Суббота , 5 июля 2025

Әміржан ҚОСАНОВ: Бізде халық – билікке, ал билік – өз халқына СЕНБЕЙДІ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

ДАТ!


 

– Соны­мен, Әмір­жан, Ақор­да билі­гі елде­гі адам құқын шек­те­удің жаңа «үлгісін» көр­сет­ті: кон­сти­ту­ци­я­лық заң­дарға өзгерістер енгізіліп, пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсетін үміт­кер­лер­ге қой­ы­ла­тын талап­тар қатай­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­те кемін­де бес жыл қыз­мет қыл­маған адам­ды бұдан былай пре­зи­дент­тік сай­ла­удан шек­теу халы­қты екі әле­умет­тік топқа бөліп, қоғам­дағы билік пен халы­қтың жік­ке жары­лу қау­пін есе­лей түседі деп айта ала­мыз ба?

– Әрине, айта ала­мыз! Ең алды­мен, мұн­дай жаңа талап бар­лық аза­матқа ел пре­зи­ден­ті боп сай­ла­нуға бір­дей әрі тең құқық беретін Кон­сти­ту­ци­яға «том­пақ» келеді! Иә, Ата заң­да осы бағыт­тағы бел­гілі бір шек­те­улер бар, соның өзі бас билік басы­на кез­дей­соқ адам­ның келіп қал­мауы­на бір­ша­ма кепіл­дік беретін еді ғой. Енді­гі мына әре­кет­тері тіп­ті сорақы бол­ды. Мұның өзі билік­тің өз ішін­де жүріп жатқан, біз­ге әзір­ше бей­мәлім, бірақ осын­дай баста­ма­лар арқы­лы «мен мұн­да­лап» қала­тын терең де тек­то­ни­ка­лық қозға­лы­стар боп жатқа­ны­ның бір дәлелі.

Жал­пы, кез кел­ген билік (ол демо­кра­ти­я­лық не авто­ри­тар­лық бол­сын – бәрібір) алдағы сая­си науқан­дарға, соның ішін­де сай­ла­у­ларға алдын ала әзір­ле­нуі керек, ондай қам-қаре­кет­тің еш әбес­ті­гі жоқ. Тіз­гін­ді қар­сы­ла­ста­ры­на жай­дан-жай өз қолы­нан бере сала­тын билік бол­май­ды. Билік үшін күрес – ешқа­шан тоқта­май­тын әрі тола­ста­май­тын мәң­гі күрес!

Ал бәсе­ке бол­са – адам­зат дамуы­ның бір­ден-бір кепілі!

Қаза­қстан билі­гі де бұл акси­о­ма­дан тыс қал­май­ты­ны түсінік­ті, оның үстіне 26 жыл ішін­де жасалған қия­нат­тар мен кем­шілік­тер үшін қазір­гі каста жау­ап бер­гісі кел­мей­ді ғой, сон­ды­қтан не бол­са да өз жақ­та­ста­рын билік тар­мақта­ры­ның басы­на кел­тір­гісі келеді. Ол тар­мақтар ішін­де пре­зи­дент­тік қыз­мет­тің орны – бір төбе.

Бірақ сай­ла­у­ға дай­ын­дық заң­дар­ды одан сай­ын қатай­та түсіп, бола­шақта бала­ма бола алар оппо­нент­терінің мүм­кін­дік­терін одан әрі шек­те­у­ге тірел­ме­уі керек! Керісін­ше, «келе жатқан сай­ла­у­ға дей­ін елді толған­ды­рып, өз шеші­мін таба алмай жүр­ген қан­дай мәсе­ле­лер бар, солар­ды мүм­кін­ді­гін­ше шешіп тастай­ық, елдің нара­зы­лы­ғын туғы­з­бай­ық» деген­ге саюы керек еді. Ал біздің билік­тің бұлай­ша алдын ала және адам құқы­ғын бел­ден басып қам­да­нуы қоғам­ды жік­ке бөлетін әре­кет болды.

 

– «Бес жыл­дық ценз» дей­міз бе – бұл талап сенің сай­ла­у­ға түсуіңе кедер­гі бол­ма­са керек: 1998 жылға дей­ін­гі он жыл­дан астам мемқыз­мет­тік өтілің (ста­жың) бар. Ал енді­гі жер­де үміт­кер өзін-өзі ұсы­ну құқы­нан айы­ры­ла­тын бол­са, бұл талап ешқан­дай сая­си пар­тия қата­рын­да жоқ сен сияқты аза­мат­тарға «сая­си кем­бағыл­дар» кебін кигі­зетін түрі бар…

– Солай болай­ын деп тұр… Үміт­кер­лер­ді ұсы­ну қақын тек қана сая­си пар­ти­я­ларға беріп қоюы да сол «қоры­ққан бұрын жұды­ры­қтай­тын­ның» кері. Қазір­гі құбы­жық пар­ти­я­лық жүйе тұсын­да бұл талап тек қана билік ұсы­на­тын үміт­кер­дің қамын ойла­удан туып отыр.

Пре­зи­дент­тік инсти­тут­ты пар­ти­я­лан­ды­ру­дың тағы бір себебі болуы мүм­кін. Әркім­нің қолы өз аузы­на жуық: тәу­ел­сіз үміт­кер ертең өзін­дік сая­сат ұста­нып кетіп жат­са (өмір­де бәрі де болуы мүм­кін ғой!), осы­нау қатаң пар­ти­я­лық тәр­тіп арқы­лы Ақор­да мен оның маңай­ы­на топ­тасқан ықпал­ды топ­тар бола­шақ пре­зи­дент­ті өз ықпа­лы­нан тырп еткіз­бей­ді. Мұн­дай талап соны­мен бір­ге бола­шақ пре­зи­дент «бір пар­ти­я­ның емес, бүкіл халы­қтың бас­шы­сы» болуы тиіс сая­си шар­тқа өз кесірін тигі­зері хақ. Және де бұл пар­ти­я­лық тый­ым соңғы кез­де бір­ша­ма қалып­та­сып, әсіре­се Интер­нет пен әле­умет­тік желілер арқы­лы елге таны­мал боп қалған жеке тұлға­лар­ды аяқтан шалу екен­ді­гі түсінік­ті. Олар­дың ішін­де билік­ке сын айтып жүр­ген­дері жетер­лік қой.

 

– Жал­пы, кезек­ті пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға әлі де үш жылға жуық уақыт барын еске­ретін бол­сақ, билік­тің «алы­стан атқы­лаған» бұл шек­те­улерін қан­дай сая­си «мұқтаж­ды­қтан» туды деп айта аламыз?

– Бәл­кім, сай­лау одан да ерте­рек болып қалар, кім біл­ген?! Біз өзі «мерзі­мі­нен тыс, кезексіз өтетін сай­ла­у­ларға дағ­ды­ланған» ел бол­дық. Бірақ қазір билік­тің рито­ри­ка­сы мен іс-әре­кетіне қара­саң, сай­ла­у­ға қаты­сты нақты күн­тіз­белік жос­пар жоқ сияқты.

Ал сая­си себеп­теріне келсек…

Не елба­сы тағы да сай­ла­у­ға түсіп, өзінің орнын тағы да бір­не­ше жылға нықтап ала­ды. Ол сай­ла­у­ға түс­кен жағ­дай­да, бәрі де оның көмек­шілерінің сце­на­рийі бой­ын­ша өтуі керек. «Қаза­қстан­да елба­сы­ға тере­зесі тең қар­сы­лас адам жоқ» деген идео­ло­ге­ма орны­ғуы тиіс қой! Сөй­тіп, өзінің пре­зи­дент­тік мерзі­мін тағы да бір уақы­тқа созып алып, елба­сы ешбір алаң­сыз «Мұра­гер» опе­ра­ци­я­сы­на асы­қ­пай (оны био­ло­ги­ядан басқа кім асы­қты­ра ала­ды?) кірісіп, өзі­нен кей­ін­гі билік жүй­есінің жаңа фор­ма­тын әзір­лей баста­уы әбден ықти­мал. Бұл жаны бар долбар.

Не бол­ма­са, жағ­дай күрт өзгеріп, «Мұра­гер» опе­ра­ци­я­сы қазір­дің өзін­де қолға алы­нып, таяу ара­да сай­лау жари­я­ла­нып, оған сол мұра­гер (не оған аса сенім­ді басқа тұлға) түсуі мүм­кін. Енді­гі пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на Назар­ба­ев түс­пей, басқа біреу түсетін бол­са, онда жағ­дай ешбір сце­на­рий­ге бағын­бай, біз мүл­дем күт­пе­ген оқиға­лар болуы ықтимал!

Әрине, Заңға енгізіл­ген жаңа тый­ым­дар Ақор­да­ның осы сай­ла­у­ға қаты­сты құпия жос­пар­ла­ры­на біраз сеп­ті­гін тигі­зуі мүм­кін. Оның үстіне елде халы­қтың шынайы қол­да­уы­на ие, мықты оппо­зи­ци­я­лық сая­си күш те жоқ: бір пар­ти­я­лар жой­ыл­ды, ал біре­улері ыды­рап кетті.

Бірақ қазір­гі біздің билік­те визан­ти­я­лық сипаттар басым боп отыр: кла­на­ра­лық қақты­ғыс сай­лау қар­саңын­да өз шары­қтау шегіне жетіп, сая­си аре­наға жаңа тұлға­лар (азуы алты қарыс сая­си оли­гарх­тар неме­се олар­дың адам­да­ры) шығып, бүгін­де елба­сы­на жағып жүр­ген бір орта­лық әзір­леп жатқан сая­си жос­пар­дың быт-шытын шыға­рып жібе­руі тағы мүмкін!

Менің­ше, билік­ті айнал­соқтап алған топ (неме­се топ­тар) жария сая­си күш­тер мен тұлға­лар­дан емес, өздерінің жоғарғы жақтағы каби­нет­теріне күле кіріп, күңірене шығып жүр­ген оли­гарх­тар­дан қорқа­ды. Заң­дық тый­ым­дар соларға да қар­сы бағыт­талған бол­са керек!

 

– Ширек ғасыр уақыт­тағы жалғыз адам­ның жеке-дара билі­гі келесі пре­зи­дент­ке осын­дай шек­те­улер қояр­лық тәжіри­бе бол­ды деп, Ақор­да өзінің артын өзі ашып оты­рған жоқ па? Сені қай­дам, ал мен үшін бұл сырт көз сын­шы­лар­дың к…тін ашып күлер­лік жағ­дай болды…

– Келі­се­мін! Мұн­дай масқа­ра қадам­дар билік­тің өз елінің алдын­дағы ғана емес, халы­қа­ра­лық аре­на­дағы беделіне нұқ­сан кел­тіретіні сөз­сіз. Бірақ, Ере­ке, мем­ле­кеті­міздің сол абы­ройы тура­лы қазір­де тақ үшін тала­сып жатқан­дар ойлап жатыр дей­сіз бе? Олар­дың қамы – ертең­гі билік­ке не ие болу, не ие бола­тын топ­пен әмпай-жәм­пай болу. Әйт­пе­се, кезін­де пре­зи­дент­тің өзі айтқан­дай, олар енді бір-бірін сотқа жете­леп апа­руға дай­ын, бір-біріне қар­сы «қызы­қты» ком­про­мат жинап та үлгер­ген болар. Бүгін­де бете­ге­ден биік, жусан­нан ала­са боп жүр­ген олар бір күн­де-ақ мінез көр­сет­пе­сіне кім кепіл?

Әзір­ше бір нәр­сені мой­ын­дау керек: елба­сы топа­ра­лық кикіл­жің­дер мен қақты­ғы­стар­да жоғарғы арбитр­дің ролін атқа­рып кел­ді. Айтқа­ны­на көн­діріп, айда­уы­на жүр­гізді. Бірақ уақыт өткен сай­ын жағ­дай өзгеріп, бара-бара елба­сы өзі айна­ла­сы­на тәу­ел­ді боп келеді. Сон­ды­қтан сол тар­ты­стар­дың жаңғы­ры­қта­ры кей уақыт­та сыр­тқа да жетіп жата­ды. Рас, кей­де теле­ди­дар­дан елба­сы мини­стр­лерінің ит терісін басы­на кеп­те­генін көре­міз, бірақ ешкім­ді сол кем­шілік­тері үшін орны­нан қуып жатқан жоқ, сон­ды­қтан бәрі де сырт көз­ге арналған қой­ы­лым сияқты сезіледі!

Менің қорқа­ты­ным мынау: ертең, пре­зи­дент жоқ кез­де, жалған­ды жал­пағы­нан басып жүр­ген, Құдай­дан да қоры­қ­пай­тын бұл мил­ли­ар­дер­лер қай арбитр­ді тың­дай­ды? Халы­қты тың­да­сын дей­ін десең, одан билік­ті баяғы­да-ақ тар­тып алған. Пар­ла­мен­тіңнің сиқы анау. Тәу­ел­сіз БАҚ жоқтың қасы. Қоғам­да «руха­ни авто­ри­тет» ретін­де мой­ын­да­ла­тын кей­бір тұлға­лар бар­лық жер­ден шет­тетіл­ген. Осы­ның арты қып-қызыл қақты­ғы­стың көкесін көр­се­те ме деген қауіп жоқ емес.

 

– Негізі, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың сая­си интри­га­лық талан­ты­на құрық бой­ла­май­тын биле­уші екенін бұған дей­ін айтып та, жазып та кел­дім: Қаза­қстан­да ғана емес, бүкіл пост­кеңе­стік елдер­де бұл тұрғы­да оның алды­на түсе ала­тын сая­сат­кер жоқ екені тағы бір дәлел­ден­ген сияқты… Бірақ оның сол талан­ты жал­пы қоғам­ның мүд­десіне емес, жеке билік­тің қамын ғана күйт­тей­тіні өкіні­шті-ақ. Осы жолғы қамы да сол бол­ды: не өзінің кезек­ті пре­зи­дент­тік мерзі­мін мәй­мөң­ке­леу, не билік­тің өзі ғана сенетін басқа қолға өтуіне тран­зит­тік төте жол салу. Менің ойым – осы.

– Жөні бар ой… Бірақ біздің билік­тің өз миы­на құй­ып алған және де басқа­ру­шы топ­тарға, қоға­мға да орны­қты­рғы­сы келетін бір миф-аңы­зы бар. Ол мынаған сая­ды: «Бар мүм­кін­дік билік­тің ғана қолын­да! Пре­зи­дент­тің рей­тин­гі жүз про­цент­ке жақын, ол кез кел­ген шеші­мін өткі­зе ала­ды. Көңілі қалаған адам­ды өзінің мұра­гері етіп қоя ала­ды. Және де қазір пре­зи­дент­тің маңай­ы­на ол ерекше сенім арта­тын, бола­шақта билік жүй­есінің төрі­нен сөз­сіз орын ала­тын тұлға­лар топ­тасқан! Бәрін шешетін нақ солар, ал осы топқа кір­ме­ген­дер­дің ертең­гі күні қараң, олар­дың қалып­тасқан жағ­дай­ға мой­ы­нұ­сы­ну­дан басқа еш ама­лы жоқ!».

Ал шын­ту­ай­ты­на кел­сек, осы сыңай­лас фор­му­ла­ның әрбір сөй­ле­мі – күмән­ді. Оны тек елба­сы­на өз жұмысын жақ­сы жағы­нан көр­сетіп, жаққы­сы келетін­дер ғана айтуы мүм­кін. Әйт­пе­се тари­хи жау­ап­кер­шілі­гі мен ұлт­тық пози­ци­я­сы бар кез кел­ген тұлға осы жайт­тар тура­лы ойла­нуы тиіс!

 

– Айт­пақ­шы, осы­ның бәрі билік өкілет­ті­гін бөлі­су жөнін­де­гі назар­ба­ев­тық баста­ма­дан басталға­нын есіңе алшы: бұның ақыр аяғы билік­ті бөлі­су­ге емес, керісін­ше, оны бекем­де­у­ге алып келетін қасаң және әлем­дік өрке­ни­ет­те қалып­тасқан қоғам­дық даму қаты­на­ста­ры­нан тыс қитұрқы қадам болып шық­пай ма?

– Билік тар­мақта­ры­ның өкілет­тік­терін бөлісіп, өза­ра тепе-теңді­гін жасау тура­лы елба­сы­ның баста­ма­сын өзім де кезін­де қалай қол­дап кет­кенім­ді бай­қа­май қал­дым. Стра­те­ги­я­лық тұрғы­дан алған­да, дұрыс ой бол­ды. Бірақ арты сиы­рқұй­ым­шақта­лып кет­кен сияқты…

Сол кез­де мен: «Бұл идея халық пен мем­ле­кет­тің бола­шағын ойлаған­ды­қтан туып оты­рған жоқ, клан­дар өза­ра билік орган­да­рын бөлісіп алуға мұқтаж. Пре­зи­дент те олар­дың көңілін табуы тиіс, сон­ды­қтан да әр кланға өз еншісін (біріне – пре­зи­дент­тік тақ, екін­шісіне – пар­ла­мент, үшін­шісіне – үкі­мет деген­дей) үле­стіріп бер­гісі кел­ген­нен туған ой» деп айтып едім. Әңгі­менің бәсең­деп қалуы­на қараған­да, сол клан­дар өза­ра бір келісім­ге келе алмай қалған сияқты…

 

– Билік­ті «бөлі­су» баста­ма­сы алғаш рет Тасмағам­бе­то­вты тай­ды­ру («өз өтіні­ші­мен») про­цесі­нен басталға­нын тағы да есіңе ал: сон­да осы жан­та­ла­стың бар­лы­ғы мүм­кін мұра­гер­дің (Тасмағам­бе­то­втен басқа) қамы үшін жаса­лып жатқан жоқ па?

– Тасмағам­бе­тов тура­лы әңгі­ме бөлек. Сөз­сіз, ол талант­ты мене­джер, таны­мал қай­рат­кер. Сол себеп­ті оны қол­да­у­шы­лар да, оны көре алмау­шы­лар да, яғни оның сая­си потен­ци­а­лы­нан қорқа­тын­дар да бар­шы­лық. Бірақ ол да, ел аузын­да жүр­ген басқа да бедел­ді, өз элек­то­ра­ты бар шене­унік­тер секіл­ді, осы жүй­енің өкілі.

Жал­пы бұл тақы­рып­тың да әмбе­бап, яғни уни­вер­сал­ды сипа­ты бар: жыл­дар бой­ы­на осы режим­ге аян­бай әрі адал қыз­мет еткен бел­гілі (әзір­ше бел­гісіз де!) тұлға­лар ертең сай­ла­у­ға түсіп жат­са, олар да осы уақыт бой­ы­на жүр­гізіліп келе жатқан мем­ле­кет­тік сая­сат­тың тек қана жағым­ды тұста­ры­на ғана ортақ­тас­пай, халы­қтың нара­зы­лы­ғын туғы­зған жақта­ры­на да қаты­сты екенін ел алдын­да мой­ын­дап, өз жау­ап­кер­шілік­тері тура­лы айтуы керек бола­ды. «Билік­тің былы­қта­ры­на еш қаты­сым жоқ» деп, ант-суын ішіп, ақ безер де, көк безер боп жат­са да, оларға кім сенеді?! Сол сай­ла­у­лар­да нақты жеңіс­ке жету үшін, осы билік­ке қаты­сты анти­ре­жим­дік бол­ма­са да, ең бол­ма­са, іші­на­ра сын айтып, «осы жыл­дар бой­ы­на қалып­та­сып қалған жағ­дай­ды сөз­сіз өзгер­те­мін» деп сай­ла­у­ал­ды уәде беруі керек. «Жанр заң­ды­лы­қта­ры» деген бар емес пе?

Әлде бізді баяғы, бір­жақты, ешкім де сене бер­мей­тін таза «нұр­лы жол­дық» үгіт-наси­хат пен билік үміт­керінің 97 про­цен­ті күтіп тұр ма? Біздің жағ­дай­да ондай да болуы әбден мүм­кін. Бірақ осын­дай жос­пар­дың лоб­би­стері бір маңы­зды жайт­ты еске­ру­лері тиіс. Мұн­дай жау­ап­сыз көзқа­рас бола­шақ мұра­гер­дің сая­си әрі элек­то­рал­ды леги­тим­ді­гі тура­лы әңгі­ме­ге жете­лей­ді: сай­ла­уда фор­маль­ды түр­де ғана емес, мораль­дық, сая­си және керек десеңіз, пси­хо­ло­ги­я­лық жеңіс­ке жет­пей, ондай тұлға бола­шақ билік жүй­есінің тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ете алмайды!

Жал­пы алған­да, мұра­гер тақы­ры­бы – тым кең әрі терең тақы­рып. Оның бір­не­ше аста­ры бар және де ол тек қана «пре­зи­дент­тің таң­да­уы ғана болуы керек» деген­ге сая алмай­ды, оның ауқы­мы бөлек. Бірін­ші­ден, «екін­ші Назар­ба­ев­ты» біздің сая­си жүйе енді­гі жер­де «көте­ре алмай­ды». Кезін­де елба­сы­на беріл­ген сая­си пре­фе­рен­ци­я­лар енді қай­та­лан­ба­сы түсінікті.

 

– «Бұл ара­да «беріл­ген­нен» гөрі, «тар­тып алы­нған» деген тір­кес дәл келетін сияқты…

– Қалай болған­да да, «билік тар­мақта­ры­ның өкілет­тік­терін бөлі­су» иде­я­сын тастаған пре­зи­дент­тің өзі осы жайт­ты мой­ын­дап отыр емес пе?! Қай­сысы­ның асы­ғы алшы­сы­нан түседі – біл­медім, бірақ бола­шақ мұра­гер­дің де мүм­кін­шілік­тері мен өкілет­тік­тері шек­те­улі бола­ты­ны түсінік­ті. Ал фило­со­фи­я­лық тұрғы­дан алған­да, мен қазір­де сол тақ үшін іштей және сырт­тай тала­сып жүр­ген­дер­ге: «Келесі пре­зи­дент – ол сая­си ками­кад­зе! Оның орнын ала­мыз деп асы­қ­пай-ақ қой­ы­ңы­здар!» деп ақыл берер едім.

Әрине, біз­де қалып­та­сып, сал­та­нат құрған оли­гарх­тық эко­но­ми­ка мен оли­гарх­тық сая­сат жүй­есін­де пре­зи­дент­тік мәр­те­бе – тыныш өмірің мен қауіп­сізді­гіңнің, қуғын­дал­мауы­ң­ның бір­ден-бір кепілі. Сон­ды­қтан әркім­нің сол тақтан дәмесі бар! Бірақ айна­ла­дағы өрке­ни­ет­ті елдер­ге қара­саң, мұн­дай қол­дан жасалған кепіл­дік­тер­дің ғұмы­ры – көзді ашып жұмған­ша ғана, сон­ды­қтан да олар­дың құны бес тиын!

Және де «ками­кад­зе» деген­де, мен бұл тер­мин­нің тек қана сая­си аста­рын айтып оты­рған жоқ­пын. Мәсе­лен, ол билік­ке кел­ген соң, 26 жыл бой­ы­на қара­у­сыз қалған Авгий атқо­рас­ын кір-қоқы­стан таза­ла­уы керек! Және де уақыт келе, оған кім кінәлі екенін де айтуы тиіс.

«Ками­кад­зенің» о бастағы ұғы­мы тағы бар: бас билік­тен айы­ры­лған ықпал­ды топ­тар бәріне де, соның ішін­де ондай адам­ның көзін құр­туға дей­ін баруы мүм­кін! Ала қой­ды бөле қыры­ққан олар­дан бәрін күту­ге бола­ды! Ол топ­тар­дың ел ішіне лаң салып, псев­до­де­мо­кра­ти­я­лық ұран­дар­ды жамы­лып, елдің астаң-кестеңін шыға­руға бар­лық қар­жы­лық, ұйым­да­сты­ру­шы­лық мүм­кін­дік­тері бар!

Сол себеп­ті біз билік тар­мақта­ры­ның өкілет­ті­гін бөлі­су иде­я­сын одан әрі дамы­тып, нақты­лай түсіп, шын мәнін­де­гі тепе-теңді­гіне қол жет­кізіп алып, содан кей­ін ғана пре­зи­дент­тік, пар­ла­мент­тік сай­ла­у­лар өткі­зуі­міз керек деп ойлай­мын. Сон­да көп­те­ген үміт­кер­лер пре­зи­дент­тік емес, пре­мьер­лік неме­се депу­тат­тық ман­датқа ұмты­лар еді! Оның өзі бола­шақ мұра­гер тура­лы тақы­рып­тың мал­та­сын езуді жақ­сы көретін­дер­ді саба­сы­на түсіріп, шек­тен тыс ажи­о­таж­ды тоқта­тар еді.

Екін­ші­ден, Назар­ба­ев ұсы­нған кез кел­ген мұра­гер­ді халық ың-шың­сыз, еш қар­сы­лы­қ­сыз, тағы да 97 про­цент­пен қабыл­дай сала­ды деген­ге мен сен­бей­мін. Басы­нан сырық, малы­нан құрық кет­пе­ген жұрт қазір ыза­лы әрі нара­зы. Яғни, ол тұлға­ның элек­то­рал­ды потен­ци­а­лы мықты, досы да, дұшпа­ны да, ыды­рап жүр­се де, сай­лау кезін­де бірі­ге ала­тын, ортақ үміт­кер ұсы­на ала­тын (ондай кезең­дер­ді бастан өткіздік емес пе?!) оппо­зи­ци­я­лық күш­тер де мой­ын­дай­тын­дай қауқа­ры болуы тиіс.

Хариз­ма деген тағы бар. Әйт­пе­се «заң өзгер­ту­шілер­дің» адуы­ны мен ары­ны­на қара­саң, олар 5 жыл шене­унік болған кез кел­ген адам пре­зи­дент бола ала­ды деп ойлай­тын сияқты. Оған бұл бей­бе­ре­кет баста­ма­шыл­дар ертең «Тек «Нұр Отан» мүше­сі неме­се елба­сы­ның туы­сы ғана пре­зи­дент бола ала­ды» деген бап­тар­ды қосып жібе­руі де ғажап емес қой!

Үшін­ші­ден, гео­са­я­си фак­тор­лар тағы бар. Қаза­қстан сияқты тоқ­сан жол­дың тора­бын­да, ғалам­дық жел өтін­де тұрған, Батыс, Шығыс, Ресей ара­сын­да өзін­дік орнын ойып алған мем­ле­кет­тің келесі бас­шы­сы кім бола­ды деген сау­ал халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қты, жетек­ші елдер­ді, көр­ші-қоңы­мы­зды алаң­да­та­ры сөз­сіз. Солар­мен де тең адам­дай сөй­ле­се ала­тын тұлға болуы шарт! Осы орай­да елба­сы­ның өзі өз мұра­геріне сыр­тқы кепіл­дік­тер тура­лы ойла­нып, шешіп те қой­ған шығар. Оны мен біздің про­ре­сей­шіл әрі проқы­тай­шыл сыр­тқы және ішкі сая­са­ты­мы­зға қарап айтып отырмын.

 

– Жал­пы, соңғы бір жыл­дың ішін­де «100 қадам» деді, «билік­ті бөлі­су» деді, «руха­ни жаңғы­ру» деді – қой­шы әйте­уір, бірі­нен соң бірі баста­ма­лар бала­лап жатыр. Билік­тің 20 жыл­дық сын­шы­сы ретін­де осы жан­та­ла­стың бар­лы­ғын сен қан­дай сая­си құбы­лы­стар­мен түсін­дірер едің? Осын­дай даңға­за даб­ы­рас­ыз-ақ билік­тің бөкен бүл­кілі­мен жүре бер­се, Назар­ба­ев­ты тағы­нан тай­ды­руға тал­пы­нған тірі пен­де бар ма еді?

– Менің­ше, тау­сыл­май­тын даб­ы­ра­шыл­дық пен ұран­шыл­дық – ұзақ жыл­дар бой­ы­на ауы­су, алма­су деген­ді біл­мей­тін кез кел­ген билік­ке тән симп­том­дар! Егер де билік жүй­елі түр­де әрі ашық сай­ла­уда ауы­сып тұр­са, ондай дүдә­мал уәде­лер мен күмән­ді баста­ма­лар­дан аулақ болар еді ғой. «Судың да сұра­уы бар» демек­ші, ертең кез кел­ген қар­сы­ла­сы сай­лау алдын­дағы тіке­лей эфир­де­гі теле­де­бат­та «Сенің «пәлен­ше қадам» деген бағ­дар­ла­маң не бол­ды? Неме­се «жаңғы­руың қан­ша про­цент­ке жет­ті»?» деп, жер­ден алып, жер­ге салар еді. Біз­де бол­са, ұран­дар айты­ла береді, оның орын­да­луы тура­лы сұрап жатқан әже де жоқ, қожа да жоқ…

Бұл әңгі­менің бәрі бір аса маңы­зды сау­алға келіп тіре­леді. Қазір билік­тің өз ішін­де ғана емес, қоғам­ның өзін­де бұрын-соң­ды бол­маған, себеп­тері түсініксіз, сал­да­ры мүл­дем бел­гісіз про­це­стер жүріп жатыр…

– Ақор­да­ның қожай­ы­ны төсе­гі­нен қай аяғы­мен тұр­са, сол күні елде сон­дай сая­сат бола­ды деген жазыл­маған қағи­да барын да ұмытпайық…

– Иә, оны билік­тің өз ішін­де­гілер де айтып жүр деп ести­мін… 26 жыл ішін­де­гі билік­тің сөзі мен ісінің алшақты­ғын, оның өз халқы­мен сана­спай, тек қана оли­гарх­тар­мен сана­суы­ның, солар­дың мер­кан­тиль­ді мүд­де­лерінің жете­гін­де кетуінің мораль­дық, ими­дж­дік, идео­ло­ги­я­лық жемісін көріп отыр­мыз. «Халық бізді 97 про­цент қол­дай­ды» деген сөзіне билік­тің өзі де сенеді деп ойла­май­мын! Ол – өзін де, бізді де, сыр­тқы қауым­да­сты­қты да алдау!

Халық билік­тің ақсақты – тың­дай, өтірік­ті – шын­дай еткен күн­делік­ті наси­ха­ты­нан әбден шар­шаған, ал билік «осы халық күн­нің-күнін­де бізді төң­керіп кет­пей ме?» деген оймен басы қатып жүр (айт­пақ­шы, заңға енгізіліп жатқан сай­ла­у­ал­ды­лық шек­те­улер – соның айғағы!). Ал бір-біріне сен­бей­тін­дер ара­сын­дағы қарым-қаты­нас ерте ме, кеш пе, дағ­да­ры­сқа ұшы­рап, ол екі жақ ат құй­ры­ғын кесісіп, айы­ры­лы­са­ры хақ! Сон­да не болмақ?

Халық ондай биліксіз өз күнін өзі көре ала­ды, ал билік өз халқын­сыз қай­да бара­ды? Әлде бәрі де шетел­ге ауып, алдын ала әзір­леп қой­ған вил­ла­ла­ры мен пент­ха­уз­да­ры­на жай­ға­сып алып, жемқор­лы­қ­пен, ұрлық-қар­лы­қ­пен жиған-тер­ген ақша­сы­на рахат өмір кеше бастай ма?

Иә, біз­де бүгін­де билік­тің ішін­де және оның айна­ла­сын­да стра­те­ги­я­лық және так­ти­ка­лық сая­си шешім­дер­ді дай­ын­да­уға, қабыл­да­уға құзірет­ті бір топ­тар бар («бөліп ал да, билей бер»). Олар­да бүгін­де біраз мүм­кін­дік­тер бар. Заң­дық, прак­ти­ка­лық, сая­си, эко­но­ми­ка­лық меха­низмдер олар­дың қол­да­ры­на шоғырланған.

Енді осы­ның бәрін олар не үшін және қалай пай­да­ла­на­ды? Бір неме­се бір­не­ше, өза­ра келісім­ге қол қой­ған клан­ның мүд­десін қорға­штап, заң­дар­ды одан сай­ын қатай­та бере ме?

Сөй­тіп, елба­сы­ның мәр­те­бесін одан сай­ын бекіту­ге неме­се ол ұсы­нған мұра­гер­ді қалай бол­са да таққа оты­рғы­зу үшін бар жағ­дай жасап, өздеріне сая­си диви­денд­тер алу үшін жаны мен арын сата ма?!

Өз басым бұл сұраққа жау­ап таба алмай жүрмін…

 

– Тап­пай­сың, Әмір­жан! Себебі олар­да ар қал­маған, ал билік­тен де тәт­ті жан­да­рын сата алмай­ды: соны сақтау жолын­да қоғам­ды әбден қал­жы­ра­тып тына­ды. Ал сұх­ба­ты­ңа рахмет!

Ермұрат БАПИ

 

 

 

Апта апты­ғы

 

«Самұрық-Қазы­на» қоры Қытайдан

$3 МИЛЛИАРД ҚАРЫЗ АЛАДЫ

 

«Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры Қытай­дан 3 мил­ли­ард дол­лар қарыз алуға бекініп отыр. Бұл тура­лы ком­па­ни­я­ның басқар­ма төраға­сы Өмір­зақ Шөке­ев мәлім­деді деп хабар­лай­ды «Аста­на» арнасы.

 

Қытай тара­пы мұны «Бір бел­деу, бір жол» аясын­да өткен форум­да ұсы­нған. Ешқан­дай жобаға бай­лан­баған неси­ені кей­ін кез кел­ген жоба­ларға салуға бола­ды. Қор бас­шы­лы­ғы мәжілі­сте есеп бер­ді. Депу­тат­тар­дың көп­шілі­гі қор­дың сыр­тқы қары­зы­на қаты­сты алаң­да­у­шы­лық танытуда.

Был­тыр оның көле­мі 9 трлн 938 млрд тең­ге неме­се 29,8 млрд дол­лар болған. Яғни, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­дың бар­лық қары­зы­ның 70% шама­сын­да. Шарт бой­ын­ша қары­здың тең жар­ты­сы алдағы 5 жыл­да қай­та­ры­луы керек.

«Қытай­дың даму бан­кі жұм­сақ шар­ттар­мен біз­ге 3 млрд дол­лар қарыз беру­ге өздері ықы­лас біл­діріп отыр. Біз өзі­міздің керекті жоба­ла­ры­мы­зға пай­да­ла­на ала­мыз», – дей­ді «Самұрық-Қазы­на» ҰӘҚ» АҚ басқар­ма төраға­сы Өмір­зақ Шөкеев.

Қор был­тыр 575 млрд тең­ге пай­да тапқан. Мұнай-газ және кен өнді­ру қыз­меті есебі­нен – 510 млрд тең­ге, теле­ком­му­ни­ка­ция сек­то­ры есебі­нен – 56 млрд тең­ге. Ал жыл сай­ын 320 млрд қары­здар­дың пай­ы­зын жабуға кетеді.

Nur.kz

 

 

 

Талап!

 

МАТАЕВТАРҒА

БОСТАНДЫҚ!

 

Жур­на­ли­стер күні мере­кесі жақын­даған сай­ын, есі­міз­ге Сей­ітқа­зы досы­мыз түседі. Оның ақжарқын мінезін, ақ пей­ілін, жур­на­ли­стер­ге деген шексіз құр­метін сағы­на­мыз. БАҚ пен билік­тің ара­сын­да дәне­кер болып жүретін қаси­етін айт­сай­шы. Ол шын мәнін­де өзінің ұйым­да­сты­рғыш қабілеті­мен, іскер­лі­гі­мен әріп­те­стерінің ара­сын­да зор құр­мет­ке ие болған тұлға. Оның ұлы­мен бір­ге бүгін­де қапа­с­та оты­рға­ны жаны­мы­зға бата­ды. Кеше интер­нет­тен Бауы­р­жан Мұқа­нов пен Вла­ди­мир Ради­о­но­втың «Мата­ев ісіне» бай­ла­ны­сты жаз­ба­ла­ры­на кезіктім.

 

«Мата­ев­ты қорғау коми­теті» бел­гілі жур­на­лист, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның Төраға­сы Сей­ітқа­зы Мата­ев пен оның ұлы Әсет Мата­ев­тың ісі бой­ын­ша тер­геу амал­да­ры мен сот про­цесі бары­сын­да Қаза­қстан заң­да­ры мен кодек­с­терін 100-ден астам рет бұзу­шы­лы­ққа жол беріл­генін анықтаған.

Кей­бір бап­тар бір емес, бір­не­ше рет бұзы­лған. Осы­ған қараған­да, Мата­ев ісінің қол­дан жасалған­ды­ғы, таса­да тұрған түнек күш­тер­дің оны қалай­да сот­та­ту­ды мақ­сат еткен­ді­гі бай­қа­ла­ды. Қай елде де өрке­ни­ет­тілік­тің бел­гісі – сот әділ­ді­гі. Қаза­қстан­дық сот орын­да­ры да әділет­тілік­ке мүд­делі болуға тиіс.

Сон­ды­қтан қалам­гер қауым аты­нан билік пен Жоғарғы сот­тан әріп­тесі­міз Мата­ев ісінің әділет­ті түр­де қай­та қара­луын, заң­сыз түр­ме­ге тоғы­ты­лған Сей­ітқа­зы мен Әсет­тің ақта­лып, қамаудан дереу боса­ты­луын талап етеміз!

Марат Тоқаш­ба­ев­тың ФБ-парақшасынан

 

 

Ел мен жер үшін!

 

Жам­был­дық 26 отбасы

СОЛТҮСТІККЕ КӨШЕДІ

 

Жам­был­дық 26 отба­сы сол­түстік өңір­лер­ге қоныс ауда­руға ниет біл­дір­ді, – деп көр­сетіл­ген облыс әкім­шілі­гінің ресми сай­тын­да өткен бей­сен­бі күні жари­я­ланған хабарда.

 

Хабар­да айты­лған­дай, елі­міз­де халқы тығыз қоны­станған оңтүстік облы­стар­дан тұрғын­дар­ды сол­түстік аумақтарға ерік­ті негіз­де қоны­стан­ды­руға арналған «Жұмыспен қам­ту – 2020» жол кар­та­сы бағ­дар­ла­ма­сы­ның аясын­да қолға алы­нған жұмыстар жүріп жатқа­ны бел­гілі. Бүгін­де аталған бағ­дар­ла­ма аясын­да Жам­был облы­сы­нан Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­на қоныс ауда­ру­шы­лар бар.

Ағым­ды жыл­дың ақпан айын­да облыс әкі­мінің тап­сы­ры­сы бой­ын­ша Қор­дай ауда­ны­нан Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­на арнайы деле­га­ция ісса­парға жіберіл­ген бола­тын. Аталған деле­га­ция Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы әкі­мі­мен кез­десіп, бірқа­тар аудан мен ауыл­дар­ды ара­лап қайтты.

Жұмыс тобы тұрғын­дар­мен түсін­ді­ру жұмыста­рын жүр­гізіп, нәти­же­сін­де бүгін­гі күн­ге 82 адам­нан құралған 20 отба­сы Қор­дай ауда­ны­нан Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы, Мам­лют ауда­ны, Ленин ауы­лы­на қоныс ауда­ру­да. Бұдан бөлек, Жам­был облы­сы­нан сол­түстік өңір­лер­ге қоныс ауда­руға 6 отба­сы ниет біл­діріп, аталған отба­сы­лар­дың сау­ал­на­ма­ла­ры өңір­лер­дің элек­трон­дық мекен-жай­ла­ры­на жіберілді.

Ерік­ті түр­де қоныс ауда­ру жұмыс күші көп өңір­лер­ден жұмыс күші тап­шы өңір­лер­ге қоныс ауда­ру арқы­лы жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Бағ­дар­ла­маға ниет біл­дір­ген тұрғын­дар Шығыс Қаза­қстан, Қоста­най, Пав­ло­дар және Сол­түстік Қаза­қстан облы­ста­ры­на қоны­ста­на­ды. Бағ­дар­ла­маға қаты­су­шы­ларға мем­ле­кет­тік қол­дау көр­сетіледі, яғни көшу­ге, тұрғын үй жал­да­уға (жалға алуға) және ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ге ақы төлеу шығы­ста­рын өте­у­ге суб­си­ди­я­лар беруді қамтиды.

Соны­мен қатар бағ­дар­ла­ма аясын­да қоныс ауда­ру­шы­лар бала­ла­рын бала­бақ­ша және мек­теп орын­да­ры­мен, жұмысқа қабілет­ті жастағы аза­мат­тар­ды жұмыспен қам­ту­дың бел­сен­ді шара­ла­ры­мен қам­та­ма­сыз ету қарастырылған.

Қаз­ТАГ

 

 

 

Бұл екі арада

 

ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕР

сол­түстік­ке көшуге

ПЕЙІЛ БІЛДІРМЕДІ

 

Жұмыс­сыз жаңаө­зен­дік­тер жұмыс бар облы­старға қоныс ауда­руға шақы­рған бағ­дар­ла­маға қол­дау біл­дір­меді. Олар «бізді Жаңаө­зен­нен кеті­ру үшін беретін уәдесі» деп, билік­тің бұл жос­па­ры­нан қауіптенеді.

 

Мамыр­дың 26-сы мен 27-сі күн­дері Маңғы­стау облы­сын­да тұрғын­дар­ды шығыс және сол­түстік өңір­лер­ге (Шығыс Қаза­қстан, Сол­түстік Қаза­қстан, Пав­ло­дар және Қоста­най облы­ста­ры­на) қоныс ауда­руға шақы­рған еңбек жәр­мең­кесі өтті. Жаңаө­зен қала­сын­да өткен кез­де­су­де жиналған жұрт­шы­лы­қтың біра­зы залға кіре алма­ды. Қала­лық жұмыспен қам­ту­ды үйле­сті­ру және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бөлі­мінің басты­ғы Бал­зи­раш Мар­ка­шо­ва «іште орын жоқ, сіз шақы­рыл­маған­сыз» деген уәж­бен «Азаттық» тіл­шісін де кір­гі­зу­ден бас тартты.

Жиын­ның ресми бөлі­гі аяқталған кез­де сыр­тқа шыққан Жаңаө­зен қала­сы­ның әкі­мі Елу­бай Әбі­ло­вті жұрт қор­шап алып, сұрақтың асты­нан алды. Тұрғын­дар жан-жақтан әкім­ге: «Жаңаө­зен­де жұмыс­сыз адам­дар көп. Неге өзі­міз­ге жұмыс жет­пей жатқан­да басқа жақтан адам алы­на­ды?», «Неге 30–40 мың тең­ге төле­нетін таза­лау жұмыста­ры ғана беріледі?» деген сау­ал­дар қой­ды. Қала әкі­мі «Жазы­лып, мына­лар­дан сұраңыз» деп, өзге өңір­ден кел­ген өкіл­дер­ге сілтеді.

Жұмыс орын­да­рын басқа облы­стар­дан ұсы­нып жатқа­нын есті­ген қала тұрғын­да­ры ғима­рат сыр­ты­на шығып, нара­зы пікір­лерін біл­дір­ді. Солар­дың бірі – қала­дағы күзет қыз­метінің бірін­де қара­уыл болып істей­тін Мұх­тар Оразбаев.

«Шақы­рған облы­стар­да кар­топ егуді ұсы­нып отыр. «Үй, бәрін бере­міз» дей­ді. Сен­бей­міз. Себебі басын­да бізді Жаңаө­зен­нен кеті­ру үшін көп уәде беріледі. Ал кей­ін аштан өліп жатыр­сың ба – онда жұмысы бол­май­ды. Бұл жер­де жұмыс тауып бере алмай оты­рған­да, ол жер­де тауып бере ме? Кар­топ өсір­ген­мен, оны Қаза­қстан­да дұрыс сата алмай­ды, елде шыға­тын дақыл­дар бола тұра, үкі­мет басқа жақтан ала­ды, салған егін­ді сата алмай, тағы қол жая­мыз… Ком­му­нал­дық қыз­мет құны да өсіп бара­ды. Еттің баға­сы 2 мың тең­ге­ге жақын­да­ды. Мен еш уақыт­та қан­дай да бір жер­де жалақы өскенін есті­ген емес­пін. Тер­ро­риз­мнің де, аты­стың да туын­да­уы­ның себебі – осы жұмыс­сыздық», – дей­ді Мұх­тар Оразбаев.

Оның сөзін қостаған өзге тұрғын­дар «аймақтағы жалақы­сы тәуір жұмысқа тамыр-таны­сы бар­лар ғана кіретінін», өздері «аса үлкен табыс сұрап отыр­маған­да­рын, 100–150 мың тең­генің айлы­ғын місе тұта­тын­да­рын» айт­ты. Олар­дың бірі жұмыс күшіне тап­шы сол­түстік және шығыс аймаққа көшу­ге шақы­рған бұл жиы­нға қаты­сты сау­алға: «Көшпей­мін. Әке-шешем­нің жүр­ген жері ғой, Маңғы­ста­удан еш жаққа бар­май­мын?!» – деп жау­ап берді.

Сәния ТОЙКЕН,

Azattyq.org

 

 

 

КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНАН НЕСІБЕ КҮТКЕНДЕР

Мынау Атырау–Астрахань трас­са­сы­ның бой­ын­да жол­дан алыс ауыл­дар­дан келіп, мал­да­ры­ның сүт, қай­мақ, шұбат­та­рын мұнай­дың үстін­де оты­рып сатып, қай­ыр­шы­лық күн көріп оты­рған қазақ әйел­дері. Трас­са­ның өзі соғы­ста бом­ба­лап кет­кен­дей, адам көр­гісіз. Биша­ра әйел­дер бет­терін тұм­ша­лап алып, аптап ысты­қта, қақаған қыста осы­лай өлме­стің күнін кешу­де. Бұн­дай қай­ыр­шы­лық Кеңес үкі­меті кезін­де де болған жоқ. Ширек ғасыр бойы сорып келе жатқан мұнай­дың жер­гілік­ті халық еш пай­да­сын көр­ме­уде. Мұнай­лы өлке халқы­ның жағ­дай осы.

Мақсұт Төлен­ба­ев­тың ФБ-парақшасынан

 

 

Желі­де­гі жазбалар

 

 

АнекDAT

Баяғы­да бір бала­ны сүн­дет­ке оты­рғы­зып­ты. «Әпшу көр­сет­ші» сал­ты­мен жиналған ақшаға «Бал­ды­рған» бел­се­бетін әпе­ріп­ті. Біраз уақыт өткен­нен кей­ін әкесі бала­сын сөй­лет­пек оймен:

– Балам, сені тағы да сүн­дет­ке оты­рғы­зай­ық. Түс­кен ақшаға дәу бел­се­бет сатып әпе­ре­мін – десе, сүн­дет­те­удің аза­бы­нан әзер құты­лған баласы:

– Әке‑у, менікін кест­іріп бел­се­бет алған­ша, сізді оты­рғы­зып, сыра­зу джип алай­ық та, – депті. .

• Ержан Тәліп­тің ФБ-парақшасынан

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

кедей-кеп­шік­тің тілі

Тіл, мен үшін, ақпа­рат­пен алма­су құра­лы. Тіл түсіні­су үшін қол­да­ны­ла­ды, жау­ла­су үшін емес! Бір тіл­ді екін­ші тіл­ден биік санау, бір ұлт­ты қаси­ет­ті, киелі деп, өзге ұлт­ты дат­тау – надан­ды­қтың бел­гісі. Әрине, ана тілін біл­ген дұрыс. Ал «Ана тілім­ді біл­мей­мін» деген ада­мға «сатқын­сың» деп, оны­мен жау­ла­су – надан­дық. Билік­тің «раз­де­ляй и власт­вуй!» деген прин­ци­піне жұмыс істеп жүр­ген пақыр­дың тірлігі.

Қазақ тілі – биз­нес, сауда тілі емес. Кедей-кеп­шік­тің тілі. Билік қазақ тілін қажет етпей­ді. «Таза қазақ», «шала қазақ», «нағыз қазақ» деп төмен­де­гілер­ді бір-біріне айдап салып, елдің наза­рын назар­бай­дың былы­ғы­нан ажы­ра­тып, тіл мәсе­лесіне матап отыр. Міне, жиыр­ма жыл­дан асты: тіл, тіл дегелі. Қан­ша­ма ақша бөлін­ді, бөлініп те жатыр.

Гәп қай­да?! Назар­бай­дың қызда­ры, күй­еу бала­ла­ры, неме­ре­лері, шөбе­ре­лері қазақ тілі­нен жұр­дай. Олар­да қазақ тіліне құр­мет деген ой мүл­де жоқ! Бір-бірі­міз­ге «оры­сқұл», «сатқын», «мәң­гүрт» деп ашы­нған­нан басқа не тын­дыр­дық?! Наза­рқұлға кере­гі осы!

Әрі-бері­ден соң, адам тіл­ді өзі үшін керек етеді.

Ал мем­ле­кет­тің функ­ци­я­сы, ұлт­тық құн­ды­лы­қтарға /тіл, мәде­ни мұра/ қамқор болу. Сол құн­ды­лы­қтар­дың дамуы­на жағ­дай /условие/ жасау. Кезін­де Маса­но­вты түтіп жеп қоя жаз­даған: «Қазақ тілі ешқа­шан мем­ле­кет­тік тіл бол­май­ды, ол үшін пар­ла­мент қазақ тілін­де заң қабыл­дау керек, өкі­мет қаза­қ­ша сөй­леу керек, бүкіл келісім-шар­ттар қазақ тілін­де жүр­гізілуі керек», дегені үшін. Рас! Мем­ле­кет­тік тіл­дің шар­тын айтты!

Тіл­ді, ұлт­ты құр­мет­теу – жалған пафос пен пате­ти­каға бері­лу емес. Тіл­ге, ұлтқа, халы­ққа «ұлы», «дана», «қаси­ет­ті», «киелі», «құт­ты», «асқақ» деген сын есім­дер­ді тіз­бе­леп телудің астын­да өзін кем сезі­ну ком­плексі жатыр.

Дима­штың Қытай елін­де шыққан биі­гіне бәрі­міз тән­ті бол­дық. Қазақ бүкіл дүние жүзіне таныл­ды деп қуан­дық! Шын бол­сын. Солай болсын!

Гер­ма­ни­яда, жал­пы Евро­па­да, Дима­шқа таны­мал болу қиын. Себеп?! Поп-музы­каға деген қызы­ғу­шы­лық өте төмен. Рок-музы­ка­ның дәре­же­сі биік. Менің әріп­те­стерім Дима­штың дау­сы­ның тех­ни­ка­лық ерекшелі­гіне таң қалған­мен, әндерін жүр­дім-бар­дым тың­дап, қаным­ды ішті. Мен сияқты сүй­сін­беді. Кей­ін ара­ла­сып жүр­ген гол­лан­ди­я­лық әріптесім:

– Сен Дима­штың қазақ екенін неге айта бер­дің?! Саған оның ұлты сон­дай әсер етті ме?

– Мен өзім қаза­қ­пын… сосын шығар,.. – дедім.

– Димаш, мыса­лы, сол дауыс мүм­кін­шілі­гі­мен қытай­лық әнші бол­са, қызы­ғу­шы­лық болар ма еді сен­де? Мақтан тұтар ма едің оны?

Сіз­дер­ге бұр­дым бұл сұрақты. Жау­ап­та­ры­ңы­зды күтем.

Болат АТАБАЕВ

 

 

 

 

МЕН АЛДАНЫППЫН

 

1992 жылы Қаза­қстан­да еге­мен­дік орнаған­да, орыс­шыл­дар билік­ке кел­ді деген едім. Билік­те транс­фор­ма­ци­я­лар бола­ды, оры­сқұл­дар кетер деп жүр­дім. Олар­мен ұдайы сөй­лес­кен­де, пікірін есті­ген­де, көңілім сан рет түңіл­ді. Тіл тағ­ды­рын олар маңы­зды демеді.

«ДВК» бол­ды, олар­дың да тіл мәсе­лесіне суы­қты­ғын біліп, бар­ма­дым. Сөй­тіп, 25 жыл­дан астам уақыт өтті. Енді билік мем­ле­кет­тік тіл­ге бет­бұрыс жасай­тын түрі жоқ сияқты, керісін­ше, қала­дағы қазақ оры­ста­нып бара­ды. Енді­гі орыс­шыл­дар Путин­нің ықпал агент­тері ме деп ойлай­мын. Орыс­шыл қаза­қтар гео­са­я­си конъ­юнк­ту­ра солай деп рәсім­дел­ме­ген пар­тия құр­ды және астыр­тын жұмыс жүр­гі­зеді. Орыс­шыл­дар Қаза­қстан­ды Ресей­дің про­вин­ци­я­сы­на айнал­ды­рып бара­ды. Кремль­дің сая­си тех­но­лог­та­ры қазақ тілін шөк­тіретін нені ойлап тап­са, соны Қаза­қстан мини­стр­лері орын­дай бастай­ды. Олар – Ресей­дің ықпал агент­тері, өз әре­кет­терін Нұре­кең­мен де келіспейді.

Көп мини­стр­лер, әкім­дер, депар­та­мент бас­шы­ла­ры, теле­ди­дар бас­шы­ла­ры тіке­лей Кремль тех­но­лог­та­ры­мен жұмыс істей­ді. Олар біз­де­гі жағ­дай­ды қадаға­лап, инспек­ция жасай­ды екен. Бұн­дай жағ­дай Ресей­дің Укра­и­наға кіре­рінің алдын­да болған. Қырым мен Шығыс Укра­и­на­ның екі облы­сы­ның ІІМ-нің жер­гілік­ті бөлім­ше­лерінің 90 пай­ы­зы Ресей әскерінің басқын­шы­лы­ғы­на қар­сы әре­кет жаса­маған. Солай болар, қара да тұр.

Мен алда­нып­пын.

Әзім­бай ҒАЛИ

 

 

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІ

АНА ТІЛІНЕН ДЕ

АРДАҚТЫ МА?

 

Ана тілін үйрене алмаған бала ағы­л­шын тілін қалай үйренбек?

Иә. Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алса да, ана тілін біл­мей­тін, түсін­бей­тін бала­лар бар екен. Өкіні­штісі, олар – зей­нет­кер­лер емес, тәу­ел­сіздік ұрпағы, бала­лар ғой…

Осы күні Қара­ба­лық ауда­нын­дағы (Қоста­най облы­сы – Ред.) мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның 5–6 пай­ы­зы ғана мем­ле­кет­тік тіл­де білім ала­ды, есесіне ұлты қазақ бала­лар­дың 80 пай­ы­зы­нан аста­мы өзге тіл­де білім алу­ды жөн көр­ген. 6–7 жыл бұрын рес­пуб­ли­ка­лық «Қазақ» газетін­де «Мем­ле­кет­тік тіл­де­гі мек­теп­тер: 20 жыл­да не өзгер­ді?» деп жар салған едік. Өзгер­гені шама­лы, тіп­ті түк те өзгер­ме­ген десе бола­ды. «Баяғы жар­тас – сол жар­тас» екен. Қара­ба­лы­қтың шетін­де орна­ласқан қазақ мек­тебін­де небәрі 200 оқу­шы ғана оқи­ды, ал орта­лық көше­лер­де орна­ласқан орыс тілін­де білім беретін №1 орта мек­теп­те­гі 673 оқу­шы­ның 271 (шама­мен 40%) – ұлты қазақ бала­лар бол­са, дәл сон­дай №2 орта мек­теп­те оқи­тын 430 бала­ның 28%-ы (134 оқу­шы) ұлты қазақ бала­лар да өзге тіл­де білім алу­ды жөн санаған. Бұған ата-ана­лар мен бала­лар кінәлі емес, мек­теп те кінәлі емес делік. Бұған бәрі­міз де жау­ап­ты, бәрі­міз де кінәлі емес­піз бе?

Бұрын Кеңес үкі­меті тұсын­да ауда­ны­мы­зда қазақ тілін­де білім беретін төрт мек­теп бар еді. Ол мек­теп­тер­де 1000-ға жуық бала оқи­тын. Ол үкі­мет құлаған соң, өткен ғасыр­дың 90-жыл­да­ры аудан мек­теп­тері қабы­рға­сы­нан мем­ле­кетік тіл­де білім беретін сынып­тар да ашы­лған еді, тілі­міз тіріліп кетер деді ме екен – тұн­шы­қтыр­ды. Қазақ сынып­та­ры­ның ашы­луы­нан жабы­луы тез бол­ды. «Кри­зис кел­ді, ақша үнем­де­уі­міз керек, кей­ін аша жатар­мыз» деген желе­умен орыс тілін­де білім беретін мек­теп­тер­де­гі қазақ сынып­та­ры­ның бәрін дер­лік жауып тын­дық. Осы­лай­ша, мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесін алған ана тілі­міздің қол­да­ны­сын кеңей­ту ісі аяқ­сыз қалды.

Аудан­дық білім бөлі­міне сұрау салып, жау­ап хат алдым. Кей­ін бөлім бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Сәу­ле Бақы­тқызы­мен сөй­ле­стім. Бала­ла­рын ана тілін­де емес, өзге тіл­де оқы­туға ана-ана­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құқы екенін айт­ты. Бірақ сөз ара­сын­да С.Бақытқызы қазақ сыны­бы­на беріп, бала қаза­қ­ша оқи алмай, түсін­бей, оған орыс тілін­де білім алған ата-ана­сы да көмек­те­се алмай, бала­ла­рын қазақ мек­тебі­нен «суы­рып алып», орыс мек­тебіне беріп жатқа­нын тіл­ге тиек етті.

Сон­да бұл қалай болға­ны? Бала өз ата-ана­сы­ның, ата-баба­сы­ның, көр­шісінің, досы­ның, сынып­та­сы­ның тілін, өзін мәпе­леп өсір­ген Ота­ны­ның тілін жары­тып түсін­бе­се, күн­де теле­ди­дар­дан, радио­дан «қақ­сап» тұрған тіл­ді ұқпа­са, шығып жатқан газет-жор­нал­дар­ды оқи алма­са, түсін­бе­се, ол Қаза­қстан­да ешкім сөй­ле­мей­тін тіл­ді – ағы­л­шын тілін қалай мең­гер­мек? Ана тілін үйрене алмаған, ана тілін­де­гі мәтін­ді түсін­бей­тін балаға ағы­л­шын тілін «арқа­ла­тып», оны «сәп­сем» мәң­гүрт етіп қой­май­мыз ба? Өз ана­сын құр­мет­теп үйре­бе­ген жан өзгенің ана­сын құр­мет­тей алмай­тын сияқты, өз ана тілін құр­мет­те­ме­ген­нен пат­ри­от шыға қояр ма екен? Ана тілін түсін­бей­тін балаға ағы­л­шын тілін «үйтіп-бүй­тіп» үйре­тер­міз-ау, сон­да ол жастар кей­ін елі­міз­де тұрақта­май, шетел асып кет­се, тіл үйре­ту­ге шашқан қыру­ар ақша­мыз суға тастаған­дай бол­май ма? Бұл жағ­дай тек Қоста­най облы­сын­да ғана емес екенін еске­руі­міз керек.

Елі­міз тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін мек­теп­ке барған аза­мат­тар­дың бәріне мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесі бар қазақ тілін үйре­нуді мін­дет­теу керек емес пе? Үкі­меті­міз мем­ле­кет­тік тіл­ді үйре­ну­ге бар­лық жағ­дай жасап жатқан­да, аза­мат­тар­дың тіл үйрен­бе­уі ақы­лға қонбайды.

Тоқ­сан ауыз сөздің тобы­қтай түй­іні: тым бол­ма­са мем­ле­кет­тік тіл­де білім беру, тәр­би­е­леу ісін тия­нақтап алмай, ағы­л­шын тілін мек­теп­ке енгі­зу, ағы­л­шын тілін­де жеке­ле­ген пән­дер­ді оқы­ту тала­бы ерте­рек деген сенімдемін.

Төлен РАМАЗАНҰЛЫ

 

 

 

БІЗДЕ БӘРІ

«чики-чики»…

 

Кешелі-бері «Фейс­бук­те» нешетүр­лі мақтау қағаз­дар­дан көз тұна­ды. Біздің елі­міз­де­гі білім­ге деген бум­ның жарқын көрінісі осы гра­мо­та­лар болып тұрға­ны шындық.

Менің де неме­ре­лерім­нің үше­уі мек­теп­те оқи­ды. Кеш­кілік «ел алып жатқан қат­ты қағаз­ды менің сус­лик­терім де алған шығар» деп, үйлеріне бар­май­мын ба? О тоба, біз­ге бір гра­мо­та бұй­ыр­мап­ты! «Жұрт­тың бала­сы­ның бәрі – «ода­рен­ный», менің бала­ла­рым қалай «без­дар­ный» болып қал­ды?!» деп түні­мен ұйы­қтай алмай шықтым!

Шынын­да да, қалай «ода­рен­ный» болуға бола­ды? Үлкен неме­рем­ді фут­бол ойна­уға баулы­ған­мын ғой үш жасы­нан. Қазір он бір­де. Кеше тағы да доп қуып кетіп­ті. Бұл не қылған фана­тизм екенін түсін­бедім. Сабақ тура­лы әңгі­ме айта қал­сам, баяғы­да айтқан өз сөзім­ді өзі­ме айта­ды: «Ронал­дуға мұғалі­мі ылғи ұры­са­ды екен: «Сен адам бол­май­сың. Аштан өлесің. Білім­ге ұмтыл­май­тын адам­ның оңға­нын көр­ген жоқ­пын». Ал сол Ронал­ду қазір әлгі мұғалі­міне ай сай­ын мың дол­лар беріп тұра­ды. Міне, фут­бол­дың құдіреті!».

Қазір осы сөзді неме­ре­ме айтқа­ны­ма қат­ты өкі­не­мін. «Көресің­дер, «Реал­да» ойнап, бәріңді мен асы­рай­мын әлі» деп бөс­кен­ді әбден үйреніп алды.

Иә, оның гра­мо­та алмаға­нын ішім бір­ден сезген. Ал екін­ші неме­ре­мнен үмітім зор еді. Екі пән­нен «4» алып қалып­ты. Гра­мо­та жоқ. Аздап «без настр» отыр. Оны менен бұрын бірін­ші сынып­ты сөк­тей «үшпен» бітір­ген інісі жұба­тып үлгер­ді: «Сол құр қағаз­ды қай­тесің, Жаник! Мұғалім­дер бала­лар­ды алдай береді қағаз тара­тып. Одан да атам сияқты ақша бер­се ғой… Иә, ата?».

«Не дерім­ді біл­мей қал­дым» деген­нің нағыз өзі бол­ды. Балам бір оқпен екі қоян­ды атып алып тұрға­нын қара­май­сың ба? Аға­сын да жұбат­ты. Мені де «кося­кқа» кір­гізіп тұр. Енді осын­дай бала­лар­ды қалай «без­дар­ный» деп айта­сың? Айта алмай­сың! Тек гра­мо­та­мыз жоқ болға­ны бол­ма­са, біз­де бәрі «чики-чики»!

Шар­хан ҚАЗЫҒҰЛ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн