Пятница , 4 июля 2025

Рахым АЙЫПҰЛЫ: ЕЛДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КІРІПТАР ЕТУ, демографиялық жаулау –ИМПЕРИЯЛЫҚ ТӘСІЛ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №24 (388) от 22 июня 2017 г.

 

ДАТ!

 


Қаза­қстанға үш жүз мың Қытай аза­ма­ты кір­ді, елдің ең стра­те­ги­я­лы маңы­зды сала­ла­ры Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның қолы­на көш­кені жөнін­де­гі ақпа­рат­тар әле­умет­тік желі­де талқы­ға түс­кені­мен, ресми түр­де рас-өтірі­гі бел­гісіз. Әлем­ге үрей енгізіп жатқан «Қытай қау­піне» қаты­сты оқыр­ман­ның көкей­ін­де жүр­ген бірер сау­алға жау­ап іздеп, ЖСДП төралқа мүше­сі , «Жебеу» қоғам­дық бiр­ле­стi­гi төралқа­сы­ның мүше­сі Рахым АЙЫПҰЛЫ мыр­за­ны әңгі­ме­ге тарттық.

 

 

– Рахым мыр­за, Аста­на­да ЭКСПО-2017 көр­месінің ашы­лу сал­та­на­ты­на кел­ген Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы­ның төраға­сы Си Цзинь­пин мен ҚР президенті

Н.Назарбаевтың келіс­сөзін­де Қытай­мен 7 мил­ли­ард дол­ларға инве­сти­ци­я­лық келісім-шарт жасал­ды. Сіз Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на Қытай­дың сұқта­на еніп бара жатқа­нын қол­дай­сыз ба?

– Қытай­дың Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын­дағы ықпа­лы­ның айтар­лы­қтай үлкен екен­ді­гін жұрт­тың бәрі біледі. Елі­міз­де­гі бір ғана мұнай мен газ­дың үштен бірі осы елдің уысын­да. Қар­жы және көлік тасы­ма­лы қатар­лы стра­те­ги­я­лық маңы­зды сала­ларға да мысық табан­дап еніп келеді. Ауыл шару­а­шы­лы­ғын қарқын­ды иге­ру жоба­сы – жер­ді шетел­дік­тер­ге ұзақ мерзім­ге жалға беру жос­па­ры­ның ел аза­мат­та­ры тара­пы­нан жап­пай қар­сы­лы­ққа тап болуы себеп­ті уақыт­ша бөгеліп тұр.

Бірақ Қытай­мен әріп­те­стік мұны­мен тоқтап қалай­ын деп тұр­маған сияқты. Талай­дан бері ел ара­сын­да шұрқан боп шауып жүр­ген Қытай­дың 51 алып өндіріс орнын Қаза­қстанға көші­ру жоба­сы алдағы күн­дер­де ерекше қарқы­н­мен іске аса­тын сыңай­лы. Себебі мем­ле­кет бас­шы­сы­ның 2017 жылғы халы­ққа жол­да­уын­да: «Қаза­қстан­да өндірістер ашу жөнін­де­гі Қытай­мен бір­лес­кен инве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны тиім­ді жүзе­ге асы­ру керек. Қытай тара­пы­мен уағ­да­ла­сты­ққа қол жет­кізіл­ді. Нысан­дар бел­гі­лен­ді. Нақты жұмыс істеу қажет. Бұл қаза­қстан­ды­қтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын аша­тын зама­на­уи өндіріс бол­мақ. Қазір 6 жоба жүзе­ге асы­ры­ла баста­ды, ал 2 жоба іске қосыл­ды», – деп мәлім­де­ген болатын.

Пре­зи­дент атаған жоба­ларға сіз айтып оты­рған 7 мил­ли­ард дол­лар­дың инве­сти­ци­я­лық келісім-шар­тын қосы­ңыз. Ал мұның пай­да­сы мен зия­ны жөнін­де өз басым пышақ кесті пікір айта алмай­мын. Себебі мұнай­дың алтын дәу­рені бір­тін­деп кел­мес­ке кетіп бара­ды. Эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру мен қарқын­ды дамы­ту үшін дамы­ған елдер­дің капи­та­лы мен тех­но­ло­ги­я­сы­на мұқтаж екені­міз дау тудыр­май­ды. Қытай­дың өзі де шетел­дің және шетел­де­гі бай қытай­лар инве­сти­ци­я­сы­на кең жол ашу арқы­лы бүгін­гі­дей құдірет­ті дең­гей­ге көтеріл­ді. Бірақ пре­зи­дент­тің Қытай­ды ала бөтен әспет­те­уі көңіл­ге көп күмән ұяла­та­ды екен. Себебі тех­но­ло­гия мен капи­тал тек Қытай­дың ғана қолын­да тұрған жоқ қой. Бір елге айры­қ­ша басым­дық беру түп­тің-түбін­де кіріп­тар­лы­ққа бастай­тын жол екен­ді­гін кесіп айтуға бола­ды. Оның үстіне біз­ге келетін сол 51 өндіріс алы­бы­ның кім­дер екенін біле алмай оты­рға­ны­мыз да күді­гі­мізді қою­лай түседі.

Біз­де­гі БАҚ қай­дағы біре­улер­дің ажы­рас­уы мен қай­та үйле­нуі тура­лы күн құрғат­пай хабар беру­ден жалы­қ­пай­ды. Керісін­ше, елдің қауіп­сізді­гі мен бола­шағы­на қаты­сты осын­дай ақпар­лар беру­ге кел­ген­де – тым сараң. Сон­да Қытай­дың осы 51 кәсі­пор­ны­ның Қаза­қстанға көшірілуі мем­ле­кет­тік құпия сана­ты­на жата ма? Мен аталған өндіріс орын­да­ры­ның нақты тіз­бесін біл­ген­де ғана ол тура­лы толы­ққан­ды пікір айта ала­мын. Бұл жер­де пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың: «Тұта­стай алған­да, Қаза­қстан­ның өз инве­сти­ци­я­лық стра­те­ги­я­сы болуға тиіс», – деген пікірі­мен толы­қтай келі­су­ге болады.

Бір өкі­нер­лі­гі – біз өткен 25 жыл­да мұн­дай стра­те­ги­я­ның қажет­тілі­гі тура­лы ойлан­баған екен­біз. Үкі­мет оны биы­лғы 1 қыр­күй­ек­ке дей­ін әзір­ле­уі керек екен. Өз басым толы­ққан­ды инве­сти­ци­я­лық стра­те­гия жоқ жағ­дай­да жасалған уағ­да­ла­сты­қтар­дың мін­сіз пай­да­лы бола­ры­на күмән­мен қараймын.

 

– Осы уақы­тқа дей­ін көр­ші мем­ле­кет­тен әртүр­лі жол­дар­мен: бір түп­нұсқа бой­ын­ша – 12,6 мил­ли­ард дол­лар, енді бірін­де – 40 мил­ли­ар­дқа жуық несие алған екен­біз. Қаза­қстанға келіп жатқан мил­ли­ард­тық неси­е­ден құты­лу бола­шақ ұрпақтың мой­ны­на ілі­нетін қарыз деп даб­ыл қаққан ел аза­мат­та­ры­ның сөзіне нен­дей ой қосар едіңіз?

– Менің бала кезім­де біз­бен көр­ші тұра­тын, жас кезін­де аздап сауда-сат­ты­қ­пен айна­лы­сқан Манап деген ауыл­дас ата­мыз болу­шы еді. Жаның жән­нат­та болғыр сол ата­мыз: «Қары­здың түбі – борыш, сауда­ның түбі – кеніш» деген сөзді қай­та­лап айту­дан бір жалы­қ­пай­тын. Сол кісінің сөзі шын­ды­ққа жақын, бола­шақ ұрпақ жат жұрт­ты­қтарға боры­штар болып, бас көте­ре алмай кете ме деп қорқам. Өз эко­но­ми­ка­мыз да шатқа­яқтап тұрған сияқты. Жақын­да сенат­та өткен үкі­мет саға­тын­да сена­тор­лар елі­міз­де пай­да көле­мі төмен­деп, шығын, керісін­ше, 7 есе­ге артқан­ды­ғын, ол аздай, мем­ле­кет­тік сыр­тқы қарыз да соңғы он жыл­да 15 есе­ге өсіп, қазір үкі­мет­тің 9 трил­ли­онға жуық бере­ше­гі бар екен­ді­гін айт­ты. Ал оның ішін­де, кешелі-бүгін айты­лып жатқан деректер­ге қараған­да, Қытай­ға 12,5 мил­ли­ард қарыз екен­біз. Ойлап көріңіз, бір ғана Қытай­дан алған қары­з­бен осын­дай ЭКС­ПО-ның төр­те­уін өткізу­ге бола­ды екен.

 

– Пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың айтуын­ша, «Самұрық-Қазы­на­дағы» 800 кәсi­по­рын­ды жеке­ше­лен­дiрудi 2018 жыл­дың соңы­на дей­iн аяқтай­ды екен­бiз. Бұры­нғы жос­пар бой­ын­ша, бұл меже 2020 жылға дей­ін­гі ара­лы­қты қам­ты­ған еді. Жедел жүр­гізіл­мек шара­да басым­дық Қытай тара­пы­на берілетінін ескер­сек, қаза­ққа «ұлта­рақ та бұй­ыр­май­ды­ның» кебін кию қау­пі жоқ па?

– 2018 жыл­дың соңы­на дей­iн аяқтай­ды екен­бiз. Бұры­нғы жос­пар бой­ын­ша бұл меже – 2020 жыл едi. Ойлап көрiңiз, 800 кәсi­по­рын дегенiңiз жай нәр­се емес, өте үлкен капи­тал, үлкен бай­лық. Сон­да оны кiм ала­ды? Пре­зи­дент жол­да­уы­на қараған­да, «Самұрық-Қазы­на­дағы» 800 кәсi­по­рын­ды сатып алар­лы­қтай бiздің отан­дық кәсіп­кер­лер­де сон­дай мол ақша бар ма? Жоқ.

Демек, оны шетел­дiк­тер­ге сатуы әбден мүм­кін. Пре­зи­дент­тiң жол­да­уын­да Аме­ри­ка Құра­ма Штат­та­ры тура­лы да, Еуро­одақ елдерi тура­лы да бiр ауыз сөз айтыл­маған, басым­дық – тек қана Қытай­да. Мына 800 кәсi­по­рын­ды да, менiң­ше, Еуро­одақтың кәсiп­кер­лерi ала қой­май­ды. Себебi Аме­ри­ка­ның капи­та­ли­стерi бол­са да, Еуро­па­ның капи­та­ли­стерi бол­са да, қал­та­сын­дағы жеке мен­шiк ақша­сын сая­са­ты бұлы­ңғыр мем­ле­кет­ке сал­май­ды. Мыса­лы, Еуро­одақтың капи­та­лисi бол­сам, мен ақша сал­май­мын неме­се ол кәсi­по­рын­ды сатып алуға құлы­қты бол­мас едiм. Өйт­кенi ол елдiң ары қарай тұрақты дами­ты­ны­на көзiм жетпейдi.

Ал Қытай­ға бәрiбiр. Себебi Қытай­да ол – мем­ле­кет­тiң ақша­сы. Өте бай, ұлт­тық қоры да, алтын қоры да жет­кiлiк­тi және оны iргесiн­де­гi осы елге салуға ол сая­си тұрғы­дан да мүд­делi. Мен бұрын да талай айтқан­мын: қазақ елінің бола­шақ тағ­ды­ры – жер және оның асты мен үстін­де­гі ұшан-теңіз ұлт­тық бай­лық кім­ге бұй­ы­ра­ды? Мәсе­ле осы­ған бай­ла­ны­сты. Егер мем­ле­кет пен оның халқы­ның талас­сыз мен­ші­гі болуға тиісті ұлт­тық бай­лы­ғы жат қолы­на өтіп кет­се, өз халқын тақы­рға оты­рғы­зып кет­кен мем­ле­кет­тің де өмір сүруінің мәні қал­май­ды. Рәміз­дер мен ерекше бел­гілер ғана мем­ле­кет­тің негізі бола алмайды.

 

– «Қытай қау­пі» қоғам­дық син­дро­мы, Қаза­қты Қытай­мен қорқы­ту – ресей­шіл сая­сат­та­ну­шы­лар мен жур­на­ли­стер­дің соңғы 10–15 жыл­дағы жүр­гізіп оты­рған жос­пар­лы жұмысы деген тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікіріне алып-қоса­ры­ңыз бар ма?

– Менің­ше сонау ықы­лым заман­нан бері әлем­де­гі алпа­уыт елдер­дің ықпал күш бөлі­су бәсе­кесі бір сәт­ке де тола­стаған емес. Бұл жер­де өз басым тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікірі­мен келі­се­мін. Себебі Қаза­қстан­ның өз алды­на тәу­ел­сіз ел болуы­на қара­ма­стан, сол­түстік­те­гі көр­ші­міз бізді өзінің ешкім­мен бөліс­пей­тін ықпал ету аймағы санап кел­ді. Бүгін­де Қытай ықпа­лы­ның күн санап артуын ресей­шіл­дер­дің қала­май­ты­ны хақ.

 

– Ал «қытай­дан қашқақтаған қазақ оры­стың қол­ты­ғы­на тығы­ла­ды», сон­ды­қтан «қытай қау­пі», біздің жері­мізді Ресей­ге таңу сая­са­ты, «Қаза­қстан­да оры­стіл­ділер­ге қысым көр­сетіп жатыр-мыс» деген бай­ба­лам­ның аста­ры­на үңіліп көр­діңіз бе?

– Елі­міз­ге қауіп қай жақтан төн­се де, одан бізді екін­ші бір жары­лқа­у­шы құтқа­ра алмай­ды. Біз үшін мәң­гілік ел болу­дың жалғыз жолы – ешкім­мен жау­лас­пай-ақ, әділет сал­та­нат құрған, демо­кра­ти­я­лы ұлт­тық мем­ле­кет­ті жасақтау. Сіз айтқан «Қаза­қстан­да оры­стіл­ділер­ге қысым көр­сетіп жатыр-мыс» деген бай­ба­лам­ның аста­рын­да – біздің ұлт­тық мем­ле­кеті­мізді жасақтау жолын­да жасаған тал­пы­ны­сы­мы­зға болған қызға­ныш пен өшпен­ділік жатыр. Соңғы ұлт­тық санақтан кей­ін­гі қазақ көшіне бағыт­та­лып, асқан зыми­ян­ды­қ­пен жасалған түр­лі-түсті кедер­гілер­дің төр­кінін өз басым сол­түстік­тен кел­ді деп білемін.

 

– Қаза­қстанға үш жүз мың Қытай аза­ма­ты кір­ді, елдің ең стра­те­ги­я­лы маңы­зды сала­ла­ры Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның қолы­на көшіп бара­ды деп БАҚ таратқан ақпа­рат көр­шінің астыр­тын сая­са­тын ашып бере алды деп ойлай­сыз ба?

– Ең алды­мен басын ашып алай­ық. Үш жүз мың қытай деген санақ мәлі­меті қай­дан алы­нған? Менің­ше бұл мәлі­мет шын­ды­ққа сәй­кес кел­мей­ді. Салы­сты­ру үшін айта кетей­ін. Халық жазу­шы­сы Қаб­деш Жұма­ді­лов ағам айта­тын: «Ел жиған бай­лы­ғы мен ақша­сын сана­са, мен қаза­қты санап жүрем», – деп. Менің де басты жұмысым – сырт­тан көшіп кел­ген қаза­қты санау. Тәу­ел­сіздік­тің 25 жылын­да Қытай­дан көшіп кел­ген қаза­қтың өзі 150 мың­нан сәл-ақ аса­ды. Егер көшіп кел­ген қытай­лар­дың саны одан екі есе көп бол­са, біз оны білер едік. «Сақты­қта – қор­лық жоқ» деп, ұлт­тық қауіп­сізді­гі­міз үшін даб­ыл қағып тұрған­ның арты­қты­ғы жоқ, әрине. Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның жағ­дайы жөнін­де жоға­ры­да жет­кілік­ті айт­тым ғой деп ойлаймын.

– Рахым мыр­за, жал­пы қаза­қты шула­тып жатқан «қытай қау­пі» деген мәсе­ле­ге қам жаса­уда билік кеші­гіп қалған жоқ па, сіз қалай ойлайсыз?

– Мен бұл сұрағы­ңы­зға да жоға­ры­да жал­пы­ла­ма жау­ап бер­ген сияқты­мын. Десе де, толы­қты­ра кетей­ін. Қазір­гі жағ­дай­да тәу­ел­сіз бір елге дөрекілік­пен, қару­дың күшіне сүй­еніп баса көк­теп кіру­ге орта ғасыр­лық сан­амен ойлай­тын Ресей сияқты елдер­дің биле­ушілері бол­ма­са, өрке­ни­ет­ті елдер­дің көбі бара қой­май­ды. Бірақ еліңді эко­но­ми­ка­лық кіріп­тар етіп, демо­гра­фи­я­лық жақтан жау­лап алу, сол арқы­лы тәу­ел­сіз бір ұлт­тық мем­ле­кет­ті қуыр­шаққа айнал­ды­ру – бүгін­гі күн­де кеңі­нен қол­да­ны­ла­тын, ең әккі, жан-жақты жетіл­ген импе­ри­я­лық тәсіл­ге айналды.

Өз басым көші-қон сая­са­тын­да шетел­дер­де­гі қан­даста­ры­мы­здың елге ора­луы­на барын­ша кең жол ашып, жат жұрт­ты­қтар­дың елі­міз­ге ірге тебуіне барын­ша заң­на­ма­лық жақтан тосқа­уыл қою­ды табан­ды түр­де талап етіп келе­мін. Мысалға, қол­да­ны­стағы Көші-қон тура­лы заң­да көшіп келу­шілер­дің бес түр­лі сана­ты қарас­ты­ры­лған. Мұның ішін­де «отба­сын бірік­ті­ру мақ­са­тын­да көшіп келу­шілер» мен «еңбек қыз­метін жүзе­ге асы­ру мақ­са­тын­да көшіп келу­шілер­ге» ашы­лған заң­ды мүм­кін­дік­тің сал­да­ры ерекше қорқы­ны­шты. Және бұл ойым­ды үне­мі көші-қон заң­на­ма­ла­ры қай­та қаралған тұста пар­ла­мент­тің жұмыс тобын­дағы депу­тат­тарға тау­сы­ла түсін­діру­ден жалы­ққан емес­пін. Бірақ «баяғы жар­тас – сол жар­тас» күй­ін­де қалып келеді. Жағ­дай ушы­қ­пай тұрған­да, заң­на­ма­лық тұрғы­дан рет­те­у­ге әлі де кеш емес.

– Бірер апта бұрын Шын­жаң­дағы қаза­қтарға қоқан-лоқы көр­сет­кен хан­зу­ларға қаты­сты ақпар­ды теле­ар­на­дан көріп біл­дік. Естуі­міз­ше, Қытай билі­гі соңғы уақыт­тар­да қазақ ұлты­на өктем сая­сат жаса­уға көш­кен сыңай­лы. Қазақ ұлтын қол­дау жөнін­де Қаза­қстан тара­пы­нан ескер­ту жасал­май­ты­ны­ның бай­ы­бы­на бара алды­ңы­здар ма?

– Cөздің басын ашып алай­ық. Шын­жаң­дағы қаза­қтарға хан­зу ұлты­ның іші­на­ра басбұ­зар тен­тек­тері бол­ма­са, тұтас ұлт ретін­де қоқан-лоқы көр­сетіп, қысым жасап оты­рған жоқ. Ал тәр­тіп орнатқан­ның жөні осы екен деп, әңгір-таяғын оңды-сол­ды сіл­тей­тін солақай биле­ушілер­дің әре­кеті өз алды­на бөлек әңгі­ме. Өткен жыл­дың соңы­нан бері Қытай­дан осы жаққа көшіп неме­се туыс­шы­лап кел­ген «қаза­қтар­ды Қытай­ға қай­та шақыр­тып жатыр екен», «олар­дың ала­тын зей­не­тақы­сын тоқта­тып тастап­ты», «ықти­яр­хат алған­дар­дың пас­пор­тын жинап алып­ты» деген әңгі­ме ел ара­сын кезіп кет­ті. Біз бұл мәсе­лені мұқи­ят зерт­те­дік. Шыны­мен де, Қаза­қстанға келіп, аза­мат­тық алған зей­нет­кер­лер­дің зей­не­тақы­сын тоқта­тып тастаған мысал­дар бар екен.

Сон­дай-ақ осы жаққа келіп-кетіп, ықти­яр­хат­пен жүр­ген көп аза­мат­ты Қытай­ға шақы­рып, «ықти­яр­хат­та­ры­ң­ды тап­сы­рас­ы­ң­дар, егер олай етпе­сең­дер, зей­не­тақы­ла­ры­ң­ды тоқта­та­мыз» деген талап қой­ып, пас­порт­та­рын жинап алған жағ­дай­лар да көп болып шықты. Әсіре­се бұл жағ­дай Іле қазақ авто­но­ми­я­лы облы­сын­да жиі қай­та­ла­нып жатқа­нын білдік.

Бірақ орта­лық Қытай­дың сая­са­ты мен Шын­жаң­дағы жер­гілік­ті билік­тің ұста­ны­мы екі басқа болып шықты. Жер­гілік­ті атқа­мі­нер­лер уақыт­ша тек­се­руді «асы­ра сіл­теп» жібер­ген. Тіп­ті Іле облы­сы­ның кей­бір аудан­да­рын­да Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған зей­нет­кер­лер­ге аза­мат­ты­қтан бас тар­туын, өйт­пе­се зей­не­тақы­сы­нан айы­ры­ла­ты­нын ескерт­кен. Ықти­яр­хат алған­дарға да сон­дай шарт қой­ып, пас­порт­та­ры мен ықти­яр­хат­та­рын жинап алған. Кей­бір аза­мат­тар­ды «сен Қытай­дағы тір­ке­уіңді уақы­тын­да өшірт­пей, заң­ды бұз­дың» деп, түр­лі қысым көр­сет­кенін де естідік.

Ал Қытай­дың мұһа­жыр­ларға қаты­сты заң күші бар нор­ма­тив­тік актілерін­де зей­нет­ке шыққан Қытай аза­ма­ты қай елдің аза­мат­ты­ғын алса да, оның зей­не­тақы­сы тоқта­май­тын­ды­ғы анық жазы­лған. Соны­мен бір­ге Қытай­дың «Аза­мат­тық тура­лы» заңы­ның 9‑бабында шетел­дің аза­мат­ты­ғын алған Қытай аза­ма­ты аза­мат­ты­қтан авто­мат­ты түр­де шыға­ры­ла­ды деп көр­сетіл­ген. Демек, авто­мат­ты деген ұғым бой­ын­ша оның тір­ке­уі де өшірілуі шарт. Бұл заң­да басқа­дай қосым­ша талап қарас­ты­рыл­маған.

Шын мәнін­де, бұл Қытай­дың ішкі мәсе­лесі, олар шетел­ге кет­кен зей­нет­кер­ге зей­не­тақы беру­ге мін­дет­ті бол­са да, оны ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі талап ете алмай­ды. Мұны тек аса сақты­қ­пен, дипло­ма­ти­я­лық жол­мен ғана шешу­ге бола­ды. Осы жолғы жағ­дай­дан ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі де хабар­дар бол­ды. Бірақ мәсе­ленің мән-жай­ын толық біл­ме­улері мүм­кін. Себебі Қытай­дың заңын, Шын­жаң­дағы соңғы әле­умет­тік-сая­си мәсе­ле­лер­ді сол жаққа барып, көріп жүр­ген аза­мат­тар бол­ма­са, көп адам біле бер­мей­ді. Сол үшін ҚР СІМ мен Ақор­даға орын­сыз өкпе артып, елді шула­туға үйір болуы­мы­здың қажеті жоқ.

Әрине, атқа­ру­шы билік­тің қолын­да шығы­стағы көр­ші­ге бай­ла­ны­сты көп­те­ген ықпал ету тетік­тері бар. Осы­ны шебер пай­да­ла­на біл­се, ол жақтағы ағай­ы­нға көп көме­гі бола­ры сөз­сіз. Атқа­ру­шы билік қана емес, кез кел­ген аза­мат мәде­ни­ет­ті сұх­бат құру­дың жолын іздеп үйрен­се, бұл елі­міздің беделі мен бере­кетін де арт­ты­ра түседі. Қытай – біздің мың­жыл­дық көр­ші­міз. Қала­сақ та, қала­ма­сақ та, бұл елмен бай­ла­ны­сы­мыз үзіл­мек емес. Қытай­дан елге оралған қан­дастар үшін де орын­сыз үрей, айғай-шу тиім­ді жол емес. Өза­ра татулық оларға да, біз­ге де тиім­ді. Егер екі елдің қазір­гі үйлесім­ді әріп­те­сті­гі бұзыл­ма­са, мұның пай­да­сын ең бірін­ші болып көретін – сол Қытай­дан кел­ген ағайындар.

Ал, керісін­ше, екі елдің ынты­мағы бұзы­лып, тең дәре­же­де­гі әріп­те­сті­гіне сызат түс­се, онда да ең зала­лын тар­та­тын­дар – Қытай­дан кел­ген қан­даста­ры­мыз! Біз мұны естен шығар­мауға тиіс­піз. Ұмыт­па­сам, Бақыт­гүл, өзіңіздің әке-шеше­леріңіз де Қытай мен Кеңе­стер Одағы жау болып тұрған заман­да, қырық жылға жуық Ақсу­ат­тың іргесін­де тиіп тұрған Қытай­дың Дөр­біл­жін ауда­нын­дағы туы­ста­рын бір көру­ге зар бол­ды емес пе?!

 

– Ол да бір сағы­ны­штың зары өткен қаза­қтың тағ­ды­ры еді ғой… Бар қаза­қтың арма­ны – төрт­күл дүниенің әр аумағын­да тары­дай шашы­лған қан­даста­ры­мы­зға ешкім­нің зала­лы тиме­се екен, сүй­е­нер Ата жұр­ты, Тәу­ел­сіз Қазақ елі бар екенін Қытай әркез естен шығар­маға­ны жөн деп санай­мыз. Екі елдің ара­сы­на жік салуға ешкім де құлы­қты емес, сұрақтың төр­кіні жер­гілік­ті қытай­лар­дың теп­кісіне түс­кен қаза­қтар­дың жағ­дай­ы­на қаты­сты қой­ы­лған еді. Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет, Рахым мырза!

 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 

 

Бұл екі арада

 

Зия­лы қауым өкіл­дері ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

 

 

Қытай­да тұра­тын қаза­қтар­дың тари­хи ота­ны­на келуіне түр­лі кедер­гілер жаса­лып жатыр. Ал елге ора­лып, ықти­яр­хат алған­дар­ды сол жаққа барған бой­да құжат­та­рын тар­тып алып, кері жібер­мей жатқан көрі­неді. Алма­ты­да бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткіз­ген бір топ зия­лы қауым өкіл­дері мен қан­даста­ры­мыз осы­лай деп базы­на айт­ты, деп хабар­лай­ды Stan.kz порталы.

 

Олар пре­зи­дент­ке ашық хат жол­дап, осы жуық күн­дері Аста­тан­да өтетін Дүние жүзі қаза­қта­ры­ның құры­л­тай­ын­да осы өзек­ті мәсе­лені шешіп беруін сұраған. Қаза­қстанға көшіп келіп, ықти­яр­хат алған неме­се көшіп кел­гісі келіп жүр­ген­дер Қытай үкі­метіне жақ­пай жатыр екен. Өткен жыл­дан бері шығы­стағы көр­ші­міз туған Ота­ны­на кет­кісі келетін­дер­ге талап­ты күшей­тіп, тіп­ті түр­лі кедер­гілер ойлап тапқан. Соның сал­да­ры­нан мың­даған қан­да­сы­мыз ата-баба­ла­ры­ның жеріне ора­ла алмай жатыр.

«Қытай халық рес­пуб­ли­ка­сын­да 30–40 жыл жұмыс істеп, зей­нет­ке шыққан аза­мат­тар бала-шаға­сын ертіп, Қаза­қстанға көшіп кел­ген. Сол Қытай­дағы үйлерінің бар­лы­ғын сатып, Қаза­қстан­нан үй алып, осын­да қоны­ста­нып оты­рған аза­мат­та­ры­мы­зды Қытай­ға қай­та­дан шақы­рып алып, олар­ды отба­сы­нан айы­рып, олар­дың зей­не­тақы­ла­рын тоқта­тып, төлқұ­жат­та­ры­ның күшін жой­ып жатыр», – дей­ді кәсіп­кер, аза­мат­тық бел­сен­ді Қыды­рәлі Оразұлы.

Жал­пы, 25 жыл­дың ішін­де елі­міз­ге шетел­ден бір мил­ли­он қан­да­сы­мыз көшіп кел­ген. Олар­дың 63 пай­ы­зы Өзбек­стан­нан, 11 пай­ы­зы Қытай­дан, 7 пай­ы­зы Монғо­ли­ядан оралған. Қытай­да тұра­тын қан­даста­ры­мы­здың қазір­гі мәсе­лесіне бей-жай қарай алмай­тын зия­лы қауым өкіл­дері елба­сы аты­на ашық хат жазып, ара­ша түсуді сұрады.

«Біздің шет­те жүр­ген қаза­қта­ры­мы­зды Қаза­қстанға алып келу жай­лы мәсе­ле көп­тен бері көтерілу­де. Бірақ сол мәсе­ле айты­лған жер­де қала­ды. Әсіре­се соңғы кез­де оны қиын­да­тып та жібер­ді», – деді жазу­шы Дулат Исабеков.

«Барыс-келісті тый­ған. Қаза­қтар­ды Қаза­қстан­мен ара­ла­стыр­мауда. Виза бер­меу, бұл жаққа өткіз­беу, өткіз­ген адам­дар­ды тер­геу. «Неге бар­дың, неге қой­дың» осы был­тыр­дан бері баста­лып­ты. Сосын тый­ым салы­нған 26 мем­ле­кет­тің тізі­міне Қаза­қстан­ды қосып­ты», – деп рені­шін біл­дір­ді жазу­шы Қаб­деш Жұмаділов.

Бірер күн­нен кей­ін Аста­на­да Дүние жүзі қаза­қта­ры­ның бесін­ші құры­л­тайы баста­ла­ды. Ұлт жана­шыр­ла­ры осы өзек­ті мәсе­лені құры­л­тай­да көте­руді көз­деп отыр.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн