Пятница , 4 июля 2025

ҚҰҚЫН ҚОРҒАЙ БІЛГЕН мұғалім әкім мен директордың ҚОЛБАЛАСЫ БОЛМАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Cең қозғал­ды ма?


 

Қаза­қстан­ның әр аймағын­да тұра­тын, өздерін «тәу­ел­сіз» деп атай­тын мұғалім­дер әле­умет­тік желі­де ұйым­да­сып, қысым көр­ген әріп­те­стерінің құқы­ғын бірі­гіп қорғай баста­ды. Кей­бір мұғалім вир­ту­ал­ды ұйым­шыл­ды­қтың арқа­сын­да «қысым­нан құты­лға­нын» айт­са, аудан­дық білім бөлі­мі өкілі «құқы­ғын заң­мен қорғаған мұғалім­ге қысым жасал­май­ды» дей­ді. Ал кәсі­по­дақ мама­ны мұғалім­дер­дің өз құқы­қта­ры­на мән бере баста­уын «сең қозғал­ды» деп бағалайды.

 

Қаза­қстан­да мұғалім­дер мек­теп дирек­тор­ла­ры мен әкім­дік­тер­де­гі білім бөлім­дері шене­унік­тері­нен көретін қысым­да­рын айтып, кей­ін­гі жыл­да­ры жиі шағым­да­на бастаған еді. Олар педа­го­ги­ка­лық мін­дет­тері­нен тыс түр­лі қара жұмыстарға, сен­білік­тер­ге, сай­лау кезін­де­гі шара­ларға мәж­бүр­леп жұм­са­уға, мек­теп әкім­шілік­тері тара­пы­нан бола­тын түр­лі ақша жинау, мәж­бүр­леп газет-жур­налға жаз­ды­ру, билет алғы­зу сияқты жөн­сіз әре­кет­тер­ге нара­зы. Кей­ін­гі жыл­да­ры мұғалім­дер ара­сы­нан осын­дай заң­сыз мәж­бүр­леу оқиға­ла­ры­на қар­сы бел­сен­ді мұғалім­дер шығып, олар өз құқы­қта­рын сот арқы­лы қорға­уға көшті. Енді бел­сен­ді мұғалім­дер әле­умет­тік желілер­де бірі­гіп, бір-бірінің құқы­ғын қорға­уға жәр­дем­де­се бастады.

Қаза­қстан­ның басқа аймағын­да тұра­тын бел­сен­ді мұғалім­дер­дің көме­гі арқа­сын­да «қысым­нан құты­лға­нын» айтқан Алма­ты облы­сы Іле ауда­нын­дағы №17 мек­теп­те жұмыс істей­тін Айнұр Күлен­ба­е­ва қазір өзін «тәу­ел­сіз мұғалім» атай­ды. Ол «Азаттық» тіл­шісіне «тәу­ел­сіз мұғалім­ге айналған­ша, көп қиын­дық көр­генін», бірақ Қаза­қстан­ның түк­пір-түк­пірін­де­гі мұғалім­дер­дің интер­нет арқы­лы қол­да­уы арқа­сын­да жеңіп шыққа­нын баян­дап берді.

«Мек­теп бас­шы­лы­ғы­ның заң­сыз әре­кет­терін сынар алдын­да аздап сес­кен­дім. Бірақ әділ­дік іздеп, күресіп жүр­ген мұғалім­дер­дің әле­умет­тік желі­де­гі жаз­ба­ла­ры әрі қарай­ғы әре­кет­тері­ме түрт­кі бол­ды. Олар «Қоры­қ­пай, шын­ды­қты айта берің­дер. Сен­дер­дің мек­теп әкім­шілі­гі­мен күре­стеріңді әле­умет­тік желі арқы­лы тара­тып, қоғам наза­рын ауда­ра­мыз, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын шақы­ра­мыз» деді. Сөй­тіп уәде­лерін орын­да­ды. Соның арқа­сын­да қысым­нан құтыл­дым», – дей­ді ол.

Оны «басқа өңір­лер мұғалім­дерінің қол­даға­ны қанат­тан­ды­рған». Айнұр қазір өз құқы­қта­ры үшін күрес­кеніне өкін­бей­ді. «Бір жыл қысым­да жүр­дім, сыр­тым­нан түр­лі­ше жаман­да­ды, бәлеқор да, жалақор да атан­дым, соның бәрі ауыр тиді. Қазір оған да үйрен­дім. Есесіне енді кон­церт­тер­ге билет ал демей­ді, ЕХРО-ға мәж­бүр­леп билет алғы­зып жатыр, оны да маған айт­пай­ды, мек­теп­ке жөн­деу жұмысы­на да ақша жина­май­ды», – дей­ді Айнұр.

Айнұр Күлен­ба­е­ва өз құқы­қта­ры үшін күрес­кен кезін­де ұжым­дағы үш түр­лі қаты­на­сқа куә болған. Әуел­гісі – мек­теп бас­шы­лы­ғы­ның заң­сыз жұмыстарға көн­діру­ге тыры­су әре­кет­тері. «Менің үстім­нен білім басқар­ма­сы­на «мек­теп­те­гі пси­хо­ло­ги­я­лық атмо­сфе­ра­ны бұз­ды» деген сипатта түр­лі шағым жазыл­ды», – дей­ді ол.

 

Ал Алма­ты облы­сы Қара­сай ауда­нын­дағы орта мек­теп­тер­дің бірін­де сабақ беретін Айман Сағи­дул­ла­е­ва – мұн­дай күре­сті әлдеқай­да ерте бастап, бар­лық қиын­шы­лы­қта­ры­нан өткен бел­сен­ді мұғалім. Ол мек­теп ұста­зда­рын педа­го­ги­ка­лық мін­дет­тері­нен тыс жұмысқа пай­да­ла­нуға қар­сы­лы­ғын біл­діріп, оған қысым жасаған мек­теп дирек­то­ры­мен сот­та­сып, екі-үш жыл бұрын таны­мал мұғалім­ге айна­лып үлгерді.

Мұғалім сот кезін­де Facebook әле­умет­тік желісі қоғам­дық пікір туды­руға құрал болға­нын айта­ды. Айман Сағи­дул­ла­е­ва мек­теп дирек­то­ры­мен сот­тасқан кез­де оның жеке парақ­ша­сын­дағы фору­мға жүз­де­ген қара­пай­ым оқыр­ман­нан өзге, таны­мал бел­сен­ділер де үн қосқан еді. Ол қазір де әле­умет­тік желі­де бел­сен­ді. Айман Сағи­дул­ла­е­ва­ның сөзін­ше, мұғалім­ді еңбек шар­тын­да көр­сетіл­ме­ген жұмысқа жиі сала­тын мек­теп әкім­шілі­гіне қар­сы шыққан­нан кей­ін, мек­теп ұжы­мы­ның көбі одан «мек­теп­тің жаман атын шығар­дың» деп теріс айналған.

«Бұл, әрине, жаны­ма тиді. Қан­ша­ма тар­тыс бол­ды, сот­та­стық. Ақы­ры біздің мек­теп­те ақша жинау, сен­білік жасау деген­ді тоқтат­ты. Қазір ұжым­ның жағ­дайы жақ­сы. Мен енді еркін мұғалім­мін. Бас­шы­лар­мен де еркін сөй­ле­се ала­мын, олар да сана­са­ды», – дей­ді ол.

Айман Сағи­дул­ла­е­ва өз құқы­қта­ры үшін күрес­кен кезін­де өзі­мен тағ­дыр­лас, қысым­нан өткен неме­се қысым астын­да жүр­ген мұғалім­дер­дің көп екенін аңғарған. «Осын­дай 10-ға жуық оқы­ту­шы әле­умет­тік желі арқы­лы бірі­гіп, мұғалім­дер құқы­ғын қорғай­тын «Ағар­ту­шы» қоғам­дық қозға­лы­сын құр­дық. Айнұр Күлен­ба­е­ва сияқты мұғалім­дер­дің про­бле­ма­сын өз парақ­ша­мыз арқы­лы бөлі­се­міз, Facebook-тегі бел­сен­ді заң­гер­лер­ден кеңес сұрай­мыз. Мұн­дай дау­лы мәсе­лені көр­ген ақпа­рат құрал­да­ры да назар ауда­ра­ды», – дей­ді ол.

Қозға­лыс мүше­лерінің кей­бірі бірін-бірі көр­ме­ген, тек вир­ту­ал­ды әлем­де­гі таны­стар. Алма­ты, Аста­на, Орал, Өске­мен, Шым­кент қала­ла­ры мен басқа да облы­стар­да тұра­тын мұғалім­дер осы­лай­ша бірі­гіп, әре­кет­те­ну­ге көшкен.

 

«Ағар­ту­шы» қоғам­дық қозға­лы­сы­ның мүше­сі Мей­ір­жан Темір­бек Шығыс Қаза­қстан облы­сы Тар­баға­тай ауда­ны Ақмек­теп ауы­лы­ның мек­тебін­де жұмыс істей­ді. Шалғай­да тұра­ты­ны­на қара­ма­стан, ол өзге өңір­лер­дің мұғалім­дері­мен әле­умет­тік желі арқы­лы бай­ла­ны­сып, қысы­мға ұшы­раған әріп­те­стеріне кеңес береді. Айман Сағи­дул­ла­е­ва мен Мей­ір­жан Темір­бек­тің айтуын­ша, «Ағар­ту­шы» қозға­лы­сы ресми түр­де тір­кел­ме­ген. Әзір­ге оннан астам мұғалім­нің ынта­сы­мен әле­умет­тік желі­де ғана әре­кет ете­ді. Бел­сен­ділер ақпа­ра­ты­на қараған­да, мұғалім­дер­ге арналған сайт­тар­да ұстаз құқы­ғы айтыл­май­ты­нын бай­қаған олар был­тыр қара­ша­да mektep-news.kz сай­тын ашқан.

«Сай­тқа мұғалім­нің құқы­қта­рын қалай қорғау керек екені жай­лы мәлі­мет­тер­ді жари­я­ла­дық. Қысым көр­ген мұғалім­дер­дің бастан кеш­кен­дерін де осы сай­тқа жаза­мыз», – дей­ді Мей­ір­жан Темірбек.

Тар­баға­тай­да оты­рып, mektep-news.kz сай­тын жүр­гі­зетін Мей­ір­жан Темір­бек «мұғалім­дер­ге қаты­сы бар заң­дар­ды оқып, заң­гер болуға шақ қалға­нын» айта­ды. Оның сөзін­ше, мек­теп­тің қара­пай­ым мұғалім­дері өздерінің баста­уыш кәсі­по­дақта­ры­на күмән­мен қарай­ды. Сон­ды­қтан «Ағар­ту­шы» қозға­лы­сы рес­пуб­ли­ка­лық кәсі­по­дақ­пен жұмыс істе­ген­ді жөн көреді.

«Азаттық» тіл­шісі сала­лық білім және ғылым қыз­мет­кер­лері кәсі­по­дағы­ның құқы­қтық сұрақтар бой­ын­ша бас мама­ны Рай­хан Қыдыр­ба­е­ва­мен сөй­лесіп, мұғалім­дер құқы­ғын қорғай­тын «Ағар­ту­шы» қозға­лы­сы жай­лы сұрап көр­ген еді. Ол «Ағар­ту­шы» қоғам­дық қозға­лы­сы­нан кеңес сұраған хат жиі келетінін растады.

«Соңғы кез­дері мұғалім­дер өз құқы­қта­ры­на мән бере бастаға­ны бай­қа­ла­ды. Біздің кәсі­по­дақта мұғалім­дер­ден түсетін шағым өте көп. Соның ішін­де «Ағар­ту­шы» қозға­лы­сы да бар. Біз олар­дың сау­а­лы­на құқы­қтық тұрғы­да көмек бере­міз. Олар әле­умет­тік желі­де бол­са да, мұғалім­дер құқы­ғын қорға­уға сеп­тесіп отыр. Мұны «сең қозғал­ды» деген дұрыс шығар», – дей­ді Рай­хан Қыдырбаева.

Оның сөзін­ше, «жұмыс беру­ші мен мұғалім өза­ра мін­деті мен құқы­қта­ры көр­сетіл­ген еңбек шар­ты­на сәй­кес жұмыс істе­уі тиіс, сон­да ешкім­нің де құқы­ғы тапталмайды».

«Азаттық» тіл­шісі атта­ры­на мұғалім­дер тара­пы­нан жиі шағым түсіп жата­тын аудан­дық білім бөлім­деріне де хабар­ла­суға тыры­сқан еді. Алма­ты облы­сы Қара­сай ауда­ны білім бөлі­мінің бас мама­ны Әсел Еркін­ба­е­ва «мұғалім­дер­дің өз құқы­қта­рын бел­сен­ді түр­де қорғаға­нын» дұрыс көретінін айтты.

«Өз құқы­ғын заң­ды түр­де қорғаған мұғалім­ге қысым жасал­май­ды. Менің ойым­ша, мұғалім­дер өз құқы­қта­рын бел­сен­ді қорғаға­ны дұрыс, Қаза­қстан – демо­кра­ти­я­лы, құқы­қтық мем­ле­кет. Егер олар­дың аудан­дық білім бөлім­деріне сау­а­лы бол­са, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер ретін­де жау­ап беру­ге мін­дет­ті­міз», – дей­ді ол.

 

Қаза­қстан­дағы орта мек­теп мұғалім­дері кей­ін­гі жыл­да­ры өз құқы­қта­рын қорғау жолын­да бел­сен­ділік­терін арт­ты­рып, әле­умет­тік желілер арқы­лы про­бле­ма­ла­ры­на қоғам наза­рын аудар­тып келеді. Кей­ін­гі ондай оқиға­ның бірі Шым­кент­те­гі Нұр­тас Оңда­сы­нов атын­дағы №38 мек­теп-гим­на­зи­я­сы мұғалі­мі Гүл­жан Сәлім­ба­е­ва­ның мамыр айын­да жари­я­лаған видео-үнде­уі болған еді.

Онда мұғалім өзінің мін­деті­нен тыс жұмысты атқа­ру­дан бас тар­тқа­ны үшін қан­дай қысы­мға ұшы­рап жатқа­нын баян­даған. Видео-үндеу жары­ққа шығып кет­кен соң, мек­теп дирек­то­ры Айман Жүсі­по­ва қоғам өкіл­дері, мұғалім­дер қаты­сқан жиын­да әре­кет­терінің дұрыс бол­маға­нын мой­ын­даған болатын.

Осы жиы­нға қаты­сқан «Ағар­ту­шы» қозға­лы­сы­ның Шым­кент­те­гі өкілі, өзі де мек­теп мұғалім Өмір Шыны­бекұ­лы: «Мұн­дай қозға­лыс өте керек. Бұл жақ­сы кезең бол­ды, мұғалім­дер­ді желі арқы­лы оята алдық. Біз де енді осы бел­сен­ділік­ті жалға­сты­ра бере­міз. Ынты­мақ­та­са қимыл­да­уға үйрен­дік. Қазір дирек­тор­лар мұғалім­дер­ден аздап аяғын тар­тып қал­ды. Бірақ облы­стық білім басқар­ма­ла­рын тіке­лей Ғылым мини­стр­лі­гіне бағын­дыр­май, жағ­дай түзел­мей­ді. Біз сол қол­ба­ла күй­і­міз­де қала­мыз, сай­лау бол­са, сен­білік бол­са, алаңға шығу керек бол­са, мұғалім дай­ын тұра­ды. Енді бізді жер­гілік­ті билік­тің құзіреті­нен шыға­ру мәсе­лесін Саға­ди­ев­ке жет­кі­зу ойы­мы­зда бар», – дей­ді мұғалім.

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн