Суббота , 5 июля 2025

«НҰР» АТАУЛЫ КӨЖЕ ДЕ БАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

Әлқис­са

 


 

Жуы­қта Аста­на халы­қа­ра­лық әуе­жай­ы­на Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың есі­мі беріл­ді. Бұл өзгеріс пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың билік басы­на кел­геніне 28 жыл толуы­мен дөп кел­ді. 1989 жылғы 22 мау­сым­да Мәс­ке­уде­гі жоға­ры бас­шы­лық Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты Қазақ ССР Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы қыз­метіне бекіт­кен еді. Содан бері табан аудар­май билік­те оты­рған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев биыл 6 шіл­де­де 77 жасқа тола­ды. Назар­ба­ев­тың туған күні Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік мей­рам – Аста­на күні ретін­де тойланады.

 

Уақыт ара­ла­тып, әсіре­се туған күні қар­саңын­да Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің аты­на Аста­на­ның атын беру тура­лы ұсы­ныс айты­лып тұра­ды. Ондай­да пре­зи­дент өз есі­мін кез кел­ген нысанға қоя беру­ге қар­сы екен­ді­гін біл­діріп қояды. Назар­ба­ев кезін­де өзінің аты­мен уни­вер­си­тет пен мек­теп­тің ата­луы­на ғана келіс­кенін айтқан соң, елде Nazarbayev University мен Назар­ба­ев интел­лек­ту­ал­ды мек­теп­тері пай­да болған.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өз есі­мін қою­дан басқа елде қап­тап кет­кен ата­у­лар­дағы «нұр» сөзін қол­да­нуға қар­сы екенін біл­дір­се де, «нұр» сөзі мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың ата­уы­на да айна­лып үлгерді.

Тек Қаза­қстан­да ғана емес, кей шетел­дер­де де Назар­ба­ев­тың есі­мі көше­лер­ге беріліп, ескерт­кі­ші тұрғы­зы­лған. 2014 жылы Гол­лан­дия мен Жапо­ни­яда Назар­ба­ев сапа­ры­ның қар­саңын­да «Қаза­қстан пре­зи­ден­ті» деп ата­ла­тын гүл­дің сорт­та­ры пай­да болды.

2012 жыл­дың өзін­де Аста­на­да көп функ­ци­о­нал­дық ғылы­ми-сарап­та­ма­лық және гума­ни­тар­лық-ағар­ту­шы­лық «Назар­ба­ев орта­лы­ғы» құрыл­ды, Темір­та­уда Назар­ба­ев мұра­жайы ашы­лып, Түр­ки­я­ның Кыр­ше­хир қала­сын­дағы көше­лер­дің біріне Назар­ба­ев есі­мі берілді.

Назар­ба­ев есі­мі­мен бай­ла­ны­сты нысан­дар­дың көп бөлі­гі Аста­на­да шоғыр­ланған. Мұн­да Пре­зи­дент архиві мен кіта­п­ха­на­сы (2000 жыл), Бірін­ші пре­зи­дент мұра­жайы (2004 жыл), Nazarbayev University (2010 жыл), көп функ­ци­о­нал­дық ғылы­ми-сарап­та­ма­лық және гума­ни­тар­лық-ағар­ту­шы­лық «Назар­ба­ев орта­лы­ғы» (2012) орналасқан.

2000 жылы жел­тоқ­сан айын­да Қаза­қстан­да Бірін­ші пре­зи­дент қоры пай­да бол­ды. Қор­ды 2007 жыл­дан бастап пре­зи­дент­тің қызы Дариға Назар­ба­е­ва басқа­ра­ды. 2002 жыл­дан бастап Қаза­қстан­да «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев білім қоры» жұмыс істей бастады.

Бұдан бөлек, Аста­на­да 2009 жылы Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­теп­терінің алға­шқы­сы ашыл­ды. Жал­пы рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша 22 Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­тебін ашу жос­пар­ла­нып­ты. 2009 жылы Аста­на­да ашы­лған «Қазақ елі» мону­мен­тін­де пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың бей­несі баре­льеф түрін­де сомдалған. Алма­ты­да 2010 жылы Бірін­ші пре­зи­дент саябағы ашыл­ды. 2011 жылы саябаққа пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ескерт­кі­ші орнатылды.

Бірін­ші пре­зи­дент атын­дағы саябақ соны­мен бір­ге Тараз, Қызы­лор­да және Ақтө­бе қала­сын­да да бар. 2010 жылы Ақтө­бе­де­гі Абай атын­дағы саябақ «Бірін­ші пре­зи­дент саябағы» боп өзгер­тіл­ген. Алма­ты­ға жақын Үшқоңыр ауы­лын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев оқы­ған мек­теп­те 1998 жыл­дан бастап пре­зи­дент­тің қыз­метіне арналған мұра­жай жұмыс істей­ді. 1999 жылы ашы­лған Қара­сай аудан­дық тари­хи өлке­та­ну мұра­жай­ын­да да пре­зи­дент­тің бала­лық шағы, есею кезеңі мен қыз­метіне арналған зал­дар бар.

Рес­пуб­ли­ка­ның түк­пір-түк­пірін­де орна­ласқан тари­хи-өлке­та­ну мұра­жай­ла­ры­ның «Тәу­ел­сіздік зал­да­рын­да» Назар­ба­евқа қаты­сты заттар (сурет гале­ре­я­сы, шапан тәрізді естелік заттар) қойылған.

2004 жылы Ақта­удың музей­ін­де ашы­лған «Тәу­ел­сіздік залын­да» баға­лы заттар­дан құй­ы­лған Назар­ба­ев мүсіні бар. Мұн­дай мүсін Түр­кістан­да – Йас­са­уи атын­дағы қазақ-түрік уни­вер­си­тетінің мұра­жай­ын­да да бар.

2012 жылы қазан айын­да Темір­та­уда Назар­ба­ев­тың өмір­ба­я­ны­на қаты­сты экс­по­зи­ци­я­лар қой­ы­лған ірі музей ашыл­ды. Музей­де пре­зи­дент­тің өмір­ба­я­ны­на қаты­сты жаңа деректер, тіп­ті өткен ғасыр­дың 1930–40 жыл­да­ры «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың отба­сы пай­да­ланған тұр­мыстық заттар» да қойылған.

 

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн