Четверг , 10 июля 2025

ЖАНЫП ЖАТҚАН қазақтың қамын КІМ ОЙЛАЙДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №24 (388) от 22 июня 2017 г.

 

Орал­ман ой айтады

 


 

• 22–24 мау­сым күн­дері Аста­на­да өтетін Дүние жүзі қаза­қта­ры­ның V құры­л­тай­ын­да не айты­ла­ды? Төрт­күл дүни­е­ге тары­дай шашы­раған қаза­қты ата­ме­кен­ге жина­удың жаңа жоба­сы сөз бола ма? ЭКС­ПО-ға бөлін­ген­дей қыру­ар қар­жы­ның тым құры­ған­да тең жар­ты­сы қазақ көшіне бұй­ы­ра ма?

 

Мен тари­хи Ота­ным – Қаза­қстанға алғаш рет 2005 жылы Дүние жүзі қаза­қтар­дың ІІІ құры­л­тай­ы­на қонақ ретін­де шақы­ры­лған­да табан тіредім. Музей­лер мен көр­ме­лер­ді, әде­мі ғима­рат­тар­ды тама­ша­ла­дық, дүние жүзі­нен кел­ген қан­дас бауыр­лар­мен таны­стым, кере­мет кон­церт­тер­дің куәсі бол­дым. Қазақ болып туға­ны­ма қуан­дым, бақыт­тан басым айнал­ды. «Өзбек жерін­де не істеп жүр­мін?» деген сұрақ көкей­і­ме маза бер­меді, түні­мен төм­пек­шіп, дұрыс ұйы­қтай алма­дым, түн­де ұйқы­дан, күн­діз күл­кі­ден айы­рыл­дым. Таш­кент­ке қай­тып кел­ген соң, «Қалай да тари­хи Ота­ны­ма ора­луым керек!» деп шештім.

Шека­ра­шы-офи­цер болған­ды­қтан, арыз жазып, қыз­мет­тен боса­дым. Әбду­са­ла­мов Олим­жон деген қыз­мет­тес өзбек ағай­ын­ның: «Мурод ака, сиз­ни козо­клар ишка омай­ди­лар» деген сөзін тың­да­май, қолын қат­ты қысып қошта­стым, басқа түс­кен­ді көз көрер деп, Аста­на­дан бір-ақ шықтым.

Бірақ Олим­жон­ның ойы дәл кел­ді: қаза­ғым­ның қалың орта­сын­да құжат деген қиын­ды­ққа тап бол­дым. Көші-қон басқар­ма­сы­на құжат тап­сы­ру, оны тол­ты­ру­дың машақа­тын дұшпа­ны­ма тіле­мес едім.

Құжат тол­ты­ру бары­сын­да түсін­бе­генім­ді сұра­мақ­шы болып, көр­ші кең­се­ге кір­сем, бір топ адам әңгі­ме­лесіп тұр екен. Бәрі дер­лік өзі­міздің қара­көз­дер, бірақ бір-бірі­мен орыс­ша сөй­лесіп отыр. «Кешіресіз­дер…» деп, сөз бастаға­ным сол еді: «Кто тебя сюда при­гла­сил, иди отсю­да!» – деді шет­те оты­рған сап-сары қазақ қызы. «Қаза­қстанға орыс­ша сөй­леу үшін кел­генім жоқ» деп едім: «Еще они по-рус­ски не вла­де­ют», – деп, тағы бір мұқат­ты. Кеше үстіне басып кір­ген оры­стан, одан қала бер­ді жер ауда­ры­лған армян мен грек­тен, курд пен кәрі­стен «қай­дан, неге кел­дің? деп сұра­маған, қонағы­ның көңілін табу­ды ғана ойлаған ортақ­шыл қазақ енді бүгін екі өкпе­сін қолы­на алып, жүре­гі лүпіл­деп, ата жұр­тқа жет­кен қан­да­сы­на осы­лай қыр көр­се­тетіні жаны­ма бат­ты. «Адам­ның көңілі бір атым насы­бай­дан қала­ды» дей­ді атам қазақ, лапыл­дап кел­ген жүрек осы­лай су сеп­кен­дей басылды.

Иә, маған, мен сияқты орал­ман ағай­ы­нға қараған­да, оларға орыс неге жат емес? Біз­де қалып­тасқан түсінік, санаға бір­жо­ла орны­ққан ұғым бой­ын­ша, қазақ емес жұрт­тың бәрі біз­ге қожай­ын. Мұның бәрі – қазір­гі жер-әлем­де жой­ы­лған құл­дық сана­ның клас­си­ка­лық көрінісі.

Қазақ ежел­ден осы­лай ма едік? Әрине, жоқ! Қазақ бауыр­мал, адам ата­улы­ға жана­шыр­лы­ғы мол еді. 1961 жылы Қаза­қстанға Қытай­дан бір мил­ли­онға жуық қазақ қоныс аудар­ды. Бүгін­гі күні Семей, Өске­мен, Тал­ды­қорған, Алма­ты сын­ды қаза­қ­сы­рап оты­рған бір­не­ше облы­сты ұлт­тық-демо­гра­фи­я­лық апат­тан аман алып қалған солар бола­тын. Қазір­гі солар­дың ұрпағы­на қарап, кім, қашан, қай­дан кел­генін ажы­ра­та алмай­сыз. Қалың қаза­қтың ортай­ған дари­я­сын түгел тол­тыр­ма­са да, бір­ша­ма оңдап тастаға­ны күмән­сіз еді.

Өткен­ге сала­у­ат айта оты­рып, биыл тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға 26 жыл толуы­мен қазақ халқы қай­та түлеп, алды-арты­на қара­са дей­міз. Дағ­да­рыс зама­нын­да бар мәсе­ле қара­жатқа тіреліп тұр­са, дария болып ағып жатқан мұнай­дың, мыс пен алтын­ның ақша­сы бұй­ыр­ма­са да, ата­ме­кеніне аңса­ры ауған қаза­қтың меселін қай­тар­ма­са дей­міз. Қара­жа­ты­ң­ды қима­саң, өз беті­мен келіп жатқан ағай­ы­нға тым құры­ған­да аза­мат­тық алуға кедер­гі кел­тір­ме! Орал­манға санап бөлін­ген кво­та да сиы­рқұй­ым­шақта­нып барып, тоқтап қалға­ны қай заман?!

 

Әлем­де үш мем­ле­кет – Изра­иль еврей­лер­ді, Гер­ма­ния немістер­ді, Қаза­қстан қаза­қтар­ды ата­ме­кеніне көшіру­ге мүм­кін­дік туды­рып отыр. Бірақ Изра­иль мен Гер­ма­ни­яда көшіп келу­ші­ден ұсы­ныс түс­кен­де, ол адам­ның келетін жерін, істей­тін қыз­метін және бала­сы­ның оқи­тын мек­тебін дай­ын­дап алып, кей­ін оны шақы­ра­ды. Біз­де ондай жүйе мүл­дем қалып­тас­паған. Біздің қаза­қтарға алдын­да азын-аулақ кво­та беру­ші еді, қазір ол да жоқ, аза­мат­тық алу – құдай­дың қия­меті. Кезін­де Асан қай­ға баба­мыз «Құй­ры­ғы жоқ, жалы жоқ – жылан қай­тіп күн көрер?!» десе, қазір «Жұмыс пенен үйі жоқ, аза­мат­тық пен күйі жоқ – орал­ман қай­тіп күн көрер?!» дегім келеді.

Сон­ды­қтан әл-ауқа­ты бар­лар көшіп алды, көше алмай­тын­дар не істерін біл­мей, көзі бақы­рай­ып, «бізді Назар­ба­ев көшіріп алсын» деп қалып қой­ды. Сол ауыл­да қалған ағай­ын бауыр­лар­дың тағ­ды­ры не бол­мақ? Сырт­та жүріп, өзбек­теніп, қытай­ла­нып, оры­ста­нып, жанып жатқан қаза­қтың қамын кім ойлайды?

 

Жұма­мұрат ШӘМШІ,

тарих ғылым­да­ры­ның кандидаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн