Суббота , 5 июля 2025

Жарылқап ҚАЛЫБАЙ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАНЫ ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

ДАТ!

 


 

Жур­на­ли­стер­дің кәсі­би мере­кесі қар­саңын­да мем­ле­кет­тік мара­патқа ие болған­дар­ды ресми БАҚ жары­са жар­на­ма­ла­ды. Ал қоғам­дық ұйым­дар тара­пы­нан «Қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы­ның қай­рат­кері» атағын алған елге таны­мал аза­мат­тар­дың есі­мі әле­умет­тік желі­де ғана ата­лып, бұқа­ра­ның наза­ры­нан тыс қал­ды. Осы мара­патқа ие болған­дар­дың бірі – тәу­ел­сіз жур­на­лист, «Жұл­ды­здар отба­сы» және «Аңыз адам» жур­нал­да­ры­ның жетек­шісі Жары­лқап ҚАЛЫБАЙ мыр­за­ны әңгі­ме­ге тар­ту­дың реті келді.

 

– Жәке, кәсі­би мере­ке қар­саңын­да «Қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы­ның қай­рат­кері» медалі­мен мара­пат­талған екен­сіз: біздің редак­ци­я­ның аты­нан құт­ты­қта­уы­мы­зды қабыл алыңыз!

– Рах­мет, мара­пат­тың төресі осы деп қабыл­да­дым! Мен 1981 жыл­дан жаза бастап­пын, осы жыл­дар­дың ішін­де сая­хат­пен, ісса­пар­мен 25 мем­ле­кет­ті ара­лап көр­дім, енді, міне, Аме­ри­ка­да оқып жүр­мін. Әсіре­се Батыс Еуро­па елдерін­де көп бол­дым. Бай­қаға­ным – ол жақта кіш­кен­тай іс атқар­дың ба, айлық жалақы­ға қосым­ша сый­лық қоса­ды, ынта­лан­ды­ра­ды. Біздің елде, тәу­ел­сіздік алған мем­ле­кет­те бір ада­мға қыз­мет еткен жүй­енің, мини­стр­лік­тің шене­унік­терін мара­пат­тап жата­ды. Соны­мен бір­ге поли­ци­я­ның айлық жалақы­сын көбей­тіп жатқа­ны­на не дер­сіз? Елде­гі парақор­лы­қтың көкесін таны­тып жатқан қыз­мет сала­сын көтер­ме­ле­удің сая­са­ты жаса­лып жатыр. Егер поли­ция қыл­мыспен, жемқор­лы­қ­пен күре­сте жанын салып, елде­гі заң­ды­лы­қтың үстем болуы­на үлес қосып жат­са, айтар сөз басқа! Ал қоғам­ның бола­шақ ұрпағын тәр­би­е­лей­тін ұста­здар қауы­мы мен адам ден­са­улы­ғы­ның ара­ша­шы­сы – дәрі­гер­лер­ді ынта­лан­ды­ру шара­сы неге жасалмайды?

Өрке­ни­ет­ке ұмты­лған мем­ле­кет­те кәрі-құр­таң­дар мен сәби­лер­ге, мүге­дек­тер мен көп бала­ла­лы отба­сы­ларға әле­умет­тік қол­дау көр­сетіп, жағ­дай­ын жасай­ды. Жал­пы, ел тұрғын­да­рын тегін білім мен тегін емдеу мәсе­лесі жолға қой­ы­лған. Мем­ле­кет­тің даму көр­сет­кі­ші де осы тұрғы­да баға­ла­на­ты­ны белгілі.

– Ал жур­на­ли­сти­ка­дағы 30 жыл­дан астам еңбе­гіңізді баға­лаған мем­ле­кет­тік мара­пат неме­се сый­лық бол­ды ма сізде?

– Мен билік­тен ешқан­дай сый­лық алып көр­меп­пін, сұраған да емес­пін, тіп­ті оған қажет­тілік те тумап­ты. Мәсе­лен, Аме­ри­ка­да отыз жыл емес, үш жыл қыз­мет етсең де, еңбе­гіңнің жемісі баға­ла­нып, ынта­лан­ды­ру шара­ла­ры жаса­ла­ды. Біз­де кәсі­би мере­ке жақын­даған кез­де билік­ке қыз­мет етсең ғана жер­гілік­ті жер­де­гі құзыр­лы меке­ме, жұмыс беру­ші, одан кей­ін аймақ, рес­пуб­ли­ка дең­гей­ін­де әртүр­лі мара­пат­тар тара­тып жата­ды. Оның өзін­де де жұмыс беру­шінің меке­месі сұра­нып, өтініш жасап, «жалы­нып-жал­пай­ып» алып береді.

Ал «ДАТ» жоба­сы­ның жетек­шісі Ермұрат Бапи еке­уміз алған «Қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы­ның қайр­та­кері» атағы – қоғам­дық сый­лық, ел-жұрт, қоғам мой­ын­даған мара­пат! Бұл мара­пат мем­ле­кет­тік сый-сия­пат­тан мәр­те­бесі жоға­ры екенін мақта­ны­шпен айта аламын.

Бір айыр­ма­шы­лы­ғы – мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­ге барған­да, қоғам­дық мара­пат­ты мой­ын­да­ту­дың қиын­дау тиетін жағы бар: оларға билік тара­пы­нан беріл­ген «сөл­ке­бай­лар­дың» сөзі өтіп тұра­ды. Ол да бір уақыт­ша кедер­гі екені хақ.

– Жур­на­ли­стер­дің кәсі­би мере­кесін бай­ла­ныс­шы­лар­мен (свя­зи­стер) бірік­тіріп жібер­гені жөнін­де әріп­те­стеріңіз ара­сын­да әлі күн­ге дей­ін нара­зы­лы­қтар айты­ла­ды. Бұл – мем­ле­кет­тік билік­тің жур­на­ли­стер­ге, жал­пы бас­пасөз­ге деген қырын қабағын көр­се­тетін жағ­дай емес пе?

– Жур­на­ли­стер­ді пошта­шы­лар­мен теңе­сті­ру нағыз сау­ат­сыздық дер едім. Төр­тін­ші билік сана­ла­тын кәсіп иелеріне деген көзқа­рас баяғы кеңе­стік жүй­е­ден, ком­му­ни­стік көзқа­рас­тан қалып қой­ған сарқын­шақ. Сыр­тқы пошы­мын әде­мілеп, нары­қтық көріністе­гі деко­ра­ци­я­мен әрлеп, демо­кра­ти­я­лық дамуға ұмты­лыс жасаған кей­іп таны­тқа­ны­мен, ішкі бол­мысы соци­а­ли­стік қасаң қалып­тан өзгер­ген жоқ. Сол себеп­тен де өзгеріс­ке ұмты­лған­ның жөні осы екен деп, БАҚ-ты бай­ла­ныс сала­сы­мен қосақтап қой­ды. Өйт­кені бұры­нғы ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның бірін­ші хат­шы­сы күні бүгін­ге дей­ін елді басқа­рып отыр. Шет­ке шығып, ел ара­лап жүр­се де, көзі көр­ген зама­на­уи жаңа­лы­қтар­ды ел басқа­ру тәжіри­бесіне толық енгі­зе алмады.

Қаза­қстан халқы он сегіз мил­ли­онға енді ғана жететіні жөнін­де ресми мәлі­мет жария бол­ды. Бүгін­гі пре­зи­дент осы­дан жиыр­ма сегіз жыл бұрын бірін­ші хат­шы болған кез­де халық саны осы шама­ның арғы-бер­гісін­де еді, енді, міне, ширек ғасыр­дан кей­ін де сол мөл­шер­ден алы­ста­мап­пыз. Демек, бар­лық сала­да да осын­дай жағ­дай қалып­тасқан деуі­міз­ге бола­ды, өзгер­ген ештеңе жоқ.

Мем­ле­кет­тің қол­да­уы­мен «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­мен оқып кел­ген жастар­дың денінің үш жыл­дық маги­стр­лық оқуы­ның тең жары­мы тіл үйре­ну­ге кете­ді, содан кей­ін қалға­ны жар­ты­лай ақпа­рат алу­дан ары аса алмай­ды. Оқуға барып жатқан­дар да сол баяғы бай­дың бала­ла­ры, тамыр-таны­сты­қтың арқа­сын­да қолы жет­кен­дер. «Айт­пай­ын десем, сөздің ата­сы өледі» демек­ші, іші­ме жиналған ащы запы­ран­ды жет­кіз­ген түрім ғой…

– Жәке, «Бола­шақ» демек­ші, соңғы бір жыл бойы елден жырақта – Аме­ри­ка­да ағы­л­шын тілін оқып жүр­геніңіз­ден хабар­дар­мыз. Енде­ше сырт көз­бен қараған­да, Қаза­қстан­дағы қоғам­дық-сая­си аху­алға салы­стыр­ма­лы түр­де қан­дай баға берер едіңіз?

– Салы­сты­рар дүниенің ара сал­мағы жер мен көк­тей шығар. Біз­де, мәсе­лен, дүкен­ге, дәрі­ха­наға бар­саңыз, кезек­те тұрған­дар бірін-бірі киіп, алдын­дағы адам­ның әми­я­нын­да қан­ша ақша бары­на да дей­ін көз­бен тінт­кілей­ді. Ал шетел­де кезек­ті сақтап, бірер қадам алы­сы­рақ тұра­ды, сатып алған заты­ң­ды жинақтап, сөм­ке­ге салғанға дей­ін орны­нан қозғал­май­ды. Сату­шы­лар­дың әдеп­сіздік көр­се­туі әдет­ке айналған. Қоғам­да мәде­ни­ет­тілік­тің үлгісін қол­мен қалап қой­ған­дай қалып­та­сты­рған. Ал көше­де­гі көлік­тің жүріс-тұры­сын сіз сұра­маңыз, мен айт­пай-ақ қояй­ын. Біздің көлік­тер бірін-бірі басып озып, қағып өтетін жағ­дай жиі кез­де­седі, тәр­тіп сақтау жөнін­де ескер­ту жаса­саңыз – сөз естисіз неме­се соққы­ға жығы­ла­сыз. Заңы әлсіз елдің тәр­тібі көше­ден бастап бұзы­лып, сот­та әділет­сіздік орын алып, халық зардаб­ын тар­ту­да. Аме­ри­ка­да бір-біріне деген адам­гер­шілік, сый­ла­стық сезім бар, көлік жүр­гізіп оты­рған әйел адам­дарға жол беріп, құр­мет көр­се­ту­ден еш жаңылмайды.

Біз­де­гі қоғам­дық-сая­си аху­ал­дың жағ­дайы да осы: аза­мат­тық құқын қорғай алмаған адам­дар билік­тің сая­са­ты­на қалай ықпал ете ала­ды? Елде­гі сая­си-эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік дағ­да­рыс жеке­ле­ген аза­мат­тар­дың тұр­мыс-тір­шілі­гі­нен көрініс тапқан. Бұл қатып қалған қағи­да сияқты: себебі сая­си рефор­ма, отар­сыздан­ды­ру сая­са­ты жүр­гізіл­ме­ген­дік­тен, қоғам тоқы­рап қалған.

Ал Аме­ри­ка­дағы тір­шілік мүл­де өзге­ше. Мен оқуға барған соң, бірер айдан кей­ін пре­зи­дент­тік сай­лау бол­ды. Науқан кезін­де қызы­ғу­шы­лық таны­тып, сай­лау про­цесін бақы­ла­дым. Сай­лау учас­ке­леріне барып бай­қа­сам, бұры­нғы пре­зи­дент Оба­ма­ның мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Хила­ри Клин­тон­ды өткі­зу үшін бүкіл мем­ле­кет­тік аппа­рат жат­пай-тұр­май қыз­мет етті. Соған қара­ма­стан, сай­ла­у­шы­лар Трам­пқа дауыс бер­ді. Менің әйел адам­ды пре­зи­дент­ке неге сай­ла­маған себебін сұра­с­тыр­сам, кан­ди­дат­тың ұлты­на, жыны­сы­на, діни көзқа­ра­сы­на қара­май, іскер­лі­гіне ден қояды екен. «Хила­ри сөздің ада­мы, сон­ды­қтан сая­си тәжіри­бесі бол­ма­са да, Трамп­тың қолы­нан іс келеді деп таң­да­дық», – дей­ді. Дауыс беру­шілер сай­лау учас­кесін­де бюл­ле­тень­ге дауыс бер­гені жөнін­де бел­гіні қояды, екін­ші жақтан элек­трон­ды есебі жүр­гізіліп жата­ды . Дауыс беру аяқталған кез­де нәти­же­сі бір­ден көр­сетіледі. Біз­де­гі­дей топыр­ла­тып бюл­ле­тень тастау, дауыс беру­шінің санын өзгер­ту деген аты­мен жоқ. Адам құқы­ның сақта­луы деген мәсе­ленің басты бел­гісі де осы шығар!

– Осы бір жыл­дың ішін­де шетел­дік­тер тара­пы­нан, әсіре­се жур­на­ли­стер қауы­мы ара­сын­да Қаза­қстан тура­лы қан­дай көзқа­рас­тар бар екенін бай­қай алды­ңыз ба?

– Мен Фло­ри­да шта­ты Май­я­ми қала­сын­да тіл үйре­ну кур­сын­да 40–50 мем­ле­кет­тен кел­ген сту­дент­пен бір­ге оқы­дым. Сабақ үстін­де әркім кезек­пен елін таны­сты­ра­ды. Өз елім­ді таны­сты­рға­ным­да, екі-үш бала ғана Қаза­қстан­нан хабар­дар болып шықты, қалға­ны есті­ме­ген, есті­се де, кар­та­дан көр­се­те алма­ды. Қытай мен Ресей­дің орта­сын­да екенін айт­сам, еке­уін біледі де, бізді біл­мей­ді. Білетін­дерінің өзі – ана тілі жоқ, оры­ста­нып кет­кен мем­ле­кет деп қабыл­дай­ды. Нью-Йорк­та оқып жүр­генім­де, ита­льян жігіті Қаза­қстан тура­лы «Борат­тың елі» демесі бар ма? Осы уақы­тқа дей­ін есті­ме­ген сөзім еді, намысым­ды қоз­дыр­ды. «Егер Борат Ита­лия тура­лы кино түсір­се де, дәл осын­дай кей­іп­ті киер еді», дедім.

Арты­нан ол жігіт менен кешірім сұра­ды. Алы­ста жүріп, әле­умет­тік желіні оқып, сын көз­бен қараға­ным­да, біз тәр­тібі рет­тел­ме­ген ел екені­мізді түсін­дім. Жол жүру ере­же­сі, қоғам­дық-әле­умет­тік қаты­на­стар, кез кел­ген сала­дағы келеңсіз жағ­дай­лар «Борат­ты» еле­стетіп тұра­ты­нын жасы­рып қай­тей­ін. Ал осы­ны бөтен адам беті­ме айт­са, намысың келеді екен.

Жал­пы, Қаза­қстан тура­лы ешкім­нің хаба­ры жоқ десем бола­ды, Назар­ба­ев­ты мүл­де біл­мей­ді екен. Билік­тің «Әлем­ге Қаза­қстан­ды Назар­ба­ев таныт­ты» деген жыл­тыр жар­на­ма­сы жалған болып шықты.

Ал Қаза­қстан­нан шыққан деп көр­се­те қоя­тын өні­мі­міз де жоқ екен, құдай-ау! Дема­лы­сқа кел­генім­де, «Рахат­тан» шыққан кәм­пит­ті әуе­жай­дан сатып алып, мұғалім­дерім­нен бастап, кур­с­та­ста­ры­ма тара­тып беріп, ішім­нен әрең деген­де осы кәм­пит­ті тапқа­ны­ма қуандым.

– Аме­ри­ка­лық жур­на­лист Джеймс Пал­мер­дің ЭКСПО төңіре­гін­де жазған мақа­ла­сы мұн­да біраз дау-дамай туды­рға­ны­нан хабар­дар шығар­сыз: халы­қа­ра­лық дең­гей­де у‑шу туды­рған осы кикіл­жің­ге қаты­сты сырт­тай пікіріңіз қандай?

– Оқы­дым, көр­дім. Жур­на­лист көзі көр­ген дүниені жазған, оған шам­да­ну­дың қажеті қан­ша?! Дүниенің қиыр шетін­де­гі көр­ме екені бәрі­міз­ге де мәлім, өзім бар­маған соң, БАҚ-қа шыққан ақпа­рат арқы­лы таны­су­да­мын. Оның үстіне әлем­ге таны­мал тау­а­ры, өні­мі жоқ мем­ле­кет «Жасыл эко­но­ми­ка» көр­месін өткіз­гені тіп­тен түсініксіз. Жиыр­ма бес жыл­дың ішін­де елі­міз­де қан­ша­ма халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі нешетүр­лі сам­мит, Уни­вер­си­а­да, түр­лі дін­дер­дің басқо­су жиын­да­ры өтті. Сон­дай-ақ Батыс БАҚ-тары­на ақы­сын төлеп тұрып, ими­дж­дік мате­ри­ал­дар жари­я­ланға­ны­мен, Қаза­қстан­ды танып жатқан­да­ры да шамалы.

Мен елім­ді тұқыр­тып отыр деп ойлап қал­маңыз: ширек ғасыр­дың ішін­де Қаза­қстан әлем­ге әйгілі болған мем­ле­кет деген мақта­ны­шым шет­ке шыққан­да су сеп­кен­дей басыл­ды. Таны­туға мүм­кін­ді­гі­міз мол еді ғой.

Бір қызы­ғы, Аме­ри­ка­да өзбек пен қырғы­зды жақ­сы біледі. Нью-Йорк пен Лос-Анже­ле­сте көр­шілер қап­тап жүр. Оқып жүр­ген­дері де, жұмыс істеп жүр­ген­дері де жете­ді. Кеңе­стік елдер­ден барған­дар Нью-Йорк­тің Бруклин ауда­нын­да тұра­ды, ағы­л­шын тілі­мен қатар орыс тілін­де сөй­ле­седі, оқуға барған қаза­қтарға пәтер­ді жалға беретін­дер – қырғы­здар мен өзбек­тер. Біздің елде екі көр­ші тура­лы әжуа қал­жың көп қой: «олар Ресей­де жал­да­нып жүр», «өзе­кең­дер біздің елде құры­лыс салып, қырғы­здар сауда жасап, пұл тауып жүр» деген­дей. Сөйт­сек, олар Ресей­ге ғана бар­мап­ты, Баты­сты бағын­ды­рып­ты. Әле­умет­тік жағ­дай­ла­рын да түзеп алған, елі­нен келіп жатқан аза­мат­тарға жасай­тын қай­ы­ры­мы да мол.

Біз­де­гі шетел­ге шыққан­дар бір-біріне суық, жек көріні­шпен қарай­ды. Негізі­нен бай­шы­ке­ш­тер ғой: шет­ке шыға ала­тын, әсіре­се қаза­қи бол­саң, тана­уын шүй­іретін­дері де кез­де­седі. Құдай­ға шүкір, Нью-Йорк­та қаза­қы­лы­ғы дұрыс жастар көп екен, орыс тіл­ді бол­са да, има­ны бар жастар бар­шы­лық. Солар топ құрып, әле­умет­тік желі арқы­лы бір-біріне пәтер табуға, жұмысқа орна­ла­суға көмек­тесіп жатыр. Ал Лос-Анже­лес пен Май­я­ми­де сон­ша­лы­қты қарым-қаты­на­стар бай­қал­май­ды, естуім бой­ын­ша, биыл Май­я­ми­де Науры­зды тойлапты.

Айт­пақ­шы, Нью-Йорк­тағы «Чай­на­та­ун» күні кеше пай­да болған екен десем, қытай­лар осы қала­ның іргесін жүз жыл бұрын қала­сып, қытай ауда­нын құрып­ты. Қытай­дан кел­ген әйел­дер­ді көше­ден көр­генім­де бай­қаға­ным – ағы­л­шын тілін біл­мей­тін болып шықты. Өзінің Қытай­ын­да жүр­ген­дей – еркін. Қаза­қтар­ды жинап, Аме­ри­ка­ның бір қала­сын­да Қазақ ауда­нын құру жөнін­де ұсы­ныс айтып жатқан жігіт­тер бар, бұй­ыр­са іске аса­тын шығар.

Айна­лып келіп, қырғы­здар­ды айтып кетей­ін, мем­ле­кет­терінің 25 жыл­ды­ғын дүр­кіретіп атап өтті. Сол жер­де­гі елшілі­гі бас болып, Ман­хет­тен­нің ең төрін­де­гі кон­церт залын­да ұлт­тық-этно­гра­фи­я­лық оркестр­дің кон­цер­тін бер­ді. Аме­ри­ка­дағы бар қырғыз жинал­ды, ең арзан билетін сатып алып, мен де барып көр­дім. Осы кон­церт өтетіні жөнін­де алдын ала үш ай бұрын жар­на­ма жасал­ды, үлкен экран­дар­дан көр­сетіл­ді. Ал біздің 25 жыл­ды­ғы­мы­зды – елшілік өз ішін­де өткізіп­ті, ресто­ранға жина­лып, ас-су ішкен­деріне мәз болған сияқты. Елшілік­тің сол шара­сы­на қаты­сқым кел­се, қазақ бол­сам да, маңы­на жуыт­пас еді. Ағай­ын­ды екі елдің дең­гей­ін осы­мен-ақ салы­сты­ра беріңіз.

– Жал­пы, аме­ри­ка­лық оқу­да жүріп, қаза­қстан­дық және шетел­дік бас­пасөзді, жур­на­ли­сти­ка­ны, меди­аға деген билік­тік көзқа­рас­тар айыр­ма­шы­лы­ғын салы­сты­ра келіп, қан­дай тұжы­рым жасар едіңіз?

– Біз­де­гі ақпа­рат бір жақты, билік­тің сой­ы­лын соғуға бағыт­тал­са, Аме­ри­ка­дағы сөз бостан­ды­ғы­на ешкім шек­теу қоя алмай­ды. Мәсе­лен, Трамп­ты пре­зи­дент­тік­ке сай­лағы­сы кел­мей­тін­дері ақпа­рат­та ашық жазы­лып жат­ты. Сай­ланған күн­нің ертеңін­де Трам­пқа қар­сы нара­зы­лық біл­дір­ген­дер топ-тобы­мен ағы­лып, көшені айна­лып шығып, шеру өткізді. Осы шеру­лер жөнін­де теле­ар­на­лар мен газет-жур­нал­дар­да ашық көр­сетіліп, жазы­лып жат­ты. Трамп­тың үкі­меті қар­сы­лық көр­се­ту­шілер­ге ескер­ту жасап, жаза­ға тар­тқан жоқ. «Тайм» жур­на­лы мен «Вашинг­тон пост», «Нью-Йорк таймс» газет­терінің әр санын­да пре­зи­дент­ті аямай сынап жата­ды. Оба­мен салы­сты­ра­ды, оның меди­ци­на­лық бағ­дар­ла­ма­сын өзгерт­пек болған Трамп­тың түгін қал­дыр­май сынаған мақа­ла­лар шықты.

Газет-жур­нал­дар­ды үзбей оқи­тын­да­ры­на таң қала­сыз. Ғалам­тор­ды кез кел­гені пай­да­ла­на­ды, алай­да сол ғалам­тор­мен шек­тел­мей, басы­лым­дар­ды күн­делік­ті оқу әдет­теріне айналған. Таңер­тең әрбір үйдің аула­сы­на пошта­шы­лар лақты­рып кет­кен газет-жур­нал оралған пакет­тер дома­лап жата­ды. Біз­де­гі сияқты арнайы пошта жәші­гі жоқ, су тимей­тін пакет­ке салып, орап қояды екен. Ондай ора­ма­лар тек қана жаңа­дан көшіп кел­ген ими­грант­тар­дың аула­сын­да ғана байқалмайды.

Адам құқы­на қол сұғуға жол бер­мей­тінін қаза­қстан­дық билік­тің әре­кеті­мен салы­сты­ру­дың өзі артық…

– Айт­пақ­шы, АҚШ-та пре­зи­дент Трамп­тың халы­ққа жол­да­уын неме­се әлдебір газет­те жария болған мақа­ла­сын жал­пы­ха­лы­қтық талқы­лау тура­лы даб­ы­ра бар ма?

– Біздің билік­тің маз­мұ­ны кеңе­стік кезең­нен алыс кет­пе­гені жөнін­де жоға­ры­да айтып кет­тім, жасан­ды деко­ра­ци­я­мен елді алдан­ды­ра­ды. Ол жақта Трамп­тың айтқа­нын қағып алып, талқы­лап жатқан ешкім жоқ. Өздерінің сала­сы­на, кәсібіне тіке­лей қаты­сы бар тұста­ры­на ғана мән береді екен. Жал­пы халық көңіл аудар­май­тын сияқты. Соған қарап тұрып, біз тек құрғақ сөздің еліне айналған екен­біз, «оты­зды­қтың», «елулік­тің» қата­ры­на қосыл­дық деп жел­пі­нетіні­міз­ге ішің аши­ды. Шет­ке шық­саң, ешкім білмейді.

Қызық бір жәйт­ті айтай­ын: Ресей­дің «Аэро­флот» ұшағы­ның билеті арзан болған­ды­қтан, ары-бері сол арқы­лы ұша­мын. Барған­да да, қай­тқан­да да бай­қаға­ным, «Шере­ме­тье­во­дағы» қыз­мет көр­се­ту түрі – Қаза­қстан­дағы сияқты, керісін­ше, біз Ресей­ден көшіріп алған­быз ғой. Жан-тәні­міз орыс болып кет­кені сон­ша­лық, айы­ра алмай қала­сыз. Олар да Аме­ри­ка­ны жаман­даған­да алда­ры­на жан сал­май­ды. Ресей­лік БАҚ-тың таратқан ақпа­ра­ты сана­ны әбден улап тастаған. Дамы­ған елде ұлтқа, дін­ге бөлі­ну деген жоқ. Ал біз әлі біре­удің жүзіне, руы­на қарай­мыз. АҚШ-та тіп­ті мем­ле­кет­тік тіл деген түсінік те жоқ. Май­я­ми­де тұра­тын­дар­дың көп­шілі­гі испан тіл­ділер. Фло­ри­да шта­ты­ның губер­на­то­ры да испан тіл­ді. Ол ағы­л­шын­ша тілін бұрап қана сөй­лей­ді. Бұл үшін оны ешкім кінәла­май­ды. «Неге ағы­л­шын­ша сөй­ле­мей­сің?!» демейді…

– Жәке, жасы­ңыз 60-қа таяған шақта ағы­л­шын тілін үйре­ну­ге деген қажет­тілік қай­дан пай­да болды?

– Мен оры­станған қазақ орта­сы­ның бала­сы­мын, өмір­де­гі жинақтаған тәжіри­бем, оқу-білім көзім­ді аша баста­ды. Алыс ауыл­дан Алма­ты­ға кел­дім, енді мұхит асып Баты­сқа бет түзедім. Бір кез­дері рес­пуб­ли­ка дең­гей­ін­де­гі аза­мат бол­сам, алдағы уақыт­та халы­қа­ра­лық дең­гей­ге жет­сем деген мақ­сат қойдым.

Тәу­ел­сіздік алуға біз­бен қатар­лас ұрпақ үлес қосты, «Қазақ тілі қоға­мы», «Азат» қозға­лы­сы, «Семей-Нева­да­ның» еңбе­гі барын ешкім жоққа шыға­ра алмай­ды. Тәу­ел­сізді­гі­міздің таға­ны берік бол­са екен деген сезім – әр қаза­қтың ойын­дағы арма­ны. Ширек ғасыр­дың ішін­де газет-жур­нал ашып, тәу­ел­сіз ойды жет­кізу­ге тыры­сқа­ны­мыз – аз шаруа іспет­ті, күй­зел­ген сәт­тер де көп бол­ды. Басқа жол­ды ізде­сең, орыс тілін­де­гі ақпа­рат­тан басқа ештеңе жоқ. Қазақ тілін­де­гі ақпа­ратқа шек­теу қой­ы­лған. Не істеу керек?

Енде­ше ең бірін­ші халы­қа­ра­лық тіл­ге айналған ағы­л­шын тілін неге үйрен­бес­ке? Сөй­тіп, сол тіл­де сөй­лей­тін өрке­ни­ет­тің үлгісі болған Аме­ри­каға барып, тіл үйре­ну­ге бел будым. Оның үстіне ағы­л­шын тілін үйрен­сең, адам­зат дамуын­дағы өрке­ни­ет жемісі дере­гінің 80–90 пай­ы­зы ағы­л­шын тілін­де екен. Қазақ тілін айт­пай-ақ қояй­ын, ақпа­рат­тың басым бөлі­гін орыс тілі­нен ала­мыз деп жүр­сек, оры­стар­да сол ақпа­рат­тың бес­тен бірі ғана бар екен. Оры­стар Путин­нің билі­гі өктем сая­сат жүр­гіз­ген­нен бері ақпа­рат­тың өздеріне тиім­ді жағын ғана ауда­рып, тиім­сізін шек­теп тастаған. Қазақ ұлт ретін­де сақта­лып қалу үшін, таза ауа­ның лебін сезу үшін, тере­зе­мізді ашып, мұхит­тың арғы бетіне көз салып, ашық теңіз­ге шығуы­мыз керек. Олай етпе­сек, аждаһа мен аюдың орта­сын­да жұты­лып кетеміз.

Осы жағ­дай­да тәжіри­бені өзім­нен баста­дым, алай­да бір адам ештеңе істей алмай­ды. Кезін­де оты­зын­шы жыл­дар­да сау­ат­тан­ды­ру науқа­ны жүр­гізіліп, жұмыс­шы­лар жұмыстан босаған кез­де кеш­кі мез­гіл­де білі­мін жетіл­ді­ру үшін оқыт­ты. Біз­де де ағы­л­шын тілін осы­лай оқы­ту керек деп ойлай­мын, осы тіл арқы­лы ғылы­мы­м­ыз да өркен­деп, сана­мыз жаңа­ра­ды. Орыс тілі оздыр­май­ты­ны­на көзі­міз жет­ті. Син­га­пур­дың бұры­нғы пре­зи­ден­ті кезін­де елі­міз­ге келіп, үш кеңес айтқан еді: бірін­ші­ден, еркін сай­лау жүй­есін енді­ру, ол тек сая­си науқан емес, кез кел­ген сала­ның бас­шы­сын тағай­ын­да­уға тіке­лей қаты­сы бар. Екін­ші­ден, сіз­дер құрғақ жер­десіз­дер, біз сияқты мұхит жаға­лаған ел емесс­сіз­дер, сон­ды­қтан ағы­л­шын тілін үйре­ну керекті­гін айт­ты. Үшін­ші­ден, еркін нары­қтық эко­но­ми­ка­лық рефор­ма жаса­лу керек деді. Сон­ды­қтан да ағы­л­шын тілін үйре­ну жөнін­де­гі кеңесінің жөн екеніне көзім жет­ті. Менің бала­ла­рым – Токи­о­да таңғы асын ішіп, Пари­жден түстеніп, Нью-Йор­кқа келіп ұйы­қ­та­са деген арма­ным бар.

– Ал сіз Аме­ри­ка­да оқу­да жүр­ген кез­де мұн­да шығып жатқан «Жұл­ды­здар отба­сы» мен «Аңыз адам» жур­нал­да­ры­ның елде­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс кезін­де­гі аху­а­лы қалай екен?

– Адам­ның денесін­де бір­не­ше орган бар, біріне зақым кел­се, екін­шісі зардап шегеді. Сол сияқты мем­ле­кет­тік меке­ме­лер, әртүр­лі сала­лар­дағы дағ­да­рыс – менің де жур­на­лым­ды айна­лып өткен жоқ. Сая­си қысым қазақ тілін­де­гі БАҚ-қа жасал­ды, екін­ші­ден, еркін сөз­ге жол жоқ. БАҚ – мем­ле­кет­тің көкей­те­сті мәсе­лесін талқы­лай­тын құрал, билік­тің жүр­гіз­ген сая­са­тын сын тезі­нен өткізіп, сарап­тай­ын десеңіз, сотқа сүй­рей­ді. Жазы­қ­сыз айып­пұлға жығы­лып, ілде­бай­лап шығып жатқан жай­ы­мыз бар.

– Ал енді мұн­дағы басы­лым­дар­дың редак­тор­ла­ры газет-жур­нал тара­ту, олар­ды дүң­гір­шек­тер арқы­лы сауда­лау про­бле­ма­сы тура­лы мәсе­ле­лер көте­ру­де. Мыса­лы үшін, бір ғана Аста­на мен Алма­ты қала­ла­рын­да жүз­де­ген газет-жур­нал киос­кілері стан­дар­тқа сай емес деген желе­умен жабыл­ды. Осы «сай еме­стің» аста­рын­да шынайы қан­дай себеп­тер жатқа­нын біле алды­ңыз ба?

– Аста­рын­да тәу­ел­сіз ойға шек­теу қою­дың айла­сы жатқа­ны анық. Билік­тің маңын­дағы туыс-тума­ла­ры мен күй­еу бала­ла­ры елде­гі бірқа­тар БАҚ-ты мен­шік­теп алып, Мәс­ке­умен шарт жаса­сып, тара­ту жүй­е­лерін құрып, ресей­лік басы­лым­дар­ды тол­ты­рып таста­ды. Енді келіп, ғылым орда­ла­ры жабы­лға­ны сияқты, қазақ бас­пасөзінің де түбіне жет­ті. Зама­на­уи озық тех­но­ло­ги­я­ны игер­ген, соңғы үлгі­де­гі гад­жет­тер­ді қол­да­ры­нан таста­май­тын Жапо­ни­я­ның өзі газет-жур­нал­ды көп­теп шыға­рып, жап­пай оқи­тын ел екен.

Нью-Йорк­тағы жапон­ның арнайы дүкені өздерінің басы­лым­да­рын сата­ды. Қаза­қстан­да алақан­дай дүң­гір­шек­ті жауып жат­са, олар ат шап­ты­рым, бір­не­ше қабат­ты жур­нал­дар дүкенін ашып тастаған. Сырт­тай қараған­да, газет­ке аса қажет­тілік таныт­пай­тын ел сияқты. Салы­сты­рып көріңіз, мерзім­ді бас­пасөзді күн­делік­ті оқи­тын жапон мықты ма, әлде газет оқуға шек­теу қой­ған Қаза­қстан мықты ма?

– Жапон мықты екеніне дау жоқ қой, мәсе­лен, мем­ле­кет­тік газет-жур­нал­дар бюд­жет­тік меке­ме­лер­де қыз­мет істей­тін­дер­ді күш­теп жаз­ды­ру арқы­лы тараған жағ­дай­да – базар нарқы арқы­лы сауда­ла­на­тын тәу­ел­сіз газет-жур­нал­дар­ды тұра­ла­ту­дың бір ама­лы осы – киос­кілер­ді жабу деген пікір­ге не алып-қосар едіңіз?

– Жаны бар пікір. Ресей­ге 2012 жылы тек қана эко­но­ми­ка­лық одақ­тас болған жоқ­пыз, идео­ло­гия жағы­нан тәу­ел­ді болып қал­дық. Қина­ла­тын – Мәс­ке­уден келетін өнім емес, қазақ бас­пасөзіне қауіп төн­ді. Әсіре­се тәу­ел­сіз басы­лым­ның жолын кесу үшін жасалған қыса­стық. Билік­ке тәу­ел­ді басы­лым­дар­ды күш­теп жазғы­зып, пошта арқы­лы тара­та­ды. Мем­ле­кет­тік билік ұзақ тұрып қалған су сияқты, бал­ды­ры көбей­іп, исі шыға баста­ды. Бұл мәсе­ленің де бір жөні болар…

– Ал, Жәке, енді­гі жур­на­ли­стік, шығар­ма­шы­лық және мене­джер­лі жос­па­ры­ңыз қан­дай? Аме­ри­ка­лық тәжіри­бені мұн­да қол­да­ну­дың қан­дай да бір мүм­кін­дік­тері бар ма?

– Жос­пар бар, алай­да ол жақтан әкеліп, ел ішін­де шаруа жасау әзір­ге мүм­кін емес. Бұрын­нан келіп, елі­міз­де жұмыс істеп жатқан аме­ри­ка­лық ком­па­ни­я­лар­дың өзі Қаза­қстан­нан қашып жатыр. Біз сияқты­лар­ды жұтып қой­май ма? Бас­па жоба­сын шетел­де жасай­тын шығар­мын деген ойда­мын. Мәң­гілік қатып қалған билік бол­май­ты­ны анық, өзге елде жоба жасап, табыс тап­сам, осы елге әке­ле­мін ғой, сая­си жүйе жаңа­рып, өзгеріс бола­ты­ны­на сенім мол. Өрке­ни­ет елдері сияқты еркін эко­но­ми­ка­лық аймақ бол­сақ, ең алды­мен алақай­лап жүгіре­мін ғой. Қаза­қтан басқа елім жоқ, қаза­қтан басқа жерім жоқ, Ота­ным – осы!

Аме­ри­каға барып, тұңғыш рет демал­дым. Бұрын­да­ры Түр­кия, Араб Әмір­лік­теріне отба­сым­мен барып қыды­рған­да, тәнім дем алға­ны­мен, жаным бай­ыз тап­пай­тын. Басым­дағы про­бле­ма сол қал­пын­да өзім­мен бір­ге елге келетін. Ал Аме­ри­ка­да жаным рахат­тан­ды, тыны­штық тап­ты. Мен­сіз де таң атып, күн бата­ды екен, жур­на­лым да шыға­ды екен. Бұрын мен­сіз ештеңе өзгер­мей­тін­дей жүретін едім. Бұй­ыр­са, бір-екі жыл оқуым­ды жалға­стыр­мақ ниеттемін.

– Ақ жол, еліңіз­ге жетістік­пен, тың жаңа­лы­қ­пен оралыңыз!

Сұх­бат­тасқан –     

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн