Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚҚА ҚАНДАЙ ДІН КЕРЕК?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

 

Пай­ым патшалығы


 

Біздің ежел­гі баба­ла­ры­мыз осы дала­да өмір сүріп, көк­ке табы­нған десең, әсі­ре ислам­шыл­дар өре шулай­ды: «Тәңір – Алла­ның бір аты» деп. Ал аны­ғын­да ежел­гі қазақ дала­сы­на ислам діні кел­мей тұрып, көшпен­ді ел Тәңір­ге табы­нға­нын қай­да қоямыз?

Иә, біз көк­те­гі Тәңір­ге сиы­нған елміз. Бүгін­гі Қаза­қстан жала­у­ы­ның орта­сын­да күн­нің жарқы­рап тұруы да тәңір­шіл­дік­тің киелі бел­гісі. Елтаң­ба­мы­зда да тәңір­шіл­дік бел­гісінің наным-сені­мі бей­не­лен­ген. Бүгін­де «Мәң­гілік ел бола­мыз» деген иде­я­ның түп-тамы­ры да тәңір­шіл­дік­тен тараған. Қорқыт баба­ның өлім­нен қашып, мәң­гілік өмір­ді ізде­уі де сол мәң­гілік ел иде­я­сы­мен үндеседі.

 

Ал осы кез­ге дей­ін қалың қазақ салт-дәстүрін­де үздіксіз қол­да­нып келе жатқан: отқа май құю, жаңа айға бата қай­ы­ру, ару­аққа табы­нып, жетісін, қырқын, жылын беру, тұсау кесу, қырқы­нан шыға­ру, сәлем салу, т. с. с. ырым­ның бәрі тәңір­шіл­дік­тің наным-сенім­дері. Ал көп­шілік араб халқы ару­аққа сен­бей­ді, оған құран бағы­шта­май­ды. Олар қаза­қы ырым-сенім­нің бар­лы­ғын «Аллаға серік қосу» деп санай­ды. Сөй­те тұра өздері Мек­ке­де­гі қара тасқа сиы­на­ды. Ол қара тас исла­мға дей­ін­гі ара­б­тар­дың ескі дінінің қалдығы…

Қожа Ахмет Ясса­уй қаза­қтың Тәңір діні мен ара­б­тың ислам дінін бірік­тіріп, қазір­гі біз­де­гі син­крет­ті (ара­лас), қаза­ққа ыңғай­лы ислам дінін жаса­ды. Сон­ды­қтан қазір­гі қазақ ұста­нып оты­рған дін жар­ты­лай тәңір, жар­ты­лай ислам діні болып табылады.

Мен өзім жасым 50-ден асқан соң ғана мешіт­ке барып, намазға жығыл­дым. Сон­да оқы­ған-тоқы­ға­ны бар сау­ат­ты адам­ның кез кел­генінің алды­нан шыға­тын көп­те­ген сұраққа тап бол­дым. Мыса­лы, біз неге құдай­ға араб тіліне түсін­бей құл­шы­лық етуі­міз керек? Тәңірім біз­ге қазақ тілін не үшін бер­ді, егер ол тіл­де мінә­жат ете алма­сақ? Жаратқан біз­ге тіл бер­ді: өзі мен пен­десіне түсінік­ті тіл­де сөй­лес­сін деп. Ал біздің өзі­міз түсін­бей­тін тіл­де­гі, жүрек­тен шық­паған сөз құдай­ға жете ме?

Күніне бес уақыт намаз оқу – адам­ды гип­ноз­да­удың тех­но­ло­ги­я­сы екенін көп қара­пай­ым адам­дар біле бер­мей­ді. Гип­ноз­далған адам өзін жаруға дай­ын тұра­ты­ны содан. Гип­ноз­далған адам ғана өз Ота­ны­на қар­сы қару алып (Ақтө­бе­де­гі оқиға­ны есіңіз­ге алы­ңыз), бей­біт, кінәсіз адам­дар­ды өлтіреді.

Мүм­кін, содан шығар, біз бүгін­де қат­ты дін­дар бол­сақ та, Тәңір бізді ұмы­тып кет­кені. Ол бізді оры­сқа неге бодан етті, неге өткен ғасыр­дың 30-жыл­да­ры аштан қыр­ды? Қай жер­де біз Тәңір­ге бара­тын жол­да қате­ле­стік? Неге ол бізді бұлай жаза­ла­ды? Құдай сүй­ік­ті пен­десін жары­лқа­уы керек емес пе еді?! Мүм­кін, біз қаза­қтың Тәңір құдай­ын ұмы­тып, ара­б­тың Аллаһ құдай­ы­на «саты­лып» кет­кен­нен шығар осы­ның бәрі…

Расын­да, қазір­гі ислам діні бізді қанағат­тан­ды­ра ала ма? Бір кез­дері ислам әле­мі халы­қты ғылым, білім, жоға­ры мәде­ни­ет­ке бастаған «жары­қтың» ота­ны болған. Ал қазір ислам әле­мі соғы­стан көз ашпаған, даму­дан арт­та қалған, ғылым мен тех­ни­ка жаңа­лы­қта­рын ойлап тап­пай­тын, әлем­нің надан бөлі­гіне айна­лып отыр. Осы­ның өзі ислам діні қате жол­мен жүріп келе жатқа­нын көр­сет­пей ме?

Бір күні бір мұсыл­ман орта­да мен біз­ге Биб­ли­я­ны (Інжіл) оқуға бола ма деп сұра­дым «оқы­ған» мұсыл­ман білім­паз­дар­дан. Олар бір ауы­здан жоқ, оқуға бол­май­ды деді. Сон­да мен: «Құран­дағы Май­да сүресін­де 68-аят­та «кім­де-кім Інжіл­ді, Тау­рат­ты және басқа киелі кітап­тар­ды оқы­ма­са, өзін дін тап­тым демесін» – деп жазы­лған ғой. Сон­да сен­дер Құранға қар­сысы­ң­дар ма?» – дедім. Сасқан үйрек арты­мен сүң­гиді деген­дей, әлгі дін тара­ту­шы надан: «Ол талап қазір өзгер­ген» деп соқты. «Ол қалай­ша өзге­реді?» десем, қазір басқа кітап­тар бар демесі бар ма… Ислам дінін бұзып, құбы­жық етіп, қазір­гі ислам­ның ада­сып жүр­гені осын­дай надан­дар­дың кесірі­нен емес пе?

Бір­де бір дүм­ше мол­да: «Араб­ша құл­шы­лық ету қаза­қ­шаға қараған­да он есе сау­ап­ты» деп соқты. Сон­да ол қаза­қтың тілін, өзін өзге халы­қтан он есе төмен деп, қор­лап тұрған жоқ па? Біз осы басын құмға тыққан түй­еқұс сияқты болып жүр­ген жоқ­пыз ба? Біздің – қаза­қтың дүни­е­та­ны­мы тәңір­шіл­дік­тен тарай­ты­нын неге жасы­ра­мыз? Ислам уағы­зы­ның сал­да­ры­нан шынайы қаза­қы құн­ды­лы­қтар­дан безіп жүр­ген жоқ­пыз ба? «Қыры­қтың бірі қыдыр», «қызға қырық үйден тый­ым», «құдайы қонақ», тағы солай толып жатқан тәңір­шіл­дік­тен алы­нған наным-сенім­нің несі жаман?

Қазақ адам­ды өлді деме­ген, қай­тыс бол­ды деген, яғни қайт­ты дей­ді. «Адам өмір­ге қонақ» деп содан айтқан. Бұның несі жаман? Яғни, тәңір­шіл­дік түй­сік бой­ын­ша, өлім жоқ, адам өмір­ге келеді, өмір­ден кете­ді, қайтады.

Кез кел­ген дін – халы­қты бағыт­тап, басқа­рып оты­ра­тын әле­умет­тік тех­но­ло­гия, қауым­ды басқа­ру құра­лы. Соны пай­да­ланған кей­бір басқын­шы импе­ри­я­лар өз мүд­десі үшін өзге аңқау халы­қтар­ды дін арқы­лы өр мінезін, таны­мын өзгерт­кен, өзіне қыз­мет еткізу­ге пай­да­ланған. Дін – бар болға­ны тобыр­ды мем­ле­кет­ке бағын­ды­рған қару ғана.

Рас, қазір елі­міз­де дін еркін­ді­гі бар. Қала­саңыз – таң­даған дініңіз­ге табы­нуға мем­ле­кет­тік тұрғы­да қар­сы­лық жоқ. Бұл негізі­нен өте дұрыс және халы­қтың тәу­ел­сіз сені­мін қалып­та­сты­ра­тын жақ­сы үрдіс. Тарих­ты қарап отыр­саңыз, тек хри­сти­ан дінін­де 6 мың бағыт бар екен, ал мұсыл­ман­ның өзін­де 73 маз­хаб бар.

Міне, ислам­дағы сол көп тара­лым­ның бірі – уаха­би­лік-салаф­тық сенім біз­де­гі ара­б­тан­ды­ру сая­са­тын Аллаһтың аты­мен жүр­гі­зу­де. Бүгін­де дүни­е­ге кел­ген жаңа ұрпаққа араб-еврей атта­рын қою дәстүр­ге айналды.

Әйел адам­ның киі­мі – хиджаб, сөзі­міз араб тіліне алма­сып бара­ды. Таным-түсіні­гі­міз – құл­шы­лық бол­ды. Арғы жағын­да құл болу жақын қал­ды. Содан бір­те-бір­те құл­дық сана қалып­та­су­да. Сон­да шетел­дік әмір­лері бер­ген ақша­сын ақтау үшін, олар­дың бұй­ры­ғы­мен қан­да­сы­ң­ды өлті­ру, өз еліңе қар­сы қару алып соғы­су – дін­нің, Аллаһтың жолы ма?

Бұл дін­ді пай­да­ла­нып, есі­нен адасқан сау­ат­сыз қан­даста­ры­ң­ның қолы­мен сенің еліңді жау­лап алу, сенің бауыр­ла­ры­ң­ды «құл­ды­ққа» салу емес пе, бодан­дық қамы­тын кигі­зу емес пе? Біз­ге осы керек пе?! Біз­де бостан­дық пен бодан­ды­қты ашып айтып түсін­діріп беретін ғалым жоқ. Оның құн­ды­лы­ғын жастарға түсін­діретін ақы­лы анық, сөзі жан­ды адам қал­маған ба? Бары­ның өзі басқа бос нәр­сені айта­ды. Білім сің­бе­ген адам көп. Бәрі де білім­ді­ге ұқсағы­сы келеді. Бірақ шын білім­ді адам жоқ.

Ислам діні – қазір­гі тіл­мен айт­сақ, полит­тех­но­ло­ги­я­лық құралға, жау­лап алу­дың әмбе­бап әдісіне айна­лып бара­ды. Қаза­қтың сана­сын дін­мен жау­ла­удың нәти­же­сі мем­ле­кет­тілік­ке, тәу­ел­сіздік­ке қауіп төн­де­ре баста­ды. Сон­ды­қтан біздің елге сырт­тан кел­ген ислам­ның жат ілім­дері қаза­қтың таны­мын­дағы тәңір­шіл­дік таң­ба­ла­рын өші­ру үстін­де. «Аллаға серік қосу» тех­но­ло­ги­я­сы қаза­қтың қалы­бын бұзуға арналған. Мыса­лы, қаза­қтың көне жазу­ла­ры қазір­гі Монғо­лия жері­нен табы­лға­ны бел­гілі. Сол тасқа жазы­лған руни­ка­лық әріп­тер неге Монғо­ли­яда сақталған? Олар бүгін­гі Қаза­қстан­да неге қал­маған? Себебі – сырт­тан кел­ген ілім олар­ды қира­тып тастаған. Қаза­қтың ежел­гі тек-таң­ба­сын сақтаған руни­ка­лық жазу­лар­дың мұсыл­ман­дық пен ислам жет­пе­ген Монғо­ли­яда сақта­лу себебі содан. Бұл – діни басқын­шы­лы­қтың бұрын­нан қалып­тасқан адам­ның жады-зер­десін өші­ру үшін істе­летін әре­кет. Ара­би құн­ды­лы­қтар­ды сіңі­ру үшін қаза­қи түй­сік­ті түп-тамы­ры­мен өші­ру қажет болған.

Міне, сол діни басқын­шы­лық сая­сат өз «жемісін» бере баста­ды. Қазір қаза­қтар­дың ішін­де (олар негізі­нен жастар және олар­дың сау­ат­сыз, надан тобы) ислам­ның қаза­ққа жат ағы­мы­на түс­кен­дер көбей­іп кет­ті. Ол ұлт­тық обы­рға айналды.

Оның түп­кі мақ­са­ты – Қазақ ұлт­тық мем­ле­кетін құр­тып, оның орны­на «Ислам хали­фа­тын» құру. Біз бұған дей­ін 300 жылға жуық орыс импе­ри­я­сы­ның бода­ны бол­дық, енді араб импе­ри­я­сы­ның бода­ны болуы­мыз керек пе?

Біз­ге дін жолын­да көр­ші Өзбек­стан­нан үйре­нер көп. Ондағы қыш­лақтар­да теріс ағым­дағы мешіт­тер жабы­лған. Радио­дан азан шақы­ру мүл­де жоқ. Яғни, дін­ді айғай­лап, күш­теп сіңі­ру әре­кетіне тый­ым салы­нған. Оның орны­на қыш­лақтар­да спорт­зал, түр­лі өнер үйір­ме­лері, кәсіп­кер­лік, заң­ды түсін­ді­ру бағы­тын­дағы жұмыстар қолға алы­нған. Пат­ри­от­тық тәр­бие, спорт, білім, кәсіп кең етек жай­ып келеді. 60 жасқа дей­ін­гі адам­дарға беті­мен сақал қоюға да тый­ым салынған.

Қоры­та кел­ген­де, дін деген не, дәстүр деген не? Біз­де­гі дін деген – ислам діні. Ал ислам діні деген не? Ол араб халқы­ның құндылықтары.

Ал дәстүр деген не? Ол қазақ халқы­ның құн­ды­лы­қта­ры, басқа­ша айт­сақ, қаза­қтың ғасыр­лар бойы жинаған дана­лы­ғы. Біз­ге қай­сысы жақын? Әлбет­те, өмір сыны­нан өткен қаза­қтың өз құн­ды­лы­ғы жақын. Ал ол құн­ды­лы­қтар Тәңір таны­мы­нан тарайды.

Табиғат – Тәңір­дің жазып қой­ған кіта­бы. Ал тәңір­шіл­дік­тің кіта­бы – табиғат. Ол ислам­ның шариға­ты­нан тарай­тын қатып қалған дог­ма емес. Табиғат толған, шексіз мүм­кін­дік­тің, өсудің, өркен­де­удің орта­сы. Ежел­гі қазақ – сол табиғат­ты Тәңір­дің сыйы ретін­де таны­ған халық. Сон­ды­қтан біз ислам­ның дәстүр­лі жолын­да жүр­сек те, тамы­ры­мыз Тәңір­ден тараға­нын таным ете білуі­міз керек.

Есмұрат БИТЕМІРОВ,

дін зерт­те­ушісі,

Сары­ағаш қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн