«Общественная позиция»
(проект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.
Мәлімдеме
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы үкіметтен ҚХР-дың Қазақстандағы инвестициялық жобаларының барлық шарттары халыққа жариялануын талап етті.
Өткен айда Қазақстан мен Қытай арасында құны 7 миллиард долларлық 22 инвестициялық келісімдерге қол қойылды, деп атап көрсетілген осы орайда партия баспасөзге таратқан хабарда. Жалпы ел аумағында Қытайдың инвестициясы арқасында барлығы 26 миллиард долларға бағаланған 51 кәсіпорын құру жөнінде әңгіме жүріп жатыр. Біз осы Қазақстан-Қытай келісімдерінің бұрынғыдай беймәлім жабық жағдайда жасалынып, онда халықты алаңдататын сұрақтарға жауаптың жоқ екенін ескерткіміз келеді. Ең бастысы – мұндай біржақты «экономикалық әріптестік» елімізді қаржылық тәуелділікке, жер, демография және саяси өктемдік пен экспансияға душар етпей ме деген сұрақ.
Қазақстанның сыртқы борышы былтыр 6,7 пайызға көбейіп, 164 миллиард доллардан асып түскенін және бір қазақстандыққа шаққанда 10 мың долларға жетіп қалғанын еске алсақ, көтеріліп отырған мәселе бізді үнсіз отырмауға мәжбүр етеді. Бұл ретте аталған борыштың ішіндегі мемлекеттік және мемлекетпен кепілдендірілген қарыздардың үдемелі қарқынмен өсіп, тиісінше 5,5 және 24,4 пайызға ұлғайғанын және олардың ең алдымен Қытайдан қарыздарды алу есебінен екенін айта кету керек.
Ақыр аяғында, біздің үндеуіміздің себебі – әлі күнге дейін қазақстандық жерді шетелдік заңды тұлғаларға сату немесе жалгерлікке беру мүмкіндігімен байланысты қоғамдық шиеленістік пен алаңдаушылықтың азаймайтыны – оның ішінде ауыл шаруашылық мақсаттағы жерге жеке меншік институтының жойылмауы.
Бұл арада екі елдің тең құқылы ынтымақтастығы тек екі халықтың бір-біріне, сондай-ақ олардың өздерінің өкіметтеріне деген толықтай сенім білдіруі арқылы ғана дами алады. Осыны негізге ала отырып, біз Қазақстан басшылығынан келесі сауалдарға түбегейлі жауап беруді сұраймыз:
ҚР-да қытайлық капиталмен жұмыс істеп жатқан 2800-ден астам кәсіпорынның экономикалық табыстылығы, әлеуметтік тиімділігі, экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан қызметінің бағалауы қандай?
ҚР-да құрылысқа болжанатын барлық жаңа қытайлық кәсіпорындардың жоғарыда аталған критерийлерге жоғары дәрежеде сәйкес келуі үшін қандай шаралар қарастырылуда?
Осы кәсіпорындарды құру ҚХР тарапынан біздің елді міндеттейтін қандай ілеспелі шарттармен байланыстырылған? Жерді пайдалану, еңбек миграциясының тәртібі қандай болады және экологиялық бақылау қалайша жүзеге асырылады?
Бұл кәсіпорындардың қызметінің салдарынан Қазақстанның сыртқы борышы одан әрі қаншалықты ұлғаюы мүмкін, осыған арналған есеп-қисаптар жасалды ма?
Біздің партиямыз бүгінгі қазақстандық-қытайлық экономикалық өзара әрекеттесудің және оның ары қарай дамуы тек қана оған байланысты нәтижелер мен салдарларды айқын, адал және жауапты бағалау арқылы іске асырылуы керек екендігіне сенімді.
ЖСДП