ТІЛГЕ ТІЛ ТИГІЗБЕЙІК!

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Пайым патшалығы

 


 

Біз «Адамды адам еткен – еңбек» деген қағидамен өстік. «Адамның арғы тегі – маймыл…» деген дарвиндік түсініктерді тыңдадық, иландық. Орасан оқымысты Дарвиннің елу жыл бойы зерттеп жазған «Түрлердің эволюциялық дамуы» атты ғылыми еңбегін оқыдық. Бірақ ол қайтыс болған 1882 жылдан беріде, Дарвинсіз өткен 135 жыл бойында маймылдардың толып жатқан түртұқымынан эволюция (біртебірте өзгеріп даму) жолымен ең болмаса 1 адамның пайда болғаны туралы ешбір мағлұмат жоқ. Яғни, адам – Алла адам етіп жасаған жеке жаратылыс иесі. Ал тіл – Алланың адамға берген сыйы. Тілдің ұлттық мәнмағыналық сипаты сол ұлтпен бірге сақталады, одан тыс өзгерісқұбылысқа ұшырамайды.

«ДАТ»тың соңғы санында Болат Атабаев тұжырғандай, қазақ ұлтының тілі: «кедейкепшіктің тілі» деп, немесе «байбайшікештің тілі» деп бөлуге көнбейді. «Надандық» деген сөзге үйір Болаттың бұл пікірі «билік қазақ тілін қажет етпейдіден» туындаған тәрізді. Жоқ, Боке, «битке өкпелеп, тонымызды отқа тастамалық».

Иә, халықтарды бірбірімен салыстырып, мынау артық, анау кем деп сорттау – әбестік. Әрқайсының өзіне тән жаратылысы бар да, сол өзгешелігін өрнектейтін тілі бар. Ал жалпы тіл жайын ескерсек, ұлттық тілдердің бірбірінен табиғи артықауысы жоқ емес. Мысалы, орыс тілінде (басқа бірқатар тілде) «мужской род, женский род, средний род» делінген тілдік қалып болса, қазақ тілінде (басқа бірқатар тілде) ол жоқ. Бұл сыртқы ерекшелікті тілдердің бірбірінен артықтығы, кемдігі деуге болмас, алайда тілдердің кейбір ішкі ерекшелігіне қарағанда, олардың сөздік қорларында бірбірінен аздыкөпті айырмашылықтары бар. Мәселен, қазақ тіліндегі «аға, іні, апай, қарындас, бозбала, бойжеткен, келіншек…» делінген жеке атаулар орыс тілінде жоқ, онда «старший брат, младший брат, старшая сестра, младшая сестра, молодой человек, молодая девушка, молодая женщина…» делінеді. Ал «нағашы, жиен, қайынаға, қайынбике, жезде, балдыз, бөле…» – орыста жасына қарай «дядя, тётя» деп қана аталады. Мұны қазақ тілінің ерекшелігі, байлығы деп нақты айтуға болады.

 

Болаттың «таза қазақ», «шала қазақ», «нағыз қазақ» деушілерді қағытып, күйінуі орынды, тек ол «анықтамалар» «төмендегілерді бірбіріне айдап салудан» шықпаған, әлдекімдердің АНА ТІЛІН ардақ тұтпайтын шенеунік атаулыны өзінше мұқатуларынан шыққан. Ал өз тілін өгейсітушілер төменнен бұрын, жоғарыда – биліктің басықасында, алдыартында, төңірегінде жүр.

«Төмендегілер» болса, интернеттің қазақ сайттарын аракідік шолып жүргенімнен байқағаным: олардың дені дерлік – ана тілін бірінбірі кекепшалуға, тілдеуге жұмсап жүрген біреулер. Сайтта маңызды мақала, ұсыныс сипатты пікір жарияланады, тақырыбына қызығып, ашып оқимын, дұпдұрыс. Ал ол ортақ мәселені талқылау, ой қосу орнына қайсыбір сайтшылдар мақала авторын, оны қолдағандарды кейбір сөзі, сөйлемі, өзіндік пікірниеті үшін бетпақтана мінеп, шаптыға жазғырады, тіліміздің байлығын рәсуә етіп, тазалығын ластайды.

«Жоғарыдағылардың» ашық ойлары «Фейсбукті» маңайламайды, әдетте биліктің ауласындағы гәзеттердің бетінде бұлдырап жүреді және президент Н.Назарбаевты тілін жимастан жатыптұрып мақтаудан олайбұлай бұрылмайды. Бұл сөзіме орайластыра айта отырайын: «ДАТ»тың соңғы санындағы «Жәнібеков жазбаған мәтіннің Мырзатайға қатысы хақында» атты мақаланың авторы Сәкен Елеу мырзаға алғыс айтуым керек. Себебі Н.Назарбаевты аспандата мақтаушы «мықтылардың» жазба сөздерінен жинақ құрастырып, «Мадақсөз майданы» деп атамақшымын. Онда Мырзатай Жолдасбековтің бұрындағы «тәтті» сөздерінен бірер үзінді бар еді, енді мынауысы жинақтың тақиясы бола қалғандай екен.

Сәкеннің «Жәнібеков жазбаған…» дегеніне мен де бейілмін. Өзбекәлімен біраз уақыт араластығым болды. Хакім Тілегенұлы (Михаил Иванович) Есенәлиев екеуі қалтқысыз достар еді, үшеуіміз Хакеңнің саяжайында, үйінде ұшырасып, шүйіркелесіп жүрдік. Хакең маған кейде телефон арқылы қитұрқы сұрақ қойып, әзіл айтатын, кейде (демалыс күндері) «келіп шық» деп шақыратын. Тілін алып, бара қалғанымда, Өзекең отыратын. Сондай сәттердегі әңгімелерде анық аңғарғаным: Өзбекәлі шешенсіп, тәтті сөйлемейтін, өзінен биіктегілердің қайсына болсын сырттай бір ауыз да жалбақайлық сөз айтпайтын. Мына мақалада сөзбасы болып тұрған, «Мырзатайға берілген мінсіз мінездеме» Өзекеңнің әрқашанда сыпайы, ұстамды жаратылысына кереғар. Өзінің лауазымына өзі «көрнекті» сөзін сыналайтындай, Өзекең марқұм өлермен атаққұмар да болған жоқ.

 

Тіл мамандарымыздың бізге тәуелсіздік бұйырғанға дейінгі негізгі сөзі Ана тіліміздің тазалығын сақтау, байлығын игере білу болды (сонауда Сәкен Сейфуллин ағамыз талап ете айтқан мәселе – «Қазақстанда іс қағаздарын мемлекеттік тілде, қазақ тілінде жүргізу заман ағымымен «күн тәртібінен» түсіп қалды ғой), ал тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен басталған сөз қазақ тілінің жаңа Конституциямызда да жазылған мемлекеттік мәртебесін сыйлау, құрметтеу, қорғау болды. Амал нешік, еленбеді, әлі де еленер емес. 25 жыл бойғы «тіл туралы жырымыздың» қашан, қалай аяқталары белгісіз. Осы ыңғайда Әзімбай Ғалидың орысшылдар жайын ашынып айта отырып: «Олар – Ресейдің ықпал агенттері, өз әрекеттерін Нұрекеңмен де келіспейді…» дегенімен мен де келісе алмаймын. Назарбаевқа солайша тағы да бір көпшік қоюдың керегі не еді?

Ана тіліміздің тазалығы, мемлекеттік мәртебесі хақында мен де көп мақала жазып, биліктің, ең алдымен Н.Назарбаев мырзаның бұл реттегі біліпбілмей істеген ағаттығын өзімше ашып айтып жүрдім. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президентінің шетелдерге ресми сапармен барғандарында орыс тілінде сөйлегеніне, шетелдердің өзімен дәрежелес басшыларын Астанада қабылдағанда да, орыс тілінен жаңылмайтын әдетіне қарсылық білдірдім. 1994 жылғы бір мақаламда: «Қазақстан Ресейдің губерниясы емес қой?! Сіз Қазақстанның мемлекеттік тілін сыйлаңыз, құзырыңыздағыларға өнеге көрсетіңіз. Халықаралық тілдерге жетік тілмәш қызжігіттеріміз, құдайға шүкір, жеткілікті» дедім. Қай ғасырда, қай елде болсын, мемлекеттің дербестік сипаты – оның басшысының мемлекеттік тілде сөйлеуі екенін айттым.

Одан кейінгі бір мақаламда Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспириннің: «Мен әлемнiң 141 елiнде болып қайтқан адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде, өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған байғұс халықты көрдiм, ол – қазақтар» деген сүйектен өткен сөзін келтірдім (ұмытпасам, 2005 жылы). Не шықты? Президентті айтпағанда, жоғарытөменнен: «Рас қой, ұят болдыау!» деген тірі жан табылсайшы!

 

Міне, осындай халдегі халықты билік басынбағанда қайтсін?! Биліктің тізгіншылбырын әу дегеннен бір өзі ұстап отырған президент мемлекеттік тіл мәселесін тиянақты шешуге селқос болмағанда ше?! Президенттің: «Қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегендей түзу ой айтқаны менің де есімде, бірақ айту бар да, оны іске асыру бар емес пе? Ол содан кейінде, Қазақстан халықтарының ассамблеясы дейтініміздің соңғы құрылтайында: «Қазақстанда ешбір тілге басымдық берілмейді», – деді. Түсініп көр.

Назарбаев мырза таққа отырғанынан, мысалы, бес жылдан кейін, 1996 жылы: «Өкіметтік, үкіметтік жүйеде қызмет етіп жүрген өзге ұлт өкілдері республиканың мемлекеттік тілін 2000 жылға дейін меңгеруге тиіс» деп, конституциялық негізді жарлық шығарса, Қазақстанда туыпөскен өзге ұлт кадрлары қарсылық шеруге шықпас еді, Ресей біздегі орыстарды қорғап шабуыл жасамас еді. Балтық бойындағы республикалар өз халықтарының саны елді мекендеуші өзге жұрттың санынан аз бола тұра, әрқайсысы іс қағаздарын жергілікті ұлт тілінде жүргізуді заңдастырды, мемлекеттік тілді білмейтіндерді шектеді. Біз болсақ, орыс тіліне әуелде «ұлтаралық қарымқатынас тілі» деп, одан соң «ресми тіл» деп үкі тақтық, яғни мемлекеттік тіл дәрежесіне қайтадан жеткізіп қойдық. «Ресми тіл» мемлекеттік тіл емей немене?

 

Әзімбай Ғалидың «ДАТ»та шыққан «Мен алданыппын» мақаласына үңілелік. Онда: «…«ДВК» болды, олардың да тіл мәселесіне суықтығын біліп, бармадым» деген қыраусөйлем тұр. «ДВК»ның, қазақ тілінде «ҚДТ»ның тарихын білетін адам Әзімбайдың суық сөйлеміне еріксіз таңданған болар. Негізсіз айтыла салған арзан сөзге кім ұйысын?!

Егер Әзімбай шынында білмеген болса, бірақ «бармадымды» баса айтқанына қарағанда, білген екен, е, мейлі, сонда да мынаны есіне салайын (2007 жылы жарияланған «Орыс тілді өкімет қазақты жарылқамайды» атты мақаламнан үзінді):

•«…Тіл мәселесінде бір айтар жәйт: Павлодар облысының әкімі болып тағайындалысымен бізде ұлттық идеологияны қалыптастырудың тірегі – мемлекеттік тілді қуаттандыру екенін жақсы білген Ғалымжан Жақиянов демократиялық қадамын «Алтын тіл» бағдарламасын жасаудан бастады ма? Бастады. Игі мақсатын «Жас Алаш» гәзеті арқылы таратты ма? Таратты. Арнайы жиын өткізді ме? Өткізді. Ізгі ойын межесіне жеткізудің алғы шарты облыстық әкімшіліктің күнделікті істерінде қазақ тілінің үстем болуын қолға алды, бірақ мақсатына жете алмады. Өздеріңіз білесіздер: жеткіздірмеді!.. Мемлекеттік тілімізді қорғау, қолдау ниетінде құрылған қозғалыстар, бірлестіктер, қоғамдар барын білесіздер. Солардың жиындарында ешкім, мысалы, Ғ.Жақияновтың «Алтын тіл» бағдарламасы болғаны жөнінде жақ ашпайды. Түсіне алмадым. «Сақтықта – қорлық жоқ» баяғы?!».

Әлбетте, тіл хақындағы әңгімеде сақтық жасайтындар жеткілікті. Бірақ «бармадым» сияқты немкеттілік одан әлдеқайда басым болып келеді. Бізде игі ниет, ізгі тілек қашанда қостауға, көмекке зәру. Өкінішке қарай, біз осыны жете ескеріп жүрген жоқпыз. Сүйейсалды, екіұшты сөзге салынып алдық.

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн