Пятница , 4 июля 2025

РЕСЕЙГЕ АҚШ САЛҒАН САНКЦИЯ Қазақстан экономикасына әсер ете ме?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №28 (392) от 11 авгу­ста 2017 г.

ДАТ-САУАЛНАМА


Өзінің агрес­си­я­лық сыр­тқы сая­са­ты­мен «жексұрын» елге айналған Ресей­ге қар­сы Аме­ри­ка Құра­ма Штат­та­ры салған соңғы санк­ци­ядан туын­дай­тын «сауда соғы­сы» Қаза­қстанға да қатер төн­діруі мүм­кін. Қалып­тасқан гео­са­я­си жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты, Ресей­мен ортақ сая­си-эко­но­ми­ка­лық одақта (ЕАЭО) оты­рған Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­сы­на «санк­ция салқы­ны» қат­ты әсер ету мүм­кін­ді­гін ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі де мой­ын­дай баста­ды. ҚР үкі­метінің пре­мьер-мини­стрін қабыл­даған пре­зи­дент «мүм­кін қатер­ден сақта­ну» қажет­ті­гін ескертті.

Осы орай­да біздің газет­тің тіл­шілері «АҚШ-Ресей-Қаза­қстан» қаты­на­ста­ры­на жіті көңіл бөліп жүр­ген сарап­шы­лар ара­сын­да сау­ал­на­ма жүр­гіз­ген еді. «Ресей­дің агрес­си­я­лық сая­са­тын ауы­зды­қтау үшін салы­нған АҚШ санк­ци­я­сы Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­сы­на ауқым­ды зардап кел­тіруі мүм­кін бе және бұл санк­ци­я­ның зала­лы­нан сақта­ну үшін Қаза­қстан билі­гі қан­дай сая­си-эко­но­ми­ка­лық шара­лар­ды жедел түр­де қолға алға­ны дұрыс деп ойлай­сыз?» деген сау­ал­дарға сарап­шы­лар айтқан ой-жоралғы төмен­де­гі­дей болды.

Мұх­тар ТАЙЖАН,

сая­сат­кер:

САНКЦИЯ САЛҚЫНЫ

сая­си режим­дер­ді күйретеді

Аме­ри­ка тара­пы­нан енгізіл­ген жаңа санк­ци­я­лар, Ресей­ді Сол­түстік Корея және Иран секіл­ді мем­ле­кет­тер­мен бір қатарға қой­ды. Бұрын олай бол­маған еді. Осы­ған дей­ін­гі санк­ци­я­лар пре­зи­дент­тік бұй­рық ретін­де қабыл­да­нып кел­се, қазір заң тұрғы­сы­нан бекітіл­ді. Қар­жы жағы­нан қарас­ты­ра­тын бол­сақ, енді Ресей­ге қарыз беру­ге және үкі­мет­тің обли­га­ци­я­ла­рын сатып алуға бол­май­тын бол­ды. Бұған қоса ресей­лік банк­тер­ге берілетін қарыз 30 күн­нен 14 күн­ге дей­ін қысқар­тыл­ды, ол деген түк емес.

Тех­но­ло­ги­я­лық тұрғы­дан жасалған шек­те­улер Ресей­ге көп қиын­ды­қтар туғы­за­ды. Себебі, зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­сыз сла­нец, шельф және Арк­ти­ка мұнай­ын өнді­ру мүм­кін емес. Ресей­дің өзін­де ондай озық тех­но­ло­ги­я­лар жоқ, ол тек Аме­ри­ка­да бар. Сон­ды­қтан, эко­но­ми­ка­сы мұнай­ға тәу­ел­ді ел үшін, бұл қосым­ша қиын­дық бола­ты­ны сөзсіз.

Бұған қоса мұнай-газ құбыр­ла­рын салуға қара­жат (инве­сти­ция) бөлу­ге шек­теу қой­ыл­ды. Бүгін­гі таң­да Ресей­дің 13 мем­ле­кет­ке мұнай-газ тасы­мал­дай­тын 90 құбы­ры бар. Оның ішін­де Гер­ма­ни­яға шикі­зат тасы­мал­дай­тын «Сол­түстік ағын» («Север­ный поток») құбы­ры­на қар­жы бөлін­бей­тін бол­ды. Бірақ бұған Гер­ма­ния мен Австрия қар­сы­лық біл­діріп отыр. Бұл құбыр­ды Ресей өз ақша­сы­на салып отыр десек те, оның қажет­ті­гі екіта­лай. Себебі іске қосы­лған құбыр­лар­дың өзі толық қуат­пен жұмыс жасап жатқан жоқ. «Газ­пром» үшін қол­да бар құбыр­ла­ры­ның өзі де жет­кілік­ті. Сон­ды­қтан, «Север­ный поток‑2» құбы­ры­ның қажет­ті­гі күмән туғы­за­ды. Менің ойым­ша, бұл құбыр­ды салу, жемқор­лық үшін қажет болып тұр. Жаңа санк­ци­я­лар­дың тағы бір ерекшелі­гі – бола­шақта АҚШ пре­зи­дент­тері – Трамп бол­сын, басқа­сы бол­сын, қабыл­данған санк­ци­я­лар­ды өз бұй­ры­ғы­мен тоқта­та алмай­ды. Ол өте маңы­зды. Сол себеп­ті, қабыл­данған шек­те­улер Ресей эко­но­ми­ка­сы үшін кері әсерін қат­ты тигі­зетіні және оны әлсіре­тетіні сөзсіз.

Енді Мәс­кеу қазір­гі­дей күшті бола алмай­ды. Ресей­дің ішкі аху­а­лы өзгеріп, оппо­зи­ци­я­сы күшей­еді. Сол себеп­ті, Мәс­кеу, қаза­қстан­дық билік­ке көп көмек көр­се­те алмас. Тіп­ті Ресей­дің өзіне шашы­лып, ыды­рап кету қауі­пі төніп тұр. Сон­ды­қтан бұл жағ­дай­лар, Қаза­қстанға да әсерін тигі­зеді. Біз­ге қазір­гі керек дүние – ашық, адал сай­лау. Бәл­кім бұл дәл қазір бола қой­мас, бірақ алдағы 2–3 жыл­да болуы әбден мүм­кін. Ресей бол­сын, Қаза­қстан бол­сын, эко­но­ми­ка­сы әлсіз мем­ле­кет­те, күшті сая­си режим бола алмайды.

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ,

бло­гер (Ақтау қаласы):

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚТАН

шығуға тал­пы­ныс жасау керек

Ресей Феде­ра­ци­я­сы­на соңғы салы­нған санк­ци­я­ның егжей-тег­жейі АҚШ Кон­гресі сай­тын­да жари­я­лан­ды, оның орыс­шаға ауда­ры­лған нұсқа­сы да интер­нет­те бар. Санк­ци­я­ның өте ауыр және тыңғы­лы­қты екен­ді­гін РФ Феде­ра­ция Кеңесі де мойындаған.

Мен бұл АҚШ-тың Ресей­ге қар­сы «сауда соғы­сы» деген тезиспен онша келіскім кел­мей­ді. Неге? Ең алды­мен РФ шетел­ге негізі­нен шикі­зат қана сатып оты­рған ел. Оның қару-жарақ, ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дері, тек­стиль, жеңіл өнер­кәсіп неме­се басқа да тау­ар түр­лері сауда­сы­на қар­сы ешкім де шек­теу қой­ып оты­рған жоқ. Шек­теу – Ресей бюд­жетіне қомақты қар­жы әке­летін, сөй­тіп оның агрес­сив­ті сая­са­тын одан әрі жалға­сты­ра беру­ге мүм­кін­дік беретін мұнай, газ шикі­за­тын өнді­ру және сатуға шек­теу қой­ып отыр. Екін­ші­ден, Ресей­ге қар­сы сауда соғы­сын аша­тын­дай, Батыс Ресей­дің қай тау­а­ры нары­ғы­мы­зды жау­лап ала­ды деп қорқа­ды? Батыс тау­ар өндіру­шілерін қан­дай да бір сала­да нары­қтан ығы­сты­рып шыға­ру мүм­кін­ді­гі бар ресей­лік тау­ар түрі бар ма? Жал­пы, бұл әңгі­ме қай­дан шыққан?

Менің­ше, «сауда соғы­сы» деген сөзді алғаш қол­данған РФ үкі­меті бас­шы­сы Д. Мед­ве­дев. Ол санк­ци­яға Трамп қол қой­ған күні Твит­тер­де жаз­ба қал­ды­рып, сон­да осы сөзді қол­дан­ды. Мұны алды­мен ресей­лік БАҚ-тар іліп әкет­ті. Менің­ше, мұн­дай пікір айту­шы­лар – Ресей­дің қазір­гі сая­са­ты­на іш тар­ту­шы­лар тобы, солар­дың лоб­би­стері неме­се тап­сы­ры­спен жұмыс жасай­тын­дар болуы мүмкін.

Неге? Өйт­кені бұл әңгі­менің түбін­де АҚШ-тың санк­ция салуы­ның шын себебін бүр­ке­ме­леу сая­са­ты жатыр. Ресей: «АҚШ Еуро­па нары­ғы­на өз сла­нец­тік газын сатқы­сы келеді, оған Ресей­дің арзан газы кедер­гі кел­тіреді, сон­ды­қтан «сауда соғы­сы» арқы­лы Ресей­ді Еуро­па нары­ғы­нан ығы­сты­рып шыға­ру сая­са­ты жатыр» деген ойды тық­па­лай­ды, соған елді сен­дір­гісі келеді. Ал шын жағ­дай мүл­дем олай емес қой.

Шын­ды­ғын­да, бұл санк­ци­я­ның салы­нуы­на, кіріс­пе­сін­де атап жазы­лға­нын­дай, Ресей­дің Укра­и­наға қар­сы агрес­си­я­сы, Сири­ядағы соғы­сқа Асад жағын­да ара­ла­суы, т.с.с. себеп­ші болып отыр. АҚШ бастаған Батыс елдері орас­ан зор қасірет әке­летін қан­тө­гіс соғы­сқа бар­май-ақ, эко­но­ми­ка­лық қысым жасау жолы­мен Ресей­ді агрес­сив­тік пиғы­лы­нан бас тар­тқы­зғы­сы келеді.

Бұл сая­сат күт­кен­де­гі­дей нәти­же бере ме? Мен береді деген сенім­де­мін. Әрине, РФ сая­си бас­шы­лы­ғы «Мұн­дай санк­ция салу, РФ-ны оқша­у­лау сая­са­ты оның сыр­тқы сая­са­тын өзгер­туіне еш әсер ете алмай­ды» деп жар салу­дан тан­бай келеді. Бұл енді, рито­ри­ка­лық дема­го­ги­яға көбірек ұқсай­ды. Өздерінің ұрда-жық, бір­бет­кей, тоң­мой­ын сая­сат­та­ры­ның елді қан­дай кіріп­тар жағ­дай­ға дей­ін жет­кіз­генін көр­ме­улері мүм­кін емес, алай­да соны ашы­қтан-ашық мой­ын­да­уға ерік-жігер­лері жететін емес. Бұл бас­шы­лық мой­ын­да­маған­мен де, билік­ке келесі келетін буын­ның мұны ақы­ры бәрібір мой­ын­да­у­ла­ры­на тура келеді, өйт­кені санк­ци­я­лар ұзақ мерзім­ге, бір­не­ше ондаған жыл­дарға салы­нған­ды­ғы айқын болып отыр.

Енді мұның (санк­ци­я­ның) Қаза­қстанға әсері қан­дай десек… Әрине, санк­ция тіке­лей Қаза­қстанға салы­нып оты­рған жоқ, бірақ ол біздің жақын көр­ші­міз­ге, стра­те­ги­я­лық одақ­та­сы­мы­зға, ЕАЭО, Кеден­дік одаққа бірік­кен әріп­тесі­міз­ге салы­нып отыр, сон­ды­қтан да санк­ци­я­ның біз­ге еш әсері бол­май­ды деген таза ақы­мақтық. Оның біз­ге сөз­сіз әсері болады.

Енді сол әсері қан­ша­лы­қты бола­ды – терең бе әлде жеңіл-жел­пі ме деген сұраққа кел­сек, ол біздің Ресей­мен қан­ша­лы­қты өза­ра эко­но­ми­ка­лық қарым-қаты­на­сы­мы­зға тіке­лей бай­ла­ны­сты. Менің ойым­ша, тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да Ресей өз ішкі про­бле­ма­ла­ры­на көбірек көңіл бөл­ді де, біз­дер­ге онша назар ауда­ра қой­ма­ды: мүм­кін, қолы тимеді, мүм­кін­ді­гі бол­ма­ды. Сол кез­дер­де біздің сая­си бас­шы­лық бір­ша­ма рефор­ма­лар жасап, тәу­ел­сіз бірқа­тар жетістік­тер­ге жет­кен­дей бол­ды. Кей­ін бұл про­цесс бая­у­ла­ды. Әсіре­се соңғы жыл­да­ры сая­си да, эко­но­ми­ка­лық та өмір тоқтап қалған­дай әсер қал­ды­ра­ды – біз бар­лық шару­а­ны ЕАЭС құрған комис­си­яға артып тастап, эко­но­ми­ка­ны өз беті­мен жіберіп, біры­ңғай той той­ла­у­мен шұғыл­да­нып кет­кен­дей­міз. Мұн­дай жай­ба­рақат­шы­лық із-тұз­сыз кет­пей­ді деген ойда­мын, сал­да­ры тым ауыр болуы мүмкін.

Нақты­рақ айтай­ық. Мыса­лы, санк­ци­я­ның Ресей эко­но­ми­ка­сын тіке­лей тоқы­ра­туға бағыт­талға­ны анық. Ал Ресей біз үшін эко­но­ми­ка­лық локо­мо­тив рөлін атқа­рып оты­рған ел – біз сырт­тан импорт­тай­тын тау­а­ры­мы­здың жоба­мен 1/3‑ін Ресей­ден ала­мыз. Санк­ция сал­да­ры­нан Ресей бұл тау­ар­ла­рын енді бұры­нғы баға­мен бере алмауы мүм­кін. Валю­та тап­шы­лы­ғы­на ұры­на­тын­ды­қтан ол сыр­тқа шыға­ра­тын тау­ар­ла­ры­на, әрине, баға­ны көте­реді. Бұл бізді одан әрі кедей­лен­ді­ре түс­пе­се, бай­ыт­пай­ты­ны анық. Екін­ші жағы­нан, экс­порт­тай­тын тау­ар­ла­ры­мыз да Ресей арқы­лы жүзе­ге асу­да. Мыса­лы, КТК мұнай құбы­ры, газ құбы­ры, темір жол қаты­на­сы, т.с.с., Ресей арқы­лы өтіп жатыр. Олар­дың тран­зит­тік баға­сы­ның күрт өспей­тін­ді­гіне еш кепіл­дік жоқ.

Алдын-ала болжа­уы қиын «тосын­сый­лар» да болуы ғажап емес. Мыса­лы, жұмыс­сыз қалған мигрант­тар тасқы­ны қала­ла­ры­мы­зды топан судай басып, ондағы өз қаза­қта­ры­мы­зды еңбек нары­ғы­нан ығы­сты­рып шыға­руы неме­се жер­гілік­ті ком­пра­дор­лық билік өкіл­дері тара­пы­нан ресей­лік биз­неске басым­дық берілуі мүмкін.

Енде­ше санк­ция салқы­ны­на ілік­пеу үшін не істе­у­ге бола­ды? Менің­ше, елі­міз­ге ешқан­дай да пай­да әкел­ме­ген, қай­та орын­сыз шығын­дарға баты­рған Еура­зи­я­лық Эко­но­ми­ка­лық Одақтан, Кеден­дік одақ (Ресей­мен ара­дағы деп түсі­ну керек – Ред.) сияқты пай­да­сыз құры­лым­дар­дан шығуға тал­пы­ну керек. Өзбек­стан­мен, АҚШ, ЕО елдері­мен қарым-қаты­на­сты күшей­ту­ге бағыт ұстау керек шығар.

Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономист:

КӨПВЕКТОРЛЫ САЯСАТҚА

эко­но­ми­ка­лық басым­ды­лық қажет

Әрине, санк­ци­я­ның зардабы бола­ты­ны анық. Өйт­кені Еура­зи­я­лық одаққа мүше болған Қаза­қстан мен Ресей­дің эко­но­ми­ка­сын­да екі жақты ұты­лыс болуы әбден мүм­кін. Қар­жы мен энер­ге­ти­ка сала­сы, билік­те­гі топ­тар­дың биз­несі кеңе­стік кезең­нен бір-бірі­мен бай­ла­ны­сы жалға­су­да. Қаза­қтың мұнайы Ресей арқы­лы тасы­мал­да­на­ты­нын ескер­сек, Еура­зи­я­лық одаққа мүшелік­ке өткен­нен бері атал­мыш сек­тор­лар­дың ара­сын­дағы бай­ла­ныс күшейе түсті. 2025 жылға дей­ін ортақ қар­жы кеңісті­гін жасай­мыз деген сая­сат жүр­гізіліп жатыр. Біры­ңғай валю­та­ны енгі­зу жөнін­де баста­ма­лар көтерілу­де. Бір­тін­деп осы қар­жы-эко­но­ми­ка­лық, мұнай-газ сек­тор­ла­ры ортақ эко­но­ми­каға қарай көшірілу­де. Мұн­дай эко­но­ми­ка түбін­де бір мем­ле­кет­тілік­ке әке­луі ықти­мал. Ресей билі­гінің көз­де­гені де осы. Мұнай-газ сала­сын­дағы санк­ци­я­ның әсері Ресей ком­па­ни­я­ла­ры­мен бай­ла­ны­стағы ортақ жоба­ларға зала­лын тигі­зері анық.

Ресей­ге салы­нған АҚШ санк­ци­я­сы­ның Қаза­қстанға әсер бол­май­ды деген әңгі­ме ауы­зекі айты­ла салған пікір. Әсіре­се Еура­зи­я­лық одаққа мүше болған ел кім­мен одақ­тасқа­нын білуі тиіс. Әлем елдерінің алдын­дағы мем­ле­кет­тік имидж мәсе­лесін­де Еура­зи­я­лық одаққа мүше мем­ле­кет­тер­ге көлең­ке түсері айқын. Санк­ци­я­ның салқы­ны бүгін де, бола­шақта да кесірін тигі­зеді. Мұнай-газ сала­сы бой­ын­ша салы­нған санк­ция жаңа тех­ни­ка мен тех­но­ло­ги­я­ның бола­шағы­на кедер­гі жасай­ды. Бүгін­гі күн­нің пай­ы­мы­м­ен бай­ып­та­сақ, 2014 жылы Қырым анек­си­я­сы бой­ын­ша салы­нған санк­ция Ресей­дің мұнай-газ сек­то­ры­ның дамуын тежеп отыр, оның бола­шағы қан­дай бола­рын бағам­дау аса қиын емес.

Деген­мен Қаза­қстан мем­ле­кетінің эко­но­ми­ка­лық қарым-қаты­на­сы тек қана Ресей­ге тәу­ел­ді еме­сті­гі бел­гілі. Өрке­ни­ет­ті даму жолын­дағы Батыс елдері­мен, Аме­ри­ка, Түр­кия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапо­ния т.б. елдер­мен бай­ла­ны­сы­на ешкім кедер­гі жасап оты­рған жоқ. Еура­зи­я­лық одақ шең­берін­де Қаза­қстан Ресей­дің ықпа­лы­нан шыға алмай­ды десек – қате­ле­се­міз. Дамы­ған елдер – Ұлы­бри­та­ния, Аме­ри­ка, Фран­ция, Ита­лия Қаза­қстан­ның мұнай-газ сала­сын­дағы негіз­гі акци­о­нер­лер қата­рын­да. Мем­ле­кет ара­лық бай­ла­ны­стар­да Қаза­қстан-Англия, Қаза­қстан-Аме­ри­ка, Қаза­қстан-Жапо­ни­я­мен эко­но­ми­ка­лық қарым-қаты­на­сқа санк­ция салы­нған жоқ, демек билік осы мәсе­лені алды­ңғы оры­нға қояды.

Біздің экс­пор­ты­мы­здың 9 пай­ы­зы ғана Ресей­ге тиесілі де, ал Ресей­дің Қаза­қстанға келетін экс­пор­ты 2 пай­ы­зға әрең жете­ді. Осын­дай жағ­дай­да Ресей үшін Қаза­қстан­ның орны қай дең­гей­де екенін бағам­дай беріңіз. Ресей­ге қауіп төн­ген кезең­де, қаза­қстан­дық билік­тің жүр­гізіп оты­рған көп век­тор­лы сая­са­ты­ның ұта­тын тұсы­на басым­дық беріледі деп сенеміз.

Марат ТОҚАШБАЕВ,

пуб­ли­цист:

АМБИЦИЯДАН ТУҒАН АҚЫМАҚТЫҚ

Соны­мен Дональд Трамп Ресей­ге қар­сы санк­ци­я­лар­ды күшей­тетін заңға қол қой­ып­ты! Алдын­да ғана АҚШ кон­гресінің Өкіл­дер пала­та­сы үш дауыс қар­сы болып, 419 дауыс қол­дап өткіз­ген жоба Пре­зи­дент­тің қол қоюы­на жіберіл­ген­де оры­стар «Трамп бұл заң жоба­сы­на қол қой­май­тын шығар» деп қат­ты үміт­тен­ген. Ол бол­са ойла­нып, толға­нып бас қаты­рған жоқ. Сиг­на­ту­ра­сын сүй­кеді де сал­ды. Сөй­тіп Ресей Феде­ра­ци­я­сын Иран мен КХДР қата­ры­на апа­рып қоя­тын қатаң заң Мәс­кеу үшін ядро­лық соққы­дан кем болған жоқ. Гри­го­рий Явлин­ский мұны «Путин мен Лав­ро­втың бүкіл сыр­тқы сая­са­ты­ның күй­ре­уі» деп отыр.

Қазір Ресей айна­ла­сын­дағы күл­лі көр­шілері­мен қырғиқа­бақ жағ­дай­да. Бал­тық жаға­ла­уы елдері баяғы­да-ақ теріс айна­лып кет­кен. Укра­и­на­мен соғыс жүріп жатыр. Мол­до­ва­мен, Гүр­жістан­мен егес тау­сы­лар емес. Бело­руспен тіл табысу қиын­даған. Момақан Қаза­қстан еште­ме шеше алмай­ды. Орта­лық Азия елдері­мен бай­ла­ныс Ауған­стан­нан төн­ген қауіп­ті сей­іл­ту­ге жара­са, соның өзі құба құп.

Ресей­дің айна­ла­сын­да сенетін күшті досы жоқ. Қытай көмек қолын созба­сы анық. ЕО үшін Ресей­ден гөрі, АҚШ маңы­зды серік­тес. Ал АҚШ-тың жаңа заңы ондаған жыл­дарға созы­ла­тын қыл бұрау. Кеңес Одағы­на салы­нған санк­ция 38 жыл­дан соң әзер алы­нға­нын ұмыт­пай­ық. Ресей­дің АҚШ-қа қар­сы сала­мыз деген санк­ци­я­ла­ры түк­ке тұр­май­тын бала­ның ойы­нын­дай нәр­се. Ресей ұлы­дер­жа­ва­лық амби­ци­я­сы мен әсіреұлт­шыл шови­низ­мі сал­да­ры­нан айна­ла­сы­на шынайы дос жинай­тын мүм­кін­дік­тен айы­ры­лып қал­ды. Ресей Сол­түстік Корея сияқты бәрі түкіретін жиір­кені­шті елге айналды.

Жағ­дай­ды қалай түзе­у­ге бола­ды? Явлин­ский­дің ұсы­ны­сы: Қырым түбе­гінің халы­қа­ра­лық-құқы­қтық жағ­дай­ын аны­қтау үшін халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция ұйым­да­сты­ру қажет әрі леги­тим­ді рефе­рен­дум өткі­зу маңы­зды. Екін­ші­ден, Дон­ба­ста соғы­сып жатқан әскерін кері шақы­рып, Укра­и­на­мен шека­ра­сын бекітіп, шие­леніс нүк­тесіне қару-жарақ пен әске­ри тех­ни­ка жет­кі­зуді тоқтатқа­ны жөн. Үшін­ші­ден, Ресей­дің Сири­ядағы аза­мат соғы­сы­на қаты­суын доға­руы қажет.

Егер осы үш қадам жасал­ма­са, Ресей­дің соңғы импе­рия ретін­де өмір сүруін тоқта­та­тын кез­ге куә бола­ры­мыз анық.

Салы­нған санк­ци­я­лар­дан Иран тізе бүк­пей-ақ шыққан жоқ па, сон­ды­қтан Ресей­дің қыл­шы­ғы қисай­май­ды дей­ді Ресей­ді тәңір тұтқан­дар. Ол рас. Иран үкі­мет пен халы­қтың діни негіз­де бірі­гуінің арқа­сын­да санк­ци­я­лар­дан сақай­ып шықты. Ал кор­руп­ция жай­лаған, халқы бөлек, үкі­меті бөлек өмір сүретін Ресей бей­біт жағ­дай­да санк­ци­я­лар­дан оңай құты­ла алмай­ды. Мұн­дай­да Ресей­дің халқын бірік­тіретін жалғыз тәсілі бар, ол – соғыс. Сон­ды­қтан Кремль «қырғи­ла­ры» қан тілеп отыр. Алыс-жақын көр­шілерінің біріне тар­па бас сал­ма­са болғаны…

Сау­ал­на­ма­ны дайындағандар –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн