Пятница , 4 июля 2025

ЕКІ СУРЕТБІР БАТЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Құт­ты­қтау орнына

 

 


 

15 мау­сым – «БТА Бан­кінің» қара­жа­тын «Три­бу­на» газеті арқы­лы «жуып-шаюға жер­дем­де­сті» деген ақы­лға қоным­сыз нақақ айып­пен бес айдан бері абақты­да оты­рған жур­на­лист Жан­бо­лат Мамай­дың туған күні. Осы­ған орай, біз оның ата-ана­сы­мен кез­десіп, ұлда­ры­ның бала кезі тура­лы айтып беруін сұра­дық. Қаза­қта «Болар бала – боғы­нан» демек­ші, Жан­бо­лат­тың ата-ана­сы­ның әңгі­месі­нен кей­ін, ұлда­ры­ның сая­сат пен қоғам­дық өмір­ге бел­сене ара­ласқа­ны­на таң қалу­дың еш жөні жоқ екенін түсін­дік. Жан­бо­лат­тың сая­сат­кер ретін­де қалып­та­суы­на біздің «DАТ» газетінің де әсері болған екен.

 

– Көп­шілік Жан­бо­лат­ты тек жур­на­лист, сая­сат­кер ретін­де біледі. Бала Жан­бо­лат­ты білетін сіз­дер ғана. Ол қан­дай болды?

 

Мінә­жат ТОҚПАТАЕВА (ана­сы):

– Кіш­кен­тай кезін­де өте бай­сал­ды, тәр­тіп­ті, тілалғыш бала бол­ды. Сабақты жақ­сы оқы­ды. Әсіре­се тіл­ге деген бей­і­мі күшті бол­ды. Шығар­ма жазған­да, төмен­гі сынып­тар­дың өзін­де тіл бай­лы­ғы көрініп тұра­тын. Мақал-мәтел­дер­ді қосып тұрып, ойын тия­нақтап қоры­тын­ды­лай­тын. Тіп­ті мұғалім­дер үлкен сынып­тың бала­ла­ры­ның шығар­ма­сын­дай деп жүретін. Себебі сол – ол бала кезі­нен кітап­ты өте көп оқы­ды. Біз­ге қамқор, ақыл­ды болып өсті. Бетал­ды ойнап, артық уай­ы­мға сал­май­тын еді. Дема­лы­стың өзін­де бел­гілі бір уақыт қана ойнап, бар­лық уақы­тын кітап оқуға жұм­сай­тын. Біз солай істе деп қинаған емес­піз, бала­ның өзі солай қалып­та­сты. «Әй, сабағы­ң­ды оқы!» деп айтып көр­меп­піз. Соны­мен қатар бала­бақ­ша­дан бастап ағы­л­шын тіліне деген құштар­лы­ғы бол­ды. Ақы­ры сол тіл­дің мама­ны болып шықты. Мек­теп­ті жақ­сы бітіріп, өз күші­мен оқуға түсті. Бел­сен­ді бол­ды. Жас күнін­де тәр­тібіне, оқуы­на бай­ла­ны­сты қина­лып көрмедім.

 

– Ал кей­ін­гі – сту­дент­тік кез­де­гі, одан бер­тін­гі аза­мат­тық кезеңі отба­сын­да қалай қалыптасты?

– Газет-жур­нал­дар­ды көп оқы­ды. Көңіліне түй­ген ой-пікір­лерін өз ұста­ны­мы­м­ен салы­сты­рып, дастар­хан басын­да біз­ге әңгі­ме қылатын.Оның көзқа­ра­сы­ның қалып­та­стуы­на ықпал болған газет­тер­дің бірі – осы сіздердің«ДАТ» пен кей­ін­гі «Жас Алаш» газеті бол­ды. Жан­бо­лат­тың әкесі іздеп жүріп, сатып алып оқи­ды, мен бол­сам: «Бала­дан тығып қой» деп айта­тын едім. Кей­ін Жан­бо­лат­тың өзі айта­ды ғой: «Сен­дер жоқта бәрін оқып ала­ты­н­мын…» – деп. Сөй­тіп жүріп көзқа­ра­сы, өзін­дік ойы қалып­та­сты. Оның арты мұн­дай­ға алып келеді деп ойла­ма­дық қой. Оның ақыл­ды­лы­ғы мен алғыр­лы­ғы­на қуан­дық, қан­дай ата-ана да сөй­те­ді емес пе?

 

Мамай БЕКХОЖИЕВ (әкесі):

– Жан­бо­лат кіш­кен­тай, бала­бақ­ша­да жүр­ген кезі­нен сол кез­де­гі 15 одақ­тас елдің бірін­ші хат­шы­ла­ры­ның атын жаңыл­май, жатқа айта­тын. Оны көр­ген доста­рым «осы ұлың сая­сат­кер бола­ды» дей­тін еді қал­жы­ң­дап. Сол кез­де-ақ дүкен­ге бір­ге бар­сақ, «әке, мен өз наным­ды ақта­уым керек қой» деп, бір бөл­ке нан­ды өзі көтеріп келетін. Мен де «адал бол, өзіңдікі дұрыс бол­са, ешқа­шан ешкім­нің алдын­да басы­ң­ды име» деп өсір­дім. Сон­ды­қтан да қазір оның көзқа­ра­сы­на сый­ла­сты­қ­пен қарап, қол­дап келе­міз. Қазір көп жұрт айта­ды, өзі­міз де түсі­не­міз – Жан­бо­лат біздің ғана емес, халқы­ның ұлы бол­ды. Ал оған тағы­лған айып – нақақ жала. Егер, расын­да да, менің ұлым қыл­мыс жасаған бол­са, мен оны, Назар­ба­ев­тың өзі айтқан­дай, «қолы­нан жетек­теп», сотқа өзім апа­рар едім…

 

– Қазір Жан­бо­латқа қорға­у­шы бол­ды­ңы­здар: ұлда­ры­ңы­зды көріп тұра­сыздар. Жағ­дайы, көңіл-күйі қалай?

 

Мінә­жат ТОҚПАТАЕВА:

– Қорға­у­шы ста­ту­сын үш ай деген­де әрең алдық. Соған қат­ты қуан­дық. Бүгін­де ең құры­ған­да Жан­бо­лат­ты күн­де көріп тұра­мыз. Мен ұлы­ма апта­ның бес күнін­де бара­мын. Шар­шап-шал­ды­ққа­ны­ма да қара­май­мын. Барар­да өте қуа­нып бара­мын – «балам­ды көре­мін ғой» деп. Қай­тар­да құла­зып қай­та­мын. Әрең қошта­са­мын. Түр­ме­де, оның үстіне жазы­қ­сыз, жала­мен оты­рған адам­ның көңілі қан­дай бол­сын – үне­мі ой үстін­де оты­ра­ды. Бірақ маған біл­дір­мей­ді. Мені көр­ген­де жады­рап тұра­ды. Сырт­та халқы­ның қол­дап жатқа­нын жет­кі­зе­мін, қуа­нып қала­ды. Қазір бір-бірі­мізді аман-есен көр­гені­міз­ге қуа­на­мыз. Басын­да нешетүр­лі жағ­дай бол­ды ғой. Енді ол қай­та­лан­ба­са екен деп ойлай­мын. Бар тілерім – тек балам­ның амандығы.

 

Мамай БЕКХОЖИЕВ:

– Жан­бо­лат­ты қорғай­тын коми­тет өте жақ­сы жұмыс істеп жатыр. Бәрін көріп, біліп отыр­мыз. Бала­мы­зды қорға­штап жатқан халқы­на риза­мыз. Халқы­ның қорғап қала­ры­на сене­міз. Өткен­де ұлым­ды бел­сен­ді қорғап жүр­ген­дер­дің бірі Рама­зан Есір­ге­пов­ке шабуыл болған­да, қат­ты қын­жыл­дық. Ұлы­мыз үшін ел қалай алаң­да­у­лы бол­са, біз де басқа аза­мат­тар үшін солай алаңдаймыз.

 

– Бүгін – Жан­бо­лат­тың туған күні, ата-ана­ның тіле­гі орын­да­ла­ды деген сөз бар емес пе: ұлда­ры­ңы­здың туған күнін­де оған не тілейсіздер?

 

Мамай БЕКХОЖИЕВ:

– Аман-есен шаңы­рағы­ма орал­сын дей­мін. Жапы­рағы жай­ы­лған мәу­елі бәй­те­рек сияқты отба­сы бол­сын! Ұлы­ма Алла­ның көзі түзу бол­са дей­мін. Сол күн­ді күтіп, үміт­пен жүрміз.

 

Мінә­жат ТОҚПАТАЕВА:

– Шаңы­рағы­на орал­са, үйі­міз­де аман-есен отыр­са – менің бар тілерім сол ғана. Қазір маған оның аман­ды­ғы­нан басқа ештеңе де керек емес.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн