Пятница , 4 июля 2025

ШЫМКЕНТКЕ ҚАРА ШІРКЕЙ НЕГЕ ҚАПТАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Даб­ыл!


 

Соңғы 3–4 жыл­да Сыр­да­рия мен Арыс бой­ы­ның тұрғын­да­ры бұрын-соң­ды бол­маған жағ­дай – осы өңір­лер­де қара шір­кей­лер­дің шама­дан тыс көбей­ген­ді­гін айтып келеді. Алға­шын­да бұл жән­дік­тер­ден үй жану­ар­ла­ры зардап шек­се, енді қазір адам­дар, әсіре­се жас сәби­лер қап­таған шір­кей­лер­дің шабуы­лы­на ұшы­рап, дене мүше­лерін түр­лі жара­лар басып кет­кен. Оты­рар ауда­ны­ның алқа­бын­да алғаш рет пай­да болған бұл шір­кей­лер­дің қара бұл­ты қазір Арыс, Шар­да­ра, Жеті­сай, Сары­ағаш аудан­да­ры­нан асып, Ордаб­а­сы мен Шым­кент қала­сы­ның шет аймақта­ры­на дей­ін жетіп­ті. Алай­да тұрғын­дар­дың бұл жан айқай­ы­на билік басын­дағы­лар ешбір айла да, іс-шара да таба алмай келеді…

 

Біре­улер бұған Көк­са­рай су қой­ма­сын кіна­ла­са, кей­біре­улер бұны үкі­мет­тің Ресей мен Қырғыз­стан ара­сын­дағы шека­ра­дан кеден­дік бақы­ла­уды, каран­тин мен фито­са­ни­та­ри­я­ны алып тастаған соң, ешбір кедер­гісіз, бақы­лау­сыз өтіп жатқан жемістер мен көкөністер­дің, сан түр­лі тау­ар­лар­дың сыр­тын қап­таған ыдыс­тар мен түр­лі қап­тарға жабысып бір­ге келіп жатқан жат­жұрт­тық зиян­кес жән­дік­тер­дің тұқым­да­ры­нан көбей­ген дейді…

Негізі, көк­тем­гі тасы­ған суды Өзбек­стан жерін­де­гі Айдар­көл­ге жібер­мей, оны Көк­са­рай су рет­те­гі­шіне жинап, шіл­де айы­на дей­ін толы­ғы­мен Сыр­да­ри­яға қай­та бұруға тиісті су қой­ма­сы­ның таба­нын­да сарқын­ды сулар көп­теп қалып, маса мен шір­кей­дің көбе­юіне әкеліп отыр дей­тін маман­дар да жет­кілік­ті. Әрине, заңы бел­ден басы­ла­тын, тәр­тібі беті­мен жіберіл­ген қоғам­да құры­лыс­шы­лар­ды айып­та­уға да толық негіз бар!.. Бірақ қоғам­ды дамы­ту­дың орны­на, кері қарай сүй­реп бара жатқан жемқор­лы­қтың ажы­ра­мас бөлі­гі «тен­дер» деген «тажалға» тосқа­уыл қой­май, эко­но­ми­ка­лық өмір­дің бар сала­сы­на білік­ті бас­шы­лық жасап, теге­уірін­ді тәр­тіп орнат­пай, дамы­ған 30 елдің қата­ры­на кіре­міз деген­дер­дің бар­лық ұран­да­ры мен айқай­ы­ның ешқа­шан да жүзе­ге аспай­ты­ны­на қазір көзі­міз толы­ғы­мен жетіп отыр! Қай­та бұл әбден қалып­та­сып үлгер­ген жемқор­лық жүйе мем­ле­кеті­мізді құр­ды­мға тар­тып бара­ды. Енді­гі жер­де мұны ескер­меу мем­ле­кет­ті толы­ғы­мен тоқы­ра­у­лы тығы­ры­ққа әкелмек?!.

 

Жал­пы, Сыр бой­ын­дағы шыбын-шір­кей­лер­дің көбей­іп кетуінің басты себебі табиғи тепе-теңдік­тің бұзы­луы­нан болып отыр. Осы шыбын-шір­кей­лер­мен қорек­те­нетін бақа­лар­ды бай­лық пен ақшаға құны­ққан ашкөз­дер мың-мың­дап, тон­на­лап аулап, Қытай мен Фран­ци­яға асы­рып жіберіп, осы­лай­ша бұл биша­ра­лар­дың тұқым­да­ры­на бұл өңір­де тұз құй­ыл­ды. Осы шір­кей­лер­дің суда өсіп көбей­етін личин­ка­ла­ры­мен қорек­те­нетін балы­қтар­дың шабақта­ры да бақа­ның күнін кешу­ге таяп қал­ды. Өзен-көл­дер­де балы­қтар тым азай­ып кет­кен. Оның да басты себебі – көк­тем айла­рын­да қап­тап, Сыр­да­рия бой­ын­да түр­лі тех­ни­ка­лар­мен жарақтанған екі аяқты жыр­тқыш «бра­ко­ньер» деген табиғат пен адам­заттың қас жау­ла­ры­ның электр тогы­мен, қытай­дың мың жылға дей­ін шірі­мей­тін тор­ла­ры­мен есеп­сіз аула­у­ла­ры­ның кесірі­нен жойылуда.

Электр тогы­ның әсері­нен шабақтар мүл­дем қыры­лып қал­са, үлкен­дері уыл­ды­рық шашпай­тын беде­улік­ке ұшы­рай­ды. Осын­дай үрдістер жалға­са бер­се, мынан­дай немқұрай­ды­лық пен жау­ап­сызды­қтар­дың арқа­сын­да өзен-көл­дері­міз балы­қ­сыз, киелі Ұлы Дала­мыз аң мен құс­сыз қала­тын түрі бар! Сон­да бұл Құдай­дан да, заң­нан да қоры­қ­паған жүйе келе­шек ұрпаққа не қалдырмақ?!.

Өткен 2016 жылы ОҚО балық инспек­ци­я­сы көк­тем­де балы­қтар уыл­ды­рық шашар кез­де Сыр­да­ри­я­ның жаға­сын қоруға «TIME» күзет меке­ме­лер тобы­мен 2 айға шар­тқа оты­ра­ды. Күзет меке­месінің қыз­мет­кер­лері алға­шқы түн­дері жүз­де­ген бра­ко­ньер­лер­ді ұстаған cәт­терін жер­гілік­ті теле­ви­де­ни­е­де көр­сет­кен­нен соң, балық инспек­ци­я­сы «жоға­ры жақтан» бұй­рық алып, бұл күзет тобы­мен бір аптаға жет­пей-ақ жасалған шар­тын бұзуға мәж­бүр болған.

Міне, осын­дай қыл­мысты бра­ко­ньер­лі топ­тар­дың жер­гілік­ті үкі­мет орган­да­ры­мен біте қай­на­сып кет­кен мафи­я­лық түй­інін шешуді Аста­на­дан арнайы тек­се­ру­ші бри­га­да­лар келіп, рет­ке кел­тір­ме­се, жер­гілік­ті орган­дар­дан қай­ран жоқты­ғы­на көзі­міз жетіп отыр…

Оның үстіне қырғыз бен өзбек жерін­де орна­ласқан хими­я­лық, метал­лур­ги­я­лық өндіріс орын­да­ры­ның шай­ын­ды сула­ры­мен және де олар­дың агроөн­дірістерінің гер­би­цид­ті улар­мен бүлін­ген тастан­ды былға­ныш сула­ры­ның Сыр­да­рия өзеніне жау­ап­сызды­қ­пен көп­теп таста­лы­нуы­на бай­ла­ны­сты бұл елді мың­даған жыл­дар бойы асы­рап кел­ген өзен суы қазір мал суа­руға да жара­май­тын болған. Мұн­дай ластанған сулар­да балы­қтар­дың толы­ққан­ды өсіп, көбей­мей­тін­ді­гі де белгілі…

Мем­ле­кет­тік меке­ме­лер бұған кешен­ді түр­де іс-шара­лар түзіп, көл­бақа­лар мен балы­қтар­ды қай­та көбей­ту­ге, олар­ды аула­у­ға 7 жылға үкі­мет тара­пы­нан мора­то­рий жари­я­лап, бел­сен­ді түр­де әре­кет жаса­уы керек. Қаза­қстан тара­пы­нан СІМ арқы­лы Қырғыз­стан мен Өзбек­станға арнайы нота жол­да­нып, қатаң түр­де шарт қой­ы­луы қажет! Бұдан ешбір нәти­же шық­па­са, олар­дың біздің жері­міз арқы­лы өтетін бай­ла­ныс ком­му­ни­ка­ци­я­ла­рын 2 сағатқа ажы­ра­тып тас­та­саң, бар мәсе­лені шешу­ге бола­ды. Мұның басқа да жол­да­ры толып жатыр…

Алшір­кей­лер­ге қар­сы хими­я­лық улар­ды қол­да­ну басқа да табиғатқа аса қажет­ті, пай­да­лы (ара­лар­дың түр­лері, құмыр­сқа­лар мен түр­лі инелік­тер, т.с.с.) жән­дік­тер мен табиғат қамқор­шы­ла­ры құстар­дың жой­ы­луы­на әке­леді. Оның соңы одан да зор күт­пе­ген апат­ты мәсе­ле­лер­ді туын­да­туы мүм­кін. Осы­дан сақ болу керек!

Австра­лия құр­лы­ғы­ның қасірет­ті тәжіри­бесі­нен үйре­нетін уақыт жет­ті. Совет­тік шала сау­ат­ты комис­сар­лар мен жексұрын жыр­тқыш капи­та­ли­стер айтқан­дай, табиғат­ты ешқа­шан бағын­ды­ра алмай­сың! Табиғат­пен біздің Ұлы баба­ла­ры­мыз сияқты үйлесім­ді түр­де ғана өмір сүре білу керек, билік­те­гі мыр­за­лар! Бұры­ңғы өткен небір өрке­ни­ет­тер дәуір­лерін­де­гі ақыр­за­ман­дар осын­дай түр­лі үйлесім­сіздік­тер­ден бастау алған!..

 

Ілес­бек БАЙЖАНОВ,

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер Одағы­ның мүшесі.

Шым­кент шаһары

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн