Суббота , 5 июля 2025

Орыстар Ресейге КӨШІП ЖАТЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Ақ жол!

 


«Қаза­қстан­нан шетел­ге тұрақты өмір сүру үшін көшетін халық саны көбей­іп бара­ды», – дей­ді маман­дар. Әле­умет­тік және демо­гра­фи­я­лық ста­ти­сти­ка басқар­ма­сы қыз­мет­кер­лерінің сөзін­ше, қоныс ауда­ру­шы­лар­дың көбі Ресей, Гер­ма­ния және Бела­русь­ке кетеді.

 

Қаза­қстан­ның сол­түсті­гін­де орна­ласқан Пет­ро­павл қала­сы­ның тұрғы­ны Татья­на Велич­ки­на биыл жұмыс табыл­ма­са, көр­ші Ресей­ге «Отан­дастар» бағ­дар­ла­ма­сы арқы­лы кетуді жос­пар­лап отыр. Оның сөзіне қараған­да, «бұл бағ­дар­ла­ма оған өте тиім­ді». «Ресей­ге көш­се, бас­па­на және тұрақты жұмыспен қам­та­ма­сыз етілмек».

Қаза­қстан ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі әле­умет­тік-демо­гра­фи­я­лық ста­ти­сти­ка басқар­ма­сы маман­да­ры­ның сөзін­ше, Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­нан өзге елге қоныс ауда­ру­шы аза­мат­тар­дың саны Қаза­қстанға көшіп келу­шілер саны­нан көп. Осы мини­стр­лік­те­гі ста­ти­сти­ка басқар­ма­сы­ның сарап­шы­сы Гүл­жи­хан Айго­зи­на­ның «Азатты­ққа» айтуын­ша, «2016 жылы облы­сқа 743 адам көшіп кел­се, кет­кен­дер саны 3276 адам болған». Яғни, көшіп кету­шілер төрт есе артық.

«Оның ішін­де Пет­ро­павл қала­сы­ның өзіне 476 адам көшіп кел­се, 1798 адам қала­дан көшіп кет­кен. 2016 жылы адам­дар­дың көбі Ресей­ге, Гер­ма­ни­яға және Бела­рус­си­яға қоныс аудар­ды», – дей­ді мини­стр­лік өкілі.

Қаза­қстан­ның өз ішін­де де басқа өңір­лер­ден сол­түстік­ке жұмысқа, оқуға шақы­ру шара­ла­ры өткізіліп тұра­ды. Сон­дай шара­лар­дың бірі кеше Қызы­лор­да­да өтті. Онда «Жұмыспен қам­ту – 2020» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша өткен еңбек жәр­мең­кесін­де сол­түстік­тен кел­ген жүз­де­ген меке­ме жұмыс ұсынды.

Ресей ішкі істер мини­стр­лі­гі сай­тын­дағы дерекке сәй­кес, 2016 жылы Қаза­қстан­нан кет­кен 37 837 адам Ресей аза­мат­ты­ғын алған. Маман­дар «Ресей­ге көшу­шілер баяу да бол­са көбей­іп бара­ды»,- дей­ді. Мәсе­лен 2015 жылы Қаза­қстан­нан Ресей­ге шама­мен 32 мың адам кет­кен, олар­дың негіз­гі бөлі­гі – этни­ка­лық оры­стар неме­се орыс тіл­ді халық.

Орыс тіл­ді аза­мат­тар­дың Қаза­қстан­да қалғы­сы кел­ме­уінің көп себеп­тері бар екені айты­лып жүр. Сарап­шы­лар ондай себеп­тің бірі ретін­де «Ресей­дің отан­даста­рын өз тер­ри­то­ри­я­сы­на көшіру­ге арналған бағ­дар­ла­ма­сын» атай­ды. Бұл бағ­дар­ла­ма­да Ресей­ге көш­кен «отан­дастар­ды» жұмысқа орна­ла­сты­ру, жол шығы­нын, мүл­кін төлеп беру мәсе­ле­лері қарас­ты­ры­лған. Маман­дар орыс тіл­ді халы­қты Ресей­ге көшу­ге ынта­лан­ды­ра­тын тағы бір фак­тор ретін­де бұл елде жақ­сы білім алу, қомақты­рақ табыс табу мүм­кін­ді­гі көбірек екенін айтады.

Ресей феде­рал­дық көші-қон (ФМС) қыз­меті дере­гін­ше, соңғы кез­де «Отан­дастар» мем­лект­тік бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша бұры­нғы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­дан Ресей­ге жыл сай­ын 100 мың­нан көп адам көшеді. Оның 29,7 пай­ы­зы әрі бұл бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша «ең көп өтініш беретін­дер» – Қаза­қстан азаматтары.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн