Четверг , 15 мая 2025

ШӘКӘРІМНІҢ АНАСЫ КІМ БОЛҒАН?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

Біле жүріңіз

 


Абай Құнан­бай­дан асып туған бала бол­ды. Ал Шәкәрім Абай­дан өте туған ұл еді. Бұры­ны­рақ «Абай­дың өз бала­ла­ры­на қараған­да, Шәкәрім неге дара туды?» деп жиі ойла­у­шы ем. Қазір оның сыры­на қаны­ға түс­кен­дей­мін. Шәкәрім­нің Құнан­бай­дай абыз ата­сы, Абай­дай ақыл­ман аға­сы бар еді. Оның бар­лы­ғы Ақыл­бай, Әбдірах­ман, Маға­у­и­я­лар­да да бар ғой дер­сіз. Бірақ олар­да Төле­би­ке­дей дана, білім­дар ана болған жоқ. Қазақ «Алып – ана­дан туа­ды» неме­се «Жігіт­тің жақ­сы бол­мағы – наға­шы­дан» деген сөз­дер­ді тегін­нен-тегін айт­па­са керек. Құнан­бай­дың ана­сы Зере қан­дай, Абай­дың ана­сы Ұлжан қан­дай?! Шәкәрім­нің әже­сі Күң­ке де, ана­сы Төле­би­ке де – қаза­қтың сол дана қызда­ры­ның заң­ды жалғасы.

Шәкәрім­нің үлкен ана­сы да, өз шеше­сі де тек­ті жер­дің қызы болған. Құнан­бай­дың үлкен бәй­бі­ше­сі Най­ман Аға­нас бидің қызы Күң­ке еді. Халық Аға­на­сты әділ би, ақыл­ды, әулие адам болған деседі. Сол Күң­ке­ден Құдай­бер­ді жалғыз. Құдай­бер­ді ер жет­кен соң, Құнан­бай оған әйел әпер­мек болып, Қара­ке­сек руы­ның «Кедей» деген табы­нан шыққан Алдаб­ер­ген­ге «құда бол­сақ» деп, кісі жібертіпті.

Алдаб­ер­ген де тегін адам емес қой. Құнан­бай­дың жібер­ген кісісіне: «Мен қыз берей­ін, бірақ қоя­тын екі түр­лі тіле­гім бар. Бірін­ші, ауыл ара­сы шалғай, бір-бірі­міздің қуа­ныш-қызы­ғы­мы­зға кезін­де құт­ты бол­сын айта алма­сақ – рен­жіспе­лік. Екін­ші, өлім бар да, қаза бар. Бір-бірі­міздің қаза болған­да­ры­мы­зға уақы­тын­да көңіл айтып, бата жаса­са алма­сақ – рен­жіспе­лік. Осы еке­уіне келіс­сек, мен көн­дім», – дейді.

Құнан­бай: «Алдаб­ер­ген­нің екі тіле­гін орын­дай­мын», – дей­ді. Сөй­тіп, Құнан­бай Құдай­бер­ді­ге Алдаб­ер­ген­нің қызы Төле­би­кені айт­ты­рып алып береді.

Алдаб­ер­ген бай емес, орта дәу­лет­ті, өте адал адам екен. Сол адал­ды­ғы­ның, жоқ-жітік­ке қай­ы­рым­ды­лы­ғы­ның арқа­сын­да ел қат­ты сый­лап-құр­мет­те­ген, абы­рой­лы жан болған. Бала­ла­рын, қызда­рын ерте оқы­тқан. Қызы Төле­би­кенің де зеректі­гін бай­қап, мол­да, ұстаз алды­на береді. Одан Шәкәрім­нің ана­сы араб, түрік тіл­дерін жетік мең­геріп шыға­ды. Шәкәрім­нің ұлы Ахат әже­сі тура­лы: «Есті, сер­гек, ақыл­ды, мей­ірім­ді, жомарт болған әже­міздің Құра­ны, «Ғиба­дат Исла­ми­я­сын», «Мұх­та­са­рын» тағы басқа көп кітап­та­рын мен көр­дім. Шеше­лерім­нің, үлкен әже­лер­дің: «Дәмет­кен (Төле­би­кені солай атаған) оқы­мысты, ақ мар­туы бар, есті, ақыл­ды еді», – деп оты­рған­да­рын сан есті­гем» деген естелік айтады.

Шәкәрім өзге бала­лар­дай емес, оқуға өте зерек болып, хат танып шыға­ды. Осы қабілетін бай­қаған әке-шеше­сі Шәкәрім­ге көбірек көңіл ауда­рып, ана­сы қосым­ша араб, түрік тіл­дерін үйрет­кен. Шәкәрім­нің өзі де үне­мі: «Араб, түрік тіл­дерін мең­ге­руі­ме шешем­нің көп пай­да­сы тиді» деген­ді айтып оты­ра­ды екен.

Төле­би­ке қолө­нер­ге өте шебер, кесте тігетін, ою оятын, киім пішетін, пышақ соға­тын ісмер адам болған. Бұл қаси­еті кей­ін­нен Шәкәрім­ге беріл­ген. Ахат әкесі тура­лы: «Шәкәрім жасы­нан қолө­нер­ге – ою ойып, киім пішу­ге, ұста­лық ісіне шебер болған. Бұзы­лған сағат, іс маши­на­ла­рын бөл­шек­теп, олар­дың құры­лы­ста­ры­мен таны­сып, олар­ды жөн­дей­тін де қаси­еті бар еді әкей­дің. Сағат, маши­на, темір соғуға, істе­у­ге керекті ұсақ сай­ман­да­ры өзі көз жұмған­ша бар бола­тын. Аға­штан ойған ожа­у­лар, қара­ла­лап соққан пышақта­ры болу­шы еді. Шәкәрім киім­ді не қаза­ққа, не басқа елдер үлгісіне ұқсат­пай, пішіп киетін болған. Оюдың бұры­нғы қошқар мүй­із нақы­шта­ры­на бір­не­ше түр­лерін енгіз­ген. Жастық бетінің, түскиіздің кесте­леу оюы­ның нәзік ұсақ оюла­рын шығарған», – деп жазады.

Ал ұста­лы­қты ана­сы­нан қалай үйрен­гені жөнін­де ақын­ның өзі бір әңгі­месін­де: «Әкем өлген­нен кей­ін, қыс кезін­де шоша­лаға барып, қи шоғы­на қызды­рып, кездік соқ­пақ бол­дым. Ол үшін ескі орақтың шыбы­ғын кесіп алып, отқа қызды­рып соғып, әбден жұқар­тып, егеп, қай­та қызды­рып, суарған кез­де, кезді­гім­нің жүзі жары­лып кет­ті. Сөй­тіп, бір­не­ше кездік соқ­сам да, қызды­рып суарған­да, бәрінің жүзі жары­лып, іске асы­ра алмай әуре болып жатқа­ным­да, Абай ағам шоша­лаға кіріп, кездік соғып жатқа­ным­ды көр­ді. Мен сәлем бер­дім. Абай аға сәле­мім­ді алып: «Кездік соғып жатыр­сың ба, Шәкәрім?» деді. Мен: «Соғай­ын деп едім, бірақ суарған­да бәрінің жүзі жары­лып кете­ді», – деп соққан, жүзі жары­лған кездік­тер­ді көр­сет­тім. Абай соққан кездік­тері­ме қарап: «Өзің ұста­сың ғой. Кездік­теріңнің мүсіні жақ­сы кел­ген, бірақ суарған­да жүз­дерін жарып алып­сың. Жеңе­шем­нен неге сұра­ма­дың, қалай суа­ру­ды?» – деп тұрған­да шешем келіп, Абай­ға аман­да­сты. Абай аман­да­сып болған соң: «Жеңе­ше, Шәкәрім­нің ұста бол­мақ ойы бар екен, бірақ суа­ру­дың рет-жөнін біл­мей­тін көрі­неді. Суа­ру­ды неге үйрет­пей­сіз?» – деді. Шешем де кездік­терім­ді көріп: «Кездік­теріңнің жүз­дері жары­лып кетуі бірін­ші­ден, өте қызды­рып алып суарған­сың, екін­ші­ден жұқа жүз жағы­нан суарған­сың, сон­ды­қтан жары­лған», – деді. «Пышақтың қалың сыр­ты­нан суарған жөн» деп, суа­руға дай­ын­дап қой­ған кезді­гім­ді қыздыр­тып «былай суар» деп көр­сетіп, сыр­ты­нан суар­тып еді, кездік­тің жүзі жарыл­май шықты. Сөй­тіп, пышақ соғу­ды да үйрен­дім», – дейтін.

Құдай­бер­дінің жол­да­сы Сағын­дық деген кісі де: «Мен қара­ла жүр­гі­зуді, ұста­лы­қты Төле­би­ке­ден үйрен­дім», – дей­ді екен. Бірақ қажы­ның ана­сы ұста­лы­ғын кей­ін жалға­стыр­маған. Оған әкесінің сөзі себеп бол­са керек. Алдаб­ер­ген қызы Төле­би­кені ұза­тар­да: «Қарағым! Енді ол жаққа барған соң ұста­лы­қты таста, әйел­ге қолай­сыз, жарас­пай­тын өнер», – деген өси­ет айтып, Төле­би­ке содан ұста­лы­қты қой­ып кет­кен деседі.

Мар­фуға ШАПИЯН

Іslam.kz

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн