Пятница , 4 июля 2025

ОПАТ БОЛҒАН БОЗДАҚТАРДЫ «Қаһармандар» қоры «тірілте» бастады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

 


 

 

«Бүгін­ге дей­ін отар елдер­дің тарихын отар­шыл­дар жазып кел­ді» – деген бола­тын Үнді елінің ұлы пер­зен­ті Жава­хар­лал Неру. Отар­шыл­дар ежел­ден өзі бодан еткен бұра­та­на халы­қтар­дың бар бай­лы­ғын басып алып, талан-тара­жы­ға салу­мен қана тын­бай­ды. Олар­ды мәң­гілік­ке құл­да­на беру үшін, ең алды­мен, сол халы­қтың ұлт­тық сана­сын ойран­да­уға барын сала­ды. Мұн­да отар­ла­у­шы­лар қол­дай­тын ең жымысқы, әккі тәсіл – тари­хи жадын мәң­гілік­ке сөн­ді­ру, отар­ла­ну­шы елдің төл тарихын бұр­ма­лау, ұмыт­ты­ру бірін­ші кезек­ке қой­ы­ла­ды. Содан соң барып, төл мәде­ни­етін тәрік ете­ді, сана-сезі­мін аяққа тап­тай­ды. Ең соңын­да сол бей­ша­ра халы­қты тілі­нен, діні­нен айы­рып, мәң­гі басы бірік­пей­тін мәң­гүрт тобы­рға айналдырады.

 

Орыс отар­шыл­ды­ғы зама­нын­да қазақ халқы отар­шыл­дық езгінің ең зулы­мат тарихын бастан өткер­ді. Өткен ХХ ғасыр­дың зоба­лаңын­да біз ұлт ретін­де бір жола құрып кету­ге шақ қал­дық. Халқы­мы­здың жары­мы­на жуы­ғын жер жастан­ды­рған демо­гра­фи­я­лық гено­цид­ті айт­паған­да, әлде­не­ше ұрпақ бойы ұлт­тық санаға жасалған жой­қын соққы­лар­дың кесірі халқы­мы­здың аса ауқым­ды бөлі­гін руха­ни зағип­тарға айнал­дыр­ды. Тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға 25 жыл өтсе де, басқа­ны қой­ып, елдің биле­уші эли­та­сы­ның өзі сол мәң­гүрт­тік сана­дан толық ары­ла алмай келеді. Елі­міз­де ой-сана­ны отар­сыздан­ды­ру сая­са­ты­ның күні бүгін­ге дей­ін жүр­гізіл­ме­уінің ең басты себебі де осын­да жатыр деп ойлаймын.

Жақын­да елба­сы Н. Назар­ба­ев­тың «Бола­шаққа бағ­дар: руха­ни жаңғы­ру» атты мақа­ла­сы жәря­лан­ды. Онда мем­ле­кет басшысы:

«Мен халқым­ның тағы­лы­мы мол тарихы мен ықы­лым заман­нан арқа­уы үзіл­ме­ген ұлт­тық салт-дәстүр­лерін алдағы өркен­де­удің берік діңі ете оты­рып, әрбір қада­мын нық басуын, бола­шаққа сенім­мен бет алуын қалай­мын», – деді.

Егер алдағы өркен­де­удің, руха­ни жаңғы­ру­дың берік діңі – біздің тарихы­мыз бен салт-дәстүрі­міз бол­са, онда руха­ни жаңғы­ру­дың өзін дәл осы тари­хи сана­ны жаңғыр­ту­дан баста­уға тиіс­піз. Себебі, орыс отар­шыл­ды­ғы кезін­де Жава­хар­лал Неру айтқан­дай, сол отар­шыл ғалым­дар әбден сүз­гі­ден өткізіл­ген, басы аяғы­на келіп, төң­керіліп жатқан, мүл­де теріс баян­далған тарих­ты біздің әлде­не­ше ұрпақ оқып өсті және тари­хи жадысы әбден улан­ды. Осы отар­шыл тарих­шы­лар­дың кон­цеп­ци­я­сы бой­ын­ша біз­дер тәу­ел­сіздік үшін күрес­кен, ұлт үшін жанын пида қылған ұлы баба­ла­ры­мы­здың өзіне отар­шыл­дар­дың көзі­мен қарап, баға беріп кел­дік. Тұтас түрік әле­мінің басын қай­та бірік­тір­ген Ұлы Шыңғыс­хан­ның өзін қатыг­ез қарақ­шы, өрке­ни­ет ата­улы­ның тамы­ры­на бал­та шабу­шы, жабайы биле­уші ретін­де санаға сіңір­се, Аблай­ханды заман ағы­мын болжай біл­мей­тін көр­соқыр, Ресей­ге өз еркі­мен қосы­луға жаны қас бөл­шек­те­уші бей­несін­де танып келдік.

Тіп­ті, Алаш ары­ста­ры­ның өзін бай­шыл, ұлт­шыл халық жау­ла­ры ретін­де бей­не­леп, өз халқы­на қар­сы қой­ды. Керісін­ше отар­шыл­дар­дың құлақ­кесті құлы болып, өз ұлты­ның мүдесін саудаға салған сатқын­дар мен өз ұлты­ның тұны­ғын лай­лап, қан қақ­сатқан қызыл­көз бел­сен­ділер­ді халық қаһар­ман­да­ры ретін­де әспет­теп, үлгі тұтық. Солар­дың ішін­де­гі ең басбұ­зар, қані­шер қыл­мыс­кері тарих­шы тұлға деп танылды.

Тарихқа көз жібер­сек, қазақ тарихын алға­шқы­лар­дың бірі болып қағазға түсір­ген Мұқа­мет­жан Тыныш­ба­ев аты­лып кет­ті. Ұлт азаттық шежіресін зерт­те­ген ғалым Ермұқан Бек­ма­ха­нов ұзақ жыл­дарға сот­тал­ды. Тіп­ті бері­де, Кеңес импе­ри­я­сы зауалға бет алған кезеңнің өзін­де, Ора­зақ Смағұ­ло­втың бас­па­дан шығып, жұр­тқа тараған кітап­та­рын ара­да төрт ай өтпей жатып, қай­та жинап алып, өртеп жібер­ді. Ал, өз басы сая­си сенім­сіз ада­мға айна­лып, он жыл­дан аса КГБ бақы­ла­у­ын­да азапты тір­лік кешті. Кінәсі – қаза­қтар төрт мың жыл­дан аса уақыт­тан бері осы топы­рақта өмір сүріп келе жатқан, бір­тұ­тас, бөлу­ге кел­мей­тін антро­по­ги­я­лық, био­ло­ги­я­лық, гене­ти­ка­лық ұлт­тық бір­лік­те болған­ды­ғын дәлел­деп, әлем ғалым­да­рын мой­ын­датқан­ды­ғы болатын.

Біз бұдан былай халқы­мы­здың тағы­лы­мы мол тарихы мен салт-дәстүрін өркен­деу мен руха­ни жаңғы­ру­дың берік діңі ретін­де айқын­дай­тын бол­сақ, онда ең алды­мен ұлт­тық тарихы­мы­зды күл-қоқы­стан тазар­тып, әр нәр­сені өз ата­уы­мен ата­уға тиіс­піз. Бұдан бұрын биле­уші эли­та­ның ішін­де­гі мәң­гүрт­тік сана­ның ықпа­лын былай қой­ған­да, гео­са­я­сат­та Ресей­ге жал­тақтап кел­гені­міз жасы­рын емес. Мүм­кін тари­хи сана­ны жаңғыр­ту­дың, отар­сыздан­ды­ру сая­са­тын шын­дап қолға алу­дың зама­ны енді туған шығар. Онда ұлты­мы­здың бір­тұ­тас тари­хи шежіресін толы­ғы­мен қам­туға, бүгін­гі Қаза­қстан шека­ра­сы­нан тысқа­ры қалған күл­лі қазақ әле­мі толық қам­ты­луы шарт.

Менің ұғы­мым­да отар­шыл­ды­қтың ноқ­та­сы ол қай­ыс па, темір ме – айыр­ма­сы шама­лы. Мей­рім­ді, ақпей­іл отар­ла­у­шы деген аты­мен бол­май­ды. Сол себеп­ті де шет­те­гі қаза­қтар да отар­шыл­дық езгіні ешкім­нен кем бастан кешір­ген емес. Және өз ұлты­ның азатты­ғы мен теңді­гі үшін жан аямай күрес­кен және соның жолын­да шәһид болған қай­рат­кер, батыр тұлға­лар аз болған жоқ. Әсіре­се, басқан ізіне қан ұйып қала­тын Кеңе­стік «үш әріп», қаза­қтың оқы­ған ұлт­шыл ұлда­рын, әсіре­се, шека­ра асып, шетел­дер­де бас сауға­лаған алаш қай­рат­кер­лерін және оларға пана болып, тіле­улес, ниет­тес сан­амен қол ұшын созған сол елдер­де­гі қазақ қай­рат­кер­лерін де соңы­на шырақ алып түсіп, түгел­ге жуық мерт етті.

Өткен ғасыр­дың 30–40 жыл­да­ры Қытай түр­месін­де аса қаті­гездік­пен өлтіріл­ген, неме­се із-тозсыз жоғалған Рай­ым­жан Мәр­са­ков, Зият Шәка­ры­мұ­лы қатар­лы алаш ары­стар­мен қатар, сол елде­гі қаза­қтар­дың қай­мағы, арқа сүй­ер ел ары­ста­ры Шәрі­п­хан Көге­дай, Мах­сұт Сасан, Ақыт Үлім­жі, Оспан Сыла­мұ­лы, Таң­жа­рық Жол­ды­ұ­лы, тіп­ті, қырық жыл­дай түр­ме аза­бын көріп, азат ота­ны­на жете алмай, шер­мен­де болып, дүни­е­ден озған Қажы­құ­мар Шаб­данұ­лы қатар­лы сан мың­даған отар­шыл­дық қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры­ның аяны­шты тағ­ды­рын толы­қтай зерт­теп, ұрпақтарға үлгі ету­ге тиіспіз.

Біраз­дан бері БАҚ арқы­лы «Қаһар­ман­дар» деп ата­ла­тын рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық қор­дың құры­лған­ды­ғын және оның осы бір ұлы да ауқым­ды мем­ле­кет­тік мін­дет­ті атқа­ру­ды басты мақ­сат етіп қой­ға­нын оқып, біліп жүр­мін. Оған жетек­шілік ететін бел­гілі мем­ле­кет­шіл қай­рат­кер Сабыр Қасы­мов ағам­ды да жақ­сы тани­мын. Шын көңілім­нен сый­лап, құр­мет­тей­мін. Ол кісі 1997 жылы пар­ла­мент­те «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» заң жоба­сы талқы­ланған кез­де, сенат депу­та­ты сала­у­а­ты­мен алы­стағы ағай­ы­ның мүдесін жан сала қорғаған, ұлт қай­рат­керіне тән берік ұста­ны­мы­м­ен бізді ерекше тән­ті еткен бола­тын. Және сол жылы пар­ла­мент­те сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын ақтау жөнін­де­гі комис­си­яға жетек­шілік етіп, тарих­тағы біраз былы­қтың бетін ашуға күш салып еді. Кей­ін сол кезек­те­гі пар­ла­мент тарап кет­ті де, жұмыс аяқ­сыз қал­ды. Аны­ғын­да аяқ­сыз қал­ды­руға мәж­бүр етті деп ойлаймын…

Міне, содан 20 жыл­дан кей­ін аға­мыз зей­нет­ке шыққан соң, сол ұлы баста­ма­ны қай­та қолға алып­ты. Қор­дың қыз­меті жәй­лі қоға­мға бел­гілі, аузы дуа­лы тұлға­лар­дың біра­зы өз пікірін біл­діріп, қол­дау көр­сетіп жатыр.

Бірақ мені алаң­да­та­ты­ны – осын­дай игі баста­ма қар­жы­лық мүм­кін­шілік­тер­дің кесірі­нен қиын­ды­ққа тап бола­ты­ны. Зей­нет­кер ретін­де аға­мы­здың өз мүм­кін­ді­гінің шек­те­улі екен­ді­гін мен жақ­сы біле­мін. Мұн­дай игі баста­ма­ны тұтас халық болып қол­даған­да ғана өз жемісін береді. Себебін Аман­гел­ді Айта­лы аға­мыз дәл тауып айтқан: «Отар­лау мен тота­ли­тар­лық сая­сат­тан зардап шек­пе­ген бір­де-бір қаза­қтың отба­сы жоқ».

«Күн­нің көзін­де күміс жыл­ты­рай­ды» деген­дей, бұдан басқа мен­де тағы бір үміт­тің сәу­лесі ұшқын­дай­ды. Егер Қаза­қстан билі­гі ел пре­з­ден­ті айтқан­дай, ұлт­ты шын мәнін­де­гі руха­ни жаңғы­руға бастағы­сы кел­се, дәл осын­дай қоғам­дық инсти­тут­тарға түр­лі жол­дар­мен көбірек қамқор­лық көр­сет­кені жөн. Себебі, «бұза­уын­да қоры­ққан өгізін­де де қорқа­ты­ны» сияқты, біздің билік жуық жыл­дар­да Ресей­ге жал­тақта­удан ары­ла алмай­ды. Ата-баба­ла­ры­ның қыл­мысын бетіне шыжғы­рып басқан­ды – оры­стың бүгін­гі билі­гі де жақты­ра қой­май­ты­ны тағы да шындық.

Ең тыны­шы – бар­лық жұмыс пен жау­ап кер­шілік­ті дәл осын­дай қоғам­дық қор­ларға жүк­теп қой­са, құда да тыныш, құдағи да риза болар еді. Бірақ өз басым біздің билік ұлтқа шын­дап бет бұра­ды деген­ге сене алар емес­пін. Себебі, тарих қой­на­уын­да қалған қаһар­ман­дар­ды халқы­мен қай­та қауы­шты­руға бел бай­лаған билік дәл бүгін біздің ара­мы­зда ел үшін, жер үшін отқа да, суға да түсіп жүр­ген Макс Боқа­ев, Талғат Аян, Жан­бо­лат Мамай қатар­лы көзі тірі халық қаһар­ман­да­рын бостан­ды­ққа шыға­рып, халқы­мен қауы­штыр­са, мүм­кін сеніп те қалар ма едік…

Рақым АЙЫПҰЛЫ,

ЖСДП төралқа­сы­ның мүшесі

 

 

 

Айт­пақ­шы

 

АҚОРДАНЫҢ БИЛІГІ халқы­нан қашан КЕШІРІМ СҰРАЙДЫ?

 

Сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын еске алу күні жақын­даған сай­ын, ҚР Мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Гүл­ша­ра Әбді­ха­лы­қо­ва­ның қан­дай күй­де бола­ты­нын түсі­не­мін. Ол әдет­те­гі­дей, пре­зи­дент­тің тап­сы­рас­ы­мен Ста­лин­нің бұры­нғы пар­ти­я­ла­ста­ры мен ком­со­мол­да­рын ертіп, «АЛЖИР» мемо­ри­ал­дық кешеніне бара­ды. Олар 80–90 жыл бұры­нғы, ел-жұр­тқа аты әбден мәлім болған құр­бан­дар­ды еске алып, қазір­гілері жай­лы аузын ашпай­ды. Олар­дың түсіні­гін­ше, құр­бан­дар – өлген­дер, енді сөй­ле­мей­тін­дер. Олар бүгін­гі билік­ке қатер келтірмейді.

 

Ал соңғы 25 жыл­дың ішін­де әділет аңсаған талай аза­мат­та­ры­мыз өлтіріл­ді, Әке­жан Қажы­гел­дин сияқты біра­зы шетел­ге кету­ге мәж­бүр бол­ды, талайы түр­ме­ге жабыл­ды. Назар­ба­ев­тың бүгін­гі негіз­гі тірі қар­сы­ла­сы­на айналған Мұх­тар Әбля­зо­втың сыр­ты­нан сот өткізіп, бар­лық бәлені соған жабу­да. Сөз жоқ, бола­шақта келесі ұрпақ олар­ды ақтайды.

Иә, сая­си қуғын-сүр­гін әлі күн­ге жалға­су­да. Оппо­зи­ци­я­ның қол­да­у­шы­ла­ры «қорған­сыздың кұнін» кешу­де. Олар қоғам­ның «өгей бала­сы­на» айнал­ды: өздеріне де, бала­ла­ры­на да жұмысқа тұру өте қиын. Қиын­ды­ққа шыда­маған кей­біре­уі сая­си көзқа­ра­сы­нан бас тар­тып, билік­ке «өте жақ­сы» деген баға қой­ып, елде­гі өзгері­стен үмітін үзуде.

Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс үшін Гер­ма­ния мен Жапо­ния зардап шек­кен, халқы қыры­лған елдер­ден кешірім сұра­ды. Бұл – адам­затты мей­ірім­ді бола­шаққа баста­удың бел­гісі. Бал­тық жаға­ла­уы елдері, Гру­зия мен Укра­и­на­ның сая­си бас­шы­лы­ғы да қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры үшін өз халқы­нан кешірім сұрады.

Ал біз­де репрес­сия жүр­гіз­ген пар­ти­я­ның соңғы бас­шы­ла­ры, яғни мирасқор­ла­ры әлі билік­те отыр. Сол қанқұй­лы пар­ти­я­ның мүше­сі болған Назар­ба­ев­тың билі­гі өз халқы­нан кешірім сұра­уда тәу­ел­сіздік жари­я­лаған­дағы­дай, бар­лық елдің соңын­да қала­тын сияқты.

Деген­мен, әлі де кеш емес. Елде­гі жаңғы­ру­ды осын­дай кешірім­мен, мей­ірім­дік ықы­ласпен бастаған жөн болар еді…

Серік ЖӘБИ,

Аста­на қаласы

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн