Пятница , 4 июля 2025

Ысқақ ЕСІРКЕПОВ: Ғылымға қатысы жоқтарға керегі – ДАҢҚ ПЕН ДАҚПЫРТ ҚАНА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

ДАТ!

 


 

Біздің аны­қта­ма

 

Ысқақ ЕСІРКЕПОВ елі­міздің ден­са­улық сақтау сала­сын­да үзіліс­сіз 48 жыл қыз­мет еткен. Өткен жылы 80 жасқа тол­ды. Меди­ци­на­лық қыз­мет сапа­сы­ның артуы­на, халық ден­са­улы­ғы­ның жақ­са­руы­на қосқан үлесі үшін Кеңес Одағы жыл­да­ры «Еңбек Қызыл Ту» ордені­мен, елі­міз Тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін түр­лі медаль­дар­мен, алғыс хат­тар­мен, мақтау қағаз­да­ры­мен мара­пат­талған. Ден­са­улық сақтау сала­сы­ның үзді­гі. Елі­міз­де­гі Ұлт­тық меди­ци­на қауым­да­сты­ғы­ның «Алтын дәрі­гер» төс бел­гісі атағын Қоста­най облы­сы көле­мін­де алған жалғыз дәрігер.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ХІІ және ХІІІ шақы­ры­лған Жоғарғы Кеңесінің депу­та­ты болып, алға­шын­да Әйел­дер ісі және ана мен бала­ны қорғау коми­тетінің мүше­сі бол­ды, кей­ін­гі шақы­ры­лым­да – Ден­са­улық сақтау коми­тетін­де төраға­лық етті.

 

Өткен апта­да Қаза­қстан Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­мик және кор­ре­спон­дент-мүше­сі атанған ғалым­дар­дың тізі­мі жария бол­ды. Осы орай­да редак­ци­я­мы­зға Қоста­най­дан арнайы кел­ген Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на еңбе­гі сің­ген қай­рат­кер, Ден­са­улық сақтау сала­сы­ның үзді­гі Ысқақ ЕСІРКЕПОВ мыр­за меди­ци­на сала­сы бой­ын­ша ҚР ҰҒА-ның ака­де­ми­гі атанған бірқа­тар тұлға­ларға, елде­гі ден­са­улық сақтау сала­сы­на көңілі тол­май­тын жағ­дай­ға қаты­сты біраз мәсе­ленің бетін ашты.

 

– Ғылым жөнін­де сөз бастаған­да, Қаныш Сәт­ба­ев­тың қиын кезең­де өзі таға­нын қалап, іргесін тұрғы­зған Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның бүгін­гі таң­дағы дәр­мен­сіз тір­лі­гі қын­жы­л­та­ды, – деп сөз баста­ды арда­гер-дәрі­гер. – Ака­де­ми­я­ның пре­зи­дент­ті­гіне екі рет бала­ма­сыз сай­ланған Мұрат Жұры­нов мыр­за­ның деме­уі­мен енді, міне, ака­де­ми­к­тер мен мүше-кор­ре­спон­дент­тер­дің жаңа легіне (жал­пы саны 69 адам – Ред.) көңіл­де­гі күдік молай­ды. Бұдан бұрын да осы ака­де­ми­к­тер сай­лау мәсе­лесі төңіре­гін­де сыбай­лас жемқор­лық пен басқа да былы­қтар тура­лы БАҚ бет­терін­де ашық жазы­лып, әлде­не­ше айты­лға­ны­мен, билік тара­пы­нан да, ҰҒА жақтан да ешқан­дай реак­ция бол­ма­ды. Енді, міне, тағы да осы сай­ла­удағы өрес­кел әре­кет­тер Ғылым ака­де­ми­я­сы Мұрат Жұры­но­втың мен­ші­гіне айналға­нын көр­сет­ті. Кім­ді сай­лағы­сы кел­се – соны ака­де­мик қылып, өзім білем­ге салды.

 

– Айтар сөзіңіз газет оқыр­ма­ны­на дәй­ек­ті болуы үшін, ашуы­ңы­зға арқау болған ака­де­ми­к­тер­дің атта­рын атап, түстерін түстеп бер­сеңіз, құба-құп болар еді…

– Айтай­ын, оқыр­ман­ның да көзін шын­ды­ққа жет­кі­зу­ден қашып оты­рған жай­ым жоқ. Ака­де­ми­к­ке сай­ла­уда көп­те­ген заң бұзу­шы­лы­қтар­мен қатар, сыбай­лас жемқор­лы­қтың нәти­же­сін­де ғылы­мға қаты­сы жоқ, ғылым сала­сын­да бір күн де еңбек етпе­ген­дер­дің аты шықты. Мәсе­лен, Forbes жур­на­лын­дағы әлем­дік мил­ли­ар­дер­лер қата­ры­на Қаза­қстан­нан кір­ген ең бай адам­ның бірі Дина­ра Кұлы­ба­е­ва, оның қай­ын аға­сы – поли­ция гене­ра­лы Талғат Құлы­ба­ев, ел пре­зи­ден­тінің идео­ло­гия сала­сын­да оң қолы болып жүр­ген Марат Тәжин ака­де­мик атан­ды. Ғылым сала­сын­да қыз­мет істе­мей­тін­дер­ге тек қана атақ пен ман­сап керек екені көз­ге ұрып тұр емес пе? Қаза­қстан мем­ле­кетінің аты­на, ғылы­мға сай емес, ұят тір­лік қой бұл! Менің түсіні­гім­де ғылы­мға қаты­сы жоқтарға кере­гі – даңқ пен дақ­пырт. Басқа ештеңе де емес.

Бірқа­тар уни­вер­си­тет­тер­дің рек­тор­ла­ры: Қызы­лор­да жеке уни­вер­си­еті­нен Бек­бер­ген Досман­бе­тов, Абы­лай­хан атын­дағы Қаз ХҚжӘТУ рек­то­ры Сәли­ма Құнан­ба­е­ва, Е.Мырзахметов атын­дағы Көк­ше­тау уни­вер­си­тетінің рек­то­ры Сағын­тай Елу­ба­ев, Тараз мем­ле­кет­тің уни­вер­си­тетінің рек­то­ры Дари­я­күл Қожам­жа­ро­ва, Шым­кент педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­тетінің рек­то­ры Оңал­бай Аяшев… ел ғылы­мы­на қан­дай үлес қосты, ака­де­ми­к­тік дәре­же­ге сай қан­дай ірі ғылы­ми жаңа­лық ашты?

 

– Ал ака­де­ми­к­тік­тер сай­ла­у­ы­нан «өтпей қалған», бірақ Қаза­қстан ғылы­мы­на нағыз еңбе­гі сің­ген, ака­де­мик ата­нуға әбден лай­ық үміт­кер­лер бол­ды ма?

– Бол­ды! Болған­да қан­дай! Әрине, бүкіл ғұмы­рын ғылы­мға арнаған нағыз ғалым­дар­дың ака­де­мик атағы­на ілін­бе­уі – мәсе­ленің ең сорақы­сы болып тұр. Шығы­ста­ну ғалы­мы Меру­ерт Әбу­сей­іто­ва­ның, тіл ғалы­мы Зей­неп Базар­ба­е­ва­ның, тарих­тан Жәкен Тай­мағам­бе­то­втың тізім­нен табыл­маға­ны біраз сұрақ тудырады.

Мәсе­лен, өзім дәрі­гер болған­ды­қтан, меди­ци­на сала­сы­нан өтпе­ген ғалым­дар үшін ішім удай аши­ды. Алма­ты Көз ауру­ла­ры ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты­ның бас дәрі­гері, про­фес­сор, ҰҒА-ның кор­ре­спон­дент-мүше­сі Тұр­сын­гүл Бота­бе­ко­ва – 15 ғылым док­то­рын, 30-дан астам ғылым кан­ди­да­тын дай­ын­даған ғалым қалай­ша ака­де­ми­к­тік­ке өтпей қал­ды? Оның орны­на азған­тай ғана мақа­ла жазған, сай­ла­у­шы ака­де­ми­к­тер­дің: «Неше ғылым док­то­рын дай­ын­да­ды­ңыз?» деген сұрағын жау­ап­сыз қал­ды­рған Онко­ло­гия және радио­ло­гия инсти­ту­ты­ның дирек­то­ры Дина­ра Қай­да­ро­ва­ның ака­де­мик ата­нуы тіп­тен түсініксіз. Ол күні кеше ғана мүше-кор­ре­спон­дент­ке өткен екен. Сон­ды­қтан сіз­дер­дің газет­теріңіз­де осы орай­да жазы­лған мақа­ла­дағы «Қай­да­ро­ва­ның артын­да бір дөкей тұрған сияқты» (Дариға Назар­ба­е­ва – Ред.) деген күдік­тің орны бар деп ойлай­мын. Осын­дай келеңсіздік­тер­дің бәрі бір адам­ның – Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Жұры­но­втың ісі деме­ген­де, не дейміз?

 

– Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның бүгін­гі мәр­те­бесі – «Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­стік» дең­гей­ін­де екенін ескер­сек, оның пре­зи­ден­тін­де қан­дай бір құзыр­лық бедел қал­ды дейсіз?

– Ғылым орда­сы­ның мәр­те­бесі төмен­десе де, оны басқа­рып оты­рған адам­ның ерекше құзы­ры, әсіре­се ғылы­ми атақ беру мәсе­лесін­де­гі рөлі жүріп тұр. Бірақ бір елдің ака­де­ми­к­тері­мен сол мем­ле­кет­тің ғылы­ми өресі, ғылы­мы­ның даму дең­гейі өлше­нетінін қай­да қоя­мыз? Ғылы­ми өмірін­де ауыз тол­ты­рып айтар­лық жаңа­лық ашпаған, тіп­ті ғылым док­то­рын дай­ын­да­маған адам­ның ака­де­мик болуы ел ғылы­мы­ның беделіне орас­ан зор нұқ­сан кел­тіретінін неге ұмытамыз?

Мәсе­лен, «пла­ги­ат» деген ұғым­ды кеңе­стер зама­нын­да есті­мей­тін едік. Ал тәу­ел­сіздік алған кезең­де пла­ги­ат десең, сөз мини­стр­ге де, рек­торға да тиетін бол­ды. Бел­гілі лау­а­зым­дағы шене­унік­тер­дің, ғалым­дар­дың бала­ла­ры көзді ашып-жұмған­ша ака­де­мик болып шыға келеді. Облыс әкім­дері, пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның ара­сын­да да ғылы­ми дәре­же­ге ие болған­дар көбей­ді. Ғалым­дар­дың жетісті­гі өндірі­сте көз­ге көрін­бей­ді. Есесіне біздің елде саны бар да, сапа­сы бел­гісіз ака­де­ми­к­тер өріп жүр, іштері­нен әлем­ге әйгілі оқы­мысты­лар шық­паған. Мәсе­лен, әйгілі Қаныш Сәт­ба­ев­тың, кезін­де­гі виру­со­лог-ғалым Бахия Атша­ба­ро­втың аты әлем­дік ғылым­да қалған. Біз­де бай­лық тура­лы айту оңай да, интел­лек­ту­ал­дық мүм­кін­ді­гі­міз жөнін­де ауыз аша алмаймыз.

 

– «Бай­лық» деген­нен шыға­ды, Қаза­қстан­да ғылым­ды қар­жы­лан­ды­ру мәсе­лесі көңіл толар­лық жағ­дай­да бол­май тұрған­да, жеке­ле­ген адам­дар­дың ака­де­мик ата­нуы­на нали­тын жөні­міз бар ма?

– Иә, несін айта­сыз, елі­міз тәу­ел­сіздік алған кез­де енді орта­лы­ққа – Крем­ль­ге алақан жай­май­тын ғылым мен білім мәсе­лесі, ден­са­улық сақтау сала­сы көр­кей­іп, өркен­дей­ді деген сенім­де бол­дық. Бірақ кеңес үкі­метін­де ден­са­улық сақтау жүй­есі жаман болған жоқ. Бәрі тегін еді – емде­лу де, білім алу да. Ал нары­қтық эко­но­ми­ка зама­нын­да рефор­ма керек те шығар. Бірақ рефор­ма­лау сыл­та­уы­мен тұтас бір ғылым­дар сала­сын тұра­ла­тып таста­удың реті қай­сы еді?

Өзім еңбек еткен меди­ци­на сала­сы үшін жаным ауы­ра­ды. Сала­ның басы­на кел­ген мини­стр­лер екі-үш жыл сай­ын ауы­сқан­нан оның нәти­же­сі өзгер­ген жоқ. Әркім­нің өзін­ше жасаған рефор­ма­сы мен өзгерісі қағаз жүзін­де ғана қалу­да. Керісін­ше, кеңе­стік заман­да ғылы­ми тұрғы­да да, тәжіри­бе жүзін­де де ұмты­лыс, ізденістер мол еді. Бүгін­де ғылы­ми-зерт­теу инсти­тут­та­ры­на бюд­жет­тен азын-аулақ қана қар­жы бөлі­неді. Жастар­дың ғылым­мен айна­лы­суға мате­ри­ал­дық мүм­кін­ді­гі жоқ. Орта есеп­те­гі 60–70 мың тең­ге айлық отба­сын асы­рау түгілі, өзінің жол-пұлы мен түскі ас-суы­на да жет­пей­тіні бел­гілі. Ғылым да, ғалым да тоқы­рап тұра­тын заманға тап бола­мыз деп кім ойлаған? Әрине, көп­ке топы­рақ шашуға бол­мас, жеке өзінің қара­жа­ты­мен ізденіп, тәжіри­бе жинақтап, жаңа­лы­ғын ғылы­мға енгізіп жатқан азын-аулақ аза­мат­тар­дың ерлі­гі ерен. Меди­ци­на сала­сы­ның маман­да­ры тек қана күн­көрісі үшін ғана еңбек ететіне жаның ауырады.

 

– Сіз елі­міз тәу­ел­сіздік алған кезең­нен бері бала мен ана ден­са­улы­ғы мәсе­лесі бой­ын­ша даб­ыл қағып, жоғарғы билік­ке хат жол­да­удан тан­баған дәрі­гер­сіз. Сол әре­кетіңіз­ден шыққан нәти­же бол­ды ма?

– Нәти­же болған-бол­маға­ны­на мен баға бер­мей-ақ қояй­ын. Тек дәлел кел­тірей­ін – баға­сын оқыр­ман бере жатар. Елі­міз­де­гі әйел­дер­дің ден­са­улы­ғы өте төмен дең­гей­де. Дені сау ана­дан дені сау бала туа­ды. Егер бүгін­де ауыл­ды жер­дің тұрғын­да­ры елде­гі жал­пы халы­қтың 45 пай­ы­зға жуы­ғы десек, аудан мен облыс орта­лы­қта­ры­на, ірі қала­лар­дағы ауру­ха­на­ларға келіп түсетін науқастар­дың басым бөлі­гін құрай­тын­дар осы алыс ауыл­дағы ағайындар.

Қазір елі­міз­де­гі ана мен бала­ның ден­са­улы­ғы сын көтер­мей­ді. Мұның бір себебін әле­умет­тік жағ­дай­мен бай­ла­ны­сты­рар едім. Әсіре­се қаза­қтар көп шоғыр­ланған өңір­лер­дің тұр­мысы нашар­лау көрі­неді. Ана мен бала өлі­мі азай­ып келе жатыр деп жалаң ста­ти­сти­ка беру­ден аспай­мыз. Ал ауыл-аймақтар­дағы ана мен бала­ны дәрі­гер­лік қам­ту мәсе­лесі кеңе­стер зама­нын­дағы дең­гей­дің маңы­на да жуы­қта­май­ды. Жалған ақпа­рат жарға жыға­ды, бұл ұрпағы­мы­здың келе­ше­гіне зиян. Ұлт саулы­ғын, оның бола­шағын ойлаған ел олай етпе­се керек-ті. Ауыл­ды жер­лер­де әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай жоқ болған­нан кей­ін, өмір­ге бала әке­летін ана­ның ден­са­улы­ғы да төмен. Бала туу жасын­дағы әйел­дер­де қан аздық, дәру­мен жетіс­пе­ушілі­гі көп. Бұл дұрыс тамақтан­ба­удан туын­дай­ты­ны бел­гілі. Ет жеме­ген, жеміс-жидек көр­ме­ген адам­ның ден­са­улы­ғы қай­дан оңсын?! Ана ауру болған­нан кей­ін, бала да іштен ауру болып туады.

Түсік тастау, бала­ның шала тууы, жаты­ры­нан қан кетіп, қан­сы­раған ана­лар­дың жағ­дайы түзел­ді деген ресми дерек бол­са, маған көр­сетіңіз­ші. Болған күн­нің өзін­де олар жаң­сақ дерек дер едім. Мәсе­лен, жаңа туған сәбидің өлі­мі Қаза­қстан­да 15 пай­ыз бол­са, Ресей­де – 10, Укра­и­на­да – 8, Бело­рус­си­яда – 5 пай­ыз ғана екен.

Сөй­те тұра, ТМД елдерін­де меди­ци­на­лық жоға­ры оқу орын­да­рын­дағы педи­ат­рия факуль­тетін тек біздің елі­міз­де ғана жап­ты. Укра­и­на, Қырғыз­стан, Бела­русь­те де жауып еді, екі жыл­дан соң қай­та ашты. Ал Ресей мен Өзбек­стан­да тек қана педи­атр­лар дай­ын­дай­тын меди­ци­на­лық инсти­тут­тар бар. Міне, біздің тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін­гі «табысы­мыз»! Мен зей­нет­кер­лік­ке шық­сам да, әлі күн­ге дей­ін әсіре­се ауыл­ды жер­лер­де­гі ана мен бала­ның ден­са­улы­ғы үшін даб­ыл қағуым­ды тоқтатқан жоқпын.

 

– Ұрпақтың, ұлт­тың өсіп-өнуі, оның бола­шағы ана мен бала­ның ден­са­улы­ғы­на бай­ла­ны­сты екені – дәлел­де­уді қажет етпей­тін акси­о­ма. Ал осы жағ­дай­да педи­ат­рия сала­сы­ның жабы­лып тынуы қан­дай мем­ле­кет­тік сая­сат­тың сал­да­ры болмақ?

– Иә, бұл бір дүр­мек­ке толы доғал сая­сат болға­ны рас. Әйте­уір қоғам­ның қозға­уы­мен дәрі­гер­лік ЖОО-дар­да педи­ат­рия факуль­тет­тері қай­та­дан ашы­ла баста­ды. Көр­ші Ресей­де 38 меди­ци­на­лық жоға­ры оқу орны бар, соның ешқай­сысы да педи­ат­рия факуль­тетін жапқан жоқ.

Негізі дәрі­гер болу және олар­ды дай­ын­дау – өте қиын шаруа. Қазір дәрі­гер болу үшін 8–10 жыл оқи­ды. Ал жақ­сы дәрі­гер ата­ну үшін өмір бойы еңбек­те­ну, тын­бай ізде­ну қажет. Өкіні­штісі сол – біз­де қазір жал­пы тәжіри­бе­де­гі дәрі­гер­лік факульт­тер ғана бар. Сол факуль­тет­ті 4–5 жыл оқы­ған сту­дент соңғы кур­стар­да ғана педи­ат­рия сала­сы­на маман­да­на­ды. Ал бұры­нғы жүйе бой­ын­ша, сту­дент бір­ден педи­ат­рия факуль­тетіне бара­тын. Ал педи­ат­ри­я­ның 26 түрі бар: осы­ны айнал­ды­рған екі-үш жыл­да мең­геріп кету мүм­кін бе?!

Дәрі­гер­лік билік­те­гі ірілі-ұсақ шене­унік­тер шетел­ге барып келіп, солар­дан көр­ген-баққа­нын істе­гісі келеді. Оны біз­ге әкеліп бір­ден қон­ды­ра салу мүм­кін бе? Мыса­лы, өрке­ни­ет­ті елдерінің 100–150 жыл­дық тәжіри­бесі бар, бала­лар меди­ци­на­сы әбден қалып­тасқан. Еуро­па қай­да, біз қай­да­мыз?! Олар­дың елді мекен­дері де бір-біріне жақын орна­ласқан. Ал біз­де, қазақ айт­пақ­шы, «Атты­ға іле­се­мін деп, жая­у­дың таңы айы­ры­лып­ты­ның» кері келіп тұр! Елі­міз­де дәл бүгін 6000 бала­лар дәрі­гері жетіс­пей­ді. Себебі бұрын меди­ци­на­лық жоға­ры оқу орын­да­ры­ның сту­дент­тері 6 жыл оқып, дәрі­гер­лік маман­ды­қты алып шыға­тын. Енді 8 жыл оқи­тын бол­ды, содан кей­ін педи­атр – тағы 2 жыл, хирург – 3 жыл оқи­ды. Он жыл оқып, инсти­тут бітір­ген маманға 45–50 мың тең­ге жалақы береді. Осы­ның кесірі­нен дәрі­гер­лер азай­ып кет­ті, көбі басқа сала­ларға кетіп қала­ды. Осы мәсе­лені айту­дан жалы­ққан емес­пін. Пре­зи­дент­ке, үкі­мет­ке жаз­дық, үндеу де жол­да­дық. Жау­ап беріп, құлақ асқан пен­дені көр­медік. «Баяғы жар­тас – бір жар­тас» деген­нің кебін кидік.

 

– Деген­мен, елі­міз­де­гі дәрі­гер­лік жағ­дай түзе­леді, бәрі өрке­ни­ет­ті елдер дәре­же­сіне жете­ді деген арма­ны­ңыз да бар шығар, аға?

– Арман­сыз адам бол­май­ды ғой… Меди­ци­на сала­сын­да жар­ты ғасыр қыз­мет етіп, арда­гер деген атқа жетіп, сек­сен жасқа кел­ген­де, Ғылым ака­де­ми­я­сы­на қаты­сты, атаққор­лы­ққа ұры­нған­дар тура­лы өз пікірім­ді ашық айт­сам, маған қар­сы қиям­пұрыс жау­ап ізде­ушілер­дің табы­лып қалуы да мүм­кін. Басқа жағым­паз­дар­дан айыр­ма­шы­лы­ғым – шын­ды­қты бет­ке айта­мын. Елдің алдын­дағы арым таза, атақ пен даңққа, ман­са­пқа бас ұрма­дым. Ал елім­ді ойла­сам, әрине, арма­ным көп, соның орын­далға­нын көр­сем дей­мін. Ең басты­сы – қазақ халқы­ның ден­са­улы­ғы. Халқы­мыз «Бірін­ші бай­лық – ден­са­улық…» деген. Халы­қтың ден­са­улы­ғы мен эко­но­ми­ка­ны бір-бірі­нен бөліп қара­уға бол­май­ды. Қазір бала­лар ауруы, олар­дың өлім-жіті­мі көбей­іп, мүге­дек болған­дар­дың да саны кемі­мей отыр. Елдің ертеңі кім­дер? Міне, мен көзім жұмы­лған­ша осы жағ­дай­дың оңалға­нын көр­сем – арман жоқ.

 

– «ДАТ»-қа арнайы іздеп келіп, ден­са­улық сақтау, ғылым сала­сы­на қаты­сты ой-пікіріңіз­бен бөліс­кеніңіз­ге рах­мет! Аман болыңыз!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн