алдын­да нара­зы­лық таныт­ты, деп хабар­лай­ды «Азаттық» тілшісі.

 

Ұйым жетек­шісі Сұлу­би­ке Жақ­сы­лы­қо­ва­ның айтуы­на қараған­да, 13 наурыз күні поли­ция «Фор­те банк» алдын­да үлес­кер­лер өткіз­ген қар­сы­лық акци­я­сы­на бай­ла­ны­сты «Халы­ққа бас­па­на­сын қал­ды­рай­ық» ұйы­мы­ның кең­сесін тін­тіп, ком­пью­тер­лері мен кең­се тех­ни­ка­ла­рын алып кет­кен. Бұдан соң оған тер­ге­у­ге шақыр­ту қаға­зын тап­сы­рып, Медеу аудан­дық ішкі істер басқар­ма­сы­ның тер­ге­ушісі Н.Тәжиев тер­ге­уде өзінің бұл іс бой­ын­ша күдік­ті екенін айтқан.

Бірақ тер­ге­уші Жақ­сы­лы­қо­ва­ны күдік­ті деп тану тура­лы Алма­лы аудан­дық судья­сы А.Әбдіхалықова шығарған қаулы­ны бер­ме­ген. Бұдан соң Жақ­сы­лы­қо­ва Медеу аудан­дық про­ку­ра­ту­ра­сы­на тер­ге­ушінің үсті­нен шағым­данған. Про­ку­ра­ту­ра Жақ­сы­лы­қо­ваға оның күдік­ті деп таны­лға­нын және тер­ге­ушінің ісі заң­ды екенін айтып жау­ап берген.

Кей­ін Ішкі істер мини­стр­лі­гі бас­шы­лы­ғы­ның қабыл­да­уын­да Жақ­сы­лы­қо­ва өзінің банк­те­гі акция бой­ын­ша күдік­ті емес, қорға­ну құқы­ғы бар куә­гер екеніне көзін жет­кіз­ген. «Маған қар­сы заң­сыз қаулы­лар шығар­ды» деген Жақ­сы­лы­қо­ва қала­лық сот төраға­сы­нан судья А.Әбдіхалықоваға, апел­ля­ци­я­лық инстан­ция судья­сы А.Ешеевке және Медеу ауда­ны­ның про­ку­ро­ры Бишім­ба­евқа қаты­сты қыз­мет­тік тер­геу жүр­гі­зуді талап ете­ді. Жақ­сы­лы­қо­ва соны­мен қатар «заң­ның сақта­луын қадаға­лау мін­детін атқа­ру­дың орны­на заң бұз­ды» деп Медеу ауда­ны­ның про­ку­ро­рын отстав­каға жібе­руді талап етеді.

Жиналған­дарға шыққан қала­лық сот­тың бас­пасөз хат­шы­сы Диас Махам­бет тәр­тіп бой­ын­ша сот төраға­сы­ның қабыл­да­уы­на алдын ала жазы­лу арқы­лы кіріп, талап-шағым­ды біл­діру­ге бола­ты­нын айтты.

Жари­я­ла­ным­дар Azattyq.org пор­та­лы­ның материалдары

негізін­де дайындалды

 

 

Салы­сты­ру

 

17 МИЛЛИОНДЫ КІМ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ БАСҚАРЫП ОТЫР?

 


 

Стам­бул­дың 17 мил­ли­он­дай халқы бар. Бір мэр, бір бас хат­шы мен жеті орын­ба­са­ры 26 депар­та­мент дирек­то­рын жұм­сап, еркін басқа­рып отыр. Мэр қала­ның аузы дуа­лы ақсақал­да­ры­нан бастап, еті тірі кәсіп­кер­леріне дей­ін­гі көзі қарақты жәмиға­тын жақ­сы тани­ды. Жөн­деліп жатқан жол­дың, салы­нып жатқан үйдің есебін біледі. Қай мешіт­те қан­дай уағыз айты­ла­ты­ны­нан, қай театр­да қан­дай спек­такль қой­ы­ла­ты­ны­нан қал-қада­рын­ша хабар­дар. Наза­ры­на ілін­бей қалған жайт­тар­ды әр сала бой­ын­ша орын­ба­сар­ла­ры екі­ба­стан жетік біледі деген­дей. Әлем­дік ірі туризм орта­лы­ғы сана­ла­тын, күн сай­ын ондаған мың сая­хат­шы қабыл­дай­тын қала­дағы дина­ми­ка­лық даму мен эко­но­ми­ка­лық өсу тура­лы айт­пай-ақ қояйын.

Енді 17 мил­ли­он­дай халқы (бір ғана Стам­бул­дағы­дай – Ред.) бар кей­бір мем­ле­кет­ті пре­зи­дент пен оның тұтас бір әкім­шілі­гі, әкім­шілік жетек­шісі мен әлгінің сүрініп-қабы­нып жүр­ген орын­ба­сар­ла­ры, пре­мьер мен оның алып үкі­меті һәм кан­це­ля­ри­я­сы, вице-пре­мьер­лер мен мини­стр­лер һәм олар­дың шұбы­рған орын­ба­сар­ла­ры, ондаған облыс әкі­мі мен олар­дың жүз­де­ген орын­ба­са­ры һәм аппа­рат жетек­шісі, жүз­де­ген қала мен аудан әкі­мі және олар­дың өздері­нен бір­не­ше есе көп орын­ба­сар­ла­ры, мың­даған көмек­шісі, қиса­бы­на қиял жет­пей­тін депар­та­мент дирек­тор­ла­ры, олар­дың шопыр­сыз жүре алмай­тын орын­ба­сар­ла­ры, осын­ша­ма адам бір-біріне сіл­тей, қол қой­ып төмен­ге сырғы­та­тын халы­қтың арыз-өтіні­шіне каль­ка тілін­де түсініксіз жау­ап хат жазу­мен айна­лы­са­тын қара­сы қалың бас маман­дар және осы­нау алып махо­вик­ті айнал­ды­руға өзін­ше үлес қосып, әкім­нің баян­да­ма­сын жазып жүр­ген кеңес­шілер мен шай тасып жүр­ген сан­сыз сек­ре­тарь­ша­лар арми­я­сы «басқа­рып» отыр.

Бұл билік­тің орта­лық тар­мағы тұр­мақ, облы­стық дең­гей­де­гі бас­шы­ла­ры мен орын­ба­сар­ла­ры ел ішін­де­гі бір мәсе­ле­мен таны­суға сау етіп келе қалған­да, соңын­дағы нөкер­лерінің шаңы бір аптаға дей­ін тара­май тұра­ды. Әлгі облы­стық әкім-қара (пре­зи­дент былай қал­сын) жылы­на жүз­де­ген мың литр бен­зин жағып, джип­тері­мен құй­ын­да­та құй­ғы­тып жүр­ген­де, қара­мағын­дағы әр ауыл­дан бір-бір бел­сен­дінің бол­сын атын жат­тап та үлгер­мей қыз­мет­тен кетіп жатады.

Осы бір шабар­ман­дар шапқын­шы­лы­ғы­на ұшы­раған елге қарап оты­рып, «қан­ша деген­мен, мем­ле­кет­тің тер­ри­то­ри­я­сы қала­дан үлкен бола­ды, басқа­ру­шы­ға да барып­кел-шауып­кел­сіз қиын ғой» деп, іштей уәж тапқан­си­мын. Бірақ атқа­ру­шы билік­тің тер­ри­то­ри­яға емес, нақты ада­мға қыз­мет ететіні ойым­нан шық­пай­ды. «Айна­лып кел­ген­де, алда­рын­дағы адам саны 17-ақ мил­ли­он ғой?» дей­ді ішкі дауы­сым. Ал енді ол қисын­ды ары кет­се жар­ты-ақ мил­ли­он халқы бар облы­сты басқа­рып отыр­са да, ат үстін­де шірен­ген­де үзең­гі шыдат­пай­тын «қай­рат­кер­лер­ге» һәм олар­дың нөпір нөкер­леріне ұқты­рып көріңіз.

Ғалым БОҚАШ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн