Суббота , 5 июля 2025

ҚЫЗ ПӘКТІГІНКІМ САҚТАЙДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Оңа­ша ой


 

Ойпыр­май, «Фейс­бук­та» бір апа­мы­здың «қазақ қызда­ры­ның тәр­тібі үшін қазақ еркек­тері кінәлі» деп, өңе­ш­теп жүр­геніне үш күн бол­ды, үш күн!

 

О заман­да бұ заман, қазақ әйел­деріне мұн­дай тео­ри­я­ны кім шыға­рып беріп жүр? Менің­ше, біздің әйел­дер қазақ халқы­ның алдын­дағы өздерінің тіке­лей мін­детін ұмы­тып, әбден шата­са бастаған сияқты.

Егер ата дәстүр­ді біл­сеңіз­дер, қара­пай­ым қазақ қызы үшін қашан да үлкен жау­ап­кер­шілік алды­мен оның шеше­сі мен жең­ге­лерінің мой­ны­на жүк­тел­ген. Әке-аға­лар­дың оры­ны қазақ қызда­ры­ның өмірін­де тек жана­ма, қосалқы жер­де ғана болған. Ары кет­се – құда боп,тойға бару, ұза­ту, құй­рық-бауыр жесу бол­са, бер­гісі – тым пас­сив­тік орын.

Тіп­ті қызы­ның оғаш қылы­ғын бай­қаған әке «әй, айт анау қызы­ңа» деп,бәйбішесіне зірк ете қала­тын болған. Бол­ды. Оған мамық бәй­бі­ше­лер мамыр­лай басып, қызда­ры­на барып, жанын шыға­ра­тын болған. «Әй жүзі қара неме, кім­мен не бүл­діріп жүр­сің, кім­мен өлең айт­тың, ата­сты­ры­лған жеріңе не айта­мыз?!» дегендей….

Міне, бұл меха­низм саха­ра­да ғасыр­лар бойы осы­лай жұмыс істеген.

Ал қызы одан оғаш қылық жаса­са, әке-шеше­сін қинап, аға­ла­ры жең­ге­лерін сабап, олар­ды асып тастай­тын болған. Себебі қызға жау­ап­ты – қатыны.

Ол кез­де де қыл­жақтап, қызға бара­тын еркек­тер болған. «Қызға кім бар­май­ды, қымы­зды кім ішпей­ді» деген сөз сол заман­нан қалған. Ондай­ды «қыз ояту» деген, ал күй­еу келетін­ді «ұрын бару» дей­ді. Сон­да бұл жер­де бұлар қызда­рын шүр­шіт­тен қызға­нып оты­рған жоқ, өз қазақ еркек­тері­нен қорға­штап отыр. Жал­пы, қашан да қазақ қызда­ры­ның ең бірін­ші жауы – қазақ ерке­гі, ал қорға­ны – қазақ әйелі болған.

Сырт­тан ондай арам ниет қонақтар кел­се, қыз өсіріп оты­рған үйдің бәй­бі­ше­сінің тіке­лей басқа­руы­мен жең­ге­лер үлкен сақтық шара­ла­рын жасап, қыз жата­тын үйді қат­ты күзет­кен, тіп­ті қызды қой­ын­да­ры­на басып жатып деген­дей. Яғни, дәстүр бой­ын­ша, қазақ қызы тіке­лей әйел­дер әле­мінің ықпа­лын­да болған, ал еркек­тер­түз­де жүр­ген неме­се қазақ ерке­гі ұл тәр­би­есіне көп жау­ап­ты десе бола­ды. Ал қыз тәр­би­есін­де оның ықпа­лы – минимум.

Сосын қазақ қызы­ның ең жақы­ны – жең­гесі, қыз абы­рой­мен ұза­ты­лып кет­кен­ше, оны­мен тон­ның ішкі бауын­дай жақ­сы болға­ны да бел­гілі. «Көз­жақ­сым», «аппағым» деп ат қойып,туған бауы­рын­дай болған.

Өкініш­ке орай, бүгін бұл меха­низм жұмыс істе­мей­ді. Біздің бүгін­гі әйел­дері­міздің ұлт тәр­би­есін­де­гі тіке­лей өз мін­детін біл­мей шатып, айтып жүр­ген­дері анау: сосын қазақ қызы­ның тәр­би­есі қай­дан оңсын?!

• Олжас Әбіл­дің ФБ-парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн