Суббота , 5 июля 2025

Жоғары білімнің деңгейі БІЗДЕ ЖОҒАРЫ МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №28 (392) от 11 авгу­ста 2017 г.

 

Пай­ым патшалығы

 


Жоға­ры білім беруді білім­нің соңғы саты­сы ретін­де басқа дәре­же­де­гі білім беру­ден бөліп қарау мұм­кін емес. Өз кезе­гін­де білім беру сала­сы қоғам­дағы басқа сала­лар­мен тығыз бай­ла­ны­сты және олар­дан тәуелді.

 

Мем­ле­кет­тің негіз­гі тіре­гі және қозға­у­шы күші – халы­қтың саны мен сапа­сы. Халы­қтың саны негізі­нен демо­гра­фи­я­лық фак­тор­лар­мен аны­қтал­са, сапа­сы білім дең­гей­іне бай­ла­ны­сты. Білім – баста­уыш, орта, жоға­ры дең­гей­ге саты­ла­нып, сол кезек­те игеріл­гені­мен, оның баста­уы одан да ілгері­де – тіл ашар­дан, тіп­ті ана­ның әлдиі­нен баста­ла­ды. Ана тілі – ана­ны сүті­мен беріледі, сон­ды­қтан да «ана тілі» ата­ла­ды. Бала­ның тілі шығып, қалып­та­са­тын кез­де басқа тіл­дер­ді ара­ла­сты­ру­дан, тіп­ті өз тілі­міз­де­гі анайы, тұр­пайы сөз­дер­ден де сақта­ну керек. Бұл тәр­би­енің бастауы.

Ең дұры­сы – баста­уыш білім­ді қазақ тілін­де беру. Мін­дет­ті түр­де қалам­с­ап­пен қағазға дұрыс жазу­ды, сызу­ды, сөй­ле­уді, дұры­стап оқу, есеп шыға­ру, сөй­лем құра­с­ты­ру, біл­генін айтып беру, маз­мұн­да­ма жазу­ды үйреніп, осы­ның негізін­де бала қаза­қ­ша ойлап, қаза­қ­ша сөй­лей­тін, қаза­қ­ша жаза­тын болып шыға­ды. Бұн­дай қалып­та­су кезін­де оған басқа тіл­ді тық­па­лап, шата­стыр­мау керек. Орта­ның жағ­дай­ы­мен, тех­ни­ка­лық ойын құрал­да­ры арқы­лы, аула­дағы бала­лар­мен ойнау кезін­де басқа тіл­дің ықпа­лы бол­са, оны шек­те­мей, оқу үрдісіне кері әсері бол­мауын ғана бақы­лаған жөн. Бала­ның сана­сын бір арнаға түсіріп, ана тілі мен қаза­қи қабілетін (мен­та­ли­тетін) қалып­та­сты­рған соң «сен қаза­қ­сың, қаза­қтың елін сүй, жерін сақта» деп құлағын сар­сы­ту­дың қажеті жоқ. Орын­сыз жалаң наси­хат бала­ның сана­сы­на теріс әсер ете­ді. Алдағы уақыт­та халы­қа­ра­лық дең­гей­де іргелі білім алуға, бола­шағы үшін қажет шетел тіл­дерін иге­руіне жағ­дай жасау қажет. Өмір ол бала­дан екі неме­се үш тіл­ділік­ті талап ете ме – күні бұрын кесіп-пішіп тастау қиын. Бұл таң­да­уда алды­ңғы орын­да ағы­л­шын тілі, кей­бір жадай­да маман­ды­ғы­ның тала­бы бой­ын­ша басқа тіл болуы мүм­кін (орыс, қытай, фран­цуз, неміс, испан т.б.). Қай тіл­ді бол­ма­сын, қазақ тілі негізін­де иге­ру қажет. Тіл оқы­ту мәсе­лесін халы­қа­ра­лық жағ­дай­ға, ондағы елі­міздің ала­тын орны­мен бай­ла­ны­сты­рып, аза­мат­тар­дың өзінің жеке таң­да­уын да шек­те­у­ге болмайды.

Жал­пы­ға ортақ білім беру меке­ме­лері (мек­теп, лицей, кол­ледж, уни­вер­си­тет т.б.) мем­ле­кет­тік және ақы­сыз болуы керек. Кей­бір сирек маман­ды­қтар мен өнер сала­сы бой­ын­ша (цирк өнері, зоо­парк қыз­мет­кер­лері, архео­ло­гия, оқу бағ­дар­ла­ма­сы­на енбе­ген шетел тіл­дері, т.т.) тиісті заң­дар негізін­де қыз­мет атқа­ра­тын жеке мен­шік­те­гі ақы­лы білім беру нысан­да­рын ашуға болады.

Баста­уыш мек­теп­ке қабыл­да­уда ешбір шек­теу бол­мауы керек. Бала­да бел­гілі бір кем­шілік бол­са, оны­мен тиісті маман­дар (пси­хо­лог, дефек­то­лог, лого­пед, т.б.) шұғыл­да­нып қалы­пқа түсіреді. Орта білім беретін мек­теп­тер­ге қабыл­да­уды да шек­те­мей, үлге­ре алмаған оқу­шы­ны келесі сыны­пқа көшір­мей қою, тіп­ті бол­ма­са төмен­гі класқа түсі­ру, күз­гі сынаққа қал­ды­ру, нақты жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты шеші­мін таба­ды. Білік­ті маман­дар бұл мәсе­лені терең зерт­теп, ұсы­ныс жасай алады.

Жоғарғы білім ақы­сыз, тегін, бірақ талап­кер­лер үшін бәсе­ке­ле­стік арқы­лы ғана қол жетім­ді бола­тын­дай қажет мөл­шер­де ғана мем­ле­кет әр маман­ды­ққа шек­те­улі орын бөлуі керек.

Білім сала­сы қалай қаржыландырылады?

Білім беру – бола­шақ ұрпақты тәр­би­е­леу, мем­ле­кет­тік­ті, оның тәу­ел­сізді­гі мен қауіп­сізді­гін сақтау. Сон­ды­қтан оны қар­жы­лан­ды­ру мем­ле­кет­тің бюд­жетінің негіз­гі құра­мы болуы тиіс, оның кіріс көзі – ұлт­тық бай­лық. Әр елде ұлт­тық бай­лы­қтың өзін­дік ерекшелік­тері бар. Біз­де­гі ең басты ұлт­тық бай­лық – жер мен ондағы табиғи қазы­на­лар. Олар ешкім­нің жеке мен­ші­гі бол­мау керек, өйт­кені оған иелік құқы­ғы да, жет­кілік­ті әле­уеті де жоқ. Жеке тұлға жер­ді, оның қазы­на бай­лы­қта­рын табиғи апат­тар­дан, шетел­дік басқын­шы­лы­қтан қорғай алмай­ды. Есі­мізді тез жиып, ізі суы­май, су аяғы құр­ды­мға кет­пей тұрған­да, бар­лық осы табиғи бай­лы­қты мем­ле­кет қара­мағы­на толы­қтай және түбе­гей­лі қай­та­ру қажет. Сыбай­лас жемқор­лық арқы­лы тоғы­шар­лық жол­мен жиналған мил­ли­ард­тар­ды да, қыл­мыс көзі дәлел­ден­се, тәр­кіле­ген жөн. Ал шетел­де­гі мил­ли­ард­тар­ды қай­та­рып, ел эко­но­ми­ка­сы­на бағыт­тау керек. Қай мил­ли­ар­дер­дің қай елде, қан­дай банк­те, қай офшор­да капи­та­лы бар екені халы­қтан құпия болға­ны­мен, тиісті орган­дар үшін құпия емес. Шетел­ден ақша­ны қай­та­ру шын ниет болған­да біздің құзыр­лы орган­дар үшін шешілетін мәсе­ле. Ақша иелері – біздің билік­тің тісі бат­пай­тын­дай шетел­дік мықты мас­сон­дық құры­лым­дар­мен бай­ла­ны­сы жоқ пысақай­лар, ал ондағы сыбай­ла­ста­ры қатар­дағы делдалдар.

Билік өкіл­дері, оппо­зи­ци­о­нер­лер мен сая­си қай­рат­кер­лер ең алды­мен пара­сат­ты ел қамын ойлай­тын сана­лы аза­мат­тар, сон­ды­қтан олар білім беру сая­са­тын қалып­та­сты­рған­да ортақ тіл табуға мін­дет­ті. Құзыр­лы билік өкіл­дерінің ара­сын­да да кез­дей­соқ адам­дар­дың бар екені құпия емес. Ал енді ондай кез­дей­соқ еме­стер үшін білім берудің маңы­зды­лы­ғы мен қоғам­дағы шешу­ші рөлі дау туғы­з­ба­са керек. Дау туғы­за­тын­дар «бас-басы­на би болған өңшең қырт­тар» (Абай).

Мұн­да бір еске­ретін жай – теріс шешім­дер­ді елба­сы­ның пікірі ретін­де негіз­деу орын алды. Істің мәніне тоқтал­сақ, жал­пы мәлі­мет­тер 3 топқа бөлі­нетін қағи­да бар. 1. Білу­ге де айтуға да бола­ды: бұл оқу-білім, тех­ни­ка, жаңа­лы­қтар ашы­ла­ды, адам игілі­гіне жара­ты­ла­ды. 2. Білу­ге бола­ды, бірақ айтуға бол­май­ды: бұл құпия мем­ле­кет­тер, сая­си топ­тар ара­сын­да, жеке адам­дар, тіп­ті семья ішін­де де бола­ды. 3. Білу­ге бол­май­тын­дар, яғни адам­ның сана­сы, сезі­мі жет­пей­тін құбы­лы­стар: мыса­лы, адам­ның жаны деген не, о дүние бар ма, тозақ-жұмақтың, тағ­дыр­дың нағыз мәні неде, т.т.

Елба­сы­ның кей­де екін­ші топ­тағы дең­гей­де сөй­ле­уіне тура келеді. Егер халы­қтар досты­ғы ассам­бле­я­сын­да «кеше қазақ халқы жер ауда­ры­лып кел­ген­дер­ге қамқор­шы – пана бол­ды» десе, елба­сы­ның ол кез­де қаза­қтың өзі ұлт­тық езгі­де болып, кел­ген­дер­ге пана болу­дың орны­на, олар­дың өзі­нен зор­лық-зомбы­лық көр­генін біл­мей­ді дей­міз бе? Өзі сол шешен-түрік­тер­дің ара­сын­да бала­лық шағын өткізіп, Укра­и­на­да басқа ұлт­тық орта­да кәсіп игеріп, алға­шқы нанын көсеу ұстап тап­са, қаза­қты аузы­на қара­тып, орыс пен қытай­ға бас шұлғыт­са, оған қай ауди­то­ри­яда, қалай сөй­ле­уді үйре­ту қажет пе? Билік­те­гілер құзы­рын­дағы мәсе­лені ешбір бұра­лаң соқ­паққа бұл­тарт­пай, ешкім­ге (тіп­ті ел басы­на да) сіл­те­ме жаса­май, әр мәсе­ленің тура мәнісін қарас­ты­руы қажет.

Қазір­гі өтпе­лі кезең­де билік­тің авто­ри­тар­лы және жоға­ры хариз­ма­лы тұлға­ның қолын­да болуы қажет­тілік те шығар. Бірақ қан­дай даны­шпан бол­ма­сын, бар­лық мәсе­лені өз ақы­лы­мен шеше алмай­ды. Жара­ту­шы пай­ғам­бар­ла­ры­на «Сен­дер­дің 10 істеріңнің 1–2 кем­шілі­гі бар» деген екен. Ал жай пен­денің ісін­де олқы­лық неге бол­ма­сын? Біз­де білім сала­сын басқа­ру­дың нақты тетік­тері бой­ын­ша елба­сы­на ұсы­ныс жасап, дәлел­дей­тін жан­ның бол­май­тын­ды­ғы өкінішті.

Жоға­ры білім ала­тын тұлға – сту­дент. Қаза­қтың ұлт­тық ерекшелік­тері­нен, қазақ халқы­ның тір­шілі­гі мен бол­мысы­нан туын­дай­тын қазақ сту­ден­тінің де өзіне тән «қаза­қи» ерекшелік­тері және қоғам­дағы ерекше рөлі бар. Ерте­де жоға­ры дең­гей­де оқу Бағ­дат пен Мысыр­да, бер­гісі Стам­бул, Бұха­ра­да (діни оқу), кей­ін Ресей қала­ла­рын­да бол­ды. Әрине онда барып оқу ерекше жігер­лі, зей­ін­ді жастарға ғана нәсіп етіл­ді. Бұлар­дан көр­нек­ті ғалым­дар, қоғам қай­рат­кер­лері шықты. Бір өкіні­штісі, олар­дың бір­та­лайы жаңа тұр­мыстық жағ­дай­дан, жан­ке­шті еңбек­тен ауруға шал­ды­ғып, өмір­ден ерте өтті. Олар қараңғы қазақ дала­сын­да тұңғыш шам­шы­рақ, өрке­ни­ет­ке баста­у­шы­лар, халқы­на жол нұсқа­у­шы, жастарға үлгі-өне­ге еді.

Қаза­қстан­ның өзін­де жоғарғы оқу орын­да­ры тек кеңес дәуірін­де ең алды­мен Алма­ты­да Қаз­ПИ мен зоове­т­ин­сти­тут ашыл­ды. Қасым ақынға:

«Туған бала құба-құм­да жер үйде,

Тоқ­сан том­ды алды­на алып КазПИ-де,

Отыр дүние архив­терін ақтарып.

Соны көріп, сүй­сі­нем де мақтанып,

Кетем жыр­лап түсе­мін де бір күй­ге» – дегізіп шабыт бер­ген бұл оқу орын­да­ры­ның орны ерекше. Зоовет­тің түлек­тері­нен мал маман­да­ры­мен қатар, бір­та­лай мәде­ни­ет қай­рат­кер­лері шықты. Олар­дан кей­ін жедел Поли­тех, СХИ, Каз­ГУ, Жен­ПИ және облы­стық қала­лар­да инсти­тут­тар ашыл­ды. Бұл жағ­дай қоғам­да үлкен сер­піліс туды­рып, жастар жап­пай жоға­ры білім алуға ұмтыл­ды. Олар­дың легін­де 17–18 жастағы жет­кін­шек­тер­ден гөрі 30 жастар шама­сын­дағы өмір көр­ген, еңбек­ке төсел­ген аза­мат­тар басым еді. Олар ана тілін, ұлт­тық салт-дәстүр­ді жетік мең­гер­ген, қалаға кел­ген­де жат орта­да бір­ден орыс тілін­де оқып, кедер­гілер­ге кезік­кені­мен ешбір мой­ы­май «оқи алмай, қай­тып келіп­ті» деген жаман атты ар көріп, қиын­шы­лы­қтар­ды жеңе біл­ді. Ол кез­де қала тұрғын­да­ры негізі­нен оры­стар, ара­ла­рын­дағы сла­вян­дар мен басқа евро­па­лы­қтар олар­дан қазір­гі­дей бөлінбейтін.

 

Қала­да қаза­қтар үшін тір­ке­лу өте шек­те­улі, мем­ле­кет­тік пәтер алу қиын­ның қиы­ны, сон­ды­қтан «Алма­ты – қаза­қтың аста­на­сы, оры­стың – бас­па­на­сы, ұйғыр­дың – асха­на­сы» бол­ды. Бұл қала ресми Қаза­қстан­ның аста­на­сы бол­са да, қала­да тір­келіп, пәтер алып, жұмысқа тұра­тын – оры­стар еді. Ал қала маңын­дағы кәсіп­шілік­ке де қазақ емес ұйғыр, кәріс, т.б. ұлт­тар тартылды.

Басқа ұлт­тық рес­пуб­ли­ка­лар­да да кеңе­стік оры­стан­ды­ру сая­са­ты жүр­гізіл­гені­мен, бұл үрдіс Қаза­қстан­да ерекше сипатта «халы­қтар досты­ғы­ның лабо­ра­то­ри­я­сы» ретін­де іске асы­рыл­ды. Осын­дай жағ­дай­да оқып, білім алған, халық шару­а­шы­лы­ғы мен мәде­ни­ет­тің әртүр­лі сала­ла­рын дамы­тқан интел­ли­ген­ци­я­мы­здың қан­дай ерекшелік­тері мен құн­ды­лы­қта­ры болды?

Ол кез­де­гі сту­дент­тер өте ұйым­шыл, бере­келі, кей­ін­нен айны­мас достар бол­ды. Тек таны­сқан­да ғана Шым­кент­тен­мін, Ақтө­бе­ден­мін, Пав­ло­дар­дан­мын десе, бұл жік­те­лу емес. Ерте­де қазақ руын айтып таныс­са, ол рушыл­дық емес, ұғы­су­дың баста­луы бола­тын. Қаза­қтың рулық қауым­да­сты­ғы трай­ба­лизм емес, оның қай­дан шыққа­нын, мекенін аны­қтай­тын төлқұ­жа­ты еді. Өйт­кені жер­ге ру бой­ын­ша қоны­ста­нып, иелік жасап, дұшпан­нан қорға­ды. Тұрақты армия бол­маған жағ­дай­да, әр ру бел­гілі мөл­шер­де әскер шыға­рып, жаб­ды­қтап, жат­ты­қты­рып, қаза­қтың қосы­ны­на қоса­тын. Руын білу – бөлек­те­ну емес, тегін білу, ата­ла­сы­на үйленіп, қан ара­ла­стыр­май гено­фо­ны­ның таза­лы­ғын сақтау. Басқа рудың адам­да­рын наға­шы-жиен, құда-жек­жат ретін­де құр­мет тұтып, сыйласу.

Әрине өмір­де бір­ге туған ағай­ын­дар­да да түсін­бес­тік бола­ты­ны сияқты рулар ара­сын­да да кикіл­жің, қақты­ғы­стар кез­десіп қала­тын. Рула­сты­ққа трай­ба­ли­стік сипат беру­ге тыры­са­тын­дар кеше­гі отар­шыл­дар мен қазір­гі солақай сая­сат­шы­лар. Ешқан­дай рудың өкілі емес, бірақ қазақ болып кет­кен басқа ұлт аза­мат­та­ры «шала қаза­қтар» атал­ды. Қазір­гі шала қаза­қтар ұлт­тық дәстүр мен ана тілін ұмы­тқан мәң­гүрт­тер бол­са, бұры­нғы шала қаза­қтар таза қаза­қтар. Олар­дың ара­сы­нан Мөң­ке-би, Ғазез ақын сияқты бел­гілі қоғам, мәде­ни­ет қай­рат­кер­лері шықты. Егер көп­те­ген тәжік, қазақ, қарақал­пақ, т.б. ұлт өкіл­дері тари­хи-сая­си себеп­пен өзбек болып жазыл­са, қазақ болуға әлгін­дей шек­те­улер бөгет жасап, демо­гра­фи­яға әсер етті.

Соны­мен қазақ сту­дент­терінің алға­шқы буын­да­ры өзінің ата-сал­ты­на берік, ана тілін сақтаған, қала­дағы қаза­қты шек­те­ту­ге қар­сы тұра алған қажыр­лы топ бол­ды. Бұның ең айқын көрінісі – 1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­сы. Оны көтеріліс деу­ге – арнайы басқа­ру шта­бы мен тиісті жаб­ды­қта­ры жоқ, қоғам­дық қозға­лыс деу­ге – сая­си бағ­дар­ла­ма­сы жоқ, сти­хи­я­лық қана дум­пу деу­ге бол­май­ты­ны – жай тобыр емес, тәр­тіп­тілі­гі мен мәде­ни­ет­тілі­гінің жоға­ры дең­гей­де­гі үйлесім­ділі­гі. Бұл қазақ сту­дент­терінің өзін­дік ерекшелі­тері. Өкіні­штісі – қазір­гі сая­си билік осын­дай ерекшелік­ті тежей баста­ды. Қан­дай да бір жал­пы халы­қтық сипа­ты бар құбы­лыс бай­қал­са, сабақты тоқта­тып, сту­дент­тер­ді ауыл­да­ры­на қай­та­рып жібе­реді. Қазір­гі сту­дент­тер­дің ара­сын­да жігер­лі аза­мат­тар сирек, сту­дент­тер­дің саны көп те, сапа­сы төмен, олар шынайы кон­курс­сыз қабыл­да­на­ды, өз тала­бы­мен білім алып жүр­ген­дері мүл­дем аз. Билік­тің қауіп­те­нуіне негіз де жоқ, бұдан 30–40 жыл бұры­нғы­дай емес, көп­шілі­гі айтқанға көніп, айдағанға жүретіндер.

 

Жоға­ры білім беру сала­сын­да нақты үйле­стіріл­ген жүйе жой­ы­лған. Тұжы­рым­ды бағыт-бағ­да­ры жоқ, бас­шы, ұстаз кадр­ла­рын ірік­теу мен тағай­ын­дау, мето­ди­ка­лық-әдісте­мелік, тәжіри­белік жұмыста­ры қанағат­танғы­сыз. Жоға­ры мек­теп­тің мақ­са­ты – білік­ті кадр­лар дай­ын­дау. Ол кадр­лар мем­ле­кеті­міздің нақты қоғам­дық, эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лерін шешу үшін қыз­мет ете­ді. Біздің табиғи жағ­дай­ы­мыз, қоғам­дық тір­шілі­гі­міз, әрбір сала­ның (мал шару­а­шы­лы­ғы, егін, жеміс-жидек, көкөніс, табиғи бай­лы­қтар­ды иге­ру) өз ерекшелік­тері бар. Сон­ды­қтан маман­дар­ды өзі­міз даяр­лап, шетел­ге тек қана тәжіри­бе алма­су үшін, зама­на­уи дең­гей­де­гі озық тех­но­ло­ги­я­сын иге­ру үшін ғана жібе­ру керек.

Білім беру­де оқу мен тәр­би­ені бөліп қара­уға бол­май­ды. Баста­уыш сынып­тар­да сабақ оқу бүкіл елде бір ғана жүйе бой­ын­ша қабілет­ті бала­лар­дың тала­бы­на жол ашып, ал даму дәре­же­сі про­бле­ма­лы оқу­шы­ны ерекше наза­рға алып, қата­ры­нан қал­дыр­май баста­уыш білім беру керек.

Бала­ның қабілетін, ерекшелік­терін еске­ру орта мек­теп­те баста­лып, кей­бір пән­дер­ді терең­детіп неме­се өз қала­у­ы­мен таң­дап оқы­туға бола­ды. Онда да эмо­ци­я­мен емес, бел­гілі бір кри­те­рий арқы­лы, кей жағ­дай­да оның тіп­ті ақы­лы болуы мүм­кін. Орта білі­мі тура­лы құжат иесінің жоға­ры оқу орны­на түсу­ге лай­ы­қты екеніне куәлік болуы тиіс және білім­нің қай сала­сы­на (қоғам­дық, жара­ты­лы­ста­ну, мате­ма­ти­ка) бей­ім екенін аны­қтай­ды. Оқу­шы толық орта білім алуға ынта­лы бол­ма­са, кеңес дәуірін­де­гі­дей СПТУ тип­тес жұмыс­шы маман­ды­қта­рын беретін мек­теп­тер­ге қала­уы бой­ын­ша ауысады.

Жоға­ры оқу орын­да­ры уни­вер­си­тет­тер мен ака­де­ми­я­ларға кел­сек, олар тек мем­ле­кет­тік және ақы­сыз, бас­шы­ла­ры Қаза­қстан­ның аза­ма­ты, ондағы бөлін­ген орын­дар шек­те­улі, халық шару­а­шы­лы­ғы мен мәде­ни­ет­тің қажет­ті сұра­ны­ста­ры дең­гей­ін­де. Білім беру жүй­есін­де­гі ең басты бөгет – сыбай­лас жемқор­лық. Кор­руп­ция баста­уыш мек­теп­те баста­лып, орта білім беру­де қалып­та­сып, жоға­ры білім сала­сын­да жоғарғы дең­гей­ге жет­ті. Сту­дент­тер­дің көп­шілі­гі сабақ оқу­дан ақша беруді артық санай­ды. Әзір­ше пара алмай­тын ұста­здар бар, ал бер­се – ала­тын­дар мен бер­ме­се – талап ететін­дері көбей­іп келеді. Жемқор­лық жай ғана қыл­мыс емес, адам­ды, әсіре­се жас ұрпақты руха­ни азғын­ды­ққа шал­ды­қты­ра­тын дерт. Бұл дерт­тің алдын ала алма­дық, қазір әбден жай­лап алды. Оны жою­дың ама­лын шұғыл түр­де ел болып қарас­ты­рып, тұй­ы­қтан шыға­тын жол іздеп, тым бол­ма­са, суға кет­пеу үшін тал қар­мау қал­ды, түзу жолға ора­лу қый­ын­дай береді, «точ­ка невоз­вра­та» алыс емес. Жемқор­лы­қтан шығар жол – тек мем­ле­кет­тік сая­сат­ты өзгер­ту. Ал жеке адам­ның қар­сы­лы­ғы­нан түк шық­пай­ды. Ол адам­ды қалып­тасқан жүйе тап­тай салады.

Ең бір өзек­ті жанып тұрған мәсе­ле – оқу орын­да­рын­да сай­лау өткі­зу, оған ұстаз кадр­лар­ды тар­ту. Қазір­гі сай­лау жүй­есін­де­гі теріс әре­кет­тер білім беру­де­гі жемқор­лы­ққа демеу бол­ды. Көз боя­у­шы­лық оқу орны­на ғана жұғып қой­май, ары қарай тарай­ды. Бұл ешкім­ге құпия емес. Жақ­сы әдет, көр­кем мінез бен ина­бат­ты­лы­қты орны­қты­ру­дан гөрі, жаман зиян­ды әдет­тің жолын кесу әлде қай­да қиын.

Білім­нің түп қазы­ғы – дүни­е­та­ным. Дүни­е­та­ным білім­ге бағыт береді, білім өз кезе­гін­де адам­ның дүни­е­та­ны­мын кеңей­тіп, терең­де­те­ді. Нақты білім сала­ла­ла­ры­нан дін­нің (біздің жағ­дай­ы­мы­зда ислам­ның), оның ради­кал­ды бағыт­та­ры­ның дүни­е­та­ным­ды қалып­та­сты­рған­да басым­дық алуы­на жол бер­меу керек.

Жоға­ры оқу орны­ның мін­деті шынайы жоға­ры білім­ді, білік­ті маман­ды­қты, халы­қтың салт-дәстүрін игер­ген, аза­мат­тық боры­шын терең сезі­нетін, елін, халқын сүй­етін, осы бар­лық қаси­етін мем­ле­кеті­міздің дамуы­на жұм­сай­тын кадр­лар даяр­лау. Ол үшін қажет­ті шар­ттар­дың ең басты­ла­ры сту­дент кон­курс арқы­лы қабыл­да­нып, оқу орнын­да кор­руп­ци­я­ның ешбір түрі бол­мауы, сту­дент жастар­дың дүни­е­та­ны­мын дұрыс қалып­та­сты­рып жал­пы халы­қтық сипаттағы сая­си шара­ларға қаты­суы­на кедер­гі жасамау.

Бұл мәсе­ле­лер ел басы­ның, үкі­мет­тің, пар­ла­мент­тің, қоғам­дық ұйым­дар­дың, бүкіл халы­қтың талқы­ла­уы негізін­де қабыл­да­нуы керек. Баста­уыш және орта білім өз тұғы­рын­да болып, жоға­ры білім­нің дең­гейі шын мәнін­де жоға­ры болған­да ғана дамы­ған елдер­дің қата­ры­на қосыламыз.

Тіле­убер­ді САЙДУЛДИН,

ҚР Ұлт­тық Ғылым

Ака­де­ми­я­сы­ның академигі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн