Суббота , 5 июля 2025

АТЫ ЖОҚ ҚАЛА немесе шілденің басы НЕГЕ ШІЛІҢГІР?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 



Жыл сай­ын мем­ле­кет бас­шы­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың туған күнінің қар­саңын­да, яғни шіл­де айы­ның басын­да мен теле­ра­дио мен интер­нет­ті әдейі сөн­діріп, газет-жур­нал­дар­ды оқы­май­тын болдым…

 

Өйт­кені онсыз да күн­делік­ті өмірі­міз­де ерне­уі­нен асып-төгіл­ген өтірік мақта­у­лар­дың дәп шіл­денің 6‑сы күні сызда­уы­ғы жары­лып, жұрт­шы­лық жап­пай жер жүзін­де­гі жалғыз аты жоқ қала – Аста­на­ның туған күнін той­лап жатқан­дай сыңай таны­тқа­ны­мен, шын мәнісін­де, шыбын­дай құжы­нап, сона­дай ызы­ң­даған шене­унік­тер елба­сы­ның туы­лған күніне «қат­ты қуа­нып», лай­ы­қты сый­лы­қтар әзір­леп, әуре-сар­саң «жары­сқа» түседі…

Қазақ елінің бұры­нғы аты шулы үкі­мет бас­шы­сы Әке­жан Қажы­гел­дин­нің елба­сы­мен көзқа­рас­та­ры­ның айқын ажы­ра­уы да – дәп осы «аста­на­ны Алма­ты­дан – Ақмо­лаға көші­ру тура­лы» шеші­мі болған екен деген де сөз бар…

…Ойдан – ой туа­ты­ны сияқты, бір себеп­ті – екін­ші себеп сүй­ре­се, бір қателік­тің құлағы­нан келесісі айырылмайды…

Елдің айтуын­ша, осы­дан 15 жыл бұры­нғы Қажы­гел­дин мен елба­сы­ның егесінің екін­ші себебі – мем­ле­кет­тің сая­си-эко­но­ми­ка­лық өміріне үлкен отба­сы мүше­лерінің жөн­сіз-қисын­сыз ара­ла­сып, килі­гуі бол­са керек. Әке­жан Мағ­жанұ­лы үлкен отба­сы мүше­лерінің бұл қылы­ғы­ның түбін­де мем­ле­кет­тің келе­ше­гіне қауіп­ті екен­ді­гін ашық мәлім­де­ген. Атап айтқан­да, Сара Назар­ба­е­ва­ның, Дариға Назар­ба­е­ва­ның, Рахат Әли­ев­тің, Болат Назар­ба­ев­тың, Тимур Құлы­ба­ев­тың өздерін тым-тым еркін сезініп, ойла­ры­на кел­генін істе­уі – Әке­жан Қажы­гел­дин­нің қат­ты шамы­на тиген…

Ара­да небәрі 10–15 жыл өткен­де, өкініш­ке қарай, Әке­жан Қажы­гел­дин­нің қау­пі толы­қтай ақиқатқа айна­лып, ең жақын туы­ста­ры елба­сы­ның жеке басы­ның абы­рой­ы­на орас­ан нұқ­сан кел­тіріп, Қазақ елінің әлем алдын­дағы беделіне дақ түсір­ді, керек десеңіз, елдің іргесінің сөгілуіне де жақын сорақы­лы­қтар жасады…

Жағым­паз­дар мен жарам­сақтар, ұры­лар мен қары­лар, білім­сіз­дер мен біліксіз­дер, даңқой­лар мен жемқор­лар жай­лаған қоғам­да жыл сай­ын өндірілетін 60–70 млн тон­на мұнай­дың өзі теңіз­де­гі там­шы­дай бол­ма­шы көрі­нетіні де сон­ды­қтан… Мұнай­шы­сы маңып кет­кен, қой­шы­сы қаңғы­рып жүр­ген, мұғалі­мі – мұқалған, дәрі­гері – дәр­мен­сіз; есесіне ұры­сы – тай­раң­даған, қары­сы – жай­раң­даған «тәр­тіп­тің» түбін­де үміт-шырағы көріне қояр ма екен?..

…Әр жыл­да шіл­де айы­ның басын­да мен теле­ра­дио мен интер­нет­ті әдейі сөн­діріп, газет-жур­нал­дар­ды оқы­май­тын болдым…

Қажы­мұқан ҒАБДОЛЛА

 

 

 

ӨСУ МЕН ӨШУ

 

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «алды­мен эко­но­ми­ка­сы» Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­лық дамуын нен­дей күй­ге түсір­генін дәлел­деп қажеті жоқ. Көз­деріңіз көріп отыр. Бүгін-ертең ғажай­ып орнай қала­ды деп сеніп те керек емес. Қазір­гі билік бұл тұрғы­да бар ресур­сын сарқып біт­ті. Сарқы­лған бұлақтан су іздеу – бос иллюзия.

 

Енді­гі үміт Қаза­қстанға бас­шы болып келетін үміт­кер­де. Бел­гілі эко­но­мист Қай­ыр­бек Ары­стан­бе­ков келер бас­шы­ға тоқтап қалған эко­но­ми­ка­лық даму­ды сер­піл­ту үшін он ұсы­ныс жол­дап­ты. Негіз­гі ұсы­ныс – сая­си рефор­ма жасау!

Неге Малай­зи­яда эко­но­ми­ка­лық даму тежеліп қал­ды? Өйт­кені ол елде сая­си рефор­ма жүр­гізіл­меді. Кон­сти­ту­ци­я­лық монар­хия мен авто­ри­та­ризм күшейе түсті. Ішкі жал­пы өнім (ІЖӨ) адам басы­на шаққан­да 10 445 дол­лар ғана! Бұл – өсу емес, өшу. Тура біздегідей!

Ал сая­си рефор­ма жүр­гі­зу­ден қашпаған біраз елде эко­но­ми­ка­лық даму бар. Қараңыз­шы, Сло­ве­ни­яда жан басы­на шаққан­дағы Ішкі жал­пы өнім 28 554 дол­ларға жет­кен, Чехия 27 мың­нан астам дол­лар, Эсто­ния 26 мың­нан аса, Поль­ша – 23 мың, Лит­ва – 25 мың дол­ларға өскен. Яғни, демо­кра­ти­яға бағыт алған елдер­де эко­но­ми­ка­лық даму қарқын ала түс­кен, ал Қаза­қстан секіл­ді авто­ри­тар­лы елдер­де керісін­ше, оты жоқ арба­дай тұрып қалған.

Әлем­де­гі 194 мем­ле­кет­тің ішін­де соңғы 30 жыл­да сая­си еркін елдер­де адам­дар­дың табысы 2–3 есе өссе, сая­си тұн­шы­ғу­шы елдер­де әле­умет­тің табысы 35 пай­ы­зға төмен­деп кеткен…

Өскі­міз кел­се, біздің енді­гі таң­дау – демо­кра­ти­я­лық жол болуға тиісті. Ол – пре­зи­дент­тің құзы­рын­дағы мәсе­ле дегені­міз­бен, ерік-таң­дау халы­қтың өзін­де екенін ұмыт­па­уы­мыз керек!

Дина ЕЛГЕЗЕК

 

 

 

Өмір­дің өзі АнекDAT

 

ЭКС­ПО-ға 3 билет алсаңыз, 4‑шісі тегін берілетін көрі­неді. Әлден. Әлі 1 ай өтпей жатып.

Енді болжам жасай­ық – тағы бір 20 күн өткен соң, әрбір 3‑ші билет, тағы 20 күн­нен кей­ін 2‑ші билет тегін, ал тағы 20 күн­нен кей­ін, яғни 1 тамы­зға таман мүл­дем тегін кір­гі­зуі мүмкін.

Ал қыр­күй­ек­тен бастап, көше­де қуып жүріп ұстап, зор­лап әкеліп кір­гі­зуі ғажап емес. Өйт­кені зал­дар бос бол­мауы керек қой, енді қай­те­ді… ими­та­ция жаса­ма­са бола ма? Әйт­пе­се 5 млрд-тан ұят қой…

• Қуа­ныш Еділ­хан­те­гінің ФБ-парақшасынан

 

 

 

«130 ҰЛТ» ДЕГЕНIМIЗ

ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

 

Осы мәсе­ле­лер­дi аны­қтау үшiн, ста­ти­сти­ка мәлi­мет­терiне сүй­енiп көрей­iк. Соңғы санақ бой­ын­ша, Қаза­қстан халқы 17 693 000 екен. Оның iшiн­де ұлт­тар құра­мы мына­дай (пай­ы­з­бен): қаза­қтар – 65, оры­стар – 21,8, өзбек­тер – 3, укра­ин­ды­қтар – 1,8, ұйғыр­лар – 1,4, татар­лар – 1,2, немiстер – 1,06, кәрiстер – 0,61, қалған халы­қтар­дың құра­мы 1 пай­ы­здың оннан бiр, жүз­ден бiр бөлiк­терi­мен ғана шек­те­ледi. Бұл мәлi­мет­те 23 ұлт­тың атта­ры берiл­ген. «Және басқа­ла­ры» деген жер­де 0,57 саны тұр, яғни қалған ұлт өкiл­дерiнiң бәрiн қосқан­да, 0,57 пай­ы­здан аспай­ды. Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды: Қаза­қстан­да негiзi­нен қаза­қтар тұра­ды. Ал ендi «130 ұлт» деген бәле қай­дан шыққан?

«Қаза­қстан­да 130-дан астам ұлт тұра­ды» деген сөз Кеңес Одағы кезiн­де, нақты­рақ айт­сақ, 1950–60 жыл­да­ры пай­да бол­ды. Ол кез­де Қаза­қстан­да ұлт­тар санын көбей­ту сая­са­ты жүрдi.

Мәсе­лен, Чукот­ка­дан бiр чук­ча, не бол­ма­са Кам­чат­ка­дан бiр кам­ча­дал көшiп кел­се, олар­ды да бiр-бiр ұлт деп санап, қоса бер­дi. Ондағы мақ­сат – Қаза­қстан­дағы негiз­гi ұлт­тың, яки қаза­қтар­дың салы­стыр­ма­лы үлес сал­мағын мей­лiн­ше һәм мүм­кiн­дi­гiн­ше азай­та беру едi. Сөй­тiп, Кремль бiр­те-бiр­те қаза­қтар­дың туған тiлiн, салт-сана­сын ұмыт­ты­рып, Қаза­қстан жерi «иесiз жатқан жер бола­тын», «бұл жер­дi гүл­ден­дiр­ген, елден­дiр­ген – оры­стар» деген пiкiр­дi қалып­та­сты­ру­ды көз­дедi. Тiп­тi бол­май бара жат­са, «Қаза­қстан­ды – Қаза­қстан еткен осы жер­дi мекен­деп жатқан 130 ұлт. Ал қазақ – сол 130-дың бiрi ғана» деу үшiн. Көз­де­ген мақ­са­ты­на жету­ге сәл ғана, аз ғана қалған кез­де Құдай өзi жар болып, бiз бөлiнiп кет­тiк. Қаза­қстан тәу­ел­сiз ел атанды.

Ал ендi ойла­ны­ң­дар­шы, ағай­ын­дар-ау, кезiн­де Кремль ойлап тапқан осы сая­си амал­дан, яғни «Қаза­қстан­да 130-дан астам ұлт­тар тұра­ды» деген алдам­шы, абы­рой­сыз, қаза­қты ете­гi­нен тар­тып, ешу­ақыт­та қыр асыр­май­тын осы бәле­ден жире­нудiң орны­на, оны мем­ле­кет­тiк сая­са­ты­мы­здың басты бағы­ты, басты ұста­ны­мы етiп алға­ны­мыз қалай? Бұл бәле­ден қашан құты­ла­мыз және қай­тiп құтыламыз?

Қуа­ныш­бек КЕРІМҚҰЛОВ,

про­фес­сор

 

 

 

ШАШ ЖҰЛЫП, ЖЫЛАУ КЕРЕК

26 жыл тәу­ел­сізді­гі­міз­де халық саны бір мил­ли­онға көбей­іп­ті. Пре­зи­дент риза. 17 мил­ли­он­нан – 18 мил­ли­он. Тура осы уақыт­та халық саны Өзбек­стан­да 12 мил­ли­онға, яғни 30 про­цент­ке артыпты.

Біз кедей деп есеп­тей­тін Ниге­рия 90 мил­ли­онға, яғни екі есе­ге өсіп­ті. Ал қытай халқы осы ара­лы­қта 300 мил­ли­онға көбей­іп­ті, 30 про­цент­ке артып­ты. Ал біздің халық саны қан­шаға өскенін есеп­те­удің өзі ұят: 6–7 процент.

Сон­ды­қтан, пре­зи­дент мыр­за, сіз­бен бір­ге қуа­на алмай­ды екен­біз. Қуа­ну емес, шаш жұлып, жылау керек.

• Сұл­тан Сүле­ев­тің ФБ-парақшасынан

 

 

ДАБЫЛ!

Пре­зи­дент­тің ҚР «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұра­тын шетел­дік­тер­ді тегін емдеу тура­лы» заңы­ның қабыл­да­нуы ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­на және ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңесінің 2003 жылғы 1 жел­тоқ­сан­дағы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 10 және 12-бап­та­рын ресми түсін­ді­ру тура­лы» №12 қаулы­сы­на қай­шы. Пре­зи­дент­тің ҚР «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұра­тын шетел­дік­тер­ді тегін емдеу тура­лы» заңы ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­на, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңесінің нор­ма­тив­тік қаулы­сы­на қай­шы заң ретін­де күші жой­ы­луы тиіс.

ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңесі елба­сы­ның заң­нан тыс қол қой­ған құжа­ты­на назар ауда­руы керек. Бар­лық қоғам­дық ұйым­дар, сая­си ағым­дар, қоғам бел­сен­ділері, облы­стық ден­са­улық сақтау басқар­ма­сы­ның бас­шы­ла­ры, дәрі­гер­лер қауы­мы, заң­ды­лы­қты қадаға­ла­у­шы құзыр­лы орган­дар бұған назар ауда­ру­ла­ры тиіс.

• Нұр­лы­бай Қоша­манұлы­ның ФБ-парақшасынан

 

ӨМІР СҮРЕЙІК ПЕ,

ӘЛДЕ ҚОЯЙЫҚ ПА?

Кар­топ баға­сы шары­қтап тұр. Сол да про­бле­ма ма? Кар­топ жемей-ақ қойыңдар!

Нан баға­сы өскелі біраз бол­ды. Иә, олай бол­са, нан да жемең­дер­ші, оған қоса нан мен кар­топ ден­са­улы­ққа, анау айтқан­дай, пай­да­лы тағам емес.

Үйдің баға­сы өсіп­ті. Енді? Бұл Аста­на ғой. Аста­на­дағы жұмыстың қара­жа­ты­на қызы­ғып өзің кел­дің, сені күш­теп әкел­ген біреу бар ма? Осын­дай логи­ка­мен ақыл айта­тын адам­дар көп екен. Нан да, кар­топ та жемей-ақ қой­дық, мей­лі. Аста­на­дан да пәтер алмай­ық та, жал­да­май­ық та… Бірақ бір сұрағым бар: өмір сүрей­ік пе, әлде сүр­ме­гені­міз дұрыс шешім бола ма?!

Кла­ра ЕРМАҒАМБЕТОВА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн