Пятница , 4 июля 2025

Сіз балаңызды сүндетке ОТЫРҒЫЗДЫҢЫЗ БА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

 

Дәстүр­дің жақ­сысы бар…

 


 

Күз де келіп қал­ды. Алда – Құр­бан айт. Оқу жылы да баста­ла­тын мезет кел­ді. Ал сіз мек­теп­ке бара­тын балаңы­зды сүн­дет­ке оты­рғы­зды­ңыз ба?

 

Сүн­дет – бұл киелі баба­ла­ры­мы­здан қалған, бұл­жыт­пай орын­да­луға тиісті Ұлы өси­ет. Ұлы баба­ла­ры­мыз негізін салып кет­кен таза­лы­қтың, ден­са­улы­қтың қаси­ет­ті үлгісі болған бұл игі дәстүр қазір «Дін Ислам­ның» негіз­гі шар­тта­ры­ның біріне айналған. Еркек кін­дік­ті жас сәби­лер­ді бел­сіздік дер­ті­нен сақтан­ды­ру мақ­са­тын­да сүн­дет­ке оты­рғы­зу­ды мін­дет­ті түр­де жүзе­ге асы­ру бар­лық мұсыл­ман­дар үшін қаси­ет­ті парыз болып саналады.

Ал халқы­мы­здың әйел затын­да кез­де­сетін беде­улік дер­тінің алдын алу үшін, сәби қыздар­дың құлағын тесіп, сырға тағу рәсім-дәстүрі кей­ін­гі заман­дар­да күл­лі ғалам­шар­дағы әйел заты­ның ажы­рас­пас сән­дік өміріне айналған. Ал «бел­сіздік жұты» соңғы рет Елтіріс Қаһан дәуірін­де, Ескен­дір Зұлқар­най­ын (Алек­сандр Маке­дон­ский) Ұлы Далаға шапқын­шы­лық жасар­дан бұрын келіпті.

Ежел­гі таным бой­ын­ша, ұрпақтың өсуі сүн­дет­тен басталған. Қазір­гі заман­да «мың өліп, мың тіріл­ген» қазақ халқын құраған ел Алты Алаш ата­лып, Үш Жүз­ге бөлін­ген: 81 ата Арғын­дар­дың 6 Ата­сы, 317 Керей­дің 40 ұлы­сы Абақ пен Аша­май­лы (көп­шілі­гі Қытай­да мекен­дей­ді), қой құма­лағы­нан көп Уақ пен қара орман­дай қап­таған қалың Най­ман­ның алақан тол­мас аз бөлі­гі ғана, 92 Орда­лы Қып­шақтың екі Орда­сы Дәшті мен Шашты­дан тараған­да­ры ғана, 90 Бау­лы Қоңы­рат­тың екі бауы Көк­тіңұ­лы мен Көтен­ші (Көн­тістік­тен) тараған­да­ры ғана қазір­гі Қазақ халқы­ның құра­мы­на кіреді. Алты Ала­штан тараған­дар­дың қалған ұрпақта­ры түр­лі жау­гер­шілік заман­дар­да басып алған жер­лерін­де қалып қой­ып, сол елдер­ге сіңіп, кей­бірі індет­тер мен жұт­тар­дан, түр­лі дін тар­ты­ста­ры туын­датқан аза­мат соғы­ста­ры­нан қыры­лған. Ал қалған­да­ры жан-жаққа ауып кетіп, бүкіл Жал­пақтұм­сы­қтағы (Евра­зия) басқа халы­қтарға сіңіп, тіл­ден, діл­ден, дін­нен, салт-дәстүр­ден, бұл­жыт­пай орын­да­луға тиісті рәсім­дер­ден айы­ры­лып, тексіз болып кетеді…

 

Міне, өткен шежірелік (гене­ти­ка­лық) тари­ха­ты­мыз осы­лай дей­ді. Ал енді алма­ты­лық әйел­дер­дің қазір­гі сүн­дет­ке оты­рғы­зуға қар­сы көтеріп жүр­ген мәсе­лесі шынын­да көп­тен бері көп­шілік­ті, жал­пы қоғам­ды толған­ды­рып жүр­ген­ді­гі де бел­гілі. Ашық жария бол­ма­са да, бұл мәсе­ленің тұр­мыс дең­гейі, от басы, ошақ қасын­дағы әңгі­ме­лер тақы­ры­бы­на айналға­ны­на да біраз уақыт болды…

Неге? Себебі өткен ғасыр­дың 70-жыл­да­ры­на дей­ін рес­пуб­ли­ка­мы­зда ер бала­лар­ды сүн­дет­ке оты­рғы­зу­ды өмір­лік тәжіри­бе­лері ұрпақтан-ұрпаққа ауы­сып келе жатқан бата­лы кісілер жүзе­ге асы­рып, бұл үрдіс бала тек 6 жастан асқан соң ғана орын­да­ла­тын. Себебі бала 6–7 жасқа толған кез­де ғана жыныс мүше­сінің терісі өсіп, жетіліп, қалақ­ша­лы кер­тік­ті басы­нан ажы­рап, созыл­ма­лы кей­іп­ке еніп үлге­реді. (Кіш­кене ер бала­лар­ды үйге кел­ген қонақтарға шей­ін: «Кәне, насы­бай­ы­ң­нан әкел­ші!», «Әптү­шу!» деп, шүме­гінің ұшын­дағы теріні ұстап, ерке­ле­ту де оның қалақ­ша­дан ажы­ра­уын тез­де­тетін есті салт болған).

Кей­ін­гі уақыт­тар­да бала­ла­ры­мы­зды тіп­ті ерте, 1 жастан бастап (бұл кез­де тері ажы­ра­май­ды да, бала қат­ты қина­ла­ды), сүн­дет­ке оты­рғы­зу­ды табыс көзіне айнал­ды­рған хирург­тар және кей­бір шетел­дер­ден келетін арнайы «бри­га­да­лар» атқа­ра­тын бол­ды. Және де бұл «маман­дар» мың­даған жыл­дар бой­ғы орын­да­лып келе жатқан ата-баба тәжіри­бе­лерін ман­сұқтап, сүн­дет кезін­де балаға ауыр­сы­ну­ды сездір­мей­міз деген сыл­та­у­мен нар­коз қол­да­на­ды. Өсіп келе жатқан сәби­лер­дің жыныс мүше­сіне нар­коз қол­да­нуға мүл­дем бол­май­ды. Бұл мың­даған мик­ро­нерв жүй­е­лері шоғыр­ланған капил­ляр тамыр­лар­да жүру­ге тиісті қан­ның қатып қалуы­на себеп болып, оның соңы бұл тамыр­лар­дың мүл­дем жой­ы­лып кетуіне әке­леді. Ал қалақ­ша кер­тік­тің айна­ла­сын­дағы терісін түгел алып тастау – шынын­да үлкен қыл­мыс! Дене біті­мі қалып­тас­паған, өсіп келе жатқан жас сәбидің жыныс мүше­сінің ұшын­дағы терісін түгел­ге дер­лік алып таста­уы орны тол­мас өкініш­ке де әке­леді. Себебі 14 жасқа кел­ген­ше толы­сып, дамуға тиісті, өсіп келе жатқан жас жет­кін­шек­тің бұл маңы­зды орга­ны созыл­ма­лы терінің жетіс­пе­ушілі­гі­нен өспей, әрі ержетіп үйлен­ген­нен соң, жыны­стық қаты­нас кезін­де қозу­дың нәти­же­сін­де бір­не­ше есе үлке­ю­ге тиісті орган­ның жұмысын мүл­дем тежей­ді деген пікір­лер қазір қоға­мы­м­ы­зда берік қалып­та­сып та үлгеріпті…

 

Егер де бұл қауіп­ті күді­гі­міз расқа айнал­са, онда бұл хирург-дәрі­гер­лер­дің біліксізді­гін, керек десеңіз, қаза­ққа қар­сы жаса­лып оты­рған қыл­мысы деп те баға­ла­у­ға бола­ды! Мұн­дай маман­дар­дың біл­ме­сті­гі жасө­пірім ержетіп, үйлен­ген­нен кей­ін, қалы­ң­дық пен ара­дағы алға­шқы түн­нен бастап жыны­стық үйлесім­ділік­ке жете алмай, жастар­дың тез ажы­рас­ып кетуіне әке­летін әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді туын­дат­па­сы­на кім кепіл­дік бере ала­ды? Мем­ле­кет пен Ота­ны­мы­здың ірге­та­сы сана­ла­тын отба­сы­лар­ды қалып­та­сты­руға тиісті мұн­дай неке­лер­дің күй­ре­уі қоға­мға ешқа­шан да жақ­сы­лық әкел­мей­ді… Оның үстіне арнайы дай­ын­ды­қтан өтпе­ген мұн­дай «маман­дар­дың» біл­ме­сті­гі­нен өткен жыл­да­ры бала­лар­дың жыныс мүше­сінің терісін ажы­ра­та алмай, басын кесіп алу сияқты өте өкіні­шті бақыт­сыз жағ­дай­лар іші­на­ра бол­са да орын алды…

Және де назар ауда­ра­тын тағы бір мәсе­ле – егер де қалы­ң­дық бұрын «бесік көр­мей», «есік көр­ген», «пәк­тік пер­десін» қай­та жаса­тып алған «тәжіри­белі қуа­яқ» бол­са, онда бұл үрдіс одан да тез жүреді. Сон­ды­қтан да «Қызға қырық үйден тый­ым!» деген ата дәстүр тәр­би­есін де қолға алу керек-ақ! Пәк­тік­ті сақтау мен жыны­стық тәр­бие мек­теп пен отба­сы­дан баста­луы тиіс. Ал мем­ле­кет тара­пы­нан түр­лі бақыт­сызды­қтар­дың көзіне айналған түн­гі клуб­тар­дың да жұмысын кеш­кі сағат 18.00-ден – 23.00-ге дей­ін шек­теу қажет. Таң атқан­ша дем алмай елір­ген жаста­ры­мы­зды араққор­лық пен нашақор­лы­ққа бой ұрып, бұзы­луға, жыны­стық әлсіздік­ке әке­летін бұл ойын-сауық орын­да­ры­ның да зия­ны шаш-етек­тен. Бұл – біле біл­ген­ге адам құқы­ғын шек­теу емес, ұлт­ты сақтап қалу­дың жолы!

Ең басты­сы – осы мақа­ла­мы­зға арқау болып оты­рған аса маңы­зды әле­умет­тік, сая­си мәсе­ле­ге айна­лып бара жатқан бұл іске елі­міздің Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі ара­ла­сып, сүн­дет­ке оты­рғы­зу­ды арнайы жан-жақты дай­ын­ды­қтан, атте­ста­ци­ядан өтіп, лицен­зия алған маман дәрі­гер­лер­ге тап­сы­ру­ды жүзе­ге асы­ру – күн тәр­тібін­де­гі басты маңы­зды мәсе­ле­ге айна­лып отыр, ағайын!

Ілес­бек БАЙЖАНОВ,

Қаза­қстан жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі

Шым­кент шаһары

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн