Пятница , 4 июля 2025

Орыс тілінен ажыраса, ҚАЗАҚ КЕДЕЙЛЕНЕ МЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

 

ДАТ-сау­ал­на­ма

 


 

Жазғы дема­лыс айын­да елдің депу­тат­та­ры мен лау­а­зым­ды шене­унік­тері шипа­жай жаға­лап жүр­ген­де, пре­зи­дент Назар­ба­ев Бура­бай­да гольф алаңын ашып, теле­ар­наға бұрқы­ра­тып сұх­бат беріп таста­ды. Бұл елде пре­зи­дент­тен басқа бел­сен­ді қыз­мет атқа­ра­тын жан қал­маған-ау, сірә, дескен жұрт көп.

Пре­зи­дент­тің «Хабар» арна­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да Қаза­қстан­ның ғылым мен тех­ни­ка тілі болып оты­рған орыс тілі­нен ажы­ра­уға бол­май­ты­нын, орыс тілі­нен ажы­рау біздің елі­міз, халқы­мыз үшін тиім­сіз екен­ді­гін айт­ты. Өйт­кені бола­шақта елі­міз­де латын алфа­ви­ті енгізілуін кей­бір сая­сат­та­ну­шы­лар­дың «бұл орыс тілі­нен ірге­мізді ажы­ра­ту», – деп баға бер­гені себеп болған екен.

«Латын әрпіне көш­кен­де, біз орыс тілі­нен қашып кетей­ін деп жатқан жоқ­пыз. Алып-қашпа сөз­бен осы­ны кей­бір сая­сат­кер­лер айта­ды. Әсіре­се орыс тілін­де. Әлі­п­би – қаза­қтың тіліне бай­ла­ны­сты мәсе­ле. Ғылым мен тех­ни­ка­ның көзі орыс тіліне көп ауда­ры­лған. Бар­лы­ғы­нан ажы­рап қал­сақ, біз бай­ы­май­мыз, кедей­ле­не­міз», – деді.

Пре­зи­дент­тің осы сұх­ба­тын, әсіре­се латын әлі­п­биі мен орыс тіліне қаты­сты пікірін кім, қалай қабыл­да­ды? Латын қар­піне тек қана қаза­қтар көшеді деген пре­зи­дент қоғам­ды екі­ге жарған жоқ па? Осы сұрақтар­мен біздің тіл­ші­міз сау­ал­на­ма жүр­гізіп, сая­сат­кер­лер мен қоғам бел­сен­ділерінің пікірін тың­даған еді.

 

 

Жаса­рал ҚУАНЫШӘЛИН,

қоғам қай­рат­кері:

Назар­ба­ев қазақ тілін

ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ!

 

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың 18 тамыз күні «Хабар» агент­ті­гінің тіл­шілеріне бер­ген сұх­ба­тын­да айды аспан­нан бір-ақ шығарған «жаңа­лы­ғы», менің­ше, елін, мем­ле­кетін, ұлтын, өзін-өзі сый­лай­тын кез кел­ген қаза­қтың намысы­на тиіп, тіксін­тіп тастады!

Бұл жер­де «елба­сы» айтып оты­рған «кей­бір сая­сат­кер­лер» ресей­лік шови­ни­стер екені өзі­нен-өзі түсінік­ті, әрине. Ал егер олар әлгін­дей әңгі­мені «алып-қашпа сөз­бен», «әсіре­се орыс тілін­де» қоз­ды­рып жат­са, дәл сол орыс тілінің ота­ны – Ресей тәрізді БҰҰ-ның толы­ққан­ды мүше­сі болып табы­ла­тын Қаза­қстан латын әрпіне көшу ниеті үшін неге Назар­ба­ев­тың ауызы­мен ондай­лар­дың алдын­да бүге­жек­теп, есеп беру­ге тиіс?!

Бірін­ші­ден, адам­зат тарихын­да талай халық, соның ішін­де ХХ ғасыр­дың аяғын­да өзі­міздің тіл­дес, дін­дес, тағ­дыр­лас бауыр­ла­ры­мыз – әзір­бай­жан, өзбек, түр­кі­мен де әлі­п­би өзгерт­ті, бірақ олар­дың қай пре­зи­ден­ті өйту үшін біздің «елба­сы» тәрізді Ресей­ге алаң­дап, бейне бір кінәлі болып қалған­дай ақта­лып еді? О кез­де де орыс шови­ни­стері үнсіз қал­маған, бірақ атал­мыш елдер бас­шы­ла­ры «ит үреді, керу­ен көшеді» деді де, біздің билік сияқты ұзақ ырға­лып-жырғал­май, КСРО ыды­раған бой­да әлі­п­би­лерін өзгерт­ті де жіберді.

Екін­ші­ден, егер біз­ге қазір «кей­бір сая­сат­кер­лерінің» көзі­мен осқы­ры­на қара­у­шы Ресей өз әлі­п­биіне рефор­ма жаса­уды ұйғар­са, оның толы­қтай ішкі мәсе­лесі болып табы­ла­тын бұл әре­кетін­де Қаза­қстан­ның қан­дай шаруа­сы болуы мүм­кін? Ал тіп­ті біз жақтан әлдекім­дер Ресей­де мил­ли­он қаза­қтың тұра­ты­нын алға тар­тып, «алып-қашпа сөз­бен» мәсе­ле көте­рер бол­са, бұған Кремль­дің қожай­ы­ны Путин алаң­да­у­шы­лық біл­діріп, ақта­лар ма еді? Жоқ, әрине. Не елең етпес еді, не импе­ри­я­лық өктем­дік­пен доқ көр­сетіп, зекіп тастар еді.

Үшін­ші­ден, Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гі жари­я­ланға­лы ширек ғасыр­дан астам уақыт өтсе де, «мәң­гілік пре­зи­ден­ті­міз» Назар­ба­ев­тың оры­сқұл сая­са­ты­ның кесірі­нен күні бүгін­ге дей­ін жат тіл – бұры­нғы импе­ри­я­ның тіліне тас кене­ше жабысып алып, өз тілі­міз – қазақ тілін «қаңта­рып» қой­ған біздің билік соның арқа­сын­да қазақ халқын… бай­ы­тып жіберіп­ті ме? Егер ұлты­мы­здың бүгін­гі «Шық­па, жаным, шық­па!» жағ­дайы «бай­ы­ған­ды­қтың» көрінісі бол­са, «Ондай бай­лық әдірем қал­сын!» деген­нен басқа не айтуға болады…

Төр­тін­ші­ден, пре­зи­дент­тің «біз бай­ы­май­мыз, кедей­ле­не­міз» дегенін­де­гі «БІЗ» сөзі әдет­те­гі­дей халы­ққа емес, дик­та­тор­лық режим­нің өзіне бағы­штап айты­лған сөзі ме екен? Сірә, солай болар. Өйт­кені сонау 90-жыл­дар­дың басын­да Ком­пар­ти­я­ның бірін­ші хат­шы­сы шапа­нын «пре­зи­дент» шапа­ны­на ауы­сты­рып киген бола­шақ «елба­сы­ның»: «Еге­мен­дік өзі­міз­ге тиді, БІЗ кувейт­тік­тер­ден де бай тұра­тын бола­мыз. Араб Әмір­лі­гінің дүни­е­ге кел­ген әрбір нәре­стесінің есеп­шо­ты­на 20 мың дол­лар сал­са, БІЗ олар­дан 20 есе көп сала­мыз, өйт­кені олар­дың мұнайы ғана бар, БІЗДЕ Мен­де­ле­ев­тің 92 эле­мен­тінің бәрі бар!» – деген уәдесін тіп­ті асы­ра орын­дап, содан бері өткен уақыт ішін­де Қаза­қстан­ның бүкіл қазы­на-бай­лы­қта­рын түгел жеке­ше­лен­діріп алу, халқы­мы­зды жап­пай қанап-тонап, қай­ыр­шы­лан­ды­ру арқы­лы «Форбс»-тың мил­ли­ар­дер­лер тізі­міне ашық-жасы­рын кіріп алған жебір Назар­ба­ев­тың өзінің, отба­сы мүше­лерінің, ұры-қары айна­ла­сы­ның, жер­гілік­ті және шетел­дік сыбай­ла­ста­ры­ның, бала­ла­ры мен неме­ре­лерінің сасық бай­лы­қта­ры араб шейх­терінің бай­лы­қта­рын жол­да қал­ды­рға­ны­на қазір бүкіл әлем куә.

Яғни, Нұр­сұл­тан­ның «бар­лы­ғы­нан ажы­рап қал­сақ, БІЗ бай­ы­май­мыз, кедей­ле­не­міз» деген сөзі, шын­ту­ай­тын­да: «Елі­міз­ге кір­ме орыс тілін ығы­сты­рып, мем­ле­кет­тік тіл ретін­де қазақ тілін өзінің табиғи заң­ды орны­на көте­рер бол­сақ, Қаза­қстан билі­гі Ресей­дің нара­зы­лы­ғы­на ұшы­рап, бар бай­лы­ғы­нан айы­ры­лып қала­ды», – деген сөз, меніңше.

Әйт­пе­се, бесін­ші­ден, мұны Назар­ба­ев біл­ме­се де, қазір тек басқа халы­қтар­дың ғана емес, орыс халқы­ның өзінің алды­ңғы қатар­лы өкіл­дерінің көзі жетіп, мой­ын­даған бір ақиқат бар. Ол – КСРО құлаға­лы бері орыс тілінің бұры­нғы «одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар» – қазір­гі тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тер­де, басқа шетел­дер­де, тіп­ті Ресей­дің өзін­де бай­ы­рғы импе­ри­я­лық үстем­ді­гі­нен айы­ры­лып, жыл өткен сай­ын қол­да­ныс аясы­ның тары­лып келе жатқан­ды­ғы. Осы­ған орай Ресей­дің ақпа­рат көз­дерін­де жари­я­ланған мате­ри­ал­дар­дың ата­у­ла­ры­на назар ауда­ры­ңыз: «Исполь­зо­ва­ние рус­ско­го язы­ка сужа­ет­ся – это объ­ек­тив­ный про­цесс», «Рус­ский мир Сред­ней Азии сжи­ма­ет­ся. За чет­верть века чис­лен­ность сла­вян в реги­оне сокра­ти­лась вдвое», «Рус­ский язык «ухо­дит» из Цен­траль­ной Азии» және т.б.

Атал­мыш про­це­стің айқын дәлел­дері ретін­де, мәсе­лен, Demoscope.ru сай­тын­да (№571–572, 14–31.10.2013) жари­я­ланған және «СЖИМАЮЩЕЕСЯ РУССКОЯЗЫЧИЕ» тақы­ры­бы­ның өзі айқай­лап тұрған А.Арефьевтің мақа­ла­сын­дағы кей­бір нақты ста­ти­сти­ка­лық деректер­ді кел­тіру­ге бола­ды (түп­нұсқа тілінде).

  • Таб­ли­ца 1. Изме­не­ние доли вла­де­ю­щих рус­ским язы­ком в общей чис­лен­но­сти насе­ле­ния Зем­ли в 19002050 годах (оцен­ка и прогноз)

Годы

Обще­ми­ро­вая чис­лен­ность насе­ле­ния, млн человек

Чис­лен­ность насе­ле­ния Рос­сий­ской импе­рии, СССР, РФ, млн чел.

Доля в обще­ми­ро­вой чис­лен­но­сти населения, %

Чис­ло вла­дев­ших рус­ским язы­ком, млн чел.

Доля в обще­ми­ро­вой чис­лен­но­сти населения, %

1990

5263

286,0

5,4

312

5,9

2004

6400

146,0

2,3

278

4,3

2010

6820

142,7

2,1

260

3,8

2015

7200

139,0

1,9

243

3,4

2025

7800

129,0

1,7

215

2,8

2050

9350

110,0

1,2

130

1,4

 

  • Таб­ли­ца 3. Вла­де­ю­щие рус­ским язы­ком на пост­со­вет­ском про­стран­стве в 1990–2015 годах, мил­ли­о­нов чело­век (оцен­ка и прогноз)

Стра­ны / реги­о­ны мира

1990 год

2004 год

2010 год

2015 год

Рос­сия

145,0

140,0

137,5

135,0

Дру­гие быв­шие рес­пуб­ли­ки СССР

119,5

102,9

93,7

84,5

Ито­го:

264,5

242,9

231,2

219,5

 

  • Таб­ли­ца 6. Рус­ско­языч­ное школь­ное обра­зо­ва­ние в быв­ших рес­пуб­ли­ках СССР за пре­де­ла­ми Рос­сии в 1990/1991 и 2010/2011 учеб­ных годах

  

1990/1991 учеб­ный год

2010/2011 учеб­ный год

Изме­не­ния за 1990÷1991− 2010/2011 годы

Чис­ло обу­чав­ших­ся на рус­ском язы­ке, тысяч человек

9186,4

3034,0

-6152,4

Коли­че­ство рус­ско­языч­ных началь­ных и сред­них школ, гим­на­зий, лицеев

13132

5015

-8117

Коли­че­ство билинг­валь­ных началь­ных и сред­них школ, гим­на­зий, лице­ев (с классами/параллелями на рус­ском языке)

5378

3849

-1529

 

  • Таб­ли­ца 8. Чис­ло школь­ни­ков, обу­чав­ших­ся на рус­ском язы­ке, в быв­ших рес­пуб­ли­ках СССР в 1990/1991, 2000/2001 и 2010/2011 учеб­ных годах, тыс.человек

  

1990/1991

2000/2001

2010/2011

2010/2011 −1990÷1991

Бело­рус­сия

1204,3

1068,0

758,2

-446,1

Укра­и­на

3518,0

1197,2

685,9

-2832,1

Мол­да­вия

239,1

133,6

81,4

-157,7

Казах­стан

2224,0

1441,7

834,4

-1389,6

Кир­ги­зия

248,9

253,3

283,5

+34,6

Узбе­ки­стан

636,0

321,0

221,0

-415,0

Таджи­ки­стан

120,0

18,0

47,0

-73,0

Турк­ме­ния

127,1

42,3

6,5

-120,6

Азер­бай­джан

250,0

107,5

94,7

-155,3

Арме­ния

92,0

9,2

1,5

-90,5

Гру­зия

207,0

38,1

8,5

-198,5

Лат­вия

168,1

115,3

56,6

-111,5

Лит­ва

76,2

41,2

15,9

-60,3

Эсто­ния

75,9

54,0

26,6

-49,3

Все­го

9186,4

5561,1

3121,7

-6064,7

 

Мақа­ла соңын­да автор мына­дай қоры­тын­ды жасай­ды: «Рус­ский явля­ет­ся един­ствен­ным из 10–12 веду­щих миро­вых язы­ков, кото­рый на про­тя­же­нии послед­них 20 лет неуклон­но утра­чи­вал свои пози­ции во всех основ­ных реги­о­нах мира, в том чис­ле в стра­нах даль­не­го зару­бе­жья, и в бли­жай­шие годы эта нега­тив­ная тен­ден­ция сохранится».

Алтын­шы­дан, бүгін­гі таң­да Ресей­дің өзі зама­на­уи ғылым мен тех­ни­ка жаңа­лы­қта­ры­на негізі­нен ағы­л­шын тілі арқы­лы сусын­дай­ды. Енде­ше қазақ халқы­на не тиім­ді – сол құн­ды­лы­қтар­ды бұры­нғы­сын­ша орыс тілін­де­гі аудар­ма­лар арқы­лы алған ба, әлде бұры­нғы «одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар» халы­қта­ры­ның көп­шілі­гі тәрізді тіке­лей ағы­л­шын тілі­нен игер­ген бе? Менің­ше, жау­ап айқын.

Жетін­ші­ден, «Назар­ба­ев­тың осын­ша­ма қара­пай­ым ақиқат­ты түсі­нуіне не кедер­гі?» деген заң­ды сұрақ туа­ды. Оның білі­мінің ПТУ, ВПШ тәрізді «оқу орын­да­ры­мен» шек­те­луі ме? «Ғылым док­то­ры» дәре­же­сінің, түр­лі ака­де­ми­я­лар­дың «ака­де­ми­гі», уни­вер­си­тет­тер­дің «про­фес­со­ры» атақта­ры­ның оған тек «пре­зи­дент» лау­а­зы­мы­на тір­ке­ме ретін­де ғана беріл­ген­ді­гі ме? Кремль оны Қаза­қстан бас­шы­сы етіп тағай­ын­даған кез­ден сана­сы­на әбден сіңіп қалған пато­ло­ги­я­лық оры­сқұл­ды­ғы ма? Әлде осы­ның бар­лы­ғы ма?

Сегізін­ші­ден, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев 2006 жылы өзінің ұлы­лық дер­ті­нен (мания вели­чия) туын­даған «Қаза­қта шека­ра да, мем­ле­кет те, аста­на да ешқа­шан болған жоқ» деген, яғни қара­пай­ым логи­каға сәй­кес, «Мұның бәрін оған мен бер­дім» деген­ге пара-пар сан­ды­рағы­мен қаза­қтың бүкіл тарихын бел орта­сы­нан бір-ақ сызған бола­тын! Енді, міне, бұл аз болған­дай, ол «Орыс тілі­нен ажы­рас­ақ, бай­ы­май­мыз, кедей­ле­не­міз» деген «кемең­гер­лі­гі­мен» әлем­де­гі ең бай тіл­дер­дің бірі – ҚАЗАҚ ТІЛІН халқы­мы­зды бай­ы­туға жара­май­тын шала­жан­сар тіл орны­на қою арқы­лы, бір жағы­нан, ұлты­мы­здың №1‑ші руха­ни қазы­на­сын, екін­ші жағы­нан, елі­міздің мем­ле­кет­тік тілін ашы­қтан-ашық қор­лап, жоққа шыға­рып отыр!

 

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ,

пуб­ли­цист-фило­соф:

Біз оза шаппасақ,

КІМ ШАБАДЫ?

 

Сұх­бат тура­лы анонс шыға салы­сы­мен, мәсе­ле қызу талқы­ла­на баста­ды. Ұлт­шыл­дар ә деген­нен-ақ «Бұл − қазақ тіл­ділер­ді оқша­у­лау, қазақ тілін құр­ту ама­лы» деп, өз нара­зы­лы­қта­рын жари­я­ла­ды. Негізі, олар­дың бұл «ашуы­на» елба­сы­ның өзі ықпал еткен десе бола­ды. Себебі биы­лғы көк­тем­де Н.Назарбаев «Бола­шаққа бағ­дар: руха­ни жаңғы­ру» атты мақа­ла­сын­да «руха­ни тамыр», «ұлт­тық код» тура­лы айта келе, ұлт­тық даму­ды осы тамыр­лар­мен, код­пен бай­ла­ны­сты­ра қарау керекті­гі тура­лы айтып өткен бола­тын. Сол мақа­ла­дан кей­ін бір­ша­ма «қанат­танған» ұлт­шыл­дар­дың бой­ла­ры­на қан жүгіріп, үміт­ке үміт жалғанған­дай болып еді. Дай­ын­ды­ғы жүріп жатқан «латы­нға ену» шара­сын да олар осы приз­ма тұрғы­сы­нан баға­лап, көп­шілі­гі оған қол­дау біл­діріп жат­ты. Яғни, олар елба­сы мақа­ла­сы­нан кейін:

− 25 жыл­дан бері жыр болып келе жатқан қазақ тілі мәсе­лесі рет­ке келе бастай­тын бола­ды, қазақ тілі өзіне лай­ы­қты кон­сти­ту­ци­я­лық ста­ту­сы­на қол жет­кізіп, шынайы мем­ле­кет­тік тіл­ге айналады;

− Тіл ұлт бол­мысын қалып­та­сты­ра­тын басты құрал болған­ды­қтан, оның өрісі кеңе­юі­мен қарқын­ды жүріп жатқан жаһан­да­ну әсері­нен шай­ы­лып бара жатқан ұлт­тық құн­ды­лы­қтар қай­та­дан қалы­бы­на келе бастай­ды деп үміт­тен­ген­дері жасы­рын емес еді.

Бірақ елба­сы­ның жоға­ры­дағы сұх­ба­ты­нан кей­ін ол үміт­ке селе­уке түс­кен­дей бол­ды да, ұлт­шыл­дар бір­ден атой­лап, қай­та бас көтер­ді… Мұның себебі неде? Себебі елба­сы өзінің әртүр­лі мәсе­лені қам­ты­ған жедел сұқ­ба­тын­да (уақыт тығы­зды­ғы? – Ә.Б.) ана тіл­дің көп қыр­лы аста­рын терең қам­ты­май өткенін­де сияқты. Иә, орыс тілі кезін­де КСРО-ға енген халы­қтар­дың шығар­ма­шы­лық потен­ци­а­лын мей­лін­ше қол­да­на оты­рып, ғылы­ми-мәде­ни тұрғы­да қат­ты дамы­ды. Соның арқа­сын­да ол әлі күн­ге дей­ін Қаза­қстан­да «ресми тіл» ретін­де басым­дық таны­ту­да. Ал тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің мем­ле­кет­тік тілі оның көлең­кесін­де қалып келеді. Міне, бүгін­де ұлт­тық намысты «түрт­кілеп» оты­рған осы мәсе­ле бол­са керек…

Енді мәсе­ле­ге басқа қыры­нан қара­лық: ұзақ жыл­дар бойы Қаза­қстан­да «қазақ тілін үйре­ну» деген бағ­дар­ла­ма жүру­де. Кезін­де оған 5 млрд тең­ге ақша бөлініп, оның қомақты бөлі­гін өзге емес − өз қаза­ғым «үптеп» кетіп, айдай әлем­ге масқа­ра бол­мап па едік? (Бас­пасөз­де ол тура­лы жазыл­ды да!). Соған қара­ма­стан, «тіл сын­ды­ру» кур­ста­ры әлі күн­ге дей­ін жалға­су­да, қара­жат та бөлі­ну­де. Бірақ нәти­же аз. Ең қызы­ғы − тіл­ге кел­ген­де қаза­қтіл­ділер үлкен толе­рант­тық таны­тып, ешбір қара­жат­сыз-ақ орыс және ағы­л­шын тіл­дерін тез үйреніп ала­ды екен. Енде­ше жазуы­мыз латы­нға өтуіне қара­ма­стан, осын­дай дарын­ды бала­ла­ры­мыз тұрған­да − «орыс тілін жоғал­тып алар­мыз» деп қауіп­те­ну­ге еш негіз жоқ деп ойлай­мыз. Ал, керісін­ше, оры­стіл­ділер мем­ле­кет қан­ша ақша шығар­са да – қазақ тілін үйре­ну­ге еш құлы­қ­сыз болып оты­рға­ны! Мыса­лы, жаңа­дан сай­ланған мини­стр­лер­ді алай­ық: олар жыл сай­ын мін­бер­ден «бір жыл­да үйре­не­мін» деп аямай уәдесін береді де, келесі жылы тағы да сол сөзін қай­та­лап тұра­ды! Ақы­ры соңын­да сол – тіл үйрен­бе­ген қал­пы − басқа жұмысқа ауы­сып құты­ла­ды… Сон­да олар үшін қазақ тілі алын­бас қамал болға­ны ма? Өзге тұр­мақ, өз қазақ мини­стріне «алдыр­май­тын» бұл нет­кен «асау» тіл еді соншалық?!.

Әрине, ауы­зды құрғақ шөп­пен сүр­те бер­мей­ік − биы­лғы оқуға түсу­ге тест тап­сы­рған­дар­дың 70% жуы­ғы қаза­қтіл­ділер бол­ды. Бұл − елі­міз­де қазақ тілінің бір­тін­деп күш алып келе жатқа­нын біл­діреді. Олай бол­са, ғылым-білім­ді дамы­ту бағы­ты да мем­ле­кет­тік тіл­ге қарай бет бұруы тиіс қой? Елба­сы­ның өзі де өткен­де­гі мақа­ла­сын­да «Әлем­де­гі үздік ғылы­ми еңбек­тер­ді, оқулы­қтар­ды қазақ тіліне сапа­лы ауда­ру қажет» деп талап қой­ға­нын қалай ұмытамыз?

Осы тұрғы­да тағы бір ой айта кету­ге тура келіп тұр: «Латы­нға көшу» қызу талқы­ла­нып жатыр. Ондағы «иә» мен «жоқ» деген пікір­та­ла­стың дені (пікір қай­шы­лы­ғы) түп­кілік­ті мағы­на­сын­да бір мәсе­ле­ге келіп тіре­летін сияқты, ол − ұлт­тық тұта­стық! Енді мәсе­ле­ге осы тұрғы­дан қара­сақ − стра­те­ги­я­лық мақ­сат үшін латы­нға көш­кен дұрыс. Бірақ бұл жағ­дай­да бір­лік пен тұта­стық үшін не маңы­зды екенін дәл аны­қтап алға­ны­мыз жөн.

Біздің қоғам­да билік­тің кез кел­ген рефор­ма­сы­на сенім­сіздік­пен қарау бар, ол − оның «өз қыз­метінің» жемісі! Бірақ қоғам­да неге әре­кет-жігер жоқ, «өз күнін өзі көріп жатқан» халық әйтеуір…

Менің­ше, ұлт­ты бірік­тіретін латын емес, басқа емес − кәсіп­кер­лік бола­тын сыңай­лы. Кәсіп­кер­лік – білім­ді, ғылым­ды қажет ететін, бос сөзді доға­рып, нақты іске жұмыл­ды­ра­тын, халы­қтың еңсесін көтеріп, өзіне «мен кім­мін?» деген сұрақты қой­ғы­за­тын, сөй­тіп діни ради­ка­лизм­ге («дін тоқты­қта» деген қазақ сөзін еске алай­ық), басқа да жаман қылы­қтарға (мыса­лы, жағым­паз­дық, өтірік және т.с.с.) тосқа­уыл қоя­тын, билік шене­унік­терін заң аясын­да қыз­мет ету­ге мәж­бүр­лей­тін бір­ден-бір жол, бағыт болай­ын деп тұр. Себебі кәсіп­кер­лік халы­қты туы­стық-рулық, қауым­да­стық-елдік-халы­қтық-мем­ле­кет­тік тұрғы­да ұйы­сты­ра оты­рып, Тәу­ел­сіздік­тің бір­ден-бір кепіліне айна­ла­тын ішкі қуатқа ие!

Міне, осын­дай аза­мат­тар­ды тәр­би­е­леу − қазір­гі ұлт­шыл­дар­дың, зия­лы­лар­дың басты мін­деті деп біле­мін! Ал мың­даған адам­дар үшін, халық үшін латын алфа­ви­ті де, кирил­ли­ца да − осы мақ­сатқа жету жолын­да еш тосқа­уыл бола алмайды!

Оның бәрі біздің халы­қтың басы­нан өткер­ген жағ­дай­лар − құқай емес!

Сон­ды­қтан «қаза­қтар ғана латы­нға көшеді екен, қалған­да­ры өз біл­ген­дері­мен жүре береді екен» деген пікір­мен келі­су­ге бол­май­ды. Біз бүгін 70% бол­сақ, ертең 90% бола­мыз. Оның үстіне латын­ды да, кирил­ли­ца­ны да игер­ген, үш, төрт, бес тіл­ді мең­гер­ген біз − қаза­қтіл­ділер оза шап­паған­да – кім шаба­ды! Өтпе­лі дүние деген осы!

 

 

Айбо­лат БӨКЕНОВ,

бло­гер:

Екі әлі­п­би­ге

ҚАРЫҚ БОЛАМЫЗ

 

Латы­нға көшу бір жағы­нан дұрыс. Туел­сіздік алдық деген 26 жыл­да халы­қты латы­нға көшу­ге дай­ын­дау керек еді. Яғни, халқы­мы­здың жар­ты­сы­нан көп­шілі­гін қаза­қы­лан­ды­ру керек еді ғой. Қазір ата­сы қазақ, ана­сы қазақ, қаза­қтың кей­бір қара дома­лақ бала­сы ана тілін біл­мей­ді. Оған кім кінлі?

Ал орыс тілін біл­ме­сек, кедей болып қала­мыз деген не сөз? Туел­сіздік алға­ны­мы­зға 26- жылға аяқ бастық деп, бөр­кі­мізді аспанға ата­мыз. Сөйт­кен күн­нің өзін­де сол елге лі туел­ді секіл­деніп жүр­міз. Күні кеше­гі «Эйр Аста­на­да» туын­даған дау – соның бір себебі. Қазақ елін­де қазақ тілін талап еткен­дер­ге айып­пұл сал­ды. Бүгін ріп, ертең тіл, арғы күні қазақ керек бол­май қал­ма­сын. «Өзге тіл­дің брін біл, өз тіліңді құр­мет­те» демек­ші, өзі­міздің ана тілі­мізді құр­мет­те­мей­ін­ше, ұшпаққа ұшпай­мыз деп білем.

Пре­зи­дент­тің сөзі­нен ұққа­ны­мыз – Қаза­қстан­да екі әлі­п­би бола­ды екен. Орыс тіліне жабысып алған менедж­мент кири­ли­ца­ны латын әлі­п­биі­мен қатар алып жүру­ге ықы­лас таны­туы екіта­лай. Қаза­қстан­да үш мил­ли­онға жуық орыс диас­по­расы тұра­ты­нын ескер­сек, кири­ли­ца­дан ауы­сқы­сы кел­мей­тін­дер­ді қай­те­міз? Орыс тілі бай­ыт­са, ең алды­мен қазақ бай болар еді.

Сау­ал­на­ма­ны дайындаған – 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн