Суббота , 5 июля 2025

ЕКІ ӘҢГІМЕ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Жазғы жаз­ба­лар


 

Жапа

Тау ете­гі. Әрі қарай жап-жазық дала. Көк­пе­ң­бек. Таңер­тең ғана сір­кіреп жаң­быр жауып өткен сонау-сонау көз ұшын­да, дөң басын­да кем­пірқо­сақ ілі­нулі тұр. Әдемі.

Қаза­қтың жай­ла­у­ы­ның көк­май­са­сын тілі­мен бырт-бырт үзген қара-ала сиыр жай­ы­лып жүр. Ауыл­дың бар бай­лы­ғын сатып, әрең қол жет­кіз­ген арғы ата­сы бел­гісіз шетел­дік жану­ар еді…

Шыбын­да­май­ды да. Рахат. Төңірек тып-тыныш еді. Бір кез­де сиыр­дың құлағы­на дүріл­де­ген дыбыс кел­ді. Әуелі ештеңе ұқпаған, оттап жүре берген.

Бір кез­де сонау көз ұшы­нан өзіне қарай зулап келе жатқан қара ноқат жақын­дай түсті. «Мәс­саған! Мына­ны қара! Ұсқын­сыз ғой мынау. Жал­бы­раған жалы бар, құй­ры­ғы одан да ұзын, бұл не ғылған жану­ар?» деп, ойлаға­нын­ша дүбір жаны­на жақын­дай түсті. Қара-ала сиыр ап-анық бай­қа­ды. «Өй, мынау не пәле? Тұяғы біздікін­дей айыр емес екен ғой. Сирағы ұзын, жел­піл­де­ген бір­деңе ғой мынау. Менің жай­ла­у­ым­ды тап­тай­тын бол­ды-ау!» деп, ішін қызға­ныш өртеп кетті.

«Мына пәлені сүзіп өлтірей­ін!», – деп, жаны­нан жел­дей есіп өткен тұл­пар­дың соңы­нан тұра қуды. Біраз жер қуған­нан кей­ін, қара-ала сиыр­дың екі бүй­ірі солқыл­дап, сал­пиған қар­ны жер сүзіп, жары­лып кете жаз­да­ды. Ыңқ-ыңқ ете­ді. Аузы­нан сіле­кей ақты.

Қаза­қтың кең дала­сын­да дүбір­ле­те шауып бара жатқан тұл­пар­дың соңы­нан ыңқыл­дап, ұзақ қарап тұр­ды. Қара-а-а-ап тұр­ды. Ыңқ-ыңқ ете­ді. Күй­сей алмай қиналды.

Жер ана­ның жүре­гін тесіп шыққан аппақ гүл самал жер­мен тер­бе­ле бастап еді. Осы кез­де сиыр­дың арты­нан неше күн жеген шөбінің қой­мал­жы­ңға айналған сасық жапа­сы былш етіп жер­ге түсті. Жапа­ның астын­да бәл­кім ғашы­қтар бір-біріне сый­лай­тын, бәл­кім боз бала мен бой­жет­кен­нің үзіп ала­тын, өмір­ге ғашық жан­ның үлкен тебіреніспен, үлкен махаб­бат­пен үзіп ала­тын гүлі қалды…

 

Қасқыр­дың суреті

Қала­ның төбесіне мамы­қтай қалқып түсіп келе жатқан мың-мил­ли­он ұлпа қар­ды дала­дан асы­ғып жет­кен желік­пе жел ұршы­қтай иіріп, етек-жеңін жел­піл­детіп, үкі­дей ұшы­рып, ала құй­ын мінезіне сал­ды. Аял­да­ма­да тұрған қара бала айна­ла­сы­на жау­таң-жау­таң етіп қарай­ды. Бағы­ты – бас пошта, екі аял­да­ма­лық жер. Ауы­лы­на хат сал­мақ. «Ата-ау, ешкім­ді таны­май­тын қалаға неме­не­ге алып кел­дің, ауыл­да да мек­теп бар емес пе? Мені қай­та­дан алып кет­ші!» деген жол­дар­ды жылап оты­рып жазып еді.

Бала­ны жаны­на бір­не­ше адам кел­ді. Аузы-басын жирен жүн басқан дәу сары­ны бай­қап қал­ды. Ыңғай­сыздан­ды. Үлкен ада­мға аман­дас­пақ болды.

– Асса­ла­у­маға­лей­кум, – деді оң қолын жүре­гінің тұсы­на қойып.

– Че надо тебе? – деп гүр ете түсті. Бұған ала көзі­мен қарап, жер­ге бір түкір­ді. Қой­нын­да қыбыр­лаған бір­деңесі бар. Қара бала шынын­да да дәу сары­дан қорқып қалып еді. Ығы­сып шет­ке барып тұрды.

Аял­да­ма­ның ықта­сын жағын­да көк­жал қасқыр­дың пла­ка­ты ілін­ген. «ГДК рок-кон¬церт, 18:00 ч. 16.12.1987 г.». Қара бала қасқыр­дың суретін көріп, дәл бір туы­сын көр­ген­дей іштей қуа­нып қал­ды. «Әй, мынау біздің қой­ға шаба­тын көк­жал ғой, атам торы айғы­рға мініп қуған кез­де, Ақбақай төбеті­міз­бен тала­са­тын қасқыр емес пе…». Осы кез­де дәу сары­ның қой­нын­дағы кіш­кен­тай күшік сырғып жер­ге түсті де, қасқыр­дың суретіне қарап, ал шәңкіл­деп үрсін кеп…

«Ти-ти, пре­кра­ти» деп, дәу сары қара балаға түсініксіз­деу тіл­де сөй­лей баста­ды. Жұды­ры­қтай Ти-ти шәңк-шәңк етіп бол­май­ды. Бала аң-таң боп қарап тұр. Бір кез­де жел үдей түсіп, пла­кат жұлы­нып кет­ті де, қар­дың беті­мен сырғып, Ти-тиға жақын­дай бер­ді. Ол бай­ғұс бол­са, денесін­де­гі бүкіл түгі діріл­деп, бұты­на жіберіп қой­ды да, бала­ны келіп пана­ла­ды. Қара бала қоса­яқтай кіш­кен­тай күшік­ті жер­ден жеңіл көтеріп, иесіне берді.

Дәу сары Ти-Тиді қой­ны­на тыға сал­ды да, қара балаға рах­мет айтқан жоқ. Иесінің жылы қой­нын­да тұрған Ти-ти ін аузын­дағы күзен­дей, басын анда-сан­да шыға­рып қояды. Көз­дері түй­ме­дей жылт-жылт. Бірақ баға­нағы­дай шәңкіл­деп үрген жоқ. Жуа­сып қалыпты.

Қар борай жауып тұр.

Авто­бус әлі көрі­нер емес…

 

Талғат КЕҢЕСБАЕВ,

Семей қала­сы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн