ТІЛДІК НОРМА сөздіктер арқылы ҚАЛЫПТАСАДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Президентке хат


 

Жоғары мәртебелі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы!

Менің экономиканың барлық салалары мен құқық саласы бойынша сөздік түзу кәсібімен айналысқаныма тура 25 жыл толыпты. 1990 жылдан бері бұл менің сүйікті кәсібіме айналды. Ал зейнетке шыққаннан кейін, сөздік түзуге біржолата ден қойдым. Менің соңғы құраған «Үлкен экономикалық орысшақазақша сөздік» 150 мың терминді қамтиды.

Сөздік түзу, термин жинау сияқты инемен құдық қазғандай жанкешті бейнетім белгілі ғалымдар мен еңбегімді қолданушылардың тарапынан жоғары бағаланып келеді. «Бір өзі бір институттың жүгін көтеріп жүрген сөздікші» атануым кеңестік дәуірдегі Қазақ совет энциклопедиясында (он екі томдық, арнаулы қосымшасымен 13 том, басынан аяғына дейін қатыстым) және егеменді елдің «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында қызмет атқарған жылдарымда жинаған энциклопедияшылық тәжірибем мен үлкен аудармашылық мектептен өткен тәжірибемнің жемісі.

Сондайақ, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында экономика, құқық және демография салаларын бір өзім жүргіздім. Мұнда 500ден астам үлкендікішілі мақалаларым жарық көрді. Экономика салалары бойынша мен ұсынған 2500 аталым қысқаша түсіндірмелерімен бірге мемлекеттік терминкомда бекітілді. Күні бүгінге дейін жарық көрген сөздіктерімнің саны 20ға жетіпті. Жалпы көлемі 2 200 есепті баспа табақтан асады. Оның біразын өз ақшама шығардым, ал қоржынымда сүрленіп жатқан 5–6 сөздік тағы бар.

«Үлкен экономикалық орысшақазақша сөздік» парламенттің аудармашыларынан бастап, атқарушы билік құрылымдарының аудармашыларына дейін қолдан түспейтін сөздікке айналды. Өйткені мұнда экономиканың негізгі терминдеріне, шет сөздерге қысқаша түсіндірме берілді. Сондықтан болар, бұл сөздікті ҚазМҰУдың экономика факультетінің және Т. Рысқұлов атындағы ҚЭУдің студенттері мен оқытушылары оқулық ретінде пайдаланып келеді.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Аталған екі томдық сөздік тек өз қаражатыма, атқарған еңбегімді көрсету үшін жеке меншік баспадан 25 данамен шығарылып отыр, полиграфиялық сапасы сын көтермейді. Мұқабасы да жұмсақ. Полиграфкомбинаттан шығару үшін, кемінде 1000 тиражбен тапсырыс беру керек, оған менің күшім жетпеді. Егеменді еліміздің экономика саласының тілдік нормаларын сақтап, тәуелсіз еліміздің тіл саясатын қалыптастырып, өркендетуде ұсынылып отырған еңбектің әкелер пайдасы мен абыройы ұшантеңіз деп білемін. Бұл сөздік кемі 10 000 данамен басылып, еліміздің барлық аймағы іс қағаздарын бір нормативті нұсқада жүргізсе, тілдік нормалардың ауытқушылығына жол берілмес еді. Қазақ тілінің пайдалану нормасы сөздіктер арқылы қалыптасады. Енді осы сөздікті мемлекеттің күшқаржысымен шығару қажет екендігін тиісті өкілетті орындар мен министрліктерге тапсыруыңызды сұраймын. Сөздік жарық көретіндей, өзіңізден жанкешті еңбегімнің әділ бағасын алатындай күн тусын деп тілеймін. Мемлекеттік тіліміздің – ана тіліміздің көсегесі көгеріп, әрқашан да мәртебесі биік болғай!

Ізгі ниетпен, Сүлеймен қажы РАХЫМЖАНҰЛЫ

 

P.S. Осы өтінішті Сізге жеткізудің басқа амалын таппай, «Ашық хат» жазуыма тура келгені үшін Өзіңізден ғапу өтінемін! Себебі бұған дейін Сізге ресми орындар арқылы жолдаған бірдебір хатым жетпеді. Ал бұл сөздіктер қазақ халқы үшін, оның тілі үшін және жас ұрпақтың пайдалануы үшін ауадай қажет деп білемін.

Менің мекенжайым: Алматы қ., Бұқар жырау к., 32/1, 18пәтер, үй т. (факс) 3950096, ұ.т. 87017529710; 87771720323; email: [email protected]

 

 

 

Біздің анықтама

 

ТОҚСАНБАЙ Сүлеймен Рахымжанұлы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесi, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері (2015), кәсiпқой аудармашы, энциклопедияшы, сөздік түзуші. ӘлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетiн 1969 жылы үздiк бiтiрген. Бiрнеше роман, повестер мен көркем әңгiмелердi, саяси кiтаптарды, сөздiктердi, «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 10 томдық әлемдiк экономистклассиктер шығармаларының екi кiтабын (7, 10ыншы томдарын) аударған.

«Рыночная экономика. Русскоказахский толковый словарьсправочник – Нарықтық экономика. Орысшақазақша анықтамасөздiк» (1995), «Орысшақазақша экономикалық атаулар сөздiгi» (1995), «Экономика және қаржы» (Қазақ тiлi терминдерiнiң салалық ғылыми түсiндiрме сөздiгi, 2003), «Орысшақазақша заңиэкономикалық түсiндiрме сөздiканықтамалық» (2006), «Қаржыэкономика сөздiгi» (2007) авторларының бiрi, «Толық экономикалық орысшақазақша сөздiк» кiтабының (1997), «Iскер адамдарға арналған орысшақазақша тiлашар» (2007), «Банк жүйесiнiң қызметкерлерiне арналған орысшақазақша анықтамалықтiлашар» (2007), «Бизнесбиржа жаргондарының орысшақазақша сөздiгi» (2008), «Қазақшаорысшаағылшынша экономикалық терминдер сөздiгi» (2008) кiтаптарының авторы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Грамотасымен, «Еңбек ардагерi», «Баспа және полиграфия iсiнiң қайраткерi» төсбелгілерімен марапатталған.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн