Суббота , 5 июля 2025

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ДІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 


Құр ғана сенім­мен, ниет­пен, шама­лап болжа­у­мен ілім дамы­м­ай­ды. Қазір ғылым­ның өз зерт­теу әдісі мен құра­лы қалып­тасқан заман. Олар небір жаңа­лы­қтар ашып, жұм­бақтар­ды шешіп жатыр. Оның көк­жи­егі мак­ро және мик­ро әлем­ге кеңейе түсу­де. Осы заман­да оның функ­ци­я­сын дін дог­ма­сы шең­берін­де ұстап тұру мүм­кін емес. «Бәрін Жара­ту­шы жаратқан» деген акси­о­ма­лық сөз – ғылым­ды дамы­ту теті­гі емес. Ғылым әлдеқа­шан «қалай жаратқан» деген сұраққа жау­ап ізде­у­ге көшкен.

Енді келіп, «ол құран­да айты­лған» деген­де – ол сөз жас ғалым­ды ғылы­мға бұр­май­ды, керісін­ше, адам­ды ғылым­нан кетіп, құран­ды зерт­те­у­ге бұрып әке­те­ді. Яғни, адам­ды ғылым жолы­нан тай­ды­рып, дін жолы­на әке­леді. Бұл діни эго­изм деп ата­ла­ды, яғни, дін үшін ғылым­ды тәрк ету деген сөз. Өкініш­ке орай, бұл қазір­гі жастар ара­сын­да жиі орын ала­тын құбы­лы­сқа айналды…

Сон­ды­қтан дін ғылым­ның ішкі ісіне ара­лас­пай, сырт­тан бақы­лаға­ны жөн. Ғылым­ның адам­гер­шілік және иман­ды­лық жағы­на ғана баға беріп, ол тура­лы адам­ды, қоғам­ды ескер­тіп оты­руы керек. Сон­да ғана оның ғылым­мен қаты­на­сы дін үшін пай­да­лы бола­ды. Бол­ма­са, «құран­да ол бар» деген болжам дең­гей­і­нен аса алмай, дін өзін дис­кре­ди­та­ци­я­лай­ды, не өзіне үйле­с­пе­ген ғылы­мға қар­сы болып, инкви­зи­ци­яға бара­ды… Яғни, адам­зат дамуы­ның басты кедер­гісіне айналады…

Абдра­шит БӘКІРҰЛЫ

 

 

АнекDAT

 

Бұры­нғы­лар­ды «Қорам­саққа қол сал­ды, қол салған­да мол сал­ды…» деп жыр­лай­тын еді, қазір­гілер­ді «Қазы­наға қол сал­ды, қол салған­да мол сал­ды…» дей­тін болдық…

Әділет Ыбы­рай­дың ФБ-парақшасынан

 

 

 

Қытай­лар біз­ге КҮЛІП ЖҮР

 

Елге бар­дым. Екіұ­дай сезім­мен қайт­тым. Ауыл әлі жүдеу. Жыл­да барған сай­ын «Аудан қай­та­дан ашы­ла­тын болып­ты» деп, өздерін өздері жұба­тып оты­ра­тын нары­нқол­ды­қтар биыл олай демеді. Тағ­дыр­дың басқа салға­ны­на көн­ген­дері де… Күдер­лерін үзген­дері де…

Тиіп тұрған шека­ра­ның арғы бетіне қытай­лар даңғыл жол салып, Нары­нқолға тіреп қой­ып­ты. Біз жақ үнсіз. Нары­нқол арқы­лы қырғыз аса­тын халы­қа­ра­лық жол салын­бақ болған екен. Жеме-жем­ге кел­ген­де біздікілер тай­қып шыққан. Ол салын­са, өліп бара жатқан өңір­ге жан бітер ме еді…

…Біздің бала кезі­міз­де Қытай жағы­нан бір­ді-екілі тоқал там­дар ғана көз­ге түсетін. Күлетін­біз. Қазір арғы бет­те биік ғима­рат­тар бой көтеріп­ті. Қызу өмір жүріп жатыр. Енді сол биік үйлер­ден қысық көз­дер біз­ге миы­ғы­нан күліп тұрған­дай көрін­ді маған…

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ

 

Мынау халы­қты алдау ЕМЕЙНЕМЕНЕ?

 

Пре­зи­дент өзінің жол­да­уын­да «зей­не­тақы 2016 қараған­да, 1 шіл­де 2017 жылы 20%-ке өседі» деді, бұны 1,5 жарым жыл­дан бері теле­ар­на­лар да, БАҚ-тар да қайталауда.

 

Ал енді қалай өсті, есеп­телік. Мен ІІМ-нің І‑ші топ мүге­де­гі­мін, 2016 жылғы база­лық зей­не­тақым – 11 965 тең­ге, жәр­де­мақы – 40 690, арна­у­лы жәр­де­мақы – 3 181, бар­лы­ғы: 11965+40690+3181= 55 836.

База­лық зей­не­тақы 1 қаңтар 2017 жыл­дан бастап, 12 802 тең­ге бол­ды, жәр­де­мақы: 40690 х 7%2848, 40690+2848=43538 бол­ды. Енді 1 шіл­де­ден бастап, жәр­де­мақы­ны өсір­ген жоқ, 13 пай­ы­зға, керісін­ше база­лық зей­не­тақы­ны 13 пай­ы­зға өсір­ді, 12802х 13%=1664 т. 12802+1664=14446. Бар­лы­ғы: 43538+14446+3381=61 385.

Салы­сты­рай­ық: 2016 жыл – 55 836, 2017 жыл – 61 385. Жал­пы өсім 61 385 – 55836 = 5549 . Пай­ы­зға шақ­сақ: 9,9%. Ал, біз­ге 20%-ға өсіре­міз деген…

Санат СҮГІРӘЛІ

 

 

 

БИЛІКТІҢ ҚОЛЫНА «СУ ҚҰЙМАЙЫҚ»

 

Кеңес кезін­де қазақ қоға­мын­да Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сы мен Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның беделі өте жоға­ры еді. Бұл екі құры­лым­ның бас­шы­ла­ры түгілі, мүше­лері де кез-кел­ген билік құры­лы­мы­на сөзін өткізіп, айтқа­нын істе­те алатын.

 

Кей­ін Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа мұн­дай «кедер­гілер» қажет бол­ма­ды. Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сы мен Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы оның абсо­лют­ті билі­гіне тежеу болды.

Сон­ды­қтан да ол Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сын тара­тып, ака­де­ми­к­тер­ді өзі тағай­ын­дай­тын уни­вер­си­тет­тер­дің бас­шы­ла­ры­на тәу­ел­ді етіп қой­ды және әр уни­вер­си­тет­ке бір-екі­ден шашы­рап кетті.

Ал Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағын қоғам­дық бір­ле­стік дәре­же­сіне түсіріп, ақын-жазу­шы­лар­ды бір-біріне айдап сал­ды. Бірін-бірі жаман­дап, бірінің үсті­нен екін­шісі арыз жазу­дан қолы тиме­ген ақын-жазу­шы­лар қоғам өмірі­нен тыс қалды.

Сөй­тіп, қазір ҰҒА мен ҚЖО тура­лы кей­ін­гі жастар біл­мей­тін де бол­ды. Соның нәти­же­сін­де зия­лы қауым­ның қоғам тағ­ды­ры­на алаң­да­уға, үн шыға­руға мүм­кін­ді­гі жой­ыл­ды. Оның орнын бүгін­де Назар­ба­ев мәң­гілік басқа­ра­тын Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы басты.

Бел­сен­ділер­ді жаман­дап, қара­лап, бір-біріне айдап салып, өзі­мен өзін қыр­лы­сты­рып қою бұрын­нан келе жатқан билік­тің ама­лы. Оны біре­улер түсін­бей, сөз­ге еріп істе­се, біре­улер түсіне тұра, әдейі жаса­уы да мүмкін.

Пре­зи­дент­ке қар­сы болып оты­рып, оған көмек­тес­пей­ік. Сон­ды­қтан, әр мәсе­ле­ге барын­ша терең қарап, билік­тің «қолы­на су құй­мауға» тырысайық.

Мақ­сат ІЛИЯСҰЛЫ

 

 

 

АРАБ ПЕН ҚАЗАҚТЫҢ қай­сысы көбірек мұсылман?

 

Менің араб болғы­сы кел­ген қаза­қтарға айта­рым бар. Бірін­ші­ден, олар Исла­мға дей­ін азғын, надан халық бол­ды. Олар­ды жөн­ге салған – Ислам діні. Ал біздің баба­ла­ры­мы­здың Исла­мға дей­ін адам­затты тәр­би­е­лей­тін­дей дана­лы­ғы бол­ды. Әлем­дік дең­гей­де айтып кет­кен дана­лы­қта­ры да жетер­лік. Ислам дінін кеш қабыл­да­са да, өзінің ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мен үндес, Ұлы Дала рухы­мен үйлес­кен асыл діні­мізді таза ұстаған­дар да біздің баба­ла­ры­мыз. Кеңе­стер тұсын­дағы ате­измді есеп­те­ме­ген­де, біздің халқы­мы­здың ара­сы­нан көп­те­ген ғұла­ма­лар, әулие-әмби­е­лер шықты. Қазақ дала­сы­на Ислам нұрын таратқан қаси­ет­ті адам­дар да көп болды.

Бүгін­гі ара­б­тар­дың құн­ды­лы­қта­ры қан­дай? Олар осы күн­ге дей­ін қыз бала мен әйел­ді адам қата­ры­на қос­пай­ды. Қыз бала­ны бола­шақ Ана, ал әйел­ді бала­ла­ры­ның ана­сы, ал кей­у­а­на­ны – ұлт­тың ана­сы ретін­де қабыл­дай­май­ды. Бұл кем­шілік олар­дың қанын­да бар нәр­се. Ара­б­тар Исла­мға дей­ін қыз бала­ла­рын тірілей көміп, өлтіріп оты­рған. Сон­да ұрпағы­ның ана­сы кім бола­ды деп ойла­уды біл­ме­ген. Міне надан­ды­қтың шегі. Бұл күн­дері Бірік­кен Араб Эми­ра­ты ақыр заман­ның бүкіл бел­гілерін қол­дан жасап отыр.

Аспан­мен таласқан үйлер, әжет­ха­на­ла­ры­на дей­ін алты­н­мен аптау, көлік­терін алты­н­мен қап­тау, той­ла­ры­на жезөк­ше­лер­ді шақы­рып, тоңқаң­да­тып, бұраң­да­тып, жатып, тұрғы­зып биле­ту, билеп жатқан жезөк­шенің үстіне бұрқы­ра­тып, ақша шашу, той­ла­рын­да қол­да­ры­на авто­мат алып, жөн­сіз масай­рап, ауаға атқы­лау – бұның бәрі олар­дың тұр­мысы­на сіңіп кет­кен. Бұл көріністер­дің азғын­дық түр­лері – олар­дың тұр­мыс сал­ты. Неше ғасыр­дан келе жатқан.

Ал салы­сты­ры­ңы­здар – кім шын мұсылман?

Айт­күл ШАЛҒЫНБАЕВА

 

 

 

БОС «ПОНТ» кім­ге керек?

 

Кеше АҚШ елшілі­гінің шақы­руы­мен ЭКС­ПО-ға бар­дым, бір­не­ше пави­льон­дар­ды ара­лап шықтым. Не дейін?

 

Үлкен ғима­рат­тар салын­ды, өте үлкен. Бірақ олар көр­ме­ден кей­ін кім­ге керек бола­ды? Пави­льон­дар­дың ішкі затта­рын елдер­дің бәрі үш айдан кей­ін өзі­мен алып кете­ді ғой? Сон­да бұл ғажап үлкен ғима­рат­тар­ды қыс бойы кім жылы­тып тұра­ды және кім­нің есебінен?

Сосын, менің ойым­ша, бұл ғима­рат­тарға 2–5 млрд долл кет­пе­ді-ау, әрі кет­се 100 млн долл. Қалған қара­жат қай­да кет­ті – кім білсін?

МЕГА-ның іші жарқы­рап тұр, жап-жаңа ғой. Бірақ ЭКСПО бол­сын, МЕГА бол­сын, халы­қтың зей­не­тақы қорын бұларға жұм­сау бұрыс деп есеп­тей­мін. Бұн­дай бос шығын жаса­удың орны­на қан­ша­ма ауыл­дарға ішетін таза су жет­кізу­ге болар еді, интер­нет, жол, қан­ша­ма ауру адам­дарға опе­ра­ция жаса­уға болар еді… Бос «понт», бос әре­кет, меніңше.

Шет елдер­ден өз еркі­мен арнайы көр­ме­ге кел­ген қонақтар­ды көр­медім. Осы күн­дері 1 млн адам ЭКС­ПО-ны барып көр­ді деген мәлі­мет­ке өз басым сен­бей­мін. Ал ауыл­дан кел­ген халық мәз – ол рас. Бірақ олар бұл көр­менің басқа – қара­жат жағын біле бер­мей­ді ғой…

Мұх­тар ТАЙЖАН

 

 

 

НАТО Укра­и­наға КЕЛДІ

 

НАТО-ның Бас хат­шы­сы Йенс Стол­тен­берг 2 күн­дік сапар­мен Укра­и­на­да жүр. Бүгін Киев­те, АҚШ елшілі­гінің жаны­нан НАТО-ның Укра­и­на­дағы өкіл­ді­гі ашылыпты.

 

Мұның ерекшелі­гі – бұрын-соң­ды мұн­дай өкіл­дік НАТО-ға мүше елдер­дің бір­де-бірін­де ашыл­мап­ты. Бұл НАТО-ның Укра­и­на­мен әріп­те­сті­гіне қан­ша­ма маңыз беріп оты­рған­ды­ғын біл­дір­се керек. Өкіл­дік­тің ішін­де НАТО-мен бай­ла­ныс офисі жұмыс жасай­ды және аль­ян­стың Құжат­тау және инфор­ма­ция Орта­лы­ғы ашы­ла­тын болды.

Укра­и­на НАТО-ға мүшелік­ке өту­ге әзір­ге тап­сы­рыс бер­мей­ді (оны 2020 жылға жос­пар­лап отыр), алды­мен эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар­ды жолға қоюға басым­дық беріледі, бірақ НАТО-ға мүшелік бағы­тын­дағы жұмыстар өз кезе­гі­мен жүре беретін болады.

Әңгі­ме ең алды­мен оның стан­дарт­та­ры­на сәй­кес келу бағы­тын­дағы шара­лар кешенін жүзе­ге асы­ру тура­лы болып отыр. Осы бағыт­тағы «Жол кар­та­сын» жасау жөнін­де келіс­сөз­дер баста­ла­тын­ды­ғы Поро­шен­ко мен Стол­тен­берг кез­де­суінің қоры­тындыс­ын­да мәлім­дел­ді. Бұған Мәс­ке­удің де реак­ци­я­сы бел­гілі бол­ды – олар қат­ты алаң­да­у­лы екен.

Сон­дай-ақ, УҚК тара­пы­нан, олар­дың мұны аяқ­сыз қал­дыр­мауы мүм­кін екен­ді­гі, мүм­кін бола­тын тер­рор­лық әре­кет­тер­дің орын алуы­на жол бер­меу бағы­тын­да жұмыстар күшей­тілетіні бел­гілі болды.

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн