Суббота , 5 июля 2025

ЖАҢА ТАРИХТА көргендерім мен білгендерім

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 

28 жылғы жылнама

 


 

 

Биы­лғы 24 сәуір­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың ел пре­зи­ден­ті атанға­ны­на 27 жыл бол­ды. Ал Қаза­қстан­ды басқарған уақы­ты 1989 жыл­дың 22 мау­сы­мы­нан – Отан соғы­сы басталған күн­нен баста­ла­ды. Содан бері 28 жыл бойы Қаза­қстан­да билік үшін, билік­тің зардаб­ын шек­кен халы­қтың жақ­сы өмірі үшін соғы­сы жүріп жатыр…

Төмен­де біз бел­гілі қоғам­шыл қалам­гер Ғаб­бас аға Қабы­шұлы­ның 28 жылғы жыл­на­маға пара-пар жаз­ба­сын жария етіп, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың кезек­ті туған күніне орай Қаза­қстан­ның кеше­сі мен бүгініне шолу жаса­уды жөн көрдік.

Редак­ция

 

Қаза­қта сөз­ге қаты­сты сөз көп. Қазе­кем­нің: «Бір ауыз сөз адам­ды қуан­та­ды да, жыла­та­ды да», «Сөз сүй­ек­тен өте­ді», «Жүй­елі сөз жүгін­діреді», «Адам тіліне аспан­дағы бұлт айна­ла­ды…» дегенін тіз­бе­лей бер­сек, біраз жер­ге бара­мыз. Мағы­на­лы аз сөздің алтын екенін де, мән­сіз көп сөздің көбік екенін де қазе­кем айтқан.

Ал сол «көбік­тің» біз­де­гі бүгін­гі бір иесі – билік­тің бауы­рын­дағы ақпа­рат құрал­да­ры: гәзет-жур­на­лы ма, радио-теле­ди­да­ры ма – кез кел­гені «ора­за­сын»: «Елба­сы­мыз Нұре­кең атап көр­сет­кен­дей…», «Елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы түсін­діріп бер­ген­дей…», «Елба­сы­мыз айқын айтқан­дай…», «Елба­сы­мыз ескерт­кен­дей…» деумен аша­ды. Шар­тта­сып алған­дай: пре­зи­дент Н.Назарбаев мыр­за­ны тілі жет­кенін­ше мадақтау. Сөз­дері: «дана», «даны­шпан», «кемең­гер», «көре­ген», «әулие», «ғасыр ғұла­ма­сы», «әлем мой­ын­даған сая­сат­кер», «әлем­дік эко­но­ми­ка­да қаза­қстан­дық даму жолын салған», «Қаза­қстан­ды әлем­де­гі ең бай 30 елдің қата­ры­на бастаған» – «Нұре­кеңнің арқасы…».

Біз сөзді сем­сер де, сабау да етіп жүр­міз. Әсіре­се пре­зи­дент­тің соңғы руха­ни жаңғы­ру жай­ын­дағы мақа­ла-жоба­сы, ЭКСПО-17 және Аста­на әуе­жай­ы­на пре­зи­дент­тің атын беру жөнін­де­гі мадақсөздің буы Алтай – Ала­тау ара­сын лықа тол­тыр­ды, қашан сей­ілері бел­гісіз. Бірақ алда-жал­да сей­і­ле бас­та­са, Аста­на­да талқы­ла­у­ға тағы да бір халы­қа­ра­лық мәсе­ле табы­лар. Биы­лғы бірін­ші жар­ты­жыл­ды­қта «әлем­дік қала, озық иде­я­лар орда­сы – Аста­на­да» өткізіл­ген форум, кеңес, сим­по­зи­ум, мәс­ли­хат, кон­фе­рен­ция, сұх­бат, құры­л­тай, Нобель сый­лы­ғы иегер­лерінің тағы да басқо­суы,.. басқа­лар­ды біл­мей­мін, әйте­уір мен солар­дың саны­нан жаңы­лып қалдым.

Бұл пікірім­ді теріс­ке жорып, мені «мәң­гілік елінің, туған халқы­ның жетісті­гін, елба­сы­мы­здың ерен еңбе­гін біл­мей­ді» деп, «акт жасап, мөр басқы­сы» келетін­дер табы­лар. Еріктері.

Елі­мізді мен де сүй­е­мін, тек «мәң­гілік» деген тір­кесін айта алмай­мын, себебі Құран-Кәрім­де Жара­ту­шы­мы­здың ғана мәң­гілік екені, одан басқа мәң­гі ештеңе жоқты­ғы айты­лған. Қаза­қстан мен қаза­қтың да жасай бере­рі анық, сол үшін жара­ты­лған, алай­да мақтанған­ның да, мақтаған­ның да реті бар. Киелі кітап­тағы түй­ін­мен тәжі­ке­ле­с­пе­ген жөн болар. Мақтаған демек­ші, Н.Назарбаевтың руха­ни жаңғы­ру жай­ын­дағы мақа­ла­сы­на нөпір пікір­дің бірі маған ерекше әсер етті: «сана­мы­зды оятқан жоба» деп­ті. Авто­ры­ның кім екенін ата­уды обал­сын­сам да, қазақ сана­сы­ның әлі оян­баға­нын, мынау жоба ғана оята­рын қалай­ша біл­геніне таңданудамын…

 

Жақын­да ғана ата­жұр­тым Шығыс Қаза­қстан­ның Ұлан ауда­нын­дағы Асубұлақ ауы­лын­да тағы да болып кел­дім. Аса баға­лы кені, оның ішін­де ура­ны бар – Асубұлақтың бай­лы­ғы тасып, халқы­ның саны 10 мың­нан асып, 1985 жылы қала дең­гей­лі посе­лок (посе­лок город­ско­го типа) ата­нып, 1992 жылы заң­ды түр­де қалаға айна­луға тиісті құжат­та­ры рет­тел­ген-ді. Айтып-айт­пай не керек, жыл­дан-жылға жұтаң­да­нып, бүгін­де – 1,5 мың ғана тұрғы­ны бар шағын мекен. Өркен­ді өнер­кәсібі­нен «бел­гі» болып 5–6 қабат үйлер­дің үңірей­ген, аңғал-саңғал қаңқа­сы тұр. Кен орын­да­ры тәу­ел­сізді­гі­міздің жалы­на жар­ма­са жет­кен «рефор­ма­шыл» қал­та­лы­лар­дың бірі­нен екін­шісіне, үшін­шісіне… саты­лып, тақыр-таза­ла­нып, шах­та­лар үңірей­іп иен қал­ды. Жастар жұмыс ізде­умен алыс-жақын­дағы қала­лар­ды жаға­лап кет­ті. Кезін­де­гі қар­ба­лас Асубұлақ зей­нет­кер­лер­дің бұй­ы­ғы ауы­лы­на айналды.

Ауыл дей­міз. Соңғы он шақты жыл­да ауыл­ды қал­пы­на кел­ті­ру деген үміт­ті сөз­бен рес­пуб­ли­ка­мы­здың пар­ла­мен­ті қабыл­даған, пре­зи­ден­ті бекіт­кен, егер жаңы­лы­спа­сам, үш қау­лы болып, мем­ле­кет бюд­жеті­нен жүз­де­ген мил­ли­ард тең­ге қар­жы бөлін­ді. Ауыл-село жұрт­шы­лы­ғы куә болып оты­рға­нын­дай, оларға сол қыру­ар қар­жы­ның шире­гі де жет­кен жоқ. Қай­да, қалай ғай­ып болға­ны ауыл­дарға бел­гісіз. Пар­ла­мент те өзі күн­де қабыл­дап жата­тын ондаған қаулы­ның ара­сын­дағы сол үше­уінің ең бол­ма­са біре­уінің немен тынға­ны­нан хабар­сыз. Оның «тари­хи мін­деті» – қаулы­лар қабыл­дай беру. Олар­дың қалай орын­да­лып жатқа­нын тек­се­ретін депу­тат­тық тек­се­ру коми­теті жоқ пар­ла­мент­тен елге, халы­ққа не қай­ыр? Халы­қтың мүд­десі үшін ондай коми­тет құруға құқы бол­ма­са, несіне парламент?

Айы­на кеше – 400 мың, қазір­де – 600 мың тең­ге жалақы алушы жүз­де­ген депу­тат­тың неме­се анау Халы­қтар ассам­бле­я­сы­ның қабы­рға­сы жабық сон­ша­ма мүше­сінің қай­сысы, мыса­лы, ауыз­суға жары­май оты­рған 400 шама­лы ауыл­дың тауқы­метін айт­ты ма? Жоқ! Бәрі де қала­да туып-өскен­дей, ауыл­дың не екенін естіп көр­ме­ген­дей. Елба­сы­ла­ры да қаза­қтың азық-түлік қой­ма­сы ғана емес, руха­ни бесі­гі болған ауыл­ды жаңғырт­пай­ын­ша, елдің, қаза­қтың, қаза­қстан­ды­қтар­дың руха­ни жаңғы­руы екіта­лай екенін ескермеді.

 

Халық шару­а­шы­лы­ғы­ның негіз­гі екі сала­сы – ауыл мен өнер­кәсіп жалаң жағ­дай­ға душар етіл­генін іштей мой­ын­да­у­шы билік олар­ды дамы­туға деп жыл­да шетел­дер­ден мил­ли­ард­таған дол­лар қарыз алса да, ауған арба сол қал­пын­да. Сөз жүзін­де ғана түзел­ді. «Жан-жақты өркен­де­уде Қаза­қстан әлем­нің қай елі­мен бол­сын бәсе­ке­ле­се ала­ды!», «Шетел­дер­де Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­лық даму кодын іздей­тін инсти­тут­тар құры­лып жатыр!..» деп желі­ге жел­пі­нуі­міз­де қапы жоқ, ал ел тәу­ел­сіздік алған­нан бер­гі 26 жыл­да халық алдын­дағы тамағы­ның, үстін­де­гі киі­мінің арзан­даға­нын көр­ген емес. Көріп келе жатқа­ны – қым­бат­шы­лық. Тір­шілі­гіне қажет­тің бәрі үздіксіз қым­бат­та­уда. Басқа­сын айт­паған­да, 1994 жылы бөл­кесі 2–3 тең­ге болған нан­ның баға­сы бүгін­де 60 тең­ге­ден – 170 тең­ге­ге дей­ін артты.

Билік жыла­ра «айлық жалақы­ға пәлен пай­ыз қосуға, зей­не­тақы­ға түг­лен пай­ыз қосуға қау­лы қабыл­даға­нын» сүй­ін­ші сұрай хабар­лай­ды, ал дүкен мен базар, ком­му­нал­дық қыз­мет орын­да­ры ол қосым­ша­ны арты­ғы­мен қақ­шып ала­ды, оларға – пәтуәсіз пай­да­кү­нем­дер­ге: «Оның не?» дей алар ешкім жоқ. Электр мен бай­ла­ны­стың, суық су мен ыстық судың, жылу­дың қожай­ын­да­ры баға­ны қашан, қалай өсіруді өздері біледі. Жеке мен­шік пәтер­лер коопе­ра­тиві­мен сөй­ле­с­пей­ді де.

Халы­қты әле­умет­тік қорғау аясын­дағы Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі­міз жай­ын­дағы «жыр» да ұзақ. Бұл сала­да «қар­жы үнем­деу қамы­м­ен» дәрі­гер­лер­ді шару­а­шы­лық есеп­ке теліп, еңбе­гін зая ету, бір емха­на­ны екін­ші­ге қосу, ауру­ха­на­ны жабу дегенің бәтің­ке ауы­сты­рған­нан оңай. Ең сорақы­сы – 2006 жылы Алма­ты меди­ци­на инсти­ту­ты­ның Педи­ат­рия факуль­теті жабы­лып, бала­лар­ды емде­удің қия­мет-қай­ы­мға айналға­ны бол­ды. Әрине, жас ұрпағы­мы­здың ден­са­улы­ғы­на қамқор­лы­қты аяқа­сты еткен көр­соқыр­лы­ққа қар­сы­лық бастал­ды. Күрес туын ат-атағы Қаза­қстанға ғана емес, күні кеше КСРО-ға да мәлім болған атақты хирург, ака­де­мик, менің ұғы­мым­ша – Бала­лар­дың бас қамқор­шы­сы да, емшісі де Камал Орман­та­ев көтер­ді. Кеса­пат­пен күрес он жылға созы­лып, ақы­рын­да Каме­кеңнің жеңісі­мен аяқта­лып, аталған факуль­тет биыл қай­та­дан ашы­ла­тын болды!

Бұры­ны­рақта жазған бір сөзім­ді қай­та­лай­ын. ХХ ғасыр­да қалып­тасқан халы­қа­ра­лық қағи­да бой­ын­ша, мем­ле­кет­тің сыр­тқы және ішкі сипа­ты бар. Сыр­тқы­сы – мем­ле­кет бас­шы­сы­ның қашан, қай­да бол­сын өздерінің мем­ле­кет­тік тілін­де сөй­ле­уі. Ішкісі – халы­ққа білім беруі мен халы­қты емде­уі тегін болуы.

Алға­шқы­сы – ұлт­тық намысты сақтау, соңғы­сы – мем­ле­кет­тің эко­но­ми­ка­лық қуат­ты екенін таны­ту десек, «Бүкіл әлем Қаза­қстанға қызы­ға қара­уда» дегіш жал­бақай­лар­дың ол сипаттар­дан мүл­де мақұ­рым екен­дерін, қыздыр­ма­лы қызыл сөздің көрі­гін күр­піл­де­туді ғана білетін­дерін көріп жүрміз.

 

Руха­ни жаңғы­руы­мы­зды жан­дан­ды­руға тиіс үлкен екі сала – Білім-ғылым, Мәде­ни­ет мини­стр­лік­тері­міз тура­лы не айтуға бола­ды? Мыса­лы, өз басым риза­лы­қ­пен «Бәре­кел­ді!» дей алмай­мын. Қысқар­тып айт­сам: сахна­ла­ры­мыз бен теле­ар­на­ла­ры­мы­зды талғам­сыздық жай­лап алды. Өзге­лер­дің 3–4 әні­нен жырым­дап, «ән» шыға­ра­тын «саз­гер», ұйқа­сы бар, ұйы­та­ры жоқ өлең­сы­мақ шыға­ра­тын «ақын», халық саз­гер­лерінің әсем әндерін қиқа­лап айта­тын «әнші» көбей­ді. Бұрын­да Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гін­де жаңа ән мен күй­ді, биді талғам таразыс­ы­на сала­тын арна­у­лы бөлім болған, ал бүгін­де ол не жоқ, не жол­та­пқы­штар­дың жетегінде.

Пре­зи­дент­тің руха­ни жаңғы­ру жай­ын­дағы мақа­ла­сы жари­я­ланға­лы үш айдай уақыт өтсе де, сахна мен теле­ар­на бері қараған жоқ. Ал ары қарап бара жатқа­ны мини­стр­лік­тің бас­шы­ла­ры­на өте ұнаған бол­са керек.

Білім десек, министр құтай­май­тын бұл салаға да жұрт­шы­лық нара­зы. Не үшін? Ұшпаққа шығар­май­тын «үш тұғыр­лы тіл бағ­дар­ла­ма­сын» мек­теп­тің 1‑сыныбынан бастап тық­па­лаға­ны үшін. Рас, жас ұрпағы­мыз заман­ның бета­лы­сы­на қарай шетел­дер тілін білу­ге тиіс, бірақ үш тіл­ді қатар емі­зу – қай ұлт­тың бол­сын бала­сын Ана тілінің уызы­на қан­дыр­мау. Шетел тіл­дерін, айта­лық, 8‑сыныптап бастап оқыт­сақ, кәме­лет­тік атте­стат пен диплом алып шығар 7 жыл шәкірт-сту­дент­тің ағы­л­шын тіліне қоса халы­қа­ра­лық басқа да тіл­дер­ді мең­геріп шығу­ла­ры­на еркін жетер уақыт емес пе? Әлде қазақ бала­сы биз­не­стің жағын айы­руы үшін ағы­л­шын тілін 1‑сыныптан оқы­май оңбай­ты­ны­на министр Е.Сағадиевтің көзі жетіп пе? Биз­не­стің көкесін көр­сетіп оты­рған, ағы­л­шын тілінің пай­да­сын жете білетін Қытай, мыса­лы, біз­ше өлер­мен­дік­ке беріл­ген жоқ.

«Оқу өтіп кет­кен» дер­лік осы екі министр көп­шілік­тің сыны­на ең көп ұшы­раған­дар бол­са да, қыңқ етпей­ді. Пре­зи­дент­тің ерке-сер­ке­лері дер­сің! Соңғы­сы бар-ау, мек­теп­те негіз­гі пән­дер­ді ағы­л­шын тілін­де оқы­ту керек» деп те жаһан­дық «жаңа­лық» ашып жүр. Олар қай пән­дер? Сірә, қаза­қтың тілі мен әде­би­еті, тарихы мен жағра­фи­я­сы негіз­гі пән­дер тізі­мі­нен сызы­лып тасталған шығар, егер олай бол­ма­са, олар­ды да ағы­л­шын тілін­де оқыт­пақ­шы ма?

 

Өзі мен өзінікін жары­лқа­удан жалы­қ­пай­тын, бұқа­ра­ның күбірін де, жанай­қай­ын да тың­да­май­тын билік­ке бұл жәйт­тер әу баста-ақ айты­лған, жазы­лған. Тәу­ел­сіз бас­пасөздің бетін­де қат-қабат болып жатыр. Олар­да әрқа­шан ашық та батыл, әділ сөй­лей­тін­дер­ге билік­тің нен­дей «жау­ап» бер­ген­дері жай­ын­да малұ­мат­тар да бар:

«Мыса­лы, «бел­гісіз біре­улер» бір­де бел­гілі сая­сат­кер­лер: Әмір­жан Қоса­но­втың, Сей­дах­мет Құт­ты­қа­дам­ның, Нұр­бо­лат Маса­но­втың пәтер­лерінің сыр­тқы есі­гін цемент­пен шеген­деп, іште­гілер шыға алмай­тын етіп кет­ті… Әмір­жан­ды соққы­ға жықты… Ермұрат Бапи­ды сот­та­ды… Әке­жан Қажы­гел­дин­ді оңды-сол­ды қара­лап, қуғын­дап, шетел­ді пана­ла­у­ға мәж­бүр етті (кей­бір әуей­ілер: «Ол пара­ны алып-алып, әдейі қашып кет­ті!» деп сасы­қа­уы­зда­нып жүр. Бай­ғұстар-ай!)… Ғалым­жан Жақи­я­но­вқа жала жауып, жеті жыл түр­ме­ге кесті… Лира Бай­сей­іто­ва­ның әрі шыға­ра бастаған тәу­ел­сіз гәзетін жауып тастап, әрі өзін қай­ғы­ға душар етті… «ДАТ» гәзетін де жауып тын­ды… «Таң» теле­ар­на­сын атқы­ла­ды, жауып таста­ды… «Сол­ДАТ» гәзеті редак­ци­я­сы­ның қыз­мет­кер­лерін сабап, мүлік­терін тонап кет­ті. Гәзет­тің тара­лы­мын сан рет тәр­кіледі, гәзет­ті ерік­ті сату­шы­лар­ды қуда­ла­ды… «Рес­пуб­ли­ка» гәзетін жап­ты, кең­сесін өрте­ді, кең­сесіне ит өлі­гін апа­рып тастап, ол иттің басын редак­тор­дың үйінің сыр­тқы есі­гіне іліп кет­ті… «Қаза­қстан» гәзетін қақ­пақы­лға айнал­дыр­ды… Сер­гей Дува­но­вқа қыл­мақ­шы­ны қылып жатқан­да­ры анау…». «Қай­да кетіп бара­мыз, қырып-жой­ып?» деген мақа­лам­да («Жұма таймс» гәзеті, 2003 жыл) осы­лай деген­мін. Үзін­дісі. Содан бері 14 жыл өтті, ал мен сол сөзім­ді бүгін де қай­та­лай ала­мын. Былайша:

Билік­тің бауы­рын­да өсіп, талай-талай кере­гіне жарап жүріп, ақы­рын­да билік­тің алдам­шы екеніне көзі жетіп, көріп-біл­ген қиям­пұры­сты­қты тізіп айта пре­зи­дент Н.Назарбаевқа ашық хат жазып, оппо­зи­ци­яға бет алған Заман­бек Нұрқа­ді­лов­пен 2004 жылы 24 шіл­де­де сұх­бат­тасқан бел­гілі жур­нал­шы Асхат Шәрі­п­жа­но­вты сол күні іңір­де ауто­мә­шін қағып мерт қыл­ды. Мерт қылға­ны ерекше: марқұм­ның денесін­де қарағұ­сы ойы­лған­нан басқа бір­де-бір сызат жоқ! Адам­ның тек басын қағып өтетін ауто­мә­шін болға­ны ма?!

«Өзін-өзі үш рет атқан» Заман­бек­тің өлі­гі өз үйі­нен табыл­ды. 2005 жылы, қара­ша­ның 25‑і күні. «Атқан­да» қан­дай?!. Екі рет кеудесіне атқан, оған бол­маған соң, төр­ге кілем­ше төсеп, соған түзу жатып, көр­пе­ше­сін тізе жағы­на жауып, содан кей­ін басы­на атқан – заң орын­да­ры айта­тын «кон­троль­ный выстрел». Адам­ның өзін-өзі үш рет атуы арғы-бер­гі тарих­та Қаза­қстан­да ғана болған шығар. Ол сұм­ды­қты теле­ди­дар арқы­лы хабар­лаған ішкі істер мини­стрі Б.Мұхаметжановтың беті бүлк етпе­гені сондықтан-ау!..

Ара­да үш ай өте бере, Алма­ты­ның бір шетін­де Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның өлі­гі табыл­ды. Жалғыз емес, оққаға­ры мен шофері үше­уін атып тастаған… Алтын­бек те билік­тің біре­гей қыз­мет­кері болып, министр дең­гей­іне жет­ті. Алай­да ол да билік­тің пәтуәсізді­гіне шыдай алмай, оппо­зи­ци­яға ойы­сты. Демо­кра­ти­я­лық пар­тия құрып, оппо­зи­ци­я­ның жетек­шісі бол­ды. Ашы­нып сөй­леп, ақиқат­ты батыл жазып жүр­ді. Сол үшін, иә, сол үшін құр­бан­ды­ққа шалын­ды. «Алай екен, былай екен» деген алып-қашты сөз әдейі тара­тыл­са да, жасан­ды дәлел­дер жұрт­ты илан­ды­ра алмады.

Озбыр билік­тің жала­сы­мен түр­ме­де 7 жыл оты­рып шыққан Ғалым­жан Жақи­я­нов өміріне қай­та­дан қауіп төн­ген соң, шетел­ге қоныс аудар­ды. Батыл сая­сат­шы, жур­нал­шы-жазу­шы­лар Батыр­хан Дәрім­бе­тов пен Нұри Мұф­тах та «ауто­мә­шін­нің асты­на түсіп» көз жұмды.

Алма­ты­ның іргесін­де­гі «Шаңы­рақ» атты қазақ ауы­лын­да «заң­сыз салы­нған» үйлер­ді таңғы сағат 4‑те (?!) буль­до­зер­мен сүріп таста­уға барған поли­ция тобы­на батыл қар­сы шыққан қай­сар ақын Арон Ата­бек­ке және төрт жігіт­ке «поли­цей­ді өлтір­ді» деген жұм­бақ жала жабы­лып, дерексіз «керек дерекпен» жау­а­пқа тар­тыл­ды. 2007 жылы қазан айын­да. 18 жылға сот­талған Арон содан бері жеті түр­ме­ге ауы­сты­ры­лып, бәрін­де де бір­кісілік каме­ра­да ұсталуда.

Жаңаө­зен­де билік­тің қия­сты­ғы­нан қан­ды оқиға бол­ды. Алма­ты облы­сын­да «Шека­ра шатағы» шықты. Мұнай мен газы­мы­зға ие болып алған шетел­дік пай­да­кү­нем ком­па­ни­я­лар­дың озбыр­лы­қта­ры­на ашы­нып, қар­сы­лық жасаған жер­гілік­ті қазақ жұмыс­шы­ла­ры­ның бір­не­ше­уі сотталды.

Жері­міздің жател­дік­тер­ге жалға берілуіне, саты­луы­на батыл нара­зы­лық таны­тқан аза­мат­та­ры­мыз түр­ме­ге жабылды.

Билік­тің бет­пер­десін сыпы­ра сөй­ле­ген режис­сер Болат Ата­ба­ев қуғын көріп, шетел­ге кету­ге мәж­бүр болды.

«Қазы­на­ның қар­жы­сын ұрлап-жыр­лап қой­ған­да­ры үшін» әкелі-бала­лы жур­нал­шы Мата­ев­тар сот­та­лып, түр­ме­де отыр.

«Қашқын мил­ли­ар­дер М.Әбіләзовпен сыбай­лас» жур­нал­шы Ж.Мамай бес ай бойы қамақта, тергеуде.

 

Соңғы 4–5 жыл­да: «Ішіп қой­ды, жеп қой­ды», «ірі көлем­ді пара алды» деп сот­талған қазақ жиыр­ма шақты. Солар­дың бәрінің «ұрлық, пара» делін­ген ақша­ла­рын қосып есеп­те­сек, В.Ни деген­нің бір жолғы «табысы­ның» жар­ты­сы­на да жет­пей­ді. Ни 1 мил­ли­он дол­лар пара алып тұрға­нын­да тұтқын­дал­ды да, заң орын­да­ры өкіл­дерінің: «Олай емес екен, былай екен» деп, жан­та­ла­са ақта­уы­мен аман-сау боса­ты­лып, ақмон­ша­дан шыққан­дай болып, тай­раң­дап кете бар­ды. Ал оның «бірін­ші рет» (?!) сон­ша пара алған­ды­ғы «тәжіри­бесізді­гі» болып, қамқор­шы­ла­ры соны­сын мұқи­ят ескер­ген шығар.

Жал­пы, біздің бүгін­гі билік елі­міз­де­гі мил­ли­о­нер-мил­ли­ар­дер­лер­ге рақым­ды. Бұдан бір ай шама­сы бұрын «ДАТ» паш еткен­дей, қаза­қстан­дық аса бай биз­нес­шілер­дің саны 50 екен.

Солар­дың қай­сысы адал еңбе­гі­мен «алға шыққа­ны», мыса­лы, маған бей­мәлім, ал сырт­тай бол­са да, анық білетін­дерім – «Нева­да-Семей» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның арна­у­лы қоры­на Семей атом поли­го­ны­нан зардап шек­кен­дер­ге жәр­дем беру­ге жиналған мил­ли­ард­таған дол­лар­ды «төк­пей-шашпай» өза­ра бөліс­ке салып, мил­ли­ар­дер болып, миы­ғы­нан күліп жүр­ген­дер: Маш­ке­вич, Шоди­ев, Ибра­ги­мов және «Корей­ка». Билік ол бет­пақтар­дың бір­де-біре­уіне: «Әй, сен семей­лік­тер­ді алдап, арам­ды­қ­пен бай­ы­дың! Алға­ны­ң­ды, кәне, қай­тар!» деп дауыс көтер­ген жоқ, керісін­ше: дос-жол­дас, әмпей-жәмпей.

Соны­мен, «…біз­дер­де мына­дай бар, мына­дай бар» (С.Торайғыров): билік­тің ырқын­дағы тәу­ел­ді бас­пасөздің бағ­дар­ла­ма­сы – пре­зи­дент Н.Ә.Назарбаевты мақтай беру, мақта­та беру. Ұйым­да­сты­руын­да сел­кеу жоқ. Егер мем­ле­кет бас­шы­сын мадақта­удың, өздері мен­шік­те­ген сөз­бен айтқан­да, «әлем­дік» жары­сы өткізіл­се, чем­пи­он болар-ақ еді, не керек, өткізілер емес. Оу, «әлем­ді там­сан­ды­рып оты­рған Қаза­қстан» өзі ұсы­ныс жасап, Аста­на­да неге өткіз­бес­ке? ЭКС­ПО-17-ні өткіз­ген­нен қиын, қым­бат бола қоймас.

 

Ал пре­зи­дент өзіне ашық та шексіз табы­ну­шы­лар­дың сөз­дерін ести ме, жазған­да­рын оқи ма? Тың­да­са, оқы­са, ұна­тып жүр ме, әлде «Қой­ы­ң­дар!» деу­ге дәті жет­пей ме?.. Әй, ұна­та­ды-ау, ұна­та­ды. Екін­ші­ден, бәрі де өзі таң­даған кадр­лар ғой, шір­кін­дер­дің көз­дері де, көңіл­дері де жақ­сы, пей­іл­дері кең. Үшін­ші­ден, мақта­удың аты – мақтау. Орын­ды-орын­сыз бол­са да. Сын емес. Тәу­ел­сіз гәзеттердегідей…

Ал тәу­ел­ді бас­пасөздің мін­деті қашан да айқын, жолы ашық. Өкі­мет пен үкі­мет­ті үкілеп, бол­маған жетістік­ті «бол­ды» деп, тар­ды «кең» деп, қисы­қты «түзу» деп, «кем­шілік, олқы­лық» деген сөз­дер­ді өзі де ұмы­тып, өзге­лер­ге де ұмыт­ты­рып отыр. Біз­де адам құқын сый­лау деген­нің бар-жоғын ойлап бас қаты­ру керек емес, шетел­дің ерік­кен демо­крат­та­ры-ақ біз үшін ойлап қарық бола бер­сін. Ой еркін­ді­гіне қоса сөз бостан­ды­ғын да соларға бердік.

Біз­де шешіл­мей жатқан, шие­леніс­кен мәсе­ле жоқ. Білім-ғылым биі­гін­де: мек­теп­тер ашық, сынып­та­ры жарық, биыл жап­пай он екі жыл­дық оқу жүй­есіне көшіріледі. Ағы­л­шын тілін үйре­ту бала­бақ­ша­дан баста­луы мүмкін.

Ғылым ака­де­ми­я­мыз орнын­да бол­ма­са да, ғылы­мы­м­ы­здың ойы-қыры гүл­деп тұр, жақын­да ғана «аса көр­нек­ті» 69 ада­мға ака­де­мик атағы беріл­ді. Иә, жоқ ака­де­мия бар Жазу­шы­лар одағы­нан кем бе екен?! Жазу­шы­лар одағы анау жылы халы­қа­ра­лық әде­би «Алаш» сый­лы­ғын бір күн­де 42 кісісіне бер­ген бол­са, «ака­де­мия»… тәк што…

Парақор­лық, жемқор­лық деген­мен алы­са­тын комис­сия, коми­тет құрып әуре болу­дың қажеті не? Қай­сысы бол­сын, той­ған соң тоқтай­ды, қай­та олар­дың қолын қақ­пау керек, неғұр­лым тез той­са, соғұр­лым тез тоқтайды…

Қысқа­сы: ауыл орнын­да, қала тыныш. Анау-мынау сөз­дер тый­ыл­сын! Содан соң: Қаза­қстан әлем­ге кеше-бүгін ғана таны­лған жоқ, 1990 жыл­дан басталған «жаңа тарихы­мы­зды» жақ­сы білу керек қой, біз 2002 жылы «ДВК» қозға­лы­сын төк­пеш­теп таста­уы­мы­з­бен, одан соң «Қаза­қ­гей­ті­міз­бен», «Рахат Әли­ев­тің ісі­мен» таны­лып үлгер­ген­біз, тәк што…

 

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн