Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗА ТАПҚАН АЗАМАТ Ресейдің сатып алған мүлкі ме?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №24 (388) от 22 июня 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар


 

«Бай­қоңыр­дан» ұшы­ры­лған зымы­ран­ның зара­ры үшін «Рос­кос­мос» Қаза­қстанға соқыр тиын да төле­мей­ді екен. Сол зымы­ран­ның қал­ды­ғы Жезқазған маңын­дағы Талап ауы­лы­ның төбесі­нен түс­кен. Соның сал­да­ры­нан өрт шығып, Қаза­қстан аза­мат­та­ры ажал құшқан еді. Сөйт­сек, алдын ала келісім бой­ын­ша, ресей­лік зымы­ран­ның құй­ры­ғы дәл осы маңға құла­уы тиіс екен-мыс.

 

Біз­ге мәлім дерек.

Қараған­ды облы­сын­да құлаған зымы­ран­ның бөл­ше­гі жанған­да зардап шек­кен Вяче­слав Тыц. Ол Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты. Денесінің 50 пай­ы­зын күй­ік шалған. Осы­мен алтын­шы тәулік өмір үшін күресіп, шала­жан­сар жатыр. 1964 жылғы тағы бір Қаза­қстан аза­ма­ты сол жер­де қаза болды.

Ресей­лік зымы­ран сәт­ті ұшқа­ны­мен, оның құй­ры­ғы Ұлы­тау ауда­ны­ның Талап елді мекені­нен 20-ақ шақы­рым жер­ге құла­ды. 10 гек­тар жер өртенді.

Талғат Жүсіп­тің дегеніне сен­сек, осын­ша зардап әкел­ген ресей­лік зымы­ран тасы­ғы­штың құй­ры­ғы келі­сулі жер­ге түсіп­ті, «Ресей­дің түк кінәсі жоқ екен». Дәлірек айт­сақ, Ресей жал­дап оты­рған жер­ге құлаған-мыс.

Сон­да Ұлы­тау ауда­ны мен Талап елді мекенін Ресей жалға алып отыр ма?

Ресей­дің «Рос­кос­мо­сы» Қаза­қстан аза­мат­та­рын қыру үшін арнайы лицен­зия алған ба? Қаза­қстан мен Ресей үкі­меті өза­ра келісім­ді қарас­ты­рған­да, зымы­ран қал­ды­қта­рын тастау үшін неге елсіз жер­ді белгілемеген?

Осы­ған дей­ін сан рет құлаған Ресей зымы­ран­да­ры­ның қал­ды­қта­ры Қаза­қстан ауыл­да­ры­ның тастө­бесі­нен түсіп жатқа­нын жазып-ақ келе­міз. Естір құлақ қай­сы?! Төтен­ше жағ­дай қыз­мет­кер­лері жер­гілік­ті жұрт­ты неге ескерт­пе­ген неме­се эва­ку­а­ция жаса­маған? Қаза­қстан аза­ма­ты­ның қаза­сы­на кім жау­ап береді? Қаза тапқан аза­мат Ресей­дің сатып алған мүл­кі ме?

Демек, төтен­ше жағ­дай­лар­ды ескер­ме­стен, ҚР аза­мат­та­ры тұрып жатқан елді мекен­ді зымы­ран қоқы­сын тастай­тын күресін­ге бер­ген Қаза­қстан шене­унік­терін жау­а­пқа тар­ту керек!

Бұл не масқара?!

Нуре­ди Абди­га­нидің ФБ-парақшасынан

 

 

Өмір­дің өзі анекDAT

 

• ЭКС­ПО-ға үлкен шар салға­лы жақ­сы бол­ды. Как раз бiр шарик жетiс­пей жүр едi.

• Менің бола­шақ пен­си­ям ЭКС­ПО-ға менен бұрын жет­кен сияқты…

• Алы­стағы бір түк­пір­де­гі ауыл­да ЭКСПО тура­лы әңгі­ме­лесіп оты­рған мал­шы­лар­дың біре­уі: «Мұғалім бол­сам, барар едім…» де-епті.

• – Айыр­порт­тан қонақүй­ге қырық мыңға апарған сен бе?

– Иә

– Ал не айтасың?!

– Өзім кері апа­рып тастай­ын. Біре­улер­ге желініп жүрер.

 

«Қаз­нет­тің айтқы­шта­ры» желісі­нен («Фейс­бук») алынды

 

 

 

БОРАТ КӨРІП ҚОЙМАСЫН

(Қаза­қстан жаңалықтары)

 


1. Қаза­қстан банк­терін жап­пай жабу керек. Мұны айту­шы – кез кел­ген көл­де­нең көк атты емес, бри­тан­дық білім иесі, Ұлт­тық банк­те бір­не­ше жыл жұмыс жасаған маман Дәу­рен Жолдыбек.

«Мем­ле­кет­тен де, халы­қтан да орас­ан зор қар­жы­ны тес­пей сорып жатқан мұн­дай банк­тер неме­не­ге керек? Елі­міз­де «Даму» қоры, «Бәй­те­рек» хол­дин­гі сияқты аса ірі мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­лар бар, оларға мем­ле­кет мил­ли­ард­таған қар­жы құй­ып отыр, ал Ұлт­тық ком­па­ни­я­лар биз­не­сті кре­дит­теп отыр, сон­да банк­тің қажеті қан­ша – олар «Даму» қоры­нан ақша ала­ды да, Сіз­ге береді, тағы оның үстіне % ала­ды, мем­ле­кет­ке мұн­дай ара­лық буын керек пе? Бұл – өз халқын ашы­қтан-ашық тонау.

Әсіре­се ипо­те­ка дегені­міз – адам­дар­ды нағыз құлға айнал­ды­ру­дың құра­лы. «Банк құры­са – қар­жы систе­ма­сы құри­ды» деген барып тұрған арсыз өтірік», – дей­ді Д. Жолдыбек.

 

2. Бірін­ші шіл­де­ден (2017 ж.) бастап көлік құрал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­ке­уді «РосТех»-қа қарай­тын Ресей систе­ма­сы жүзе­ге асы­ра­тын бол­ды. Бұл – Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ келісі­мі шең­берін­де жүзе­ге асып жатқан шара көрі­неді. Келісім­ге сәй­кес, ЕАЭС аумағын­дағы бар­лық көлік­тер­де ортақ элек­трон­дық пас­порт деген бола­ды (шас­сидің төлқұжаты).

Енді қара­пай­ым логи­ка: мем­ле­кет­тік есеп­ке алу мен тір­ке­уді бөтен мем­ле­кет­тің қолы­на беріп қою деген сөз – тәу­ел­сізді­гіңнің қан­дай да бір бөл­ше­гі­нен айы­ры­лу деген сөз. Егер көлік­тің төлқұ­жа­ты деген­ді «РосТех» жүр­гіз­се, онда біраз уақыт өте келе, жұмысқа ыңғай­лы болу үшін мем­ле­кет­тік нөмір­ді беруді де орта­лы­қтан­ды­ру қажет­ті­гі тумай ма? Арты­нан жүр­гі­зу­ші куәлі­гін де орталықтандырайық?

Бір күн­дері жер кадаст­ры, жыл­жы­май­тын мүлік­ті тір­ке­уді орта­лы­қтан­ды­ру, жеке және заң­ды тұлға­лар­ды бір орта­лы­қтан тір­кеу… тиім­ді демесіне кім кепіл? Олай бол­са, біз­де осы үкі­мет­тің қажеті қанша?

 

3. ЭКС­ПО-ға қаты­сқан аме­ри­кан­дық жор­нал­шы «Қаза­қстан 5 млрд дол­ларға құры­лыс салған­мен де, оған қонақ шақы­ру­ды ұмы­тып кетіп­ті» деп, мысқыл­дап мақа­ла жазып­ты. Әрине, шын­ды­қты бәрі­міз де біліп отыр­мыз, мыса­лы, Қаза­қстан шақы­ру­дай-ақ шақыр­ды: елба­сы сапарға барған жерінің бәрін­де де айтып жүр­ді. Шетел­ге шыққан деле­га­ци­я­лар қол­да­ры­нан кел­ген­ше наси­хат­та­ды, ақша­ны аяған жоқ. Соңғы үш жыл бой­ы­на ЭКС­ПО-ны жар­на­ма­ла­у­ға кет­кен қар­жы­ның шын көле­мін жари­я­ла­саңыз, кей­бір жүре­гі әлсіз адам­дар инфаркт ала­ты­ны анық.

Бірақ мәсе­ле шақы­ру­да емес, кім шақы­рған­ды­ғын­да екен­ді­гі мағлұм бол­ды. Мәсе­ле – Қаза­қстан­ның сая­си аре­на­дағы сал­мағын­да, «Нұр Отан» пиар­шы­ла­ры айтып жүр­ген­дей, алды­ңғы қатар­дағы көш­бас­шы мем­ле­кет­тер­дің бірі емес, даму­шы мем­ле­кет­тер­дің соңғы жағын­дағы көп елдер­дің бірі екен­ді­гін­де сияқты – баруға бола­ды, бар­май қал­саң да, ештеңе бол­май­ды дегендей…

Бұл да ештеңе емес, оқиға­ның одан әрі дамуы тіп­ті детек­тив­ке бер­гісіз – Қаза­қстан жағы Джеймс Пал­мер­дің мақа­ла­сын теріс­ке шыға­рып, оның айтқан­да­ры шын­ды­ққа жана­спай­ды деп сал­ды. Қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да, «өтірік­ші, нағыз суайт» деп айып­та­ды. Тіп­ті қыза келе, «Ол ЭКСПО түгілі Қаза­қстан тер­ри­то­ри­я­сы­на кір­ме­ген де», – деп соқты. Бұлар интер­нет бар екенін ұмы­тып, ол өтірік­терін Пал­мер бәрібір біл­мей­ді, ал Қаза­қстан халқын әдет­те­гі­дей алдай салуға бола­ды деп ойлап қал­са керек.

Қыр­сы­ққан­да, Қаза­қстан­ның бұл жауыр­ды жаба тоқу әре­кетін Пал­мер оқып­ты, сөй­тіп­ті де Қаза­қстанға кір­ген-шыққан, ЭКС­ПО-ға қаты­сқан билет­терінің көшір­ме­лерін, қай қонақ үйде тоқтаға­ны­на дей­ін интер­нет­те жариялапты.

Шын масқа­ра енді болған сияқты. Мына­ны Борат көріп қал­ма­сын деп тілей­ік. Онда бұры­нғы – бұры­нғы ма, енді оған қоса өтірік­ші, суайт мем­ле­кет деген атаққа толық ие бола­ты­ны­мыз анық.

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

 

 

 

 

ҰЯТТАРЫҢ ЖОҚ ЕКЕН, Аста­на­ның алыпсатарлары!

 


 

Ресей­де тұрып жатқан құр­бым қоңы­рау шалып:

– Биба, мына аста­на­лы­қтар­дың есі ауы­сқан ба? – деді ренжіп.

– Не болып қалды?

– ЭКС­ПО-ға доста­рым барған еді. Екі күн бол­ды, сан­да­лып жүр. Бір бөл­мелі квар­ти­ра­ның сут­ка­сы 45–50 мың деп тұр.

– Рас па? Бәл­кім, «Хай­вил­дің» үйлері болар?

– Жоқ. Кәдім­гі­дей «ЖК»-ның үйлері.

Соны­мен, бүгін Аста­на­да құр­бым­ның өтіні­ші­мен пәтер іздедім. Масқа­ра! Баға аспанға ұшып тұр. ЭКС­ПО-ның жаны­нан 29 шар­шы метр­лік бір бөл­мелі пәтер­ді айы­на 95 мыңға әрең тап­тым. Қуа­нып кет­тім. Үй иесі хиджап киген әйел екен. Жылы ұшы­рай қар­сы алды. Көздің жауын ала­тын «BI-груп­тың» көп қабат­ты үйінің «С» бло­гы­на кірдік.

Міне, қызық! Дәліз­ден кір­гені­міз сол еді, алды­мы­здан қауға сақал­ды ер кісі шығып:

– Мына жаққа өтіңіз, – деген­де, басын­да қат­ты сасқа­лақтап қал­дым. Неге дей­сіз ғой? Осы жасы­ма дей­ін бірін­ші рет көріп тұр­мын – подъ­ездің ішін­де кіре берісін­де­гі пәтерді.

Енді­гі көріністі айтай­ын. Бір бөл­мелі пәтер­дің ішін­де екі орын­ды кере­ует, оның дәл жанын­да электр газ пли­та­сы­мен бір­ге ыдыс-аяқ қоя­тын екі шкаф тұр. Ал сан­у­зелін айт­пай-ақ қояй­ын. Өте лас. Қарау мүм­кін емес.

– Мына­ла­ры­ңыз не? – дедім үй иесіне қарап.

– Пәтер… – дей­ді ол да күліп. – Негізі біз бұл пәтер­ді ЭКС­ПО-ның шетел­дік аза­мат­та­ры­на арнайы жасағанбыз.

– Мына пәтеріңізді шетел­дік­тер­ге көр­сет­пе­ңіз­дер. Мазақ бол­май­ық бекер­ден! – дедім қабағым­ды түйіп.

Шығып бара жатып:

– Ұят деген болу керек қой! Жұмыр­тқа­дан жүн қыры­ққан­да­ры­ңыз тіп­ті жарас­пай­ды. Өздеріңіз намаз оқып жүр­сіз­дер. Ора­за айы тағы бар, – дедім де, ашу­ла­нып шығып кеттім.

2017 жылы салы­нған бұл үйдің сыр­тқы пішіні енді кере­мет! Ырза бола­сың. Ал ішкі көрінісі адам шошырлықтай.

 

Кеше аэро­порт­тан бір таны­сы­мы­зды күтіп алдық.

– Так­си­стерің 6 мың деп тұр… – деп шағым­дан­ды ол да.

ЭКСПО деп бар­лы­ғы­мыз қуа­нып жатыр­мыз. Бірақ дей­мін де, осы­ның қызы­ғын орта­дағы сауда­гер, ұят­тан жұр­дай қаза­қтар көріп жатыр. Осын­дай намысы жоқ қаза­қтар­дың ісіне мен ұялып кете­мін. Дым көр­ме­ген­дерін жасап жатыр. Бар­лы­ғы ойы­на қан­дай цифр кел­се, соны қою­да. Неге пәтер­лер­дің баға­сын шары­қта­тып таста­ды деп, бас қаты­рған бір бас­шы­ны көрмейсің.

Аме­ри­кан жур­на­лисінің сынын оқы­ға­ным­да, қат­ты ұял­дым. Ол бер­гі жағын ғана жаз­ды. Әрі қарай үңіл­меді. Кім айт­ты ЭКСПО көр­месіне тек мил­ли­о­нер­лер мен мил­ли­ар­дер­лер келеді деп? Қан­дай надан­дық? Алып­са­тар­лар­дың кесірі­нен Қазақ елін басқа жағы­нан көріп жатыр. Шетел аза­мат­та­ры біз сияқты көр­сеқы­зар емес. Олар жер­ді, елді көріп, салт- дәстүрі­мен таны­сқы­сы келеді. Осын­дай кей «көр­соқыр ақшақұ­мар­лар­дың» зардаб­ы­нан біздің туризм арт­та қалып жатыр. Шетел аза­ма­тын көр­се, қал­та­сын қаққы­сы келіп тұра­тын сыған­нан бетер қаза­қтар­дың бары­на налимын…

Неге біз­дер жаз баста­лы­сы­мен Түр­ки­яға қарай ұша­мыз, ал қыста Таи­ланд пен Дубай­ды таң­дай­мыз? Себебі ол жақта ауа­дан ақша жасап жатқан­дар­ды көр­мей­сің. Әрі­ге бар­май-ақ қояй­ық. Мынау тұрған көр­ші өзбек елінің өзін­де тамақта­ры арзан. Арзан емес-ау, біздің сөзі­міз­бен айтқан­да – су тегін. Иә, мен ашы­нған­нан қат­ты жазып отыр­мын. Жазды­гүні өз елім­де демалғым-ақ келеді. Бірақ мына­дай сорақы­лы­қты көр­ген­де, шетел­ге қарай безіп кетесің.

Бура­бай­ға жақын­да бара­мын. Осы­дан үш жыл бұрын баға­сы «у» болып тұрған. Қазір тіп­ті ауы­зда­рын бақа­дай ашып тұрған болар?

Неше күн­нен бері Аста­на қала­сы­нан шетел аза­мат­та­рын онша бай­қай алма­дым. Өз қаза­ғым отба­сы­мен сабы­лып жүр. Жан­да­ры­нан өтіп бара жатқан­да: «Ойпы­рым-ай, удай қым­бат қой мына Аста­наң!» – деген ақ жаулы­қты әже­лер­дің сөзін естіп қала­сың. Сон­да мына ашкөз сауда­гер­лер өз қаза­ғым­ның қал­та­сын қағып отыр ғой. Шене­унік­тер бас қатыр­май­ды. Өйт­кені олар­дың қал­та­сы қалың. Ауыл­дағы мұғалім­нің 70 мыңы мен зей­нет­кер­дің 30 мыңын алмай­ды. Оларға бәрібір. Көр­мені көре­мін деп аш қалған қаза­қтар тура­лы да естіп жатырмын.

Намысым келіп кет­ті. Кім кінәлі? Аста­на­ның ауа­сы бір апта бойы қапы­рық болып тұр. Үп еткен жел жоқ. Ал халық ашты­ққа шыдаға­ны­мен, суға шыдай алмай­ды. Қара суы­ң­ның баға­сы да жетісіп тұрған жоқ…

 

Бибі­гүл ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн