Пятница , 4 июля 2025

АМЕРИКАДАН КЕЛГЕН ҚЫЗДАР Қазақстанда ауылдан келгендер аталып жүр

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №24 (388) от 22 июня 2017 г.

 

Құры­л­тай қарсаңында

 


 

Моңғо­ли­яда туып-өсіп, Аме­ри­ка­да біраз жыл тұрып, ата­ме­кен­деріне кел­ген апа­лы-сіңлілі Айнұр мен Алтын­нұр мұн­дағы әсер­лерін «Азаттық» радио­сы­на айтып бер­ген екен.

 

Аме­ри­ка­дан эко­ло­гия маман­ды­ғы бой­ын­ша бака­лавр­лық білім алып кел­ген 22 жастағы Айнұр Жекей Қаза­қстан­да – Назар­ба­ев уни­вер­си­тетін­де маги­стра­ту­ра­да оқы­ған. Алтын­нұр да биыл Назар­ба­ев уни­вер­си­тетін химия инже­нері маман­ды­ғы бой­ын­ша тәмам­даған екен.

Олар 1995 жылға дей­ін Моңғо­ли­яда тұрған. Кей­ін­нен олар­дың отба­сы Аме­ри­каға көшіп кете­ді. Олар АҚШ-та 8 жыл тұрып, сол жақта орта білім алып, уни­вер­си­тет­тің бака­лаври­а­тын бітіріп, Аста­наға 2014 жылы кел­ген. Апа­лы-сіңлілі қыздар қазақ тілі­нен бөлек ағы­л­шын, моңғол, түрік және орыс тіл­дерін меңгерген.

«Біз ең алғаш Қаза­қстанға кел­ген­де, мұн­дағы­лар қаза­қ­ша сұрағы­мы­зға орыс­ша жау­ап бер­ді. Біз неге Қаза­қстан­да қазақ тілін­де сөй­ле­мей­ді деп таң­дан­дық. Бізді Қаза­қстан­да ауыл­дан кел­ген­дер деп мен­сін­бей қара­ды. Бірақ біз Аме­ри­ка­дан кел­ген едік», – дей­ді Айнұр Жекей.«Бізге ата-ана­ла­ры­мыз «орал­ман» деген сөзді ота­ны­на оралған­дарға бай­ла­ны­сты айта­тын­ды­қтан, ең кере­мет сөз деп түсін­дір­ген еді. Бірақ Қаза­қстан­да орал­ман­дарға жақтыр­май қарай­ты­нын түсін­дім. Бірақ мен әлі де өзім­нің орал­ман екенім­ді, қазақ екенім­ді айтып мақта­на алам», – дей­ді Алтын­нұр Жекей.

«Аме­ри­ка­лы­қтар – мінезі ашық адам­дар. Олар ешкім­нен ұял­май­ды. Ойын ашық жет­кі­зеді. Ал қаза­қтар­да «ел не ойлай­ды?» деген түсінік бар. Бірақ оны кем­шілік деп қара­май­мын. Ол екі елдің өз мен­та­ли­теті шығар», – дей­ді Айнұр.

Олар­дың сөз­деріне қараған­да, бұдан былай қаза­қтың қос қызы алған маман­ды­қта­ры бой­ын­ша шетел­де жұмыс істеп, білі­мін шың­дап, содан кей­ін Қаза­қстанға қай­тып келе­міз деген ойда.

Түп­нұсқа: Azattyq.org

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙҒА 12,5 мил­ли­ард дол­лар ҚАРЫЗ

 

Қаза­қстан­дағы жоба­лар­дың біра­зы Қытай­дан алы­нған қарыз капи­та­лы негізін­де жүзе­ге асы­ры­лып жатыр. Қазір­гі таң­да Қытай­ға қары­здың жал­пы көле­мі 12,5 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­ры­на жет­кен, деп хабар­лай­ды Stan.kz.

 

«Қазір­гі кез­де біз ҚХР-ға қарыз болып оты­рған ақша 12,5 мил­ли­ард дол­ларға жетіп отыр. Банк­тер бой­ын­ша – 2,7. Өзге сек­тор­лар бой­ын­ша – 8,97. Кәсі­по­рын­дар мен фир­ма ара­лық қары­здар 944 мил­ли­он. Шама­мен осын­дай. Соны­мен бір­ге Қытай тара­пы­ның да Қаза­қстан алдын­да бере­ше­гі бар. Біз де құн­ды қағаз­дар­ды салып отыр­мыз. Ол 12 мил­ли­ард дол­лар­ды құрай­ды. Айыр­ма­шы­лық 579 мил­ли­он дол­лар. Бұл жағ­дай сыр­тқы қары­зға қараған­да жақ­сы­рақ», – деді ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Тимур Сүлейменов.

Егер сыр­тқы қарыз бой­ын­ша көр­сет­кіш нақты бол­са, екі ел ара­сын­дағы сауда қаты­на­ста­рын­да ала-құла­лық бай­қа­ла­ды. Жақын­да ғана ҚХР төраға­сы­мен кез­де­су­де Назар­ба­ев Қаза­қстан мен Қытай ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лы­ққа таңы­рқаған еді. Қар­жы мини­стрі Бақыт Сұл­та­но­втың айтуын­ша, айыр­ма­шы­лық 5 млрд дол­ларға жет­кен. Бұл апта­да осы тақы­ры­пқа сенат спи­кері Қасым-Жомарт Тоқа­ев та назар аудар­ды. Ол сан­дарға қаты­сты айыр­ма­шы­лы­қтар­ды «ірі халы­қа­ра­лық оқиға» деп ата­ды. Егер министр Сұл­та­нов бұл рет­те жағ­дай әдіс­ке тіреліп тұр десе, сенат төраға­сы мұның себебі кон­тра­бан­да деп бір-ақ атады.

«Сіз қазір әдіс­на­ма­лық келіс­пе­ушілік­ті бірін­ші оры­нға шыға­рып қой­ды­ңыз. Ал мен бірін­ші оры­нға кон­тра­бан­да мәсе­лесі мен көлең­келі эко­но­ми­ка­ны қояр едім. Соңы­на дей­ін әділет­ті қарау керек», – деді Қ. Тоқаев.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн