Пятница , 4 июля 2025

Алаяққа алданған ауылдың САРЫ СҮРГІН ТІРЛІГІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Жер­сіз халық – жетім

 


 

Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­ның Ғабит Мүсіре­пов ауда­ны­на қарас­ты Бере­зов­ка ауы­лы­ның жер­сіз қалған тұрғын­да­ры басқа амал­да­ры қал­май, Аста­на қала­сын­дағы Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның бөлім­ше­сіне хат жазып­ты. Хат­тың маз­мұ­ны – ала­яқтар­дың арба­уы­на түсіп, жер­лері­нен айы­ры­лып қалған ауыл тұрғын­да­ры­ның мұң-зары.

Сол хат­тың жай-жап­са­рын аны­қтау үшін, пар­тия бөлім­ше­сінің «Жер тағ­ды­ры» қоғам­дық ұжы­мы­ның төраға­сы, заң­гер Талғат Ома­ров, оның орын­ба­са­ры Қай­ыр­лы Омар, Ақмо­ла қала­сын­да тұра­тын Бере­зов­ка ауы­лы­ның тума­сы Рашид Көп­жа­са­ров және мен жолға шықтық. Көк­ше­та­удан жүз шақы­рым шыға бере, быт-шыты шыққан ойқы-шой­қы жол­мен түс ауа жет­сек, Қоста­най қала­сы­на жақын орна­ласқан Бере­зов­ка ауы­лы­ның тұрғын­да­ры орта мек­теп­тің алды­на жина­лып, бізді тосып тұр екен. Алданған ауыл тұрғын­да­ры­мен әңгі­ме сол ара­да баста­лып кет­ті. Ала­яқтық істің мән-жай­ы­нан хабар­дар Талғат Ома­ров сөз бастады:

 

«Сіз­дер­ді осын­дай бей­ша­ра­лық күй­ге түсір­ген өздерің­нен басқа ешкім емес! Жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­стік «Богви­дың» бас­шы­сы Бог­да­нец Вик­тор­дың алда­уы­на түсіп, оған жер­леріңіздің 95 пай­ыз пай­ын беріп қой­ған­да­ры­ңыз. Бұл сіз­дер­дің сау­ат­сызды­қта­ры­ңыз! Жер­леріңізді бер­ген­де, келісім-шар­тта пай­ы­здың екі басын теңе­стіріп, неге елу де елу пай­ыз бол­сын деп талап етпе­діңіз­дер? Енді, міне, ол ала­яқ сіз­дер­ді қары­зға баты­рға­ны аздай, жер­сіз қал­ды­рып отыр. Жер­леріңіз мем­ле­кет­тің мен­ші­гіне көш­кен­мен, бәрібір сіз­дер­ге түк те тимей­ді, аук­ци­он арқы­лы саты­лып кет­пек­ші. Олай бол­мас үшін, бас бірік­тіріп, сот арқы­лы өз жер­леріңізді өздеріңіз­ге қай­та­рып алу керек. Біз сол үшін сіз­дер­ге қол­дан кел­ген­ше көмек көр­се­ту­ге келдік».

Ашы­нған халық ұлар­дай шула­ды: «Біз­ге кінә тағу оңай, – деді біре­уі. – Бірақ біздің қалай­ша осын­дай сұм­дық жағ­дай­ға ұшы­раға­ны­мы­зды біл­гілеріңіз кел­мей­ді! Мынау жетесіз билік сов­хоз­дар­ды құр­тып жібер­ген­нен кей­ін, біз­дер­дің шама-шарқы­мыз ештеңе­ге кел­мей қал­ды. «Мем­ле­кет­ке қары­зда­ры­ң­ның қай­та­ры­мы» деп, ауыл­дағы тех­ни­ка біт­кен­ді бір сыпы­рып алса, егін егу­ге, оны жина­уға жанар­май, жағар­май бол­май, жаны­мыз шығып, екі қысыл­дық. Ақы­ры ама­лы­мыз құрып, «бар­тер» деген бәлесіне қоғам­дық мал­ды пышаққа ілік­тіріп, мал­сыз қалдық».

 

Халық әбден ашы­нға­ны сон­дай, бірін-бірі киіп кетіп, мұң-зар­ла­рын айтып қалуға асы­қты. «Мен айтай­ын, мен айтай­ын­шы!» деп қол көтер­ген­дері қаншама!

«Не егін еге алмай, еккен күн­де, оны жинап алуға тех­ни­ка табыл­май жатқан қиын-қыстау кезең­де көк­тен түс­кен­дей «Богви» шару­а­шы­лы­ғы­ның қожай­ы­ны Вик­тор Бог­да­нец деген пай­да бол­ды, – дей­ді ауыл­дың тағы бір тұрғы­ны. – «Жары­лқай­мын!» деген соң, соған сеніп, 5 пай­ыз пай­ға амал­сыз көніп, жарғы бой­ын­ша 95 пай­ы­зы­мы­зды ЖШС «Богви­ге» беріп, 2005 жылы келісім-шар­тқа отыр­дық. Жері­міздің жал­пы аумағы 11 369 гек­тар, оның 8 328 гек­та­ры егістік те, қалға­ны мал жай­ы­лы­мы еді. Бог­да­нец дегені­міз адал адам емес, нағыз ала­яқтың өзі екен: жер­лері­мізді біздің келісі­міз­сіз кепіл­дік­ке қой­ып, соның арқа­сын­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­ден қары­зға мил­ли­ард­таған ақша алды. Міне, соның сал­да­ры­нан банк­ро­тқа ұшы­рап, жері­міз сот­тың шеші­мі­мен мем­ле­кет­тің мен­ші­гіне өтіп кет­ті. Ал жер­сіз қалған біз қай­да барып, қалай күн көреміз?».

«Ауыл­да бар қалға­ны 50 шақты үй, – дей­ді үшін­ші тұрғын. – Мұн­дағы іске жарай­ды деген тұрғын­дар­дың көбі Ресей­ге, Қаза­қстан­ның басқа қала­ла­ры­на көшіп, үйлерінің қабы­рға­ла­ры қалқиып, қиран­ды­ла­ры ғана қал­ды. Мек­тебі­міз 11 сынып­тық еді, халық тоз-тозы шығып, біра­зы көшіп кет­кен соң, оқу­шы­лар­дың саны азай­ып, мек­тебі­мізді 9 сынып­тық етей­ін деп жатыр. Мек­теп­тің сиқын көріп отыр­сыздар, екі жыл бол­ды, дұрыс жөн­дел­ген жоқ, сыр­тқы көрінісі­нен адам шоши­ды. Ал енді мек­тебі­міз 9 сынып­тық бола­тын бол­са, мұғалім­дері де жұмыс­сыз қалай­ын деп отыр. Олар қай­да барып, қалай күн көреді? Ауыл­да басқа жұмыс жоқ. Мәде­ни­ет үйін көр­ген шығар­сыздар, шаты­ры жоқ, қаңқиған қабы­рға­ла­ры ғана қал­ды. 2005 жыл­дан бастап уәде бер­ген Бог­да­нец­тің «жары­лқаға­ны» сол – қай­ыр­шы­ға садақа бер­ген­дей етіп, 5 пай­ыз пай­ы­мы­зға беретіні мар­дым­сыз жалақы мен әбден қызып, көге­ре бастаған мал­дың жемі еді. Шөп­ті сатып ала­мыз. Көмір­дің 1 тон­на­сы 10 мың тең­ге. Бес тон­на көмір­ге 50 мың тең­ге, әкел­ген көлік­ке 10 мың төлей­міз. Ауыл­дағы­лар­дың көбісі «мини­мал­ка­дағы» қал­ты­рап, қол-аяғы діріл­де­ген зей­нет­кер­лер қыстың қақаған аяз­да­рын­да суы­қтан қатып өліп қала жаз­дай­ды. Боран­ды күн­дері жағар­май­ға, трак­тор­шы­ға ақша жинап, ауданға бара­тын жолы­мы­зды тазар­тқы­за­мыз. Бар үміті­міз жер еді, оның өзін тар­тып алды, ал енді қай­да барып жан сақтай­мыз, соны кім айтады?!».

«12 мил­ли­он тең­ге қарыз­сы­ң­дар» деп, аудан­ның жер қаты­на­сы бөлі­мі сот арқы­лы ЖШС «Берез­ка­ның» жалға алып, пай­да­ла­нып оты­рған жерінің шар­тын бұзып, мем­ле­кет­ке қай­тар­са да, «Богви» шару­а­шы­лық қожа­лы­ғы егістік жері­міздің жар­ты­сы­на егін егіп қой­ды. Оның алдын­да 9 наурыз күні Аста­на­дан ЖШС «Богви­дың» эко­но­ми­ка­лық бөлі­мінің Айгүл Ами­ров­на деген мама­ны: «Біз­ге егін егу­ге жер бер­сең­дер, мен Бог­да­нец­ке тех­ни­ка алу үшін 2,5 мил­ли­он дол­лар инве­сти­ция тауып бере­мін. Бұл жай­ын­да облыс әкі­мі­мен сөз болған…» – деген еді. Содан бері шашы сары­ға боя­лған ханым­ның өзін де, тех­ни­ка­сын да көр­сек, көзі­міз шық­сын», – дей­ді бере­зов­ка­лық тағы бір тұрғын.

 

Ауыл­дың тұрғын­да­ры сөй­леп, шер­лерін ақта­рып бол­ды-ау деген кез­де Қай­ыр­лы Омар сөз кезе­гін алды: «Жер­дің бәрін қал­та­лы лати­фун­ди­стер тар­тып алған. Ал біздің буын, яғни қарт­тар, Ата­ме­кен – туған жері­мізді жастарға тап­сы­рып кетуі­міз керек еді. Кезін­де біз жері­міздің кепіл­дік­ке салы­нып, сол үшін Бог­да­нец сияқты ала­яқтар­дың банк­тер­ден қары­зға мил­ли­ард­тап ақша алып жатқа­нын біл­мей қал­дық. Жер­сіз халық – елсіз халық. Былай­ша айтқан­да, туы да жоқ, Ота­ны да жоқ халық болып кетей­ік деп тұр­мыз. Біз­дер бірік­сек қана әділ­дік­ке қолы­мыз жете­ді. Егер бірік­пей­ді екен­біз, курд­тар мен ұйғыр­лар, сыған­дар сияқты жері­міз­ден айы­ры­лып, елді­гі­мізді, мем­ле­кет­ті­гі­мізді жоғал­тып алай­ық деп тұр­мыз. Ұзын сөздің тобы­қтай түй­іні – жер­лер­ді ауыл­да­ры­мен қоса тұрғын­да­ры­нан боса­ту сая­са­ты белең алып бара жатыр! Жер соны­мен жақын ара­да бос қалай­ын деп тұр. Осы жер­де заң­ды сұрақ туын­дай­ды: босаған жер­лері­міз­ге кім ие болып қал­мақ­шы?.. Міне, осы­дан туын­дай­тын ой – туған жері­мізді бас бірік­тіріп қана сақтап қала аламыз».

Осы жер­де маған оңа­ша­да күй­зе­ле әңгі­ме айтқан зей­нет­кер Құл­та­ев Бай­ға­ли ақсақал­дың айтқа­ны есі­ме орал­ды. Бұрын 24 гек­тар жері болған Бай­ға­ли зей­нет­кер­лік­ке шық­са да, әлі тың, ауыл­дың ұста­сы болып істей­ді екен. Сол ұста­лы­ғы­на ала­тын жыл­дық жалақы­сы 30–40 мың­нан аспай­ды. Осы қара­жат­ты 12 айға бөл­се, айы­на қолы­на ала­ты­ны небәрі құй­тақан­дай 3300 тең­ге ғана. «Был­тыр күз­де не жалақы­мы­зды ала алмай, не жем-шөп бер­ме­ген соң, ауыл­дың отыз шақты аза­ма­ты болып, қыр­ман­ды басып алдық. Бог­да­нец­тің қыр­ман­дағы қызыл бидай­ды артып әке­ту­ге кел­ген «Камаз­да­рын» жолат­пай, жол­дың бәрін трак­тор­лар­ды қой­ып, жауып таста­дық. «Богви» шару­а­шы­лы­ғы­ның жан­дай­шап­та­ры – Тасмағам­бе­тов Бауы­р­жан дегені 5–6 спортс­мен жігіт­тері­мен келіп, қоқан-лоқы көр­сетіп еді, айыр-күрек­пен ұрып, қыр­ман­нан тырқы­ра­тып қуып шықтық. Содан Бог­да­нец өзі келіп, жұр­тқа мар­дым­сыз жалақы, малға деп азын-аулақ жем бер­гізді. Бай­қап тұрған шығар­сыз, бұл ауыл­да шылғи оры­стар тұра­ды. Біз, қаза­қтар, азбыз, көп бол­са 5–6 ғана үйміз. Ал бірақ, оба­лы не керек, олар­мен тату-тәт­ті тұра­мыз, әй-шәй дескен жері­міз жоқ, бөлін­бей­міз. Ауыл­да дәрі­гер деген жоқ, ауы­рып-сырқап қал­сақ, жая­у­лап-жал­пы­лап аудан­дағы ауру­ха­наға бара­мыз. Дәрі-дәр­мек ала қояй­ын десең, дәрі­ха­на да жоқ. Ірі қала­ларға кетіп, қаза­қтың маң­дай­ы­на жазып қой­ған қазір­гі зама­на­уи маман­ды­ғы күзет­шілік­ке жұмысқа тұрар едім, жасым келіп қалған мені кім ала­ды? Ал бірақ сол күзет­шілер­дің айы­на ала­тын жалақы­сы 30 мың тең­ге­ден аспай­ды екен! Өздері пәтер жал­дап тұр­са, бала-шаға­ла­рын қалай асы­рап жүр­ген­деріне таң қала­мын. Қазақ ауыл­да тұра берер еді-ау, егер екі қолға бір күрек табы­лып, жұмыс болып жат­са. Енді, әне, бір үзім қара нан мен қара суға бола туған ауы­лын тастап, кім-көрін­ген­нің босаға­сы­нан сыға­лап, біре­у­ге жал­шы, құл болып, көз­дерінің сора­ла­ры ағып жүр­гені… Қалаға барған­да, «бауы­рым­дап» бас сала­ды. Сағы­на­ды ғой ауыл­ды. Мынау көр­ші ауыл Шұңқыр­көл­де 200 үй қазақ бар. Ауыл­да қазақ мек­тебі болған соң, сол жер­дің оқу­шы бала­ла­ры сабақты қазақ тілін­де оқи­ды. Басты­қта­ры сол жер­дің тума­ла­ры, Алма­ты­да көп жыл тұрып, көшіп кел­ген. Сол аза­мат­тар қал­та­лы екен, қирап жатқан ауыл­ды екі-үш жыл­дың айна­ла­сын­да жай­на­тып жібер­ді, Құдай жары­лқағыр­лар! Ал енді менің осы айтқа­ным­ды газет­ке шыға­рып берің­дер­ші», – деп, ақсақал сөзін аяқтады.

 

Атта­рын атағы­сы кел­ме­ген екі-үш орыс аза­ма­ты келіп: «Осы көк­тем­де ауда­ны­мы­здың әкі­мі Дулов Вла­ди­мир көр­ші ауыл­да ЖШС «Воз­вы­шен­ка» деген шаруа қожа­лы­ғы­ның дирек­то­ры Нука­ев Абд­рах­ман деген шешен­ді алып келіп, «Инве­стор Нука­ев­тың қара­мағын­дағы шару­а­шы­лы­ққа кір­сең­дер, жер­леріңді сақтап қала ала­сы­ң­дар», – деді. Осы Бере­зов­ка­да тұра­тын бір­не­ше кісі сол Нука­ев­тың шару­а­шы­лы­ғын­да жұмыс істеп, түк жалақы ала алмай, аштан қата жаз­даған еді. Сон­ды­қтан келісі­мі­мізді бер­медік. Енді, міне, жер­сіз қал­дық», – деп, тағы бір мәсе­ленің шетін көтерді.

Жина­лы­ста тағы да бір ушы­ққан мәсе­ле сөз бол­ды. Әкім­шілік­тің аты­нан кел­ген біре­улер жерін қай­та­рып алмақ­шы болып жүр­ген Бере­зов­ка ауы­лы­ның бел­сен­ділерін қорқы­тып-үркітіп жүр екен. Талғат Ома­ров: «Сол содыр­лар­дың атын атап, түстерін түстеп беріңіз­дер­ші», – деп еді: «Олар­дың түстерін түстей­тін ештеңе жоқ, осы біздің аудан­ның атқа­мі­нер­лері», – деп жау­ап бер­ді жина­лы­сқа қаты­сып отырғандар.

Бере­зов­ка ауы­лы­ның тұрғын­да­ры бір ауы­здан Талғат Ома­ро­вты өздерінің жер тура­лы мүд­де­лерін қорғай­тын уәкілі етіп алуға келісім­дерін бер­ді. Соны­мен ауыл тұрғын­да­ры­ның өздеріне тиесілі жер­лерін қай­та­рып алу жолын­дағы сары сүр­гін айқа­сы жалға­са беретін болды.

Қуа­ныш МҰҚТАЙ,

«ДАТ»-тың қоғам­дық тілшісі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн