Понедельник , 9 июня 2025

Қазақстан қай елге ҚАНША ҚАРЫЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

Алмақтың да сал­мағы бар

 


 

«Алмақтың да сал­мағы бар» дей­тін қазақ үшін қары­зды қай­та­ру әр уақыт­та парыз сана­ла­ды. Ал Қаза­қстан­ның әлем­нің 114 мем­ле­кетіне сыр­тқы қары­зы 163,8 мил­ли­ард дол­ларға жет­кенін ескер­сек, бұл қары­зды өтеу ел бюд­жетіне ауыр сал­мақ түсіріп тұрға­нын түсі­ну қиын емес.

 

СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ:

ол қан­дай қарыз?

 

Бірін­ші­ден, әлем­нің бәрі бір-бірі­нен (мем­ле­кет­тер­ден, халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дан, банк­тер­ден, т.б.) қарыз ала­ды. Бұл қалып­ты жағдай.

Екін­ші­ден, мәсе­ле қары­здың көле­мін­де емес, оны қарыз алушы мем­ле­кет­тің төлем қабілетін­де. Мәсе­лен, сыр­тқы қары­зы көп елдер­дің тізі­мін­де дамы­ған мем­ле­кет­тер көш бастап тұр. Яғни, сыр­тқы қарыз елдің кедей, не бай екен­ді­гін көр­сет­пей­ді. Көр­ші қырғыз, өзбек­тің біз­бен салы­сты­рған­да сыр­тқы қары­зы аз, бірақ бұл олар­дың эко­но­ми­ка­сы мықты екен­ді­гін біл­дір­мей­ді, сәй­кесін­ше, біздің де жапон­дар­дан сыр­тқы қары­зы­мыз аз, десе де эко­но­ми­ка­мыз олар­дан қуат­ты емес.

Үшін­ші­ден, кез кел­ген қары­зды қай­та­ру керек. Мәсе­ле сол қары­зға алған ақша­ны қалай жұм­саған­ды­ғы­на бай­ла­ны­сты. Мыса­лы, Гре­кия 2004 жылы Олим­пи­а­да өткізу­ге 10 млрд дол­лар қарыз алды да қай­та­ра алмай, әбден қинал­ды. Дефолт (уақы­тын­да қары­зды қай­тар­мау – Ред.) жағ­дай­ы­на аз қал­ды. Қысқа­сы, той жасай­мын деп алған несие сын­ды. Оның қай­та­ры­мы жоқ. Ал жапон­дар қарыз алса, оны эко­но­ми­каға сала­ды да, кей­ін есе­леп қай­та­рып алады.

Төр­тін­ші­ден, Қаза­қстан сыр­тқы қары­зы­на қаты­сты әңгі­менің көп­ті­гі ел эко­но­ми­ка­сы­ның мұнай-газ сала­сы­на тәу­ел­ді­гіне тіке­лей бай­ла­ны­сты. Өйт­кені ертең төлей алмау қау­пі жоға­ры. Сон­ды­қтан сыр­тқы қары­зды неге алдық деген әңгі­ме­ден гөрі ол ақша­ны қай­да жұм­саға­ны­мыз маңызды.

 

ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

9 МЫҢ ДОЛЛАР ҚАРЫЗ

 

Қаза­қстан ұлт­тық бан­кінің дере­гін­ше, елдің сыр­тқы қары­зы­ның жал­пы көле­мі 163,8 мил­ли­ард дол­ларға жет­кен. Бұл жал­пы ішкі өнім­нің (ЖІӨ) 26,1 пай­ы­зы­на тең. Сон­да әрбір қаза­қстан­дық сыр­тқа 9 мың дол­лар­дан артық қарыз болып шыға­ды. Бұл көр­сет­кі­шпен Қаза­қстан әлем­нің 201 елінің ішін­де 35-орын­да тұр. Сарап­шы­лар­дың пікірін­ше, Қаза­қстан­ның жал­пы сыр­тқы қары­зын­дағы ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­дың үлесін есеп­ке алмау эко­но­ми­ка үшін қауіп­ті. Жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, Қаза­қстан 114 мем­ле­кет­ке қарыз. Бізді қары­зға баты­рған елдер­дің көшін Нидер­лан­ды (Гол­лан­дия), Ұлы­бри­та­ния, Қытай және Фран­ция бастап тұр.

Гол­лан­ди­яға Қаза­қстан бере­ше­гінің жал­пы сома­сы – 47,3 мил­ли­ард дол­лар, бұл жал­пы қары­здың 30 пай­ы­зы (шама­мен). Ұлы­бри­та­ни­яға бере­ше­гі­міз – 24,6 мил­ли­ард дол­лар неме­се жал­пы қары­здың 16 пай­ы­зы (шама­мен). Қытай­ға берер қары­зы­мыз 12,6 мил­ли­ард дол­лар неме­се жал­пы қары­здың 8 пай­ы­здан аста­мы. Ал Фран­ци­яға 11,7 мил­ли­ард дол­лар қарыз екенбіз.

Бел­гілі эко­но­мист Мағ­бат Спа­нов сыр­тқы қарыз мөл­шері қазір­дің өзін­де өте үлкен екенін айта­ды. Оның пікірін­ше, жиын­тық қары­здың ара­сын­да ква­зи­мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­дың бере­ше­гі өте күр­делі про­бле­маға айна­лып отыр.

«Біз­де клас­си­ка­лық нары­қтық эко­но­ми­ка жүй­есі емес, моно­по­ли­я­ланған эко­но­ми­ка қалып­тасқан­ды­қтан, шару­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­тілер­дің қары­зын мем­ле­кет өтеп жатады.

«Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры құрған ква­зи­мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар қары­зы­ның сал­мағы мем­ле­кет­ке түседі. Қар­жы қарыз қай­та­руға жұм­са­лып, әле­умет­тік төлем­дер аза­яды. Тіп­ті қары­зды өте­ген күн­нің өзін­де өндірістің жұмысы тоқы­рап, банк­ро­тқа ұшы­ра­ма­сы­на кепіл­дік жоқ», – деп түсін­дір­ді Мағ­бат Спанов.

Сарап­шы­ның айтуын­ша, эко­но­ми­ка­да сыр­тқы қарыз шама­сы ЖІӨ-нің 60 пай­ы­зы дең­гей­і­нен аспа­уы тиіс.

Ал біз­де мем­ле­кет­тік кепіл­ден­діріл­ген қарыз, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор мен фир­ма­ара­лық қары­здар­дың жиын­тық сома­сы қазір ЖІӨ көле­міне жетіп қал­ды. Тұта­стай алған­да, бұл – жақ­сы нышан емес.

 

БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕР

САЛМАҚ ҚАНДАЙ?

 

Эко­но­мист Рах­ман Алша­но­втың пікірін­ше, Қаза­қстан­ның жал­пы сыр­тқы қары­зы­ның өсуі – заң­ды про­цесс. Оның сөзін­ше, қары­здың көле­міне емес, құра­мы­на қарау керек. «Бұл негізі­нен ком­па­ни­я­лар­дың өза­ра қары­зы, ал үкі­мет­тің қары­зы одан төмен. Қарыз бір­ден өтел­мей­ді ғой, мыса­лы, оған зауыт салып жатыр делік, ол біт­кен соң ғана пай­да әке­леді. Дай­ын өнім шығарған­ша, ол қарыз болып тұра­ды. Сон­ды­қтан егер қарыз кәсі­по­ры­нға салы­нып, кей­ін өнім беретін бол­са, одан күмән тумауы керек», – деп атап өтті Рах­ман Алшанов.

Эко­но­мист Ора­за­лы Сәб­ден бол­са, Қаза­қстан өткен ширек ғасыр ішін­де дай­ын өнім шыға­ра­тын кәсі­по­рын­дар құруға емес, негізі­нен шикі­зат өнді­ру көле­мін ұлғай­туға назар ауда­рып кел­генін айта­ды. «Кел­ген инве­сти­ци­я­ның қай­та­ры­мы бола­тын­дай тиім­ді жүйе қажет. Қай­та өңдеу, ауыл шару­а­шы­лы­ғы тәрізді сала­ларға басым­дық беріп, инве­сти­ци­я­ны соған салып, қары­зды асыр­май бақы­лап ұстай­тын меха­низм керек. Мыса­лы, көр­шілес Ресей мен Өзбек­стан­ның қарыз дең­гейі біз­де­гі­дей жоға­ры емес», – деді бел­гілі эко­но­мист. Соны­мен бір­ге Ора­за­лы Сәб­ден: «Биыл кім, қай­дан, қан­ша қарыз алды? Бұған дей­ін алған қары­здың қай­та­ры­мы бар ма? Әлде құмға сіңіп кет­ті ме? Осы­ның бәріне жау­ап жоқ», – деп, мем­ле­кет­тік қарыз тура­лы дерек ашық болуы қажет екенін айтты.

P.S. Бюд­жет «тесік­терін» бітеу әрі эко­но­ми­ка­ны көте­ру үшін, Қаза­қстан өзге елдер­ден қарыз алуға мәж­бүр. Есесіне сыр­тқы қары­здың көле­мі де жыл­дан-жылға артып келеді. Ал қары­здың қай­та­ры­мы бола­ты­нын ескер­сек, келе­шек­те сол қай­та­рым ел эко­но­ми­ка­сы­на үлкен соққы бол­мауы үшін, оны қай­та­ру­дың жолын қазір­ден бастап қарас­ты­ру қажет. Бұл ең алды­мен ұрпақтың жарқын бола­шағы үшін керек.

Мади­яр ӘЗИЗҰЛЫ,

«QAZAQ» газеті

 

 

 

Жанай­қай

 

Жұмыс­сызды­ққа

КІМ КІНӘЛІ?

 

Адам­зат тарихы­на тереңірек үніліп қара­саңыз, қай заман­да бол­сын, халы­қтың кіш­кен­тай ғана бөлі­гі бай, қалға­ны кедей болған. Сон­да бай­лар қалың тобыр­ды қалай бағын­ды­рып, айтқа­ны­на көн­діріп отыр­ды дей­сіз ғой? Ол күш­тер­дің біре­уі дін, екін­шісі – жұмыс­сыздық. Бұл жер­де дін мен сенім­ді шата­стыр­май­ық. Дін­ді биле­уші топ­тың қараңғы халы­қты Құдай­мен қорқы­тып, айтқа­ны­на көн­діру­де­гі құра­лы деп біліңіз.

 

Ал жұмыс­сыздық тура­лы сөз тіп­тен басқа. Осы уақы­тқа дей­ін мен кім болып істе­медім? Күзет­ші, от жағу­шы, есік-тере­зе жаса­у­шы, сан­тех­ник, мон­та­ж­шы, көпір салушы, жол жөн­де­уші, жел­дет­кіш шебері, меха­ник, база дирек­то­ры, жұмыс мате­рил­да­ры­мен қам­та­сыз ету­ші (снаб­же­нец). Істе­ме­ген жұмысым жоқ. Бар­маған жерім, шық­паған тауым жоқ.

Қазір Алма­ты­да бір құры­лы­ста істеп жүр­мін. Күніне төрт мың тең­ге төлей­ді. Кей­бір жігіт­тер үш жарым мың тең­ге­ге Кас­ке­лең, Ұзы­нағаш, Ащы­бұлақтан келіп істей­ді. Шет­тері­нен еңбекқор. Сау­сақта­ры­нан өнер тамған, небір талант иелері­мен серік­тес бол­дым. Жұмыс беру­ші адам – басқа елдің аза­ма­ты. Өзі бұрын «бара­хол­ка­да» жей­де­лер сатып, сауда­гер болған дей­ді білетін­дер. Жұмыс­шы­лар­ды аузы­на кел­ген сөз­бен балағат­тай­ды. Жігіт­тер үнде­мей­ді, өйт­кені басқа жер­де жұмыс жоқ. Бар бол­са да, ақы­сын төле­мей­ді. Мынау әйте­уір бөліп-бөліп төле­се де, аз-маз ақша ала­мыз. Құры­лы­ста біз­бен қатар жүр­ген өзбек­тер айы­на 110 мың ала­ды да, оны дол­ларға айнал­ды­рып, үйлеріне салып жібе­реді. Ресей­де, Қаза­қстан­да, тағы басқа жақта жұмыс істеп жүр­ген өзбек­тер өз еліне жыл сай­ын, бір деректер бой­ын­ша, жиыр­ма мил­ли­ард дол­ларға жуық инве­сти­ция әке­леді екен. Өзбек­стан­ның эко­но­ми­ка­сы­на таза, саф алтын құй­ы­лып жатыр.

Бірақ Қаза­қстан­да қан­ша­ма өзбек жүр­се, сон­ша­ма қазақ жұмыс­сыз жүр деп санай беріңіз. «Қай­да бар­саң да Қорқыт­тың көрі» демек­ші, қай құры­лы­сқа бар­саң да өзбек­тер­ді көресің. Өзбек­тер жұмыс істеп, нәпақа­сын тауып жатыр, ал қаза­қтар жұмыс тап­пай босып жүр. «Есек­тің артын жусаң да, мал тап» деген ғой Абай ата­мыз. Бірақ кей­де біз­ге сон­дай жұмыс та бол­май қала­ды ғой. Әсіре­се жыл­дың басы мен аяғын­да, яғни жел­тоқ­сан, қаңтар, ақпан, наурыз айы­ның орта­сы­на дей­ін «өлі айлар». Өйт­кені бар­лық жер­де құры­лыс жұмыста­ры тоқтай­ды. Ел қат­ты қина­лып қала­ды. Ал жұмыс­шы қаза­қтар­ды қорғап жатқан ешкім жоқ. Жұмыс­шы­ның жоғын жоқтай­тын тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ жоқтың қасы. Еңбек қорғау заңы­ның түрі анау: бас көте­ру­ге бол­май­ды, сот­та­лып кетесің!

Жұмыс беру­шілер аспан­нан сал­бы­рап түс­кен­дей, қан­ша төле­гісі кел­се, сон­ша төлей­ді. Жұмыстың құны болу керек. Әр жұмыстың сапа­сы­мен бір­ге баға­сы да болуы керек. Бір шеге қақ­саң да, құны болуы шарт. Сон­да ғана жұмыстың мәні бола­ды, ол – табыс, ал табыс – күнкөріс.

Әйт­пе­се қазір­гі уақыт­та Қаза­қстан­да жұмыс­шы­лар құл сана­тын­да! Жігіт­тер­дің кеуде­лері ашуға толы. Булы­ғып, іштен тына­ды. Бәріне көне береді. Өйт­кені олай-бұлай «бір жағ­дай­ға» ұшы­рас­аң, отба­сың аштан өледі. Сон­ды­қтан жұмыс­шы халық өлме­стің күнін көріп, тыныш жүр. Әзір­ше… Жағ­дай осы­лай бола бер­се, бұның соңы неге соқты­ра­рын ойла­саң, төбе шашың тік тұра­ды. «Қоян­ды қуа-қуа, батыр болып­ты» дей­ді қазақ. Соның кебін кие­міз бе деп қорқамын.

Не істеу керек? Қайт­сек жағ­дай­ы­мыз жақ­са­ра­ды? Біз істеп жатқан құры­лы­стағы бір бөл­мелі пәтер­дің құны 60 мың АҚШ дол­ла­ры. Маған бұл пәтер­ді сатып алу үшін тұрақты жұмысым бол­ды деген күн­нің өзін­де он алты жыл өмірім қажет екен. Он алты жыл бойы мен не отба­сы­ма, не жолы­ма, не тамағы­ма көк тиын жұм­са­мауым керек екен! Бұл мүм­кін нәр­се ме?!

Менің бір айда тапқан 100 мың тең­гем пәтер ақым мен тамағы­ма ғана жете­ді. Кей­де ақша жет­пей қала­ды, ондай жағ­дай­да әйелім­нің қырық жылғы алтын­да­рын лом­бар­дқа тапсырамыз.

Бұл уақыт­ша бол­са да, жұмысы бар адам­дар­дың жағ­дайы. Ал жұмыс­сыз жүр­ген­дер қалай күн­көру­де? Сон­да жоғарғы билік өз халқын ойла­май, шошқа таға­лап отыр ма? Не тын­ды­рып жатыр? Үкі­мет­ке керек бол­маған соң, біз кім­ге керекпіз? Елге өзбек «гастар­бай­тер­лерін» кір­гізіп, қаза­қтар­ды қаңғыр­тып қой­ған Қаза­қстан үкі­метінің сая­са­ты – не қылған сая­сат?! Түсін­сем, бұй­ыр­ма­сын?! Бұл үкі­мет не үшін өз халқын сон­ша­ма жек көреді?!

Санат ӘЛИ,

уақыт­ша жұмысшы,

Қап­шағай қаласы

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн